ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
I-тарау. ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНА ДЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ 6
1.1. Ұлы державалардың позициялары 6
1.2 Соғыстың дипломатиялық дайындалуы. Меньшиковтың миссиясы 11
II-тарау. ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ 15
2.1 Соғыстың басталу себептері мен алғышарттары 15
2.2 Дунай, Қара теңіз бен Кавказдағы орыс - түрік қақтығыстары (1853-1854
жж.) 18
2.3 Қырым соғысының жаңа кезеңі. Англия мен Францияның соғысқа араласуы
19
III-тарау. ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ. ПАРИЖ БЕЙБІТ КЕЛІСІМІ 25
Қорытынды 30
Пайдаланған әдебиеттер 32

Кіріспе

1853-1856 жж. Қырым соғысының халықаралық қатынастар тарихында алатын
орыны ерекше. Қырым соғысы Осман империясы мен Ресейдің дамуына, тарихына
үлкен әсер еткен XIX ғасырдың маңызды халықаралық оқиғалардың бірі.
Тақырыптың өзектiлiгi. Соғыстың басталуы, өріс алуы мен аяқталуы
жөнінде айтар алдында соғыс қандай дипломатиялық жағдайда туғаны жөнінде,
Батыс Еуропа мен Ресейде бұл мәселеге қандай көзқараста болғаны және қандай
мақсат ұстағаны жайлы айтып кету керек деп ойлаймын. Бұл кіріспеде, негізгі
бөлімде қарастырылып өткен мәселелерге және Қырым соғысын зерттеген
тарихшылар, ғалымдардың еңбектеріне қысқаша шолу жасалады.
Негізінен Қырым соғысының басталуына себепші болған орыс патшасы -
Николай I екені сөзсіз. Патша соғысты өзі бастап, өз елінің даму жағынан
артта қалғандықтан, дипломатияда, мемлекеттік басқаруда және әскери
ұйымдастырудағы әлсіздігіне байланысты өзі-ақ соғыста жеңілген еді. Алайда
соғыс тек патшалық Ресей жағынан агрессивті болған жоқ, өйткені Қырым
соғысы Англия мен Францияның жаулап алушылық жоспарларының, державалардың
нағыз саяси келбеттерінің ашылған кезі еді. Дегенмен, бұл елдердің
ағылшындық А. Кинглек және француз К. Базанкур сияқты тарихшылары Англия
мен Франция Қырым соғысына Түркияны Ресейдің шабуылдарынан қорғау
мақсатымен енгені жайлы жазуда. Ал орыс зерттеушілердің айтуынша екі
держава да Түркияға көмектескенде кейін бұл елдің есебінен өзін марапаттау
үшін, Ресейді Жерорта теңізінен ығыстыру арқылы бұл аймақта ықпалдарын
кеңейтуге тырысып, өз қолдарына Түркияның экономикасын, мемлекеттік
қаржысын алғысы келген деп жазуда. Бірақ екінші жағынан мүмкін державалар
шынымен әлемде тепе-теңдік сақтау мақсатымен Түркияны қорғағысы келген
шығар.
Міне, осыдан Қырым соғысы атты тақырыптың өзектілігін көре аламыз,
яғни Қырым соғысы жайлы екі жақты көзқарастардың бар болуы, басқаша
айтқанда шетел тарихшылары Қырым соғысын бір жолмен баяндаса, орыс
ғалымдары алғашқылардың тарихын жоққа шығарып, соғысты өзге жолмен баяндап,
Қырым соғысының тарихы жайлы сәйкессіздік туған еді. Осы себептен мен бұл
тақырыпты таңдап, деректер мен әдебиеттерді бір-бірімен салыстыра отырып,
сараптама арқылы Қырым соғысы атты тақырыпты ашуға тырыстым.
Негізінен Қырым соғысы тарихи жағынан жан-жақты зерттелген және бұл
оқиға жайында шетел және отандық тарихшылармен көптеген зерттеулер, ғылыми
жұмыстар жазылған. Енді өз жұмысымның тарихнамасына сараптама жасайтын
болсақ, нақты сол кезде қалыптасқан жағдайды құжаттар мен оқиғаның куәгері
болған адамдардың естеліктері арқылы ғана анықтай алатынымызға байланысты
болғандықтан біріншіден, деректерге көңіл бөлейік. Бұл жұмыста Н.Г.
Чернышевскийдің "Рассказ о Крымской войне по Кинглеку" атты дерек
пайдаланылған. Чернышевский Қырым соғысының бұрмалап жазған Кинглек пен
Базанкурдың тарихын жоққа шығарып, Англия мен Францияның саясаттары халыққа
қарсы, реакциялық сипатта болғандығын аша отырып, өз түсіндірмесін жасаған
ғалым еді. Сондай-ақ, Мартенстың "Собрание трактатов и конвенций,
заключенных Россией с иностранными державами", "Сборник договоров России с
другими государствами 1856-1917 гг". атты деректердің де бұл жұмыс үшін
маңызы зор.
Курстық жұмыстың зерттелу объектісі мен зерттелу деңгейі. Жоғарыда
айтылып өткендей Қырым соғысы жайлы көптеген әдебиеттер бар. Мысалы: Е.В.
Тарленің, А.Н. Лагоевтың және Л. Горевтың еңбектерінде көптеген маңызды
мәселелер - сол кездің халықаралық жағдайға, державалардың позицияларына,
дипломатиялық қарым-қатынастар ерекшелігі жайлы, орыс әскерлерінің
сәтсіздіктерінің себептері және т.б. сұрақтарға хабар беріледі. Солардың
ішінде ерекше көңіл бөлетіндей Тарленің Қырым соғысы жайында монографиясы
бүгінгі күнге шейін Қырым соғысы туралы ең толық ғылыми зерттеу болып
табылады.
Н.А. Дулина, И.Е. Петросян, И.Л. Фадееваның еңбектері Қырым соғысының
тылындағы Англияның Түркияға ықпал етілуі қарастырылса, Н.С. Киняпина -
соғыстағы Ресей саясатын қарастырады, В.А. Георгиева - бұғаздар мәселесін
зерттеген, ал Х.М. Ибрагимбейли - Қырым соғысындағы Кавказ және халықаралық
қатынастар тақырыбын ашқан еді, сонымен қатар В.И. Шеремет - Осман
империясы мен Батыс державалардың Қырым соғысында қарым-қатынасын
қарастырған. Ал Л.В. Бестужев, В.А. Дивин мен Н.И. Казаков Қырым соғысын
тарихнамалық жолмен зерттеген ғалымдар. Сондай-ақ, бұл жұмыстың жазылуына
А.Д. Новичевтың "История Турции" зерттеуі және де "История дипломатии" атты
еңбектің I томы маңызды болған еді.
Жұмыста тақырыбымызға қатысты зерттеулер жүргізген тарихшылар мен
саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша қарастыра отырып
соған орай кеңінен ақпарат беруге тырыстық.
Курстық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық
және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты.
Курстық жұмыстағы жалпы тарихи-салыстырмалық, тарихи-жүйелеу әдістері
пайдаланылды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде, сондай-ақ, тарих және
философияның іргелі тұжырымдары басшылыққа алынды. Тарихи оқиғаларды
баяндау кезінде саяси және логикалық бірліктің айқындамасына сүйеніп, саяси-
тарихи процестерді қарастыруда зерттеу жұмысында сыннан өткен диалектикалық
амал қолданылды.
Жұмыстың мақсаты 1853-1856 жж аралығында Қырым соғысының басталуы мен
сол кездегi соғыстың мәнiн ашу болды. Осы мақсатты орындау барысында курс
жұмысыма мынадай мiндеттер қойдым:
– 1853-1856 жылдар арасында болған соғыстың мәнiн ашу;
– Қырым соғысында болған халықаралық жағдайды көрсету;
– 1853-1856 жылдар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың мәнiн
көрсету.
Жұмыстың құрылымына келетін болсақ, негізгі бөлімі үш тараудан және әр
тарау сәйкесінше бірнеше тармақтарға бөлінген. Бірінші тарауда Қырым
соғысына дейінгі халықаралық жағдай және бұл мәселеге қатысты елдердің
позициялары қарастырылады. Екінші тарауда соғыстың басталуы, оның
себептері, соғыстың жүрісі және Еуропалық державалардың соғысқа кіріп,
соғыстың жаңа сипатқа ие болғаны қарастырылса, үшінші тарауда соғыстың
аяқталуы мен Париж конгресінің нәтижелері қарастырылған. Негізінен Қырым
соғысы тарихи және дипломатиялық жағынан өте қызықты оқиға.

I-тарау. ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНА ДЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ

1.1. Ұлы державалардың позициялары

1853-1856 жж. Еуропалық елдердің дамуына үлкен әсер еткен XIX ғасырдың
маңызды халықаралық оқиғасы, Қырым соғысы бірден туа салған жоқ. Батыс
державалар арасындағы қарама-қайшылықтар, ең бірінші Англия мен Ресей
арасындағы XIX ғасыр бойы созылып келе жатқан жанжалдар, әсіресе 30-50-ші
жылдардағы әскери қақтығыс қауіпі соғыстың басталуына әсер еткен. Бұл
жанжалдар ішінде 1831-1841 жж. шығыс мәселесін аяқтаған конвенциялар,
әсіресе 1841 жылғы бұғаздар жайлы конвенциялар болған. Негізінен 1841 жылы
13 шілде күні Англия, Франция, Ресей, Австрия, Пруссия бұғаздар жайлы
конвенцияға қол қойды. Конвенция бойынша Ресейге үлкен артықшылықтар
беретін, яғни тек қана орыс әскери кемелердің Босфор және Дарданелл
бұғаздарынан өту артықшылығы жайлы 1833 жылғы Ункяр-Искелес келісімінің
жойылуына байланысты Англия үлкен саяси сәттілікке жетті. 1841 жылғы
конвенция Ресейдің бұғаздардан еркін өту құқығынан айырғандықтан, Ресей
үшін конвенция сәтсіз болып саналды. Басқа сөзбен айтқанда, Ресейдің
оңтүстік әскери флоты Қара теңізде қамалынып қалды және Ресей жағалауларына
теңіз державалардың күшті флоттары жағынан, әсіресе Англия және Франциядан
шабуыл жасау қаупі өсті. Сөйтіп, бұғаздар жайлы конвенция шығыс мәселесін
шешпей, керісінше Ресей мен Англия арасында қарама-қайшылықтарды
жандандырды. Уақыт барысы бойынша Осман империясымен байланысты қатынастар
да қиындап кетті. Таяу Шығысқа қызығушылық танытатын Англия, Ресей,
Австрия, Франция сияқты төрт ұлы державалар ішінде Осман империясының
өміріне үлкен әсер еткен Англия мен Ресейді, әрине, Франция мен Австрияның
Англияның одақтастары ретінде Қырым соғысында алатын орны ерекше.
