ОРЫС - ЖАПОН СОҒЫСЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе 3
I ТАРАУ. XX ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚИЫР ШЫҒЫСТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ 7
1.1 Орыс-жапон соғысының алғышарттары 7
1.2 Ағылшын-Жапон одағының құрылуы 12
II тарау. ОРЫС-ЖАПОН СОҒЫСЫ 16
2.1 Орыс-жапон соғысының басталуы, барысы 16
2.2 Соғыстың аяқталуы. Портсмут бейбiт бiтiмi 24
Қорытынды 27
Деректер мен әдебиеттер 30
Сiлтемелер: 31

Кiрiспе
Курс жұмысының өзектiлiгi орыс-жапон соғысының тарихтағы ролiнiң
маңыздылығынан туындайды. Соның нәтижесiнде, елдердiң өз басынан өткерген
соғыс зардаптары мен қоғамдық-саяси өзгерiстерiне ұшырауын атап көрсету.
Сонымен қатар, XIX ғ. аяғы – XX ғ. басы жетекшi капиталистiк елдер үшiн
индустриалдандыру негiзi ретiнде ауыр өнеркәсiптiң жедел дамуы кезеңi
болғанын атап кетiп, осының негiзiнде шетелдермен қарым-қатынасын айқындау.
Осы тұрғыдан алғанда, екi елдiң халықаралық жүйедегi орын алуымен үлкендi-
кiшiлi шетелдiк мемлекеттермен белсендi қарым-қатынасын орнату саясатымен,
белсендi саясатқа өзiнiң сыртқы саясатымен әсер етуi.
Қарастырылып отырылған тақырыптың осындай өзектiлiгi, саяси және
тәжiрибелiк маңыздылығы оны ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралау талабын қояды.
Осы үрдiсте тақырыпты зерттеудiң мақсаты: орыс-жапон соғысының
басталуының тарихи алғышарттарының қалыптасуы мен барысын зерттеу, қамтып
отырған жерлерiн анықтау, жалпы ерекшелiктерiн саралау.
Мұндай зерттеудiң маңыздылығы барысында елдердiң бiр-бiрiнiң
экономикалық, саяси дамуындағы мақсаттарға жетуiнде тигiзетiн әсерiн
күшейтудiң нәтижесiнде байқауға болады. Курс жұмысының алдына қойған
осындай мақсатына жетуде төмендегiдей мiндеттер орындалуы тиiс деп
қарастырдым:
1. Қиыр Шығыстағы халықаралық жағдайдың ретроспективаларын саралап,
Ресей мен Жапонияның өзара таныстығы сол жылмен шектелмейтiнiн, оның
белгiлi бiр сабақтастығының бар екендiгiн көрсету
2. Ресей мен Жапонияның екi жақты байланыстардың қалыптасып,
мүдделерiнiң өзара үйлеспей отырғандығын негiздеу
3. екi елдiң саяси сферасындағы өзара түсiнiспеушiлiк қалыптасуының
себептерiмен, соның нәтижесiнде келiсiмдiк-құқықтық негiзiнiң жасалу
процесiн саралау
4. Соғыстың жалғасуына, келiсiмге келуге әсер еткен себебiн көрсету
- Осындай мiндеттердiң орындалуы курс жұмысының мақсатының төмендегiдей
екi негiзгi құрамдас бөлiгiнiң iске асырылуына мүмкiндiк бередi.
1. XX ғ. басындағы Қиыр Шығыстағы халықаралық жағдай
2. Орыс-жапон соғысы
Курс жұмысын жазуда мынадай тарихи-талдау методологиялық принциптер
басшылыққа алынды:
5. халықаралық қатынастардағы оқиғалар мен соғыстардың алғы-шарттары,
себептерi, салдары болатындығы және олардың тарихи дамуының
ықпалында болатын тарихи принцип
6. қандай да болмасын мемлекеттiң экономикалық, саяси дамуы халықаралық
жағдайдағы факторларға тiкелей тәуелдiлiгi
Сонымен қатар талдау тәсiлiн, Портсмут бейбiт келiсiмiнiң
халықаралық қатынастар жүйесiндегi мән маңызы мен қажеттiлiгiн зерттейтiн
экспликативтiк тәсiлдерiнiң iшiнде пайдалы болған контентi ретiнде алдым.
Курс жұмысының деректiк деңгейі: зерттеу жұмысы барысында маңызды
деректер қатарында В.И. Лениннiң “Империализм, как высшая стадия
капитализма” деген кiтабын қолдандым. Мұнда капитализм дамуының XIX ғ. аяғы
– XX ғ. басындағы жаңа құбылыстарды сол кездегi зерттеушiлер “империализм”
деген күрделi және көп мағыналы түсiнiкпен сипаттады. “Тарихтың содан
кейiнгi ғасырларынан толықтырылған мәнi – жерлердi, отарларды жаулап алу
негiзiнде империя құруы. XIX ғ. аяғында индустриалды елдердiң шектеулi
тобының арасында аса өткiр бәсекелестiк орын алуы. Осы арпалыстардың
негiзiнде XX ғ. басында дүниенi отарлы державалардың территорияларға бөлiп
алуы аяқталды”,- деп баяндалған
Қосымша дерек ретiнде, А.Н. Куропаткиннiң “Записки генерала
Куропаткина о русско-японской войне” атты хатын қолдандым. Онда Куропаткин
жапондықтардың бiрiншiден Порт Артурға шабуыл жасайтыны жайлы және олар
ресейлiктердiң қарсыласатынын бiлiп, Кореядағы Пеньян-Гензан аймағында
бекiнгендiгi жайлы мәлiмдеген.
Қолданған деректер негізі арасындағы “Портсмутта бекiтiлген протоколдар
жиынтығы” атты жинағының курс жұмысын жазуда үлкен маңызы болды.
Сонымен қатар, бұл курстық жұмысты жазу барысында ағылшын-жапон
одағының құрылуының тарихы жайлы А.Л. Гальпериннiң “Англо-японский союз”
атты кiтабынан мәлiметтердi алдым. Ал, Л.Н. Кутаковтың “Россия и Япония”
кiтабынан, бұрыннан қалыптасып келген екi елдiң арасындағы қарым-
қатынастары жайлы мәлiметтердi қолдандым.
Қорытындылай келе, империалистiк елдердiң сыртқы және отарлау
саясатының мазмұны адамзатты бөлшектеп, халықтың қаналуына әкелдi. Яғни,
капиталистiк державалардың дүниенi бөлiсуде күресi, империализм дәуiрi
басталуымен осы күрес жолына түскен мемлекеттердiң күшiне сәйкес тартысының
одан бетер өткiрленуi алмастырды. “Кәрi” отарлы державалар - Ұлыбритания,
Франция, Ресей өз империяларының аумағын сақтап шығып, оларды кеңейтуге
ұмтылды. Ал, өткiр бәсекеге түскен империалистiк державалар бiр-бiрiне
қарсы қарулы күш жұмсаудан тайынбады.
Империализм дәуiрiнiң келуi империалистiк сипаттағы екi соғыстың
болуымен сипатталынды – испан-американ және орыс-жапон.
“Орыс-жапон” соғысы екi тарау аумағында қарастырылады. Бiрiншi тарау
соғыс басталуының алғышарттарын ашады. Екiншi тарауда орыс-жапон соғысының
басталуы мен барысы қарастырылады.
Құрылуы: жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан,
сiлтемелерден,деректер мен әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

I ТАРАУ. XX ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚИЫР ШЫҒЫСТАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

1.1 Орыс-жапон соғысының алғышарттары
Орыс самодержавиесiнiң Қиыр Шығыстағы басып алу ұмтылыстарының
терең экономикалық және саяси тамырлары болды. XIX ғ. екiншi жартысының
басында Ресей Приморск және Амур облыстарын өзiне қаратты, ал 70-шi жылдары
Қытайға ғылыми зерттеу сылтауымен елге басып кiру жағдайларын анықтау үшiн,
офицерлер бастаған экспедиция жасақтарын жiбередi. Шикiзаты мол, арзан
жұмысшы күшi бар, бiрақ қаражатқа тапшы орыс капиталын Қиыр Шығысқа еңгiзу
кезiнде орыс самодержавиесiнiң Шығыс Азияға экспансиясы күшейдi.
Орыс самодержавиесiнiң Қиыр Шығыстағы саясатын жүзеге асыру үшiн 1902
жылдан бастап iске қосылған Сiбiр темiр жолын салу қажет болды.
Самодержавиенiң қиыршығыстық саясатына дем берушi, патша үкiметiнiң басшысы
- Витта бұл жол “мемлекеттер арасында қалыптасқан экономикалық
қатынастардың түбегейлi төңкерiсiн туғызады” деп жазған.
Орыс самодержавиесiнiң Шығысқа агрессиясы Азия құрлығында өз үстемдiгiн
орнатуға ұмтылған, өсiп келе жатқан жапон капитализмiнiң қарсылығына тап
болды. Яғни, 1894-1895 ж.ж. Жапонияның Қытайды басып алу мақсатымен соғыс
жүргiзуi. Сол кезде Жапондар Ляодун түбегi мен Порт-Артурды басып алды.
Бiрақ, Жапонияның бұл күшеюi Европа державаларының, әсiресе, Ресейдiң
жоспарына кiрмеген. Себебi, олар жапондардың Маньчжуриядағы ықпалының
өсуiнен қауiптенген. Қытайды Ляодун түбегiнен келетiн қаупiнен “қорғау”
сылтауымен, Кореяның “тәуелсiздiгiн” қамтамасыз ету мақсатымен орыс
дипломатиясы Германия және Франциямен қосылып Симоносеки бiтiмiне
араласады. Бұл, Жапонияны Азиядағы жаулап алулардан бас тартуға мәжбүр
еттi. Оның орнына Жапония орасан зор контрибуция алды және Формоза мен
Пескадор аралдарын өзiне қалдырды.
Ресей мен Жапония теңiз күштерiнiң теңсiздiгi, соңғыны Ляодун түбегiн
тазартуға мәжбүр еттi. Орыс кемелерiнiң 105 iрi калибрлi зеңбiрегiне жапон
флоты тек 70 зеңбiрек қоя алды. Мұнымен қоса, Жапония үш европалық
державалар одағына қарсылық көрсете алмады, себебi Қытаймен соғыс барысында
оның қаражаты толық бiттi.
Жапонияны ығыстырған соң, патша үкiметi бiрден басып алуларды
дайындауға көштi. Царизмнiң бұл саясаты, Германияның қолдауын тапты,
себебi, ол Ресейдiң назарын Батыстан басқа жаққа бұрып, өз қарулы күштерiн
орыс шекарасынан алып кетудi көздедi. Ал Жапон капиталы болса, Корея мен
Оңтүстiк Манчжурияда өзiнiң экономикалық жағдайын бекiте отырып, Ресейдiң
Симоносеки бiтiмiне араласуын пайдаланып, оны соғысқа үгiттеп, халық
арасында шовинистiк сезiмдi өршiтумен болды.
Жапония мен орыс царизмi Кореяда ықпал ету үшiн күресте шектен шыққан
қайтпастық танытты. Соның iшiнде, Жапон капиталистiк державасы
Кореяны Азия құрлығына ары қарай ену үшiн плацдарм ретiнде
пайдалануды ойлады. Бұдан бұрынырақ, 1876 жылы, Қытай өзiне тәуелдi
Кореяның Жапониямен дербес келiсiм жасасуына келiсуге мәжбүр болған едi.
Бiрнеше жылдан соң Жапония Кореяда терең тамыр тастай бастады. Кореяда 1904
жылда жапон қоныстанушыларының саны 30 мың адам болған кезде, Жапон ықпалын
бәсеңдету мақсатымен, Қытай үкiметi Кореяның Англия, Ресей, Германия,
Италия және АҚШ-пен келiсiм жасауына қарсылық жасамады.
Симоносеки бiтiмi бойынша Корея “тәуелсiз” деп танылды, алайда, шетел
капиталы бұл елге ықпал ету үшiн жiгерлi күрестi бастады. Англия Жапонияны
ығыстыра отырып, Корей үкiметiнде ағылшын ықпалын жүргiзетiн өз “қаржы
кеңесшiсiн” ұсынды. 1896 жылы орыс дипломатиясы ағылшын кеңесшiсiнiң
отставкаға кетуiн жүзеге асырып, өзiнiң “әскери-қаржылық” кеңесшiсiн алға
тартуы, Жапонияда жаңа мазасыздануды туғызбай қойған жоқ.
Ресейдiң Кореяға көтерiңкi қызығуы самодержавиенiң жалпы басып алу
саясатымен ғана емес, сонымен қатар Романовтардың жеке қызығушылығы,
Безобразовтың авантюралық үйiрмесi Романовтарды Кореяның зор “байлықтарын”
иемдену мүмкiншiлiгiмен және оларды патша әулетiнiң жеке меншiгiне
айналдырумен қызықтырды.
Ресейдiң Жапонияға қарағанда саясаты Англияға бағытталмаған едi. Бiрақ,
Жапон-Қытай соғысын Ресей өте тиiмдi пайдаланды. Кедейленген Қытайға
контрибуция төлеуге көмек көрсету сылтаумен патша үкiметi француз
банкирлерiмен қосылып орыс-қытай банкiн ашты. Бөл “көмегi” үшiн Ресей
Манчжурияда темiр жол салып, оны 80 жыл пайдалану концессиясын алды. Таза
банк қызметiнен басқа да, орыс-қытай банкiнiң жергiлiктi ақша шығару, салық
алу сияқты басқа да қызметтерiн атқарды.
Англияның Кореямен Қытайдағы ұстанған үлкен ықпалы мен ағылшын
буржуазиясының осы елдерге экономикалық қызығушылықтары оның өз
позициясын сақтауға мәжбүр еттi. 1885ж. Кореяда кедендiк қызметтiң
өкiлеттi қызметшiсi ағылшын болған. Ал, Кореяға әкелiнетiн импорттың көп
бөлiгi ағылшын тауары болған. Англия сонымен қатар тек Кореямен ғана емес,
Жапониямен де экономикалық қарым-қатынасқа түскен. Себебi, Ағылшын
капиталистерi өзiнiң үстемдiгiн осы аймақтарда орнатып, тең құқылы емес
келiсiмдердi жүргiзген. Жапония мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың
шиеленiсуi Англияға өзiнiң қолайсыз жағын көрсеттi. Олар тек Жапон-Қытай
одағын Ағылшын гегемониясының басқаруымен ғана құрылуын қалады. Бұл одақ
Қиыр Шығыстағы британ экономикасына қолайлы жағдайды әкелiп, Ресейдiң Тынық
мұхитындағы жағдайына қауiптiлiктi әкелетiн едi.
1887 жылы Манчжурияда темiр жол салуды бастаған патша үкiметi темiр жол
құрылысын қарауылдау сылтауымен өз әскерiн алып келiп, қытай жерiн басып
алуға бастама жасады. Келесi жылы Ресей Квантум түбегiн қаптайтын Порт-
Артур гаванiмен қамалды қоса “жалға” беру жайлы бiтiм жасауды талап еттi.
Қытайлардың көнуiн жеңiлдету үшiн Порт-Артур гаванiнiң қасында
қолбасшылардың бұйрығымен атқылауды бастауға дайын бес орыс соғыс кемелерi
тұрды.
Осы кезде Англия осындай шарттармен Вей-хай-вейдi, Франция-Гуань-чжоу-
вань шығанағын, Германия- Цяочжоу мен Циндао портын басып алды. Жапония
Фуцзянь провинциясына, ал Италия - Чжецзян провинциясына иеленуiн
мәлiмдедi.
Қытайды бөлiсу негiзiнде капиталистiк державалар арасында, ең бiрiншi
Ресей мен Жапония арасында қайшылықтар өткiрлендi. Ол қайшылықтар Қытайдағы
боксер көтерiлiсiн басып тастаумен Манчжурияға орыс әскерлерiн кiргiзумен
аяқталғаннан кейiн әсiресе асқынды.
1900 жылдың аяғында қорыққан Қытай үкiметiмен Манчжурияны iс жүзiнде
патша үкiметiтiнiң қолына беруi туралы келiсiм жасап, Ресей “Манчжурияда
орыс үкiметiнiң қадағалау негiзi” бойынша басып алынған елде әскери-
полицейлiк тәртiп орнатты. Орыс-қытай келiсiмi Қиыр Шығыста орыс ықпалының
өз қызығушылықтарына зиян келтiредi деп ойлаған Жапония, Англия, Германия
мен АҚШ тарапынан жiгерлi қарсылық тудырды. Бұл келiсiм әсiресе жапон
капиталистiк топтары арасында қатты әсер туғызды. Олар орыстардың
Манчжурияға басып кiруiне қарсы баспасөз беттерiнде құтырған кампанияларды
көтерiп, өз үкiметiнен Манчжурияның “тәуелсiздiгi” үшiн күрестi талап етiп,
шовинистiк көңiлдердi лаулатты.
Сонымен, Корея ғана емес, Манчжурия да Ресей мен Жапония арасында
империалистiк талас затына айналды.
Мүдделi державалардың араласуы, патша үкiметiнiң Қытаймен келiсiмдi
заңдастыруын тоқтатып, Манчжуриядан өз әскерлерiн бiртiндеп шығарып, тек
құрылып жатқан темiр жолдарда қарауылдың бiр бөлiгiн қалдыруға мәжбүр еттi.

Осы кезде Жапония өз жағдайын күшейту үшiн Англиямен одақ жасау туралы
келiссөз жүргiзiп, оған 1902 жылы толық қол қойды. Егер осы одақ бойынша
Англия Жапония жүзiнде Манчжурияда өз қызығушылығының қорғаушысын тапса,
Жапония Ресеймен болашақ соғысқа iрi қаржы көмек алуды үмiттендi.
Ресеймен таласты реттеу үшiн, Жапония 1902 жылы патша үкiметiне Корея
туралы келiсiм жобасын ұсынды. Ол жоба бойынша екi держава Корея жерiн
соғыс мақсатында пайдаланудан бас тартуға келiсiп, Жапонияға Кореяда
артықшылық құқықтарының берiлуi көрсетiлдi. Мұның орнына Жапония Ресейдiң
Квантум түбегiн және Манчжурияда темiр жолдарды қарауылдауға әскер ұстауына
артықшылық құқын мойындамақ едi. Соңғы ұсыныстардың бiрiнде Жапония
Кореяны бөлiсудi де ұсынды. Бiрақ, патша үкiметi Жапонияға ешқандай
келiсiмге бармақ түгiл, өзiнiң Манчжуриядан әскерiн шығару мiндеттемесiн
орындауды тоқтатты.
Кейiнгi оқиғалар Жапония мен Ресей арасындағы талас сұрақтары,
қайшылықтардың түйiнiн одан әрi байлай түстi. Осы кезде Петербургте
Безобразовтың авантюралық үйiрмесi патша үкiметiне Солтүстiк Кореядағы
орман концессияларын сатып алуды ұсынды. Олардың айтуынша, ол жерде
келiссөздердiң сәтсiз болуына және қанды шешiмнiң жақсы дамуына алғышарт
болды.
Ресейдiң Кореядағы концессиясын ұйымдастыруға байланысты “жұмысшылар”
деп солдаттар мен офицерлердi әкелуi, Жапония мен Қытайдың сенiмсiздiгiн
күшейттi. Бұған қоса Ресей Манчжуриядан өз әскерiн әкетудi тоқтатқан. 1902
жылы қыркүйектiң аяғында, орыс әскерлерiнiң Манчжуриядан әкетудiң соңғы
мерзiмде Токиода көп адамнан құралған орыстарға қарсы шеру өттi.
Осының арасында, патша үкiметi Ресейдiң соғысқа дайындалуына жаңа
шараларды өткiздi: Қиыр Шығыста өкiлдiк сайланды, Мукдендi басып алды,
Кореядағы әскер саны көбейдi және т.б.
Екiншi жағынан, орыстар жағына Жапонияның жеке түрде мобилизацияны
бастағаны, азаматтық флоттың десанттарды тасымалдауға дайындығы туралы
деректер орыстарға жеттi. 1904 жылдың қаңтарында Жапония запастағы кейбiр
категорияларды шақыра бастады және болашақ әскер шоғырланатын жерлерге
әскери жүктер тасымалдады. Бұдан басқа, алыс жолда жүрген жапон
параходтарына өз порттарына қайту ұсынылды. Бұл деректердiң барлығы
Жапонияның соғысқа дайындалып жатқанының айғағы едi.

1.2 Ағылшын-Жапон одағының құрылуы
Ағылшын-жапон одағы Ресейге қарсы бағытталған одақ ретiнде пайда болды.
Бұл одақтың құрылуының негiзгi мақсаты - Қиыр Шығыста, соның iшiнде Қытайда
империалистiк тәртiптi сақтап, өздерiнiң қызығушылықтарын осы аймақта
жүзеге асыру. Бұл одақ нәтижесiнде Англия Жапонияның сыртқы және iшкi
саясатына, экономикасына өз ықпалын тигiздi.
Ағылшын-жапон одақтық келiсiмiне 1902 жылдың 30 қаңтарында қол қойылды.
Бұл келiсiм нәтижесiнде халықаралық қатынастарда көптеген өзгешелiктер
байқалды.
Ағылшын импералистерi соғыс басталмай тұрып, Жапонияның
жетiстiктерге жетуi үшiн өз көмегiн көрсете бастады. Бұл одақтың құрылуы
орыс-жапон соғысының басталуына және Жапонияның Ресейдi жеңуiне әкелдi.
Сол себептi Хаяси былай деген: “Бiздiң әскерiмiздiң және флотымыздың
керемет жеңiске жетуi, ағылшын-жапон одағының құрылуының арқасында болды”.
Жапонияның соғыс барысында жеңiске жетуi үшiн, оны үнемi қаржылық
көмекпен қамтамасыз ету керек болды. Ал 1904-05 жж. Ресей басқа елдерге
үлкен қарызда болса да, оның Жапонияға қарағанда жағдайы жақсы болған.
Жапония Англиядан қарыз алмағанда, жарты жыл да соғыса алмас едi. Соғыс
кезiнде Жапония төрт рет қарыз алды.
1902 ж. ағылшын-жапон одағының келiсiмi бойынша Англия Қиыр Шығыста
өзiнiң күштi флотын ұстауға мiндеттi болды. Бұл Жапония үшiн, соғыс кезiнде
әлсiрей бастаса, қосымша келетiн көмек ретiнде болған. Егер, Ресей Қиыр
Шығыста өзiнiң теңiз күшiн ұстаса, оның жеңуге мүмкiншiлiгi болатын едi.
Ал, Англия үкiметi болса, барынша Ресейдiң таяу-шығыстық флотын күшейтпеудi
көздеген. 1903 ж. Ресей мен Жапония арасында байланыстар байқалғанда,
Англия Турция арқылы Ресей үкiметiнiң Таяу шығысқа әскери кемелерiнiң
жiберiлуi туралы мәлiметтердi бiлгiсi келдi. Оның орнына, Ленсдаун Турцияға
ағылшын көмегiн беруiне уәде бердi. Турция сұлтаны Абдул-Гамид 2-шi
Ленсдаунға мынандай хат жiбередi: “Англия өзiнiң үстемдiгiн орыс-жапон
қайшылықтарын шешуге бағыттаса да, ол негiзiнен Жапонияға жақ болған”.
Соғыс басталған кезде, Англия Турциядағы Ресей өкiлдерiне бұғаз арқылы
Ресейдiң кемелерiне, Черномор флотына өту үшiн өтiнiштер жiберiлген. Оымен
қоса Англия өзiнiң одақтасы-Жапонияға көмектесiп, Таяу Шығысқа бiрде-бiр
Қара теңiзiнен шыққан әскери кемелерiне шығуға рұқсат бермедi. Бұны
байқаған патша дипломаттары Англия мен Жапония арасында құпия келiсiмi бар
екенiн түсiндi. “Егер, Жапония басқа державалармен соғыса бастаса, онда
Англия Жапонияға қатысты барлық трактаттарды орындауға мiндеттi болды”. Бұл
құжат шетел iстерiнiң министрлiгiнде жарияланды.
Ресей басшылығы жапон-ағылшын одағының құрылуынан қорқып, Қиыр
Шығыстағы Жапония мен Корея арасындағы қарым қатынасқа қарсы болмады. 1898
ж. 25 сәуiрдегi келiсiм бойынша Ресей Жапония мен Корея арасындағы
экономикалық жетiстiктердiң дамуына мүмкiндiк бердi. Кореядағы экономикалық
позиция Жапонияны жаулап алудағы мүмкiншiлiк ретiнде көрiндi.
Сонымен қатар Англия Жапонияға қаржылық көмек көрсетiп, оны көмiр
және әскери құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткенде, Жапония бұл елдi соғысқа
тартпау керек болды.
1903 ж. Жапонияда жаңа крейсерлер пайда бола бастады. Мұндай
көмектi оған Англия бердi (15 миллион иен). Англия Жапониямен бiрiгу
нәтижесiнде нейтралитеттi бұзып, Ресей қызығушылығына зиян келтiрдi.
Одақтық бiтiмнiң бiрiншi бабы бойынша екi жақ өз мүдделерiн қорғауда
былай деген: “егер оларға басқа державалардың агрессиялық қимылдары қауiп
төндiрсе немесе Қытай мен Кореяда iшкi ретсiздену туса, екi держава iшкi
iстерiне араласуға бiр-бiрiнiң құқұқтарын мойындау қажет”.
Екiншi бап екi жақтың әрқайсысын, егер басқа жақ Қытай мен Кореяда өз
мүддесiн қорғауда, үшiншi державамен соғыс жағдайына келiп қалса, қатаң
нейтралитет сақтауға мiндеттедi. Егер одақтастың бiреуi екi немесе одан да
көп державалармен соғысатын болса, бiтiм келiсiмге келiп жатқан жақ, оған
әскери көмек көрсетуге мiндеттi болды.
Ағылшын-жапон одақтық бiтiмi Жапонияның сыртқы саясатының iрi
жеңiсi едi. Бұл одақтық бiтiм Жапонияға Ресеймен соғыс бастауға мүмкiндiк
бердi, себебi ендi Жапония, соғыс басталса державалардың ешқайсысы Ресейге
қарулы көмек көрсетпейдi. Өйткенi, әрбiр ел жалғыз Жапония ғана емес,
сонымен қатар Англиямен соғысу қаупiнен сескенген. Мұндай қолдаудан басқа,
Жапония Англияның қаржылық көмегiмен де қамтамасыз етiлдi. Орыс
дипломатиясы жедел түрде ағылшын-жапон одағына жауап ретiнде бiрiгiп
қарсылық көрсету үшiн, Францияға ұсыныс жасады. Алайда, Франция Ресей
күштерiнiң Қиыр Шығысқа бағытталуын қолдамады.
Бiрақ Франция 1902 жылдың 20 наурызында екi одақтас үкiметтердiң
бiрiккен мәлiмдемесiн жариялауға өз келiсiмiн бердi. Ол мәлiмдемеде былай
делiндi: “басқа державалардың жауласулық әрекеттерi болуы мүмкiндiгiн
немесе Қытайдағы ретсiздiктердiң қайталануын ескеруге мәжбүр
болғандықтан, екi одақтас үкiмет өз қызығушылықтарын қорғауға қажеттi
шараларды жүргiзуге мазалану құқын өздерiне қалдырып отыр”. Бұл
мәлiмдеменiң орындалуы мiндеттi дегендей сипатта болмады. Бiрақ, Франция
өз одақтасына Қиыр Шығыста айтарлықтай көмек көрсетпедi.
Ағылшын-жапон бiтiмi нәтижесiнде Англия Ресейге Жапонияның
көмегiмен күштi соққы беруге мүмкiндiк алды. Одан басқа, Англия белгiлi
дәрежеде Европада өзiнiң жаңа бәсекелiсi – Германияға өз ықпалын күшейтуге
мүмкiндiк алды.
Қорытындылай келе АҚШ та, Жапониянының көмегiмен Ресейдiң Қиыр
Шығыстағы ықпалын әлсiздендiрiп, өзiнiң Қытай (Манчжурияда) мен Кореяда
ықпалын күшейткiсi келдi. Осы мақсатпен американдықтар Жапонияға алысқа
бағытталған қолдау көрсетуге дайын болды. Өз кезегiнде, Германия да Ресей
мен Францияның одағын әлсiздендiруге ұмтылып, Европада өз қолын босатып,
өзiнiң Қиыр Шығысқа жылжуы үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатымен, жасырын
түрде Ресейдi де, Жапонияны да бiр-бiрiмен соғысуға итермеледi.
II тарау. ОРЫС-ЖАПОН СОҒЫСЫ

2.1 Орыс-жапон соғысының басталуы, барысы
XIX ғ. аяғы – XX ғ басында дүние бөлiнiп болған, ендi оны қайта
бөлiсуге күрес қыза бастады. 1904 жылға қарай Ресей Манчжурияда, Ляодун
түбегiнде, Кореяда бекiдi. Орыстардың жапонияға ешқандай территориялық
таласы болған жоқ, олар тек қолындағысын сақтағысы келдi. Ал Жапония болса,
соғысты пәрмендi дайындық үстiнде болды. Ол Ресейдi экономикалық және саяси
тұрғыдан ұтымды аймақтардан ығыстырғысы келдi. Жапония барлық Қиыр Шығысты,
Байкал, Сахалин, Чукотканы қамтитын орасан зор жердi жаулап алуды көздедi.
Бұдан бұрынырақ, 1888 жылы Ресей флот құру бағдарламасын қабылдаған
болатын. Бұл бағдарлама бойынша Ресей 119 соғыс кемелерiн жасауы керек
болып, оның iшiнде 40 шақты ауыр кемелер – броненосецтер, крейсерлердi де
жасау көзделген. Кемелер саны бойынша Ресей Жапониядан басым болды (Ресей –
119, Жапония - 89). Бiрақ, Қиыр Шығыста Ресейдiң 63 кемесi болған және орыс
кемелерi сапасы жағынан көп артта едi, себебi Ресей кемелерi ескi модельде
болған.
Ресейдiң әскери күшiнiң саны да Жапониямен салыстырғанда едәуiр көп
болды. 1904 жылға қарай Ресейде 1 млн. 135 мыңдық армия және 3,5 млн. адам
запастағылар мен жасақшылар болды. Ресей үкiметi кiшкентай Жапонияның
бiрiншi болып шабуыл жасайтынына сенбедi, сондықтан құрлықтағы армияның
негiзгi бөлiгiн батыс және оңтүстiк шекаралар маңында ұстады. Ресей
мәселесi темiр жолдардың өткiзу мүмкiншiлiгiнiң өте төмен болуына және
осыған байланысты армияның қозғалу жылдамдығы өте төмен болуы едi. Бiр ай
iшiнде темiр жолдар арқылы тек екi дивизияны тасымалдау мүмкiн едi.
Сондықтан, соғыс қимылдарының басталуына Ресей тек 98 мың әскер
шоғырландыра алды.
Жапония соғысқа әлдеқайда жақсы дайындалды. Жапонияның қатардағы
армиясында ол кезде 143 мың солдат пен 8 мың офицер болды. Армия немiс
нұсқаушылары жаттықтырған және жақсы қаруланған едi. Жапон қолбасшыларына
соғыс жоспарларына шабуылдық сипат жақын едi, ол орыс флотына кенеттен
шабуыл жасап, көзiн жоюды, одан кейiн Корея мен Порт-Артур маңына әскер
түсiру, қамалға жылдам шабуыл жасап басып алуды, орыс армиясын талқандап,
орыстардың iрi резервтерi келгенше ҚШТЖ-ны басып алуды қарастырған едi.
Орыс жоспары анық емес едi, ол Порт-Артурды, Владивостокты теңiз бен құрғақ
жақтан қорғауды, орыс армиясының бiртiндеп ҚШТЖ бойымен жергiлiктi мәнi бар
ұрыстармен Харбин маңында iрi күштер шоғырланғанға шейiн шегiнудi
қарастырды. Бұл жоспар, Порт-Артурдың стратегиялық мәнiн ескермедi, орыстың
Тынық мұхит эскадрасының күшiн асыра бағалады, бастауыш қадамдарды
Жапонияға берiп қойды. Бiрақ тармақтанған тыңшылар торына қарамастан,
жапондар орыс флотын, орыс армиясын, Порт-Артур гарнизонын төмен бағалауына
байланысты соғыс ұзаққа созылды. Николай Жапониямен соғысқа мүлдем жеңiл
қарады (“бiз ол макакаларды бас киiммен-ақ ұрып аламыз”...). Ресей соғысты
тiледi, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай
XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар
Жапония мен Қытайдың тарихы мен саясаты
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Америка - Жапон шарттары. Кеңес - Жапон соғысы
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты
1894-1895 жж. әскери қақтығыстардың себебі мен алғышарттары
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Дүние жүзі тарихы
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық
Пәндер