Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері
университі
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар кафедрасы
Ағартушылық дәуіріндегі Франция
Курстық жұмыс
Орындаған − Абдикова А.Б.
ФМО 101т.
Тексерген − т.ғ.к. доцент
Мырзабекова Р.С.
Алматы 2005
Жоспар
Кіріспе 3
1 Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ.) 5
1.1. XVIII ғ.мәдениеті мен өнерінің өзіндік стильдері 8
1.2. Ағартушылық ғасыры және француз материализмі 12
2 Жаңа замандағы саяси ой 15
3 Франциядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер 17
3.1 Ағартушылық дәуiр саяси-құқықтық ойының негiзгi белгiлерi мен
ерекшелiктерi 17
3.2 Вольтер, Монтескье және Руссоның саяси-құқықтық көзқарастары. 20
Қорытынды 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 34
Кіріспе
Ағартушылықтың басты мазмұны әлеуметтiк-адамгершiлiк идеалдар мен оны
iске асырудың жолдарын iздестiрумен сипатталады. Адам қасиеттерiн
құрметтеудi, қараңғылық пен бойкүйездiктi жеңудi, рационалды бiлiмдi халық
арасына кең таратуды басты мақсат еткен ағартушылар ең алдымен, феодалдық
тәртiптер мен шiркеу үстемдiгiн жоюды талап еттi. Олардың феодалдық
тәртiптерге қарсы, жеке кәсiпкерлердiң еркiндiгi мен адам бостандығын және
құқықтарын қорғау және адамды, қоғамды шiркеу мен абсолютизм езгiсiнен азат
ету жолындағы айтқан ой-пiкiрлерi мен үндеулерiнiң аса зор маңызы болды.
Ағартушылық әр елдiң қоғамдық-тарихи ерекшелiктерiне қарай әртүрлi
мазмұнда және сипатта көрiндi. Франциядағы ағартушылықтың көрнектi өкiлдерi
Ф. Вольтер, И. Монтескье, Ж. Руссо, Дидро, Мелье, Г. Морелли, Г. Бабеф және
тағы басқалар болды. Олар өз заманы үшiн озық идеялар ұсынды, бұл идеялар
күнi өткен дәстүрлердi жойып, неғұрлым прогресшiл тәртiптердi енгiзуге
бағытталды.
Сонымен, менің курстық жұмысым Ағартушылық кезеңіндегі Франция
және Франциядағы ойшыл-ағартушыларына арналады.
Бұл тақырыптың өзектілігі − Ағартушылық дәуірінің дүниежүзілік
мәдениет тарихындағы ең жарқын кезеңдерінің бірі болуы және рухани
дамуындағы ұлы бетбұрыс кезеңі болып қалыптасуы.
Жұмыстың негізгі мақсаты − ең алдымен, Ағартушылық ғасырындағы
еуропалық мәдениет, сонымен қатар Франциядағы мәдениеттің мазмұнын ашу.Ал
міндеттеріне келетін болсақ:
- XVIII ғ. мәдениеті мен өнерінің өзіндік стильдерін айқындау
- Жаңа замандағы ұлы ғұламалардың саяси ойларын көрсету
- Франциядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдерді
анықтау
Мен осы курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттерді қолдандым.
Әсіресе Борисовтің Ю.В. Новейшая история Франции 1917-1964, Просвещение
әдебиетін пайдалана отырып, Франциядағы ағартушылық дәуірі туралы біршама
мәлімет алдым. Сонымен қатар Гердердің И.Г. Идеи к философии истории
философии, Лосевтің А.Ф. Философия. Мифология. Культурология
әдебиеттерінде XVIII ғ. мәдениеті мен өнерінің өзіндік стильдері,
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі туралы мағлұмат алуға болады.
Курманбаеваның Н. Культура востока и запада, Древние цивилизации деген
кітаптарда Ағартушылық дәуiр саяси-құқықтық ойының негiзгi белгiлерi мен
ерекшелiктері, саяси-құқықтық көзқарастар айқындала түседі. Тойнбидің А.
Постижение истории атты еңбегінде жаңа замандағы француз ғұламаларының
саяси ойларын суреттеп жеткізген[1].
Сонымен, жоғарыда көрсетілген әдебиеттерге сүйене отырып, осы курстық
жұмысымның негізгі мәнін ашуға тырыстым. Жұмыс кіріспеден, үш тарау
бөлімдерінен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғ.)
XVIII ғ, Еуропалық мәдениет — XVII ғ. мәдениетінің заңды жалғасы
болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні ерекше мәдениет. XVII ғ.
рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғ. Ағартушылық ғасырына
айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы — гуманистері: Вольтер мен Руссо
(Франция), Гете мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев
(Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, құлдық пен
деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға
көтерілуі, протестантизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану
ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген
қызығушылықтың пайда болуы және т.б. — осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән
белгілер еді. XVIII ғ. құдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне
деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.
XVIII ғ. Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына
айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б.
жаңа леп, соны бағыттар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін өздерін
Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша,
Ресей, тіпті Англия сияқты өркениетті елдер француз мәдениетін мойындауға
мәжбүр болды.
Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда
ағартушылық идеологиясы 1789—1793ж. ұлы француз революциясының, ал одан
кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және
рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең
өркениетті елдерінің бірі Америка Құрама Штаттары да ағартушылық
идеяларының негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.
Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жолындағы күрес және
Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформация кезеңінен басталып, ұзаққа
созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды
— қоғамның жаңа түрі — өнеркәсіп өркениетінің қалыптасуы болды. Бұл
кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың натуралдық жүйесі ғана емес, сол
қоғамға лайықталып қалыптасқан қоғамдық сана да күйзеліске ұшырады.
Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын
таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына,
халықтың қайыршылығы мен құқықсыздығына, қала люмпендерінің азғындауына
қарсы тұрар күш — мәдениет болды. Ол қоғамда жасампаздық пен шығармашылық
рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік
өзгерістерге тікелей байланысты болды.
Өнеркәсіп саласында, қоғамның базистік құрылымында мануфактурадан
күрделі технологияға көшу, шикізаттың жаңа түрлері мен энергия көздерін
игеру және т.б. шаралар жүзеге асырылды.
Ғылым саласында, бұрын механика-математика сияқты ғылым салалары
үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физика, география, биология және
т.б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан
түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар
саласында, әсіресе философия ерекше беделділік танытты. Философтар қоғамдық
өмірге сын көзбен қарап, терең философиялық пайымдаулар жасады. Олардың
сынының негізгі объектісі — қоғамдық (мемлекеттік) құрылыс және сол
құрылыстың идеологиясы — дін болды.
Әлеуметтік қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде шиеленісіп,
таптық қайшылықтар асқынған Францияда дінді (католиктік) сынау радикалдық,
атеистік тұрғыдан жүргізілді. Гольбахтың пікірінше, дін — барып тұрған
өтірік пен сандырақ, сондықтан дінді жоймайынша феодалдардың деспотизмінен
құтылып, зорлық-зомбылықты жою мүмкін емес. Ағылшын философы Юм мен неміс
философы Канттың көзқарастары мұндай рационализмнен алшақ болғандығына
қарамастан олар да феодалдық идеологияны қатал сынға алды. Олар қоғамдық
мораль мен адам тұлғасы діннен тәуелсіз болу керек деп жариялады.
Революция отаны Францияда да Ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ
олар реформизмнен (XVIII ғ. бірінші жартысы) бастап, ашық революциялық
қимылдарға (XVIII ғ. 60— 80 ж.) дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді.
Егер ағартушылардың аға буынының өкілдері — Монтескье мен Вольтер
конституциялық-монархиялық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен
феодалдық ағымды біртіндеп буржуазияландыру идеясын ұсынса, феодалдық
құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері — Д. Дидро
(1713—1784). К. Гельвеций (1715—1771) П. Гольбах (1723—1789) басқаша көңіл-
күйде болды. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде
жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.
1.1. XVIII ғ.мәдениеті мен өнерінің өзіндік стильдері
XVIII ғ. ортасына қарай Еуропаның ірі мемлекеттерінде король өкіметі
феодалдық үстемдікке қарсы күресте үшінші сословиены өзінің одақтасы деп
санамады, ал оның есесіне король өкіметі шіркеумен және дворяндармен
ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, оларды осы бір тарихи кезеңде өзіне
одақтас етті. Ескі қоғамның барлық саяси күштері бұрынғы алауыздықтарын
уақытша болса да ұмытып, халық толқуларына күресте бірігіп күш көрсетті. Өз
халқына қарсы бітіспес соғыс жариялаған абсолютті режимнің тағылық
әрекеттері мәдениет саласына да ойысты. Қоғамға жат пиғылда жазылды деп
танылған еңбектер отқа жағылды, ал ол еңбектердің авторлары түрмеге
қамалды. Бірақ, еркіндік пен бостандық рухына қарсы небір сұрқия шаралар
қолданылса да, ол өз шарасынан төгіліп жатты. Өйткені, заманның рухы, оның
тынысы мәдениет пен өнердің барлық салаларында да кеңінен көрініс тапты.
Бах, Гете, Моцарт, Свифт және т.б. дарын иелері сол бір қилы заманда
туындаған творчестволық шабыт иелері болды. Олар өз замандастарымен де,
болашақ ұрпақтың өкілдерімен де Мәңгілік өнер тілімен тілдесті, олардың
шығармаларының халық жүрегінен терең орын тапқаны соншалық, бұл ұлы
туындыларды өнердегі қалыптасқан стильдер қатарына жатқызуға болмайтын
сияқты.
Бірақ, осы жағдайға қарап XVIII ғ. мәдениеті мен өнерінің өзіндік
ерекшеліктері, дәлірек айтқанда өзіне ғана тән көркемдік стильдері мүлде
болмаған екен деген ұғым туып қалмау керек. Өнер саласында біртектес
стильдер (романдық және готикалық стильдер) қалыптасқан өткен тарихи
кезеңдерге қарағанда бұл дәуір өнері өзіндік бет-бейнесімен өзіндік
сипатымен ерекшеленді. Жаңа заман стильдері — заман талабынан туған мәдени
қажеттілік болып саналады. Солардың бірі — мәдениет саласындағы ескі
дәстүрлер (готика) мен демократиялық еркін ойлау идеяларын өзара ұштастыра
білген өнердегі мүлде жаңа стиль — барокко бағыты болды. Барокко — астарлы,
әдептен тыс деген мағына береді. Оның әлеуметтік негізі — абсолютизм
дәуіріндегі дворяндық мәдениет. Барокко — халықаралық құбылыс, ол әсіресе
Италияда, Испанияда, Францияда, Германияда кең қанат жайды. Осы дәуірдің
күрделі қоғамдық шиеленістері барокко өнеріне өз әсерін тигізбей қойған
жоқ. Сондықтан да болар, аталған елдердегі қалыптасқан саяси-әлеуметтік
жағдайлар адамдардың сана-сезіміне ғана емес, сонымен бірге осы бір өнер
саласының қалыптасып дамуына да ерекше ықпал етті. Барокко стилі әсіресе
сәулет өнері саласында айқын көрінді, осы стильде зәулім сарайлар мен парк
ансамбльдері салынды. Олар тарихи кезеңнің куәгері, еуропа мәдениетінің
баға жетпес ескерткішіне айналды. Шындығында да, Ағартушылық дәуірінде
парктер мен бақтар — философиялық әңгімелер мен ой-толғаныстарының негізгі
орталықтары болды. Олар — табиғат пен адамның, тіпті адамдардың қарым-
қатынастарының өзара үндестік табуына себепкер болатын қасиетті орынға
айналды. Парктер мен бау-бақшалар композициясын музейлер мен театрлар сурет
галереялары мен кітапханалар, ғибадатханалар және т б.мәдени ошақтар одан
әрі түрлендіре түсті.
XVIII ғ. бароккомен қатар Батыс Еуропа өнерінде кеңінен тараған
стильдердің бірі рококо болды. Ол сарай зиялылары мәдениетімен тікелей
байланыста қалыптасты. Рококо эстетикасының басты ұраны — Өнер — рахаттану
құралы. Бұл ұран сол бір кезеңдегі ертеңгісін ойламайтын аристократтардың
(ақсүйектердің) дүниеге көзқарастарын дәлме-дәл көрсетеді. Бізден соң не
болса да мейлі деген Людовик ХV-нің ұраны да осы дәуірде шыққан.
Қоғамды қайта құру жолындағы күрестің бұл аристократиялық және
демократиялық жолдары — прогресс жолындағы мәдени қозғалыстың екі бағыты
десек қателеспеспіз.
Вольтердің жолы — рухани және әлеуметтік революцияларды жоғарыдан
жасау жолы, бұл жол — Вольтердің ізін қуушылардың романтизм мен еркіндікке
ұмтылу жолы. 1825 жылы Ресей топырағында болған декабристер қозғалысы да
осы идеялар жолындағы патриоттық күрес болған еді. Еуропалық және орыс
әдебиетінде Чайльд Гарольд, Карл Моор, Чацкий мен Дубровский сияқты
аристократтық толқулар батырларының бейнелерінің тамаша сомдалуы да осы бір
ағымның әсерінен болса керек.
Вольтерге қарағанда Руссоның ілімі мен идеяларының тағдыры әрі
күрделі, әрі ерекше. Олардан француз революциясының бостандық, теңдік,
туысқандық жайындағы өмірлік ұрандар туындады. Бірақ, өкінішке орай
бостандық пен теңдікті желеу етіп якобші диктатурасы өз бағдарламасында
жаппай қырып-жою теориясын жақтап шықты. Жан Жак Руссо алғашқы өнеркәсіп
революциясының қарсаңында ғалымдар мен саясатшылар адамзаттың болашағы үшін
жауапты екендігін, адамның табиғатты игеруге байланысты іс-әрекеттеріне
бақылау орнату қажеттігін мәлімдеген болатын. Бірақ, өкінішке орай бұл
мәлімдемелер мүлде ескерілмей, бұл дәуірдегі еуропалықтардың басқыншылық
әрекеттері кездейсоқтық сипатынан айрылып саналы түрде жүзеге асырыла
бастады. Мысалы, АҚШ-тың шығысында Еуропадан қоныс аударғандар жергілікті
халықты ата қонысынан ығыстырып, жаңа жерлерді зорлықпен басып алды.
Африка, Азия құрылықтарының бірқатар мемлекеттері де жыртқыштықпен тоналды.
Британ өкіметі шалғайда орналасқан бесінші континентті (Австралия)
қылмыскерлердің жазаларын өтеу орталығына айналдырды.
Орын алған осындай келеңсіз жағдайларға қарамастан Еуропадағы
Ағартушылық дәуірі — дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ең жарқын
кезеңдердің бірі болды. Ағартушылық идеяларының нәтижесінде пайда болған
мәдени өзгерістерді сол дәуірдегі адамдарының өздері де мақтаныш етті.
Ғасыр ақыны аталған Гетенің өзі де осы бір тарихи кезеңдегі уақиғаларды
шаттана жырлады. Ағартушылық дәуірі — Еуропаның рухани дамуындағы ұлы
бетбұрыс кезеңі болды. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласына (қоғамдық-саяси,
мәдени және т.б.) айтарлықтай әсерін тигізді. Утопияның алтын ғасыры деп
аталатын бұл дәуірдің мәдени мұрасы өзінің жан-жақтылығымен жанрлар мен
стильдердің көптігімен оптимистік сарынымен және адамзаттың ақыл-ойына
деген шынайы сенімімен осы уақытқа дейін таң қалдырып келеді.
1.2. Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
XVII—XVIII ғасырларда алғашында Англияда, содан соң Францияда,
кейіннен Германияда феодалдық қоғам идеологиясына қарсы, адамның ақыл-ой
бостандығы үшін күресте ағартушылық деп аталатын кең ауқымды философиялық
ағым пайда болды. Оған Дж. Локк пен басқа да материалистердің философиясы
үлкен әсер етті. Ағылшын ағартушысы Дж. Толланд (1670—1722), француз
ағартушылары Гассенди (1592 — 1655), Монтескье (1689—1755), Вольтер
(1694—1778), Кондильяк (1715—1780), Руссо (1712 — 1778), неміс ағартушылары
X. Вольф (1679—1754), Лессинг (1729—1781), Гете (1748—1832) т. б. діни
сенімге шек қойып, ақыл-ой мен ғылыми дүниеге көзқарасқа кең жол ашу,
моральды діннің қамқоршылығынан азат ету, сөйтіп ақыл-ойдың табиғи
дамуына жол ашу үшін күресті.
Француз ағартушыларының философиясы біртектес емес, онда материалистік
және атеистік бағыттармен қатар идеалистік ағымдар да болды, олардың
теориялық негіздері де әр текті.
Француз ағартушыларының кейбіреулерінің өздері (мәселен, Даламбер)
атақты ғалым болды. Француз ағартушылары сондай-ақ, озат философиялық, ой-
пікірдің өзіндік ұлттық дәстүрлеріне де сүйенді.
Францияның сол кездегі идеялық өміріне Вольтер мен Кондильяк ерекше
зор әсерін тигізді. Олар шіркеу мен дінге қарсы батыл күресіп, адамның
рухани бостандығын талап етті. Француз ағартушыларының аса беделді
қайраткерлерінің бірі — Жан Жак Руссо. Оның философиялық толғаныстарының
негізгі тақырыбы — сол кездегі қоғамдағы адамның тағдыры еді. Руссо адамдар
арасындағы әлеуметтік теңсіздікті жою үшін бостандық пен право теңдігі
қажет деп дәлелдеді.
XVIII ғ. орта шенінен бастап әсіресе Францияда буржуазиялық
революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуде материалистер Д. Дидро (1713 —
1784), Ж. О. Ламетри (1709—1751), П. А. Гольбах (1723 — 1789) және К. А.
Гельвеции (1715—1771) аса маңызды роль атқарды. Олар сол кездегі
Франциядағы саяси-әлеуметтік құрылыспен аяусыз күресті.
XVIII ғасырдағы француз материализмі — материалистік философияның
дамуындағы жаңа бір тарихи саты, жоғарғы формасы болып табылады. Француз
материалистері материализмнің механистік формасын дамытты, бірақ олардың
кейбіреулерінің көзқарасын, мәселен Дидроның организмдердің дамуы жайлы
пікірлерінен диалектиканың элементтері де байқалады. Бұл ілім бойынша,
табиғат, материя — бүкіл дүниенің себебі. Ол өздігінше өмір сүріп, әрекет
етеді. Мәселен, егер Декарт материяны қозғалысқа келтіретін құдай деп
түсінген болса, Гольбах табиғат өзінен-өзі қозғалысқа келеді, материяның
қозғалысы мәңгі, өйткені ол материяның өмір сүруінің тәсілі деп есептеді.
Француз материалистері тәжірибе, түйсік-танымның негізі, білімнің
барлық формалары әуелі тәжірибеде, түйсікте бейнеленіп, содан соң дамудың
кейінгі жоғары сатысында ойлаудың, пайымдаудың формаларына айналады деп
санады. Сөйтіп, Лейбництің идеализміне және Декарттың дуализміне қарсы
күресе отырып, француз материалистері танымның сезімдік және логикалық
формаларының бірлігін дәлелдеді.
Олар дінге халықты қанау, езудің рухани құралы деп қарады. Адамдарды
дін мен жоққа сенушіліктен арылтудың жолы — ағарту ісі деп білді. Бұл жерде
олар атеизм принциптеріне және қоғамды революциялық жолмен қайта құру
қажеттігін түсінуге жуықтап келді: егер адам, оның жеке басының сапалары
қоршаған ортаға байланысты болса, деді олар, онда оның кемшіліктері де сол
ортаның әсерінен болғаны. Сондықтан адамның кемшіліктерін жойып, оны
өзгерту үшін, қоршаған ортаны және ең алдымен қоғамдық ортаны қайта құру
қажет. Ал қоршаған орта адамдарға байланысты деді.
Қысқарта айтқанда, XVIII ғасырдағы француз материализмінің орасан зор
тарихи маңызы оның дін мен идеализмге қарсы күресінде, материалистік
дүниеге көзқарасты қорғап, одан әрі дамыта түсуінде болды. Сонымен қатар
оның кемшіліктері де бар. Француз материализмі, жалпы алғанда, механистік
және метафизикалық сипатта болды, таным процесінің диалектикалық ұғымына
жете алмады, қоғам өмірі мен адам жайлы көзқараста идеалистік ағартушылық
түсінік шеңберінен шыға алмады.
2 Жаңа замандағы саяси ой
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші
Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп капиталистік
қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс
(1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде
жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды.
Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың
құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті
мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи
Монтескье (1689—1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының
айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына,
жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық — заң неге ерік
берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың
дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет
азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті.
Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін
билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ
буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең
жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта
ғана емес, мүлікте де болуы тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке
жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса,
халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық
қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда
үкімет есеп беруін талап етті.
3 Франциядағы XVIII—XIX ғасырдың басындағы саяси-құқықтық iлiмдер

ерекшелiктерi
Орта ғасырларда католик шiркеуi абсолютизмдi және феодалдық тәртiптердi
қызғыштай қорғады. Монархиялық шексiз билiк пен әлеуметтiк теңсiздiктiң
бәрiн құдай жаратты, бұлар құдай iсi деген соқыр сенiмдi халық арасында
кеңiнен таратты және қолдады. Қайта өрлеу мен Реформациядан кейiн-ақ
Еуропаның көптеген елдерiнде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар
феодалдық құрылыс пен оның орнатқан тәртiптерiн сынай бастады. Олар ғылым
мен оқуды дiнге қарсы қойды, бас көтерiп келе жатқан буржуазия мен халықтың
басқа да топтарының мүдделерiн қорғады. Феодализмнен капитализмге өту
дәуiрiндегi осындай жалпы ықпалды мәдени-гуманистiк қозғалыс Ағарту деп
аталып, оның өкiлдерi тарихқа XVIII ғасырдың ағартушылары деген атпен ендi.
Ағартушылық бағыттың кең қанат жаюына ағылшын және американ буржуазиялық
револю-цияларының идеялары да едәуiр ықпал еттi.
Ағартушылық бағыт сол дәуiрдегi жас буржуазия мен халық
бұқарасының феодалдық құрылыс пен оның идеологиясына қарсы күрестегi
құрамды бөлiктерiнiң бiрiнен саналды. Ағартушылықтың басты мазмұны
әлеуметтiк-адамгершiлiк идеалдар мен оны iске асырудың жолдарын
iздестiрумен сипатталады. Адам қасиеттерiн құрметтеудi, қараңғылық пен
бойкүйездiктi жеңудi, рационалды бiлiмдi халық арасына кең таратуды басты
мақсат еткен ағартушылар ең алдымен, феодалдық тәртiптер мен шiркеу
үстемдiгiн жоюды талап еттi. Олардың феодалдық тәртiптерге қарсы, жеке
кәсiпкерлердiң еркiндiгi мен адам бостандығын және құқықтарын қорғау және
адамды, қоғамды шiркеу мен абсолютизм езгiсiнен азат ету жолындағы айтқан
ой-пiкiрлерi мен үндеулерiнiң аса зор маңызы болды.

тағы басқалар болды. Бұлардың қатарына француз ағартушылары Г. Мореллидiң
"Табиғат кодексi немесе оның заңдарының нағыз рухы"[2], Г. Маблидiң
"Азаматтардың құқықтары мен мiндеттерi туралы"[3], Г. Бабефтiң "Теңдiк"[4]
және тағы басқа еңбектердi қосуға болады.
Жеке меншiкке жан-тәнiмен қарсы болған Бабеф сол кезде өмiр сүрiп
тұрған халықтық емес мемлекеттiк құрылысты құлатып, халықтық мемлекет
орнықтыру идеясын батыл жақтады. Оның ойы бойынша, мұндай мемлекеттi
қастандық жолымен өзiнiң жақтастарының — яғни теңдiктi жақтаушылардың шағын
тобы мен революционерлер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz