Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы.
1.1. Өнеркәсіп төңкерісінің
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Өнеркәсіп төңкерісінің даму
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .11
II. Өнеркәсіп төңкерісінің елдердегі ерекшеліктері.
1. Франция еліндегі
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...17
2. Германия еліндегі

..23
2.3. Ресей еліндегі
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...29
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе
Өзектілігі. Машиналардың пайда болуы адам еңбегін жеңілдетіп, үй
шаруашылығындағы малдар күшінің орнын басты. Сол уақытта адам машинаны
күрделі логикалық операцияларға оқыта бастады. Еске алатын болсақ, жаңағы
аталған машиналар, механизмдер қалай пайда болыпты? Өмірде біз өсімдіктер
мен жануарлармен, аспан мен жұлдыздармен, құм мен тастармен, сондай-ақ
адаммен жасалынған жасанды құрылыстармен кездесеміз. Тірі табиғатты
биологиялық ғылымдар, өлі табиғатты жер туралы ғылымдар зерттейтіні бізге
мәлім. Осылардың арасында ғылым, нақтырақ айтқанда машиналар жайындағы
ғылым қай орынға ие болады екен? Егер де машиналардың шығу тарихына
сүйенетін болсақ, онда уақыт өткен сайын олардың өзгеріп отырғандарын
байқауға болады. Мысалы, ең алғаш машиналар адамның физикалық күшінің
орнына қызмет етті. Әрине, олар бір орында тұрмай, жетілдіріліп, өзгеріп
отырды. XVIII ғ. басында адамның физикалық күшін ғана емес, оның шеберлігі
мен іскерлігінің орнын басқан машиналар пайда болды. Сөйтіп, пайда болған
машиналар өнеркәсіп дамуында маңызды рөл атқарды. Бұл ХХ ғ екінші
жартысында адамға ғана тиімді біраз логикалық операцияларды орындаған жаңа
машиналар пайда болғанға дейін созылды.
Біз өнеркәсіп төңкерісінің жемісін көрудеміз. Ол халық өмірінде, ой, сана-
сезіміне төңкеріс жасаған, машинаға, ғылымға, адамның өзінің табиғаттағы
орнына деген көзқарасын өзгерткен құбылыс. Қазіргі кезде біз машиналардың
арасында өмір сүріп жүрміз. Біз олардың әр түрлісін кездестіре аламыз.
Машиналар адам өмірін жеңілдетіп отырғандықтан, біз өз өмірімізді оларсыз
елестете алмаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Мен бұл жұмысымды жазу барысында мынадай
әдебиеттерді пайдаландым. Англияның өнеркәсіп төңкерісі туралы Ф.Энгельстың
Положение рабочего класса в Англии[1], В.М.Лавровскидің Промышленный
переворот в Англии[2], П.Мантудың Промышленная революция XVIII столетия в
Англии[3], А.Тойнбидің Промышленный переворот в Англий[4], Франция үшін
Ф.В.Потемкиннің Промышленная революция во Франции[5], Ю.Г.Трунскидің
Французская деревня в ХIХ-ХХ веках.. Тенденции развития[6], Ресейді
зерттеуде И.В.Лениннің Развития капитализма в России[7],
И.Д.Ковальченконың Завершение промышленного переворота. Формирование
пролетариата и буржуазии. СССР 1861-1904 г.г[8], С.Г,Струмилиннің Крупная
промышленность России в 1790-1860 г.г[9] әдебиеттеріндегі жүргізген
зерттеулері туралы жаздым. М.З.Бордың История мировой экономики[10],
В.Е.Мотылевтың Экономическая история зарубежных стран[11],
Ф.Я.Поменскидің Экономка и история капиталистических стран[12]
әдебиеттерін Германия және жалпы өнеркәсіп төңкерісінің даму барысын
қарастыруда қолдандым.
Деректік негізі. И.В.Ленин Развития капитализма в России[13] еңбегінде
өнеркәсіп төңкерісінің қоғамдық қатынастарға тигізген әсері туралы айтады,
ал С.Г,Струмилин Крупная промышленность России в 1790-1860 г.г[14]
еңбегінде өнеркәсіптердің жалпы санын зерттеген. Ю.Г.Трунскидің
Французская деревня в ХIХ-ХХ веках. Тенденции развития[15] әдебиетінде
өнеркәсіп төңкерісінің алғашқы қадамдары мен дами бастаған кезеңдері туралы
айтылады. Сонымен қатар Ashton T.S. “The industrial revolution”[16]
еңбегіндегі ағылшындық өнеркәсіп төңкерісінің даму барысының зерттеулерін
пайдаландым.
Хронологиялық шеңбері. Өнеркәсіп төңкерісі екі жарым ғасырды, яғни ХVII
ғасырдың екінші жартысынан бастап ХIХ ғасырдың аяғына дейінгі аралықты
қамтиды.
Мақсаты мен міндеті. Бұл жұмыстағы мақсатым мына міндеттерге сүйене
отырып, өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары мен даму барысын және
елдердегі ерекшеліктерін айқындау:
1) Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы, алғышарттары және даму барысын
көрсету;
2) Өнеркәсіп төңкерісінің Франция, Германия, Ресей елдеріндегі
ерекшеліктерін көрсету.
Жұмыс құрылымы. Менің бұл курстық жұмысым кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы.
1.1 Өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары
Өнеркәсіп төңкерісі бірқатар елдің дамуына мүмкіндік берген, адам
тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі. Ол – экономикалық және әлеуметтік-
саяси өзгерістердің жүйесі. Өнеркәсіп төңкерісі – қол еңбегіне негізделген
мануфактурадан ірі машиналы индустрияға өтуі. Өнеркәсіп төңкерісі жұмыс
машиналарын жасап, қолданудан басталып, машиналы техниканы кеңінен
пайдалануға негізделген машиналы өндірістің дамуымен аяқталды. Мұның
нәтижесінде капиталистік өндіріс әдісі феодалдық өндіріс әдісін түпкілікті
жеңді. Өнеркәсіп төңкерісі өндірісті капиталистік қоғамдастыруға зор
мүмкіндік ашты. Энгельстың айтуы бойынша өнеркәсіп төңкерісі әлеуметтік
дамудағы негізгі буржуазия мен негізгі ірі өндірістік жоспарды тудырды
[17]. Көптеген бытыраңқы өндіріс процестері бір қоғамдық өндірістік поцеске
біріктірілді. Ірі машиналы индустрияны дамытудың тарихи алғы шартын
капиталистік өндірістің мануфактуралық түрі жасады. Капиталдың алғашқы
қорлануы капиталистік қатынастардың одан әрі дамуын қамтамсыз етті. Бұл бір
жағынан, күн көріс қаражатынан айрылған, сондықтан да товар ретінде тек
өзінің жұмыс күшін ұсына алатын адамдар армиясын дүниеге келтірді. Екінші
жағынан, капиталистер табы өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күшін сатып
алуға пайдаланатын ірі ақша байлығын жинақтауға мүмкіндік берді.
Капиталистік өндірістің өсуі ішкі әрі сыртқы рыноктың кеңеюіне жол ашты.
Өнеркәсіп төңкерісі бірсыпыра елдердің өнеркәсібінде капитализм дамуының
белгілі бір кезеңін сипаттайтын жалпы тарихи құрылыс болып табылады. Алайда
мануфактурадан ірі машиналы индустрияға өтудің алғы шарты олардың бәрінде
пісіп жетілген жоқ.
Әр елдегі өнеркәсіп төңкерісінің ерекшелігіне қарамастан, олардың
белгілі бір кезектері бар. Біріншіден, машиналық өндірісті тоқыма
өнеркәсібі меңгереді. Одан кейін меңгерілген тәсілдерді басқа да салалар
мен жаңа аудандарға жібереді. Машиналардың шығарылуы ерекше өндіріс
саласында анықталады. Машиналар мен фабрикалық өндірістердің соңғы кезеңі
колөнершілерді жеңумен аяқталады.
Өнеркәсіп төңкерісі 60 млн. европалықтарды оятты. Қалалар мен жұмыс
істейтін ауылдар жылдам дамыды.
Өнеркәсіп төңкерісі жолына басқа елдерден бұрын Ұлыбритания түсті.
Өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттарының бірі бұл капиталдың қорлануы еді.
Ірі капитал біраз адамның қолында ғана жиналды. Капиталдың қорлануы сауда-
саттықтың, сондай-ақ Индияны ашық түрде тонаудың арқасында болды. Шаруалар
тобының жойылуы мен ауыл шаруашылығының капиталистік жолға өтуі капиталдың
қорлануы процесінің маңызды факторлары еді.
Өнеркәсіп төңкерісінің маңызды алғышарттарының бірі Ағылшын буржуазиялық
революциясы. Өйткені ол капиталистік қатынастардың дамуына мүмкіндік
бермеген зардаптарды жойып, өндіргіш күштердің, аграрлық төңкерістің жылдам
дамуына, ұлттық нарықтың құрылуына жолын ашты. Ортағасырлық феодалдық
монархия буржуазиялық монархияға өтті. Жердің, қаржы аристократиясының
саяси бірлестігі құрылды. Бұл бірлестік кейіннен ағылшын монархиясының
тұрақтылығын қамтамасыз еткен жер иелері мен буржуазия бірлестігіне
айналды. Саяси биліктің монополиясын сақтаған аристократия буржуазияның
қызығушылықтарын ескере отырды [18].
Англияны өнеркәсіптік революцияға ынталандырған бұл шетелдік конкуренция
еді. Бұл кезеңде Англия халықаралық нарыққа өзінің металлын, мақта матасын
өткізуде қиыншылықтар көрді. Бұған себеп болған оның бәсекелестері, яғни
сапалы және боялған шытты өндірген Ресей, Швеция және Индия. Бәсекелестерін
белгілі бір шарттарға сәйкес қана жеңуге мүмкіндігі болды, яғни фабрикалық
өнімді жөндеп, сапалы, әрі арзан тауарларды шығару.
Капиталдың одан ары қорлануы өзінің тиімді қолдануымен бақыланып жүрді.
XVIII ғ. соғыстар жаңа колониялардың басып алуымен жүрді. Ерте кездегі
қалыптасқан колониялардың байлығы мен халқы өсіп отырды. 1700 жылы
американдық колонияларда 200 мыңға жуық тұрғын болды, ал 50 жылдан кейін
халықтың саны 1-2 млн. жетті. 1734-1773 ж. британдық Вест-Индияның ақ
тұрғындары 36 мыңнан 58 мыңға дейін жетті, сондай-ақ құлдардың да саны
өсті.
Вест-Индия британ иеліктерінің ең қолайлысы еді. 1790 ж. оған 70 млн.
фунт-стерлинг салынды, Англия мен Вест-Индияның сауда-саттығы Ост-Индия
компаниясының импорт және экспортынан екі есе артты. Осындай колониялдық
байлықтың, сауданың үздіксіз дамуы британ тауарларын кең нарықпен
қамтамасыздандырды. XVIII ғ. ірі соғыстар британ тауарларына үздіксіз
сұраныс жасап, сонымен қатар арнайы, тұрақты тауарлар сұраныста болды.
Техникалық жаңалықтар XVIII ғ. аяғында жасалынды. Өйткені сол уақыттың
талаптарына сәйкес халық тауарлар өндірісінің мәселелерін қарастыруға
мәжбүр болды. Капиталдың қорлануы өз дәрежесіне жетуі массалық өндірістерді
қолдануға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, сол кезде Англияда білім жүйесі мен мамандықтарды дайындау
жеткілікті болды. Сондықтан да XVIII- XІХ ғ. 1-ші жартысындағы ғылым мен
техникада жасалынған ірі ашулар мен жаңалықтар тек ағылшындықтарға ғана
бағынды [19]. XVIII ғ. Англияда ой-пікірлердің дамуына қажетті жағдайлардың
барлығы жасалды:
1. ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін қаржы-қаражат бөлінді;
2. әлемдегі қалыптасқан жаңа ғылымдарды тез қабылдайтын білімді қоғам
болды;
3. әлемдегі басқа мемлекеттердің жағынан болған бәсекелестік.
Индиядағы мақта саласын жою үшін Англиядағы бірінші өнімдер мақта-мата
саласында жасалды, кейін өнеркәсіпті дамытуға металл қажет болғандықтан
металлургия өнеркәсіп саласы жасалынды.
Мануфактурадан ірі машиналы индустрияға көшу өндірістің техникалық
базасына ғана емес, сондай-ақ қоғамдық қатынастар жүйесіне де түбегейлі
өзгерістер енгізді. В.И. Ленин өнеркәсіп революциясын сипаттай отырып, оның
барлық қоғамдық қатынастарды шұғыл әрі күрт қайта өзгерту керектігін атап
көрсетті [20]. Өндірістің жетекші салаларында ірі машиналы өндірісті баянды
ету өндіргіш күштердің онан әрі тезірек өркендеуіне материалдық алғы
шарттар жасады. Өнеркәсіп төңкерісі өнеркәсіпті қоғамдық өндірістің басты
саласына айналдырды, оны егіншіліктен толығынан бөліп, ірі өнеркәсіп
орталықтарының жылдамырақ өсуіне мүмкіндік ашты. Капиталистік машиналы
индустрияның дамуы патриархалдық тұйықтықты біржолата жойды. Бірақ та
машиналы техниканы капиталистік жолмен пайдалану жалдама жұмысшыларды
қанауды күшейтіп, жұмысшыларды машинаның шылауына айналдырды. Капиталистік
фабрика өндірісінің өсуі ой еңбегі және дене еңбегінің арасындағы, қала мен
деревняның арасындағы қайшылықтардың шиеленісуіне жағдай жасады. Өндірісті
онан әрі механикаландыру капиталистік фабрикадан жұмысшылардың бір бөлігін
ығыстырып шығарып, жаппай жұмыссыздықтың пайда болуына әкеліп соқтырды.
Өндірістің қоғамдық сипаты мен иемденудің жеке меншіктік формасы арасындағы
қайшылықтың тереңдеуі артық өндірудің дүркін-дүркін дағдарысын дүниеге
келтірді. Капиталистік фабрика жүйесінің жеңуі өндіріске қатысушы әр түрлі
топтардың арасындағы жіктелуді күшейтті. Өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде
капиталистік қоғамның негізгі екі табы – пролетариат пен буржуазия
біржолата қалыптасты. Машиналы индустрияның өсуімен фабрика жұмысшыларының
саны артты. Пролетариаттың пайда болуымен оның буржуазияға қарсы күресі
басталды. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың бас кезінде қанаудың жантүршігерлік
күшеюі ағылшын жұмысшыларының наразылығын туғызды. Таптық сана-сезімінің
дамуымен пролетариат капиталистік қанау жүйесіне қарсы күрестің неғұрлым
ұйымдасқан түріне көше бастады. Ағылшын жұмысшы табы стачка сияқты
экономикалық күрестің құралдарын сайлау реформасы үшін саяси күреске барған
сайын белсене қатысумен ұштастырды.
