Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы6

1. 1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай және саяси дағдарыс6

1. 2. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы11

2. Екінші дүние жүзілік соғыс: жүру барысы және қорытындылары13

2. 1. Екінші дүниежүзілік соғыстың өрбу кезеңдері13

2. 2. Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары21

Қорытынды23

Пайдаланылған әдебиеттер25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Адам баласы жаратылғалы бері мұндай алапат соғыс орын алып көрген емес. Бұл соғысты тұңғыш рет ядролық қару саясаткерлердің менмендігін, өз мемлекеттерінің күшін көрсетудің бір құралы ретінде Хиросима және Нагасаки қалаларын жермен-жексен етуге тағылықпен қолданылды. Сонымен қатар айуандық пен сұрқиялықтың көрінісі болып табылатын Освенцим, Майданек концлагерлері, шиеттей бала-шағаға дейін қырылған Лидице, Хатынь деревняларындағы адам айтқысыз жауыздықтар осы соғыс барысында жасалынды.

«Версальдың бейбітшілігіне біржола соққы берген, Еуропа мен әлемнің басқа да өңірлерінің географиялық картасын қайта жасатқан Германиядағы реваншизм мен фашизм болатын. Бұл сияқты, бейбітшілікке бағытталған Версаль жүйесінің күйрей жеңілуі, сонымен бірге, халықаралық қатынастарда "еуроцентризм" рөлінің бәсеңдеуіне әкеліп, оның орнын "америкацентризм" басты . . .

1945 жылғы Ялта біразға дейін геосаяси тепе-теңдікті орнықтырып келіп еді, бұл тепе-теңдік тұғыры 1991 жылы шайқалды . . . »1

Қазіргі кезде әлемде жеке-дара супердержава пайда болып отырған алмағайып заманда қауіпсіздік және ұжымдық қауіпсіздік жөнінде жұмыр басты пенденің ойланғаны жөн-ақ. Өйткені үшінші дүниежүзілік соғыс Жер бетінен тіршілік атаулының жойылуына әкелуі мүмкін дейді ғалымдар.

Міне осы соғыстың аяқталғандығына да аттай алпыс жыл толып отыр. Осы тұрғыдан келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде және мұндай сұрапыл соғысты адамзат баласының тарихында болдырмау үшін де оның тарихын зерттеу өзекті екені айқын.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы туралы ғылыми зерттеулер жетерлік. Өйткені СССР сол соғыстағы негізгі ауыртпашылықты көтеріп өзінің жиырма бес миллионнан астам адамынан, мыңдаған ауыл мен қалаларынан, басқа да материалдық-рухани құндылықтарынан айырылған еді. Алайда сол соғыс туралы зерттеулердің көпшілігі СССР кезеңіндегі идеологиялық талаптарға сай жазылып, сол кезеңнің ауқымынан аса алмады. СССР ыдырағаннан кейін екінші дүниежүзілік соғыстың тарихына жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық мәселелерді қарастырумен шектелеміз.

Жұмыста В. М. Бережковтың, В. Т. Фоминнің, Н. Вознесенскийдің, Д. А. Волкогоновтың тағы басқа да тарихшылар мен әскери қолбасшылардың күнделіктері мен мемуарларын да шама-шарқымызша қарастыра отырып, екінші дүниежүзілік соғыс туралы кеңінен ақпарат беруге тырыстық2.

Гитлерлік Германияның Совет Одағына шабуыл жасауы бүкіл халықаралық жағдайды түп-тамырымен өзгертіп жіберді. Империалистік державалардың бәсекелес екі тобының жанжалы болып басталған екінші дүниежүзілік соғыстың антифашистік, азаттық соғысына айналу процесі аяқталды. Құрамына СССР, Англия және АҚШ енетін әскери-саяси одақтың құрылуы үшін нақты алғышарттар жасалды. Осы кезеңнің бүкіл барысында Совет Одағы фашизмге қарсы соғыста халықтардың жауынгерлік одағын құру үшін нысаналы күрес жүргізді.

Курстық жұмыстың мақсаты - Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын зерттей отырып, тарих тағылымын алу. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыс міндеттеріне мыналар жатады:

- екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептерін ашып көрсету;

- соғыс барысында екі жікке бөлініп соғысқан мемлекеттердің саяси ахуалын пайымдау (антигитлерлік коалиция және «Берлин-Рим-Токио» осьтік мемлекеттер) ;

- екінші дүниежүзілік соғыс әкелген зардаптар мен соғыс барысында туындаған жаңа биполярлы әлем туралы ой тұжырымдау.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлімге кіретін екі тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы

1. 1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай және саяси дағдарыс

1939 жылы 15 наурызда Чехия мен Моравияны оккупациялады, Словакия территориясында тәуелсіз мемлекет құрылды. Гитлер осылайша өзі қол қойған Мюнхен келісімін бұзды. Бірақ бұл әлі бастамасы еді. 21 наурызда Германия Польшадан өзіне Данцигті (Гданьск беруге келісім беруді талап етті. 22 наурызда неміс әскерлері Мемель (Клайпеда) алды. Италия сәуірде Албанияны оккупациялады. Ымыраласу саясаты күйреді. 20-30-шы жылдары КСРО-ның сыртқы саясатында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Дүниежүзілік революция жоспарының күйрегенін сезініп, Кеңестік Ресей сыртқы саясат оқшаулануынан шығу жолдарын іздеді. «Экономиканың дағдарыс жылдарында Батыс елдері мен КСРО арасында қайшылыктардың шиеленісуі антикеңестік блок құрылуына кедергі келтіретін қолайлы жағдай деп бағаланды. Алайда көп ұзамай-ақ КСРО-ның бұл қайшылықтар дүниежүзілік революция жеңісі мен КСРО-да социалистік қайта құруларды аяқтауға мүмкіндік береді деген үміті ақталмай, Германия мен Жапонияның агрессиясы КСРО-ның өзіне қауіп төндірді. Осы жағдай кеңес басшылығының бұрынғы саясатты өзгертуіне мәжбүр етті». 3

Германиямен екі принципте қатынас жасауға болатын еді: бірі Гитлермен келісімге келу, екіншісі оған қарсы күресу керек. Екі саясатта да КСРО-ның дүниежүзілік істерде ықпалы күшейгенде ғана мүмкін еді. Гитлердің антикоммунизм саясаты, оның неміс коммунистерін аяусыздықпен жазалауы кеңес басшылығына таңдау қалдырған жоқ. 1933 жылдан бастап КСРО француз сыртқы істер министрі Луи Барту ұсынған ұжымдық қауіпсіздік саясатын барынша қолдады. Бұл саясат Европада статус-квоны сақтауға, яғни бұрын анықталған шекараларды өзгертпеуге бағытталган. Осыған мүдделі мемлекеттер өзара көмек көрсету туралы келісімдер жасауға тиіс болды. Барту осы жүйеге КСРО-ның қатысуын ерекше бағалады. КСРО-да бұл саясатты жүргізуші КСРО сыртқы істер наркомы М. М. Литвинов еді. Осы бағытты жүзеге асыру барысында Кеңес Одағы өз жағдайын нығайта алды. 1933 жылы АҚШ-пен дипломатиялық қатынас орнады. КСРО 1934 жылы оның Кеңесінің мүшесі ретінде Ұлттар Лигасына қабылданды. Бұл оны ұлы держава деп танығандық болатын. Алайда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру жолындағы жалғыз табыс 1935 жылы (хорват усташы Югославия королі Александриямен бірге Бартуды өлтірген соң) өзара көмек туралы кеңес-француз келісіміне қол қойылуы еді. Бірақ оған әскери баптар кіргізілмесе де, агрессорларға қарсы бірігіп әрекет етуге жол ашылды. Сол жылы Чехословакиямен де осындай келісім жасады. КСРО-ның саясатының өзгеруі Коминтерннің стратегиясына да әсер етті. Коминтерн 1935 жылы өзінің VII конгресінен бастап, антифашистік күресті жандандырды.