Ең терең экономикалық та, саяси да қайшылықтар Англия мен Ресей
арасында орын алған. Екі ұлы держава әртүрлі себептерге байланысты
территориялық экспансияға ұмтылған. Әр елге жеке келетін болсақ, ХІХ
ғасырдың орта шебінде Ресей Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда
экономикалық және саяси жағынан артта қалған феодалды-крепостнойлық ел
болған. Ресейдің ішкі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы елдің
сыртқы саясатын айқындап отырды. Егер бір жағынан Ресей "Қасиетті Одақ"
негіздеріне байланысты революциялық қозғалыстарды тек өз жерлерінде ғана
емес, басқа да одақтастардың территориясында басып жою үшін күш аямаса,
екінші жағынан тауар-ақша қатынастардың дамуына байланысты Ресейдің
дүниежүзілік нарыққа деген тәуелділігі арта бергендіктен, Ресей жаңа нарық
үшін ұлы державалармен белсенді күресе бастады. Сөйтіп, мақсаттарына жету
үшін, нарықты кеңейту үшін, Ресей ұлт-азаттық көтерілістерді қолдап отырды.
Ресейдің ең үлкен бәсекелес елі - Англия еді.
Англия -Үндістан, Қытай жерлерінде отарлау саясатын жүргізіп, Таяу
Шығыс, Кавказ, Закавказьеге қызыққан әлемде экономикалық жағынан ең күшті
дамыған ел. Англияның негізгі мақсаттары: сауда үшін нарықты кеңейту,
бәсекелестік қауіп төнген жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа
шикізат қорларын - отарларды өзіне қосу еді.
Франция Англияны отарлық - сауда экспансия жағынан қуып жетуге
тырысқан. Ғасырлар бойы Франция Осман империясымен саяси және экономикалық
байланыста болды. Алайда 1789-1794 жылдардағы революциядан кейін және
Наполеон I және Александр 1-ның Тильзиттегі қастандығының нәтижесінде
Францияның Түркиядағы беделдігі, ықпалы төмеңдеді. Осыған орай Францияның
басты мақсаты: өз беделін көтеру, Англияның Түркияда ықпалының артуын
болдырмау.
Ал Австрия үшін Ресейдің әлсіреуі өзінің Балқанда позицияларының
күшеюі деген сөз еді. Ресейге агрессиялықпен қараған Пруссия Ресейді
Прибалтикадан ығыстыруды армандады, ал Швеция 1808-1809 жж. Орыс - швед
соғысынан кейін Ресей қол астына өткен Финляндияны қайтарғысы келді.
Жоғарыда айтылып өткен ұлы державалардың мақсаттары, саясаттары жанжал
орталығы - Шығыс мәселесі, яғни Осман империясына ықпал ету аймақ мәселесі
төңірегінде шоғырланды.
Николай I жас кезінен-ақ Осман империясын жойып жіберуге немесе
толығымен өзінің ықпалына алуды мақсат еткен. Тіпті ол соңғысына
Адрианополь және Ункяр - Искелес келісімдері арқылы қол жеткізгендей болды.
Алайда Николай I-нің осындай саяси жеңістері Еуропа державаларының үрейін
туғызып, олар бірлесе 1841 жылы Түркияның тәуелсіздігін қорғауды дұрыс деп
шешкен. Осылай Түркия үшін жан-жағынан, әсіресе ұлы державалар жағынан
қауіп төне бастады. Бұл жағдайда Түркия үшін ең тиімді жол өз күшімен,
реформалар арқылы мемлекеттік құрылысты нығайту еді. Дегенмен, алғашында
Рашид-паша бастауымен 1839 жылы жаңа сұлтан Абдул - Меджид "Гюльханейлік
хатти -шерифты" жария етіп, салық жүйесін, әскери қызметті жаңартып, сот,
аймақтық кеңестер ұйымдастыру арқылы белгілі табыстарға жеткен еді. Осындай
жолмен өзгеріп келе Түркия бірнеше жыл ішінде күшейіп, кез-келген ұлы
державаға жалғыз өзі-ақ тұра алар еді. Сондықтан Николай I Түркияға уақыт
та, мүмкіндік те бергісі келмей, ішкі істерге араласа бастады, оның негізгі
қаруы Осман империясындағы христиандар және оларды қорғау ниеті. Сонымен
қатар, сол кездің өзінде-ақ Англия мен Францияның капиталдары Түркияға
еніп, державалардың бұл аймақта күшейгені байқалған. Экономикалық жағынан
артта қалып, бұл жол арқылы Таяу Шығыстан Англия мен Францияны ығыстыра
алмайтындығын түсінген Николай I XIX ғасырдың 30-40 жж. Түркияны Англиямен
ықпал ету аймақтарына бөлуді ұсынған. 1853 жылы 9 қаңтар күн Елена
Павловна, ұлы княгиняның кешінде Николай I Гамильтон Сеймурмен Түркияны
бөлу жайлы алғаш рет әңгіме бастайды. Бұл әңгімені 1853-1856 жж. Қырым
соғысының саяси тарихының басталуы деп те айтуға болады. Патша Түркия -
"ауру адам" екендігін белгілеп өтеді. Николай I, егер Ресей мен Англия
ортақ келісімге келетін болса, басқалар не істейтіндігі ол үшін бәрібір
екендігін, Константинопольге ешбір ел енбейтіндігін, тіпті Ресейдің өзі
қожайын емес, уақытша күзетші болатындығын, ал егер де Молдавия, Валахия,
Сербия, Болгария, Ресей протекторатына өтсе, Ресей Англияға Египет пен Крит
аралының өтуіне қарсы болмайтындығын айтып өткен[1].
Бес күн өтісімен Сеймур Николай І-мен алғашқы әңгімеде айтылып өткен
мәселені талқылау үшін шақырылады. 14 қаңтар күні - екінші, 20 ақпан күні -
үшінші, 21 ақпан күні - соңғы және төртінші сұхбаттар өтеді. Негізгі мәні:
Түркияны өзара бөлу мәселесі еді.
1853 жылы 9 ақпан күні Лонданнан Ресей үшін жағымсыз жауап келді, яғни
ағылшын үкіметі патшаның ұсынысын қабылдамады.
Бұл жауаптың негізгі себебі: Англия Ресейдің Шығыстағы саясатына
сенбеушілікпен қарады және патшаның Осман империясы жақын арада құлайтыны
жөнінде көзқарасын қолдамай, патшаның Костантинопольды уақытша болса да
иемденуіне қарсы болған. Сондай-ақ, Англия мен Ресей арасындағы келісімдер
Франция мен Австрияның күдіктерін тудырғызып, ал бұл сәйкесінше елдердің
арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауына әкелер еді.

Англияның қарсы жауабынан кейін патша алдында екі жол тұрған:
Біріншісі жоспарын кейінгіге қалдыру болса, екіншісі жалғыз жауға қарсы
шығу.
Егер Австрия мен Франция Англияны қолдап, оның жағына шығатын болса,
Ресей бірінші жолды талдар еді, ал кері жағдайда одақтастарсыз Англия
Ресейге қарсы шықпайтындығын түсінген патша екінші жол таңдап, жалғыз жауға
аттанар еді. Соңында патша екінші жолды тандады.
Бұл жолды қалауда және 1853 жылғы Николай I-нің Англияға деген
ұсынысында үш үлкен қателіктер байқалды:
Біріншіден, патша 1848-1851 жж. төңкерістерден кейін Франция әлсіз
болғандықтан және жаңа император қауіпсіздігімен тәуекел етпейтіндігіне
сенген патша Францияны бірден ойыннан шығарып жіберді.
Екіншіден, ағылшын елшісі Сеймурдың Австрия жөнінде сұрағына Николай I
Австрия менімен біртектес және ол қарсылық көрсетпейді деп жауап берді. Бұл
ел де алдын ала ойыннан шығарылып жіберілген.
Үшіншіден, патша оның ұсынысы Англиямен қалай қабылданатынын дұрыс
елестете алмады, өйткені ағылшын ханшасы Викторияның Николай І-ге деген
жылы ниеті және қарым-қатынасы патшаның ойын үнемі шатастырған. Тіпті
өмірінің соңына дейін патша ағылшын дипломатиясын, конституциялық теориясын
және тәжірибесін түсінбеген.
Осындай қате жолды тандаудың негізгі себебі: Ресейдің сол кезде қызмет
етіп жүрген елшілердің, Кисилев (Париж), Бруннов (Лондон), Мейендорфтың
(Вена), патшаға қалыптасқан жағдайды дұрыс түсіндірмеуі, тарихи факттарды
бұрмалап, не көргенін емес, патша не көргісі келетінін баяндамаларында
жазғандықтары.
Луи-Наполеонмен "қасиетті жерлер" жайлы жанжалдың пайда болуы патшаның
қалыптасқан жағдайға байланысты сәлде болса да көзін ашты. Көптеген
ғасырлар бойы Франция мен Осман империясы тығыз саяси және экономикалық
қарым-қатынаста еді. Алайда Ресейге қарсы бағытталған провокация негізінде
Луи-Наполеон "қасиетті жерлер" мәселесіне Ресейге бәсекелес ретінде араласа
бастады. Негізінен бұл мәселе 1850 жылы пайда болып, 1851 жылы күшейіп, ал
1852 жылы әлсіреп, дегенмен, 1853 жылы жаңа күшімен тарихқа енген оқиға.
"Қасиетті жерлер" - христиан дінінің пайда болуымен, Иисус Христостың
және оның апосталдардың жердегі ғұмырымен байланысты христиандық діни
ескерткіштер. Он екі "қасиетті жерлер" Иерусалимде, ал қалғандары
Вифлеемнің маңында орналасқан. Орта ғасырлардан бастап "қасиетті жерлер"
алты христиандық: грек-православтік, римдік-католиктік, армяндық, сириялық,
копттік, эфиоптік, діни ағымдардың ортақ қолдануында болған. ХІ-ХІІІ
ғасырларда "қасиетті жерлер" католиктік шіркеудің қол астына өтті. Ал 1516
жылғы Селим I-нің Сирия мен Палестинаны жаулап алуынан кейін "қасиетті
жерлер" Түркияға өтіп, бұл жерлерге қатысты жанжалдар да Түркияға мұра
ретінде қалды. Сөйтіп, 1850 жылы 28 мамыр күні Константинопольдегі француз
елшісі "қасиетті жерлерді" пайдалануға Францияға артықшылық беруді Портаға
ұсынды, басқаша айтқанда 1740 жылы Түркия растаған "қасиетті жерлерде"
католик шіркеуінің құқығы мен артықшылығын жаңартуға ұсыныс жасады. Бірден
орыс дипломаттар жағынан келіспеушілік пайда болды. Ресей Кучук-Кайнарджи
бейбіт келісімі бойынша провославие шіркеуінің артықшылығын талап етті.
Түркия Францияның ұсынысын жауапсыз қалдырғанымен, 1740 жылғы Түркия мен
Франция арасындағы католиктік шіркеуге артықшылық беретін келісімді жоққа
шығарған жоқ. Сөйтіп, Порта екі от арасында қалған еді. Мәселені тез арада
шешу мақсатымен Порта "қасиетті жерлерді" ортақ католиктер мен
протестанттар қол астына беруді ұсынды, алайда бұл ұсыныс бірден
француздармен де, патшамен де қабылданбады. Егер алдыңғы уақытта пайда табу
мақсатымен Порта біресе бір елді қолдап, келесіде басқасын қолдап отырса,
енді қорыққанынан ғана ортақ өзара тиімді шешімге келгісі келді.
1852 жылы 30 қаңтар күні патшаның ықпалымен "қасиетті жерлерде"
православие шіркеуінің протектораты орнады. Алайда католиктер де өздерінің
көптеген талаптарын Портаға орындатқызды. Негізінен Луи-Наполеон үшін де,
Николай I үшін де шын мәнінде "қасиетті жерлер" ешқандай нақты қызығушылық
тудырғызған жоқ.
Мәселе әрбір елдің ұстанған мақсатына байланысты еді: Францияның
негізгі мақсаты континенталды одақты ыдырату, державалар арасына от салу,
яғни "қасиетті жерлер" арқылы Англия, Австрия мен Ресейді бір-бірінен
ажырату. Ресейдің мақсаты "қасиетті жерлер" арқылы Түркиямен ұрысу себебін
табу. Сондай-ақ, православие шіркеуін қорғау арқылы үнемі Түркияның ішкі
істеріне араласу мүмкіндігін алу.
Сонымен, Николай I өзінің жоспарларына толық сенген: Наполеон III
Түркия үшін соғыспайды. Австрия Ресейге қарсы шықпайды, ал Англия Австрия
мен Францияның көмегінсіз ештеңе істей алмайды деп сенген. Сөйтіп, патша
Түркияға шабуыл жасауға дайындалып, бірақ алдымен дипломатиялық шабуыл
жасауды көздеген еді.

1.2 Соғыстың дипломатиялық дайындалуы. Меньшиковтың миссиясы

Түркияны бөлу туралы патшаның ұсынысына ағылшын үкіметінің суық
жағымсыз жауап беруі Николай І-нің соғыс талпыныстарын суытқан жоқ және ол
артықшылықтар алу мақсатымен Портаға қысым ету үшін Константинопольге елші
жібереді. Патша миссияның басына князь Александр Сергеевич Меньшиковты
тағайындайды. Меньшиковқа Портадан келесі пункттерді талап етуге бұйрық
етілді: 1852 жылғы Ресей мен Түркия арасындағы православие шіркеуінің
құқықтары туралы келісімінің (Түркияның Франциямен құпия келісім қабылдану
нәтижесінде) орындалмауы жайлы мәселені шешу. Вифлеем храмдарында
православие шіркеуінің иемдену құқығын қалпына келтіру. 1852 жылы 30
қаңтардан кейін католиктерге жасалған артықшылықтарды жою. Болашақта
православиялық шіркеудің құқықтары бұзылмайтындығына кепілдік алу[2].
Николай I Меньшиковтың миссиясынан үлкен үміт күткен, өйткені елшінің
Константинопольге келудің алдында Түркия Австрияның Черногориядан түрік
әскерлерін алып кету талабын орындады. Алайда Австрияның мақсаттары
Ресейден өзгеше еді. Австрия Черногорияны алғысы келмеді, ол тек Австрияның
бұл аймақпен шектесетін территорияларының қауіпсіздігін ойлаған, ал Ресей
православиялық шіркеудің өкілдері бар аймақтарда Түркияның тұтастығына,
егемендігіне нұқсан келтіруші еді. Меньшиков Николай I қойған талаптарды
орындау үшін сұлтанмен ерекше конвенция негізінде актке қол қоюы тиіс еді.
Акт келісім күштеріне ие болуы тиіс және православие шіркеуінің құқықтарын
қорғау керек. Сонымен қатар, Меньшиковқа сұлтанға құпия "француз үкіметінен
қорғанушы" одақты ұсынуға бұйрық берілді. Порта бұған келіскен жағдайда
патша құрбандыққа барып, Түркиядан православие шіркеуінің артықшылықтарынан
басқа міндеттердің орындалуын талап етпейді.
Портаға Меньшиковтың ұсынысын талқылауға үш күндей уақыт беріліп, және
де уақыт бітісімен Порта келіспесе, Николай I өзінің жылы ниетін ашуға
аударып, Константинопольден елшілікті шақырып алуға мәжбүр болады.
Меньшиковқа бірден миссия соғыспен аяқталса да, оны ешкім
кінәламайтынын анық білдірді.
1853 жылы 28 ақпан күні Меньшиков көмекшілерімен Константинопольге
келді. Меньшиковты Түркияда үлкен құрметпен қарсы алған еді, алайда елшінің
өзін-өзі ұстауы жағымсыз еді, өйткені ол бірден "қасиетті жерлер"
мәселесінде француздарды қолдаған сыртқы істер министрі, Фуад-эфендимен
келіссөз жүргізуден бас тартты. Сұлтан Меньшиковқа жарайтын бірден Рифаат -
пашаны тағайындады. Меньшиков үш нота негізінде (16, 22, 24 ноталар)
келесі нақты шарттарды Портаға қойды:
Православиялық шіркеудің барлық құқықтарына кепіл болатын келісімге
келу;
Патшаның ұсынысымен Портадан тәуелсіз болатын грек-православие
патриархын өмірінің соңына дейін тағайындау;
10-12 миллионға жететін православие шіркеуінің өкілдеріне Портамен
Ресейдің қамқорлығын тану;
Түркияның келісімі сұлтанның жай жарлық сипатында емес, халықаралық-
құқықтық міндет ретінде қалыптасуы үшін фирманмен емес, сұлтанның сенедымен
расталуы тиіс еді.
1853 жылы 24 (12) наурыз күні Меньшиков сұлтанға Николай I-мен
жасалған конвенцияны ұсынды. Бұл құжат бойынша Николай "екінші түрік
сұлтанына" айналар еді, басқаша айтқанда конвенция Түркияның
тәуелсіздігімен сиыспайтын нәрсе.
Прут бойында, орыс-түрік шекарасында орыс әскерлерінің шоғырлануы мен
Меньшиковтың агрессивті талаптарынан сұлтан қатты шошынды, дегенмен, сұлтан
ағылшын өкілінен - полковник Роузден, француз өкілінен - Бенедеттиден көмек
сұрайды. Олар бірден өз елдеріне қалыптасқан жағдайды баяндап, елшілердің
оралуын талап етеді. Роуз Жерорта теңізінде ағылшын флоттың басшысына
тұрақты Мальта аралынан кетіп, Дарданеллаға жақындап, Безик бухтасында
орналасуға, ал Портаға келіссөздерді ағылшын және француз елшілері келгенше
созуға ұсынады. Рифаат - паша берілген кеңесті орындаған еді. 1853 жылы 5
сәуір күні Константинопольге Түркиядағы орыс ықпалының және Николай I-нің
жағы ағылшын елшісі ретінде Стрэдфорд - Каннинг келді. Ол өз заманының өте
ақылды, тәжірибелі елшісі болатын. Екі күннен кейін Каннингтің француз
коллегасы Делакур келген, алайда оқиғаның ары қарай өрбуіне негізгі әсер
еткен Стрэфордтың қызметі еді. Дәл осы кезде Лондонда өзгерістер орын алған
еді: сыртқы істер хатшысы қызметінен лорд Россельдің кетуінен кейін Эбердин
кабинентіне лорд Кларендон кірді. Петербург бұл әрекетті жылы ниет деп
түсінді, алайда Кларендон Стрэдфорд үшін Константинопольде үлкен мүмкіндік
берген. Стрэдфорд бірден істі соғыстың басталуына бағыттады.
Ұзақ уақыт бойы Портамен алданып келе жатқан тиянақсыз, өзімшіл
дипломатияда дилетант атанған Меньшиков ағылшын елшісімен теңесе алмады.
Меньшиковты алданғаны туралы сол кездегі Жомини деген елшінің айтуынша:
"Меньшиков ұзақ уақыт бойы нақты жауап ала алмады, өйткені уақыт ұсынысты
жан-жақты талқылауда өткендей болды", негізінен уақыт Еуропадан елшілер
келгенше арнайы созылған еді.
Стрэдфорд Меньшиковтың қылықтарынан оның негізгі мақсаттарын айқындап
алады. Сондықтан елші Портаға Меньшиковтың "қасиетті жерлер" жайында барлық
талаптардың орындалуын талап етті, өйткені Меньшиковтың Константинопольге
келуінің мақсаты өзге болғандықтан, мұнымен ол қанағаттанбай агрессивті
сипаттағы талаптарды қоя бастайды және бұл кезде Англия мен Франция
Түркияны қорғау мақсатымен іске араласатын еді. Бұл негізінен Стрэдфордтың
үлкен дипломаттық шеберлігін, Меньшиковтың дәрменсіздігін көрсетеді.
Стрэдфорд пен Делакур Портаға көмек беретіндігін уәде етті және
Николай I мен Меньшиковтың талаптарын орындамауға кеңес берген. Порта бұл
кеңеске келісіп, 10 мамыр күні ультиматум негізінде Меньшиковтың Портадан
жауап сұрағанына патшаның ұсынысы қабылданбайтындығы жөнінде Рифаат - паша
Меньшиковқа достық сипатта нота жібереді. Ал 1853 жылы 17 мамыр күні
Мұстафа Решид-паша бастауымен Жоғарғы кеңес жиналысы өтті. Бұл жиналысқа 46
мүше қатысып, патшаның ұсынысы дауысқа салынып, нәтижесінде 43 мүше қарсы
және тек 3 ғана ультиматумның қабылдануы үшін дауыс берді. Жиналыстың
қорытындысына сәйкес Меньшиковтың ұсынысы қабылданбады[3].
Рифаат - пашаның нотасы Меньшиковтың наразылығын тудырды. Мұны
пайдаланған Стрэдфорд Ресей үшін дос болып келген Рифаатты жау етіп, оған
қарсы Меньшиковты қойған еді. Тіпті соңында ағылшын елшісі Ресейдің нағыз
жауы, қарсыласы болған Решид - пашаны сыртқы істер қызметіне тағайындауға
және Англия соғыс жағдайында сұлтан жағына шықпайтындығына Меньшиковты
көндірді.
Сөйтіп, Меньшиковтың миссиясы толығымен сәтсіздікке ұшырады. Меньшиков
Портамен қарым-қатынас үзетінін жариялап, 1853 жылы 21 мамыр күні
Константинопольден Одесса жаққа аттанды.

II-тарау. ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

2.1 Соғыстың басталу себептері мен алғышарттары

1853 жылы 28 мамыр күні Николай I-ге Одессадан Меньшиковтың курьеры
келіп, патшаға Меньшиковтың миссиясы сәтсіз аяқталғандығы жайлы және сұлтан
протекторат жөнінде ұсынысты қабылдамағаны туралы хабарлады. Бұл жағымсыз
жаңалықты патша өзіне деген сыйламаушылық: "Мен өз бетімде сұлтанның қолын
сезудемін" – деп айтты. Мұндай келеңсіздік үшін жау жазаланатындай соғыс
ашу керек деп жауап берді. Варшава князіне, И.Ф. Паскеевичке келесі күні
жазылған хатында патша Түркияға қарсы бағытталған әрекеттерге - орыс
әскерлерінің Молдавия мен Валахияға кіргізетінін жариялады. Алайда Ресей
Дунай княздықтарына кіріп, нақты әрекеттерге барудың алдында соғысты
бастауға ынталы еместігін көрсету мақсатымен, түріктерге соңғы рет
талаптарды қойып, сегіз күнді талқылау үшін берді. Егерде жауап қарсы
болса, Николай Түркияға қарсы соғыс бастайды деп шешілді.
1853 жылы 31 мамыр күні Ресей түріктердің сырқы істер министріне Решид-
пашаға жоғарыда айтылып өткен хаттың мазмұнындай нота жібереді. Нота
бойынша орыс әскерлері келесі бірнеше апта ішінде империяның шекарасына өту
үшін бұйрық алады. Бұл әрекет соғыс мақсатымен емес, Константинопольдегі
өкілдер және патшаның елшісі арқылы екі жыл бойы сұралған талаптарды Порта
орындамағанша материалды кепілге ие болу үшін. Нотаның соңғы бөлігінде
айтылып өткен: "Меньшиков ұсынған жоба Сіздің қолыңызда. Сіздің үкіметіңіз
бұл нотаға өзгертпей қол қою үшін сұлтаннан келісім алып, тез арада
Одессада орналасқан біздің елшімізге жіберсін. Тез арада әрекет ету керек".
Демек, Николай I және оның үкіметі қайтадан Меньшиков ұсынған келісімнің
қабылдануын талап етті. Алайда Порта қайтадан 16 маусым күні ультиматумды
қабылдамай қойды. Келесі күні орыс елшілігінің кеңесшісі, Балабин және
басқа қызметкерлер Константинопольден елдеріне шақырылып алынды.
1853 жылы 25 маусым күні Петербургке Порта соңғы ультиматуды
қабылдамай қайтарып жібергені белгілі болды. Келесі күннің өзінде Николай I
Бессарабияда орналасқан әскер басшыларына Прут өзенін өтіп, княздықтарды
оккупациялау бұйрығын беріп, манифест жариялады. Бұйрық 1 шілде күні әскер
басшыларына жетіп, 2 шілде күні әскер Молдавияға кіріп бұйрық орындала
бастады. Ресей мен Түркия арасындағы дағдарыстың барысында Николай және
оның үкіметі үлкен қателіктер, әсіресе Англия, Австрия, Пруссия, Франция
мен Портаның саясаттарын бағалауда қателіктер жіберіп отырды. Алайда сол
уақыттың өзінде Англия мен Франция Меньшиковтың ультиматумына күдікпен
қарап, Ресей үшін қауіпті әрекеттерге атанған. Ресей Портамен қарым-қатынас
үзгеннен кейін ұлы теңіз державалары өздерінің әскери теңіз эскадраларына
тұрақтанған аймақтан Дарданелл бұғаздар маңына жақындауға бұйрық береді.
1853 жылы 13 маусым француз, ал 14 маусым күні ағылшын эскадрасы бұл
аймақта тұрақтанды. Алайда Франция мен Англияның әскери әрекетін Николай
дұрыс түсіне алмады. Батыс державаларында қалыптасқан жағдайды елшілердің
дұрыс түсіндірмеуі патшаның көптеген қателіктерінің, сондай-ақ Ресей тек
қана Түркиямен соғысатыны туралы жалған ойлардың себепшісі болды. Англия
мен Франция Дарданелл бұғазына жақындап эскадраларын орналастырғанымен,
патшаның княздықтарды оккупациялау ниетіне ресми қарсылық білдірмеді. Олар
тек Ресей үкіметіне бағытталған орыс әскерлерімен княздықтарды оккупациялау
әрекеті еуропалық тепе-теңдік принципін және 1841 жылғы Осман империясының
тұтастығы жөнінде конвенцияны бұзатындығын жария етті. Іс жүзінде Англия
мен Франция екі жақты саясат жүргізді, өйткені олар Николай I-нің олардың
саясатын бағалауда қате ойлармен соғысқа одан әрі араласуын, әлсіреуін
мақсат етті. Сонымен қатар, олар орыс-түрік соғысын бейбіт жолмен шешуге
тырысқанын жалған көрсеткен. Англия мен Францияның негізгі қойған мақсаты
орыс әскерлерін княздықтардан шығару, Түркияның да талабы сәйкесінше
болған. Порта Ресейдің әрекетін соғысқа деген алғышарт деп түсінді.
Николай I және оның үкіметі Портаның талабын қабылдамады, ал
Нессельродтың 1853 жылғы 1 шілдедегі нотасында Ресей сұлтан патшаның
талаптарын орындағаннан кейін және француз, ағылшын эскадралары түрік
суларынан кеткен жағдайда ғана княздықтардан әскерін шығаратындықтары
жайлы айтылған.
Күннен-күнге жағдай қиындап бара жатты, сондықтан 1853 жылы қыркүйек
айында Австрияның ұсынысымен Англия, Франция, Австрия мен Пруссия
қатысуымен Венада державалар конференциясы шақырылған. Австрияның бұл
ұсынысынысының негізгі себебі Австрия Балқандағы соғыстармен қатар жүретін
тек түрік славяндарының арасында ғана емес сонымен қатар австриялық
славяндардың ұлт-азаттық қозғалыстарынан қорыққан. Конференция Ресей
үкіметіне арналған түрік нотасын қабылдады. "Келісу нотасы" Түркия мен
Ресей арасындағы дағдарысты бейбіт жолмен шешудегі негізгі құрал болуы тиіс
еді. Нотаға сәйкес сұлтан Кучюк - Кайнарджи және Адрианополь келісімдері
бойынша православие шіркеуінің құқықтары мен артықшылықтарын толықтай
қамтамасыз етіуі тиіс.
Николай I веналық нотаның мазмұнымен келісті, алайда патша сұлтаннан
қабылдау және сұлтан нотаға келіспесе, Ресейдің қолы бұл проектімен
байланбайтындығын шарт етті. Николай I алдын ала білгеніндей болды, өйткені
Түркия, бұл құжат Түркияның егемендігіне қайшы келеді деп, нотаны
қабылдамайды. Патшаға Түркияда православиялық шіркеу өкілдерінің қамқоршысы
болу мүмкіндігінен айыратын Түркия өз гарантарын ұсынады. Петербург
кабинеті өз жағынан Портаның ұсынысын қабылдамайды және конференция
қатысушыларынан Портаны Вена нотасын қабылдауға сендіруді талап етеді.
Англия мен Франция, сондай-ақ, Австрия мен Прусия бұл ұсынысты орындауға
келіспейді. Сөйтіп, Порта патшаның басты талабын орындамай қалыптасқан
жағдайды одан әрі шиеленістіріп, Ресеймен салыстырғанда барлық жағынан
әлсіз екенін түсіне отырып, жағдайды соғысқа итермеледі. Портаның осындай
тәуекелге барудың себебі неде болған? Бұған бір ғана жауап бар: Англия,
Францияның, сондай-ақ, Австрияның көмектері еді.
Бұл кезде орыс әскерлері уақыт кетірмей Молдавия мен Валахияны
толығымен оккупацияға ұшыратқызды. Жауап ретінде екі ағылшын және екі
француз әскери кемелері Безик бухтасынан шығып Дарданелл бұғазында
тұрақтады. Бұл әрекетімен Англия мен Франция Түркияға көмектесетіні жайында
Ресейге анық білдірді. Порта өз жағынан державалардың көмегін сезе отырып,
орыс әскерлерінің княздықтардан кетуін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырым соғысының басталуы
Ұлы отан соғысының негізгі кезеңдері
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы туралы
Шамиль Шешен мен Дағыстан жерінің бас имамы
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы
Қазақстан Ұлы Отан Соғысы жылдарында. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеуі және қайта құруы
Осман империясының құрылуы
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Пәндер