Плебейлердің патрицийлермен күресі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Рим қаласының негізделуі 2
2. Ертеректегі Рим республикасының орнауы 3
2.1 Рим патрицийлік республикасы 3
2.2 Плебейлердің патрицийлермен күресі 4
2.3 XII таблица заңдары 5
2.4 Рим армиясы және оның ұйымдары 12
3 Римнің Италияны жаулап алуы және рим құл иеленушілік конфедерациясының
құрылуы 14
4 Римнің Карфагенмен күресі (1 және 2-ші Пуни соғыстары) 15
5 Рим республикасының Жерорта теңізінің аса күшті державасына айналуы.
Үшінші Пуни соғысы 17
6 Римдегі республикалық құрылыстың дағдарысы 19
7 Республикалық құрылыстың құлауы 20
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Ертедегі Римнің тарихы антикалық құлиеленуші қоғамдар тарихының бір
бөлегі болып саналып және ертедегі Жерорта теңіздік дүниенің ең үлкен, ең
маңызды құлиеленуші мемлекетінің шығуын, дамуын және апат болуын зерттейді.
Жалпы алғанда мың жылдан артатын, бірнеше заманды қамтитын Рим
тарихының мысалынан, ең дамыған, классиктік формадағы құлиеленуші қоғам мен
мемлекеттің тууын, дамуын және кері кетуін көруге болады.
Ертедегі Римнің тарихы антикалық құлиеленуші қоғамдар тарихының бір
бөлегі болып саналып және ертедегі Жерорта теңіздік дүниенің ең үлкен, ең
маңызды құлиеленуші мемлекетінің шығуын, дамуын және апат болуын зерттейді.
Рим бүкіл дүниежүзілік тарихи маңызға бірден ие болған жоқ. Мұның
басталған кезі ертедегі Шығыстың көптеген құлиеленуші мемлекеттерінің өмір
сүре бастағанына талай мың жылдар өткен заманға тура келеді. Кейіннен дүние
жүзі мәдениеті тарихынан ерекше орын алған Грецияның мемлекет-қалалары
шыққан кезде, Тибр өзенінің бойындағы көп адырды мекендейтін диханшылар мен
бақташылар, өздерінің мекендерін жаңа ғана біріктіре бастаған еді және Roma
деп аталған кішірек орталық түзген еді.
Бұл кезде Апенин түбегінде және Сицилияда гректердің отарлары болды,
ал Жерорта теңізінің оңтүстік жағалауында (Африка жағалауында)
финикиялықтардың мекендері болды, бұларды кейін Карфаген күшті теңіз
державасына біріктірді. Бұл Тартессаның Пиреней түбегінің оңтүстігіндегі
күшті мемлекеттің гүлденіп тұрған кезі еді. Рим өзінің дамуының ертеректегі
сатысы кезінде Жерорта теңіздік дүниенің басқа құлиеленуші орталықтарымен
және сол кездегі дүниежүзілік уақиғалармен байланысты болмады, оның саяси
қуаттылығы тек біртіндеп көтерілді.
Міне біз қарастырып отырған кезең Рим тарихының өте қомақты да қызықты
тұсын қамтиды.

1. Рим қаласының негізделуі

Лация қалаларының ішінде Рим қаласының маңызы ерекше үлкен болды.
Оның қалай пайда болғаны туралы ешқандай анық мәліметтер сақталмаған.
Италия мен Сицилия гректерінің арасында Италияның өткендегісін аңызды грек
тарихымен байланыстыратын әңгімелер ерте уақыттарда-ақ кең таралған
болатын. Одиссейдің Италияда болғандығы туралы аңыз шығады.
Трояндық Энейдің Италияға сапар шегуі туралы аңыз, әсіресе, көп
жайылады, бұл туралы этрус дәстүрі де білгені, жоғарыда айтылып өтті, кейін
бұл әуелі грек жазушыларының, сонан соң Рим жазушыларының ең сүйікті сюжеті
болып кетеді.
Римнің негізделуі туралы аңыз былай дейді. Эней ұрпақтарының бірі
Нумитор патшаны, інісі Амулий тақтан түсіреді. Амулий Нумитордың баласын
өлтіріп, ал оның қызы Рея Сильвияны, заңды тақ мұрагерін тууы мүмкін деп
қауіптенгендіктен, некесіз өтуге серт беретін абыз қыздарға бағыштайды.
Бірақ Сильвия Марс деген құдайдың өзінен Ромул және Рем деген егіз ұл
табады. Мейірімсіз Амулий олардан құтылу үшін, оларды Тибрге таста деп
бұйрық береді. Ағайынды егіз бала бір ғажайып себеппен өлімнен аман қалады.
Оларды толқын жағаға шығарып тастайды және олар аштан да өлмейді, өйткені
оларды қаншық қасқыр асырап, өсіреді. Балаларды патшаның малшысы
тәрбиелейді, егіз бала өсіп ержеткенше соның үйінде тұрады. Ақырында,
бақытты бір жағдайлардың нәтижесінде, Ромул мен Рем өздерінің шыққан тегін
біліп, Амулийді жазалайды да, өздерінің қарт атасын қайтадан таққа
отырғызады. Ал өздері бір жаңа қала орнатады, оны "екі егіз баланың үлкені
құрметіне Рим (Roma) деп атайды: Бірақ ағайынды екеуінің арасында жанжал
шығып, сол жанжал кезінде Ромул Ремді өлтіреді.
Қаланың орнаған уақыты жөнінде ертеде бірыңғай пікір болған емес. Бұл
жөнінде әртүрлі уақыттар көрсетілген, олардың ішінде Римнің орнауын біздің
эрамызға дейінгі 754 — 753 жылдарға алып баратын Варрон қабылдаған уақыт,
әсіресе, көп жайылған.

2. Ертеректегі Рим республикасының орнауы

2.1 Рим патрицийлік республикасы

Этрус династиясы патшасын қуып жібергеннен кейін этрускілер мен күрес
жағдайында және маңындағы қалалармен қатынасы белгісіз, тіпті қарама-қарсы
жағдайда тұрған кезде, Римде республика орнайды. Мемлекеттің басында екі
консул отырды. Бұл кейбір латин қалаларындағы сыяқты ең жоғарғы қызмет орны
болғандықтан, оларды претор немесе жетекші және судья деп атайды (Praetor
деген Praeitor деген сөзден шыққан— алдыңғы қатарда жүруші; гректер
преторларды стратег немесе әскер бастығы деп атаған). Жоғарғы өкімет
комицийлардың қолында болды, бұрынғыша сенат — қарттар кеңесі жұмыс істеп
отырды. Республиканың алғашқы жылының (510—509) консульдары дәстүр бойынша
Луций Юний Брут пен Публий Валерий Попликол болды делінеді.
Б. э. дейінгі V—IV ғасырлар бойында партицийлік аристократиялық
республика конституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі жүріп
жатады. Тек патрицийлерден ғана сайланған барлық магистраттар (қызмет бабы
адамдары) сенатқа бағынды. Ақсақалдар кеңесінен сенат бірте-бірте өзінің
құрамы жағынан патрицийлік, үнемі жұмыс істейтін мемлекеттік органға
айналады.
Сөйтіп, құрылып отырған республикада саяси өкіметтің барлық органдары
патрийцийлердің қолында болып шығады. Рим плебсі патша кезіндегідей
экономикалық және саяси жағынан правосыз болып қала береді. Патрицийлік құл
иеленуші республиканың жариялануы қоғамдық құрылысты елеулі өзгеріске
жеткізбеді.
Рим ерте республикалық кезеңде полис, яғни еркін құл иеленушілерден
тұратын азаматтық қауым болып қалды. Құрамына туысқандық тораптармен
байланысқан адамдар және құлдар кіретін семьялардың (fomilia) Рим қауымының
өміріне зор қоғамдық және шаруашылық маңызы болды. Семья басы семьялық
меншікке жарлық етті, үй тәртібінің абызы міндетін атқарды, семья
мүшелерінің тағдырын шешетін (құлдыққа сатып, өлтіре де алатын) бірден бір
төреші болды. Мемлекет семья ісіне араласа алмады, семья басының әрекетін
қайткенде де бақылай алмады.
Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен және қолөнермен шұғылданды.
Римдіктер астық дақылдарын, жүзімдер зәйтүндерді егіп өсірді, бақша
шаруашылығымен шұғылданды. Диқаншылар темір еңбек қаруларын қолданды. Олар
ірі және ұсақ қара мал, шошқалар өсірді.
Патшалық басқару кезінің өзінде-ақ басталған қолөнердің ауыл
шаруашылығынан бөлінуі б.э. дейінгі V—IV ғасырларда ұласа түсті.
Музыканттардың, алтын істері шеберлерінің, құрылысшылардың,
былғарышылардың, етікшілердің, жезшілер қышшылардың және қолөнер
коллегиялық мекемелерінің құрылуы қолөнер дамуы туралы дәлелдейді. Рим
қауымы территориясындағы археологиялық ізденістер Этрурияға тән болып
келетін көп қола және темір бұйымдарды тапты. Сірә, темір Этруриядан
әкелінсе керек, өйткені бұл Лациумда болмаған еді. Жаппай керамикалық
материалдың болуы қыш өндірісінің дамуыи көрсетеді. Римде үлкен құрылыс
жұмыстары жүргізілді: аумақты қабырғалар, храмдар (Юпитер Капитолийдің
храмы, Сатурн храмы т.б.) тұрғызылды, қалалық канализация жүйесі салынды.
Сауданың дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуінің салдары еді.
Форум — Римнің басты алаңы апта сайынғы базар орнына айналды. Қалада мал
және құлдар сататын арнаулы орындар пайда болды. Жыл сайын діни мерекелер
күндерінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Италияның ең көп кеме жүретін өзені
Тибр үстінде Римнің орналасуы римдіктерге латын қалалары, этрускілер,
финикийлер мен гректер арасында делдалдық саудамен шұғылдануға мүмкіндік
берді. Ақша системасы туды. Салмағы Рим фунтының бөліктеріые тең болып
келетін мыстың, кейінірек қоланың кесектері алғашқы ақша баламасы — малды
ығыстырды. Біраз уақыттан кейін түрлі жануарлар бейнесі немесе металдың
тазалығына кепілдік беретін белгілі бір таңбалары бар құйылған шомбалдар
пайда болады. Күміс ақша соғып шығарудың басталуы б.э. дейінгі III ғасырдың
орта кезіне жатады.

2.2 Плебейлердің патрицийлермен күресі

Плебейлер барған сайын көптеп шұғылдана түскен қолөнер мен сауданың
дамуы І Рим плебсінің жіктелуіне әкеп соқты. Плебейлер арасынан сауда,
қолөнер шонжарлары шықты. Екінші жағынан, мүліксіз плебейлер саны өсті.
Патрициан рулық ұйымдарынан тыс бола отырып плебейлер жеке меншік
праволарында өте шағын жер учаскелерін иеленді. Соғыстар, егіннің шықпай
қалуы, жаулап алған аймақ тұрғындарының бір бөлігінің Римге қоныстануы, Рим
жер тапшылығы жағдайында халықтың табиғи өсімі жерсіз плебейлер санын өсіре
түсті. Бұлардың көбі жерін алыпсатарларға кепіл ретінде өткізді, бұл рулық
аристократияға жиі тиісті болып келетін еді. Төлей алмайтын борышкер жерді
меншіктену правосынан айрылады, ал егер кредитордың ырқы бойынша бұрынғы
жер учаскесінде қала берсе, өзінің жеке басының еркіндігін кепілдік етіп
арендатор ретінде ғана болады. Патрицийлер, сондай-ақ бай плебейлер өз
борышкерлерін кіріптарлыққа түсірді. Олар бұларды Тибр сыртына, яғни Рим
қауымынан тыс жерге құлдыққа сатуға праволы болды.
Плебейлердің осылай жіктелуі тап күресінің шиеленісуіне әкеп соқты.
Б.э. дейінгі V—IV ғасырдағы Рим плебсі бүкіл рим қауымына тиісті болып
келген жердің қоғамдық танабын бөлуге, еркін кіруге рұқсат алуға ұмтылады.
Қоғамдық танап жегілген халықтардан римдіктер тартып алған жер есебінен
өсіп отырды. Алайда патриций ғана оккупациялай, яғни жердің қоғамдық
танабын ала алатын еді. Оккупациялаудың осындай правосын алу үшін
плебейлер саяси праволарда патрицийлермен теңдікке жетуге тиіс болды.
Сонымен плебейлердің патрицийлермен экономикалық тұрғыдағы күресі жер
үшін күрес болды. Бұл кедейленген плебей аграрлық мәселелерді борыштық
кіріптарлығымен қоса талаптары арқылы қиындай түсті.
Б.э. дейінгі V—IV ғасырларда плебейлер экономикалық және саяси
қатынастарда патрицийлермен теңдік жолындағы ұзақ күреске кірісті. Олар
патрицийлер ие болып отырғандай азаматтық праволарды: магистратураларды,
сенаттан орын алу праволарын талап етті. Дәстүр бойынша плебейлердің
патрицийлермен күресінің басталуы б.э. дейінгі 494 жылға жатады. Эквалармен
соғыс кезінде борыш ауыртпалығын тартқан плебейлер рим әскерлерінде қызмет
етуден бас тартты. Римді тастап кетіп Әулие тау үстіндегі лагерьде тұрды.
Плебейлердің Рим армиясын әлсіретіп, кетіп қалуынан шошынған патрицийлер
кеңшілік етуге бой ұрды. Плебейлердің дербес ұйымдасу правосы танылды. Олар
өз ортасынан б.э. дейінгі 493 жылдан бастап жыл сайын екі лауазымды адам —
халық трибундарын сайлай алды. Трибундар, плебстердің мүдделеріне қайшы
келетін, сенат пен магистраттардың шешімдеріне тыйым (veto) салу правосын
алды. Сонымен, олардың міндеті плебстерді патрициан магистраттары мен
сенаттың жүгенсіздігінен қорғау болып табылады. Алғашында 2 трибун, содан
соң 4 (қала трибтарының санына қарай), ал кейінірек 10 трибун сайланды.
Аграрлық мәселелерді шешуге жасалған плебейлердің алғашқы әрекеттері
б.э. дейінгі V ғасырдың бірінші жартысына жатады. Б. э. дейінгі 486 жылы
консул Спурий Кассий соғыс кезінде басылып алынған жерлерді плебейлер
арасында бөлгісі келді. Патрицийлер консулды зорлыққа ұмтылды деп айыптады.
Алайда б.э. дейінгі 456 жылы халық трибуны Пцилий Авентин төбесіндегі
жерлерді жарлы-жақыбай арасында бөлу туралы келісім жүргізді.

2.3 XII таблица заңдары

Плебейлер б. э. дейінгі V ғасырдың ортасында үлкен жеңіске ие болды.
Олар қолданылып жүрген правоны тіркеуді қорғап қала алады. Б.э. дейінгі 451
жылы 10 патрицийлерден (децемвирлерден) комиссия сайланды, бұл заңдардың
жазба жинағын құрастыруға тиіс болды. Алайда ол мұны бір жыл ішінде жасай
алмады да, б.э. дейінгі 450 жылы тағы да 10 децемвирлер сайланды
(патрицийлерден — 5, плебейлерден—5), бұлар қолданылып жүрген праволық
нормаларды жинап жүйеге келтірді. Б. э. дейінгі 449 жылы 12 мыс тақталарға
ойылып жазылған заңдар форумға қойылды.
XII таблица заңдарын қабылдау Рим плебсінің үлкен жеңісі болды.
Патриций мен плебске ортақ заңдар плебейлерді патрицийлердің
жүгенсіздігінен қорғауға тиіс болды.
XII таблица тексінің түпнұсқасы сақталмаған. Текст цитат және неғұрлым
кейініректегі авторлардың айтып беруі бойынша қалпына келтірілді. Дегенмен
б.э. дейінгі 451—450 жылдардың заң жобалары әлі де болса рулық құрылыс
нормаларының табы жатқан ертеректегі Рим республикалық қоғамының
әлеуметтік, экономикалық қатынастары туралы ұғым беретін бағалы түп дерек
болып табылады.
Жер мен жылжымалы мүлік заңдарда жеке меншік ретінде алынып қаралды,
бұл өсиет бойынша мұраланып беріле алатын еді. Бірақ осындай-ақ жеке
статьяларда рулық меншіктің кейбір сипаттары тіркелгенді. Мәселен, егер
римдік азамат өсиет қалдырмай өліп кететін болса, онда когнаттар мұрагері
болып қалады. Егерде олар жоқ болса, онда агнаттарға, ақырында агнаттары да
жоқ болса, онда меншік туыстарына ауысады. Заңдар квириттік меншіктің,
жердің, жемістердің қол сұғылмайтынын ескертіп, бұзушыларды, қатаң
жазалады. Бөгденің өңделген егісін түнде таптап кеткені үшін айыпты өлім
жазасына кесілді, күндіз ұрланғаны үшін айып салынды. Сондай-ақ заңдар
қоғамдық жер пайдалануды қорғады: учаскенің меншік иесі қолдан суару
жүйелерін тұрғыза алмады да, осы арқылы табиғи су ағысын өзгерте алмады.
Жер меншігіне қатынасты статьялардың ортақ сипаты б.э. дейінгі V
ғасырдағы жерге ұсақ меншіктің басымдылығының кепілі болып табылады.
Заңдар қатал борыш правосының әрекетін тұжырымдайды. Кредитор өзінің
борышкерін қауымнан тыс жерге, Этрурияға сата алатын. Сөйтіп борышкер
өмірінің ақырына дейін жат жерде құл болуға мәжбүр болды. Бұдан басқа
борышкерді өлтіруге де болатын. Заң жобалары құлдар мен құлдардың құрамына
кірмейтін тәуелділер, еркін жіберілгендер, клиенттер сияқты адамдардың жеке
категорияларының арасында нақтылы айып орнатуға мүмкіндік бермеді. Мысалы,
құлдың мүшесін зақымдағаны үшін төленетін айып еріктінің мүшесін
зақымдағаны үшін төленетін айыптың жартысына тең, яғни құл мен ерікті адам
біршама тең жағдайға қойылды. Басқа статья да осындай сипатта болды, мұнда
зақымның орнын толтыру оның иесіне емес, құлға салынады. Бірақ заң
жобаларда иесінің жүгенсіздігінен құлды қорғап қалатындай статьялар жоқ
еді. Ол оның мүшелері қақында семья басының шектеусіз билігін орнықтыра
берді. Ол ру ішіндегі аға адам сияқты бұлардың өміріне билік етіп, семьяның
барлық мүшелерін, сондай-ақ құлды да теріс қылығы үшін жазалай алатын.
Осылай, әкесі өзінің ұлын құлдыққа үш рет сатуға праволы болды. Осыдан
кейін ғана ол, оның билігінен азат бола алатын. Рим семьясында әйелдер
мүлде правосыз болды. Сонымен б.э. дейінгі 450 жылғы заң жоба құлдықтық
патриархалдық сипаты туралы мәліметтер еді.
XII таблица заңдары рим азаматының праволарын қорғады. Оны сотсыз
жазалауға тыйым салды: элем жазасы туралы тек центуриат комицияларында ғана
шығарыла алатын. Азаматтық және қылмыс праволары заңдары алдында патриийлер
мен плебейлердің теңдігі орнатылды, әйтсе де сословиелік қатынастар өте аз
қозғалған болатын.
XII таблица заңдары басталғаннан кейін плебейлердің патрицийлермен
күресі жаңа күшпен сабақтаса түсті. Б.э. дейінгі 449 жылы Валерий мен
Гораций консулдар кезінде плебейлер саяси жаңа праволар алған жаңа заңдар
қабылданды. Өлім жазасына кесілгендер әрбір адам халық жиналысына өтініш
арыз бере алатын. Халық трибундарының жеке басының дербес праволылығы арта
түсті.
Б.э. дейінгі 445 жылы халық трибуны Канулей ұсынған заң қабылданды,
бұл заң бойынша патрицийлер мен плебейлердің арасындағы ескі неке тыйымы
жойылды. Плебейлерге жоғары магистратура — консулдыққа жол берген
Канулейдің екінші заң жобасы қабылданбай қалды. Бірақ б.э. дейінгі 444
жылдан бастап-ақ консульдік билігі бар әскери трибундар сайлана бастайды.
Жаңа магистраттар тең коллегиялық билікке ие болады.
Б.э. дейінгі V ғасыр аяғында IV ғасырдың басында плебейлердің
патрицийлермен күресі біраз уақыт жітілігінен айрылды, өйткені Рим
этрускілерге, вольстерге, экваларға қарсы шабуыл соғыстар бастады. Б. э.
дейінгі IV ғасырдың басында Римге орталық Италияны қаңыратып кеткен
галлдардың шапқыншылығына төтеп беруге тура келді. Галлдар кеткеннен соң
римдіктер соғыс жолымен Лациумде және оңтүстік Этрурияда өзі ықпалын
қалпына келтірді.
Соғыстар үлкен бөлігі бөлінбей қалған мемлекеттік жер қорын көбейтті.
Рим азаматтары бұл жерлерді еркін икемденуге (оккупациялауға) право алды,
бұның негізінде патрицийлердің қолдарында болған ірі иеліктер өсіп отырды.
Ұсақ меншіктердің жұтауымен, борышкерліктің, кіріптар құлдықтың
өсуімен қосарланған жер иеленудің шоғырлануы б.э. дейінгі 376—367 жылдарда
плебейлер мен патрицийлер арасындағы күрестің жаңа шиеленісуін тудырды. Рим
дәстүріне сәйкес халық трибундары Лициний мен Секстий жыл сайын күрестің
барысын көрсететін заң жобаларын енгізіп отырды. Б.э. дейінгі 367 жылғы
халық жиналысында қабылданған, сенат бекіткен, жаңа заңдарға айналған бұл
жобалар қоғамдық танапқа иелікті шектеді. 500 югерден (125 гектар) артық
жерді ешкім иемденіп, қоғамдық жайылымға 100 бас мүйізді ірі қара мен 500
бас ұсақ малдан артық ешкім шығара алмады. Борышкерлердің жағдайы біраз
уақыт жеңілдеді. Борышкер төлеген проценттер борыш есесіне кірді. Қалған
борыш үш жыл бойында төленетін болды. Екі консул сайлауы қалпына
келтірілді. Консулдардың бірі міндетті түрде плебейлерден сайлануға тиіс
болды. Бірақ бұл заң, плебей жарлы-жақыбайларының қолдауын таппады.
Аграрлық заң қоғамдық жердің негізгі ұстаушылары патрицийлерге қарсы
бағытталды. Борыштар кешірілуі туралы заң ең алдымен плебей кедейлеріне
тиімді еді. Алайда соңғы жылдарда плебейлер борышы үшін процент мөлшерін
төмендетуді талап етіп талай рет бой көрсетті.
Б.э. дейінгі 326 жылы плебейлер жаңа заңды бекіттіріп алды, бұл заң
бойынша борыш үшін оның денесі емес, борышкердің мүлкі жауап беруге тиіс
болды. Рим азаматтарын борышы үшін құлдыққа сатуға мүлде тыйым салынды.
Неғұрлым дамыған құл иеленушілік қатынастарға, басқа жерлік құлдарды
қанауға көшу тездей түсті. Алайда бірқатар ғалымдар б.э. дейінгі 326 жылы
тек тайпаластарды ғана құлдыққа сату жойылды, ал іс жүзінде борыштық
кіріптарлық кейінгі республика, тіпті империя кезінде де өмір сүрді деп
санайды.
Плебейліктердің сауда-қолөнер тобы үшін б.э. дейінгі 31 жылғы цензор
Аппий Клавдий Слепойдың қызметінің маңызы болды (цензорлар азаматтарды
центурия, триба бойынша бөліп отырды, сенаторлар тізімін жасады, кейінгі
заманда адамгершілік тазалығын қадағалады). Аппий Клавдий саудагерлер мен
қолөнершілердің мүдделерін көздеп жер меншігі жоқ азаматтарға қалалық және
селолық трибаларға тіркелуге рұқсат етті. Бұл шара ақша цензісін жер
цензісіне теңестіру деген сөз еді. Қалалық плебс пен еркін жіберілгендер
өздеріне жер тиісті ме, жоқ па оған қарамастан мемлекеттің саяси өміріне
қатынасуға право алды.
Саудагерлер мен плебстің қолөнерші жіктерінің көмегіне сүйене отырып,
Аппий Клавдий Римнен Капуяға дейінгі жолды (мұның стратегиялық және
саудалық маңызы болды) және Римге келіп отырған он бес километрлік ішетін
су құбырын салды.
Б.э. дейінгі IV ғасырдың аяғына қарай плебейлер барлық қызметті, соның
ішінде абыздықты да атқара алатын болды. Бірақ плебейлердің зкономикалық
және саяси праволар жолындағы күресі тек б.э. дейінгі 287 жылы ғана
аяқталды. Бұл жылы Яникуль төбесінде (Тибрдің оң жақ жағалауы) плебейлердің
ақырғы сецессиясы болды. Плебейден шыққан диктатор Квинт Гортензий халықты
тыншыту үшін, трибут комицияларының шешімі жалпы мемлекеттік заңдар болып
табылатындығын тағы да растайтын заң жүргізеді.
Құлдықтағы және тәуелді халықты қанауға ұмтылу барлық саяси праволарды
алған плебей шонжарларын әлсіреген патриций руларымен жақындастыра түсті,
бұл өз кезегінде патриций-плебей төбе тобын бірыңғай артықшылықты сословие
нобилитет етіп біріктіруді тудырды. Заң жүзінде нобилдер басқа еркін
азаматтардан ерекшеленбеді, бірақ бай адамдар болғандықтан жоғары
магистратураларды алып, сенат құрамына енді. Б.э. дейінгі III ғасырда
плебейлер арасында жаңа сословие — салт аттылардың ұйтқысы құрыла бастады.
Оған саудамен, сатып алумен шұғылданған Рим ақшалы аристократиясының
өкілдері жатты. Салт аттылар үшін жоғары мүліктік ценз 11 млн есе, немесе
400 мың сестерий орнатылды. Жаңа сословиенің сыртқы белгілері қолына алтын
сақина салып, енсіз қызыл жолақты туник киіп жүру правосы болды. Алайда
саяси өкіметтің барлық артықшылықтары нобилдердің қолында қала берді. Рим
плебейлігі елеулі түрде өзгерді. Рим село және қала халқының төменгі
жіктері плебс деліне бастады, олардың саяси праволары болды, бірақ іс
жүзінде оларды пайдалану жайы болмады, өйткені республика қызмет бабы
адамдарына жалақы төлемеді. Рим қоғамының ескі сословиелік: патрицийлер мен
плебейлерге бөлінуі саяси маңызынан айрылды.
Жаңа жағдайдағы аграрлық мәселе — толық жұтау қаупі төнген ірі және
ұсақ жер иеленушілер арасындағы күрес еді.
Патрицийлерге қарсы плебейлер күресінің ең ірі қорытындысы рулық-
тайпалық қатынастардан құл иеленушілік мемлекетке өтуі еді. ...Плебстің
жеңісі ескі рулық құрылысты қопарады да, оның орнына мемлекет құрады. Мұның
ішінде рулық аристократия мен плебс те кешікпей мүлде жойылып кетеді.
Мемлекеттік өкімет органдары халық жиналыстары (комициялар),
магнстратуралар, сенат болды. Өкіметтің жоғары иесі, толық праволы Рим
азаматтарының коллективі — Рим халқы (populus Romanus) болды, бұған әкесі
мен шешесінің азаматтық праволары барлары жататын. Рим азаматтары халық
жиналысына (комицияға) немқұрайды қатынасып мемлекеттік қызметке сайланып,
жеке меншікке ие болып, Рим әскерлерінде қызмет ете алатын еді.
Римде комициялардың үш түрі болады. Ежелгілері тек формальды
праволарға иеленген жоғарғы атқару өкіметі — империяны және семья
қатынастарының кейбір мәселелерін шешуді магистраттарға тапсырған
куриялардың жиналыстары еді. Ерте республикалық заманда олар саяси
маңызынан айрылды. Басқа түрдегі халық жиналыстары болып келетін
центуриаттық комициялардың зор маңызы болды. Әуел баста бұлар қалалық
жасақтың жиыны еді, содан соң центурия мен мүліктік топ бойынша патрицийлер
мен плебейлердің жиналысына айналып кетті. Жоғарғы қызмет адамдарының
центуриат жиналыстары қаланың шегінен сырт, Марс алаңында шақырылды.
Магистрат жиналыс алдында шешілетін мәселені қойды, дауыс беру ісін
жүргізуді биледі. Алғашқыда дауыс беру центурия ішіңде өтті. Содан соң
төтенше есепші центуриялар жақтап немесе қарсы дауыс берушілер санын
есептеп шығарды. Басым көпшілік мәлім болысымен-ақ дауыс беру мүлде
тоқтатылды.
Центуриаттық комициялар Рим халқының еркін білдірді. Олар жоғарғы
қызмет адамдарын — консулдарды, преторларды, цензорларды сайлады, қылмыс
істерін айырды, соғыс жариялау және бітім жасау мәселелерін шешті.
Трибут комициялары (трибалар бойынша жиналыстар) тек б.э. дейінгі III
ғасырда ғана Гортензийдің арнаулы заңдық праволарын бекітісімен-ақ зор
маңызға ие болды. Олар центуриат комицияларымен салыстырғанда неғұрлым
демократиялық болды, өйткені оларға өздерінің ценздік орнына қарамай барлық
рим азаматтары қатысты. Трибут комицияларындағы дауыс беру тәртібі
центуриаттардағыдай еді. Трибут жиналыстары әдетте заң жоба мәселелерін
шешті, төменгі қызмет адамдарын сайлады, кейбір қылмыс істерін айырды.
Рим халық жиналыстарының жүйесі демократиялық негіздерде құрылмаған
еді. Тек магистраттар ғана рим халқының жиналыстарын шақыруға праволы
болды. Бірде-бір халық жнналысында заңдық инициатива правосы, қандай да
болсын ұсынысты талқылау немесе өзгерту правосы болмады. Центуриат
жиналыстарына қатысушылардың жағдайын анықтайтын ценздік принцип
демократиялық емес еді. Б.э. дейінгі II ғасырдың екінші жартысына дейін
ашық дауыс беру өмір сүрді. Бұл дәулетті адамдарға жиналыстың қарсы бір
мүшесіне қысым көрсетуге мүмкіндік берді. Халық іс жүзінде Рим мемлекетінің
конституциялық негіздерін өзгертуге ықпал жасай алмады. Атқару өкімет
билігі магистраттар да — халық жиналысы бір жылға сайлаған қызмет
адамдарында болды. Магистраттар, азамат үшін құрметті, азаматтық
міндеттерін орындағаны үшін сыйлық алмады. Әдетте олар серіктес азаматтарға
сый-құрмет көрсетіп, сыйлық тарту үшін өз қаржыларын сайланғанға дейін-ақ
жұмсауға тиіс болды. Сондай-ақ магистраттың кейбір міндеттерін орындау да
шығынды керек етті. Демек, бұл қызметті әрбір рим азаматы формальды атқара
алатын болса да, тек бай адамдар ғана магистрат бола алатын.
Рим магистраттары тек коллегиялық түрде әрекет жасап, яғни бір ауыздан
шешім қабылдай алатын еді. Өз коллегияларының шешімдерімен магистрат
келіспеген жағдайда, магистратқа наразылық көрсету (veto) правосы берілді,
бұдан кейін шешім заңсыз деп саналды. Кейде магистраттар міндеттерінің
алмасу жолымен (мысалы, бір ай магистрат әскери салада, екінші aй азаматтық
салада) және оның қызмет сферасының қатаң анықталуы арқылы
магистратуралардың коллегиялылығы жоққа шығарылатын.
Магистраттың жеке басы праволарына қол сұғылмайды, оның өкілеттілік
мерзімі өткенше ол жауалқа тартылмайтын еді. Тек халық ғана оған өзінің
өкілеттілігін тастауға ұсыныс айтуға праволы еді.
Магистратура экстраординарлы (төтенше) және ординарлы (дағдылы немесе
тұрақты) болып бөлінеді. Экстраординарлы магистраттар (диктатор,
триумвирлер, децемвирлер) мемлекетке қандай болсын қауіп төнген (жау басып
кіргенде, азамат соғысында) ерекше жағдайларда сайланады немесе
тағайындалады. Диктаторды тағайындау туралы сенат ғана шешім шығара алатын.
Кейде центуриаттық комициялардың диктаторды тікелей тағайындау правосы
болды.
Диктатура бірден-бір коллегиялық емес магистратура еді. Диктатордың
алты ай бойына әскери және азаматтық өкімет билігі болды, сотқа тартыла
алмайтын, халық трибундарының вето әрекеті жүрмейтін. Алайда диктатура
құрған кезде магистраттардың бұрынғысынша өз праволары болды. Диктатордың
жоғары айрықша белгілері болды — оны 24 ликторлар ертіп жүрді.
Жоғарғы одинар магистратуралары — 2 консул, преторлар, цензорлар,
халық трибундары, төменгілері — эдилдер, квесторлар болды. Консулдар
дегеніміз Рим республикасының жоғарғы қызмет адамдары — жыл сайын центуриат
комицияларына сайланды. Оларға әскери және азаматтық өкімет билігі тиісті
болды. Консулдар әскерлер жинап алды, оларға команда берді. Әскери
трибундардың бір бөлігін тағайындады. Азаматтық өкімет билігіне ие бола
отырып, консулдар сенат, халық жиналысын шақыра алды, олардың шешімін
орындады, қызмет адамы сайлауларына басшылық етті. Консулдар өкіметі
коллегиялы еді. Консулдардың біріне дара өкімет билігін беру туралы
(әскерлерге команда беру туралы) мәселе жеребе бойынша, консулдар
арасындағы өзара келісім немесе сенаттың шешімі бойынша келісілетін.
Преторлар сот істерін жүргізді, провинцияларды басқарды. Олар консул
жоғында оның орнына жүрді, сенаттық тапсырмасы бойынша легионды басқарды.
Екі цензорды (әдетте бұрынғы консулдардан) бес жылда бір рет 18 айға
центуриат комициялары сайлады. Олар әрбір бес жыл сайын ценз жүргізді:
барлық азаматтардың тізімін алды. Жекелеп сұрастыру жолымен әрбір азаматтың
мүліктік жағдайын анықтады, оны тиісті мүліктік разрядқа жатқызып, трибаға
алды. Цензорлар бес жылға саудаласып мемлекеттік мүліктерден түсетін
кірістерді және баж салықтарын жинау правосын жүргізді. Рим азаматтарының
ғұрып тазалығын қадағалау да олардың міндетіне жатады.
Халық трибундары жыл сайын трибун жиналыстарында сайланды. Басқа
магистраттардың жеке басы сияқты трибунның жеке басы да жалпы мемлекеттік
маңызға ие болды. Әрбір трибуны сенаттың немесе қызмет адамының шешімдеріне
вето сала алатын, демек, өзіне қолайсыз әрекеттерді тоқтата алатын.
Трибундар триба бойынша халық жиналыстарын шақырып, оларда председательдік
ете алатын. Трибундардың өкілеттілігі тек Рим мен оған жапсарлас жатқан жер
белдеуде ғана таралатын.
Төменгі магистраттар болып саналатын эдилдер қаладағы тәртіпті
қадағалады, қала сақшыларына басшылық етті, көркейту істерін бақылап
отырды, азық-түлікпен үздіксіз жабдықтауға жауап берді, халық көрулерін,
мерекелерін ұйымдастырды.
Сондай-ақ квесторлар да төменгі магистраттарға жатты. Олар трибут
комицияларына сайланды. Квесторлар казначей міндеттерін атқарды,
мемлекеттік архивті, туды, күзетті, провинция наместниктерінің көмекшілері
болды, әскери қазынаны басқарып отырды.
Әрбір магистраттың өз қарамағында толып жатқан хатшылар, лекторлар,
жаршылар, еркін жіберілгендер мен мемлекеттік құлдар болды.
Рим республикасының жоғарғы мемлекеттік органы б.э. дейінгі I ғасырдың
басына дейін 300 адамнан тұратын көбіне нобилитетке жататын сенат болды.
Сенаторларды өздерінің ранголарына қатаң сәйкестеп әуелі диктаторларды,
солардан кейін консулдарды, содан соң преторларды т.б. бұрынғы магистраттар
арасынан цензорлар тағайындайтын. Сенатты тек магистраттар ғана шақыра
алатын. Олар мұның мәжілістерінде председательдік ететін. Сенат правосы өте
үлкен еді: ол комиция қаулыларын, ол сайлаған қызмет адамдарын бекітіп,
сыртқы саясатқа, финанске, мемлекет мүлкіне басшылық етті, дін тәртібін
бақылады. Сенат республиканың әскери өмірін басқарды: жауынгерлерді жинау
мерзімін, әскерлер контингентін, әскери бастықтар өкілдігін белгіледі,
бақылау мақсатын көздеп, өзінің елшілерін соғыс жүргізіп жатқан магистратқа
жіберіп отырды.
Рим республикасы типті аристократиялық республика болды. Бұған қала
жиналыстарының өрескелдігі, пассивтігі, магистратураларға еңбекақы
төлемейтіндігі, сенаттың орасан зор ықпалы тән болып келеді. Мұны,
біріншіден, әрқашан бытыраңқы, жеткілікті ұйымдаспаған Рим азаматтарының
көбі егіншілік құрамынан болуы, екіншіден, соғыстар Рим мемлекетінің
қауымдық жерін кеңейтудің негізгі көзі болуы б.э. дейінгі V—IV ғасырлардың
ерекше тарихи жағдайлары арқылы түсіндіруге болатын еді. Әскери сипатқа ие
болған тұрақты тонаулар үнемі жүргізілген соғыстар мемлекетті ұйымдастыруға
әсер етті. Негізгі жауынгерлердің дағдылы жиынынан таралатын центуриат
комициялары ең ықпалды халық жиналысы боп саналады. Азаматтар центуриат
комицияларына 17 күнге азық-түлік қорын алып, толық қару-жарақтанып келетін
еді. Барлық магистраттар (халық трибундарынан басқа) әскери бастықтар,
легион командашылары немесе соғыс жүргізу ісіне қатынасы бар басқа
міндеттер атқарды. Сондай-ақ негізінен алғанда, сенат та coғыс істеріне
басшылық етті.

2.4 Рим армиясы және оның ұйымдары

Рим республикасының әскери жүйесі б.э. дейінгі IV ғасырда Рим
қауымының көршілес халық топтарымен үздіксіз соғыстары жағдайларында
қалыптасты.
Алғашында бүкіл Рим жасағы легион деп аталады. Кейініректе екі
консулдың әрқайсысы өз легионын басқарды. Б. э. дейінгі IV ғасырда консул
әскерлерін екі легионға бөле бастады, ал бүкіл армияда олар төртеу еді.
Консулдар халық жиналысында күні бұрын, белгіленген күні цензор
жасаған тізім бойынша жауынгерлерді жиыстыру ісін жүргізді. Легиондардың
әрқайсысын 3 мың ауыр қаруланған және 1200 жеңіл қаруланған жауынгерлер
құрайтын болды. Легионға одақтастардың отрядтары (5 мың жаяу және 900 атты
әскер) келіп қосылды. Легионның құрамына атты әскер кірді. Ол көбіне аттары
бар бай адамдардан құралатынды. Легион неғұрлым ұсақ жауынгерлік құрамалар
болып табылатын 30 манипулаға бөлінді. Әрбір манипула 60-тан және 30-дан
адамы бар екі центурияға бөлінді. Легионды манипулаларға бөлу оған қажетті
маневрлілік, қия жерлерден жүріп-тұру қабілетін берді. Легион белгілі бір
қатаң тәртіпте құрылды. Бірінші жауынгерлік линияны гастаттар (найзашылар)
деп аталған, 1200 жас жеңіл қаруланған жауынгерлер құрады. Екінші
жауынгерлік линияда олардан гөрі ересек жастағы 1200 ауыр қаруланған
жауынгерлер болды. Оларды принцепстер (princeps — алғашқылар немесе
бастылар) деп атады. Біршама әріректе 600 триарлар жайғасты (бұлар да
ауыр қаруланған, бірақ неғұрлым тәжірибелі ұрыстарда сыналған әскерлер).
Ұрысты әдетте әр центурияны қосарлаған жеңіл қаруланған сақпаншылар,
найза лақтырушылар отрядтары бастады. Содан кейін ұрысқа гастаттар,
принцепстер кірісті, сөйтіп ең қауіпті сәтте ғана шайқас алаңына триарлар
келді (Іс триарларға жетті десетін римдіктер).
Ауыр қаруланған жауынгерлердің тастар мен лақтырылған снарядтардың
соққыларынан қорғайтын мата қапталған, бұзау терісі бүркелген, оған темір
тіліктері дәнекерленіп бекітілген тақтайдан жасалған қалқандары болды.
Жауынгерлер дулыға, мыс кеудеше, кейде сауыт киіп, аяқтарына былғары орап
жүрді. Былғарыны пайдалану жауынгерлердің қаруын жеңілдетіп, арзандатты.
Легионшының шабуыл жасайтын қаруы біраз жетіле түскен еді. Ол мықты берік
семсермен (шаншатын және шабатын қарумен), лақтыратын ауыр да жеңіл
найзалармен қаруланды. Б.з. дейінгі III ғасырдың аяғында лақтыратын найза —
пилум — ұшты, жұқа темір таяқ негізгі қару болып алды. Бұл жаудың қалқан
мен панцирын тесе алатын.
Консулдар, легаттар (соғыстағы консулдың көмекшілері), әскери
трибундар легиондарына команда берді. Трибундар ең үздік көзге түскен
легионшылардан центуриондар деп аталатын отряд бастықтарын тағайындады.
Центуриондар өз жәрдемшілерін өздері сайлап алды.
Б.з. дейінгі III ғасырдың басынан бастап эллиндік техникамен танысып
алған римдіктер одан қоршап қамау қаруларын қолдануды үйренді. Бекіністерді
қоршағанда олар таранды, дөңгелекті, қоршау мұнараларын, жебе лақтыратын
қаруды және, 45 градустағы бөренелерді (катапульттар, баллистер) кеңінен
қолданды.
Римдіктердің coғыc өнерінің мақтанышы легиондар тұрақтаған кезде
олардың әскери лагерь жая білуі еді. Ол тікбұрыштап лагерьдің бас көшелері
қиып өтетін екіге бөлінген төртбұрыш сияқты. Көшелер біткен жерде қақпалар
салынатын. Лагерьдің ортасында легион командирінің шатыры, құрбанға
шалынатын жер, жиналыс орыны болатын. Лагерьді сумен және азық-түлікпен
жабдықтап отыратын басты көшелердің біріне параллель трибун шатырлары және
100 фут қашықтықта легионшылардың шатырлары тігілетін. Ол, жар, шарбақпен
қоршалған, сақшылар күзеткен лагерь жау шабуыл жасай қалған жағдайда
сенімді қорғаныс, қауіпсіз демалыс орны болды.
Римдіктер көтермелеу мен жазалаудың мұқият жасаған жүйелі жолымен
легионерлердің арасында қатаң тәртіп орнатты. Консул жауынгерлердің
жиналысында шайқастарда көзге түскен солдатты мадақтады, олар құрмет
найзаларымен, алтын, күміс білезіктермен, қалқандармен наградталды. Рим
азаматтарының өмірін құтқарып қалған жауынгерлерді емен венокпеп, қоршалған
қаланың кабырғасына, жау кемесіне, жаудың лагеріне бірінші болып
барғандарды алтын венокпен наградтады. Алайда легионерлер үшін жер ерекше
қалаулы награда еді.
Әскери бастықтардың кінәлы легионшыларды жазалауға пpавосы болды.
Жауынгерлерді ұрыста қаруынан айрылғаны үшін трибундар кеңесі өлім жазасына
үкім шығара алатын. Шайқас кезінде шегінген, бүлік шығарған жағдайда
командирлер ескі ғұрып бойынша децимацияға бой ұрды, бұл арада жеребе
бойынша әрбір оныншы адам жазалануға тиіс еді.
Ұсақ диқаншылармен толықтырылып отырған Рим республикасының армиясы
жақсы қаруланған, тәртіпті еді. Оның б.э. дейінгі III—II ғасырларда
эллиндік мемлекеттердің армиясын талқандауға шама-шарқы жете алады.

3 Римнің Италияны жаулап алуы және рим құл иеленушілік конфедерациясының
құрылуы

Б.э. дейінгі V—III ғасырларда Рим сенаты Апеннин түбегіне әскери
экспанция саясатын қажымай-талмай жүргізді. Басқа италия халық топтарының
есебінен қауымдық территорияны кеңейту жолындағы Римнің агресснвтік
соғыстары екі жүз жылдан астам уақытқа созылды. Бұған бүтіндей алғанда
бүкіл Рим қоғамы — патрициат та, ұсақ егіншілер де мүдделі болды.
Б.э. дейінгі VI ғасырдың аяғында этрускілер мен Римге көршілес италия
тайпалары (сабиндер, эквалар, вольстер) Рим жеріне басып ену үшін Римдегі
саяси төңкерісті пайдаланады. Бұл кезде Рим қауымына этрускі қаласы
Клузиямен соғысуға тура келеді.
Б.э. дейінгі V ғасырда римдіктер этрускілерге шабуыл жасауға көшеді.
Белсенді жаулап алу саясатына көшу, бір жағынан, б. э. дейінгі V ғасырда
болған Римнің еркін халқының бірігу процесі, екінші жағынан, солтүстіктен
кельттердің этрускілерге шабуыл жасауы арқасында мүмкін болды. Сондай-ақ
б.э. дейінгі V ғасырдың 90-жылдарында жасалған римдіктер мен латындардың
одағы римдіктерге барлық назарды этрускілермен күреске аударуға мүмкіндік
берді.
Римдіктер Тибрдің оң жақ жағасында орналасқан этрускі — қаласы Вейнге қарсы
аттанады. Аңызға қарағанда римдіктерге осы күшті қаламен үш мәртебе соғыс
жүргізуге тура келген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертеректегі Рим республикасы
Рим мемлекеті
Рим мемлекетінің пайда болуы
Рим қаласы тарихының пайда болуы және ежелгі кезеңі
Рим құқығындағы 12 кесте заңдары
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихы
Ежелгi Римнің саяси ой-санасы
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Ежелгі Греция
Рим заңгерлерінің құқық туралы ілімі
Пәндер