Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Герман мәселесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
Ι. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Герман мәселесі 5
1.1 Халықаралық конференциялардағы Герман мәселесінің талқылануы және
қабылданған шешімдер 5
1.2 Ұлы державалардың Германияны бөлісу саясаты және оның нәтижелері 9
II. Соғыстан кейінгі ахуал 14
2.1 Оккупациялық зоналардағы саяси өзгерістер. Ұлы державалардың әкімшілік
саясаты және оның герман қоғамына ықпалы 14
2.2 Одақтас әкімшіліктің жүргізген саясатының мәні және одақтастар
арасындағы қайшылықтар 19
Қорытынды 23
Пайдаланылған деректер тізімі 24

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігіне қол
жеткізуі нәтижесінде әкімшіл-әміршіл жүйе жағдайында қалыптасқан тарих
ғылымы көптеген жағдайларда ақиқатты бір жақты көрсетіп, бұрмалап, ұшқары
пікірлерден құрылған теориялық қорытындылардың, қайта қарайтын
тұжырымдардың өмірге келуіне ықпал еткен болатын. Кеңестік кезеңде тарихтың
көп мәселелері марксизм-ленинизм тұрғысынан зерттеліп келген болатын, ал
кейбіреулері жабулы қазан күйінде қалып идеологиялық кертартпалықтың
кесірінен мүлде атүсті қаралатын. Сондай мәселелердің бірі Германияның
екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихы мәселесі еді. Жақсысын асырып,
жаманын жасырып өктемдеу – тарихқа жасалған қиянат. Біз оны бар қайғы-
қуанышымен, жеңіс-жеңілісімен бірдей қабылдауымыз керек. Себебі, ол – тұтас
құбылыс. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап тақырыптың ауқымы мен көлемі
ұлғайып, қарастырылатын мәселелер қатары көбейе түсті.
Міне сондықтан да біздер, бүгінгі өскелең ұрпақ екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі Германияның тарихын пайымдауға, түсінуге ұмтылып, тарихтан
сабақ алуды ойластыру үшін оны бүге-шігесіне дейін зерттегеніміз жөн.
Дәл біз қарастырып отырған кезеңдегі мәселе Германияның екі мемлекетке
бөлінуіне тікелей себеп болды. Сонымен қатар осы кезеңдердегі әлемдік
көшбасшы мемлекеттердің ортақ мүдделері де екі Германия мемлекеттерінің
нацизм идеологиясынан бас тартуына алып келгендігі тағы бар.
Курстық жұмыста қарастырылып отырған XX-ғасырдың 45-50-ші жылдар
кезеңі Германия тарихында ғана емес сонымен қатар бүкіл әлем тарихында
түбегейлі өзгерістер әкелген кезең болып табылады. Өйткені дәл осы
Германияны екі жаққа тартпақтаудың ақыры екі Германия мемлекетін құруға
әкелгені мәлім. Мұндай әрекеттер ары қарай жалғасын тауып әлем екі жүйеге
бөлініп қырғи қабақ соғыстың зардабын тартуды сол кезеңде бастаған
болатын. Сол себепті де герман мәселесінің негізгі принциптері бірте-бірте
қырғи қабақ соғысқа даңғыл жол салып берді.
Тақырыптың деректік көздеріне шолу: Тақырыптың деректік көздеріне
келер болсақ арнайы екінші дүниежүзілік соғыстың барысына, оның сан салалы
жақтарына арналған деректемелер өте көп, бірақ оның көпшілігі соғыс
театрының шайқастарына көп маңыз бере тоқталады. Ал бізге негізінен
соғыстың соңғы кезеңдерінде күн тақырыбына айналған герман мәселесі
болғандықтан көбінесе Потсдам, Тегеран, Ялта конференцияларының құжаттары
мен сол кезеңдегі осы оқиғалардың арасына қатысып атсалысқандардың жазған
мемуарлары, тағы басқа қалдырған жазба материалдары екендігі белгілі. Бірақ
баса айта кететін жайт бұл әдебиеттің бәрі орыс тілінде болып отыр.
Қазақшаға аударылғандарының өзі некен-саяқ. Солардың қатарына У.Черчилльдің
Екінші дүниежүзілік соғыс атты туындысы да жатады.
Жұмыста В.М. Бережковтың, В.Т. Фоминнің, Д.А. Волкогоновтың тағы басқа
да тарихшылардың күнделіктері мен мемуарлары қаралды[1].
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты соғыстан кейінгі туындаған герман
мәселесінің негізгі принциптерін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыста мынадай міндеттер төмендегідей:
- Халықаралық конференциялардағы Герман мәселесінің талқылануы және
қабылданған шешімдерді қарастыру;
- Ұлы державалардың Германияны бөлісу саясаты және оның нәтижелерін
талдау;
- Оккупациялық зоналардағы саяси өзгерістерін айқындау;
- Ұлы державалардың әкімшілік саясаты және оның герман қоғамына
ықпалы;
- Одақтас әкімшіліктің жүргізген саясатының мәні және одақтастар
арасындағы қайшылықтар;
Курстық жұмыстың мерзімдік ауқымы. Зерттеу жұмысында біз антигитлерлік
одақтастардың негізгі державаларының соғыста жеңеміз деген сенімі артқан
сайын әрбір кездесулеріндегі герман мәселесін талқылауларын әрі оны
соғыстан кейін жүзеге асыру аралығын (1943-1949) қарастырамыз.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Герман мәселесі

1.1 Халықаралық конференциялардағы Герман мәселесінің талқылануы және
қабылданған шешімдер

Cоғыстан кейінгі реттеуде антигитлерлік коалиция державаларының
басшылары Герман мәселесін ортақ талқыға салды. Соғыс кінәгерінен әділетті
түрде кек алу және әлемдік қоғамды Германия жағынан төнетін жаңа қауіптен
қорғау осы келіссөздердің басты мақсаты болды. 1941 жылы желтоқсан айында
Мәскеуде өткен кеңес-ағылшын келіссөздерінде рейх территориясының бір
бөлігін бөлу керектігін екі жақ бірдей мәлімдеді. Бұл кездесуде Австрия
суверенитетін қалпына келтіру, Шығыс Пруссияны Польшаға, ал Судет аймағын
Чехословакияға қайтару, Рейн аймағы мен Баварияда тәуелсіз мемлекеттер құру
мүмкіндігі талқыланды. Американ әкімшілігінде Германияны бөлшектеу идеясын
жақтаушылар мен бірге қарсы тұрушылар болды. Соған қарамастан 1943 жылдың
қазанында болған Мәскеу конференциясында АҚШ үкіметі Герман
капитуляциясының басты принципі атты құжат ұсынды. Бұл құжатта Германияны
децентрализациялау және де рейхтың прусстық әскерін шектеу мәселесі сөз
болды.
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу жеңіске жеткен державалар үшін
оңайға түспеді, бірақ өзіндік үлкен ерекшеліктері болды. Фашизмнің құлауы
соғыстан кейінгі халықаралық қатынастарда терең із қалдырды.
1945 жылдың 8-9 мамырында герман армиясының толық капитуляциясынан
кейін адмирал Дениц басқарған ақырғы империялық үкімет өз қызметінде екі
апта болды. Содан соң ол сотталды. Кейін национал-социалистік диктатураның
жоғарғы шенді қызметкерлері мен үкімет мүшелері Нюрнберг трибуналының
алдында адамзатқа қарсы қылмыстары үшін жауапқа тартылды.
1943 жылы қарашада АҚШ, Ұлыбритания және КСРО басшылары алғаш рет
Тегеранда бас қосып, Тегеран конференциясын ашты. Бұл конференция соғыстан
кейінгі реттеудің ең маңызды кезеңі болды. Мұнда соғыстың негізгі
мәселелері мен соғыстан кейінгі реттеудің ең басты проблемалары
қарастырылды. Конференцияның ашылу күнінде У. Черчилль оны былай деп
сипаттады: Бұл адамзат тарихындағы әлемдік күштердің ұлы концентрациясы.
Соғысты аяқтап, жеңіске жету және де адамзаттың болашақ тарихы туралы
мәселелерді шешу біздің қолымызда.
Бұл конференцияда соғыс қимылдарының жоспары айқындалды, ең басты
көңіл кеңес-герман фронтына бөлініп, ал қалған фронттар екінші орынға
ығыстырылды.
Ағылшын және американ делегациясы герман мәселесін қатал түрде шешуді
қолдады. Германия территориясында бес автономды мемлекет құру және оңтүстік
герман жерлерін бөліп, Австрия және Венгрияның біріккен Дунай федерациясын
құру қарастырылған. Сталин басқа позиция ұстанды. Ол Германияны радикалды
түрде бөлшектеу неміс национализмі мен реваншизмінің қайта тұтануына себеп
болатындығын алға тартты. 1944 жылдың 15 қаңтарында британ үкіметі
Германияны оккупация зоналарына бөлу туралы жоспарды одақтастар қарауына
ұсынды. Кейін ГФР мен ГДР-дің шекарасы болатын картадағы сызық осы жоспарда
көрсетілді.
Тегеран конференциясының шешімінде: Біз герман қарулы күштерін жою
туралы жоспарларымызды келістік. Шығыстан батысқа және оңтүстікке
жүргізілетін соғыс операциясының масштабы туралы толық келісімге келдік, -
деп айтылды.
Үш державаның Тегеранда қабылданған декларациясындағы соғыстан
кейінгі реттеу принципінде АҚШ, Ұлыбритания және КСРО үкіметтері соғыстың
қайғы–қасіретін тоқтатып, жер шарының халықтары қолдайтын келешек ұрпаққа
бейбітшілік алып беру үшін жауапты екендігін мойындады.
1944 жылдың қыркүйегінде өткен Квебек конференциясында У.Черчилль АҚШ
қаржы министрі Генри Моргентаудың Германияға қатысты соғыстан кейінгі саяси
жоспарымен келісті. Бұл жоспардың басты мақсаты Германияны бөлшектеп, оның
өнеркәсіптік потенциалын қысқарту және тек қана аграрлы өндірісте
халықаралық қатаң бақылауда ұстау болды. Бірақ та орталық Еуропаның
тұрақтылығы Германияның экономикалық тұрақтылығына тікелей байланысты
болды. Ал Моргентау жоспары бұған түбірлі түрде қайшы келіп тұрды.
Сондықтан У. Черчилль мен Рузвельтке бұдан бас тартуға тура келді.
1945 жылдың ақпанында Қырымда өткен Ялта конференциясы үлкен маңызға
ие болды. Мұнда Германияны территориалды бөлшектеу туралы мәселе басты
назарға алынбады. Бұл кездесуде оккупация зоналарының жобасы көрсетіліп,
ағылшын және американ зоналарынан Франция оккупациялық зонасының құрылуына
территория бөлініп берілді. Ялта коммюникесінде соғыстан кейінгі Германияны
реттеудің алғашқы жалпы формуласы анықталды. Ол Германияны
демилитаризациялау және демократизациялау болатын.
Бұл міндетті орындау үшін Германияның саяси жүйесін денацификациялау,
сонымен қатар немістердің алдына мемлекеттік құрылыс мәселесін шешу құқығы
берілу керек еді. Герман экономикасын децентрализациялау оның әскери
өнеркәсіптік потенциалын түбірімен шабуға жол ашты.
Герман шабуылының нәтижесінде Кеңес Одағының шеккен азабы мен батқан
шығындары үшін Сталин репарация талаптарын ұсынды. Бұны бір ғана зона
қанағаттандыра алмады. 20 млрд. доллардан бөлек, Мәскеу герман
өнеркәсібінің 80%-ін Кеңес Одағы үшін талап етті. Бұл репарация туралы
проблема шешілмей қалды, бірақ материалдық зиян шеккені үшін компенсацияны
барлық делегаттар әділетті деп тапты.
Жалпы Ялта кездесуінің маңызы зор еді. Онда соғыстан кейінгі
бейбітшіліктің құрылуы мен Германия мәселесінің негізгі принциптері
анықталды. Ялтада тағы Германияны бірігіп басқару мен бейбіт реттеу
механизмін жасау туралы проблемалар қарастырылы. Германияға қатысты басты
саяси принцип Ялта конференциясының шешімінде былай көрсетілді: Біздің
басты мақсатымыз герман нацизмі мен милитаризмін жою және де Германияның
келешекте бүкіл әлемнің бейбіт жағдайын бұзбайтындығына кепілдік беру.
Неміс халқын жою біздің алға қойған мақсатымызға кірмейді. Бірақ та неміс
нацизмі мен милитаризмі жойылмай, герман халқының жақсы өмір сүруіне және
ұлттар арасында өз орнын табуына үміт жоқ[2].
Герман мәселесі 1945 жылы 17 шілде – 2 тамыз аралығында өткен Потсдам
конференциясында толыққанды қаралды. Конференцияда Германияның жеңілісі
бекітіліп, Ялтада тұжырымдалған Германияға қатысты саясат талқыланып бітті.
Германия территориясы сонымен қатар Берлиннің де териториясы 4 оккупациялық
зонаға бөлінді.
Кеңес зонасы өзіне 40% территорияны, 30% халықты, 33% өндірістік
потенциалды қосып алды. Келісімділік үшін бес елдің АҚШ, Ұлыбритания,
Франция, КСРО және Қытай Сыртқы істер министрлерінің Одағы және
Әскербасшылардың бақылау одағы құрылды. Германияның бірлігі мен неміс
халқының бірыңғай демократиялық мемлекет құру құқығы сақталды. Потсдам
келісімінің мәтініне батыс зонасы ұғымы енгізілді.
Потсдам конференциясы Германияның жаңа шекараларын орнатты: Шығыс
Пруссия Кеңес Одағына, Одерден Батыс Нейсеге дейінгі территория Польшаға,
Судет облысы Чехословакияға қайтарылып берілді. Австрия суверенитеті қайта
қалпына келтірілді. Польша, Чехословакия, Венгрия территориясында тұрып
жатқан немістер Германияға депортацияланды.
Репарация төлемінің сомасы дау тудырмай қоймады. Аяғында американ
делегациясының ұсынысы қабылданды. Онда әр үкімет репарацияны өзінің
оккупациялық зонасынан және Германияның шет елдердегі активтерінен алуға
тиіс болды. КСРО Германиядағы алтынды тек қана батыс державаларының алуына
қарсы болмады, бірақ батыс оккупациялық зоналарындағы өнеркәсіптік құрал-
жабдықтардың 10%-ын иеленуге құқылы болды. Репарация сомасының нақты
мөлшері анықталмады, өйткені ағылшын және американ делегациясы Германияның
КСРО талаптарын қанағаттандыра алатындығына күмән келтірді.
Құрамында КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция оккупациялық
әскерлерінің басшыларынан тұратын Одақтық Бақылау Кеңесі ОБК 1945 жылдың
маусымында құрылды. ОБК өз қызметінің алғашқы айларында Потсдам
конференциясында нақтыланған дерективаларды қабылдады:
І. Вермахтты ликвидациялау туралы
ІІ. Немістердің жартылай әскери ұйымдарын тарату туралы
ІІІ. Германияда әскери құрылыстар салу салуға тыйым салу туралы.
ОБК Германия территориясында барлық билікті өз қолында шоғырландырды.
Олардың вето шешімдері құқығын қолдану арқылы консенсус негізінде
қабылданды. Бірақ оккупациялық зоналарда әкімшілік басқару автономды түрде
жүрді. Оккупациялық билеушілер бақылауымен жергілікті өзін-өзі басқару
органдары мен неміс саяси партиялары құрыла басталды. Біріккен герман
үкіметін құрудағы алғашқы қадамы ОБК-ның бақылауындағы орталық
департаменттер қаржы, көлік, сыртқы сауда және өнеркәсіп департаменттері
құрудан басталды.

1.2. Ұлы державалардың Германияны бөлісу саясаты және оның нәтижелері

Екінші Дүниежүзілік соғыста Германияның ойсырай жеңілуі оны
әлеуметтік-психологиялық кризиске әкеліп соқты. Тек қана вермахттың өзі
13.5 млн. адамнан айрылды. Соғыс кезінде Германия халқының 1\10 бөлігінен
айырылды. Көптеген қалалар әсіресе елдің шығыс бөлігінде қиратылды. 1946
жылы өнеркәсіптік өндіріс соғысқа дейінгі деңгейдің 1\3 бөлігін құрады, ал
ауыл шаруашылығы 30 жылға артта қалды. Көлік инфақұрылысы мен энергожүйе
толығымен қирап, регионаралық сауда қатынастары бүлінген.
Қаржы жүйесінің толық дезорганизациясынан материалдық шығын одан
сайын өсе түсті. Мемлекеттік қарыз 1938 жылы 27.2 млрд. марканы құраса,
1945 жылы 377.3 млрд. маркаға өсті. Инфляция деңгейі соғысқа дейінгі
жылдармен салыстырғында 600%-ке жетті. Жұмыс күні 16 сағаттан болып,
жалақының мөлшері күрт төмендеді[3].
Неміс қоғамында бел алған психологиялық шоктың зардаптары да кем
түспеді. Неміс халқының санасында саясатқа деген зұлым көзқарас, апатия,
моральды азғындаушылық, болашаққа деген қорқыныш сезімі ұялады. Ұлттық
сана–сезімді көтеру, ұлттар арасындағы өз орнын табу ең маңызды проблемаға
айналды. Азаматтық басқару органдарын құру өте қиынға түсті. Чиновниктер
мен саяси элитаның көп бөлігіне нацистермен қатынасты деген жала жабылып,
өз қызметтерінен алынды.
1945 жылдың қазанында американ әкімшілігі Потсдам конференциясының
шешімі бойынша орталық неміс департаменттерін құруды ұсынды.
Американдықтарға сенбеушілік танытқан Кеңес әкімшілігі Франциямен достық
қарым-қатынсты сақтауға тырысып, АҚШ-қа қарсы шықты. Германияның Кеңестік
Әскери Әкімшілігінің СВАГ қызметінің мақсаты өнеркәсіптік құрал-
жабдықтарын, тұтыну тауарларын, көлік пен шикізатты елден шығару болды.
Германия территориясынан 22000 вагон шаруашылық мүліктер, 73000 вагон
тұрғын үй мүліктері, 154 вагон маталар, 24 вагон музыкалық аспаптар
әкетілді. КСРО-ға 2млн. бас мал жіберілді. СВАГ офицерлерінің әкімшілік
басқаруда тәжрибесі болмады. Олар басқарудың қатаң тәсілдерін қолданды.
СВАГ құрамында Қауіпсіздік қызметінің ролі зор болды. Шығыс Германияда НКВД
қызметінің белседілігі артты. Батыс зоналарына қарағанда Шығыс Германияда
неміс әкімшілік органдары құрылды. Бірақ олардың қызметін кеңестік
әкімшілік бақылап отырды.
1945 жылдың аяғында Кеңес оккупациялық зонасында экономикалық
реформалар басталды. Нацистік және әскери қылмыскерлердің қолындағы
өнеркәсіп орындары конфискацияланды. СВАГ конфискацияланған кәсіпорындарды
халық меншігі деп жариялайтын референдум ұйымдастырып, экономиканың
мемлекетік секторына өнеркәсіптің 60% өтті[4].
1945-46 жылдары аграрлы реформа жүрді. Юнкерлер мен бауэрлерден
конфискацияланған 3.3 млн. га жер, шаруашылық құрылыстар, мал мен 6000
трактор, 560 мың жерсіз, не жерлері аз шаруаларға берілді. Бұл жерлер
ауылшаруашылық жерлерінің 33%-ын құрады. Осы жерлерде шаруалардың өзара
көмек қоғамы құрылып, 1949 жылы реформа кезінде шаруаларға берілген жерлер
халық меншігі болып жарияланып, коллективті шаруашылықтың құрылуына
алғышарт жасалды.
Батыс зоналарында экономикалық қайта құрылуы шығысқа қарағанда
мүлде өзгеше болды. Қиралу масштабы аз болса да, халықтың жағдайы қиын
болды. Соғыстың ақырғы жылдарында батыс және оңтүстік Германияға босқындар
келе бастады. Мұнда Кеңес зонасынан, Чехославакиядан, Венгриядан, Польшадан
эмигранттар ағылды. Егер де 1945 жылы Шығыс Германияда 17 млн. неміс, ал
батыста 44 млн. болса, кейін бұл көрсеткіш екі еселенді.
Неміс халқының ауыр жағдайы батыс администрациясын кең масштабты
тауарларды әкетуден және құрал-жабдықтардың демонтажынан бас тартуға мәжбүр
етті. Тек қана батыс зоналарынан шикізат, ғылыми лабораториялар мен
техникалық орталықтардың құрал-жабдықтары әкетілді. Жалпы айтқанда Батыс
Германияның экономикалық потенциалы соғыс қимылдарының нәтижесінде 20%-ға,
ал демонтаждар нәтижесінде тағы 12%-ға төмендеді. Шығыс Германияға қатысты
экономикалық құлдырау 45% болды.
Алғашқы кездерде батыс зоналарының оккупациялық әкімшілігінің нақты
экономикалық жоспары болмады. Барлық үш зоналарда әскери және нацистік
қылмыскерлердің дүние мүлкі конфискацияға ұшырап жатты. Дайындалған
национализациялау проектілері мен орталықтанған басқару структурасы әлі де
болса іске аспады.
1946 жылдың мамырында Парижде өткен Сыртқы Істер Министрлерінің
Кеңесінің сессиясы оккупациялық әкімшіліктердің тұрақтандыру және қайта
құру шараларындағы олақтығын көрсетті. Онда Германиямен бейбіт келісім
құрудың жалпы принциптері, экономикалық қайта құру жаспарлары толық
қаралмады. Көп ұзамай оккупацияланған ел қақ бөлінді. Оған себеп зоналар
арасында тауар айырбас кезінде спекулянттықтың күшеюі. Батыс жерінің
тұрғындары тұрақты жалақы мен жәрдемақылар ала тұрып, кеңес зонасынан арзан
азық түліктер мен тауарларды сатып алып отырған. 1946 жылдың 30 шілдесінде
барлық төрт зона әкімшіліктерінің келісуімен совет және батыс зоналарының
шекарасында адамдар мен тауарлар қозғалысына қатаң бақылау орнатылды.
1946 жылдың жазынан Германиядағы жағдай күрт шиеленісе бастады.
Шілдеде АҚШ-тың мемлекеттік департаменті әкімшілік басқарудың тиімділігін
арттыру үшін американ және британ окккупациялық зоналарын біріктіру туралы
жариялады. Экономикалық біріккен облыстың Бизонияның құрылуы туралы
келісім 1946 жылдың желтоқсанында бекітілді. Біріккен оккупациялық
зоналарда экономикалық инфрақұрылымды тұтыну және еңбек нарығын қалпына
келтіруге бағытталған саясат жүргізіле бастады. Бұл процестерде неміс
әкімшілік органдары, сонымен қатар экономикалық кеңес, оның құрамында –
Л.Эрхард жетекшілік құрған Экономиканы Басқару ұйымы маңызды роль ойнады.
Бұл шаралар СВАГ-тың қатысуынсыз іске асырылды.
Германияның батыс және шығыс жерлеріндегі саяси өзгерістер әр түрлі
бағыт алды. Алғашында бұл процестер Потсдам келісімі бойынша жүрді. НСДАП-
тың қол астындағы ұйымдар: герман қарулы күштерінің, офицерлік корпустың,
жартылай әскери ұйымдардың ликвидациясы жүзеге асты. Саяси қызметтерге
өзінің саяси және моральдік қасиетімен демократияны дамытуға көмектесетін
адамдар ғана алынды. Азаматтық, нәсілдік, националдық теңдік принциптеріне
сай сот жүйесі қайта құрылды. 1945 ж. қараша – 1946 ж. қазанда Халықаралық
Нюрнберг Трибуналының қызметінің жүру барысында нацистік және әскери
қылмыскерлер жауапқа тартылды. Жауапқа тартылғандардың кінәсінің мөлшерін
одақтастар Трибуналмен бірге анықтайтын жергілікті неміс комиссияларының
жүйесі құрылды.

Соғыстан кейінгі ахуал

2.1. Оккупациялық зоналардағы саяси өзгерістер. Ұлы державалардың әкімшілік
саясаты және оның герман қоғамына ықпалы

Денацификация және демократизация процесстері неміс саяси элитасының
жаңаруына алып келді. Шығыс және батыс зоналарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Германияның саяси бірігу мәселесінің жүзеге асуы және екі герман мемлекетінің интеграциясы
Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
Потсдам конференциясында
Париж бейбіт конференциясы
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Үш держава қолбасшыларының конференциясы
2-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай. Герман мәселесі
Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Пәндер