Уақытша үкімет тек


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

1. Ресейдегі Қазан революциясына себеп болған алғышарттар4

1. 1. Ресейдегі социалистікиалистік революцияның тарихи заңдылығы4

1. 2. Қарулы көтерілісті дайындау9

2. Қазан революциясының жеңіп шығуы16

2. 1. Революцияның жеңу себептері16

2. 2. Революцияның халықаралық маңызы22

Қорытынды26

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі28

Кіріспе

Тарихқа Қазан революциясы деген атпен енген елеулі тарихи оқиға ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресейде орын алды.

Қазан социалистік революциясы - 1917 ж. В. И. Ленин бастаған Коммунистік партия басшылығымен Россия жұмысшы табының кедей шаруамен одақтасып жүзеге асырған тарихтағы алғашқы революциясы. Ескі стиль бойынша 25 қазанда (жаңаша - 7 қараша) басталғандықтан, ол «Қазан революциясы» аталған. Қазан революциясы нәтижесінде Россияда буржуазия мен помещиктердің өкіметі құлатылып, пролетариат диктатурасы орнады, Советтік социалистік мемлекет құрылды. Қазан социалистік революциясы марксизм-ленинизмнің жөңісі болды, адамзат тарихында жаңа дәуірді - капитализмнен социализмге өту дәуірін бастады.

Монархияның ауыр мұрасы, төніп келе жатқан ашаршылық пен күйзеліс, уақытша өкіметтің халықтарға бітім, шаруаларға - жер, жұмысшыларға - фабрикалар, ал аз ұлттарға теңдік, Ресей азаматтарына нақты кепілдікті құқықтар бере алмауы, ұсақ буржуазияшыл бұқара арасында анархиялық пиғылдардың өршуі - жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілгенін анықтап берді. Халық корниловшылдарды - контрреволюцияшыл соғысқұмарлар диктатурасы мен пролетариат диктатурасының бірін таңдауға тиіс болды. Қазан революциясы, В. И. Ленин атағанындай, Қазан төңкерісі осындай жағдайда жүзеге асырылды. Бейбітшілік, жер, бостандық ұлттың өзін - өзі билеуі сияқты жалпы адамзаттық мұраттарды негізге алуының революция тағдыры үшін зор маңызы болды. Жер мен бітім туралы тарихи декреттердің қабылдануы, Кеңес үкіметі ұлт саясатының миллиондаған адамдардың арман-тілегіне сай келген бағдарламасының жариялануы Қазан революциясының бүкіл ел көлемінде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рөл атқарды.

Қазан революциясының нәтижесінде орнаған коммунистік режим, өз аумағына он бес республиканы біріктірген Советтік Социалистік Республикалар Одағы (ССРО) жетпіс жылдан аса уақыт үстемдік құрып, тоқсаныншы жылдардың соңында күйреп, ыдырады. Постсоветтік кеңістікте жекелеген тәуелсіз жаңа мемлекеттер бой көтеріп, өзіндік дербес саясатын жүргізе бастады. Осы кезеңнен бастап өткен тариққа жаңаша қырынан келіп қарау, тың зерттеулер мен соны ой-тұжырымдар жасала бастады. Бірыңғай мадақ пен мақтауға құрылған Кеңес Одағының тарихы қайта ой тезінен өткізіліп, оның оң теріс жақтары ашық айтыла бастады. Қалай дегенде де, жетпіс жэылдан астам уақыт үстемдік етіп, билік жүргізген Кеңес Одағының тарихын адамзат тарихынан өшіріп тастау мүмкін емес. Сондықтан да бұған қайта-қайта айналып соғып, Қазан революциясының тарихи маңызына, революциясының туу алғышарттарына, жеңіске жету жолдары мен оның тарихи сабақтарына ой жүгірту қай кезеңде де өзектілігін жоғалтпайды деп білеміз. Осындай қырын білгендіктен болар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында Ресейде орын алған Қазан төңкерісінің мән-мазмұны мен зардаптары мәселесіне біршама тоқталып өткен. Қазан төңкерісінің тарих тегершігін басқаша қалыпқа бұрып, тосындай жолмен жүруіне мәжбүр еткені жасырын емес.

Ресейдегі Қазан революциясы тақырыбы туралы зерттеулер, монографиялар, естелік кітаптар, архивтік құжаттар жинағы аса мол. Осы тақырып аясында жекелеген институттар да жұмыс істеді. Бұл кітаптардың баршасын атап шығу мүмкін емес. Сондықтан да біз Қазан төңкерісіне қатысты еңбектерді үшке бөліп, атап өтумен шектелуді жөн көріп отырмыз. Біріншісі, Кеңес Одағы кезіндегі отандық ғалымдардың зерттеулері, монографиялары, естеліктер мен архивтік құжаттар жинақтары. Екіншісі, Шетелдік зерттеу институттарының советолог мамандарының зерттеулері. Үшіншісі, Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі кезеңде жазылған, еркін көзқарас тұрғысынан зерттелген ғылыми еңбектер. Біз осынау курстық жұмысты жазу барысында қал-қадерімізше осынау үш ғылыми дереккөзді де пайдалануға тырыстық.

1. Ресейдегі Қазан революциясына себеп болған алғышарттар

1. 1. Ресейдегі социалистікиалистік революцияның тарихи заңдылығы

Ғылыми коммунизмнің негізін салушылар К. Маркс пен Ф. Энгельс дүние жүзілік тарихты, капитализмнің туу және даму заңдылықтары мен қайшылықтарын терең зерттеу нәтижесінде қоғамдық дамудың объективті зацдарын ашып, социалистік революцияның, пролетариат диктатурасын орнатудың және қоғамның капиталистік қоғамдық-экономикткалық формациядан коммунистік формацияға өтуінің сөзсіз екендігін дәлелдеді. В. И. Ленин империализм дәуіріндегі социалистік революция туралы маркстік ілімді жан-жақты дамытты. Ол дүние жүзілік капиталистік жүйенің 20 ғ. басында социалистік революция үшін пісіп жетілгенін, империализм - социалистік революцияның қарсаңы болғанын ғылыми дәлелдеді, Капиталистік елдердің империализм дәуірінде экономик. және саяси дамуы біркелкі болмайтын заңдылығына сүйеніп Ленин 1915 ж. пролетариат революцияның бастапқыда бірнеше, немесе тіпті бір елде жеңу мүмкіншілігі туралы қорытынды жасады. Ленин бурж. -демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласу теориясын, жұмысшы табы мен оның партиясының стратегиясы мен тактикасын жасады, пролетариаттың революциядағы одақтастары жайлы мәселені шешті. Большевиктер партиясы социалистік революцияны басқарудың жоғарғы үлгісін көрсетті1.

19-20 ғ. аралығында Россия капитализм дамуының империалистік кезеңіне көшті. Оның өнеркәсібінде монополистік бірлестіктер үстемдік етті. 1-дүние жүзілік соғыстың (1914-18) алдында Россияда 150-ден астам монополиялар (синдикаттар, трестер, коцерндер) болды. Олар өнеркәсіптің барлық негізгі салаларын өздеріне бағындырды. Өнеркәсіп монополияларымен бірге ірі банк бірлестіктері (Орта Азия, Петербург, Азов-Дон т. б. банктер) пайда болды. Барлық банк қаржысының 80%-і 12 ірі банктің қолына шоғырланды. Банк пен өнеркәсіп капиталдарының қосылуынан пайда болған қаржы капиталы экономикада маңызды позицияларға ие бола бастады. Мемлекеттік аппаратта капиталистік монополиялармен бірікті. Сонымен бірге монополистік капитализмнің мемл. -монополистік капитализмге ұласу процесі басталып, ол процесс соғыс жағдайында елдің экономикасын соғыс үшін мобилизациялау және ретке келтіру қажеттігіне байланысты тездетілді.

Өнеркәсіптің монополиялану, банк капиталының шоғырлану дәрежесі, мемл. -монополистік капитализмнің даму деңгейі Россияда социалистік революцияның материалдық алғы шарттарының жеткілікті пісіп-жетілгенін дәлелдеді. Социализмге өту, В. И. Лениннің айтуынша: « . . . мемлекеттік капиталистік монополиядан ілгері қарай аттайтын ең таяу адым, басқа ештеңе де емес» (Шығ., 25-т., 368-6. ) . Алдыңғы қатардағы капиталистік елдермен салыстырғанда Россия империализмінің жалпы ұқсастығымен бірге өзіне тән ерекшеліктері болды. Жоғары өнеркәсіп және финанс капитализмі бар елдің жалпы экономикасы артта қалды. Россияның басым бөлігінде капит. қатынас жаңа ғана қалыптаса бастады, тіпті крепостниктіктің қалдықтары да күшті еді. Оның экономикасы шетелдік финанс капиталына едәуір тәуелді болды. Россия аграрлы ел болып қала берді, тех. -экономикалық жағынан АҚШ, Англия, Германия, Франциядан кейін 5-орын алды. Россияда ірі помещиктік жер иеленушілік (20 ғ. басында жеке меншіктегі жердің 61, 9%-і) сақталып қалды. Шаруалар жердің аздығы мен жоғары арендалық төлемдерден күйзелді. Елдегі жағдайды Ленин: « . . . ең артта қалған жер шаруашылығы, ең тағы деревня - ең алдыңғы қатарлы өнөркәсіп пен қаржы капитализмі», - деп сипаттады2. Россияда капитализмнің феод. -крепостниктік шырмауда даму диалектикасын Ленин терең түсініп, әлеуметтік-экономик. қатынастың мұндай шырматылуынан елде сөзсіз революция туатынын дәлелдеді. «Россияның артта қалғандығы пролетариаттың буржуазияға қарсм революциясын шаруалардың помещиктерге қарсы революциясымен ерекше бір түрде біріктірді», - деді ол. Россияда революцияның экономикалық алғы шарттарымен қатар жұмысшы табы бастаған әлеуметтік күштері де өсіп нығайды. 1917 ж. қала мен деревняда пролетарлар саны 15 млн-ға (халықтың 10%-і) жетті, оның 3, 5 миллионы - фабрика-завод жұмысшылары. Россия жұмысшы табының шоғырлану дәрежесі жоғары болды. Барлық жұмысшылардың 60%-тейі (АҚШ-та 33%) 500-ден аса жұмысшысы бар кәсіпорындарында, 35%-тен көбі (АҚПІ-та 17%) 1000-нан аса жұмысшысы бар фабрика, заводтарда жұмыс істеді. Өнеркәсіп пролетариатының 64%-і Петроград пен Орталық өнеркәсіп аудандарында істейтін. Урал, Донбасс, Криворожье, Баку ірі пролет. орталықтар болды. Россия пролетариаты жағдайының ерекшелігі (көпшілігінің ірі кәсіпорындарында және маңызды орталықтарда шоғырлануы, қатаң қанау, саяси правосыздық) социалистік. идеялардың таралуына, оның саналылығы мен ұйымшылдығының артуына, пролетариаттың революциялық авангарды - Ленин бастаған жұмысшы партиясының қалыптасуына әсер етті. Партия басқарған Россия жұмысшы табы елдегі зор әлеуметтік күшке, революцияның гегемонына айналды.

Россия пролетариатының революциядағы одақтасы феодалдық қалдықтарды, әсіресе помещиктік жер иеленушілікті жоюға тырысқан миллиондаған кедей шаруалар еді. Село халқының 65%-і болған кедей шаруалар жұмысшы табының сенімді одақтасына айналды. Қала халқының едәуір бөлігі - пролетар емес, езілген, правосыз еңбекшілер де (1917 ж. 22 млн. ) жұмысшы табының тірегі болды. Россияның тарихи даму ерекшеліктерінің бірі оның көп ұлтты мемлекет болуы еді. Россия империясының құрамына енуші жүзден аса ұлт халықтары (басым көпшілігі кедей шаруалар) жұмысшы табымен бірге әлеуметтік және ұлттың қанауға қарсы көтерілді. Помещиктік, капиталистік, ұлттық қанаушылықтың патша өкіметінің саяси өктемдігімен ұштасуы халық бұқарасының жағдайын жан төзгісіз етіп, Россиядағы тап қайшылықтарын ерекше шиеленістірді3. Россия 20 ғ. басында халықаралық империализм қайшылықтарының шиеленіскен пунктіне, оның ең әлсіз буынына айналды. Онда революцияның экономикалық және әлеуметтік алғы шарттары пісіп жетілді. Сол кезде революциялық қозғалыстың орталығы Батыс Европадан Россияға ауысты. Елдегі революциялық ситуация Бірінші орыс бурж. -демокр. революциясын (1905-07) туғызып, ол Қазан социалистік революциясының прологы және бас репетициясы болды. Жаңа революцияның пісіп-жетілуін 1914-18 ж. 1-дүн. жүз. соғыс тез жеделдетті. Соғыс әлеуметтік-экономик. және саяси қайшылықтарды шиеленістіріп, бурж. -феод. тәртіптің одан әрі өмір сүруі Россия үшін қауіпті екенін айқын көрсетті. Өнеркәсіп, транспорт, а. ш. күйзеле бастады. Ірі кәсіпорындарының 37, 8%-і тоқтады. Темір жолдарға паровоздар мен вагондар, өндіріске отын, шикізат жетіспеді. Россияның шет мемлекеттерден финанстық кіріптарлығы күшейе түсті. Тек патша өкіметі мен капитализмге қарсы шешуші революцияшыл шаралар ғана елді экономикалық апаттан құтқара алатын еді. 1916 ж. күзде Россияда рев. ситуация туды. Соғыс, оған байланысты өнеркәсіпті милитарландыру өндіріс пен сауданың монополистврдің қолына шоғырлануын күшейтті. «Соғыс, - деді Ленин, - монополистік капитализмнің мемлекеттік-монополистік капитализмге айналуын орасан жеделдетті, сонымен адамзатты социалиализмге қарай орасан жақындатты»4.

Социалистік. рев. жолындағы маңызды кезең 1917 ж. патша өкіметін құлатқан Россиядагы буржуазиялық-демократиялық февраль революциясы бол-ды. Қалың бұқараның творчествосы нәтижесінде елде жүмысшылар мен солдаттар депутаттарының Советтері, шаруалар депутаттарының Советтері, армияда солдаттар комитеттері құрылды. Сонымен бірге, кәсіподақтары мен фабрика-завод комитеттері, жұмысшы милициясы мен Қызыл Гвардия отрядтары құрыла бастады. Патша режімінің құлауы барлық таптарды да саяси күреске араластырды. Негізгі әлеуметтік күштер: буржуазия мен пролетариат арасында өкімет билігі үшіы күрес басталды. Советтердің халық күшіне сүйеніп өкімөтті өзі алу мүмкіншілігі туды. Бірақ Советтерде басшылықты өз қолына ұстап отырған ұсақ буржуазияшыл партиялар буржуазиямен келісу саясатын жүргізді. Олар Россия социалистік революция үшін пісіп-жетілмеді, сондықтан бурж. -демокр. революциядан кейін билік буржуазияға берілуі тиіс деп есептеп, бурж. -помещиктік партияларға (кадеттерге, октябристерге) өкімет билігін алып беруге көмектесті. Советтермен қатар 2(15) мартта Уақытша укімет құрылды. Елде қос өкімет пайда болды. Бурж. Уақытша үкімет тек Советтермен келіскендіктен ғана өкімет басында отырды. Елде ұсақ буржуазияның сан жағынан басым болуы саясатта да буржуазиялық көзқарастың үстем болуына әсер етті. Буржуазияшыл уақытша үкімет меньшевиктср мен эсерлердің қолдауына сүйеніп, халыққа қарсы империалистік саясат жүргізді. Россиядағы бурж. -помещиктік құрылысты, әлеуметтік және ұлттық қанаудың барлық түрлерін жою, социалистік қоғам құру мақсатында пролет. диктатурасын орнату тек социалистік. революция орындайтын міндеттер еді. Бурж. -демокр. революциядан социалистік. революцияға өту үшін күрес жоспарын Ленин нақты, теориялық негізде дайындады. Большевиктердің негізгі саяси бағыты өкімет билігін Советтерге алып беру болды. Оған эсер-меньшевиктік басшылық қарсылық білдірді. Большевиктер меньшевиктер мен эсерлерді Советтердің басшылығынан ығыстырып, Советтерді большевиктер жағына шығаруға және оның саясатын өзгертуге тырысты. Бұл революцияның бейбіт жолмен даму бағыты еді. Ақпан революциясынан кейін жария жағдайға көшкен большевиктер партиясы мүшелерінің саны 24 мыңнан сәуірдің аяғында 100 мың адамға дейін өсіп, Россия пролетариатының бұқаралық саяси партиясына айналды. Социалистік революцияны даярлауда 24-29 апрельде (7-12 мамыр) болған РСДЖП жетінші (сәуір) конференциясы маңызды роль атқарды. Конференция социалистік революцияға өтудің лениндік бағытын толық қабылдады. Большевиктер «Бүкіл өкімет билігі Советтерге берілсін!» деген ұранмен көпшілікті өз жағына тартып, социалистік революцияға мобилизациялады.

Уақытша үкіметтің соғысты жеңгенге дейін жүргізу саясаты революцияшыл күштердің ашық қарсылығын туғызды. Ол уақытша үкіметтің дағдарысына себеп болды. 5(18) майда бірінші коалициялық үкімет құрылып, оның құрамына бурж. -помещиктік өкілдермен бірге меньшевиктердің (И. Г. Церөте-ли, М. И. Скобелев), эсерлердің (А. Ф. Керенский, В. М. Чернов) өкілдері кірді. Бірақ Уақытша үкіметтің саясаты өзгермеді. Ленин 1917 ж. 3(16) июньде Жұмысшы және солдат депутаттары Советтерінің Бүкіл россиялық бірінші съезінде келісімпаздардың саясатын әшкереледі. Большевиктердің көпшілікке ықпалы күшейе түсті. Оны 18 маусымда (1 шілде) болыпевиктік ұрандармен өткен Петроград жұмысшылары мен солдаттарының демонстрациясы дәлелдеді. 2(15) июльде уақытша үкімет тағы дағдарысқа ұшырады. 4(17) шілдеде Уақытша үкімет, Советтердің эсер-меньшевик БОАК басшыларының ңолдауымен демонстрацияны атқылады. Елде жазалау шаралары басталды. Большевиктер астыртын жағдайға көшті. 24 шілдеде (6 тамыз) екінші коалициялық үкімет (пред. Керенский) құрылды. Қос өкіметтілік жойылды. Билік толығымен Уақытша үкіметке көшті. Эсер-мень-шевиктер басңарған Советтер өкімет органы болудан қалып, контрреволюцияшыл Уаңытша үкіметке бағынышты органға айналды. Сондықтан Ленин «Бүкіл өкімет билігі Советтерге берілсін!» деген ұранды уақытша алып тастауды ұсынды5.

1. 2. Қарулы көтерілісті дайындау

1917 жылдың бас кезіне қарай Ресей жаңа революцияның алдында тұрды. Елде революциялық жағдай қалыптасты. Большевиктер партиясы импералистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұранын насихаттап, жұмысшылар, шаруалар арасында және әскери бөлімдерде қажырлы жұмыс жүргізумен болды. 1915 жылдың аяғында-ақ В. И. Ленин «қазір біз тағы да революцияға қарай келе жатырмыз» деп көрсете отырып, партияның міндеттерін айқындап берді. Лениндік стратегиямен және тактикамен қаруланған большевиктер пролетариаттың революциядағы гегемониясы жолында күрес жүргізді.

Петроградтағы және елдің басқа да пролетарлық орталықтарындағы жұмысшылардың революциялық күресі ерекше кең қанат жайды. Партияның Орталық Комитетінің Бюросы Петроград Комитетімен бірге жұмысшыларды 9 қаңтарды ереуіл жасаумен, митингілермен, демонстрациялармен атап өтуге шақырды.

Полиция қолданған шараларға қарамастан 1917 жылғы 9 қаңтарда ереуіл соғыс жылдарындағы ең күшті ереуіл болды. Петроградта ереуіл жасаған жұмысшылардың саны 200 мыңға жетті. Жұмысшылардың жауынгерлік бас көтеруі армияға, флотқа тарады.

Елде қос өкімет құрылды: буржуазиялық Уақытша үкіметпен қатар халықтық өкімет органдары ретінде жұмысшы және солдат депуттарының Советтері болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917 жылғы ресейдегі ақпан – қазан ревалюциясы. Азамат соғысы
Қазақстанда уақытша үкімет органдары
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі францияның саяси жүйесі
1840 – 1860 жж Франция
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Мұсылман фракциясы
Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс буржуазиялық демократиялық революция дәуірінде
Ақпан революциясы демонстрациясы
ХХ ғасырдың басындағы Ресейдің ұлттық аймақтарындағы қоғамдық саяси жағдай және жер мәселесі. (Қазақстан мысалында)
ТӨРТІНШІ РЕСПУБЛИКА КЕЗЕҢІНДЕГІ ЕЛДІҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz