Бүкіл Палестина территориясын қамтитын жылдам түрде еврей мемлекетін құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
Негізгі бөлім 4
І-тарау. Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары 4
1.1 Палестина мәселесінің пайда болуы және екіге бөлінуі 4
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы 7
ІІ тарау. 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі 16
2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі,
нәтижесі 16
2.2 Екінші палестина-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі 26
Қорытынды 34
Сілтемелер 36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 37

Кіріспе

Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең
шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі
кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен палестина-израиль
конфликтісі еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы
оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды.
Ресми түрде осыдан 58 жыл бұрын пайда болған бұл мәселе бүгінгі таңда өте
маңызды және әлі шешілмеген проблемалардың бірі болып отыр. Оны көптеген
авторлар әр түрлі қарастырады, проблеманың күрделілігі соншалық, оны тіпті
бір жақты қарастыру мүмкін да емес.
Адам өмірінде көптеген нәрселерден айырылады: жақын, жақсы көретін
адамдар мәңгілікке кетіп қалады, достарымен байланыс нашарлайды; соғыс,
аурулар, аштық сияқты факторлар адам өмірін күрт өзгертіп жіберуі мүмкін.
Бірақ, адам басына қандай да бір қиыншылық түспесе де, ол өмірде ең
қасиетті-Отанының, яғни ата-бабалары, ата-анасы және өзі туып өскен жерінің
барын біледі.
Адамның Отаны қарлы Лапландия, Амазонка джунглилері немесе құмды
Сахара шөлі болса да, ол әрқашан да ең әдемі, ең жақсы, ең ыстық болып
көрінеді. Сондықтан, менің ойымша, адамның патриоттық сезімдері жоқ деп
айту қате, себебі ол-туа пайда болған рефлекс сияқты.
Таяу Шығыс мәселесі, Палестинаның 5 млн. араб халқы туралы сөз
қозғағанда, оны тек қасірет деп қана анықтауға болады. Көптеген жылдар бойы
жалғасып келе жатқан және жыл сайын тереңдей беретін бұл проблема қашан
шешілетіні белгісіз. Палестина арабтарының бір емес ұрпағы осы қасіретті
көріп өскен, өзінің туған елінде бейбіт қатар өмір сүре алмаған, тіпті
қасиетті жер болып табылатын мәңгілік Иерусалим қаласын да көрмегендер
қаншама! Барлығына себепші-сионистер, олардың саясаты және олардың
қолдаушылары деп айтсақ қателеспейтін шығармыз.
Егер Палестина мәселесін жалпы қарастырсақ, оның бүкіл Палестинаны
еврей мемлекетіне айналдыруға тырысатын сионистер мен бұл аудандарда
бұрыннан бері өмір сүріп, көпшілікті құраған және өздігінше дамуға тырысқан
арабтар арасындағы конфликтіден туындағаны белгілі болады. Палетиналықтар
мемлекетін құру үшін түріктермен (Осман империясы), Ұлыбританиямен, ал енді
Израильмен күресіп отыр.
Бұл тақырып қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде өте өзектілердің
бірі болып табылады. Бұл проблема Таяу Шығысты реттеуде ең маңызды, ең
негізгі проблема болып табылады. Ол тек қана Палестина мен Изрильге немесе
араб әлеміне ғана қатысты емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік
қауымдастыққа да әсерін тигізеді. Меніңше, егер дүние жүзінің барлық елдері
бұл мәселені шешуге мүдделі болса, ол бұрын-ақ шешіліп қойылушы еді.
Алайда, проблеманың мәні сол-ол бәрінің мүддесінен шыға бермейді, ол
барлығы үшін тиімді болып табылмайды.
Тарихта барлық жағдайлар мен оқиғалардың қайталанатыны белгілі.
Армения мен Азербайжан арасында (Карабах үшін), Үндістан мен Пакистан
арасында (Кашмир үшін) және т.б. қарама-қайшылықтар күннен-күнге өрістеп,
шиеленісуде. Яғни, жер үшін өте көп аймақтық соғыстар жүргізіліп отыр.
Әрине Палестина мен Израильдің жағдайы мүлдем бөлек екенін түсінемін, бірақ
олардың ұқсастығы-территория үшін тартыс болып отыр. Сондықтан да, жағдайды
осындай шарықтау шегіне жеткізбей, тез шешу керек. Ұзақ жылдар бойы
жалғасып келе жатқан “Таяу Шығыстық театрды” тоқтату керек.
Менің мақсатым Таяу Шығыс мәселесін мүмкіндігінше түпкілікті зерттеп,
оны талдап беру болды. Ол үшін мен алдыма бірнеше мақсаттар қойдым:
- Халықаралық қатынастардағы Палестина мәселесін қарастыру;
- Түрлі өткен конференциялар, қабылданған қаралар мен шешімдерде және
жасалған жоспар-жобаларда Палестинаның жағдайын анықтау;
- Таяу Шығыс мәселесінің түпкілікті шешілмеуінің себептерін анықтау.
Осындай мақсат-міндеттерді алдыға қоя отырып, курс жұмысын жазу
барысында арнайы құжаттық айғақтар мен дерек көздерін кеңінен қарастырдым.
Курстық жұмысым әдеттегідей үш бөлімнен-Кіріспе, екі тарауға бөлінген
Негізгі бөлім және Қорытындыдан тұрады.

Негізгі бөлім

І-тарау. Палестина мәселесі пайда болуының алғышарттары

1.1 Палестина мәселесінің пайда болуы және екіге бөлінуі

Егер Солтүстік Африканың жағалауларымен жүрсеңіз, одан кейін Аравия
жарты аралын түгелін аралап, Израильді өтіп, солтүстіктегі түрік шекарасына
және шығыстағы Иран шекарасына дейін жетсеңіз, барлық жерде де араб тілінде
сөйлеп, жүре бере аласыз. Бұл тіл бақытты деп айтсақ, қателеспеспіз. Осыдан
шамамен 1400 жыл бұрын бұл тілде Имр-уль-Кейс өлең шығарса, Авиценна өз
ғылыми трактаттарын жазды, бүкіл дүние жүзіне әйгілі, мәңгі ұмытылмас ”Бір
мың түн” кітабы да осы тілде жазылған. Сол кезден бері көп тілдер жоғалды,
ал араб тілі бүгінгі күнге дейін грамматикасын да, сөз қорын да сақтап
келеді. Қазіргі таңда ол тілде адамдар сөйлеп, кітаптар жарық көріп,
газеттер шығарылуда.
Ерте ғасырларда араб тілі тек Аравия жарты аралының тұрғындары үшін
ғана туған тіл болатын. VІІ ғасырдың басында ол жерде мұсылман діні-ислам
таралды, орталықтанған мемлекет-Араб халифаты құрылды. Оның шекаралары
жылдам кеңейді, олар Атлант мұхитының жағалауы мен Каспий теңізінен,
Гималай таулары мен Пиреней жарты аралынан көрінді. Бұл мұсылман
империясында тұратындардың біреуі арабталып кетсе, яғни олардың дінін, тілі
мен мәдениетін қабылдаса, басқалары (мысалы, Иран, Батыс Үндістан, Орталық
Азия) тек исламды ғана қабылдап, қалған жақтарда өз ерекшеліктері мен
дәстүрлерін сақтап қалды.
Әрине халифат барлық жағынан өте дамыған болды, бірақ осыншама үлкен
территоррияны өз бақылауында ұстау қиынға соққандықтан, ол бірнеше
бөліктерге, ұсақ князьдықтар мен сұлтанаттарға бөлініп кетті. XVІ ғасырда
халифат территориясын түріктер басып алды, ал Осман империясы ыдырығаннан
кейін оларды Ұлыбритания, Франция, Италия және Испания өзара бөлісіп алды
(Йемен және Сауд Аравиясына кіретін ұсақ князьдықтардан басқа). Ұлы Қазан
Социалистік революциясынан кейін көптеген араб елдері тәуелсіздіктерін
алды. Ал, жалпы араб әлемі географиялық жағынан екіге бөлінеді: Алжир,
Тунис және Марокко Араб Батысын немесе Мағриб елдерін құраса, қалған
мемлекеттер Араб Шығысын немесе Машрик елдерін құрайды. Бірақ, әдетте
барлық араб елдерін біртұтас кешен деп қарастырады.
Араб елдерін тек олардың тарихи және мәдени дамуы, мұсылман діні және
тілі байланыстырып қоймайды, ең маңыздысы-араб халқының империализмге және
колониализмге қарсы күресіндегі ортақ мақсаттары. Араб әлемінде
антиимпериалистік дәстүрлер өте күшті және бір мемлекеттің күресін басқа
мемлекеттер бүкіл арабтардың күресі деп түсінеді. Яғни, кез-келген араб
мемлкетіндегі жағдайлар басқа араб мемлекетіне де өз әсерін тигізеді.
Дегенмен, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан араб әлемі түрлі-
түсті кілемге ұқсайды, өйткені онда феодализм де, капиталистік жолмен дамып
келе жатқан елдер де бар, ал мемлекеттердің бір тобы прогрессивтік даму
жолына түсті.
Бүгінгі күні колония, империализм деген терминдер жоқ болса да,
оларды сипаттайтын әрекеттер әлі тоқтаған емес. Оның айқын мысалы-Палестина
қасіреті, яғни Палестина мен Израаиль арасындағы конфликт. Бұл проблема
жаңадан туындаған жоқ, сондықтан да, ол бойынша көзқарастар баршылық.
Кейбір жазушылар оны КСРО мен АҚШ-тың өз ықпалын көрсеткісі келуі
нәтижесінде, яғни ”әлемде кім күштірек” позициясын ұстануы нәтижесінде
пайда болды десе, басқалары еврейлерге мемлекет алып беру немесе
Палестинаны “еврейлендіру” тек Батыс державалары тарапынан ғана болды деп
айтады. Ол дегеніміз-Палестинаны басып алып, сол арқылы бүкіл Орта және
Таяу Шығысты билеу үшін оларға “адам материалы” керек болды, яғни Батыс
державалары колониализм саясатын жүргізу үшін ерте кездегі тарихқа сүйеніп,
еврейлерді пайдаланғысы келді. Осыдан біз сионизмнің( шын мәніндегі
“әкелері” немесе “аталары” еврей идеалистері емес, христиан колонизаторлары
болғанын түсінеміз. Бұл-Палестина мәселесін түсіндірудің бірінші жолы.
Екінші жолы бойынша, Батыс державалары жұмысшы таптарының назарын
басқа нәрсеге аударып, оларды “дұрыс жолға” салу үшін еврейлердің қоныс
аударуын пайдаланды. Тарихтан белгілі, XІX ғасырдың аяғы XX ғасырдың
басында Европа мен Америкада марксистік теория және социалистік
революциямен “қаруланған” жұмысшылардың ең үлкен бас көтрулері болды. Осы
кезде империалистердің басты мақсаты-жұмысшы қозғалысы отрядтарын ажыратып,
оны басып тастау болды. Ол үшін олар расистік, шовинистік идеологияны
пайдаланып, жұмысшылардың көздерін жапқысы келді.
Сонымен, Германияда болған “арийлендіру” принципіне сәйкес еврейлер
Палестинаның экономикалық, мәдени, саяси, әлеуметтік өмірін “еврейлендіру”
принципін жүргізді. Бірақ, олардың немістерден бір айырмашылығы-еврейлер
бұл саясатын ертерек, яғни “арийлік” үлгідегі нәсілдік идеология
саясаткерлері мектептегі партада отырған кезде-ақ бастаған болатын...
Израиль мемлекеті картада тек 1948 жылы пайда болса да, оның құрылуын
1917 жылмен байланыстырады. Оны түсіну үшін тарихқа жүгінейік. XІX ғасырдың
аяғында Европада еврей буржуазиялық-ұлттық ағымы пайда болады, ал 1897 жылы
ол ресми ұйымға айналады, яғни Базельде болған конференцияда Бүкіләлемдік
Сионистік Ұйымның құрылуы туралы жарияланады. Сионизмнің лидерлері қуғын-
сүргінге наразылық білдірген жұмысшы еврейлерді өз идеясын тарату
мақсатында пайдаланғысы келеді. Сионизмнің негізін қалаған Теодер Герцль
бұл идея ең алдымен ірі еврей буржуазиясы үшін тиімді екендігін жасырған
жоқ. “Ақшаларын тығып, тыныштықта тойлауға мәжбүр болған еврей байлары
өздерінің мемлекетінде емін-еркін тұрып, өмірдің рахатын көре алады”,-деді
Герцль1.
Бірақ, ондай мемлекетті құру туралы мәселе бірден шешілмеді.
Сионистердің бір тобы мемлекетті Угандада, екіншілері Латын Америкасында
құруды ұсынды. Ақырында, ең тиімді жер Палестина болып шықты, өйткені онда
б.э.д. VІІІ ғасырда Израиль мемлекеті болған және оның атақты Соломон,
Давид сияқты патшалары билік құрды.
Сионистер қозғалысының басшылары ірі державалар тарапынан қолдауға ие
болу үшін екі ғасыр уақытты қажет етті.
Сонымен, Палестина территориясында екі мемлекет (Палестина мен
Израиль) құру туралы шешім 1947 жылы 29 қарашада шықса да, проблеманың өзі
одан бұрынырақ басталғаны мәлім.
1917 жылы 2 қарашада Ұлыбританиянвң Сыртқы Істер Министрі лорд
Бальфур еврей миллиардері Ротшильдке хат жолдайды. Ол хатында Бальфур
Ұлыбритания Үкіметі Палестинада еврей халқының ұлттық ошағын құруын
қолдайды және оған жету мақсатында көмектесіп, бар күшін салуға дайын
екендігін айтады. Онымен бірге, “Палестинада тұратын еврей емес халықтардың
азаматтық және діни құқықтары шектелмеу керек, бірақ еврейлердің де
құқықтары мен саяси статусына нұқсан келмеуі керек”,-деп жазылған2. Кейін
Бальфур декларациясы аталып кеткен бұл хат палестина проблемасының барлық
кезеңдерінде де кері әсерін тигізген болатын. Оны жүзеге асыру-көптеген
қиыншылықтар мен проблемалар, ал ақырында палестиналықтардың Отандарынан
айырылуына себеп болды.
Бальфур декларациясын жүзеге асыру барысында маңызды роль атқарған-
Бүкіләлемдік сионистік ұйым болды, оның негізгі мақсаты-Палестинада
палестиналық еместерді қоныстандыру болды. Палестиналықтардың құқықтары
шектеліп, мүдделері ескерілмегенін айтпаса да болатын шығар, бірақ ең
қызығы-ол документте арабтар немесе палестиналықтар туралы бір ауыз сөз
айтылмаған. Сол кезде бүкіл халықтың 90%-ін құраған, ал территорияның 97%-
ін өз қолдарында ұстаған арабтарды (мұсылмандар немесе христиандар болсын)
тек Палестинадағы еврей емес қауымдастық деп атады3.
Бальфур декларациясын жариялауда Англияның өз мақсат-мүдделері болды.
Кейбір авторлар оны біріншіден, Ұлыбританияның Таяу және Орта Шығыста
билігін орнатқысы келгенімен және екіншіден, сол аймақта шоғырланған мұнай
байлықтарымен байланыстырады. Басқа авторлардың пікірінше Палестина
айтарлықтай табиғи байлықтарға бай емес, халқы аз және кедей мемлекеттердің
қатарында болғандықтан, ағылшындарды оның стратегиялық орналасуы
қызықтырды. Әсіресе оның жанында Жерорта теңізі мен Үнді мұхитын
байланыстыратын Суэц каналы ашылғаннан кейін бұл аймақ өте маңызды бола
бастады. Канал арқылы Батыс державалары Таяу Шығыс және Месопотамияға
кіруге мүмкіндік алды. Бірақ, шын мәнінде, мұнда империалистерді аталған
барлық жағдайлар да қызықтырды. Себебі, Палестина Европа метрополияларын
олардың Азия және Африкадағы отарларымен байланыстыратын Суэц каналының
жанында орналасқан, ол Европа, АҚШ және Азия арқылы өтетін әуе жолдарының
ортасында орналасқан, Палестина арқылы Жерорта теңізін Парсы шығанағымен
байланыстаратын автомагистраль өтеді және Таяу Шығыстың тура жүрегінде
орналасқан Палестина арқылы империалистер басқа араб мемлекеттеріне де
үстемдігін жүргізе алады.
Бірақ, бұл жерде Англия Американың қарсылығына кезікті. Яғни, бірінші
Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің басты кредиторына айналған АҚШ та енді
өзінің Палестинаға деген мүддесін білдіре бастады. Жалпы АҚШ Палестинада
еврейлер мемлекетінің құрылуына қарсы болмады. Америка президенті В.Вильсон
Бальфур декларациясын қолдады, оның айтуынша: ”Біздің үкімет пен
халқымыздың қолдауын тапқан одақтастар Палестинада еврей достастығының
негізінің қалануына келіседі”. Америкалықтардың ойынша бұл мемлекет сол
аймақтағы Англияның билігін әлсіретеді, себебі ол уақытта араб мемлекеттері
түгелімен Европа державаларының, оның ішінде ең алдымен Ұлыбританияның қол
астында болатын. Ұлыбритания 1920 жылы сәуірде өткен одақаралық Сан-Ремо
конференциясында Палестинаға мандат( алады, бірақ АҚШ позициясына
байланысты ол екі жылдан кейін ғана өз күшіне енді. Бұл кезде де
Палестинаның құқықтары өте қатты шектелді: Ұлттар Лигасы мандат берген
барлық араб мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізгенде, Палестина
тәуелсіздігін сол бойы ала алмады.

1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы

1920 жылы Лондонда өткен сионистік конференцияда Керен-ха-Иесод
ұйымы құрылады, оған еврейлердің Палестинаға иммиграциясын қаржыландыру
жүктелді. Еврейлердің Палестинаға иммиграциясы әрқашан бірінші орында
тұратын мәселе болды. Егер 1918 жылы еврейлер бүкіл Палестина халқының тек
қана 8%-ын құраса, 1947 жылдың аяғы 1948 жылдың басында бұл сан 33,8%-ға
дейін өсті. Жалпы олардың қоныс аударуын төмендегі мәліметтер жақсы
көрсетеді:

Жылдар Еврей халқы Араб халқы
(Палестинадағы)
1918 56000 644000
1922 87800 660000
1931 147900 848000
1944 528700 1196800
1947 608000 1237000

Бұл кестеден жылдан-жылға өсіп келе жатқан еврей халқының үлесі айқын
көрініп тұр. Бірақ, ол сионистік лидерлер үшін аз сан болып көрінді. “Еврей
агенттігі” ретінде танылған Бүкіләлемдік Сионистік Ұйым лидерлерінің бірі
М.Нордау “Палестинаға Европаның 100 000 еврейін көшіруді тездету керек”
деген ұсынысымен шығады, яғни олар “еврейлердің ұлттық ошағын” құруды
бастайды. Бірақ, ол жерде мандаттық Палестинаның осыншама көп халықты
қабылдауға дайын емес екендігі туралы ешкім ойлаған емес. Еврейлер
өздерінің көшуін тарихқа және иудейлік дінге сүйеніп негіздеді. Яғни,
Библия бойынша, Палестина жерінде бұрын еврейлердің ата-бабалары
қоныстанған, сөйтіп олар енді бұрын өздері өмір сүрген Иерусалимдегі Сион
тауларына оралуы тиіс. Сионистік лидерлердің айтуынша, олардың қозғалысы
мемлекетсіз халыққа халықсыз мемлекет беруге бағытталған. Бұл жерде көңіл
аударатын жайт-еврейлер саны тек тек қоныс аударғандар есебінен өспеді,
сонымен қатар Палестина арабтарын өз жерлерінен ығыстыру нәтижесінде де
өсті. Бұл арабтарды ойландыра бастады. Жерорта теңізі бойындағы жерлерден
айырылу оларға да ұнамады. Соғыс кезінде Таяу Шығыстағы жағдай өзгерді:
Ливан мен Сирия тәуелсіздікке қол жеткізді, ағылшындардың Ирак пен Сирияда
позициялары төмендеді, Палестинаны мандаттығында ұстау да қиынға соға
бастады.
Осыған байланысты әр түрлі шешімдер ұсынылды. Палестина арабтарының
көбісі екі ұлтты Палестина мемлекетін құруды ұсынды. Ондағы екі ұлттың да
құқықтарына кепілдік беретін мемлекеттің құрылуын Палестина Коммунистік
партиясы мен Араб-еврей лигасы жақтады. Сионистік ұйымдар өз алдына бүкіл
Палестинаны еврей мемлекетіне айналдырғысы келді. Оңшыл араб ұлтшылдары
Палестина тек арабтық мемлекет болу керек деген ойда болды.
Бұның барлығы еврей және араб халықтарының арасындағы қатынастардың
шиеленісуіне әкелді, оған негізінен ағылшын әкімшілігінің саясаты себеп
болды. Ағылшындар “екі орындықта отыру” саясатын ұстанғысы келді, яғни
еврейлерді қолдау және арабтармен де ұрсыспау. Нәтижесінде Британ
әкімшілігіне олардың екеуі де наразылық білдірді.
Жоғарыда айтып кеткен Нордаудың осындай ұсыныстарынан бірінші жылдары
Ұлыбритания үкіметінің еврей иммиграциясының күшейген темптеріне аса назар
аудармағанын көре аламыз. Тек 1922 жылдың мамырында колониялар министрі
У.Черчилльдің “Ақ кітабы” жарық көреді. Онда “Бальфур декларациясы
Палестинаны еврейлердің ұлттық ошағына айналдыруды көздемегені және
еврейлердің Палестинаға иммиграциясы мемлекеттің экономикалық сыйымдылығын
ескере отырып жүргізілуі керек”,- деп жазылды.
Ағылшындардың мұндай реакциясы оның еврейлердің Палестинаға
бақылаусыз иммиграциясының маңызды экономикалық және демографиялық
нәтижелеріне байланысты ойлануымен түсіндіріледі. Лондонда егер еврей
иммиграциясына белгілі бір шек қоймаса, арабтар мен еврейлердің қатынастары
міндетті түрде шиеленіседі, ал бұл өз алдына мандаттық биліктің барлық
жүйесіне негативті әсерін тигізетінін білді.
Палестина арабтарының ағылшын үкіметінен Палестинаның 90% халқының
мүдделерін ескеруін сұрауы нәтиже бермеді. 1920 жылы желтоқсанда Хайфада
жиналған Араб конгресі өз шешімдерін ағылшын үкіметіне жеткізе алмады,
себебі олардың өкілдерін Даунинг-стритке жібермеді. Ағылшындар
палестиналықтардың мемлекеті немесе біріккен араб-еврей мемлекеті туралы
ештеңе естігілері келмеді. Сонымен, палестиналықтар оларға ең көп дегенде
автономия ғана беретінін түсінді.
Осыған байланысты, арабтардың антиағылшындық қозғалыстары пайда
болды. 1920 жылы мамырда Яффада болған араб-еврей қатынасын зерттеген
Хэйкрофтың арнайы комиссиясы Палестинаның екі негізгі этникалық топтары
арасындағы шиеленісті реттеу тек оларды тыныштандыру нәтижесінде ғана
мүмкін екендігін айтты. Яғни, арабтар ағылшындардың “еврейлердің ұлттық
ошағы” идеясына келісу керек, ал еврейлер бұл идеяны жүзеге асыру барысында
шектен тыс шығып кететін ешқандай талаптарды қоймау керек болды.
1921 жылы мамырда Иерусалимде өткен төртінші араб конгресі ағылшын
мандаттық билігінен Палестинада арабтардың және еврейлердің Заң шығарушы
кеңесін құруды сұрады. 22 ақпанда Кеңестің жобасы жарияланды, ол бойынша,
оған Палестина бойынша Жоғарғы комиссар, тағайындалатын 10 ресми мүше (тек
ағылшындар), Палестина халқы сайлайтын 12 ресми емес мүше, 18 мұсылман, 2
христиан және 2 еврей кіруі тиіс еді. Жоба бойынша Жоғарғы комиссардың кез-
келген заңға байланысты вето жариялау құқығы болды.
Бірақ, палестиналықтар бұл жобамен келіспеді, себебі келешек
қабылданатын заңдардың барлығы мандаттық режимді және арабтардың еврейлерге
қарағанда тең емес құқықтарын сақтауға бағытталатынын түсінікті болды.
Черчилль оны теріске шығаруға тырысқанымен, арабтар одан бас тартты.
Ағылшындар оны қанағаттанбаған интеллигенттер әрекеті деп қате есептеді.
Ал, сионистер болса, арабтардың мұндай әрекеті араб феодалдарының
позицияларын әлсіретіп отыр деп түсінді. Олар Палестина
арабтарыныңсаналарының өскенін, осындай терең процесті түсіне алмады. Бұдан
ағылшын комиссиясы даулы, бірақ бір жағынан дұрыс қорытынды шығарды: “Араб
шаруалары мен Палестинаның ауыл тұрғындары мүмкін тіпті кейбір Европалық
халықтардан да саяси жағына келгенде жоғарырақ болып табылады”.
1920-1930 жылдары Палестина арабтарының ағылшындарға қарсы
шығуларында ағылшын мандатын тоқтату, Палестинаға еврей иммиграциясын
қысқарту сияқты ашық саяси талаптары да оған дәлел бола алады. Бірақ, 1920-
1930 жылдары кең етек алған палестиналықтардың ұлттық бас көтерулеріне не
мандаттық билеушілер, не мандаттық басшылар үлкен мән бермеді, себебі олар
еврей иммиграциясының өсуі мен еврей колониалистерінің сәттіліктері
нәтижесінде Палестина арабтары ерте ме, кеш пе “еврейлердің ұлттық ошағы”
идеясымен келісуге мәжбүр болатынына сенімді еді. Алайда, мұндай ойлары
теріс болып шықты. 1936 жылы Палестина арабтарының өз құқықтары үшін
көтерілістері үлкен көтеріліске ұласты. Бұл сионистердің жоспарын жүзеге
асыруды қиындатты.
Оған қарамастан, сионистер де, ағылшындар да арабтардың антисионистік
бас көтерулері тек реакциялық сипаттағы араб феодалдарының әрекеттері деп
түсінді. Еврейлер өз Отандастарын басқа мемлекеттерден көшіруді тоқтатпады.
Олар тіпті фашистік Германиямен еврейлерді Палестинаға көшіру туралы
“Хаарава” атты саяси келісім жасасты.
Сонымен, палестинадағы “еврей ұлттыық ошағы” біртіндеп “мемлекет
ішіндегі мемлекетке” айнала бастады. Еврей қауымдастығы-ишувтердің барлық
ішкі мәселелерін Ұлттық Кеңес шешетін, ал мандаттық билеушелер мен
Бүкіләлемдік сионистік ұйым арасындағы қатынастармен “Палестинаның
сионистік атқарушы комитеті” (кейін “Еврей агенттігі”) айналысып отырды.
Еврей агенттігі Бүкіләлемдік Сиоинистік ұйымның қаржылары мен
мүмкіндіктерін барынша пайдаланды: ол Палестинаның еврей секторындағы
экономиканың дамуын бақылады, жаңа мектептер, аураханалар салып, табиғи
ресурстарды эксплуатацияға ұшыратты. Олар “еңбекті жаулап алу”, “жерді
жаулап алу” және “тілді жаулап алу” сияқты ұрандарын жариялады. Ол
дегеніміз-кәсіпорындарды монополизациялау, оларда негізінен еврейлердің
жұмысшы күштерін пайдалану және иврит тілін өркендетіп, Палестинада жалғыз
сөйлеу тіліне айналдыру.
Палестинада 1936 жылы қарашаның аяғы мен 1937 жылдың басында болған
лорд Пиллдің корольдік миссиясы палестинадағы мандаттық режим ескірді және
қазір ол жерде арабтар мен еврейлер арасындағы шешілмейтін, өте күрделі
конфликт туындады деген қорытындыға келеді. Комиссия Палестинадағы арабтар
мен еврейлердің басшылығын шақырып, территорияның бөліну мүмкіндігін
қарастыратын конференцияны шақыруды ұсынды. Осы мәселеге байланысты 1939
жылы ақпанда Лондонда Сент-Джеймс конференциясы өз жұмысын бастайды.
Сионистердің айтуы бойынша, онда Британ үкіметінің арабтарға бұрылғаны
көрініп тұрды. Арабтардың сұрауымен Британ үкіметі арабтар жағымен және
еврейлер жағымен жеке-жеке кездесулер өткізді. Ағылшындардың Иордан
өзенінің батысына қарай Палестина мемлекетін құру жоспары қарсылыққа
кезікті, себебі Палестина территриясында арабтар да, еврейлер де өзінің
тәуелсіз мемлекетін құру туралы ойлап жүрді. Алайда, бұл жерде Пилл
комиссиясының ұсынысы реалистік сипатта болғанын атап өту керек, себебі
Палестинада екі біріккен араб-еврей мемлекетін құру мүмкін емес еді және
оған не арабтар жағы, не еврейлер жағы келісімін бермейтін еді.
1939 жылы мамырда Ұлыбританияның колониялар мәселелері бойынша
министрі Р.Макдональдтың “Ақ кітабы” шығады. Ол бойынша, 10 жылдан кейін
араб көпшілігі бар тәуелсіз мемлекет құрылуы керек болатын, еврейлердің
жерді сатып алуын шектеу немесе оған мүлдем тыйым салыну керек болатын.
Еврейлер қауымдастығы “Ақ кітаптан” бірден бас тартты. Ол кезде еврейлер
арасында бен Гурионның: “Гитлермен Ақ кітап жоқтай күресу және Ақ кітаппен
Гитлер жоқтай күресу” деген сөзі өте әйгілі болды.
Палестина көтерілістері 1939 жылдың ортасына таман аяқталды, араб
халқы көптген шығындарға ұшырады. Ағылшындардың мәліметтері бойынша, 3074
араб өлтірілді және тек 1939 жылдың өзінде 6000 араб концлагерьлерге
жабылды. Жалпы осы көтерілістерде еврей жағынын “Хагана” атты шовинистік
ұйым, “Иргун Цвай Леуми” атты экстремистік ұйым, “Штерн” атты террористік
топ және т.б. белсенділік танытты.
Егер 1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетпегенде,
Палестинаны бөлу мәселесі бұрынырақ басталар еді. Оны пайдаланған сионистер
енді АҚШ-ты өз жағына тартып, онымен одақтаса бастады.
Сонымен қатар, сионистер жергілікті арабтардың жерлерін, Палестинаның
ірі компанияларын, банктерін сатып ала бастады. Жер-жерде шашырап,
Палестина халқының азшылығын құрап отырған еврейлер бұның бәрін қалай сатып
алды деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Олардың барлығы шетелден келген капитал
есебінен қолға түсіріліп отырылды. Капиталды Ротшильд сияқты бай сионистер
беріп отырды. Әрине ақшаның барлығы ишувтерді (Палестинадағы еврейлер)
дамытып, көтеру мақсатында аударылды. Мысалы, 1917 жылдан 1946 жылдың
қыркүйегіне дейін тек сый ретінде берілген ақша $44,1 млн.-ды құрады. Оған
қоса, Мемелекеттің капиталистік дамуы үшін Германия өз мамандарын жіберді.
Сонымен, 1943 жылы елдегі бүкіл өнеркәсіп кәсіпорындарының 55%-ы және
өнеркәсіпке салынған инвестицияның 80-90%-ы ишувтердің үлесінде еді4.
Әрине, еврейлер арабтарға қарағанда барлық жағынан өте ұйымдасқан болатын.
Оны арабтардың атақты жазушыларының бірі С.Хадавидің өзі де мойындады.
Наразылығы күшейген және ұлт-азаттық көтерілістерді жүргізіп отырған
арабтар 1935-1937 жылдардың өзінде көптеген партияларды құрады, ал 1945
жылы 23 қарашада олардың барлығы Жоғарғы араб комитетіне біріктіріледі. Ол
әрине араб халқының қамын ойлап, солардың сөзін сөйлейтін ұйым болды, бірақ
араб басшыларының арасында кикілжіңдер мен кектесу нәтижесінде әлсіреп,
ыдырайды. Ал, сионистер ұйымдасқан ауызбіршілікпен біртіндеп Палестина
жерін жаулай береді.
Ірі державалар тарапынан қолдау тапқан сионистер тіпті басқа шыға
бастады. 1942 жылдың 11 мамырында АҚШ-тың Билтмор қонақ үйінде Америка,
Европа және Палестина сионистері бас қосқан конференция өтеді. Онда
сионистердің жаңа бағдарламасы жарияланады. Ондағы негізгі талаптар:
1) Бүкіл Палестина территориясын қамтитын жылдам түрде еврей
мемлекетін құру;
2) Палестинаға еврейлердің шексіз қоныс аударуы;
3) Ишув әскерін құру.
Билтмор бағдарламасы 1942 жылдың қарашасында сионистердің Жоғарғы
Кеңесі-Ішкі бас кеңеспен Иерусалимде мақұлданып, халықаралық сионизмнің
ресми саясатына айналды.
Бірақ, Ұлыбритания еврейлердің қарулы күштерін құруға қарсы болады,
себебі ол сол кезде ишувтерді мойындау болып табылатын және араб
елдеріндегі жағдайды мүлдем шиеленістіріп жіберетін еді. Алайда, екінші
дүниежүзілік соғыс яқталар алдында Англия АҚШ қысымының нәтижесінде ғана
келісіп, бірақ олардың өз жалауларының болуына тыйым салды.
1945 жылы 31 тамызда АҚШ президенті Трумэн ағылшын премьер-министрі
Эттлиге хат жібереді, онда ол Европадан Палестинаға 100 мың еврейлерді
кіргізуді талап етеді. Бұл-АҚШ-тың Палестина мәселесіне тікелей араласа
бастағанын білдіреді. Кейбір әдебиетерде Американың Палестинаға белсенді
араласа бастауын келе жатқан президенттік сайлаулармен байланыстырады.
Себебі оның қалай болатынына 5 млн. сайлаушы еврейлер мен еврейлердің ірі
қаржы магнаттары да әсер ете алды, сионистердің бағдарламалары
республикалық және демократиялық партия бағдарламаларына қосылды. Сонымен
қатар, АҚШ-тың Палестинаға қатысты саясаты ірі империалистік бәсекелес-
Англия мен АҚШ-тың арасалмағына да әсерін тигізетін еді.
Англия “Палестинадағы жағдайды” сылтаулатып, одан бас тартты, бірақ
Палестина мәселесімен айналысатын Біріккен ағылшын-американ комиссиясын
құруды ұсынды. Өйткені ол кезде араб әлемінде жағдай шиеленісіп тұрған
болатын: ұлт-азаттық қозғалыстар күннен-күнге кең етек алды, оған қоса 1945
жылы наурызда Араб Елдерінің Лигасы құрылды.
Ағылшын-американ комиссиясының бағыты біржақты еврейлік болған жоқ,
себебі олар араб елдерінің КСРО-дан көмек сұрауынан қорықты.
1946 жылдың шілдесінде жаңа ағылшын-американ комиссиясы құрылады.
Олардың жұмысының нәтижесі-“Моррисон жоспары” болып табылады. Ол бойынша,
Палестинада 4 бөліктен тұратын федерация құрылу керек болды: 1) араб
автономиясы, 2) еврей автономиясы, 3) ағылшын билігіндегі Негев провинциясы
және 4) ағылшын билігіндегі Иерусалим провинциясы. Бірақ, АҚШ оны дұрыс деп
таппады. Мұнда оның екі жақты саясаты көрінді, яғни біріншіден, Таяу
Шығыстағы мұнай үшін арабтармен қатынасты нашарлатпау, ал екіншіден,
ағылшын бәсекелесін ығыстыру үшін күннен-күнге ұлғайып келе жатқан
арабтардың қозғалыстарын басу үшін еврейлерді қолдау.
1947 жылы қаңтарда Лондонда арабтар және еврейлер қатысуымен “Моррисон
жоспарын” талқылау үшін конференция өткізіледі. Бірақ, ол ешқандай нәтиже
бермеді. Ақпанда Англия “Бевин жоспарын” ұсынды. Ол бойынша, Палестина
жартылай автономиялы араб және жартылай автономиялы еврей мемлекеттеріне
бөліну керек болатын, ал олардың еекуі де 5 жыл ағылшын әкімшілігімен
басқарылуы тиіс еді. Әрине, арабтар да, еврейлер де “Бевин жоспарынан” бас
тартты.
Палестина мәселесіне Америка да белсенді араласты. 1947 жылы 19
қаңтарда АҚШ президентімен Палестинаға барып қайтқан Болдуин миссиясы өз
ұсыныстарымен бөліседі. Онда негізінен еврейлердің құқықтары басым болады
және арабтар ешқашан Палестинаны билемеген деген тұжырымға келеді. Болдуин
ұсыныстары мынадай болады:
1) Палестинада белгілі бір шекара аумағында еврей мемлекетін құру;
2) Бұл мемлекетті БҰҰ-да тану;
3) Палестина мемлекетінде еврей сайлаушыларын қосып, сайлау өткізу;
4) Сайлау өте салысымен, Палестинаға ағылшын мандатын жою,
5) 5-жылға БҰҰ-ның комисиясын құру, ол территорияның Британ үкіметінен
тазартылуын және еврейлер мен арабтар арасындағы жерді сату-сатып алуды
қадағалауы тиіс болды;
6) АҚШ Трансиорданияны мойындайды және оның БҰҰ-на кіруіне көмектесу
керек;
7) АҚШ Палестинаға 3млн. көлемінде заем береді және Иордан өзенінің
суын гидоэнегргетикалық және ирригациялық мақсаттарда пайдаланатыны туралы
келісім жасайды;
8) Палестина өз әскерін құрғанға дейін онда халықаралық қарулы күштер
қызмет атқаруы керек.
Билтмор жоспарын еврейлер жақсы қарсы алғанмен, арабтар оған наразы
болады. Сонда да, бұл жоспар алдыңғылары сияқты еш нәтиже бермей, жүзеге
аспай қалады. Империалистер қалай болса да Палестинаны өз қолдарында сақтап
қалғысы келеді. 1946 жылы ағылшын үкіметі өз позициясының төмендегенін
түсінді және оны АҚШ-қа беруге тырысты. Бірақ, АҚШ оған әлі дайын емес
екендігін айтты.
Ұлыбритания мандатарий держава ретінде өз тарапынан бұл мәселені
реттеуге тырысты. Алайда, оның барлығы тығырыққа тірелді. Сөйтіп ол бұл
мәселені 1947 жылы 17 ақпанда БҰҰ-ның қарауына ұсынады. Ал, қаңтар-
сәуірінен бастап Палестина мәселесін Бас Ассамблеяның келесі сессияларына
қосуды ресми сұрады. Бірақ, БҰҰ-ның шешімі Англия үшін аса маңызды болған
жоқ, ол бұл ұйымның шешімін тек кеңес ретінде қарастырды.
Палестина мәселесін БҰҰ-ның талқылауына беруге АҚШ та қарсы емес еді.
Оның ойынша, бұны талқылау және түрлі келісімдер жасау барысында олар
Палестинаны өз қолдарына түсре алады. Басында ол жерге ағылшын-американ
бақылауын орнатып, кейін оны түгелдей өз қолдарына түсіруге болады деп
ойлады.
БҰҰ ол мәселемен айналыса бастаған кезле ондағы жағдай қайнап жатқан
қазанға ұқсаған болатын. Сол кезде жазған мемуарларында У.Черчилль:
“Ағылшындар кеткен жердің бәрінде проблема тастап кетеді”,-деп бекер
айтпаған.
Арабтар БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында бұл территорияда ағылшын
мандатын тоқтату туралы және Палестинаның тәуелсіздігін жариялау туралы
ұсыныстарын айтты. Еврейлер агенттігінің өкілдері болса Палестина
территориясында тек еврейлер мемлекетінің құрылуын талап етті. Ал, Совет
Одағы Палестинаның тәуелсіздігін жариялауды талап етті, сонымен қатар ол
біріккен арабтық-еврейлік федеративтік мемлекет құруды ұсынды. Әрине онда
арабтарға да, еврейлерге де тең құқықтар берілуі тиіс еді. Иерусалим қаласы
мен оның маңын халықаралық аймақ ретінде жариялау ұсынылған болатын. Ал,
егер қандай да бір себептерге байланысты арабтар мен еврейлер бірге тұра
алмаса, Палестина араб және еврей мемлекеттеріне бөлінуі тиіс болатын.
Сөйтіп, бұл мәселені шешу тығырыққа тіреліп, көптеген ұсыныстардың
пайда болуына байланысты, БҰҰ 1947 жылдың 15 мамырында Палестина мәселесін
зерттеп, шешуді арнайы құрылған комиссияға жүктеді. 11 мемлекеттен тұрған
оған ұлы державалар кірмеді. Бұл комиссия өз жұмысын 26 мамыода бастап, 31
тамызда өз баяндамасын ұсынды. Олардың жұмыстарында барлығы бірдей келіскен
және ажырап кеткен жерлері де болды. Комиссияның барлық мүшелері бір
ауыздан Англия мандатын тоқтату керектігін және Палестинаның тәуелсіздігін
жариялау қажеттігін айты. Ал, өтпелі кезең тұсында мемлекеттегі жағдайды
БҰҰ-ның бақылауындағы мандатарий реттеп отыру керек (мемлекеттің
экономикалық біртұтастығын, діни қасиетті жерлерді қорғау т.б.).
Бірақ, Палестинаның мемлекеттік құрылымына келгенде, комиссияның
ойлары бөлініп кетті. “Көпшіліктің жоспары” бойынша (Канада, Чехословакия,
Гватемала, Нидерланды, Перу, Швеция, Уругвай), мемлекет арабтық және
еврейлік болып бөліну керек, ал Иерусалимге халықаралық бақылау орнату
керек. Сонымен қатар, болған “азшылық жоспар” бойынша (Үндістан, Иран,
Югославия), астанасы Иерусалим болатын араб және еврей автономды
бөліктерден біртұтас федеративті мемлекет құрылу тиіс болды. Көпшілік дауыс
бойынша, Палестинаны не де болса бөлу қажеттігі туды. Сол кезде БҰҰ-ның
айтуы бойынша, палестина мәселесін қалай да болса шешу-бүкіл “еврей
мәселесін” шешу болып табылмайды.
1947 жылы қыркүйек-қарашада Палестинадағы жағдай мүлдем шиеленісті.
Сионистердің террористік және экстремистік актілері кең етек жайды, ал
“Хагана” тіпті ағылшын әскеріне де қарсылық көрсете бастады. Осыған
байланысты, Палестинаның араб халқы бүкілхалықтық демонстрациялар өткізді,
қарсылықтың мұндай белгілері Сирия мен Ливанда да көрініс тапты.
Сөйтіп, 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Асамблеясы арнайы
комиссияның “көпшілік жоспарын” басшылыққы алып, 23 дауыспен 181ІІ
қарарын қабылдайды. Ол бойынша, Палестинаға Англияның мандаты жойылды,
Палестина жері арабтардың және еврейлердің территорияларына бөлініп кетті,
Иерусалим және оның маңы ерекше халықаралық режимі бар әкімшілік бірлікке
айналды және ол БҰҰ-ның Қамқорлық жөніндегі Кеңесіне берілді.Қарар үшін 33
мемлекет дауыс берді (АҚШ және КСРО-мен қатар), 13 мемлекет қарсы болды, ал
10 мемлекет ешқайсысына да дауысын бермеді (Ұлыбртианиямен қатар). Қарарда:
“Палестинаға Англияның мандаты қысқа мерзімде, 1948 жылдың 1 тамызына дейін
аяқталуы керек”,- деп жазылған5.
Палестинаны бөлуге қарсы дауыс берген мемлекетер ішінде 6 араб
мемлекеттері (Египет, Ирак, Сирия, Ливан, Сауд Аравиясы, Йемен), 5 Азия
мемлекеттері (Түркия, Иран, Үндістан, Пакистан, Ауғанстан) және Греция мен
Куба болды. Яғни, бұрынғы бүкіл отарлық Азия мен Таяу Шығыс дерлік бұл
қарарға қарсы болды. Бұл мемлекеттердің қарсы болуының 3 себебі бар:
1) Олардың саясаты айқын антиколониалдық сипатта болды;
2) Олардың барлығы еврей мемлекетін құруға қарсы болды;
3) Араб және азиялық елдердің қарсы ұсыныстары олардың өскенігін және
ондағы халық үшін жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді.
Араб және Азия мемлекеттері біртұтас араб халқының автономиясын
құруды ұсынды. Түркия және Иран сияқты мұмылмен мемлекеттері үшін діни
фактор да маңызды роль атқарды.
Франция болса, Палестина мәселесіне аса араласпады, себебі оның
өзінің Үндіқытай, Сирия, Ливан және Мағриб елдерінде проблемалары
жеткілікті болды, ал Чанкайшистік Қытай өз дауысын Америкаға берген болатын
Қарар бойынша, араб мемлекетіне 11,1 мың шаршы шақырым территория,
яғни Палестина территориясының 43-ы берілді (мемлекеттің орталық және шығыс
бөлігі, батыс Галилея, Ашдодтан Газаға дейінгі жағалау, яғни Иордан
өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторы және анклав ретінде Яффа қаласы),
ал еврей мемлекетіне 14,1 мың шаршы шақырым территория немесе бүкіл
палестинаның 56-ы берілді (Шығыс Галилея, Эздрелон даласы, Негев шөлінің
көп бөлігі, Хайфадан кеінгі жағалау). Араб мемлекетінде 549 мың араб және
95 мың еврей, еврей мемлекетінде 499 мың еврей мен 510 мың араб тұруы керек
болды. Иерусалим қаласы бейтарап аймақ болып жарияланды, себебі онда 3
діннің де-ислам, христиан және иудаизмнің қасиетті орындары бар (Иисус
Христос туған үңгірдің үстіндегі храм, Стена плача, Гефсиман бағы, Мұхаммед
Пайғамбар дүниеге келген жерде салынған Омар мешіті және т.б. ). Бұл жерде
59690 еврей және 105540 араб тұруы тиіс еді6.

ІІ тарау. 1948-1956 жылдар арасындағы Палестина мәселесі

2.1 Бірінші палестина-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі,
нәтижесі

Сионистердің саясаты әрқашан көп территоряларды, БҰҰ шешімімен
еврейлерге берілген территроиялардан басқа жерлерді де қолдарына түсіру
болды. Сонымен, олар екі мемлекеттің де тәуелсіздігін жариялайтын күнді
күтпей (1948 жылдың 1 қыркүйегі), жалпы Палестина жерін арабтардан
“тазартуды” бастады. Яғни, БҰҰ-ның шешімін бірінші бұзған еврейлер, бұл-
парадокс болып табылады. Бен Гурионның айтуы бойынша: “Ағылшындар өз
әскерлерін Палестинадан шығарғаннан кейін, біз үлкейген және Хаганамен
еврейленген мемлекетті қолымызға түсіргіміз келді”7. Англия өз әскерлерін
әкетумен праллельді түрде еврейлер Тиберия, Яффа және Сафад сияқты маңызды
қалаларды оккупациялай берді. Олар тіпті халықаралық статусқа ие
Иерусалимнің де көп бөлігін басып алды. Онымен қоймай, сионистер көптеген
террорлық актілерді ұйымдастырып, араб халқын қыруды тоқтатпады. Яғни, араб-
еврей соғысы іс жүзінде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы шешім қабылдаған күннен
кейін-ақ басталды. 1947 жылы наурыздың аяғында Хагана басшылары жалғыз
шешім-инициативаны өз қолына алып, әскери күшпен басқыншылықа өту екенін
түсініп, соған байланысты “Д жоспарын” құрады. Ол жоспар бойынша,сионистік
қаруланған күштер еврей мемлекетіне өтуі тиіс аудандарда өз билігін орнатуы
керек, келешек еврей мемлекетінің шекараларын қорғау керек және еврей
мемлекетінің территориясынан тыс отырған еврей мекендері мен халқын еврей
мемлекетінің ішінде немесе сыртындағы жаулардан қорғау керек болды. Бұнда
барлығы айқын көрінді-арабтардың өмір сүріп отырғаны туралы ештеңе
айтылмады, олар жау деп аталып, олармен “жауларша сөйлесті”.
Мысылы, 1948 жылы мамырдың 9-нан 10-на қараған түні еврейлер
арабтардың тыныш тұрған Дейр-Ясин қаласына шапқыншылық жасап, 259 адамды
өлтіреді. Бірақ, бұл жалғыз факт емес. 1947 жылдың желтоқсанында Квазза
ауылына қарсы, 1948 жылы наурызда Салама ауылына қарсы, ал 1948 жылдың
сәуірінде арабтардың Айн-аз-Зейтун, Салах-ад-Дин, Бийр Аббас және Кастель
ауылдарына қарсы қарулы әрекеттер жүргізіледі. Олар әсіресе арабталған,
яғни араб халқы көп қоныстанған Яффа (қазіргі кезде Тель-Авивтің бір
бөлігі) және Аккра қалаларын аяусыз қырды. 1948 жылдың сәуірінде
Иерусалимнің Катамон деген ауданында да қанды күрес болып өтті. Бірінші
араб Израиль соғысына дейін-ақ 400 мыңға жуық араб халқы сионистер басып
алған аудандардан кетуге мәжбүр болды, яғни босқындар мәселесі соғысқа
дейін пайда болды. Кейін еврейлер: “кеткен арабтардың барлығы да “өз
еркімен” туған жерін тастап кетті немесе олар араб үкіметінің үгіт-насихат
құрбаны болып, көшіп кетті”,-деп айтты. Оның барлығы да жалған екендігі
ақиқат. Оған бұрынғы Кнессеттің (Израиль парламенті) мүшесі Ури Авнеридің
айтқан сөзі дәлел: “Мен арабтарды ығыстыру Бен Гурион және оның үкіметінің
мақсаты болғанына сенімдімін”8.
“Д жоспары бойынша”, Хагана әскерлері Иерусалимнің батыс бөлігін
жаулап алды, батыс Галилеяға кіріп, Тель-Авив және Иерусалим арасындағы
коридорға өз бақылауын орнатты. Мұндай әрекеттер жиі террормен жүргізіліп
отырды. Олар Дейр-Ясин және Катамондағы трагедияны білген арабтар арасында
үрей тудыру үшін насихатталды және олардың туған жерін тастап, қашып кетуі
үшін айтылды. Ол кезде көптеген өлген адамдардың денелерін, олардың қалай
өлгенін көрсететін фотолар көп данамен басылып шығарылып. Араб ауылдарында
таратылды. Сонымен біргі, олардың ішінде “Егер сендер кетпесеңдер, бұл
сендердің де бастарыңа келеді деген” сияқты жазулар болды.
Яғни, еврейлер арабтардың өз үйлерін тастап кетуіне қол жеткізу үшін
психологиялық тәсілдерді де қолданды. Ал, соғыс басталғаннан кейін өз
ауылдарына оралғысы келген арабтарды қуып жіберіп отырды. Мұндай саясаттың
еврейлер үшін 2 жағымды жағы болды:
1) Ол арабтар үшін босқындар проблемасын туындатты, яғни арабтардың
нашар дамыған экономикасы мен әкімшілігін есепке ала отырып, оларды басып
кіру мүмкіндігінен айырылтты;
2) Еврейлерге олардың қатарындағы “бесінші колоннаның” жоқтығын, яғни
еврей мемлекетінде арабтардың болмауын қамтамасыз етті.
Осының бәрі 1948-1949 жылдардағы Палестина соғысы араб елдерінің
Израильге басып кіруі нәтижесінде басталды деген қағидаға қарсы келіп тұр.

Палестина-израиль арасындағы шиеленісті қатынастар басқа араб
мемлекеттерінің саясатында да көрініс тапқаны анық. Ол әсіресе Израильдің
тәуелсіздігін мойындағаннан кейін байқалды. Алайда, араб мемлекеттері мен
Израиль арасындағы қатынастар тек Палестина мәселесінің шешілмегеніне ғана
байланысты деп айта алмаймыз. Академик Е.Примаковтың айтуы бойынша,
“Палестина-израиль арасындағы конфликтінің туындауына себеп болған-
Израильдің басқа араб мемлекеттерімен қатынастары”9. Оның конфликтті
сипаттағы саясаты нәтижесінде тек Палестина арабтары ғана емес, басқа араб
мемлекеттері де Израильдің болуына өте қатты наразылықтарын білдіріп, оның
бұл жерде пайда болуы мүлдем дұрыс емес деп ойлады. Кейбір бұқаралық
ақпарат құралдарында Израиль мемлекет емес, “сионистік ұйым” деп айтылды.
Сонымен, сионистердің әрекеттері өте үлкен көлемге жетті. Яғни,
“бутылкадан сионистік джинді” шығарып алған Британ колониализмі қателік
жасағанын енді түсіне бастады. Тіпті сионизм мақсатын өте қатты жақтаушы,
сол кездегі Ұлыбртанияның сыртқы істер министрі У.Черчилльдің өзі “Егер
біздің сионизм жөніндегі армандарымыз орындалмай, біздің оны дамыту
жолындағы еңбегіміз бекер кетсе, мен және мен сияқты басқалар да ойларын
өзгертуге мәжбүр болады, сионизмнің болашағы үшін бұл кері әрекеттерді
тоқтату керек”,-деп айтты.
1948 жылы 11 мамырда Ұлыбритания күтпеген жерде Палестина5а мандатының
жойылғандығы туралы жариялап, 14 мамыр күні өз әскерлерін алып кетеді. Соны
пайдаланған еврейлер 14-нен 15-не қараған түні Израиль мемлекетінің
құрылғандығын жариялайды. Оны сәуірде құрылған еврейлердің Ұлттық Кеңесі
жариялайды. Бірінші президенті болып Хаим Вейцман сайланады. Яғни, олар
Иерусалимдегі ағылшындардың штаб-пәтерінен “Юнион-Джекті” (ағылшындар өз
жалауларын солай атайды) көтерді. Кейін Израильдің АҚШ-тағы елшісі болған
А.Эбанның айтуы бойынша, Америка Израильді 5 минуттан кейін-ақ мойындады10.
Келесі күні бірінші палестина-израиль соғысы басталды.
15 мамырда Сирия, Египет, Ливан, Ирак және Трансиордания әскерлері
Палестинаға кірді. Сауд Аравиясы мен Йемен де Израильге қарсы соғыс
жариялады. Араб елдерінің әскерлері 21 мың ғана болса, еврейлердікі 65 мың
болды. Соғысты негізінен араб жағы бастаса да, оның алғышарттарын жасаған-
еврейлер. Яғни, бұл соғыс арабтар шыдамының соңғы тамшысы еді және ол
бірінші палестина-израиль соғысына әкелді.
Бұл жерден де Ұлыбританияның саясатын байқауға болады. Оның “кетіп
бара жатып, қалу” принципінің көрінісі-соғысқа оның жақтастары-Египет,
Иордания және Ирактың қатысуы. Ол дегеніміз-Англия әлі де болса сол аймақта
экономикалық, әскери, идеологиялық үстемдіктерінен айырылғысы келмеді.
Израиль бар үмітін АҚШ-қа артты, ал АҚШ өз алдына соны пайдаланып, аймақтың
“дәстүрлі” колонизаторлары-Ұлыбритания мен Францияны ығыстырып тастағысы
келді. КСРО-да Таяу Шығыстағы Англияның позицияларын әлсіреткісі келді. Бұл
жерде Сталин ойында бір қателік жіберді. Оның ойынша, Гитлердің жаңа
жүйеісі кезіндегі еврейлерді құтқарып қалған Қызыл әскерге алғыс ретінде
Израиль КСРО-ға арқа сүйеп, онымен одақтасады. Сталинға араб әлемінде
антиағылшындық леп ояту өте мңызды болды. Бұл бір жағынан дұрыс та болған
шығар, бірақ Сталин неге екені белгісіз, Американы есепке алмады. Біз
білетіндей, Израиль үкіметі керісінше, сыртқы саясатында АҚШ-ты таңдады.
Алғашында әскери қимылдар кезек сәттілікпен өтті, яғни бірде Израиль
әскерлері жеңсе, бірде араб әскерлері де біраз жерлерді жаулап отырды.
Мамырдың аяғында Араб легионы Палестинаның орталық бөлігін, Иерусалимнің
ескі бөлігін және Раммалахты, Ирак әскерлері Набиус, Дженин және Туль-
Кармды, Египет әскерлері Беэр-Шевуды жаулап алды. Бірақ, көңіл аударатын
жайт-араб мемлекеттерінің әскерлері бүкіл соғыс барысында еврей мемлекетіне
берілген территорияларды алмады. 1948 жылы қыркүйекте Араб елдерінің Лигасы
шешімімен Бүкіл Палестина үкіметі немесе Газа үкіметі құрылады, оның
басында Хильми-паша тұрады.
Алайда, 1948 жылдың күзінен бастап, соғыс фронтындағы жағдай өзгереді,
Израиль әскерлері желтоқсанның аяғына қарай Палестинаның көп бөлігін
оккупациялады.
Нәтижесінде соғыста арабтар жеңілді, оның бірнеше себептері болды:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Палестина-Израиль» қақатығыстарына әсер етуші факторлар негізінде қарастырып Араб шығысындағы мемлекеттердің шиеленістегі алған орны мен саяси ұстанымдардың халықаралық қатынастарға ықпалы
ХХ ғасырдың 40 жылдарының соңы мен 70 жылдар арасындағы араб-израиль шиеленісі
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
Палестинаға еврейлердің шексіз қоныс аударуы
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Таяу Шығыстағы саяси дағдарыс
Араб - Израиль соғысы
БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС
АҚШ-тың қазіргі саясаттағы ролі (соңғы 10 жыл)
II дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы Таяу және Орта Шығыс
Пәндер