Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2-6
I тарау. Тегеран конференциясы
1.1 Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның
ұстанымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..7-8
1.2 Неміс мәселесіне қатысты КСРО – ның ұстанымы ... ... ... .9-
10
II тарау. Қырым және Потсдам конференциялары
2.1 Қырым конференциясындағы нацистік Германияны талқандау
жоспары және қауіпсіздікті сақтау
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ...12-16
2.2 Потсдам конференциясы: Германияны реттеу және II
дүниежүзілік соғыс
қорытындылары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 17-22
Қорытынды

... ... .23-24
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...25-26
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Бұл тақырыптың өзектілігі - ХХ ғасырдың басы күйреген әлемдік
жарылыстармен және терең әлеуметтік қозғалыстармен ерекшеленуі. Әлемдегі
күштер тепе-теңдігінің өзгеруіне байланысты бүкіл халықаралық қатынастар
жүйесінің қайта құрылымы басталады. ХХ ғасырдағы түбірлі құбылыстардың
бірегейі – II Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық
келісімдердер: Тегеран – Ялта – Постдам тізбекті конференциялар тарихтан
әлдеқашан сүбелі бағасын алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Осы
ірі конференциялардың басталуынан 60 жыл өтсе де, бұл конференциялардың
тарихына деген ғылыми – тарихи және саяси қызығушылық бүгінгі күнге дейін
танылады. Бүгінгі таңда жаһандасу және халықаралық терроризм секілді
әлемдік халықаралық күрделі мәселелердің алдын алу, оны тиімді жолдармен
шешу үшін өткеннің тарихи тағлымына жүгінгіннің зор маңызы бар. Мәселен,
зерттеу аясында қарастырып отырған II дүниежүзілік соғыс кезіндегі
коалициялық күштердің Тегеран – Ялта – Потсдам конференциялары іс жүзінде
зор нәтиже берді, дүлей соғысты тез аяқтаудағы орасан маңызы күні бүгінгі
дейін баспасөз беттерінде бағаланып келеді. Әсіресе, мұндағы өзекті де
назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз
державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы
көрсетілмеуін атауға болады. Автор осы конференцияларда бекітілген тарихи
шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі өзгерткендігіне
баса назар аудартқысы келді.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – II дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш
ірі конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс)
мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толықанды таодап беру болмақ.
Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылады :
• Тегеран конференциясындағы гитлершіл Германияға қарсы
коалициялық одақтың бас қосуы, яғни екінші майдан ашу мәселесі –
одақтастардың гитлерлік Германияға қарсы ортақ мүделестігін
айқындау;
• Конференциядағы әрбір қатысушының ұстанымдары арқылы
одақтастардың негізгі принциптерін айқындау;
• Ялта конференциясындағы бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік
мәселесінің қойылуын саралап беру;
• Одақтас бірліктің Германияны болашақта бөлшектеу жобалары;
• Потсдам конференциясында II дүниежүзілік соғысты қорытындылау.
Репарация және екіге бөлінген Германия;
• Неміс мәселесінің түпкілікті шешілмеуі.
Деректік негізі :
Осындай мақсат – міндеттерді алдыға қоя отырып, курс жұмысын жазу
барысында арнайы құжаттық айғақтар және дерек көздері кеңінен қарастырылды.
Тақырыпқа тікелей қатысты құжаттық жинақтарды атап айтқанда, “Тегеран- Ялта-
Потсдам”-атты құжаттар жинағында[1] осы үш маңызды конференцияның
басшылары, олардың басты мақсаттары, конференцияның барысы және II
дүниежүзілік соғыс кезіндегі АҚШ, Ұлыбритания және КСРО-ның саяси және
әскери бірлестігін нығайтуда осы үш конференцияның тарихтағы маңызы толық
қарастырылған, Ал, “Ялтинская конференция1945: Уроки истории”[2] және
“Хрестоматия по истории международных отношений”[3], “Советский союз и
Берлинский вопрос”[4]- атты құжаттық материалдарда конфренция барысынан түп-
нұсқа мәтіндері және стенограммалары толық дерлік баяндалған. Бұл
материалдардың құндылығын арттыра түседі.Сонымен қатар, әр конференция
материалдары жеке – жеке жинақ ретінде жарық көрген “Тегеранская
конференция руководителей трех союзных держав СССР, США и
Великобритании”[5], “Крымская конференция трех союзных держав СССР, США и
Великобритании”[6], “Постдамская конференция трех союзных держав СССР, США
и Великобритании”[7] – деген құжаттарда әр конференцияның жеке-жеке басты
мәселелері толық қамтылған.Сонымен қатар, “Хрестоматия по истории Новейшей
истории”[8], “Переписка Председателя Совета министром СССР, США и премьер-
министром Великобритании во время Великой Отачественной войны (1941-
1945гг)”[9] сияқты көптеген құжаттық деректерде I дүниежүзілік соғыс
қорытындылары жөніндегі материалдар жиналған. Автор, “Советско-англ.
отношения во время ВОВ (1941-1945гг)”[10], “Советско – германские отношения
во время ВОВ”[11], “Советский союз на международных конференциях периода
ВОВ (1941-1945гг)”[12] атты кеңестік деректер жинағын қолданды. Бұл
деректерде II дүниежүзілік соғыс кезіндегі кеңестік- герман, кеңестік-
ағылшын қарым- қатынастары және II дүниежүзілік соғыс кезіндегі Кеңес
Одағының халықаралық конференциялардағы ролі толықтай дерлік қарастырылған.
Тарихнамалық шолу:
Автор курс жұмысын жазу барысында, тақырыпқа қатысты арнайы зерттеу
еңбектер, монографиялар және оқулықтарды пайдаланды. Әсіресе, У.
Черчилльдің “Вторая мировая война ”[13] атты белгілі еңбегінде жалпы II
дүниежүзілік соғыс туралы, сол кездегі кеңес- британ қарым – қатынастары,
У. Черчилльдің КСРО- ның сол кездегі басшыларымен кездесулері мен
әңгімелері, II майданның ашылуы, ағылшын көзқарасынан антигитлерлік
коалицияның одақтастарының Тегерандағы, Ялтадағы, Потсдамдағы
конференциялары жөнінде баяндалған. Сонымен қатар, Н.Майскийдің[14],
С.Н.Висков және В.Д. Кульбаниннің[15] еңбектерінде 1941-1945 жылдардағы
одақтастар, олардың бағыттарын, ұсыныстарын, әсіресе Герман мәселесіне көп
тоқталған. Сондай-ақ, Н.С. Лютовтың және А.М. Носковтың[16],
В.М.Бережковтың “ Путь в Потсдам”[17], “На конференции Большой тройки и в
кулуарах”[18] атты еңбектерде конференция одақтастарының коалициялық өзара
әсері, Потсдамдағы конференцияның басты бағыттары және Үштік конференция
туралы қарастырылған. Пайдаланған оқулықтардың қатарына “История
дипломатии”[19], “История международных отношений внешней политики
СССР”[20], “История международных отношений внешней политики”[21] атты
оқулықтарды жатқызуға болады. Оларда II дүниежүзілік соғыс кезіндегі осы үш
ұлы державаның халықаралық қатынастардағы орнын, КСРО- ның сыртқы
саясаттағы халықаралық қатынасының тарихы толықтай баяндалған. Жанама
әдебиеттер ретінде В.П.Исраэлянның “Дипломатия в годы второй мировой
войны(1941-1945гг)”[22], Н.Н. Земковтың “Дипломатическая история второго
фронта в Европе”[23] еңбектері пайдаланылды. Бұл еңбектерде соғыс
жылдарындағы мемлекеттердегі дипломатия, әсіресе Европадағы II майданның
дипломатиялық тарихы екінші еңбекте қарастырылған. Автор сонымен қатар,
оқулықтар мен зерттеулерге қоса мерзімдік басылымдардағы мақалаларға
тоқталды. Оларға, А.Ю, Борисовтың[24], С.Тихвинскийдің[25], П.П.
Севостьяновтың[26] өте құнды ғылыми мақалаларын жатқызуға болады.Бұл
мақалаларда Қырым және Потсдам конференцияларының 40- жылдығы туралы, және
соғыстан саяси жағдай жөнінде жазылған. Сөйтіп, жоғарыда аталған деректер
мен зерттеулер, оқулықтар, мақалалардың негізінде ғылыми жұмыстың базалық
құрылымы жасалды.
1.1 Тегеран конференциясы және неміс мәселесіне қатысты АҚШ және
Ұлыбританияның ұстанымы
1943 жылы 28 қарашадан – 1 желтоқсанға дейін үш мемлекет : АҚШ, КСРО,
Ұлыбритания үкімет басшылары Ф.Д. Рузвельт, В.И. Сталин, У.Черчилль
Тегеранда бас қосты. Одақтас елдер басшыларының бірінші кездесуінде
дипломатия кеңесшілері мен әскери штабтың өкілдері де қатысты. Күн
тәртібінде соғыстың барысы және соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері
талқыланды. Одақтас елдердің гитлершіл Германияға қарсы соғыс қимылдарын
бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран конференциясының басты мәселесі
болды. Көптеген тарихшылар Тегеранды антигитларлік коалицияның ең шыны деп
санады.Бірақ, бұл жолға келу оңай болған жоқ. Англия мен АҚШ билеуші
топтары Гитлердің КСРО- ға шабуыл жасаған сәтінен бастап енжарлық көрсетті
және сол кездегі КСРО мен әскери ынтымақ жасауға құлшына қоймады. Кеңес
үкіметі ең қысқа мерзім ішінде батыс державаларымен одақтастық қарым –
қатынастар жасауға ұмтылып, мұны фашистік “ось” державаларына қарсы
ойдағыдай күрестің кепілін көріп отырған кезде, Лондон мен Вашингтон ортақ
жауға қарсы тек біріккен қимылға жағдайдың қысымымен ғана қосылып, өздеріне
алынған міндетті орындауды қалайда соза түсуге тырысып бақты.
Вашингтон саясаты, сайып келгенде, дүниежүзіне АҚШ-тың үстемдігін
орнатуға ұмтылу болса, Англияның билеуші топтарының көздеген мақсаты ең
алдымен британдық империяның дүниежүзілік позициясын сақтап қалуда еді.
Тіпті осының өзінде де, олардың мүдделерінде елеулі алшақтықтар болды. АҚШ
пен Англия өз мақсаттарына жетудегі басты кедергіні гитлерлік Германия мен
милитаристік Жапонияның саясатында деп білді. Олар осы қауіпті
бәсекелестерін шет еткенде ғана, өздерінің ықпал ету сферасын нығайтып,
кеңейте алатынына сенді. КСРО соғысқа кіріскеннен кейін Англия мен АҚШ осы
жанжал арқылы өздерінің жеке максатын көздеді. Сөйтіп, АҚШ КСРО-ның қолымен
Германия мен Жапонияны әлсіретуге тырысты, сонымен, Тегеранда қабылданған
келісімдер антигитлерлік коалицияның маңызын көрсетті. Бұған дейін АҚШ пен
Ұлыбритания Еуропада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін
орындамағандықтан, соғыстың негізгі ауыртпалығын Совет Одағы көтерді.
Екінші майдан ашу мәселесіне келсек. 1942 жылдың көктемінде Ла-Манштың ең
енсіз жерінен кесіп өту арқылы және Сена сағасының шығысындағы Кале мен
Гаврдың арасындағы француз жағалауына әскер түсіру, сөйтіп, солтүстік
Францияға басып кірудің американдық жоспары жасалды. Оверлорд деген
кодтық атпен аталған бұл жоспарды жүзеге асыру тек, 1943 жылдың көктеміне
белгіленді. 1942 жылы американ Бас штабы Следжхэммер деген шектеулі
операцияны қарастырды, оның үстіне бұл төмендегідей жағдайларда жүзеге
асырылуы тиіс болды.
1. Орыс майданындағы жағдай өте ауыр болғанда, яғни Германия қаруының
табысы артық болып, орыстардың қарсылығына сөзсіз күйреу қаупі төнгенде
ғана ортақ.
2. Батыс Европада немістердің жағдайы өте төмен болғанда. Міне, Тегеран
конференциясының осындай алғышарттарға негізделгенін көреміз, сөйтіп,
ыңғайлы тактика жеңіп шықты. 1942 жылы Совет герман майданында кескілескен
ұрыстар жүріп жатқан кезде Лондон мен Вашингтонда Батыс одақтастарға Екінші
майдан ашу қашан тиімді болатындығы қызу талқыланып жатты.
1942 жылы жазда болған Лондондағы ағылшын-совет келіссөзі кезінде
Совет үкіметі Батыс Европаға басып кіруді тездету қажеттігі туралы мәселені
тағы да қойды. АҚШ президенті Ф. Рузвельт бұл мәселені қолдады.
1942 жылы 12 маусымда қол қойылған ағылшын-совет мазмұндамасында
Вашингтонда бұрын келісілгендей 1942 жылы Еуропада екінші майданды құрудың
кезек күттірмейтін міндеттері жайында толық келісімге қол жетті деген
тұжырым қайталанды. Черчилль екінші майданды Балқан түбегі арқылы жүргізуді
жақтады. Ол ағылшын және американ қарулы күштерін Совет армиясынан
бұрынырақ оңтүстік- шығыс және орталық Еуропаға жайғастырып, Еуропа
халықтарын билеуді көздеді. Тегеран конференциясының 28 қарашадағы жалпы
мәжілісінде Түркияны одақтастар жағында соғысқа итермелеу жөнінде
У.Черчилль мәселе көтерді. Британ премьерінің пікірі бойынша Түркияның
соғысқа кіруі Дарданелл және Босфор арқылы қатынас жолын ашуға, сөйтіп
Кеңес Одағына Қара теңіз арқылы қарым- қатынас жолын ашып, жабдықтарды
жіберуге мумкіндік туады деп сендірді.
1.2 Неміс мәселесіне қатысты КСРО- ның ұстанымы
1943 жылдың 1 желтоқсанында “Тегеран конференциясының әскери шешімі”
атты документке үш держава басшылары қол қояды. Мұнда, конференция
“Оверлорд” жоспарының мамыр айында жүзеге асырылатыны жайында
талқыланды.Өзінің одақтастарына көмек ретінде Кеңес Одағы Шығыс фронтқа
үлкен қысым көрсетіп, Европада II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін,
Жапонияға соғыс ашатындығын жариялады.
Сонымен қатар, II дүниежүзілік соғыс аяқталғанша Турцияға антигитлерлік
коалиция жағына өту дұрыс деп, санады Кеңес Одағы.
Конференция Сталиннің, егер де соғыс кезінде Турция Геманияның одақтасы
болса, және соның нәтижесінде Болгария Турцияға соғыс ашып немесе оған
шабуыл жасаса, онда Кеңес Одағы бірден Болгарияға соғыс жариялайды деген
ұсынысын қабылдады.
Тегеран конференциясының бірінші жалпы мәжілісінде Европада екінші
майданды ашу туралы мәселе қойылды. Тегеран конференциясында Британ
премьері У.Черчилль мен АҚШ президентінің біріккен штабы “Оверлорд”
операциясы 1944 жылғы мамыр айында белгіленді деп жарияланды. Ол оңтүстік
Франциядағы десанттың көмегімен жүргізілмек, бұл қосалқы операцияның күші
сол кездегі қолда болатын десанттық құралдардың мөлшеріне байланысты болады
деп шешілді. Ал, Англия тек десанттық операциялар басталғанға дейін КСРО
немістерге күшті соққы әзірлейтінін мәлімдеді. Ағылшындар мен американдар
берген уәде созыла түсіп, “Оверлорд” операциясы мамырда емес, 1944 жылы 6
маусымда басталды. Гитлершілерді батысқа қарай үсті-үстіне тықсыра түсіп,
Германияның территориясына жақындаған совет әскерлерінің ойдағыдай қимылы
болмаса, мұны бұдан да гөрі ұзақ мерзімді кешеуілдетуге тура келер еді.
Ағылшындар мен американдықтар кешігіп қалудан қорқып, ақыры басып кіруге
мәжбүр болды. ”Оверлорд” туралы мәселе шешілгеннен кейін конференцияға
қатысушылар қол қойған келісімді қатаң құпия сақтау проблемасына едәуір
көңіл бөле бастады. Сонымен бірге екінші майданды ашуға керекті
стратегиялық және тактикалық жоспары жасалып, 5-8 мыңға дейін танкілер, екі
мың самолет макеттері жасалып, жалған аэродомдар жасалу ұсынылып, Тегеранда
қабылданған шешімдерді білетін адамдар тобы шектеулі болуы, хабар-ошардың
шетке шығып кету мумкіндігін болдырмауды көздеген қосымша шаралар
белгіленді. Осыған қарамастан, Тегеран конференциясының аса маңызды
шешімдерін жаудан құпия сақтау қолдан келмеді.
Мәселерді шешу барысында Рузвельт Германияны 5 автономды мемлекетке, ал
Черчилль – 2 мемлекетке бөлуді ұсынды. Бірақ, бұл ұсынысты Кеңес Одағы
қолдамағандықтан, конференциф ешқандай шешімді қабылдаған жоқ. Еуропада
екнші майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі Совет делегациясының
ұсынысы бойынша жетілдірілді. В.И. Сталин екінші майданды Франция
территориясынан ашудың дұрыстығын дәлелдеді. 1945 жылы 23 ақпанда Түркия
Германияға және Жапонияға соғыс жариялайды.Бұл кезде Болгария, Румыния,
Югославия азат етіліп, майдан түрік шекараларынан мың километрге қашықтап
кеткен болатын. АҚШ пен Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Кеңес Одағы
Еуропадағы соғыс бітісімен империалистік Жапонияға қарсы соғысатынын
білдірді. Рузвельт Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу
туралы мәселе көтерді. У.Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия
және оңтүстік Германияның кейбір аудандарын қамтитын “Дунай федерациясын ”
құру жөніндегі жоспарды қолдады. КСРО өкілдері бұл ұсыныстарды сынап, неміс
халқының мүддесіне қайшы келетін Германияны бөлшектеу мәселесін
қабылдатпады. Тегеран конференциясы Иранның тәуелсіздігін, суверенитетін
және территориялық тұтастығын сақтау керек екендігін ескертті. Германияны
бөлшектеуде бірінші Пруссияны қалған Германиядан оқшаулау, екіншісі
Германияның оңтүстік провинцияларын – Баварияны, Баденді, Вютембергті,
Палатинаны Саардан Саксонияға дейін бөліп тастау ұсынылды. Өз кезегінде
Сталин оны Дунай мемлекеттерінің құрудың қажеті жоқ, Венгрия мен Австрия
бір-бірінен бөлек өмір сүруге тиісті деп толықтырды.
Сондай-ақ, Тегеран конференциясында Польша мәселесі қаралды.Онда КСРО
мен Польша арасындағы 1939 жылғы шекараны қалдыру, яғни Германияның біраз
бөлігін Польшаға, ал Польшаның шекарасы шығыста “Керзон сызығымен”,
батысында Одер өзені бойымен өту жобаланды. В.И Сталин Украинаның жері
Украинаға, Белоруссияның жері Белоруссияға берілуі жөн екендігін Львов
проблемасын шешу жөніндегі жоспарын карта бойынша нақтылап көрсетіп,
дәлелдеп берді.
Сөйтіп, Тегеран конфренциясында Германия мемлекетімен арадағы соғысты
аяқтау үшін жүргізілетін соғыс қимылдары мен оның жерін бөлшектеу,
шекарасын белгілеу мәселелері талқыланды.
2.1 Қырым конференциясындағы нацистік Германияны
талқандау жоспары және қауіпсіздікті
сақтау мәселесі
1945 жылы 4-11 ақпанда өткен Ялта конференциясы II дүниежүзілік
соғыстың дипломатиясы тарихында маңызды орын алды. Бұл антигитлерлік
коалицияның үш ұлы державасы - КСРО (РФ), АҚШ, Англияның басшылары қатысқан
екінші кездесу еді. Тегеран конференциясы сияқты бұл конференция да түптеп
келгенде жеңісті ұйымдастыру ісінде де , әлемнің соғыстан кейінгі қайта
қүрылымы саласында да келісілген шешімдер жасауға ұмтылған тенденцияның
басымдығымен өтті.
Ялта кездесуінің қарсаңында АҚШ пен Англия да антигитлерлік коалицияға
катысушы басты үш мемлекет арасында уағдаласуға жол бермеуге тырысқан
күштер қызу әрекет жасап бақты. Қызыл армияның гитлершілдерге күйрете соққы
беруі, Совет әскерлерінің батысқа қарай шапшаң жылжуы , оның бірқатар шығыс
Еуропа мемлекеттерінің территорияларын азат етуі КСРО рөлінің нығаюы
өздерінің әлеуметтік жеңілдіктері мен империалистік пиғылдарына қауіп
төндіреді деп түсінгеп топтарды дүрліктірген еді. Олар Москва жөнінде
қатаң позиция ұстайтын кез келді деп санады.
40 жылдарғы қырғи қабақ соғыстың әйгілі идеологы Дж, Кеннон Ялтадағы
кездесуге қатысқан американдарға былай деп бағдарлама ұсынды:
1. Халықаралық үйым құрудың бірден-бір практикалық
нәтижесі орыстардың өршіп отырған және көкейге қонбайтын ықпал ету
өрісін қорғау, АҚШ-тың міндеті болғандықтан Біріккен Ұлттар
Ұйымын құру жоспарын мүмкіндігінше тезірек жою керек.
2. Американ халқына бейбітшілікті қауіпсіз ету біздің қарулы
күштерімізді қайдағы бір заң құжатында көзделген қандай да бір нақты
жағдайларға қолдану туралы сөзсіз міндеттеме алғанымызға байланысты деген
пікірдің жаңсақтығын түсіндіру қажет. Америка Құрама Штаттар
біздің қарулы күштерімізді қай жерде пайдалану керектігін
өздері шешетін құқығын сақтауға тиіс.
3. Америка Құрама Штаттар Германияны толық бөлісуді әбден шешілген іс
деп қарап, ағылшындармен және француздармен Германияның Батыс
аудандары кіретін Батыс Европа Федерациясын кұру туралы консультация
алмасуды бастауға тиіс деген шешімге келді. Шын мәнінде, бұл дүниежүзін
дұшпан екі лагерьге бөлу бағдарламасы еді. Президент Ф.Д.Рузвельт пен оның
жақын адамдары Дж.Кеннонның шақыруына кұлақ аспай,
ынтымақтастықты дамыту бағытын ұстанды.
4. Маршаллдың пайымдауынша, бүл операциялар одақтастар армиясының
Германияның өнеркәсіп объектілеріне жасайтын соққыларына
нұқсан келтірген жоқ.
5. Ақпанда пленарлық мәжілісті аша келіп, президент Ф.Д.Рузвельт
Германия проблемасын сөз еткенде , ең алдымен уақытша оккупациялау
аймақтары туралы мәселені қарау керек екенін айтты. Бірінші кезекте АҚШ пен
Англия Тегеран конференциясында ұсынған Германияны бөлшектеу туралы сөз
болып, Орталық Үкіметтің құрылуы жөнінде мәселе койылды. Ағылшын премьері
У.Черчилль Рейн алқабы мен Саар өнеркәсіп аудандары , Рур мәселесі
қозғалды. Бұдан кейін кеңеске қатысушылар репарация туралы мәселеге көшті.
Бұл қағидалар Германия заттай төлемді оның ұлттық байлығының шамамен 80
пайызын беру жолымен , немесе жыл сайын тауар түрінде берумен өтеуге тиіс
болды.[27] Репарациялардың мақсаты да Германияны қарусыздандыруға әкеп
соғуға тиіс болды. Сондықтан, мамандандырылған әскери кәсіпорындардан
100 пайыз алу керек делінді. Репарациялардың мерзімі 10 жылға белгіленіп ,
ағылшын - совет - американ бақылауымен жүргізілуге тиіс еді. Пікір алысу
қорытындысында, үш держава өкілдерінен штаб - пәтері Мәскеуде болатын
Репарациялык комиссия құру туралы уағдаластыққа қол жетті. Осыдан кейін
Сталин Репарациялық комиссия үшін негізгі басшылык бағыттарын жасауды
үсынды. Ол репарацияларды бөлгенде негізі принцип мынадай болу керек деген
пікір айтылды: Репарацияларды бірінші кезекте соғыстың негізгі ауыртпалығын
көтеріп, жауды жеңуді қамтамасыз еткен мемлекеттер алатын болды, яғни КСРО,
АҚШ, Англия. Төлемді тек орыстар ғана емес, сондай-ақ, американдар мен
ағылшындар да алуы керек және оның үстіне ең мүмкін мөлшерде алуы керек.
Егер Америка Құрама Штаттардың Германиядан машиналар немесе жұмыс күшін
алғысы келмесе , онда репарациялардың басқа формалары , оларға неғұрлым
қолайлы формалары, мәселен шикізат және т.б. табылуы мүмкін. Қайткен күнде
де репарацияларды жауды жеңу ісіне неғұрлым зор үлес қосқандар алатыны
айқын белгіленуі тиіс деген пікірді В.И.Сталин ортаға салды. Ф.Д. Рузвельт
пен У.Черчилль бүл пікірлермен келісті. Ялта конференциясының 6 ақпанда
болып өткен пленарлық мәжілісі жаңа Халықаралық Қауіпсіздік ұйымы уставының
жобасы жасалған Думбаржан- Окстағы конференциядан кейін шешілмей қалған
мәселелерді талқылаудан басталды. Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру ережесі
келісілмей қалды. Бүл конференцияға Сыртқы Істер Министрлері , штаб
бастықтары, т.б. қатысты. II Дүниежүзілік соғыс тарихында Қырым
конференциясының маңызы өте зор. Біріншіден, конференцияда гитлершіл
Германияны талқандап, сөзсіз тізе бүктіру мақсатына байланысты одақтас үш
державаның соғыс жоспарлары өзара келісілді. Екіншіден , конференцияда
Одақтас державалар соғыстан кейін мызғымас бейбітшілік пен халықаралық
қауіпсіздік орнату принциптерін іске асыру саясатын бірауыздан қабылдады.
1945 жылы 13 ақпанда В.И. Сталин, Ф. Д. Рузвельт, У, Черчилль кол
қойған Қырым конференциясының коммуникесі жарияланды. [28]Мүнда тізе бүккен
Германияда одақтас үш держава қарулы күштерінің ерекше аймақтарын құру,
оған орталық бақылау комиссиясы арқылы басшылық ету белгіленді, Үш
державаның басшылары герман милитаризмі мен нацизмді жою, герман қарулы
күштерін таратып, герман ауыр өндірісін бақылауға туралы мәлімдеді.
Конференция тізе бүккен Германия өзінің басқыншылық
соғыстары арқылы басқа елдерге келтірген зиянын өтеуге әділетті деп тауып,
арнаулы комиссия құруды белгіледі. Германия мәселесімен қоса, Қырым
конференциясына қатысушылар, басқа одақтас державалармен бірге бейбітшілік
пен қауіпсіздікті сақтау үшін Біріккен Ұлттар Үйымын құру, 1945 жылы 25
көкекте (сәуір) Сан - Францискода Біріккен Ұлттар конференциясын шақыруды
ұйғарды. Қырым конференциясында Одақтас үш державаның басшылары қабылдаған
"Азат етілген Европа туралы декларацияда" Европадағы нацистік Германия және
оның езгісінен босатылған халықтарға саяси жэне экономикалық күрделі көмек
беру туралы келісілді.
Алайда осы жалпы қағидалар шеңберінде Ялта кездесуіне қатыскан
үшеуінің әрқайсысының өзіне тән басты мәселелері болды. Черчилль ең алдымен
Британ империясының тағдырын ойлады. Ал Сталин болса, біз ең кемінде алдағы
50 жылға бейбітшілікті қамтамасыз етуіміз керек деп, көздеді. Халықаралық
қауіпсіздік үйымының болашақ уставы туралы мұнша маңызды болып отырғаны да
сондықтан. Болашақта басты үш державаның аралары алшақтап кетпеуі үшін
мүмкіндігінше көп тоскауылдар жасау керек. Мәселенің бұлайша терең де
принципті қойылуы болашакқа шын жаны ашығандық еді. Халықаралық қауіпсіздік
үйымының болашақ ұрпақтар үшін бейбітшілікті сақтау мүмкіндігін қамтамасыз
ететін механизмін жасау керек болды. Ол кезде он жыл туралы айтылған еді,
бірақ Сталин 8 жыл, ал Ялта кездесуінен кейін толық емес алты апта өткен
соң Рузвелы қайтыс бодды, ал оның ізбасарлары АҚШ - тың бағытын егесу жэне
Совет одағына қарсы соғысқа әзірлену жағына қарай бұрып жіберді. Бүл кезде
үкімет басынан кетіп қалса да, мүндай инициаторларының бірі Черчилль болып
шыкты. Мүның бәрі Гитлерлік Германия мен милитаристік Жапонияға қарсы соғыс
қимылдары аяқталған соң , кеп кешікпей басталған еді.
Поляк проблемасын талқылау Ялта конференциясының 6-шы ақпанындағы
пленарлық мәжілісінде басталды. Бірінші болып сөз алған Рузвельт, Польшаның
шығыс шекарасын Керзон линиясының бойымен жүргізуді жақтаған пікір айтты,
бірақ бұған қоса осы линияның оңтүстік учаскесінде поляктарға жеңілдік
жасау туралы мәселені қарастыру жөн деп жариялады.
Қырым конференциясының шешімдері соғыстың соңғы кезінде антифашистік
коалицияның нығаюына және Гитлерлік Германияны жеңуге көмектесті. 1945 жылы
ақпан - наурызда Қызыл армияның басты күш жігері Берлин бағытында шешуші
соққы жасауды тездетуге жұмылдырылды. Осы мақсатпен Совет әскерлері шығыс
Померания , төменгі және жоғарғы Силезия, Шығыс Пруссия территорияларында
дұшпанның қанаттағы топтарын қарсы шабуыл операцияларын жүзеге асырып,
кострин мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz