Париж бейбіт конференциясы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1-тарау. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі көпполярлы әлем құрылымының
қалыптасуы 4
1.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. 1918 жылғы Компьен бітімі 4
1.2 Париж конференциясына барар жолда 7
ІІ-тарау. Париж бейбіт конференциясы және ұжымдық қауіпсіздік идеясы
10
2.1 Париж бейбіт конференциясы 10
2.2 Ұлы державалардың жоспарлары мен мақсаты 11
ІІІ-тарау. Париж бейбіт конференциясының негізгі жетістіктері мен
кемшіліктері 15
3.1 Ұлттар Лигасының құрылуы 15
3.2 В. Вильсонның 14 пункті және Версаль келісімі 16
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң
соғысушы елдердің бір жағының жеңілуіне байланысты ғана емес, Орталық
Европа мемлекеттерінің кейбіреулерінің Қазан революциясы тәжірибесімен
соғыстан революция жолымен шығу қаупі төнгендіктен, бейбітшілік проблемасы
ең негізгі мәселеге айналды. Бүкілресейлік Кеңестердің II съезінде
қабылданған Бітім туралы декрет кейбір елдерде революцияға шақыру үндеуі
ретінде қабылданды. Ал конференцияның өзі Германияда да революция оты
қаулай түсіп ІІ Вильгельм тақтан тайдырылғаннан (9 қараша) кейін ғана
басталды. Яғни революция қаупінен сескенген соғысушы елдер бітім жасауға
асықты. Осындай әлем картасын кесіп-пішу үшін Париж бейбіт конференциясы
шақырылды.
Өткен жылы Британияда Сэмуэль Джонсон атындағы (Samuel Johnson prize),
әдеби премияны Канада тарихшысы Маргарет Макмиллан (Margaret MacMillan)
атты әйел жеңіп алды. Оның кітабы Бітімгерлер: 1919 жылғы Париж
конференциясы (Peacemakers: the Paris Conference of 1919) деп аталады.
Мұндағы мәселе бұрыннан көпшілікке белгілі деп есептелген пікір мүлде
басқаша қарастырылып Версаль келісімі Гитлердің билік басына келуіне жол
ашқан жоқ деген тұжырым жасалған. Яғни біздің қарастырып отырған
тақырыбымыз әлі күнге тарихшылардың талай-талай зерттеулерін қажет ететін
тақырып екендігі осы келтірілген жаңалықтың өзінен-ақ менмұндалап тұр. Сол
себепті де тақырыптың өзектілігі біз үшін айқындала түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Париж конференциясы туралы материалдарды
саралай отырып конференцияның қол жеткізген жетістіктері мен кемшіліктерін
пайымдау.
Курстық жұмыс жоғарыда аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай
міндеттерді қарастырады:
- Париж конференциясының туындауына себеп болған соғыстың аяқталуы;
- Париж бейбіт конференциясы;
- Ұлы державалардың көзқарастары;
- Париж бейбіт конференциясының негізгі қорытындылары.
Дерек көздері және тақырыптың бұған дейін зерттелу деңгейі.
Адамзат тарихында 1919 жылы өткен Париж бейбіт конференциясының маңызы
зор десек, әлі де әлем жұртшылығының алдында шешімін таппаған жұмбақтығы
бүгінгі талап тұрғысынан үңіле қарастыруды қажет етеді.
Бұл тақырыпқа қалам тартқан тұлғалар көп-ақ, бірақ біз өзіміз қол
жеткізген деректерге тоқталуды жөн көрдік. Әрине қазіргі таңда бұл кезең
кеңестік идеология сарқыншақтарынан арылып қайтадан бағалануды талап
ететіні сөзсіз.
Сонымен тарихнаманың басы ретінде ағылшын жазушысы Г.Никольсон Как
делался мир в 1919 году атты бірінші дүниежүзілік соғысты тоқтату жөнінде
өткен халықаралық конференцияға арналған еңбегін атауымыз жөн[1]. Бұл -
Париж конференциясы туралы естеліктер, ойлар, алған әсердің ерекше
жиынтығы. Автор өз кітабының мақсаты мен маңызын былай анықтайды: Мен
қандай болмасын халықаралық конгрессте тек тірі адамдар ғана келісімдердің
сипаты мен мақсаттарын өздері анықтайтынына сенемін. Бұл жазуларымның
мақсаты уақыт өтіп ұмытылып кетпей тұрғанда тірі куәгердің алған сезімін
жеткізу болып табылады[2]. Никольсон шығармасы екі үлкен бөлімнен тұрады:
Қазір ол қалай көрінеді және Сол кезде ол қалай көрінген. Ол өз мақсаты
тарихи оқиғаларды баяндау емес, тек Париж бен Версальдың атмосферасын
жасау деп таныды. Сол күндері Парижде Еуропа мен Американың саяси
қайраткерлері жиналған еді: Вильсон мен Ллойд-Джордж, Клемансо мен
Венизелос, Бальфур мен полковник Хауз, Орландо мен Падеревский, Пашич пен
Братиану... Никольсон кітабында, дәлірек айтқанда, күнделігінде Париж
сахнасымен жылжыған түгел саяси тұлғалар галлереясы көз алдымызға келеді.
Ал И.Ф.Ивашинның Создание Версальской системы еңбегінде осы Париж
конференциясына қатысты біршама деректер келтіріліп тақырып одан әрі өрби
түсіп, Версаль-Вашингтон жүйенің құрылуы баяндалып, Кеңестік Ресей ерекше
дәріптеледі: Версаль-Вашингтон жүйесі дүние жүзін шарпымады. Ол
капиталистік дүниедегі қатынастарды реттеді. Жер бетінің алтыдан бір
бөлігін құраған Кеңестік Ресей капиталистік қоршауда әрекет етіп, дамыды,
бірақ ол версаль-вашингтон жүйесіне бағынбай, өз бетінше дамыды[3]. Міне,
көріп отырғанымыздай, автор АҚШ, Англия, Франция империалистерін
демократиялық қозғалыстарды тұншықтырушы ретінде көрсетсе, Кеңестік Ресейді
дүние жүзіндегі жұмысшы табының жол сілтеуші шамшырағы ретінде көрсетеді.
Париж конференциясы бірнеше үзілістермен өтіп бір жылдай уақытқа
созылды. Бұл конференцияның негізінде Бірінші дүниежүзілік соғыс
қорытындыланып Бірнеше келісімнің негізінде құрылған Версаль жүйесі жаңа
қарама-қайшылықтарының алдын алу әрекеті болғанмен, ол іс жүзінде қатты
шиеленіске әкелген еді. Оны араға көп уақыт салмай алдымен Европаны,
артынша бүкіл әлемді қайтадан шарпыған Екінші дүниежүзілік соғыстың
болуынан анық байқаймыз.
Осындай мәселелерді қозғайтын бұл жұмыс құрылымы кіріспе, үш тараудан,
қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі көпполярлы әлем
құрылымының қалыптасуы

1.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. 1918 жылғы Компьен бітімі

1918 жылдың басында герман әскерлері Бельгия, Люксембургтың
территорияларын және Францияның солтүстік аудандарындағы маңызды бөліктерін
иемденді. Империалистік Австрия-Венгрия және герман әскерлерінің қатерлі
шабуылдары нәтижесінде (18 ақпанда кеңестік Ресейге жасалған) Шығыс
Еуропада олар басып алған территория үш есеге дерлік ұлғайды. Германияның
қолдауына сүйенген түрік империалистері Ардаган, Каре, және Батули
аудандарын басып алды. АҚШ, Англия және Франция өкіметтерінің Кеңестік
Ресейге қатысты бәсекелестік саясатын пайдаланып, империалистері оған
тонаушылық мақсатын көздеген Брест бітімін ұсынды. Герман оккупанттарының
қарамағында Прибалтика, Белоруссия, Украина, Қырым, Донбасс, Закавказье
болды. Германия өз әскерлерін Финляндияға енгізіп, оны фин реакциясының
ықпалымен антисоветтік плацдармға айналдырды. Брест бітімін қатал түрде
бұзған Германия РСФСР-re қарсы жорық дайындады (батыстан, солтүстік-
батыстан, оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен). Әскери жетістіктерге мәз
болған герман империалистері өз әскерінің жеңілмейтіндігі туралы жар
салды және жаңа жаулап алушылық әрекеттердің жоспарларын жасау үстінде еді.
Бірақ кайзерлік Германия құлдырауға жақындаған болатын. Германияның
жеткен жетістіктері ұлғая бастаған сайын, оның тығырыққа тірелгендігі
айқындала түсті[4].
Сонымен бipге гepман блогындағы мемлекеттердің өз ішінде әлсіреген әрі
аштыққа ұшыраған халықтың ұзаққа созылған соғысқа қарсы, осы мемлекеттердің
империалистік басшылығына қарсы наразылығы күшейе бастады. Бұл жерде Қазан
революциясының да әсері болмай қойған жоқ.
Осындай жағдайлардың нәтижесінде герман әскерлерінің арасында
бейбітшілікке ұмтылыс байқалды, олар өздерінің бұрынғы әскери
қабілеттігілігінен айрыла бастады. Бұл 1918 жылдың бірінші жартысында
герман командованиесімен ұйымдастырылған төрт әскери операцияның барысы мен
нәтижесінде көрініс тапты.
Герман басшылығы тез арада жеңіске жету үшін барлық күшін біріктірді.
Ол өзіне Франция мен Англия әскерін қиратып, тас-талқан етуді мақсат етіп
қойды, ал егер мұны іске асыру мүмкіндік болмаса, осы мемлекеттердің
өкіметімен Германия үшін тиімді империалистік бітім жасасуға мәжбүрлемек
болды. 1918 жылы 21 наурыз күні немістер Батыс майданда шабуыл бастады. 50-
60 километрге алға жылжып, Амьен ауданында біраз жетістіктерге жетті. 1918
жылы сәуір айында немістер екінші рет басқыншылық жасады. Бірақ бұл жолы да
көптеген шығынға ұшыраған неміс әскерінің әрекеті тоқтатылды. 27 мамырда
немістер Парижге үшінші басқыншылық әрекет бастады. Олар Марнаға қарай
жылжып, Парижден 70 километр қашықтықта болды. Реймс ауданындағы үшінші
басып алу әрекеті де жетістікке жетпеді, себебі Германияның күші соңғы
шегінде тұрған болатын.
Осының арасында Еуропа континентіне американ әскерлері келе бастады.
1917 жылдың сәуіріне дейін формальды түрде бейтарап саясатын ұстанған АҚШ
мемлекеті Антанта мемлекеттеріне әскери тауарлар әкелу нәтижесінде байыды.
Барынша қаруланған АҚШ соғыстың соңғы кезінде қосылып, бітімді өз пайдасына
қарай жасау мақсатында екі жақтың соғыстан әбден әлсіреуін күтті. Осы
мақсаттарын жүзеге асыратын сәт туды деп шешті олар.
Батысында Антанта мемлекеттерімен соғысқан Германия сол уақытта
Кеңестік Ресейге қарсы интервенциялық саясат жүргізіп, оны тұншықтыру үшін
қолынан келген барлық әрекеттерді жасады. Германия Батыста басып алу
кампанияларын жүргізген уақытта да Шығыстағы күшін әлсіретпеді. 1918 жылдың
қазан айынан ақпан айына дейін герман әскери басшылығы Шығыстағы әскер
санын 1,5 миллионнан 900 мың адамға дейін қысқартты, яғни 87-ден 53
дивизияға дейін жетті. Бұл Германияның Батыс майданында әрбір солдат қажет
болған уақыты еді.
1918 жылдың ортасында ағылшын-француздар және Еуропаға келген американ
әскерлері үшін Германияға қарсы іс-әрекеттерді жандандыруға қолайлы жағдай
туды. Жаз айларында бүкіл майданда басталған басқыншылық саясаты оларға
жеміс әкелді. 1918 жылы 8 тамызда Анкр мен Авр арасындағы ауданда
одақтастар майданды бұзып өтіп, 16 неміс дивизиясын қатардан шығарды.
Людендорфтың мойындауы бойынша, бұл күн герман әскері үшін қаралы күн
болды.
1918 жылы 14 тамызда Гинденбург не болса да, бітімге келуді талап
етті. Ол әскерді, әсіресе, басшылық құрамды құлдыраудан сақтау қажет
екендігін айтты. Бітім жасауды талап етудегі мақсаты — Германия
территориясында әскери қимылдарды болдырмау, оның әскери-өндірістік
аппаратын сақтап қалу. Германияның одақтастары да сұрапыл соғыстан шаршап,
әлсіреген болатын. Австро-Венгрия империясы терең дағдарысты басынан
кешірді, жұмысшы табының басшылығымен революциялық қимылдар жасалды. Ұзаққа
созылған империалистік соғыс пен Қазан революциясының тигізген үлкен әсері
бұл қозғалысты күшейте түсті. Чехия мен Венгрияда да халық көтерілістері
етек алды. Австро-Венгрия империясы құлау шегіне жетсе, неміс және венгер
помещиктері мен капиталистерінің қанауында болған халықтар мемлекеттік
тәуелсіздікті талап ете бастады.
Германияның одақтастары Болгария мен Түркия да өте қиын жағдайға душар
болды.
Германия өз одақтастарынан көмек ала алмады. 1918 жылы 29 қыркүйекте
Спадада болған екінші кеңесте Людендорф демократиялық қайта құрулардың
көрінісін жасау үшін бітімге келді және реформалар өткізуді талап етті.
1918 жылы 3 қазанда Макс Баденскийдің басшылығымен кабинет құрылды.
Қазанның 4-нен 5-не қараған түні Макс Баденский Вильсонға келісімге
келу туралы ұсыныс жасады. Вильсон Германияға жауап беруге асықпай өз
жауабын 3 аптадай уақытқа созды. Германия нотасына жауабын кешіктірудегі
мақсаты - соғыстың созылуын болжап, АҚШ империалистерінің одан әрі байи
түсуін қамтамасыз ету болатын. Неміс әскерлерінің майданына қосымша соққы
беру нәтижесінде Германия өкіметі АҚШ үшін пайдалы бітімнің шарттарына
келіседі деп ойлады.
Бұл уақытта герман өкіметі Вильсон жауабын күту үстінде еді. 1918 жылы
қазан айы мен қарашаның басында кайзерлік Германия жаңа шығындарға тап
болды. Ағылшын-француз әскерлері Сирия мен Палестинада ұрыс операцияларын
бастаған еді. 1918 жылы 30 қарашада Мудроста келісімге қол қойылып, Түркия
капитуляция жасады. Осы уақыттан бастап Франция мен Англия бұрын Түрік
империясының құрамына кірген маңызды территорияларды иемденді. Австро-
Венгрияның мүшкіл жағдайын пайдаланған итальян әскері басып алушылық
әрекеттерін жүргізді. 1918 жылы 3 қарашада Австро-Венгрия да капитуляция
жасады.
Осылайша Германия Англия, Франция, АҚШ және тағы басқа мемлекеттердің
алдында жалғыз өзі бетпе-бет қалды.
Германияның бейбітшілік сұрауы Антанта билеушілері арасында үлкен
келіспеушілікке алып келді. 23 қазанда В.Вильсон Германияға келісім берді.
Англия мен Франция өкіметтері Вильсонның өз бетінше шешім қабылдауына
наразы болды. Бұл екі мемлекет халықаралық қатынас саласындағы соғыстан
кейінгі режимді қайта құруда басты ролді Еуропадан тысқары жатқан елге
ұсынғысы келмеді, өз империалистік мүдделерін жерге тастамайтын ниет
білдірді. Олардың талабымен 23 қазан күні Парижде халықаралық кеңес ашылып,
онда кескілескен дипломатиялық пікірталастан кейін Германиямен келіссөз
жүргізу үшін уақытша шарттар белгіленді. 1918 жылы қарашада одақтас
мемлекеттердің басшылары Германиямен келіссөз жүргізуге келісетіндігі
жөнінде салтанатты түрде жариялады. Германиядағы революциялық
қозғалыстардың күшеюіне байланысты жауапты ары қарай созу АҚШ, Англия және
Францияның империалистері үшін қауіпті болды.
Германияда бұл уақытта революциялық дағдарыс басталып, 4 қарашада
Килде көтеріліс болды. Көтерілістер толқыны Германияның басқа аудандарын да
шарпыды. 8-9 қарашада Берлинде революциялық қозғалыс туып, император
Вильгельм II Германиядан қашып кетті. Өкімет басшылығына Макс Баденскийдің
орнына Эберт отырды.
Осындай жағдайлар негізінде бейбітшілік туралы шарттарды келісу үшін
орталық католиктік партияның лидері Эрцбергер басқарған делегация құрылды.
8 қараша күні герман делегациясы Компьен орманында Одақ әскерінің бас
қолбасшысы Фоштың салон-вагонында болды.
Келіссөздер кезінде герман делегациясы большевиктік қауіп шуын
табанды пайдаланды. Эрцбергер революцияның таралу жылдамдық қаупін
Германияда ғана емес, Антанта мемлекеттерінде де қанат жаю мүмкіндігін
айтты. Оның айтуы бойынша революцияны басу үшін қару-жарақтың барлығын
герман өкіметінің қолында қалдыру керек еді.
1918 жылы 1 қарашада Компьен бітімі деген атпен белгілі келіссөз
жасалды. Компьен бітімі 36 күнге бекітіліп, ол әскери қимылдар тоқтатылып,
француздарға, Бельгия мен Люксембургтың, сонымен бірге Рейнның оң жақ
жағалауы мен оған қарайтын жерлер 15 күн ішінде босатылуын білдірді.
Одақтастарға 1500000 вагон, 5000 паровоз, 5000 жүк машинасы, 5000 зеңбірек
берілу мәселесі қаралды. Герман су асты флотының одақтастық немесе бейтарап
порттарын қарусыздандыру шешілуі тиіс болды. Германия өз әскерлерін Австро-
Венгрия, Румыния және Түркиядан алып кетуге міндетті еді.
Кеңестік Ресей терииториясындағы оккупант ретіндегі герман әскерінің
мәселесі мүлде басқаша шешілді. Бейбітшілік келісіміне қарағанда, Германия
әскерін тек ағылшын-американ-француз басшылары ғана талап еткенде алып
кетеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, аталған блок империалистерінің
талабымен герман әскерлері Кеңестік республикамен күресу үшін басшабар
рөлін атқарды. Герман буржуазиясына революцияны басуға көмектесу үшін
ағылшын-американ-француз блогының басшылары олардың қолында қажет қару-
жарақты қалдырды. Келіссөз шарты бойынша герман әскері сәтті эвакуация
жасауға мүмкіндік алды. Бейтарап зонаға (Рейннің оң жақ жағалауына) өту
үшін герман әскері қосымша тағы бір апта алды.
Сөйтіп Германия капитуляция жасады. Герман империалистерінің әлемдік
билікті аңсаған авантюралық сандырақ жоспары күйреуге ұшырады. Герман
империализмінің күйреуін В.И. Ленин мына сөзінде ашық сипаттады: Басында
ол адам нанғысыз болып Eypoпaның төрттен үш бөлігіне ісініп семірді, ал
одан кейін нақ сол жерде жарылып, артынан сасық иіс қана қалдырды[5].

1.2 Париж конференциясына барар жолда

1918 жылдың соңғы айларында Антанта мен АҚШ елдерінің алдағы
конференцияға дайындалуы қауырт жүріп жатты. Оны Париж маңындағы
Версальдағы айналы сарайда өткізбекші болып келісілді.
АҚШ пен еурпопалық державалар арасында пікір бірлігі болмады, олардың
әрқайсысы форум міндетін әрқалай түсінді. Халықаралық қатынастардың дамуы
жөніндегі көзқарастары да біркелкі емес еді. Клемансо мен Ллойд Джордж
Германияның гегемондыққа жетуін ауыздықтап көпполярлы тепе-теңдік жүйесін
қалпына келтіруге ұмтылды. Бұл жөнінде Париж бен Лондон көзқарастары бір
жерден шыққанымен Германияның жақын көршісі Франция герман үкіметінің күш-
қуатының бұрынғы қалпына келуден қауіптеніп Ұлыбританияға қарағанда
Берлинге қарсы қатаң саясат ұстанды.
Еуропаның соғыстан кейінгі даму барысына өзгеше көзқарас танытқан
Вудро Вильсон болатын. Оның пікірінше халықаралық қатынастарды реттеудің
жаңа механизмін жасау конференцияның басты мақсаты болып табылды. Кез
келген халықаралық щиеленістерді әскери күш қоллдану арқылы шешпестен ірі
мемлекеттер мен кіші елдердің мүдделерін үйлестіре алатын ұйым құру
Вильсонның негізгі мақсаты еді. АҚШ президентінің барлық үміті Ұлттар
Лигасын құрып сол арқылы оған халықаралық қатынастар кепілдігін сақтауды
жүктеп әрі барлық оған кіретін елдердің халықаралық құқықтың әмбебап
нормаларын орындауды талап ете алатын орган ретінде қарастыруы мүлде соны,
бұрын-соңды халықаралық қатынастарда болып көрмеген уақиға болатын. Бұл
ұйымды Вильсон егерде елдер арасында әскери қақтығыстар орын алу қаупі
туған сәтте өзіндік келіссөздерге мүмкіндік бере алатын ұйым деп те
қарастырды.
Жеңіп шыққан коалиция мүшелері арасындағы қайшылықтар бейбіт
конференцияны қай жерде өткізуді таңдаудан-ақ байқалды: Вилсон бұл
конференцияны бейтарап Швейцарияның бір қаласында өткізуді ұсынса, Клемансо
герман делегациясының өз агрессиясын жақсы жадында сақтаған қоғамдық пікір
аумағында, яғни Парижде өткізуді талап етті.
Одақтастар келіссөздерге кірісуге асыға қоймады. Британ кеңесі алдағы
кезекті сайлау науқанына кірісіп кетсе, ал француздар өз шекараларының
маңындағы Германияда революция өртінің қаулай түсуін қадағалаумен отырды.
Антанта мен АҚШ басшыларының позицияларын үйлестіру бірнеше аптаға созылды.
Сөйтіп тек 1919 жылдың 12 қаңтарында Антантаның Жоғарғы әскери кеңесі
алдағы мәжілістердің күн тәртібін жария етті: Ұлттар лигасын құру,
репарациялар жөніндегі мәселе, жаңа мемлекеттер мәселелері, территориялық
мәселелер мен колониалдық иеліктердің тағдырын шешу. АҚШ осылайша жаңа
халықаралық ұйымның құрылуын күн тәртібінің бірінші мәселесі ретінде
қарастырылуына қол жеткізді. Форумның ашылуының прелюдиясы ретіндегі жеңіп
шыққан елдердің басшыларының алғашқы кездесуі 1919 жылдың 12 қаңтарында
болды. Онда конференцияның жұмыс тәртібі мен ұйымдастырылу рәсімі
әзірленді.
Бейбіт конференция шақыру туралы мәселе революциялық қозғалыстар
күшейіп кетпесе, одан әрі созылып кетуі мүмкін еді. Нақ осы қауіп
империалистерді конференцияны шақыруын тездетуге итермеледі. Нәтижесінде
конференцияны Парижде шақыру шешілді. Конференция өз жұмысын 1919 жылы 18
қаңтарда Париж қаласында бастады. Конференцияға барлығы 1000-ға жуық
делегат келіп, 27 жеңуші мемлекеттердің буржуазиялық саяси қайраткерлері
қатысты. Арнайы делегаттардан басқа, Париждегі бейбіт конференцияда отар
мемлекеттер, кішігірім державалар, жаңадан құрылған мемлекеттер, қоғамдық
ұйымдар өкілдері болды.
12 қаңтарда Кэ д" Орсэде премьер-министрлердің, сыртқы істер
министрлері мен бес басты державалар өкілетті делегаттарының бірінші кеңесі
болып өтті. Француз сыртқы істер министрі Пишон конференция жұмысының
жүргізілу тәртібін талдауды ұсынды. Конференцияның жүргізілу тілі ағылшын
және француз тілдері деп шешілгеннен кейін, конференция регламентін
талқылауға көшті. Бұл мәселе көптеген қиыншылықтарға тап болып, 27
ұлттардың барлығы кеңестер мен жиналыстарға қатысуында табандылық көрсетті.
Клемансо алдымен ұлы державалардың пікірі назарға алынуы керек деді. Англия
Клемансоның ұсынысына қарсы болмады, бірақ азшылық ұлттарға да конференция
жұмысына қатысуға мүмкіндік берілуін талап етті. Ұзақ талдаудан кейін
Бертело құрастырған француз үлгісі қабылданды.
Конференцияға қатысушы барлық мемлекеттер 4 категорияға бөлініп,
біріншісіне жалпы мүдде көздеген соғысушы державалар кірді – АҚШ, Британ
империясы, Франция, Италия, Жапония. Бұл мемлекеттер барлық жиналыстар мен
комиссияларға қатысатын болды. Екінші категорияда жеке сипаттағы мүддені
көздеген соғысушы мемлекеттер – Бельгия, Бразилия, Британ доминиондары,
Үндістан, Греция, Гватемала, Гаити, Геджас, Гондурас, Қытай, Куба,
Никарагуа, Панама, Польша, Португалия, Румыния, Сербия, Чехословак
республикасы. Олар тек өздеріне қатысты жиналыстарға қатысты. Үшінші
категорияға герман блогымен дипломатиялық қарым-қатынасы тоқтау үстіндегі
державалар енді – Эквадор, Перу, Боливия және Уругвай. Төртінші категорияны
енді құрылу үстіндегі бейтарап державалар мен мемлекеттер құрады. Олар тек
өздеріне қатысты мәселелер қаралған отырысқа бес басты державалардың
шақыруымен қатысып, өз ойларын тек жазбаша немесе ауызша білдіруге
мүмкіндік алды.
Регламент бойынша бейбіт конференцияны Франция республикасының
президенті ашу керек болған. Осыдан кейін Уақытша француз министрлер кеңесі
төрағалық ету керек болған. Бірақ нәтижесінде осы ойластырылған жоспарлар
бұзылды. Дипломатия тарихында Париж конференциясы сияқты тәртіпсіз
конференция болған емес: оның маңызды кеңестері мүлде протоколсыз, тіпті
секретарлық анықтамасыз өтті[6].
Мемлекеттерді категорияларға болу мен мемлекеттер арасында мандатты
бөлісу конференция жұмысының сипатын айқындады. Бастапқыда барлығы Ондық
Кеңесінің қолында шоғырланды, оның құрамында бес ұлы держава премьер-
министрлері мен сыртқы істер министрлері болды: АҚШ-тан президент Вильсон
және статс-секретарь Лансинг, Франциядан - премьер-министр Клемансо мен
сыртқы істер министрі Пишон, Англиядан — премьер-министр Л. Джордж пен
сыртқы істер министрі Бальфур, Италиядан - премьер-министр Орландо мен
сыртқы істер министрі барон Соннино, Жапониядан барон Макино мен виконт
Шинда.

2-тарау. Париж бейбіт конференциясы және ұжымдық қауіпсіздік идеясы

2.1 Париж бейбіт конференциясы

Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысын жеңілген елдермен бейбіт
келісімдермен бекіту және соғыстан кейінгі дүниежүзінің құрылым мәселесін
шешу үшін жеңген державалар конференция шақырды. Францияның талабымен
конференция Парижде өткізілетін болды. Бейбіт конференция Парижде 18 қаңтар
1919 жылы - дәл сол 1871 жылы Германия империясының құрылғаны жарияланған
күні өз жұмысын бастады. Конференцияны ашқан француз президенті Пуанкаре
салтанатты түрде Германия жөнінде былай деді: Әділсіздікпен пайда болған
империя арсыздықпен өз ғұмырын аяқтады.
Конференцияға 27 елдің өкілдері қатысты. Олардың қатарында
Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Италия, Жапония, Бельгия, Бразилия, британ
доминиондары (Австралия, Канада, Оңтүстік Африкандық Одақ, Жаңа Зеландия)
және Үндістан, Греция, Гватемала, Гаити, Хиджаз, Гондурас, Қытай, Куба,
Либерия, Никарагуа, Панама, Польша, Португалия, Румыния, Серб-Хорват-
Словения мемлекеті, Сиам, Чехословакия, сондай-ақ Герман блогымен
дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген мемлекеттер (Экуадор, Перу, Боливия
и Уругвай) болды. Оның жұмысы ашық дипломатия үлгісі ретінде кең түрде
хабарланды. Француз астанасына мыңдаған делегаттар келді. Алайда оның
ішінде тағдыры шешілетін Германия және оның бұрынғы одақтастары Париж
бейбіт конференциясына тек қана олармен бейбіт келісімдер дайындағаннан
кейін ғана жіберілді. Кеңестік Ресей де шақырылмады, қатыспады. Конференция
антисоветтік соғыс интервенциясын дайындау жағдайында өтті. Конференция
ашылған күні одақтастар Ресейге одақтастардың интервенциясының қажеттілігі
жөнінде құжат қабылдады. Конференцияда Орыс мәселесі негізгі мәселенің
біріне айналды. Конференцияға 27 мемлекеттің өкілдері қатысқанымен барлық
мәселені шешуде жетекші рольді АҚШ президенті Вудро Вильсон, Англия премьер-
министрі Гарольд Ллойд Джордж, Франция премьер-министрі Жорж Клемансо
атқарды. Осы үштік құпия келіссөздер арқылы конференцияның негізгі
мәселелерін шешті. Бір сөзбен қайыратын болсақ бұл үш ірі державаның
диктаты осы Париж бейбіт конференциясында айқын көрініп тұрды. Париж бейбіт
конференциясының жұмыс істеу барысында мынадай бейбіт келісімдер зірленді:
Германиямен 1919 жылғы 28 маусымда қол қойылған Версаль бейбіт келісімі,
Автриямен 1919 жылғы 10 қыркүйекте қол қойылған Сен-Жермен бейбіт келісімі,
Болгариямен 1919 жылғы 27 қарашада қол қойылған Ней бейбіт келісімі,
Венгриямен 1920 жылғы 4 маусымда қол қойылған Трианон бейбіт келісімі және
Түркиямен 1920 жылғы 10 тамызда қол қойылған Севр бейбіт келісімі. Сонымен
қатар жоғарыда айтып өткен Ұлттар Лигасының құрылуы Париж бейбіт
конференциясында жүзеге асты және оның Жарғысы бейбіт келісімдердің
құрамдас бөлігі ретінде кірді.

2.2 Ұлы державалардың жоспарлары мен мақсаты

АҚШ. АҚШ Бельгияны қалпына келтіру, Францияға Эльзас пен
Лотарингияны қайтару, бейбітшілікті қолдау үшін халықаралық ұйым қажет деп
есептеді. Бұл дүниежүзілік қырғынды болдырмауды жақтайтындарға
Вильсонның ұсынысы барынша әділ және демократиялық болып көрінді. Шынында
да бұл дүниежүзілік саясатта жаңа ой еді. Алайда большевиктер Антанта
елдерінің құпия келісімдерін жариялағаннан соң, Вильсон ол туралы білмесе
де, оның беделі елдің ішінде түскен болатын.
Вильсон Томас Вудро (1856-1924). АҚШ-тың саяси және мемлекеттік
қайраткері. Демократиялық партия өкілі. 1913-1924 жылдары АҚШ президенті.
1902-1909 жылдары Принстон университетінің ректоры. 1910 жылы Нью-Джерси
штатының губернаторы. Президент болып сайланғаннан кейін әлеуметтік,
экономикалық реформаларды жүзеге асырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс
басталған соң АҚШ-тың бейтараптығын жариялады, сонымен бірге Антанта
блогымен тығыз байланыс орнатты. 1917 жылдың сәуірінде АҚШ-тың Германияға
қарсы соғысқа кіретіндігін жариялады. 14 пункттің авторы.
Американдықтардың түсінігінше олардың солдаттары Европа державаларының
құпия мүдделері үшін соғысқандай болып көрінді. Елдің ішінде АҚШ-тың Европа
істеріне араласпау, дәстүрлі оқшаулану саясатын қолдағандар көбейді. 1918
жылғы конгресске сайлау кезінде В.Вильсонның оппоненттері -
республикандықтар сенатта көп дауысқа ие болды. Президент жасаған
халықаралық келісім сенатта бекітілетін болғандықтан, бұл жағдайдың
едәуір мәні болды. Дегенмен АҚШ дүниежүзілік гегемондыққа ұмтылды. Соғыс
Құрама Штаттарды орасан байлыққа кенелтті. Соғыс жылдарында АҚШ Антантаның
соғыс арсеналына, азық-түлік пен оқ-дәрінің маңызды көзіне айналды. АҚШ
Европа елдеріне 10 млрд. долларға жуық несие берді. Американ
капиталистерінің инвестициясы 6,5 млрд. долларды құрады. АҚШ-тың
басқарушы топтары дүниежүзілік кредиторлық жағдайын дүниежүзілік үстемдікке
жетуге пайдалануға тырысты. АҚШ европалық рынок үшін аянбай күресті. Осы
мақсатта АҚШ-тың болашақ президенті Г.Гувер басқарған АҚШ азық-түлік
әкімшілігі, кейінірек Американ әкімшілік көмегі құрылды. Осылайша
американ капиталы ашыққан халықтар мен елдерге көмек девизімен соғыстан
кейінгі дүниежүзінде өз позициясын нығайтуға ұмтылды.
Ұлыбритания. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияны Америка
Құрама Штаттары екінші орынға ығыстырғанмен, ол ұлы державалық статусын
сақтап қалды. Бейбіт конференция басталғанға дейін Ұлыбритания соғыста
көздеген мақсатының бәріне жетті. Ең бастысы Германия теңізде және
дүниежүзілік рынокта бәсекелесі болудан қалды. Герман флоты өмір сүруін
тоқтатты. Британ доминиондары герман отарларының біраз бөлігін иемденді, ал
Англияның өзі Таяу Шығыста Түрік империясының мұрасына бақылау орнатты.
Ағылшын дипломатиясы бейбіт конференцияда өз алдына мынадай міндеттерді
қойды: қолы жеткен жетістіктерді нығайтып, қолда бардан айырылып қалмау;
Кеңестік Ресейді тұншықтыруға қол жеткізу; Францияның Европада, АҚШ-тың
дүниежүзіндегі гегемондығына жол бермеу. Осындай міндеттерді қоя отырып
Англия Францияға Эльзас пен Лотарингияның қайтарылуын қолдады. Европада
соғыстан кейінгі шекараларды анықтауда ағылшындар өзін-өзі анықтау
принциптері тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Ұлыбританияның соғыстан кейінгі
құрылымдағы басты талабы — қарусыздану арқылы бейбітшілікті қамтамасыз ету
және бейбітшілік гаранты ретінде Ұлттар Лигасын құру болды. Конференцияда
ағылшын дипломатиясын тәжірибелі саясаткер, саяси компромисстің шебері
Ллойд Джордж басқарды.
Ллойд Джордж Дэвид (1867-1945). Ұлыбританияның мемлекеттік және саяси
қайраткері. Либерал. 1890-1945 жылдар аралығында Уэльс штатынан парламент
депутаты. 1916-1922 жылдарда Ұлыбританияның премьер-министрі. Саяси және
әлеуметтік реформаларды жақтаушы. Ұлттық сақтандыру туралы 1911 жылы
қабылданған заңның инициаторларының бірі.
Л.Джордждың Вильсоннан өзгешелігі оны парламент толық қолдады. 1918
жылғы сайлау ол басқарған коалиция кіретін партия үлкен басымдылықпен
жеңіске жетті. Дегенмен Англияның жағдайы мәз емес еді. Британ империясы
бұрынғы зор қуатынан айырылды: доминиондары дербестікке ұмтылды, ал
Үндістан мен Ирландияға өзін-өзі басқару құқын беруге уәде берілді. Англия
дүниежүзілік кредитордан қарыз алушы елге айналды. Экономикасы әлсіреді,
қаржысы мен саудасы құлдырады. Германия тарапынан өзінің әскери-теңіз
қуатына қауіпті жойғанымен, Англия тез қарқынмен күш алып келе жатқан
американ флотының күшеюінен сескенді. Ұлыбритания Франция мен Жапонияның
қолдауына сүйеніп американдық әскери-теңіз флоты құрылысын тоқтатуды талап
етті. Англия премьер-министрі Ллойд Джордж: Ұлыбритания өз флотының АҚШ
немесе басқа кез келген державаның флотынан басым болуы үшін тіпті соңғы
көк тиынына дейін жұмсайды, - деп мәлімдеді.
Франция. Басқа ұлы державаларға қарағанда бірінші дүниежүзілік соғыс
барысында Франция көп зардап шекті. Оның басты себебі Франция
территориясында соғыс қимылдарының жүруі болып табылады. Франция кредит
беруші елден қарыз алушы елге айналды. Францияның ең негізгі қарыз алушы
мемлекеті - Ресей өзінің міндеткерліктерінің бәрін жойды. Бүліншілікке
ұшыраған елде Немістер бәрін де төлейді! деген ұран кең тарады.
Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо осы ұранды қолдады және қолдан
келген мүмкіндіктердің бәрін пайдаланып, Германияны әлсіретуге тырысты.
Осыған қарамастан соғыстан кейін Францияның позициясы әлі де мығым еді.
Маршал Фош 2 миллиондық әскерді демобилизациялауға асықпады. Дегенмен
француздық бейбітшілік программасының жүзеге асуы әлі алыс еді.
Францияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйеніп, Клемансо
дипломатиясы Европада француз гегемониясын орнатуға тырысты.
Клемансо Жорж (1841-1929). Францияның саяси және мемлекеттік
қайраткері. 1871 жылдан Ұлттық жиналыстың депутаты. Республикандық құрылым
мен Францияға Эльзас пен Лотарингияның қайтарылуын жақтаушы. Дрейфусқа
реабилитация беру кампаниясын басқарған. Францияның 1906-1909 жылдардағы
премьер-министрі. 1917 жылдың қарашасынан бастап 76 жастағы Ж.Клемансо
қайтадан премьер-министр болды. Бұл кез Шығыс майданның күйреп, Франция
жағдайының нашарлаған уақыты. Тылда және майданда қатаң тәртіпті талап
еткен ол қайсарлығы мен жігерлігі үшін жолбарыс деген атқа ие болды.
Ресейдегі ақпан революциясы қарсаңында Франция Германияны бөлшектеу
және Рейннің сол жағалауында буферлік тәуелсіз неміс мемлекетін құру
жөнінде патша үкіметімен құпия келісімге қол қойған болатын. Бұл бойынша
Францияға Эльзас, Лотарингия қайтарылып қана қоймай, Саар көмір бассейні
беріліп, оның Германиямен шекарасы Рейнге дейін жылжытылатын болды.
Кейінірек бұл жоспар толықтырылды. Енді Германияның шығыс шекарасында оның
бұрынғы одақтасы Ресейді ауыстыра алатын елдер блогын құру көзделді.
Франция Германияға көп мөлшерде репарация салуды талап етті және Осман
империясы мұрасының біраз бөлігін алуға ұмтылды.
Бейбіт келісімдерді дайындау президент В.Вильсонның 14 пункті
негізінде жүргізілді де, яғни құпия келісімдер назарға алынбады. Алайда
оның шарттары келіссөздерге қатысушыларға өз ықпалын тигізбей қоймады.
Оңтүстік Тироль, Адриатиканың бүкіл шығыс жағалауын және Кіші Азияның бір
бөлігін береміз деген уәдемен Антанта жағында бірінші дүниежүзілік соғысқа
кірген Италия өз үлесінің берілуін, ал Румыния Трансильвания, Буковина және
Австрия-Венгрия мұрасынан Банатты беруді - 1916 жылы берілген уәденің
орындалуын талап етті. Румыния 1918 жылдың өзінде Бессарабияны басып алды.
Осындай себептерден Париж бітім конференциясында қызу күрес тумауы мүмкін
емес еді. Соғыстың жалғасы бітім деп есептеген тәкаппар, қатал, қайсарлы,
өр 78 жасар Клемансо, өзін келіспеушіліктің батпағына малтыққан Европаны
құтқарушы деп сезінген 63 жасар Вильсон, екеуі арасында ымыраластырушы
ролін атқаруға мәжбүр болған 56 жасар Ллойд Джордж - бұл үлкен үштік
бітіспес айтыста бірте-бірте соғыстан кейінгі дүниенің бейнесін
қалыптастырды.
Конференция барысында Вильсон Ұлттар Лигасының жарғысын жасау мен
талқылауды кезек күттірмейтін мәселе болуға тиіс деп есептеді. АҚШ жаңа
ұйымда бейбітшілікті сақтауда шешуші роль атқаруға жанталасты. АҚШ-тың
гегемондығына Ұлыбритания, Франция, Жапония барынша қарсы шықты. Олар
Ұлттар Лигасының жарғысы қабылданған жағдайда территориялық және қаржылық
проблемаларды талқылау қиындайды деп қауіптенді. Мәселе В.Вильсон
төрағалығымен Ұлттар Лигасы бойынша арнайы комиссия құрумен шешілді.
Сондай-ақ одақтастар герман отарларының тағдырын және шығыс мәселесін
талқылады. Ллойд Джордж Франция, Италия, Жапония және басқа мемлекеттер
өкілдерінің қолдауымен бұл жерлерді жеңгендердің арасында бөлуді ұсынды.
Алайда В.Вильсон отарларды тез арада бөлуге қарсы шықты. Ол: Мир скажет,
что великие державы сперва поделили беззащитные части света, а потом
создали союз народов, - деп мәлімдеді. Вильсонмен Л.Джордж да, Клемансо да
келіспеді. Конференция тұйыққа тірелді. 14 ақпан 1919 жылы Вильсон
конференция делегаттарын Ұлттар Лигасының жарғысымен таныстырды.
Теңіз еркіндігі мәселесі қызу талас тудырды. Тек 1919 жылдың
сәуірінде компромисстік келісушілікке қол жеткізілді. Осыған сәйкес АҚШ
өзінің әскери-теңіз программасын толық жүзеге асырудан бас тартты, бұл
мәселе бойынша бір-бірімен хабарласып отыратын болды. Олар Ұлыбританияның
теңіз державасы ретінде ерекше жағдайын мойындады. Ұлыбритания өз
тарапынан бейбіт келісімдердің бір бөлімі ретінде Ұлттар Лигасын таныды.
Кейінірек Ұлттар Лигасына Монро доктринасын енгізу жөнінде шешім
қабылданды. Франция мұны Құрама Штаттар Саар және Рейн облыстарына
француздық мүддені мойындаған соң ғана қолдады. Осылайша АҚШ Ұлыбританиядан
теңіз еркіндігі принципін, екі держава флоттарының теңдігін тануына қол
жеткізе алмады. Бұл АҚШ-тың Париж бейбіт конференциясындағы ірі жеңілісі
еді. Лидерлік Лигада және басқа проблемаларды шешуде Ұлыбритания мен
Франция қолына көшті. Ағылшын-американ қатынасы осы негізде күрт
шиеленісті.
Париж бейбіт конференциясы репарациялық мәселелерді де шеше алмады.
Франция Германияны барынша әлсірету принципінде репарация мөлшерінің көп
болуын талап етті. Ллойд Джордж репарацияны тек соғыс ұрпағының төлегені
ғана әділетті деп есептеді. Британ дипломатиясы Европада басқа бір
мемлекеттің гегемондыққа жетуіне жол бермеуге бар күшін салып бақты. Ал
Германия талқандалған соң, Европада гегемондыққа үміткер тек Франция ғана
еді. Ллойд Джордждың бұл пікірін В.Вильсон қолдады. Вильсонның есептеуінше
әлсіреген Германия репарацияны төлей алмайды, бұл американ кредиторларына
нұқсан келтіреді, сондықтан Германияның әлсіреуіне қайткенде де жол бермеу
керек. Ұзақ пікірталастан соң ерекше репарациялық комиссия құрылды, ол 1921
жылдың 1 мамырына дейін проблеманы зерттеп, герман үкіметіне репарациялық
талапты ұсынатын болды.
Бейбіт келісімдердің Германиямен жасалатын басқа мәселелері де қызу
талас тудырды. Француз дипломатиясы Германияны бөлшектеуді талап етті.
Ұлыбритания мен АҚШ бұған қарсы шықты. 1919 жылдың сәуір айында Версаль
келісімінің мәтіні дайын болды, герман делегациясы Парижге шақырылды.
Герман делегациясын Веймар республикасының сыртқы істер министрі Брокдорф-
Рантцау басқарып келді. 7 мамыр 1919 жылы Клемансо оған келісім мәтінін
ұсынды. Герман министрінің келісімшарттары бойынша пікірталас туғызу
әрекетінен ешнәрсе өнбеді. Герман үкіметі бейбіт келісімнің соғыстың
кінәлісі жалғыз Германия деп жарияланған 231-ші бабынан басқасына қол қоюға
келісті. Алайда Париж мұны кері қайтарды. Осындай жағдайда 23 маусым 1919
жылы Ұлттық жиналыс келісімге қол қою жөнінде шешім қабылдады. 28 маусым
1919 жылы Версаль сарайының айналы залында, Сараеводағы принц Фердинандтың
өлтірілгеніне бес жыл толған күні Германия өкілдері бейбіт келісімге қол
қойды. Ол 1919 жылы 9 шілдеде Германияда өз күшіне енді.

3-тарау. Париж бейбіт конференциясының негізгі жетістіктері мен
кемшіліктері

3.1 Ұлттар Лигасының құрылуы

Ұлттар Лигасы жөніндегі мәселе екі негізгі себептер бойынша күн
тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Біріншіден Ұлттар Лигасы халықаралық
орган ретінде халықаралық қарым-қатынастарды реттеуде және соғыс қаупін
азайтуда нақты үлес қосар еді.
Екіншіден Лига мен оның Жарғысы ұлы державалардың саясатына құқықтық
және моральдық тұрғыдан сенім білдіріп және демократиялық және либералдық
елдердегі маңызды саяси факторға айнала бастаған қоғамдық пікір алдында оны
жария ететін құрал ретінде де көрінген болатын.
Ұлттар Лигасын құру мәселелері конференцияға қатысушы негізгі
саясаткерлер арасында айрықша пікірталастар туғызды. Алғашқы мәжілістердің
өзінде-ақ оны құру жөніндегі жоспарлардың әртүрлі екендігі көзге түсті.
Француз жоспары бойынша Ұлттар Лигасын құру егжей-тегжейлі жасалынған еді.
Мысалы Париж Ұлттар Лигасының Жарғысына Еуропадағы қауіпсіздікті реттеу
үшін халықаралық әскери күштердің құрылу пунктін енгізуді табанды түрде
талап етіп отырып алды. Франция өзінің құрлықтағы әскери күштерін қажет
болған жағдайда Германияға қарсы қоя алатын келешектегі халықаралық
армияның негізі болуын жүзеге асыруға ұмтылды. Сонымен қатар француз
делегациясы ең алдымен Германиямен келісімге қол қойып алып, артынша
халықаралық ұйымды құру мәселесімен айналысуды жөн көрді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Париж бітім конференциясындағы ақш позициясы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Версаль-вашингтон жүйесі жайлы мәлімет
Вашингтон конференциясы және «Тоғыз держава келісімі»
Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйелері
ХХ ғ. 20 ж. Еуропадағы буржуазиялық революциялар
Пәндер