1.2 Өнеркәсіп төңкерісінің даму барысы
Индия Англияның толық отарына айналғаннан кейін кәсіпкерлер
мақтаның тасып әкетілуін ұлғайта бастады. Ағылшын кәсіпкерлеріне мақта мата
өндірісі жаңа іс болып табылғандықтан, ал ішкі нарық дәстүрлі саланы
ығыстыра бастағындықтан, жүн және мақта маталары әрі сапалы, әрі арзан
болуы тиіс еді. 1733 ж. механик Дж.Кей тоқыма еңбегін екі есе арттырған
қозғалмалы челногін ойлап тапты.
17ғ-дың аяғы мен 18ғ-дың 1- жартысында мұнда мануфактуралық өндіріс
өзінің шарықтау шегіне жетті. Мануфактуралық өндірістің машиналы өндіріске
айналуы еңбек құралдарының өзгеруінен басталды. 18 ғ-дың 70-80 жылдары
мақта иіруде барған сайын Дженни атты мехтік жіп иіргіш кеңінен
қолданылды. Мехтік жолмен жіп иірудің онан әрі дамуы ватерлі станоктарды,
әсіресе, мюль-машиналарды қолдануға байланысты болды. Осыдан бастап мақта-
мата жіптер фабрикалық әдіспен әзірлене бастады. Жекелеген өндірістерді
механикаландыру басқа да салаларда еңбек өнімділігін арттырудың
экономикалық қажеттілігін тудырды. 18 ғ-дың 90 жылының аяқ кезінде тоқыма
өнеркәсібінде Дж. Уаттың бу двигателі кеңінен қолданыла бастады. Өнеркәсіп
өндірісі көлемінің тезірек өсуі және рыноктық байланыстардың онан әрі өріс
алуы транспорт құралдарын жетілдіруді қажет етті. 19 ғ-дың 1-ширегінде
пароход қатынасы мен бу темір жол транспорты жұмыс істей бастады [21].
Машиналы техниканың барған сайын етек алуы машинаның өзін қолөнерлік
техникамен әзірлеуге қайшы келді. Бұл машина-құрылыс өндірісіне машиналарды
кеңінен енгізудің нәтижесінде жойылды. 19 ғ-дың бас кезінен бастап
өнеркәсіпте металл өңдейтін станоктар, техникалық балға, гидравликалық
престер кеңінен пайдаланыла бастады. Әр түрлі өндірістерді механикаландыру
машиналардың жай кооперациясынан машиналар жүйесіне көшуге жағдай жасады.
Ұлыбританиядан кейін ірі өнеркәсіпті тездетіп дамыту жолына АҚШ, Франция,
Германия, Ресей т.б. елдер түсті.
1785 ж. Э. Картрайт механикалық тоқыма станогын ойлап шығарды. Осымен
қатар мақта-мата өндірісінің иіру механизмінде жылдам даму жүріп жатты.
1783 ж. адамның қол еңбегімен істелінетін ең алғаш иіргіш машинасы пайда
болды. 1765 ж. тоқымашы Д. Харгривс бірнеше веретендермен бұратала жұмыс
істеуге мүмкіндік берген жетілдірілген механикалық ұршықты ойлап тапты
[22]. Бірақ бұл да адамның қатысуымен іске асырылды.
Техникалық прогрестің келесі маңызды бір қадамы бұл су двигателімен жұмыс
істеген ең алғаш иіргіш машинасы бар фабриканың құрылуы. Фабриканың негізін
салушы Д. Аркрайттың көптеген ізбасарлары пайда болды. Егер де 1780 ж.
Англияда 20 иіргіш фабрика болса, 1790 ж. олардың саны 150 жетті [23].
Фабрикалар негізінде өзеннің жағалауында салынды. Дегенмен де тоқыма
техниканың қарқынды дамуы, машиналардың кеңінен қолданылуы мұндай
механизацияға қанағаттанбады.
XVII ғ. мен XVIII ғ. 1-ші жартысында нәтижелі және универсалды
двигательдер ізделе бастады. Бу машинасының пайда болу тарихы өте қызықты.
Бұл машина біріншіден, өндіріс дамуында нағыз революцияны жасап, екіншіден
–бұл ұлы өнертабыспен жұмыс істеу барысында ғылым мен өндірістің теориялары
мен практикасының тұтастығы айқындалды. Сөйтіп, 1769 ж. Глазго
университетінің лаборанты Дж. Уатт (1736-1818) бу машинасын шығарды [24].
Оны жетілдіре отырып, ол 1784 ж. қос әрекет атты бу машинасын ойлап
тапты. Бұл нағыз универсалды машина өндірістің түрлі саласында қолданылды.
Осы Дж. Уатт пен оның қызметкері Дж. Болтонның шығарған бу машиналары бүкіл
дүниежүзін қамтамасыз етуге арналған еді. Бірінші кезекте бу машинасы мақта-
мата фабрикасында қолданылды, ал бұл өндірістің күрт өсуіне алып келді.
Сөйтіп, 1788 ж. аралығында мақта-мата өндірісінің орнығуы бұл кезеңді
Алтын ғасыр деп атауға мүмкіндік берді [25].
Машиналардың кең өндірісі жұмысшылардың, техниктердің және ғалымдардың
күштерін ғана емес, сондай-ақ металлургия саланың дамуын қажетсінді.
Темірдің балқуы – ерте кездегі өндірістердің бір түрі болып табылады. Ол
XVII ғ-дан әлі күнге дейін ағаш отын пайдаланумен өндіріліп жатты. Ағаш оты
Англияда таусылып бара жатқандықтан XVIII ғ. басында ұсталар металдың
балқуына шойын мен коксты пайдалана бастады. Бұл мәселеде инженер А. Дерби
өз табысына жетті. Ол балқыту кезінде темір кеніне тасты көмірдің үстіндегі
сөндірілмеген әктасты қосып, жоғарғы сапалы шойынды шығара алды. 1756 ж. ол
жылына 8 мың тоннадан астам шойын беретін шойынбалқыту заводының негізін
салды [26].
А. Дeрби ашуының маңызды нәтижесі, өнеркәсіптің шикізаты болып табылған
көмірге деген сұраныстың өсуі еді.
Көмір өнеркәсібі қарқынды дамыды. Оңт. Уэльсте, Шотландияда, Ланкаширде
және Йоркширде жаңа көмір құралдары өңделе бастады. 1700 ж. көмір пайдасы
26 млн. т. 1790 ж. 6 млн. т. өсті және 1795 ж. ол 10 млн. т. асты. Көмір
өнеркәсібінің болуы каналдардың құрылуы мен транспорттардың жақсаруына алып
келді.
1700 ж. жылдың әр мезгіліне қажетті болатын ат-арба транспортының біраз
жолдары болды. Жеңіл тауарлар тюктармен тасымалдандырылды. Осындай жолмен
ауыр үлкен заттарды тасымалдауға мүмкінсіз болды, өйткені бұл оларға
қымбатқа түсетін еді. Көмірдің Манчестерден Ливерпульге дейін тасымалы 40
шиллинг (1 тонна) тұрды. Кейбір маңызды орталықтардың арасында
жетілдірілген жолдар салынса да, транспорттың құны төмендемеді [27].
Алайда бұл мәселені шешуге герцог А.Бриджуотер өз үлесін қосты. 1795 ж.
ол инженер Т. Бридлиге Уэрсли мен Манчестердің арасындағы ұзындығы 17,6 кв.
каналды қазуды тапсырды. Бұл ойының табысты болғаны соншалықты, Манчестерде
көмірдің бағасы екі есе кеміді. Екі жыл ішінде каналды порттық қала
Ранкорға дейін ұзартып, осының арқасында Манчестер теңіз жағалауына шыға
алды. Кейін оны Трент өзенімен және көзе өндірісінің аумағымен біріктірді.
Үлкен біріктіретін канал құрылысы аяқталғаннан кейін, транспорт 4 есеге
дейін кеміді[28]. Осыған байланысты көзе өнеркәсібі дами бастады.
4 жыл ішінде (1790-1794) парламентте каналдардың құрылысы жөнінде 81 акт
өткізілді. Бұл Англияның саудамен айналысуына жолын ашты. Бидай, көмір,
көзе және темір бұйымдар теңізге қарай жылжи бастады. XVIII ғ. аяғы мен
XIX ғ. басында жолдар жақсарғанмен де, ауыр тауарлардың маңызды тасымалы
каналдар болып қала берді. Тек, 40-50 ж. кейін олардың орнына темір жолдар
келді.
Ішкі нарықтың дамуы мен белгілі бір ара қашықтықтағы хабар алмасудың
қажеттілігі байланысу жүйесінің ашылуына алып келді. Сөйтіп, 1837 ж. У. Кук
пен Ч. Уинстон электромагниттік телеграфтық аппаратқа патент алады, ал 1847-
1852 жж. Дувр мен Кале порттарының арасында телефон байланыс сызығы
өткізілді.
Транспорт пен байланыс жүйесінің дамуы мемлекеттің экономикасын одан ары
дамытты. Айтарлықтай, металл өндірісі 1788 ж. 68 мың т-дан 1806 ж. 250 мың
т. жетіп және басқа жылдары да өсе берді. Мемлекеттің орталық аймақтарында
Стаффордширде, Бат. Йоркширде, Оңт. Уэльсте ауыр өнеркәсібі қарқынды
дамыды. Темір әр түрлі салаларда қолданыла бастады. 1779 ж. Северн өзенінен
Колбрукдейлге өтетін толығымен шойын бөлшектерінен жасалған темір көпір
салынды.
Д. Стефенсон бу машинасын жетілдірген өздігінен білім алған механик сол
уақытта сағатына 20 миль жүретін паровозды шығарды. Бұл рекордқа ол 1825 ж.
әлемдегі бірінші Стоктон-Дарлингтон теміржолдарында жетті. Сол кезден
бастап теміржол құрылыстары салына бастады.
Теміржол ғасыры өнеркәсіптің бүкіл саласының өсіп дамуына, британдық
фабриканттардың монополияларының нығаюына, ауыр өнеркәсіптің дамуына
мүмкіндігін туғызды. Экспорт 1830 ж. 69 млн. фунт ст-тан 1850 ж. 157 млн.
ф. ст-ке дейін өсті. Сонымен қатар өнеркәсіп салаларының дамуындағы ерекше
орын алған көмір мен металлургия болды. 1830 ж. 678 мың т. шойын
балқытылды, 1852 ж. 270,1 мың т. дейін жетті. Көмірдің пайдасы 1800 ж. 10
млн. т-дан 1865 ж. 100 млн. т-ға дейін ұлғайды [29].
Темір жолдар мен пароходтар бұрынғыға қарағанда эмиграцияны үлкен
мөлшерде жүзеге асырды. 1837 ж. Жаңа Зеландияның отарлауы басталды,
көптеген адам Канадаға көшті.
XVIII ғ. 60 ж. - ХІХ ғ. 30 ж. дейін созылған өнеркәсіптік революция
мемлекетті индустриялды державаға айналдырды. Ағылшын әлемдік өнеркәсіптік
және саудалық монополиясы қалыптасты.
Өнеркәсіп төңкерісі барысындағы жерсіз қалған шаруалар, кедейленген
қолөнершілер, жұмысшылар индустриалды пролетариат тобына айналды. XVIII ғ.
2-ші жартысы мен ХІХ ғ. басында луддиттер, яғни машина қирататындардың
қозғалысы болды. 1782 ж. үкімет арнайы машинаның зақымына тигені үшін
жазаланады деген заң қабылдады. 1799 және 1800 жж. жұмысшы бірлестігінің
жойылуы жайында заң қабылданды. Дегенмен де, жұмысшы қозғалысы қатал
заңдылықтарға қарамастан 1811-1812 жж. Йоркширді, Ноттингемшир мен
Ланкаширді қосып бүкіл Англияда болып өтті.
Жұмысшылар фабрикаларды талқандады. 1813 ж. үкімет машиналардың
талқандалуы үшін өлім жазасы жайындағы заңын қабылдады.
Өнеркәсіп төңкерісінің аяқталу кезеңінде жұмысшылар саны 1851 ж. 4,8 млн.
адамға жетті. Тоқымашылар мен кіші қолөнершілерді фабрикаға итермелеу үшін
1834 ж. ақша жәрдемақысын жойған, көмек сұрап жүрген кедейлер
орналастырылған, түрмелік режимі бар жұмысшы үйлерді құрған Кедей туралы
заң шығарылды [30].
Манчестер, Ливерпуль, Бирмингем, Лидс сияқты өнеркәсіптік орталықтары тез
дамыды. Англия қалалар мен фабрикалық поселоктардың мемлекеті болды.
Ұлыбритания басқа мемлекеттердің ішіндегі ең бірінші өнеркәсіптік
төңкерісіті басынан кешірген мемлекет еді. ХІХ ғ. ортасына таман ол өзінің
жеке өнеркәсібін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген, ең ірі отарлы
империясына ие болған мықты державаға айналды.
ІІ тарау. Өнеркәсіп төңкерісінің елдердегі ерекшеліктері
1 2.1 Франция еліндегі ерекшеліктер.
XVIII ғ. ортасына дейін Франция Европадағы лидерлердің бірі болуына
талпынды. Франция өнеркәсібі мен сыртқы сауда-саттығы жақсы дамыды.
Негізінен жеңіл өнеркәсібі, оның ішінде – жібек, жүн, мақта-мата, шыны,
мәрмәр, сабын жасау және былғары ерекше табыстарға жетті. Әлемде әйгілі де
атақты орынға ие болған бұл француз мануфактурасының сән-салтанатты заттары
яғни, киім мен маталар, әшекей бұйымдар мен парфюмериялар, жиһаз бен
мәрмәрлар. Мануфактуралар негізінен орталықтанған және де кішігірім болды.
Ондағы жұмысшылардың саны 10-нан 50 адамға дейін, кейде 100 адамды да
құрады [31].
Алайда, XVIII ғ. екінші жартысынан бастап Франция артта қала бастады.
Бұның негізгі себебі абсолюттік үкіметтің керітарпалық саясаты мен
феодалдық көзқарастардың ауыртпалығы болды. Феодалдық тәртіптер мануфактура
мен сауданың дамуына әсерін тигізді. Өнеркәсіпте ортағасырлық цехтар басым
болды. Нанды басқа провинцияларға, нарықтан тыс жерлерге сатуға тыйым
салынды. Бөлек монополиялық артықшылықтар басқа пронвициялар қатарында,
сауда компанияларында және мануфактурада таралды.
Сауданың дамуына ішкі кеден мен өлшемнің, таразының бірыңғай жүйесінің
жоқтығы ықпалын тигізді. Осы жасалынған тыйымдар цехтардың жұмыс істемей
тоқтап қалуына, өнеркәсіптің кері кетуіне және ішкі нарықтың кішіреюіне
алып келе бастады.
Негізгі қарама-қайшылықтар аграрлық яғни, француз экономикасының ең басты
секторында қалыптасты. Егістік жерлердің біраз бөлігіне ие болған дворяндар
мен дінбасылар өздерінің ерекшеліктерін, мемлекеттегі билігін сақтай алды.
XVIII ғ. аяғында Франциядағы басталған өнеркәсіп төңкерісі Англияға
қарағанда жай түрде дамыды. Дегенмен де Францияның банк капиталы
өнеркәсіпке қарағанда жылдам дамыды.
Францияның өнеркәсібін тоқтатып отырған бұл феодалдық-абсолюттік
тәртіптер еді. Бірақ 1789-1794 жж. арасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz