КСРО мен Германияның қарым - қатынасына алғашқы сына қағу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

1 тарау. 30-жылдардағы тоталитарлық мемлекеттер5

1. 1 Фашизм мен социализм идеологиясының ұқсастықтары мен қарама-қайшылықтары5

1. 2 Гитлердің Германиядағы билігінің ұлғаюының халықаралық қарым-қатынастарға әсері10

1. 3 КСРО мен Германияның қарым-қатынасына алғашқы сына қағу11

2-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың барысы16

2. 2 КСРО мен Германияның 1933-1939 жж. саяси қарым-қатынастары16

2. 1 Мюнхен келісімі және КСРО позициясы20

2. 3 1939 жылдың тамызыдағы «Молотов-Риббентроп» пакті27

Қорытынды32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі34

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары арасындағы халықаралық қатынастар тарихы тым күрделі. Осы кезең аралығында Германия, Италия, Жапония бастаған фашистік және милитаристік мемлекеттер Версаль-Вашингтон жүйесіне наразы болып, дүниені қайта бөлуге, негізінен Англия, Франция, АҚШ және олармен байланысты елдер бақылауында болған отар, шикізат көздері мен өткізу рыноктарын басып алуға жанталасты. Германия өз көршілерін табанына салуды, КСРО-ны талқандауды, Африка мен Таяу Шығыста жаңа отарлық империя құруды көздеді. Италия Жерорта теңізін «Итальян көліне» айналдыруды, Балқан түбегі мен Таяу Шығыс елдері, Африканың шығыс және солтүстігінің бір бөлігін өзіне бағындыруды жоспарлады. Жапония Қытай және Кеңес Одағының Азиялық бөлігін, сондай-ақ Бирма (Мьянма), Индонезия, Филиппин мен басқа «оңтүстік теңіз» елдерін өзіне қаратуды көздеді. Ең ірі фашистік-милитаристік мемлекеттер - Германия мен Жапония дүниежүзілік үстемдікке ұмтылды. Жапонияның басқарушы топтары өз мақсаты «дүниенің сегіз бұрышын бір шаңырақ астына, яғни Жапония қол астына біріктіру» деп ашық жариялады. Фашистік Германия үкіметінің басшысы Гитлер 10 ақпан 1939 жылы неміс әскери қолбасшылығының құпия мәжілісінде сөйлеген сөзінде өз саясатының мақсатын а) Еуропада үстемдік, ә) жүз жылдық дүниежүзілік үстемдік деп айқын белгіледі.

Осыған орай Кеңес Одағы мен фашистік Германияның қарым-қатынастары осы қысқа мерзім ішінде қатты ушықты. Өйткені біз қарастырып отырған кезең екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы бес-алты жыл мерзімді қамтиды. «Бұл кезеңдегі Еуразия құрлығындағы ең ірі екі тоталитарлық мемлекеттің дипломатиялық қарым-қатынастары да өте күрделі. Олар бірін-бірі алыстан орағытып, іштей аңдысып, бір-бірінен қауіптеніп өмір сүре бастаған еді»1.

Міне, осы сияқты елеулі оқиғалар орын алған уақыт аралығындағы әлемдік тарихқа өзгеріс енгізген кезеңнің келбетін сомдап шығу, саяси-экономикалық дағдарыстардың себебін талдап, мәніне бойлау өз өзектілігін әлі күнге жоғалтқан жоқ деп санаймын. Сондықтан да осы шағын курстық жұмыста аталған мәселелердің, атап айтар болсақ, коммунизм мен фашизмнің текетіресі және олардың жымысқы қарым-қатынастарының мейлінше байыбына баруға талпыныс жасалды.

Тақырыптың деректік көздеріне шолу: Тақырыптың деректік көздеріне келер болсақ арнайы Германияның екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне арналған деректемелер өте көп, бірақ оның көпшілігі соғыс театрының шайқастарына көп маңыз бере тоқталады. Ал Гитлер мен оның ізбасарларының өмірбаяны мен олардың жазған мемуарлары, тағы басқа қалдырған жазба материалдары саяси идеологияға байланысты КСРО кезіннің өзінде аз жазылатын, бірақ мұның бәрі ашылмай жатқан бұлақ тәрізді КСРО құлағаннан кейін сарқырама суындай тасқындап ақты. Бірақ бұл әдебиеттің бәрі орыс тілінде болып отыр.

Германияның Европаны жаулап алуы, түрлі ауқымды әдебиеттерді өмірге келтірді. Солардың қатарына У. Черчилльдің «Екінші дүниежүзілік соғыс» атты туындысы да жатады.

Бiздiң тақырыпқа септiгiн тигiзетiн деректiң қатарына сол кездегі нацистердің қатарында қызмет атқарған саяси және әскери қайраткерлердің естеліктері де жатады.

КСРО ыдырағаннан кейін Германия бастаған екінші дүниежүзілік соғыстың тарихына жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары, соғыстың басталуы, оған қарсы антигитлерлік коалицияның құрылуы, т. б. мәселелер де жан-жақты, бүгінгі заман талабы тұрғысынан қарауды талап етеді. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-таразылау айрықша өзекті.

Жұмыста В. М. Бережковтың, В. Т. Фоминнің, Н. Вознесенскийдің, Д. А. Волкогоновтың тағы басқа да тарихшылар мен әскери қолбасшылардың күнделіктері мен мемуарлары қаралды2.

Курстық жұмыстың мақсаты: екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі КСРО мен Германия қарым-қатынастарын зерттеу болып табылады.

Көздеген мақсатымызға жету үшін курстық жұмыстың міндеттері мыналарды қамтиды:

- 30-шы жылдардағы фашизм мен социализм идеологияларының ұқсастықтары мен қарама-қайшылықтарын қарастыру;

- КСРО мен Германияның қарым-қатынасындағы қайшылықтардың пайда болуы;

- КСРО мен Германияның 1933-1939 жж. саяси қарым-қатынастары;

- 1939 жылдың тамызыдағы «Молотов-Риббентроп» пакті.

Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері КСРО мен Германияның 1933-1939 жж. арасындағы саяси қарым-қатынастарды толығымен қамтиды.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. 30-жылдардағы тоталитарлық мемлекеттер

1. 1 Фашизм мен социализм идеологиясының ұқсастықтары мен қарама-қайшылықтары

Фашизмнің ұлттық-социализм идеологиясы орта буржуазия мен неміс аристократия мүддесін қолдады. Ұлттық социализм марксизмге қарсы болғанымен, фашистік идеологияның түпкі шыққан негізі социалистік қозғалыс болды. Социалистік идеяның солшыл қанатынан қалыптасты. Коммунистік идеяның негізі де социалистік қозғалыстың социал революциялық жолын қолдады. Фашизм және коммунистер арасындағы ұқсастық осыдан басталады. Фашизм дегеніміз - ірі монополияның қолдауынан туындаған шовинистік, тоталитарлық диктатура. Коммунистік партия жүргізген саясатқа тоталитарлық және ұлтшылдық тән болғандығына СОКП (Совет Одағы Коммунистік партиясының) КСРО-да жүргізген саясаты дәлел болды. Екі идеологияның негізі бір екені тарихта дәлелденіп отыр. Герман фашизмі негізінде үгіт-насихат ұлттық және әлеуметтік уәде арқылы жүргізілді. Пролетарлық интернационализм жұмысы тобының мүддесін сатты, Антанта мемлекеттері Германияны тонауға қатысты, сондықтан немістерге соғысып, кек алу керек деп уағыздады3.

Фашистер Германияда «ұлттық социализм» қоғамын құруға шақырды. Социализм барлық әлеуметтік топтарға жеңілдік әкеледі деді. Жұмысшы табы ірі өнеркәсіптерді национализациялауға, өндірісті басқаруға қатыстырылып, олар семья және баланы қорғау, халыққа білім беру халық армиясын құру және т. б. талаптар қойды. Фашистік партияның үгіт-насихат жұмысын жұмысшы табының 20%-ы қолдады.

Фашистік партия қоғамдағы әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастар арасында жүргізілген үгіт-насихат жұмысын өте тиімді пайдаланды. Жастар арасында жұмыс жүргізу үшін “жастар одағы” ұйымын құрды. Бұл ұйымдар мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, жастар клубтарында жұмыс атқарды. Жастарға арналған арнаулы кешкі клубтар ашылып, жастар таңға дейін көңілдерін көтеріп, ойын-сауық өткізді.

“Фашистік партия - НСДАП жастар арқылы әскери-патриоттық ұйымдар құрып, әр уақытта күш көрсету арқылы көмек көрсетіп отырды”4. Оларға арнаулы әскери киімдер кигізіп, арнайы танылым белгілерін беріп отырды. Олардың ішінде СА (штурмовые отряды) және СС (охранные отряды) ұйымдары жұмыс істеді. Бұлардың саны тез өсіп отырды. 1929 жылы 280 адам болса, 1933 жылы 52 мың адамға жетті. Фашистердің ірі монополия мен аристократтардың қолдауымен өкіметтік билікті өз қолдарына алуы шындыққа айналды. Фашизм қаупі елде кең етек алды.

Фашизм идеологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билік, Германия қоғамындағы барлық әлеуметтік топтар қолдай бастады. Фашистік партия НСДАП үкіметтік билікті алуға шақырды. Ірі монополия иелері Ф. Тиссен, Э. Кирдорф, Г. Стиннес фашистік партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады. Мысалы: «Болат трест» басшысы Ф. Тиссен партияға кіру жарнасы үшін 300 мың марка төлеген. Ірі монополияның көмегімен фашистік партия мүшелерінің саны 100 мыңнан 1927 жылы 300 мыңға жетті. 1930 жылы рейхстаг сайлауында НСДАП-сын қолдап 6, 5 млн. адам дауыс берді. Парламентте депутаттар саны жағынан екінші партияға айналды. Фашизм беделінің тез өсуіне не себеп болды? Соғыстан кейінгі Веймар Республикасының үкіметі орта және ұсақ буржуазияның жеке меншігіне қолдау көрсеткен жоқ. Ірі монополия үстемдігі басым болды. Орта және ұсақ буржуазияға салынатын салықтың мөлшері жоғары болды. Жеке меншік иелері қайшылықта өмір сүрді. Әлеуметтік қайшылыққа түскен орта және ұсақ топтар фашизмнің үгіт-насихат жұмысын қолдап, оның негізгі әлеуметтік қолдауына тірек бола алды. Фашизмнің әлеуметтік негізі - орта және ұсақ буржуазия, кәсіпкерлерден тұрды. Фашистік партия НСДАП бұл топқа көмек көрсетіп, жағдайларын жақсартуға уәде берді. Тіпті кәсіпкерлерге дүкендер ашуға көмектесетінін де айтты. Ұсақ және орта шаруаларға ірі помещиктердің жерлерін тартып алып үлестіретінін, жер рентасын жоятынын айтып, уәде берді. Ұсақ буржуазия алдында Версаль шартын жойды, «Ұлы Германияны» құруға шақырды. 1932 жылы орта және ұсақ кәсіпкерлерді қолдайтын «орта кәсіпкерлердің одағы» ұйымын құрып, ірі кәсіпкерлердің қолындағы иеліктерді ұсақ-орта кәсіпкерлерге алып беру туралы талап жасай бастады.

Германияда фашизм қаупіне қарсы күресуші саяси күштер де болды. Олар: Германия социал-демократ партиясы (ГСДП) және Германия коммунистік партиясы. Рейхстагта депутаттардың 1/3 бөлігі болды, бірақ та бұл екі саяси партия фашизмге қарсы күресте тактикалық қателіктер жіберді. Фашизм қаупіне онша сене берген жоқ, ұсақ және орта топтардан құрылған фашистік партияны социалистік қозғалыстың бір бөлігі ретінде қарады. ГПК-сы да осы тактиканы ұстап, фашизмге қарсы күресте біртұтас жұмысшы майданын құра алған жоқ. ГСДП-ын социал-фашистік партия деп бағалады. Сондықтан екі партия да фашизм қаупіне сене бермеді. Бірақта ГКП фашизмге қарсы үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, антифашистік акциялар ұйымдастырды. Ереуілдік қозғалысқа еңбекшілердің көбі қатысты. ГКП-ның беделі өсті. 1931 жылы ГКП-ның саны 195 мың болса, 1932 жылы 360 мың адамға жетті. 1932 жылы рейхстаг сайлауында ГКП-сы 6 млн. сайлаушылар қолдады. Пролетариат диктатурасын орнату ұраны, сол кездегі ГКП-ның тактикалық қателігі болды. Антифашистік күрестің барысында ГСДП мен ГКП фашистік партияға қарсы шыққан ірі оппозициялық саяси күшке айнала алмады5.

Экономикалық және саяси дағдарыс үкіметтің елді басқару қабілетін бұрынғыдан да төмендетті. Фашистік партия және профашистік ірі монополия иелері Ф. Тиссен, Флик, Феллер тез арада фашистік диктатураның орнауын қалады. Германиядағы президенттік сайлау қарсаңында фашистер мен реакциялық күштер бірігіп күрес жүргізді. 1932 жылы сәуір айында президенттік сайлауда генерал Гинденбург 19, 3 млн. дауыс алып, жеңіске жетті. Ал Гитлер болса, 13, 4 млн. дауыс алып, жеңіліс тапты. ГСДП-сы Гинденбургті қолдады. Сайлаудан кейін елде саяси күштердің ара салмағы фашистік күштер жағына ауысты. 1932 жылы мамыр айында Брюнинг үкіметі отставкаға кетіп, Папен канцлер болып тағайындалды. Папен үкіметі елді саяси дағдарыстан шығара алмады, олар төтенше шаралар жүргізді. Саяси дағдарыс тереңдеген тұста, 1932 жылы шілде айында Пруссияда мемлекеттік төңкеріс болды. Пруссия үкіметінде социал-демократ министрлері қуылып, оның орнына профашистік реакциялық топтар жаңа үкімет құрды. Саяси дағдарыс жылдарында 1932 жылы шілде айының 31-і күні рейхстаг сайлауы өткізілді. Сайлауда 13, 8 млн дауыс алған фашистік партия үкімет құру мүмкіндігін алды. Веймар Республикасы өзінің тарихында саяси дағдарыстың ең жоғарғы шыңына жетті. Парламентте Папен үкіметіне сенімсіздік білдірілді. Президенттің жарлығымен рейхстаг таратылып, А. Гитлердің билік басына келуіне жол ашылды. Бірақ Гитлер канцлер бола алмады. 1932 жылы қараша айында рейхстаг сайлауында фашистік партия 11, 3 млн. дауыс алды, яғни алдыңғы сайлаумен салыстырғанда 2, 4 млн. дауыс жоғалтты. НСДАП-сында ішкі дағдарыс күшейді. Антифашистік күштердің қарсы күресі де оған ықпал жасады. Канцлер болып генерал Шлейхер тағайындалды. Гитлерді үкімет басына жібермеді. Ірі монополия иелері Шахт, Тиссен т. б. елдің президенті Гинденбургқа ультиматум-хат жолдап, Гитлерді рейхканцлер тағайындауын талап етті. Мұны ірі қаржы олигархиясы түгелдей қолдады. Президентке тікелей қысым жасау арқылы, 1933 жылы қаңтар айының 30-ы күні Гинденбург амалсыздан Гитлерді рейхканцлер етіп бекітті. Сөйтіп Германияда Веймар Республикасы құлап, фашистік диктатура орнады.

Гитлер рейхканцлер болғаннан кейін Германияда құрама (коалиция) үкімет құрды. Үкіметтің құрамына 4 министр НСДАП-сынан, 11 министр буржуазиялық партиядан кірді. Алғашқы кезден Гитлер Конституцияны өзгеріссіз қалдырып, демократиялық жүйені өзгертеді. Рейхстагтың саны аз болған НСДАП жеке үкімет құра алмады. Сондықтан Гитлер өзінің диктаттық билігін орнату үшін жаңа парламенттік сайлау күнін белгіледі. Рейстаг сайлауы 1933 жылы 5 наурызда өтетін болып белгіленді6.

Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы арқылы антифашистік күштерді әлсірету үшін үкімет көптеген шаралар жүргізді. Демократиялық күштерге қарсы әр түрлі арандатушылық шараларды іске асырды. Үкімет саясатына қарсы шыққан саяси күштерге тыйым салды. Ереуілге шыққандарды қару арқылы күшпен басып отырды. Антифашистік топтар Гитлерге қарсы күреске шығып, жалпыұлттық ереуілге шақырды. Антифашистік қозғалыстың басында ГСДП мен ГКП-сы болды. Гитлер үкіметі саяси күштердің әлі де болса басым екенін біле отырып, сайлау қарсаңында ерекше шараларға барды. Гитлердің тікелей нұсқауымен 1933 жылы ақпан айының 27-і күні Германияның парламент үйі Рейхстаг өртелді. Өртеніп жатқан Рейхстаг үйіне келген Гитлер «бұл коммунистердің жасаған ісі, сондықтан коммунистерді жою керек» деп баға берді. Осы күннен бастап Гитлер өзінің тап жауы коммунистерге қарсы террорға шықты.

Рейхстагтың өртенуін сылтау ете отырып, елде жеке билік орнату үшін билікті өз қолына алып, заңды құқығы бар декреттер шығара бастады. Веймар Республикасының Конституциясын тоқтату туралы заң қабылдады. Коммунистерді жаппай тұтқындау басталды. Наурыздың 3-і күні ГКП-ның мүшесі Э. Тельманды, 9 наурыз күні Коминтерннің басшысы, Болгар коммунистік партиясының мүшесі Г. Димитровты тұтқындады. Оған рейхстагты өртеген деп айып тағылып, 1933 жылы қыркүйек айында Лейпциг сот процесі болды. Сот процесінде Г. Димитров өзін фашистік сот алдында ақтап шықты. Бұл антифашистік күштердің ірі жеңісі болды.

Гитлер үкіметі рейхстаг өртенгеннен кейін екі төтенше декрет қабылдады: «Мемлекеттік сатқындыққа қарсы», «Халық пен мемлекетті қорғау». Халықтың конституциялық құқығы тежелді. Бірақ та сайлауға дейін Гитлердің террор, арандатушылық және қорқыту секілді шараларды жүргізуіне қарамастан, парламент сайлауында демократиялық күштер айтарлықтай жеңіске жетті. Фашистік партияны 17, 2 млн. адам қолдап, 43, 9% дауыс алды. Рейхстагта барлығы 647 депутаттық орын болатын. Басқа партияларды қолдап 22 млн. адам дауыс берді. Террорлық әрекеттерге қарамастан, ГКП мен ГСДП-сын қолдап 12 млн. адам дауыс берді.

Парламент сайлауында ойдағыдай жеңіске жете алмаған Гитлер жеке билік арқылы парламенттің жұмысын тежеді. Конституция жұмыс істеген жоқ. Гитлер елді басқаруда төтенше билікті өз қолына алды. Сөйтіп, заң және атқарушы сот билігі бір кісінің қолына көшті. Сайлауда жеңіске жеткен 81 коммунистің парламенттегі мандатын заңсыз деп тауып, мандаттарын тартып алды.

Гитлер 1933 жылы желтоқсан айының 12-і күні «Партия мен мемлекеттің бірлігі» деген төтенше декрет шығарды. Мемлекеттік билікті тек қана НСДАП қана мойындады. Елде көсем (фюрер) идеясы кең етек алды. Мемлекеттік-әкімшілік басқару аппараттары фюрер алдында ант беріп қызмет атқаруға міндетті болды. Жергілікті парламент-ландтаг, жоғарғы палата Рейхсрат таратылды. 1934 жылы тамыздың 2-і күні қарт генерал, президент Гинденбург өлді. Осы күннен бастап Гитлер елдің фюрері (көсемі) және рейхканцлері болып өмірлікке тағайындалды.

Гитлер үкіметінің экономикалық саясатының негізгі мәні мемлекеттік-монополиялық капитализм тұрғысында болды. 30-жылдардағы дағдарыс кезінде көптеген капиталистік елдер экономикалық-әлеуметтік дамуды мемлекет арқылы реттеу процесін іс жүзіне асыра бастаған болатын. Буржуазиялық реформа капитализмді, жеке меншікті сақтап қалудың бірден-бір жолы болды. Әлемдік капитализм КСРО еліндегі социализм қоғамын жою мақсатын іс жүзіне асыра бастады.

Өкімет басына келген кезде герман фашизмінің халықаралық қатынастар жүйесін жасау жөнінде өз жоспары болған еді. Бұл жоспардың негізгі пункті: Германияның дүниежүзілік үстемдігін орнату, соғыс ашу жолымен тұңғыш социалистік мемлекетті жою болды.

1. 2 Гитлердің Германиядағы билігінің ұлғаюының халықаралық қарым-қатынастарға әсері

Атқару билігін қолға алған нацистер Германияда саяси-демократияны жоюға белсене кірісті. Нацистер өзінің саяси қарсыластарына қарсы ашық террор ұйымдастырды. 1933 жылы НСДАП-дан басқа барлық саяси партияларға тыйым салынды. Бұлар зорлықсыз, күшсіз жүзеге асырылмайтын еді. Сондықтан мемлекеттің жазалаушы органдарының ролі күшейді. Штурмовиктер мен күзету отрядтары мемлекеттік аппараттың зорлық-зомбылығының бір бөлігіне айналды. Елде құпия полиция (гестапо) құрылды. 1933 жылдан бастап Германияның барлық жерінде режимге қарсы шыққан адамдарды ұстауға арналған концентрациялық лагерьлер пайда болды. Азаматтардың барлық саяси құқықтары - съезд, жиналыс бостандығы, хат алмасу құпиясы, тұрғын үйге тиіспеушілік жойылды7.

Германияда өкімет басына Гитлер бастаған фашистердің келуі Европадағы жағдайды түбегейлі өзгертті. Версаль-Вашингтон жүйесіне нақты қауіп төнді. Нацистердің программасы әуелден-ақ Версаль бітімшартын қайта қарауды ғана көздеген еді. Өйткені Веймар Республикасы дипломатиясының бұған қолы жетіп еді. Өкімет басына нацистер келгенге дейін-ақ Германия репарация төлеуді тоқтатқан және Ұлттар Лигасының мүшесі болған. Алайда бұл табыстар Версаль-Вашингтон аясында жүзеге асқан. Германия дипломаттары соғыстан кейінгі өз статусының әділетсіздігіне барлығын сендірді, ұлы державалар арасындағы қайшылықтарды шебер пайдаланды. Гитлер дүниежүзілік үстемдікті күшпен орнату мақсатын қойды. Ол соғысқа Версаль бітімшартын елемей ашық дайындалды.

20-30-шы жылдары КСРО-ның сыртқы саясатында ешқандай өзгеріс болған жоқ. Дүниежүзілік революция жоспарының күйрегенін сезініп, Кеңестік Ресей сыртқы саясат оқшаулануынан шығу жолдарын іздеді. Экономиканың дағдарыс жылдарында Батыс елдері мен КСРО арасында қайшылықтардың шиеленісуі антикеңестік блок құрылуына кедергі келтіретін қолайлы жағдай деп бағаланды. Алайда көп ұзамай-ақ КСРО-ның бұл қайшылықтар дүниежүзілік революция жеңісі мен КСРО-да социалистік қайта құруларды аяқтауға мүмкіндік береді деген үміті ақталмай, Германия мен Жапонияның агрессиясы КСРО-ның өзіне қауіп төндірді. Осы жағдай кеңес басшылығының бұрынғы саясатты өзгертуіне мәжбүр етті.

1. 3 КСРО мен Германияның қарым-қатынасына алғашқы сына қағу

Гитлердің Германияда өкімет басына келісімен-ақ, бір жағынан, Англия мен Франция арасында, екінші жағынан, фашистік мемлекеттер - Германия мен Италия арасында француз-герман қайшылықтарын реттеу, ал ең бастысы - «Кеңес Одағын Батыс Еуропадан оқшау қалдыру» мақсатында әскери-саяси одақ құруға әрекет жасалды. 1933 жылғы 15 шілдеде Римде халықаралық қатынастар тарихына «төртеудің шарты» деген атпен кірген, «келісім мен ынтымақтастық» шартына қол қойылды.

Бұл шарт Европаның шағын елдерінде өте-мөте абыржушылық туғызды, өйткені олар А. В. Луначарский жазғандай, төрт держава біріккен күнде өздерін «қатыгез бақташылар өзара талапайға салатын қотандағы қой сияқты» сезінетін еді8.

Германия өз позициясын нығайту үшін 1934 жылдың қаңтарында Польшаға шабуылдамау туралы пактіге қол қоюды ұсынды. Польша мұнымен келіседі. Осы арқылы ол ұжымдық қауіпсіздік жүйесін үзді, енді ол өзі арқылы совет әскерін өткізе алмайтын еді.

Соғыс қаупі жағдайында КСРО бірнеше елмен күш біріктіру арқылы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрып, басқыншыларды тежеу саясатын жүргізді. 1935 ж. Франциямен және Чехословакиямен өзара көмек шартын жасады. Совет мемлекеті елдің қорғанысын нығайтып, оның соғыс-экономикалық потенциалын дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс
Франкфурт бітімінен Берлин конгресіне дейінгі халықаралық қарым-қатынас
Германия Федеративтік Республикасы, тарихы
Иранның сыртқы саясаты
Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
Түркия Республикасы құрылуының Кеңестік басылымдарда жариялануы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның жағдайы
Атланттық хартия
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
ІI- ші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz