Америка Құрама Штаттары гегемон



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе бөлім.

Негізгі бөлім:
І. Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары;
1. Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың мақсаты.
2. Қарым-қатынастағы алғашқы қадамдар.

2 Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының арасындағы
экономикалық қатынастардың дамуы
2.1 Қарым – қатынастың жаңа үрдiсi
2.2 Экономикалық ұстанған сасясаттың жемiсi
2.3 Тартылған инвестиция мен сауда саттықтың экономикалық қатынас

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бүгінгі таңда әлемде дамыған мемлекеттермен жан-жақты қарым-қатыныс
орнату маңызды рөл атқарады.Мұны ескеретін болсақ, аса ірі держава ол –
АҚШ. Ал, біздің мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастықта болу - әлемдік
қоғамдастықтағы халықаралық орынымызды нығайтумен қатар ұлттық
мүдделерімізді ілгерілетумен тығыз байланысты.
Жалпы алғанда, АҚШ-тың әлемде болып жатқан әр түрлі оқиғалар мен
үрдістерге ықпалының жоғары екені сөзсіз. АҚШ – алып әскери-саяси
ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік етумен қатар, көбінесе, ғаламдық
мәселелерде шешуші ықпал етіп, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың сақталуына
әсер етіп отыратын мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде де халықаралық
ұйымдардың құрамында әрекет етіп, көптеген аймақтардағы жанжалдарды
реттеуге белсене араласып, шешімінің дұрыс болуына тілектестік білдіреді.
Американың әлемдік экономикаға ықпалы зор. Оның ұлттық экономикасының
мөлшері – күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық
қайта құру және даму банкі сияқты халықаралық институттармен басқа да
ұжымдық қаржы және сауда- экономиялық ұйымдардың американ қағидаттары мен
құндылықтарына сәйкес жұмыс істеумен де айқындалады. Аса ірі трансұлтттық
корпорациялардың 40 пайызының АҚШ-та штаб пәтері бар. Сондықтан
Қазақстанның АҚШ-пен өзара қарым-қатынасы тек екі жақты сипатпен ғана
шектелмейді.
Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясаты Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне дайын болды. 1991 жылы КСРО құлағанынан кейінгі оқиғалар
осыны дәлелдейді. КСРО-ның ресми жойылуына дейін Алматы мен Вашингтон
арасында ресми емес консультациялар дәстүрі қалыптасты. 1992 жылы 3 ақпанда
Алматыда Америка Құрама Штаттарының Елшілігі ашылуы қазақстан-американ
қатынастарының жаңа кезеңі басталуын білдірді.
Осы кезден бастап қазақстан-американ қатынастарының дамуына осы
жұмыста анализ жасауға тырысамын.
Осы жұмыстың маңыздылығы Қазақстан үшін Америка Құрама Штаттары осы
аймақтағы үшінші күш ретінде қарастырылады. Америка Құрама Штаттары
супердержава ретінде аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық және Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік кепілі бола алады. Осы мемлекетпен қатынас
дамуында Қазақстан Республикасының басымдығы болып отыр. АҚШ сонымен қатар
нарықтық реформалар мен демократияға қолдау көрсетеді. 2003 жылы АҚШ
үкіметінің барлық агенттіктері Қазақстанға 92 млн. доллар көмек көрсетті.
АҚШ Мемлекеттік Департаменті есеп беру құжатында "көмек терроризммен
соғыста серіктес болған Қазақстан қауіпсіздігін қамтасыз ету
бағдарламаларға, нарықтық реформалар бағдарламаларына берілді" -деп
жазылған.
Қазіргі таңда екі ел арасында 93 келісім-шартқа қол қойған. осы
құқықтық негізде мемлекетаралық қатынас қарқынды дамып отыр.
Жұмыста жаңа құрылған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама
Штаттарының халықаралық қатынастардағы ролі мәселесін қарастырамын. Кейін
Қазақстан көзқарасымен қауіпсіздік, экономикалық-сауда, мәдени-гуманитарлық
салаларда ынтымақтастықты қарастырамын.

І. Қазақстан мен Америка қарым-қатынастары.
1.1 Екі ел арасындағы жан-жақты байланыстардың мақсаты.
Еліміздің Ауызын айға білегенң мемлекетпен тұрақты байланыс орнатуы –
халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді (қарусыздану және қару
таратпау), сыртқы экономикалық саясатты, өнімдерді экспорттауды сондай-ақ
халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қызметпен қатар Қазақстан дипломатиясының
барлық бағыты бойынша қажеттілік болып табылады.
Қазақстан өзінің геосаяси факторлары, ресурстары мен экономкалық
әлеуетіне байланысты АҚШ-тың назарынан тыс қала қоймайды. Олардың біздің
елімізбен қарым-қатынасты нығайтуға құштарлығың меніңше, бізден қарағанда
әлде қайда басым шығар. Себебі, оларға да жемсауынң толтырып, қажеттілігін
өтейтін тәй-тәйң басқан мемлекеттер қажет-ақ. Бұл ойым дәйексіз болмас
үшін Қасымжомарт Тоқаевтың мына ойларын алға тартуға болады. АҚШ-тың
Қазақстанға мүдделілігінің бірнеше деңгейі бар. Бұл бірінші кезекте,
халықаралық аренада АҚШ-пен бәсекеге түсетін бірнеше мемлекеттің мүдделері
тоғысқан аймақта АҚШ-тың стратегиялық қатысуын қамтамасыз етумен байланысты
геосаяси фактор. Бұдан әрі, гуманитарлық құндылықтарды (демократия, адам
құқығы мен бостандығы, нарықтық экономика) ілгерілетуді көздейтін мәдени-
идеологиялық фактор келеді. Тағы бір деңгей Ақш-қа және оның одақтастарына
Орталық Азия аймағынан төнетін қатердің алдын алуды қамтиды. Олардың
қатарына қару-жарақты, ядролық материалдарды тарату, есірткі саудасы,
терроршылдық, діни экстремизм проблемалары жатады. Белгілі бір дәрежеде
экономикалық және гуманитарлық көмекті осы деңгейге жатқызуға болады.
Өйткені, олар ұлттық шеңберден шығып кетуі мүмкін, сыртқы ортаға
тұрақсыздық ықпал ететін дағдарыстардың алдын алу.
Бұл деңгейде АҚШ-пен бүкіл әлемдегі оның одақтастарына мұнайды
үздіксіз және саралап жеткізу арқылы АҚШ-тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
жатады. Біздің рыногымызда Американың жеке компанияларының сауда-
экономикалық мүдделерін ілгерілету бойынша ресми Вашингтонның көтеріңкі
белсенділігін осымен түсіндіруге боладың. Бұдан шығатын қорытынды- кез-
келген мемлекет өз мүддесінің ілгерілеуі үшін
жанталасатындығы.
Өткен жылдар ішінде түрлі факторлар әсеріне, мысалы, ішкі саяси
өзгерістерге немесе Америка дипломатиясы басымдықтарының ауысуына
байланысты АҚШ-тың Қазақстанға қатысты саясаты жаңа астарларға ие болды.
Алайда Қазақстанның энергоресурстары рыногына АҚШ-тың тұрақты қатысуын
қамтамасыз ету міндеті өзгеріссіз қалды.

1.2 Қарым-қатынастағы алғашқы қадамдар.
Екі жақты қатнастардың бастапқы кезеңінде Американ тарапынан әскери
стратегялық қауіпсіздік басым түсіп жатты. Вашингтонның ұстанымы КСРО
тарғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық қаруды таратудың ытимал
қатерін оқшаулауға және толық жоюға ұмтылысынан туындады. Демократияның
және еркін кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, сондай-ақ экономиканың
өндіруші секторына инвестициялар салу өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының
басында АҚШ-тың Ораталық Азия аймағында Ресейдің ықпалын кеміту жөніндегі
күш-жігері арқылы қарастырылды.
Сол кезеңде Президент Дж. Буштың кеңесшісі болып жұмыс істеген
белгілі амеркандық саясаттанушы М. Олкотт былай деп атап көрсетті: Құрама
Штаттар Орта Азиялық қоғамның білімді топтарымен бұл ортада Америкаға қарсы
көңіл күй пайда болмауына жол бермеу үшін осы республикалардың жастарын,
ғалымдары мен мәдениет қайраткерлерін американ құндылықтары деп
аталатындықтарға жасалған жоспарға сәйкес тарту жөнінде көп жұмыс істеуі
тиіс. Одан әрі былай деп жазады: АҚШ оларды тәуелсіз мемлекеттер болуға,
ең алдымен Ресейден тәуелсіз болуға үйретуі тиіс, тек сонда ғана Орталық
Азия заң жүзіндегі тәулсіздіктен іс жүзіндегі тәуелсіздікке көшеді;
аймақта американ мүдделеріне жәрдемдесетін нәрсе осы боладың
Өзара қатынастардың бастапқы кезеңінде Вашингтон аймақта бірнеше
стратегиялық міндетті шешуге ұмтылды. Біріншіден, Орталық азияда
тұрақтылықты сақтау, өйткені керісінше жағдайда бұл жерде Американ геосаяси
ықпалын орнату көзқарасы тұрғысынан аймақ уыстан шығып кетер еді. Екіншіден
ядролық қаруды, оны жекізу құралдарын және ядролық материалдарды жоюды
қамтамасыз ету. Үшіншіден Ресейдің елеулі геосаяси күш ретінде қалпына келу
нақты мүмкіндігін кеміту үшін жағдай жасау. Төртіншіден, көптеген
талдаушылар ХХІ ғасырда әлемдік көшбасшылар қатарында болады деп болжап
отырған Қытайды тежеу үшін шаралар қабылдау және ең соңында АҚШ-тың Орталық
Азияда экономикалық және саяси қатысу күш-жігерін қамтамасыз етуші тиісті
жағдайлар жасау міндеті тұрды.
АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі
қатарында тани отырып, бірінші болып дипломатиялық қатынастар орнатты.
Қазақстан – Америка қатынастарының басы 1991 жылғы 25-желтоқсаннан бастау
алған еді. Осы кезде АҚШ Қазақстан Республикасын егеменді мемлекет ретінде
ресми таныды. Сөйтіп, келесі күні екі ел арасында елшілер деңгейінде толық
ауқымды дипломатиялық қатынастар орнатылды. Сол себепті Қазақстандағы
алғашқы елшілік Американікі болды.
Алғашқы кездегі Американ дипломатиясының басым міндеті Қазақстанның
ядролық қарусыз мемлекеттер ретінде Беларусь және Украинамен қатар Ядролық
қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТШ) қосылуын, бұл елдердің ядролық қарудан
бас тартып, оны кейіннен жоюын қамтамасыз ету болды. Қазақстан басшылығы,
осыған орай, ядролық қарусыздану идеясын сындарлы жақтаушы ретінде Лиссабон
Хаттамасына қол қойды және өзіне ядролық емес мемлекет болу міндеттемесін
алды.
Қазақстан – Американ ынтымақтастығының негізі Президент Н.
Назарбаевтың 1992 жылғы мамырда АҚШ-қа бірінші ресми сапары барысында
қаланды. Осы сапарда екі мемлекеттің басшылары АҚШ пен Қазақстан арасында
жаңа қатынастардың орнатылатыны туралы мәлімдеме жасады.Қазақстан да, АҚШ-
та біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігі Азияда тұрақтылықтың маңызды факторы
болатынын негізге алған еді. Сапар барысында сауда қатынастары туралы
келісімге, Капитал салуды қолдау және өзара қорғау туралы шартқа, Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен АҚШ Өкіметі арасындағы өзара түсіністік туралы
меморандумға, Қос салық салуды болырмау туралы конвенция жасасу туралы
бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
Жоғары деңгейдегі бірінші кездесуден кейін екі жақты қатынастар
серпіні күрт өсті. 1992 жылғы желтоқсанда АҚШ бейбітшілік корпусының
Қазақстан Республикасындағы қызметі туралы келісімге қол қойылды. Осы
құжатқа сәйкес АҚШ еріктілері біздің елімізде әлеуметтік және экономикалық
реформаларды жүзеге асыруға көмек көрсетуге кірісіп кетті.
1993 жылғы желтоқсанда мемлекеттік хатшы У. Кристофер мен Вице-
президент А. Гордың Алматыдағы келіссөздерінің қорытындысы бойынша
Қазақстан мен АҚШ континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру
қондырғыларын жою, апаттық ахуал салдарларын блдырмау және ядролық қарудың
тарлуна жол бермеу туралы бас келісімге қол қойылды.
Экономикалық қатынастар саласында энергетика, көлік, құрылыс кен
өндіру өнеркәсібі, телекомуникациялар саласында инвестициялық
ынтымақтастыққа басымдық берілді. 1993 жылғы ақпанда өзара сауда қарым-
қатынастары туралы келісім күшіне енді.
Қазастан мен АҚШ Арал теңізі ауданы мен Семей облысында қоршаған
ортаны қорғау саласында кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға кірісті.
Американ тарапы Арал теңізі проблемасын шешуге және атап айтқанда
Қызылордада диагнстикалық орталықты медициналық жабдықпен жарақтауға, ауыз
сумен жабдықтау мәселелерін шешуге және аймақта су ресурстарын басаруға
15млн. доллар берді. Арал аймағына тазарту құрылғылары жеткізіліп
құрастырылды. Менің бұл келтіріп жатқан мысалдарым тек алғашқы жылдардағы
қарым-қатынастырдың біразы ғана. Еліміз бұл жылдардан кейін де АҚШ пен
көптеген келісім –шарттарға қол қойысты. Олар: сауда-экономикалық, мәдени-
әдеби, қауыпсіздік шаралары, сонымен қатар әртүрлі қоғамдық ұйымдар аясында
қызмет етумен бірге білім алмасу, оқу-тәжірибе жинақтау жөнінде де ірілі
–ұсақты келісімдерге қол жеткізді. Бұған мысалды алыстан іздемей-ақ өзім
оқып жүрген университетті алуыма болады. АҚШ-тың университет ұстаздары
келіп, студенттерге дәріс оқып, өздерінің біліктілігі мен білімділігін
көрсетсе немесе кездесулер ұйымдастырса, керісінше біздің ұстаздар сол елге
барып тәжірибе жинақтап, біздің елдің оқу-әдістемелер туралы сөз етіп,
пікір алысуда. Сонымен қатар біздің немесе олардың университеттері шәкірт
алмасып, болашақ мамандарды даярлауда. Президент Н. Назарбаев құрған
Болашақң бағдарламасы бойынша американдық жоғары оқу орындарында жүздеген
қазақстандық студентер оқиды. Екі ел арасындағыв қарым-қатынас мұнымен
ғана шектеліп қоймай басқа да салаларда жан-жақты байланыс орнатқан.
2000 АҚШ-пен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық
айтарлықтай серпінді дамыды.
АҚШ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі мәселелерінде
технкалық көме көрсетіп отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда іс жүзінде барлық ірі американ мұнай
компаниялары бар. Олар Қазақстанның мұнай-газ секторында барлық аса ірі
жобаларды іске асыруға қатысуда. 2001 жылғы қаңтарда Президент Н.
Назарбаевтың ұлттық қор құру туралы жарлығының шығуы Теңіз Шевройлң
бірлескен кәсіпорнындағы 5 пайыз үлесіне айырбасқа Шевронң американ
компаниясы 600млн. доллар аударумен тұспа-тұс келуінің өзіндік мәні бар.
Американ бизнесі қазақстандық медицина жабдықтары рыногын да бірте-
бірте игеріп келеді. Біздің елімізде 3Мң және Дженерал Электрикң
компаниялары жұмыс істейді, ал Медтроникң, Бекманң, А-ДЕСң, Хьюлет-
Паккардң компаниялары Қазақстанда отандық компаниялар ішінен өздерінің
өкілдері арқылы жұмыс істейді. Мен бұл бөлімде Қазақстан-Американ қарым-
қатынасына қысқаша ғана тоқталып кетуді жөн санадым.

2 Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының Арасындағы
экономикалық қатынастардың дамуы

2.1 Қарым – қатынастың жаңа үрдiсi

Европалық мемлекеттер Европада күш теңдігін орнату арқылы
бейбітшілікті қамтамасыз ететін халықаралық жүйе құрған. Вена жүйесі,
Версаль-Вашингтон жүйесін талдап қарасақ, әр кезде бұл жүйеге қарсы шыққан
мемлекеттер табылған. Қарама-қайшылықтар нәтижесі дүниежүзілік соғысқа алып
келген. Ялта-Потсдам жүйесі халықаралық қатынастарға өз үлесін қосып,
тиімді және тиімсіз жағын көрсетті. 1991 жылы бұл жүйе өмір сүруін
тоқтатып, биполярлы әлем көп полюсты әлемге айналды. Бірақ басқа пікір
бойынша қырғи-қабақ соғыс нәтижесінде Америка Құрама Штаттары құрған
халықаралық жүйе жеңіске жеткен.
Сонымен Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қандай халықаралық жүйе
қалыптасты? Осы оқиғадан кейін өмірге келген Қазақстан Республикасының осы
жүйеде орны қандай? Мен осы сұрақтарға өз жауабымды беріп көрейін.
Біріншіден, әлемдік үкімет теориясы бойынша халықаралық қатынастарды
дүниежүзілік мемлекеттер бірлесіп құрған орган немесе Біріккен Ұлттар
Ұйымын реформалау арқылы реттеу қажет. Екінші теория халықаралық
қатынастарды реттеуге күші жететін мемлекет қазіргі таңда Америка Құрама
Штаттары басқаруы керек. Бұл халықаралық қатынастарда жетекшілік ету
теориялары.Жүйеге байланысты үш теория бар.
1) Көпжақты әлем. Әр аймақ мықты мемлекеттерінің саясатының
жиынтығы.
2) Біржақты әлем. Америка Құрама Штаттары гегемон.
3) Өтпелі кезең. Дүниежүзілік мемлекеттер арасындағы екіжақты
қатынастар негізінде құрылған халықаралық жүйе.
Біз қазір қандай халықаралық жүйеде өмір сүріп жатқанымызды болашақ
көрсетеді. Соңғы кездегі Ирактағы оқиғалар екінші теорияны растап отыр.
Америка Құрама Штаттары жетекшілікке ұмтылады.Осы орайда Қазақстан
Республикасы Америка Құрама Штаттарын геосаяси жағдайымен қызықтырады.
Осыдан он бес жыл бұрын Евразияның осы аймағы туралы әлемде аз
білді. Бірақ қазір Орталық Азияға әлемдік қауымдастық назар аударды.
Афганистандағы соғыс американдық әскери күштертердің осы аймақта
тұрақтануына алып келді. 11 қыркүйектен кейін Америка Құрама Штаттары
аймақта экономикалық қана емес, саяси, мәдени, әскери салаларында күшейді.
Қырғызстан, Өзбекстанда американдық әскери базалары терроризммен ғана
күресіп қоймай, американдық инвестор мүдделерін қорғау үшін қолданылуы
мүмкін. Америка Құрама Штаттары әрине ең алдымен экономикалық мүдделер
көздеп отыр. Ол - Каспий мұнайы мен газы. АҚШ үкіметі есептеуі бойынша
Каспий теңізінің энергетикалық ресурсы 10 миллиард баррель шикі мұнайды
құрайды.
Тек қана Қазақстан мен Азербайджанда табылған мұнай қоры 11 миллиард
баррель. Американдық компаниялар бұл жерде ресейлік және аймақтық
компаниялармен бәсекелесуде. Бірақ бұның саяси астары да бар. ОПЕК әлем
мұнай қорларын бақылауын күшейтеді. Факт: АҚШ Сауд Арабиясынан бір күнде
2,6 млн. баррель мұнай импорттайды.Және бұл мөлшер үлкейген сайын, ОПЕК
саяси күші арта береді. Қазір 11 қыркүйек оқиғаларынан кейін АҚШ Таяу Шығыс
аймағы тұрақсыз екеніне көзі жетті. Олар әрине бұл мұнайға балама
іздейді.АҚШ мүдделері осындай.
Енді Қазақстан Республикасы көзқарасы. Жаңа құрылған мемлекет сыртқы
саясаты осы елдің әлемдік қауымдастықта алатын орнын айқындайды.Қазіргі
кезде халықаралық қатынастар белсенді кеңею үрдісі мемлекеттердің өзара
ішкі кеңістіктеріне кіруіне алып келіп жатыр. Қазақстан - американ
қатынастары да дамуда. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі
мен халықаралық қатынастардың тең қатысушысы болу үшін ұлы державамен
қатынас жасау қажет. Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігі мен егемендігін 1991 жылы 25 желтоқсанда мойындады. АҚШ
әлемдегі ең бай мемлекет болғандықтан, Қазақстанның дүниежүзілік
қауымдастыққа кіруіне ұлы держава көмегі мен түсініспеншілігі керек.
Қазақстан- американ қатынастары жаңа технология мен финанс және
экономикалық институттарға жол ашады. АҚШ дүниежүзілік мемлекеттерді бірігу
мен интеграцияға шақырып отыр.
25 ақпанда бір күндік іссапармен Қазақстанға келген АҚШ қорғаныс
министры Дональд Рамсфельд қазақстан - американ қатынастарының дамығанын
алға тартып, Афганистан мен Ирактағы Қазақстан қатынасын өте сәтті дап баға
берді.
11 қыркүйекте АҚШ-та орын алған қайғылы оқиғалар халықаралық
сахнадағы бұрын соңды болмаған өзгерістерге екпін берді. Олар Кеңес Одағы
тарағаннан кейін туындаған транзиттік әлемдік тәртібі мен бүгінгі таңда
өзіміз ғұмыр кешіп жатқан әлемнің арасына айқын меже салды.
Бүгінгі таңда халықаралық қоғамдастық терең өзгерістер процесін
басынан өткеріп отырғаны белгілі. Мәнісі әр түрлі үрдістердің тайталасуы
жүріп жатыр. Бұл әлем бір тұрпатты немесе көп тұрпатты бола ма, бұл мәселе
өзінің нақты шешімін әлі де таба алмай отыр. Бірақ бір нәрсе анық:
стратегиялық тұрғыдан одақтасу дәуірі басталды. Осындай одақтың жарқын
мысалы халықаралық антитеррористік коалиция болып табылады. Баршаға
түсінікті себептермен бүгінгі таңда оны АҚШ басқарып келеді.
Бүгінгі күрделі заманымыздың келесі бір нышаны - дәстүрлі шиеленіс
ошақтарындағы жағдайдың ушыға түсуі. Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар, үнді
-пәкстан жанжалының шарпылуы, халықаралық қатынастар құрылымында айтулы
өзгерістер болып жатқанын көрсетеді. Бүгінгі әлем, мемлекеттердің өзара
қатынастарын сырт айналып өтпейтін, үлкен сындарды басынан өткеруге жақын
тұр. Осы тұрғыда, қазақстан-американ қатынастарына да сын сағаты туады
деген пікір бар. АҚШ қазіргі әлемнің жетекшісі болып табылады және ғаламдық
коалицияны басқарып келеді. Қазақстан халықаралық деңгейдегі терроризмге
қарсы іс-қимылға батыл және сенімді түрде қосылды. Бұл, сөзсіз, екі жақты
қатынастар сипатына оң ықпал етті. Күнделікті тіршіліктегідей, үлкен
саясатта да достар мен одақтастар беріктігі қиын-қыстау тұста сыналады.
Қазақстан-американ қатынастары эволюцияға сәйкес, өскелең дамып
келеді. Екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жетістіктерін заңды
негізде белгілеу үшін жоғарғы деңгейде бес кездесу ұйымдастыру қажет болды
(1992 ж. мамыр, 1994 ж. ақпан, 1997 ж. қараша, 1999 ж. желтоқсан, 2001 ж.
желтоқсан). Біздің елдер арасында тұрақты шарттық-құқықтық база құрылды.
Дүниежүзілік тәжірибеде теңдесі жоқ бір қатар екіжақты құжаттар -
Демократиялық серіктестік туралы хартия, Экономикалық серіктестік жөніндегі
іс-қимылдар бағдарламасы, Жаңа қазақстан-американ қатынастар туралы
президенттердің Бірлескен мәлімдемесі және Энергетикалық серіктестік
туралы декларация, бұның бәрі де ынтымақтастық жемістері.
Қазақстан-американ қатынастарының алғашқы кезеңінде бірінші кезекте
жаппай қырып жою қаруын таратудың алдын алу жөнінде бірлескен күш-жігер
жұмсау мәселелері болды. Бұл шаралар өзін ақтады, себебі КСРО тарағаннан
кейін ядролық мұраның айналасында құқықтық вакуум пайда болды. Оның салдары
бүкіл әлемге, және бірінші кезекте сол ядролық қарудың құқықтық иегері
болып қалған елдер үшін қатер төндіретін. Қиын-қыстау болған сол жылдары,
елдің тәуелсіз мемлекет ретінде кейінгі тағдырына байланысты өте ауыр
шешімдерді қабылдау қажет болды.

2.2 Экономикалық ұстанған сасясаттың жемiсi
Қазақстанға, шын мәнінде, адамды үрейлендіретін мұра қалды: 1216
ядролық оқтығы бар стационарлық орнатылған СС-18 зымыранының 104 данасы.
Әлбетте, дүниежүзілік қоғамдастық бұл жағдайды назардан тыс қалдыра алмады,
себебі бұл қаруды иемденуге деген талаптар қалыптасқан әлемдік тәртіптің
бұзылуы деген сөз.
Президент Н. Назарбаев бұл жағдайда: халықаралық қатынастарда өзінің
беделін асыру құралы ретінде ядролық қаруды пайдаланудан бас тарту туралы
бірден-бір дұрыс шешім қабылдады. Бұл бүкіл әлемге жас мемлекетіміздің
сарабдалдылығын көрсеткен теңдесі жоқ батыл шешім еді. Он жыл өткен соң біз
Қазақстанның алғашқы дипломатиялық акциясы мемлекетіміздің халықаралық
ұстанымдарын одан әрі нығайтуда ерекше маңызды рөл атқарғанын атап айта
аламыз.
Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саясатын дәйекті түрде жүргізуге
деген сенімділігі АҚШ пен дүниежүзiлiк қоғамдастық тарабынан тиісті бағасын
алды.
Өкінішке орай, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық
өкілдері тарабынан, ядролық қару АҚШ-ты Қазақстанға байлап отырған жалғыз
фактор болды мыс деп, сары уайымға салынған әңгімелер жиелеп барады.
Сондықтанда, осы тәрізді әңгіме таратушы авторлар көргісі келмеген екі
принциптік тұстарға назар аударайын деп едім.
Біріншіден, ядролық фактор, әсіресе осы тарихи кезеңде, шын мәнінде
негіз қалаушы фактор болып табылған. АҚШ пен КСРО-ның халықаралық қатынас
жүйесіндегі басымдылық танытуы ядролық тепе-теңдікті сақтау ұстанымына
негізделген. КСРО тарағаннан кейін бұл тепе-теңдік үлкен өзгерістерге
ұшыраған жоқ. Бүгінгі күнге дейін өзінің ядролық әлеуеті бойынша Ресей
нөмірі екінші ядролық держава болып табылады.
Екіншіден, ядролық фактордың ерекшелігі туралы айтудың өзі қателік,
себебі екіжақты қатынастардың күн тәртібіне басқа да біраз принциптік
мәселелер енген болатын: тоталитаризм салдарын жою және қоғамды
демократияландыру, Қазақстандағы нарықтық өзгерістерге қолдау көрсету және
оның дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануы, американдық инвестицияларды
ел экономикасына тарту. Сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық әу бастан-
ақ ерекше маңызды орынға ие болды, мұнда өзінің тиісті рөлін бірлескен
энергетикалық жобалар атқарды.
Қазіргі жағдайда түсінікті себептермен бақылаушылар үшін бірінші
кезекте АҚШ-пен халықаралық терроризмге қарсы күрес, әскери-техникалық
саладағы өзара іс-қимыл жүргізу салаларындағы ынтымақтастығы көзге ілігеді.
11 қыркүйекте Вашингтон мен Нью-Йоркте орын алған қайғылы оқиғалардан
кейін Президент Н. Назарбаев өзінің ресми мәлімдемесінде терроршылардың
адамшылыққа жат әрекеттерін айыптап, Қазақстан терроршыларды ұстауға және
жазалауға барынша жәрдем етуге әзір екендігін білдірді. Сонымен қатар
Елбасы Қазақстанның әрдайым терроризмге қарсы шыққанын және АҚШ-тың қолдау
көрсетуіне, егер американдық тарабынан тиісті өтініш болған жағдайда соның
ішінде әскери қолдауына, осы залалға қарсы күрес жүргізу жөнінде нақты
халықаралық коалиция құруға әзір екенін атап өтті.
Мызғымас азаттық операциясының шеңберінде коалиция ұшақтарының ұшып
өтуі үшін біз әуе дәлізін ұсындық. Американдық ұшақтардың төтенше
жағдайларда жанар май құю үшін Қазақстанға қонуы туралы Меморандум
әзірленуде. Қазақстанда Ауғанстанға көмек көрсету үшін БҰҰ аясында
гуманитарлық алдыңғы қатардағы базалау қоймаларын құру мүмкіндіктері
қарастырылуда.
Бүгінгі таңда, осы саладағы екі ел күш-жігерінің жұмылдырылуы -
халықаралық антитеррористік коалиция табысының міндетті шарттарының бірі
болып табылатыны сөзсіз. Бұны еліміздің тәуелсіздігіне он жыл толуына орай
жіберген құттықтау хатында АҚШ Президенті Дж. Буш Қазақстан халықаралық
қоғамдастық үшін аймақтағы тұрақсыздық пен жанжалдарға қарсы шешуші рөл
атқаратынын растады.
Қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық Қазақстандағы
әскери реформаларды қолдау жөніндегі бір қатар шараларды жүзеге асыруды да
көздейді, соның ішінде қорғаныс ресурстарын басқару, шетелдік әскери
қаржыландыру жөніндегі бағдарлама (FMF) мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік
бастамасы (САSІ) шеңберінде қаржылық көмекті ұлғайту. Биылғы жылы шекара
қауіпсіздігін нығайту үшін Қазақстанға 5.1 млн. доллар және Батыс әскери
округіне жататын Атыраудағы әскери объектілердің бірінің қайта құруына 5
млн, доллар бөлу жоспарланып отыр.
Халықаралық әскери білім және оқыту бағдарламасының шеңберінде
қазақстандық офицерлер мен сержанттардың дайындығы жүзеге асуда. Еліміз
НАТО-ның Бейбітшілік үшін серіктестік кеңейтілген бағдарламасының іс-
шараларына да белсенді қатысады. 2001 жылғы желтоқсанда қорғаныс
министрлері арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, биылғы
жылғы наурызда Алматыда екі ел қорғаныс министрліктері жұмысшы тобының
әскери саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін алғашқы мәжілісі
болып өтті.
Энергетикалық саладағы ынтымақтастық өте маңызды болып табылады.
Каспий бассейні қорларының 75 пайызын және дүниежүзілік мұнай қорларының 2
пайызға дейін мөлшерін құрайтын 10-17 млрд. баррел шегінде дәлелденген
мұнай қорларын иемденіп отырған Қазақстан, АҚШ мүдделерінің ауқымынан шығуы
мүмкін емес. Каспий энергетикалық жобаларының ауқымы кең, онда әлемнің
түрлі елдерінің ең ірі компаниялары қатысуда, соның ішінде американдықтар
да бар. Бұдан бөлек, іскерлік топтар арасында АҚШ энергетикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қазақстандық мұнай орасан зор рөл атқарады
деген пікір айтылуда.
Қазіргі замандағы мұнай мен саясаттың тығыз байланыста болуы
американдық сыртқы саясатта мұнай мәселесінің, соның ішінде Қазақстанмен
қатынастардың басымдылығын белгілейді.

Сауда – экономикалық қатнастар

Қазақстанда оның сыртқы экономикалық байланыстарын ойдағыдай дамыту
үшін қолайлы ағышарттар жасайтын жағдайлар бар. Оларға саяси тұрақтылық,
мол табиғи байлықтар, дамыған өнеркәсіп, жетерліктей білікті жұмыс күші,
біршама қолайлы геосаяси орналасқан орын, ТМД елдерінің көпшілігімен көп
тармақты шаруашылық байланыстар жатады. Осы жағдайлар сыртқы экономикалық
қатынастарды дамыту үшін шешуші фактор болып қала береді.
Республикада сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінің заңнамалық
негізі жасалған және үнемі жетілдіріп отырады. Ол халықаралық танылған
құқұқтық нормалар мен құжаттар базасына (кедендік даму жөніндегі кеңес
шеңберінде талап – белгіленген Бас келісім БСҰ келісімдерін дамыту үшін
қабылданған ГАТТ нормалары мен ережелері).
Сыртқы сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан сыртқы сауданы мемлекет
тарапынан қатаң бақылаудан едәуір ырықтандыруға дейінгі жолдан өтті.
Республикада сыртқы сауданы едәуір ырықтандыру жүргізілді:
• Тауарлар экспортын квоталау жойылды;
• Лицензияланатын өнім тізбесі қысқартылды;
• Барлық тауарларға (бидай, мұнай, газ және түсті метелдардан
басқасына) экспорттық баж алымдары жойылды;
• Кеден және салық жеңілдіктерін беру практикасы жойылды;
• Арнаулы экспортшылар, кез келген тауарларды экспорттау институтты
таратылды;
• Бірқатар еркін экономикалық аймақтар құрылды;
• Нашар дамыған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықараылық қатынастар жүйесіндегі АҚШ-тың рөлі мен орны
Қазіргі кезеңдегі ақш-ң сыртқы саясатының концептуалдық негізі
Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастары: жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері
АҚШ-тың ОА аймағындағы сыртқы саясатын кешенді зерттеу
Г. Киссинджер:тұлға әрі саяси қайраткер
Орталық Азия мемлекеттері НАТО-ның қызығушылығын арттыруына байланысты мәселелердімен ашып көрсету, оны әскери-саяси тұрғыдан танып білу
НАТО ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫ
ӘСКЕРИ ӘРЕКЕТТЕН КЕЙІНГІ ИРАК ЖАҒДАЙЫ
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсерін көрсету
Пәндер