Алайда КСРО-ның осы бағыттағы табыстары онша айтарлықтай емес еді. Франция кеңес-француз келісімін онша қалаған жоқ, француз парламент оны бір жылдан кейін ғана ратификациялады. Қол қойылған келісімдердің нақты іске асуына КСРО-ның Германиямен ортақ шекарасының болмауы да әсерін тигізді. Өзінің келісім бойынша міндетін орындау үшін КСРО әскері Польша және Румыния территориясы арқылы өтуге тиіс болатын.

Польшаның да, Румынияның да үкіметі КСРО-дан Германияға қарағанда қатты қорықты, сөйтіп өткізуге ешқандай уәде бере алмады. Оның үстіне Қызыл Армияның басшылық құрамында жаппай репрессия жүргізілгендіктен, КСРО-ның потенциалы төмендеді деп есептелінді. Онымен одақтасуға онша мән берілмеді. Нәтижесінде Франция қоллективтік қауіпсіздік саясатынан бас тартып, ымырашылдық британ саясатына ілесті.

Мюнхен келісіміне қол қойылғаннан кейін, кеңес басшылығы коллективтік қауіпсіздік саясаты жүйесін құрудың жүзеге аспайтынын түсінді. КСРО Мюнхен конференциясына шақырылмады да. Кеңес-француз және кеңес-чехословак келісімдері қағаз бетінде ғана қалды. Бұл кеңес басшылығын европалық істерден алшақтатудың белгісі еді. Көп ұзамай Франция Германиямен бір-біріне соғыс ашпайтындығын білдіретін келісім жасалынды. Мұны Москва Германия агрессиясын Шығысқа, КСРО-ға бағыттау деп бағалады. Империалистік мемлекеттерң арасындағы қайшылықтар КСРО араласуымен ғана шешіледі деп есептейтін кеңес басшылығының ойына күдік туды. Жапониямен қайшылықтың шиеленісуі бұл күдікті дәлелдей түсті, өйткені 1938 жылы жазда жапон әскері Хасан көл ауданында КСРО территориясына енді. Бұл қақтығыс кең аймақты шарпымаса да, Жапонияның мүддесін ашық көрсетті. Кеңес басшылығы сыртқы саясат бағытын қайта қараудың қажеттігі туралы ойлана бастады.

Германияға ұжымдық тойтарыс беру мүмкіндігінен күдер үзген соң, Англия мен Францияның саясатына сенуге болмайтындығына көзі жеткен кеңес басшылығы Германиямен жақындасудың жолын іздеді. 1939 жылы мамырда М. М. Литвиновтың орнына сыртқы істер наркомы болып В. М. Молотов тағайындалды. Сыртқы саясаттағы өзгеріс әдейі жасалғандай КСРО-ның жағдайы жақсара бастаған тұсқа сәйкес келді. Англия мен Францияның Польша мен Румынияға берген кепілі Оталық Еуропада жаңа саяси жағдай туғызды. Енді Германия осы мемлекеттердің суверенитетін бұзбай және Англия, Франциямен соғыс жағдайында болмай, КСРО-ға басып кіре алмайтын еді. Осылайша КСРО коллективтік қауіпсіздік саясатынан Англия мен Франция КСРО-мен жақындасу жолын қайтадан іздей бастаған тұста ауытқыды4.

1939 жылдың наурызында Англия КСРО-ға Франция және Польшамен бірге өзара әрекет ету туралы жалпы декларацияға қол қоюды ұсынды. Сәуірде Англия мен Франция Германиямен соғысқа кірген елге қолдау кепілі көрсетілген хат алмасу жөнінде жаңа идея ұсынды. КСРО Германия агрессиясына тойтарыс беру үшін Польша мен Румыния территориясына өз әскерін өткізу құқын беруді талап етті. Бұл КСРО-ның Германияға қарсы соғысқа қатысқаны Шыгыс Европада өз бақылауын орнатуға қойған шарты болатын. Польша мен Румыния бұған қарсы шыкты. Осы себептен 12 тамыз 1939 жылы Москвада басталған ағылшын-француз-кеңес әскери келіссөздері тұйыққа тірелді. Кеңес жағы Польша мен Румынияның бұл позициясын келіссөздерді соза беруге сылтау ғана деп қарады және Англия мен Франция КСРО-мен одақтасқысы келмейтінінің дәлелі деп санады және олар бұл келіссөздерді Гитлерге қысым көрсету құралы ретінде пайдаланып, онымен келісуге ұмтылуы деп ойлады. 1939 жылдың жазында жапон армиясы Халкин-Гол ауданы және КСРО-мен соғыс келісімімен байланысты Моңғолияда тағы да соғыс қақтығысын тұтандырды.

Осының бәрі КСРО-ның Германиямен жақындасуының қажет екендігін нығайта берді. Германия да өз тарапынан КСРО-мен жақындасудың жолын іздеуде еді. Чехия мен Моравияны басып алған соң Германия Польшаға көз тікті. Гитлер мұнда да Мюнхен сценарийін қайталағысы келді, алайда Англия мен Франция оның ойын талқылаудан бас тартып, Полшаға қорған болды. Оны басып алып, Германия Англия және Франциямен соғысуға тәуекел eте алмады. Гитлер Польшаға қауіпті қарсылас ретінде қараған жоқ, бірақ оны басып алса КСРО шекарасына шыға алатын еді. Берлин былай ойлады: егер КСРО антигермандық саясат жүгізе берсе, онда Германия басталғаннан-ақ екі майданда соғысуына тура келеді, оның үстіне жағдай 1914 жылға қарағанда да тиімсіз. Сондықтан да Англия мен Францияның бұл жолы міндеттемесін орындауға кепіл бергенін естігенде Гитлердің жынданғанын түсінуге болатын еді. Ол Англияны қуырып жеуге уәде берді. Артынша КСРО-мен жақындасты. КСРО-ны дипломатиялық шабуылдау жоспарымен қатар Польшаға қарсы соғыс кампаниясы жоспары да талқыланды. Оны бастау 26 тамызға белгіленді. 1939 жылдың тамызының ортасында КСРО дүниежүзілік саясат назарында болды5.

21 тамызда Сталин Гитлерден КСРО-мен өзара соғыс ашпау туралы пакті жасауға ұмтылатынын және даулы мәселелердің барлығын реттейтін кез келген қосымша келісімдерге қол қоюға дайын екенін білдірткен жеделхат алды. Гитлер Германияның сыртқы істер министрі И. Риббентропты осыған сай құжаттарға қол қою үшін 23 тамызға дейін қабылдауды өтінді. Сталинге КСРО соғысқа қатыспағандығы үшін Шығыс Европада көптен көксеп жүрген бақылауын орната алатындығы анық болды. 21 тамызда Сталин Англия және Франциямен жүргізіліп жатқан соғыс келіссөздерін белгісіз мерзімге үзу туралы қарар қабылдады. Ол Гитлерге кеңес-герман қатынастарында елеулі бетбұрыс болатындығына үміттенетінін және 23 тамызда Риббентроп қабылдауға келісім берген жеделхат жіберді. Риббентроп пен Молотов 1939 жылы 23 тамызда Кремльде өзара соғыс ашпау туралы келісім мен оған құпия хаттамаға қол қойды. Хаттамада екі жақ Шығыс Европада «мүдделі аймақ» шекарасын анықтау туралы келісті. Германия КСРО-ның Ресей империясының құрамына кірген Финляндия, Латвия, Эстония және Бессарабия территориясындағы ықпалын мойындады. КСРО Литваны Германия ықпалындағы аймақ деп таныды. Хаттамада Польшаның бөлшектенуі мүмкін деп көрсетілді, ол кезде шекара шебі Германия мен КСРО арасында «Керзон шебінен» батысырақ Нарев, Висла, Сан өзендері бойынша өтетін болды. Москвада құжаттарға қол қойылуы КСРО-ның сыртқы саясаты бағытының өзгергендігін тұжырымдады.

Германия, Италия, Жапония бастаған фашистік және милитаристік мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесіне наразы болып, дүниені қайта бөлуге, негізінен Англия, Франция, АҚШ және олармен байланысты елдер бақылауында болған отар, шикізат көздері мен өткізу рыноктарын басып алуға жанталасты. Германия өз көршілерін табанына салуды, КСРО-ны талқандауды, Африка мен Таяу Шығыста жаңа отарлық империя құруды көздеді. Италия Жерорта теңізін «Итальян көліне» айналдыруды, Балкан түбегі мен Таяу Шығыс елдері, Африканың шығыс және солтүстігінің бір бөлігін өзіне бағындыруды жоспарлады. Жапония Қытай және Кеңес Одағының Азиялық бөлігін, сондай-ақ Бирма (Мьянма), Индонезия Филиппин мен басқа «оңтүстік теңіз» елдерін өзіне қаратуды көздеді. Ең ірі фашистік-милитаристік мемлекеттер - Германия мен Жапония дүниежүзілік үстемдікке ұмтылды. Жапонияның басқарушы топтары өз мақсаты «дүниенің сегіз бұрышын бір шаңырақ астына, яғни Жапония қол астына біріктіру» деп ашық жариялады. Фашистік Германия үкіметінің басшысы Гитлер 1939 жылы 10 ақпанда неміс әскери қолбасшылығының құпия мәжілісінде сөйлеген сөзінде өз саясатының мақсатын а) Европада үстемдік, ә) жүзжылдық дүниежүзілік үстемдік деп айқындады.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып-ақ Италия, Германия және Жапонияның басқарушы топтары агрессиялық жолға түсті. Италия Эфиопия (Абиссиния) мен Албанияны, Германия Австрия мен Чехословакияны басып алды. Жапония 1931 жылы Маньчжурияны (Солтүстік-Шығыс Қытай) оккупациялады, ал 1937 жылы Орталық Қытайда соғыс қимылдарын бастап, Пекин, Шанхай, Нанкин сияқты Қытайдың ірі қалаларымен қоса үлкен территорияларын өзіне қаратты. 1938 жылы жапон милитаристері Хасан көлі ауданында Кеңес Одағына, ал 1939 жылы Халкин-Гол өзені алқабында Моңғол Халық Республикасының территориясына енді. Кеңес және моңғол әскерлері басып алушылардың шабуылына тойтарыс берді.

1. 2. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германия қару-жараққа жұмсалған қаржыны 37 млрд. маркаға, әскер санын 4, 6 млн. адамға жеткізді. Бұл кезде Франция әскері 2, 67 млн., ағылшын әскері 1, 27 млн. адам еді. Польша өз күшінің 70%-ін мобилизациялап үлгірді. Ол Франция мен Ұлыбританияның көмегіне сенді. Германия ең алдымен Польшаны тез басып алуды жоспарлады.

Екінші дүниежүзілік соғыс Германияның 1 қыркүйек 1939 жылы Польшаға шабуылымен басталды. Герман әскерінің соғыс жоспары Англия мен Францияның соғысқа кіру мүмкіндігін есепке алды. Сондықтан Польшаны «Қауырт соғыс» барысында талқандап, сонан соң әскерді батысқа әкетілу жоспарланды. Осы үшін вермахттың жаяу әскерінің үштен екісі Польшаға қарай шоғырландырылды, бұл поляк әскерінен едәуір көп еді. Неміс авиациясы әуеде үстем болды: қалаларды, транспорттарды және жолдарды бомбылап, бейбіт халық арасында үрей туғызды, поляк әскеріне мобилизациялауды және оның шекараға жылжуын тежеді. 16 қыркүйекте Польша астанасы (Варшава) қоршалды. Қоршалған Варшава ғана 28 қыркүйекке дейін күресті. 17 қыркүйек 1939 жылы поляк үкіметі елді тастап кетті. Дәл сол күні кеңес әскері Польшаға енді6.

28 қыркүйек 1939 жылы достық және шекара туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды. Бұл келісім Польшаның бөлшектенуін тіркеді және кеңес-герман шекарасы сызығын нақтылады. Енді шекара 1939 жылғы 23 тамыздағы құпия хаттама шарттарымен салыстырғанда шығысқа қарай жылжыды және «Керзон сызығы» бойынша жүрді, яғни бір жағынан поляктар, екінші жағынан украиндер, белорустар тұратын этнографиялық шекара бойынша анықталды. Поляк халқы тұратын жер Германияның құрамында қалды, КСРО-ға Литва берілді. Бұл өзгерістер Кеңес Одағына Польшаны бөлшектеуді Батые Украина мен Батыс Белоруссияны қайта қосу үшін жасалған азаттық жорығы деп атауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ кеңес басшылығы мұны Англия мен Францияға КСРО-ны агрессор деп жариялауға сылтау бермейді деді, өйткені Қызыл Армия ағылшындар 1920 жылы кеңес-поляк шекарасы деп белгілеген «Керзон сызығынан» өткен жоқ. 2 қазанда поляк әскерінің соңғы бөлімдері берілді. Польша Германияның қарулы агрессиясының, сондай-ақ нацистердің нәсілдік теориясының алғашқы құрбаны болды. Поляк интеллигенциясын, еврейлерді жаппай қыру басталды. Еңбек міндеттілігі енгізілді, жүз мыңдаған поляктар еріксіз Германияға жұмысқа айдалды.

Империалист державалар екі топқа бөлінді: бір жағынан гитлерлік Германия бастаған фашистік мемлекеттер, екінші жағынан Ұлыбритания, Франция, АҚШ және олардың одақтастарының коалициясы. Фашистік мемлекеттер үкіметі өз елдерінде толық демократиялық бостандықтарды жойды, коммунист партияларға тыйым салды, кәсіподақтарға бақылау орнатты, ашық саяси террор жүргізді. Фашистік мемлекеттер сыртқы саясатта агрессиялық жолға түсті. Фашизм бүкіл прогресс, демократия, бостандық сүйгіш күштердің басты қаупі, ал гитлерлік Германия дүниежүзілік реакцияның соққы беруші күші болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс империалистердің саясатынан туындаған және халықтардың фашизмге қарсы, ұлттық тәуелсіздік, бостандық пен демократия үшін күресімен байланысты антифашистік, ұлт-азаттық тенденциялар ретінде көрініс тапты. Фашистік агрессия құрбанына айналған халықтар мен елдердің соғысы азаттық және антифашистік сипатта болды. Милитаристік Жапония мен фашистік Германия жаулап алған Қытай мен Польша халықтары агрессорларға қарсы бірінші болып соғыс бастады.

2. Екінші дүние жүзілік соғыс: жүру барысы және қорытындылары

2. 1. Екінші дүниежүзілік соғыстың өрбу кезеңдері

Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек - 1941 ж. 21 маусым) - соғыс майдандарында фашистік Германияның жеңіске жеткен кезеңі. 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады. 3 қыркүйекте Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы табандылықпен күресті. 8-28 қыркүйек аралығында Варшаваны ерлікпен қорғады. Алайда күші басым жау басшысыз, көмексіз қалған Польшаны қазанда басып алды.

17 қыркүйекте Қызыл Армия Польшаның шекарасынан өтіп, Батыс Белоруссия мен Батыс Украинаны фашистік басқыншылардан азат етті. Олар УССР мен БССР-ге қосылды. 1939 ж. қыркүйек-қазан айларында Совет Одағы Эстония, Латвия, Литвамен өзара көмек шарттарын жасап, оларды агрессордың соғыс плацдармына айналуынан сақтап қалды. 1940 ж. бұл елдер буржуазиялық үкіметтерін құлатып, өз тілегімен СССР-ге қосылды. 1939-40 ж. совет-фин соғысы нәтижесінде СССР шекарасы Карель мойнағында, Ленинград маңында Мурманск теміржол бойында солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. 1940 ж. 28 маусымда Румыния 1918 ж. басып алған Бессарабияны және Солтүстік Буковинаны СССР-ге қайтару туралы Совет үкіметінің ұсынысы жүзеге асырылды. Екінші дүниежүзілік соғысы жағдайында Совет елі батыс және солтүстік шекараларын нығайтты7.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс: алғышарттары және басталуы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеу
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары
Бірінші жүниежүзілік соғыстың себептері мен барысы, қорытындылары
Екінші дүниежүзілік соғыс
Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Үшінші рейхтың соғысқа әзірленуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz