Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1-тарау. Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай 5
1.1 Потсдамдағы конференциясындағы ұлы державалардың басты қарама-қайшылық
принциптері 5
1.2 Фултон жолдауы және қырғи қабақ соғыстың бастамасы 8
1.3 Трумэн доктринасы 12
2-тарау. Биполярлы әлемнің алғашқы қақтығыстары 15
2.1 Берлин блокадасы және Германияның екіге бөлінуі 15
2.2 Корей соғысы – биполярлы әлемнің алғашқы соғысы 17
2.3 Дүниежүзілік саясат белестері 21
2.4 Хрущев жылымығы 22
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Кіріспе
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында ғана жаңа күштердің орталықтары
бірлескен Германия мен Италия, сондай-ақ "Үштік Одақ" құрып қуатын
арттырған Австрия-Венгрия халықаралық қатынастағы күштердің арасалмағын
біржола шайқалтуға әкеп соқты, бұл өзгерістен кейін "Антантаға" біріккен
Ұлыбритания, Франция және Ресей шешуші рөл атқарды. Орталық күштердің
қайшылығы ақырында Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына алып келді.
Сонымен Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы жаңа геосаяси
құрылымның Версаль-Вашингтон халықаралық қауіпсіздік жүйесінің басталуы
болды. Дәл осы кезде халықаралық айналымға және дипломатия тіліне "ұжымдық
қауіпсіздік" деген термин енді, қазіргі күнде ол ең өзекті ұғымға айналып
отыр.
Бұл жолы бейбітшілікке басты кепілдік берушілер Ұлыбритания, Франция
және АҚШ болды. Әлемге қауіп төндірушілер неміс реваншизмі мен Ресей
большевизмі деп жарияланды. Бұлардан басқа Ұлттар Лигасы құрылып отыр,
бірінші, ең ірі тұрақты түрде жұмыс істейтін бұл халықаралық ұйым
бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс болды.
Версаль-Вашингтон жүйесі дүние жүзінің бірқатар аймағында жеңімпаздардың
пайдасын көздеп, ұтылғандардың ренішін туғызып, қару-жарақтың саны мен
сапасын алға тартты. Бұл реніш бірте-бірте келіп неміс реваншизмі мен жапон
милитаризміне ұласты. Бұған ілесе неміс және жапон экономикасының күрт
дамуы Германия мен Жапонияның Италиямен бірлесіп, "Берлин - Рим - Токио"
белдеуін құруына мүмкіндік берді, олар енді халықаралық саяси-құқықтық
тәртіпті өзгертуге ұмтылыс жасады. Ақырында, пайда болған қайшылықтар
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкеп ұрындырды.
1945 жылы Гитлерлік Германия талқандалды. Муссолини Римдегі Гүлдер
алаңында өлім жазасына қиылды. Императорлық Жапония толық және сөзсіз
жеңілгендігі туралы актіге қол қойды. Екінші дүниежүзілік соғыстың біржола
аяқталуы жаңа геосаяси құрылым Ялта халықаралық-саяси жүйесін дүниеге
келтірді. Бұл жаңа құрылым адамзат тарихында жаңа дәуірдің басталғанын,
ғаламдық бір-біріне қарсы тұру немесе айтылып жүргеніндей, қоскүндікті әлем
дегенді жариялады. Ұзақ жылдарға созылған антагонистік екі жүйе арасындағы
жарыс, халықаралық қарым-қатынас екі ғаламдық блоктың КСРО бастаған Варшава
Шарты Ұйымы мен АҚШ бастаған Солтүстік Атлантика блогы НАТО (СЕАТО, СЕНТО,
АНЗЮС) арасындағы теке тіреске айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымы бейнесінде
жаңа геосаяси бірлік және оның бас органы Қауіпсіздік Кеңесі пайда болды.
Мұндай ғаламдық деңгейде екі жақ болып қарсы тұру қырғи қабақ соғыстың
басталуына қарсылас екі жақ ашық соғысқа бармай-ақ ұдайы жасырын әрі ашық
түрдегі идеологиялық, экономикалық және саяси бәсеке мен жаппай қарулануға
көшті. Мұндай геосаяси құрылым жағдайына мүлдем жаңа қатер ядролық соғыс
қаупі мен адамзаттың жаппай жер бетінен жойылу апаты алға шықты.
Соғыс шиеленісінің ешқандай болашағы жоқ екендігі, екі жақтың да
тұтастай қырылатыны халықаралық тайталасты бәсеңдету талабына бағытталды.
Оның ең маңызды бір шарасы "Хельсинки процесі" болды, Еуропадағы
қауіпсіздік пен бірлескен іс-қимыл (ОБСЕ) жөніндегі Кеңес өткізумен
аяқталған бұл шараның қорытындысында 1975 жылы Хельсинки актісіне қол
қойылды.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Міне сондықтан да біздер, бүгінгі өскелең
ұрпақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық саясаттағы түбегейлі
бетбұрыс туғызған себептерді түсінуге ұмтылып, тарихтан сабақ алуды
ойластыру үшін оны бүге-шігесіне дейін зерттегеніміз абзал. Осы орайда
біздің қалам тартып отырған тақырыбымыздың өзектілігі де байқалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихты
зерттей отырып, сол кезеңдегі орын алған саяси жағдайды толықтай зерттеп,
ашып көрсету болып табылады.
Көздеген мақсатымызға жету үшін курстық жұмыстың міндеттері төмендегі
мәселелерді қамтиды: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан
жағдайды барынша түбегейлі қарастырып, қолданған әдебиеттерді орынды
пайдалану.
Тарихнама. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарих туралы ғылыми
зерттеулер жетерлік[1]. Мысалы, Титковтың СССР, Великобритания и проблема
послевоенного устройства Германии 1941-1945 гг және М.И. Семиряганың Как
мы управляли Германией: политика и жизнь әдебиеттерін қолдандық.
Алайда оның көпшілігі өз кезеңіндегі идеологиялық талаптарға сай
жазылды. КСРО ыдырағаннан кейін тарихтың осы тұсына жаңаша көзқараспен
қарау қажеттігі пайда болды. Тіпті ағылшынның аты әлемге паш премьер-
министрі Уинстон Черчилльдің Фултон қаласындағы (АҚШ) сөйлеген сөзінің өзі
мүлде өзгеше көзқарасты талап етеді. Өйткені оның айтқан әрбір сөзі
шындыққа айналғанын әлем мемлекеттері де көрді.
Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан,
соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-
таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын
қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық
мәселелерді қарастырумен шектелеміз.
Жұмыста соғысқа қатысты зерттеулер жүргізген тарихшылар мен
саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша қарастыра отырып
тақырыбымызға орай кеңінен ақпарат беруге тырыстық.
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері Потсдам конференциясынан
бастап Корей соғысына дейінгі аралықты толығымен қамтиды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарау. Соғыс аяқталғаннан кейінгі халықаралық саяси жағдай

принциптері
Екінші дүниежүзілік соғыстың 5-кезеңінде (1945 ж. 9 мамыр — 2
қыркүйек) Потсдам конференциясына қатысушы атнигитлерлік коалиция
мемлекеттері (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы
шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті[2]. Жапония үкіметі бұл
талапты қабылдамады. Бұл кезде әлем әлі де болса бірауызды еді. Бірақ
дегенмен осы мемлекеттердің әрқайсысы өз ұпайын жібермеуді де қарастыра
бастаған кезең-тін.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние өз дамуының
жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл,
ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс туралы ойлаудың өзі
қыл.мыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің бәрі істелінді.
Германия талқандалып қана қойған жоқ, оны жеңгендер оккупациялады, енді
герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей көрінді.
Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің арасында орнаған ынтымақтастық
деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. Үлкен үштіктің жоғарғы дәрежедегі
кездесулері үнемі өткізіліп отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси
қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге
асырылып отырды.
Осы қатынастардың символы ретінде Үлкен үштіктің үшінші кездесуін -
Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы
Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы
сәуірде қайтыс болған Франклин Рузвельттің орнына болған Гарри Трумэн,
Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция
барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент сайлауында
Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер көп
орынға ие болып, оның лидері Клемент Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа
құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда Үлкен
үштік құрамы жаңарды.
Потсдам конференциясында Германияны басқару үшін төрт Д принципі
негізге алынды: денацификация, демилитаризация, демократизация,
декартелизация[3]. Денацификация дегеніміз нацизмді түп тамырымен жою, ал
демилитаризация біртұтас егрман әскери машинасын, оның бүкіл қосымша
элементтерімен бірге жою және әскери потенциалына шектеу қою болып табылды.
"Герман милитаризмі және нацизмі түп тамырымен жойылады", – деп одақтастар
Потсдамда салтанатты түрде жариялаған еді. Демократизация болса фашисттік
саяси жүйенің орнына қайтадан демократиялық негіздегі саяси институттарды
құру болатын. Германияның әскери күш-қуатының негіздері ірі монополиялар
мен картельдер деп түсіне білген одақтастар оны да декартелизация арқылы
таратуды, бөлшектеуді іске асыруды көздеді.
Берлин конференциясы Париж конференциясы сияқты бейбіт конференция
болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын еді. Германия
оккупацияланды, оның территориясында билікті төрт оккупациялық зонаға
бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты
мақсаты одақтас державалардын Германияға деген саясатын анықтау болатын.
Германияның мемлекеттік шекарасы аныкталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға
Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына
жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда
14 азайды[4]. Германиянын 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі
ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан
(9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр
зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен
қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін
еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының
қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен
қақтығысқысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткені КСРО-ның
қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында
болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры
туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде
анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды. Германияда репарация төлеуін
жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп
құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны
біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң
елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт
келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық
үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және
Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте
соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың
білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана
емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін
айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.
Германияны оккупациялаушы державалар оны біртұтас экономикалық
мемлекет ретінде қарастырды, ал саяси тұрғыдан орталық Герман үкіметі
құрылады деп жоспарланған болатын. Бірақ өмір өз өзгерістерін жылдам
кіргізді.
Әлемдегі капитализм дүниесіне жаугершілікпен қараған кеңес үкіметінің
басшылары да, оларға қарсы астыртын әрекеттерін үдете түскен капиталистік
мемлекеттер де Герман мәселесінен бастап ара-жіктерін ажырата бастады.
Бірақ алда әлі Жапонияны тізе бүктіру күтіп тұрған болатын.
Бірақ осы конференция өтіп жатқан кезде АҚШ Президенті Гарри Трумэн өз
елінің ғаламат қаруға ие екендігін байқатты. Міне әлемдік гегемондыққа
ұмтылған американдықтар осы қаруды өздерінің қолшоқпарындай көрді. Соның
әсерінен 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима
мен Нагасакиге атом бомбасын тастады[5]. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия
Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы
Солтүстік-шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Куриль аралдарын
азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт-азаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда
Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы
құрылды. 1945 ж. 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөніндегі актіге
қол қойды.
Екінші дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-і
қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн. адам әскерге
алынды. 50 — 55 млн. адам қазаға ұшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын
шықты. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде
демократияның орнауына жол ашылды.
1945 жылы Европадағы соғыстың аяғына қарай, Тынық мұхитта соғыс әлі
жүріп жатқан кезде дүниежүзінің соғыстан кейінгі құрылымы туралы шешім
қабылданды. 50 елдің өкілдері Сан-Францискоға (Калифорния) Біріккен Ұлттар
Ұйымын (ООН) құру конференциясына жиналды. Оның уставы бекітілді, ол Ұлттар
Лигасы уставын еске түсіретін еді. Жаңа ұйымның құжатында мемлекеттер
арасында достық қатынастарды дамыту; экономикалық-әлеуметтік және
гуманитарлық сипаттағы проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастықты
жүзеге асыру; дүниежүзіндегі аштық пен қайыршылық, аурулармен күрес
шараларын үйлестіру көрсетілген. БҰҰ барлық мүшелерінің теңдігі, дау-
таластарды бейбіт шешу, күш қолдану қаупінен сақтану принципіне
негізделген. Солай бола тұрса да БҰҰ мемлекеттердің ішкі ісіне қол
сұқпайды. Егер де өз кезінде АҚШ Ұлттар Лигасына қатысудан бас тартса, енді
сенат 98 дауыспен Біріккен Ұлттар Ұйымы хартиясын тез ратификациялады. Бұл
АҚШ-тың сыртқы саясатында белең алған оқшауланудың аяқталғандығын,
дүниежүзіне Құрама Штаттардың халықаралық қатынастарда жетекші роль
атқаруға ниеттенгендігін көрсетті.
1.2 Фултон жолдауы және қырғи қабақ соғыстың бастамасы
Сайлауда ұтылып биліктен кеткен ағылшынның әйгілі саясаткері Уинстон
Черчилль өзінің ісін оппозиция лидері ретінде жалғастыра түсті. 1946 жылы
АҚШ-ын аралап жүріп 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты Миссуридың
Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада
қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады.
Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу
құқын мойындай отырып ол кеңес экспансионизмінің етек алуын үрейлене
ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен
Ұлыбританияның күшін біріктіріп, англосаксон дүниесінің бар қуатымен КСРО-
ға тойтарыс беру керек. Оның осы сөзіне орай темір қоршауы (железный
занавес) деген термин саясатта қолданысқа кірді. Бұл термин КСРО-ның
төңірегін қоршап тұрған құпиялылықты бейнелеу болатын. Оның бүкіл әлем
саясатшылары мен адамдарына жолдауының мағынасы коммунистік емес елдердің
халықтары КСРО тарапынан басқыншылық шабуылын күтуі тиіс дегенге сайды.
Мұнымен тоқтамастан ол өзінің жазушылығын қайта жалғастырып осы саясат
төңірегінде бірнеше кітаптар жазып тастады. Мұнда да осы КСРО-ның қитұрқы
саясаты әшкерелене түсті.
Германияның бұрынғы одақтасымен бітімшартын дайындау бір жарым жылға
созылды. Бейбіт бітім-шарттарының мәтініне келісу Сыртқы істер министрлер
Кеңесінің Лондонда, Парижде өткен сессияларында және КСРО, АҚШ пен Англия
Сыртқы істер министрлерінің Москвада өткен мәжілісінде жасалынды. 1946 жылы
29 шілде - 16 қазанда Париж бейбіт конференциясы өткізілді. Оның жұмысына
21 мемлекет қатысты: АҚШ, Англия, Франция, КСРО, Қытай, Австралия, БССР,
Бельгия, Бразилия, Голландия, Греция, Индия, Канада, Норвегия, Жаңа
Зеландия, Польша, УССР, Чехословакия, Эфиопия, Югославия, ОАР (Оңтүстік
Африка Республикасы). Конференцияға мемлекет басшылары қатыспады[6].
Конференцияда басты назар фашизмді түпкілікті жою мәселесіне
аударылды. Демократиялық күштер фашизмнің қайта туындауына мүмкіндік
бермеуді талап етті. Бітімшартының мәтініне Румыния, Венгрия, Болгария,
Финляндиядағы фашистік ұйымдардың қызметіне тыйым салған баптар енгізілді,
осындай баптардың Италиямен жасалынатын бітімшартына енгізілуіне батыс
мемлекеттер қарсы шықты. Бұрынғы Италия отарларының тағдыры жөнінде мәселе
талқыланғанда батыс державалар, егер де Сырткы істер министрлер Кеңесі бір
жылдың ішінде өз пікірін білдірмесе бұл мәселені шешуді БҰҰ-на беруге
ұсыныс жасады. Оған дейін отарларға ағылшын-американ әскерлері бақылау
жасады. Осылайша Италия өзінін барлық отарларынан айырылды. Ол Грецияға
Додеканез аралдарын, Югославияға Истрия түбегін берді.
Европада территориялық мәселелерді реттеу барысында Англия мен АҚШ
өкілдері өз ұсыныстарын өткізуге барын салды. Олар грек делегациясының еш
негізсіз болгар территориясына көз тігуін қолдады. Финляндияның КСРО
есебінен территориялық мәселені шешуге тырысқан реакциялық тобының
антикеңестік көңіл күйін қоштады, Италияның өзіне Юлиялық Крайна мен
Триесті беру жөніндегі талабын қорғады. Финляндия КСРО-ға Печенга (Петсамо)
облысын берді. Үштік пактінің барлық мүшелері репарация төлейтін болды.
КСРО соғыстан кейін өзінің территориясын тағы да ұлғайтты. КСРО
құрамына Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдары кірді. Сонымен қоса КСРО
Қытай территориясынан иелік алды, соның нәтижесінде Солтүстік-Шығыс Қытай
оның ықпал ету аймағына айналды. КСРО-ға Печенгадан басқа, 1938 жылға дейін
Чехословакия құрамында болған Закарпаттық Украина, РСФСР-дың Калининград
облысы болып аталған Шығыс Пруссия бөлігі қосылды. КСРО үкіметі Орталық
және Оңтүстік-Шығыс Европ; мемлекеттерінде өкімет басына кеңестік күштер,
атап айтқанда коммунистік партиялар келуге бар күшін салды. 1945-1946
жылдарда территориясын ұлғайтудан соң КСРО Түркияға территориялық көз
тігіп, Дарданеллді КСРО-ның әскери-теңіз базасын жасау құқын қоса Қаратеңіз
бұғаздарының статусын өзгертуді талап етті.
1946 жылдың басында АҚШ пен Ұлыбритания Солтүстік Ираннан әскерін
әкетуді талап етіп, КСРО-ға қысым көрсетуге мәжбүр болды. 1941 жылы КСРО
мен Ұлыбритания ленд-лиз бойынша КСРО-ға Парсы шығанағы арқылы жүк
тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Иранды бірігіп оккупациялағанды. Әскер
соғыс аяқталған соң, 6 айдан кейін әкетілуге тиіс болатын. Ұлыбритания мұны
жүзеге асырды, ал КСРО асықпады, Солтүстік Иранда автономиялық үкімет
құрылды. Осы кезде Грецияда коммунистер басқарған партизан қозғалысы
жанданды. Оларды коммунистер басқарған Албания, Югославия, Болгария сияқты
шекараласып жатқан елдерден қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қауіпсіздік
Кеңесінің тұрақты мүше елдерінің Сыртқы істер министрлерінің Лондон
мәжілісінде КСРО езіне Триполитанияга (Ливияға) протекторат орнату құқын
беруді талап етті. Бұл оның Жерорта теңізі аймағында болуын қамтамасыз
ететін еді.
Егер де бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлы державалар соғыстан
кейінгі дүние құрылымында экономикалық проблемаларға онша мән бермеген
болса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл проблемаларға баса назар
аударылды. Соғыстан кейінгі дүниеде финанс тұрақтылығына кол жеткізу мен
валюталық соғысты болдырмау үшін БҰҰ эгидасымен Халықаралық валюталық қор
(МВФ) және Халықаралық қайта құру мен даму банкі құрылды. Осылайша
антигитлерлік коалиция елдерінің соғыстан кейін де ынтымақтастығын
жалғастыра беруге негіз жасалды. Жаңа әлемдік тәртіп негізіне ескі ұжымдық
қауіпсіздік идеясы алынды. Оның көрінісі БҰҰ болды да, оны жүзеге әлемдік
полицай ролін атқарған, кең өкілеттіліктер берілген жетекші бес держава
асырды[7].
Алайда оқиғаның әрі қарай дамуы кеңес басшылығының 30-шы жылдардағы
тәжірибе сәтсіздігінен кейін ұжымдық қауіпсіздік мүмкіндігіне
сенбейтіндігін көрсетті. Сталин 1939 жылдан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз
етудің дәстүрлі жолы - күш қолдану, территориялық экспансия және ықпал ету
аймағын құру - осы бағыттан таймай жалғастыра берді. КСРО ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін өзінің қуатын кеңейте түсу үшін пайдаланатындығы айқын
болды. Бұл Европаны елеңдетпей қоймады. Франция мен Италияда коммунистік
партиялар ең ірі саяси партиялар болатын. Осы жерлерде және Батыс Европаның
басқа елдерінде коммунистер үкімет құрамына кірді. Оның үстіне Европадан
американ әскерінің негізгі бөлігі әкетілген соң, КСРО континентальдық
Европада басты әскери күшке айналды. Осы жағдайлардың бәрі кеңес басшылығы
жоспарының жүзеге асуына қолайлы жағдайлар туғызды.
КСРО-ның жүргізген саясатына Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады.
Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен ымырашылдықты жақтады. Әсіресе бұл
позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның талабы
орынды деп есептеп, КСРО-ның Европа мен Азияның кейбір аудандарында
басымдық құқын мойындап, дүниені қайта бөлуді жүргізуді ұсынды.
1.3 Трумэн доктринасы
1945 жылы 17 шілдеден 2 тамызға дейін Трумэн Потсдам конференциясына
қатысты. Дәл рсы кезеңнен бастап-ақ сыртқы саясатында ол коммунистік
экспанцияны күшпен, қоқан-лоққы мен ұстау керек деген бағытта болды.
Кейіннен Еуропа мен Азия құрлығындағы елдерге экономикалық көмек көрсету
керек деп тапты. Бұл саясаттың көрінісі Греция мен Түркияға бағытталған
саясатта-ақ көрінісін тапты. Кейіннен екінші реет президенттік креслоға
келген кезде Трумэн доктринасының тамаша қосымшасы ретінде Маршалл жоспары
мен НАТО альянсының құрылуы болды.
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап
іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей бойынша маман Джордж Кеннан маңызды
роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей жүріп
ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында тежеу саясатының негізгі
принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал
аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп
отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері
өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. Тежеу
саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны
соғыста жеңу көзделмеді.
Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы
керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс
кезінде КСРО-ға қатынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге
қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті
саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс
тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға,
Рузвельттің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ тежеу
саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді
Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн
саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей
сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген
еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс
әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет
конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей
жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының
кез келген сыртқы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін
республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады:
бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың
барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді[8].
1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери және
экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді.
Грециядан ағылшын әскерлерінің шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта
теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы
орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу
жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңес бақылауы орнау қаупі төнді. Осы
жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады.
12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери
және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол
сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған
ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін
айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған
қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп
сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке
көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.
1947 жылы 5 маусымда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл
европалық демократияны нығайту үшін оларға тез арада қаржылық және
экономикалық көмек көрсету қажет деп мәлімдеді. КСРО бұл жоспарды
Американың Европаны экономикалық қанауға салуға бағытталған деп есептеп,
шығыс европа елдерін Маршалл жоспарын жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында
қысым жасады. Осы елдерде өкімет билігі коммунистердің қолына көшу процесі
жеделдетілді, ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылдың сәуірінде 16
Батыстық елдер Маршалл жоспарына қол қойды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz