Түркия Республикасының тоғызыншы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1-тарау. Түркия және тәуелсіз Қазақстан қарым-қатынастарының алғашқы кезеңі5
1. 1. Саяси және дипломатиялық қарым-қатынасы (1991-2000 жж) 5
1. 2 ХХІ ғасырдағы Қазақстан және Түркия қарым-қатынасы13
2-тарау. Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар15
2. 1 Экономикалық қарым-қатынасы15
2. 2 Мәдени қарым-қатынасы24
ҚОРЫТЫНДЫ33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР35
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Түркия қазіргі кезде 70 миллион халқы бар күшті демократиялық мемлекет болып табылады. Түрік халқы саяси-экономикалық, сонымен қатар технологиялық салада үлкен серпіліс жасаған ел.
1999 жылы Түркияның Ұлы Жиналысының залында АҚШ-тың сол кездегі президенті Б. Клинтон: “Америка да, Еуропа да сіздің тағдырыңызды шешпейді. Тек қана сіздер өзіңіз осы құқыққа иесіздер”, - деген еді. 250 жыл бойы Түркия Ресейдің тарапынан жаулап алынудан қорқып келді. Бұл қорқыныш әлі көптеген түріктердің санасында сақталып келеді.
Дегенмен, республикалық Түркия өзінің әлемдік аренадағы және аймақтағы орнын белгіледі, әрқашанда болашақты ойлай әрекет етіп келді және осылай жалғастырады да.
Ұсынылып отырылған “Қазақстан мен Түркияның дипломатиялық қарым-қатынасы” атты курстық жұмыс Түркия елінің қазіргі кезеңдегі әлемдегі орнын, даму процесіндегі түрлі проблемаларды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасымен байланысын толық қамтып, екі тарауға топтастырылған.
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың 1991-2001 жылдар аралығындағы Қазақстан мен Түркияның жан-жақты байланысы туралы мол мағлұмат беретін екі тарауының маңызы үлкен. Қазақстан үшін түбі бір, діні бір, дәстүрі бір Түркия Республикасымен жақындасуы ғасырлар бойы түркі халықтарының арманының жүзеге асқандығы.
Екі елдің арасындағы тығыз бауырластық қарым-қатынастың орнауы туралы елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз кезегінде:
“Қазақстан мен Түркияны байланыстыратын ортақ негіздер аз емес: географиялық жағынан екі ел Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде, этнографиялық тұрғыдан келсек - халықтардың шыққан тегі, тілі және мәдениеті тамырлас”, - деген еді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан бергі он бес жыл көлемінде ел өмірінде жүргізген қайта құрулардың арқасында еуропалық даму үрдісіне сай державалардың біріне айналған Түркияның халықаралық аренада алатын орны мен даму тәжірибесінің Қазақстан мемлекеті үшін маңыздылығы ерекше. Соғыс жылдары “Маршалл жоспары” мен “Трумэн доктринасын” қабылдаған Түркия 1952 жылы Түркия НАТО-ға мүшелікке енді. Түркияның экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салалардағы көмегі Қазақстан мемлекетіне қолдау, қуат берері сөзсіз.
Тегі бір екі елдің қарым-қатынасының қалыптасу барысы, даму деңгейі Алдыңғы және Орта Азия аймағы мен халықаралық аренада алатын орны мен бейбіт қатынасты қамтамасыз етудегі ролі, аймақтық интеграцияны жүзеге асырудағы белсенділігі бүгінгі күні бұл мәселелердің өзектілігін айқындайды.
Бәрімізге жақсы белгілі, 1991 жылы желтоқсан айының 16-сы күні өз тәуелсіздігімізді жарияласымен-ақ, бар жоғы 30 минуттан кейін Түркия Республикасы бірінші болып әлемге жар салып Қазақстанның егемендігін таныды. Осының салдарынан елімізде тұңғыш өз елшілігін ашқан ел де Түркия болып табылды, әрі Қазақстан да өзінің шет елдердегі алғашқы елшілігін Түркия мемлекетінде ашты.
Бүгінгі күні Түркия мемлекетінің саяси қолдауы мен экономикалық көмегі, мәдени саладағы ынтымақтастығы нарықтық экономиканы құру бағытында дамып келе жатқан еліміз үшін үлкен әсерін тигізері сөзсіз.
Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясатының әр түрлі мәселелерін зерттеу, оның халықаралық ұйымдар шеңберінде шетел мемлекеттерімен жан-жақты ынтымақтастығын, соның ішінде түбі бір Түркия мемлекетімен қарым-қатынасының дамуының негізгі тенденцияларына талдау жасау ғылыми жағынан да, саяси көзқарас тұрғысынан да өзекті мәселе.
Зерттеу пәні. Жұмысты жазу барысында Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастың қалыптасып, даму деңгейін үш сфераға бөліп қарастыру негізге алынды:
- Саяси байланыстар.
- Экономикалық қатынастар.
- Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық.
Курстық жұмыста қолданылған зерттеу әдістері:
- Түркия мен Қазақстан екі жақты қарым-қатынастың саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда дамып өрбуінің деңгейін, факторлық сипатын, нәтижесін болашағын анықтаудағы саралау, талдау әдісі. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстар Қазақстанның экономика министрлігі шетелдік инвестициялар жөніндегі Ұлттық агентство мен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Түрік агенттігі (ТИКА) арасындағы қарым-қатынастар мысалында ашылған. Ал, Қазақстан мен Түркия мәдени байланыстары түрік тілдес елдер мәдениет министрлерінің Кеңесі - ТҮРІКСОЙ қызметі арқылы көрсетілген. Екі мемлекет арасындағы оқу саласы мен ғылыми байланыстар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығы бойынша ашылған “Халықаралық қазақ-түрік университетінің” қызметі арқылы талданған.
- екі жақты байланыстардың халықаралық аренадағы орны мен аймақтық дәрежедегі әлемдік даму үрдісіне қосып отырған үлесін мәнділейтін салыстырмалық әдісі. Бұл әдіс Қазақстанның басқа елдерге қарағанда сыртқы саясатының ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.
- күнделікті баспасөз беттеріндегі материалдар негізінде Қазақстан Республикасының әрбір елмен қарым-қатынасының орнауы, дамуы және екі жақты қатынастағы жағымсыз жағдайлар тудыратын мәселелерді анықтап, мәнін ашуда бақылау, қадағалау әдісі.
- екі жақты қатынасты зерттеуде бір жағынан деректік негізі бар мемлекет қайраткерлерінің сөздерін, саяси баяндамаларды, келісімдердің мазмұнын саралауда контент-анализ әдісі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Курстық жұмыста еларалық саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың басқа да жарқын мысалдары келтірілген.
Курстық жұмыстың құрылымы : Курс жұмысы екі тараудан, бірнеше бөлімдерден, кіріспе мен қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген. Курстық жұмыстың беті - .
1-тарау. Түркия және тәуелсіз Қазақстан қарым-қатынастарының алғашқы кезеңі
1. 1. Саяси және дипломатиялық қарым-қатынасы (1991-2000 жж)
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде “бәрін де іс жүзінде тақыр жерден бастауға тура келді . . . Ең алдымен . . . елімізді сыртқы дүниенің тануына қол жеткізу қажет еді” деп атап көрсеткен болатын. Бұл өзінен өзі түсінікті еді. Себебі, Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жарияласымен-ақ дүние жүзіндегі басқа мемлекеттердің оны тәуелсіз мемлекет ретінде тануы ел тәуелсіздігінің баяндылығының басты белгілерінің бірінен саналады. Осыған байланысты біз ел есінде мәңгі сақталар сондай қуанышты сәттердің бірі ретінде 1991 жылы желтоқсан айының 16-сы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияласымен-ақ, араға бар жоғы 30 минут уақыт салып, қазақ халқымен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар Түрік елінің бірінші болып әлемге жар салып Қазақстанның егемендігін танығандығын мақтаныш сезімімен еске аламыз. Ол - ол ма, Қазақстанда өз елшілігін ашқан алғашқы ел де Түркия Республикасы болды. Қазақстан өзін егеменді ел ретінде жариялаған күннен бар-жоғы 4 ай өткенде, яғни 1992 жылдың сәуір айының 21 күні Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Аргун Өзпай ел басшысы Н. Ә. Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды. Ал, осы салтанатты сәттен бар-жоғы 26 күн өткенде, яғни 1992 жылдың мамыр айының 16-сы күні Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстанның шет елдердегі бірінші елшілігі Түркия Республикасында салтанатты жағдайда ашылды.
Басқа мемлекеттерге қарағанда тәуелсіздігін алған Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерімен Түркияның тез арада дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ұмтылуын тарихи заңдылық деп қарауға болады. Өйткені бұл халықтардың ата тегі, түбі, діні, әдет-ғұрпы, салт-санасы тарихтан белгілі. Сондықтан шыққан тегі бір бұл елдердің аймақтық дәрежеде жақындасуы ешкімнің алаңдауын туғызбайтындай заңды құбылыс.
Қазақстан мен Түркия тарихында тұңғыш рет 1991 жылы 14 наурызында екі ел жетекшілерінің арасында келіссөздер болып, 15 наурызда екі жақты “Қазақ Советтік Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Келісімге” қол қойылды.
Осы келісім кезінде Қазақ КСР Сыртқы Істер министрі А. Х. Арыстанбекова мен Түрік Республикасының Сыртқы Істер министрі А. Куртджебе Альптемович арасындағы екі министрліктің өзара консультация жасауы туралы протоколға қол қойылды. Сыртқы Істер министрлігі құрылғалы мұндай протоколға бірінші рет қол қойылғанын атап өткен дұрыс.
Екі елдің халықаралық дәрежеде жақындастыратын себептердің алғашқысы - саяси мәселелер ауқымы. Түркия тек Қазақстанға ғана емес, егемендігін алған түрік республикаларымен тығыз саяси және экономикалық байланыстар орнатуды көздейді, бұл аймақта Ресейге қарсы өз ықпалын күшейткісі келеді. Түркия мен түрік республикалары арасындағы қалыптасып келе жатқан нақты байланыстарды бір жағынан АҚШ пен Еуропа елдері қолдаса, екінші жағынан оларды алаңдатып отыр. Себебі, бұдан олар Түркияның империялық көзқарасын және пантүрксизмнің жандануын көреді.
Бұған қарсы Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 1994 жылғы қазан айындағы кездесуінде сөйлеген сөзінде: “ Біз түрік тілдес мемлекеттер бас қосудағы мақсатымыз - басқа елдерге қауіп төндіру емес, қайта бейбіт қарым - қатынасты нығайтуға бағытталған еді ” - деп атап көрсетті.
Екіншісі, нарықтық қатынастарға өту жолын таңдаған Қазақстан басшылығы сонымен бір кезде республика экономикасын тұрақтандыру мен дамыту шараларының жүйесін жасап, экономикалық реформалардың түріктік тәжірибесін мұқият зерттеу нәтижесінде Қазақстан экономикасына енгізді.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге қарағанда аймақтық беделінің ерекше екендігі. Еліміздің Еуроазиядағы геосаяси жағдайы, Қазақстан үкіметінің халықаралық және сыртқы саясаттағы белсенді қадамдары Қазақстанның үлкен болашағы бар мемлекет екендігін аңғартады.
Төртіншіден, түрік кәсіпкерлері мен бизнесмендерінің Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделілігі арта түсіп отыруының өзі басқалармен салыстырғанда республикада саяси жағдайдың анағұрлым тұрақтылығының, табиғи ресурстардың мол шоғырлануының нәтижесі деп бағалауымыз керек.
Бесіншіден, Түрік республикасы өндірісі, ғылымы мен мәдениеті жоғары дамыған іргелі ел. Демек, экономикасының өсіп-өркендеуі Түркияны да өз өнімдерін өткізер жаңа өрістер іздеуге мүдделі етіп отыр. Бұл орайда, Қазақстан мен Орта Азия республикалары, таптырмас әріптестер десек, біз үшін олардан үйренер нәрсе де аз емес.
Алтыншыдан, Қазақстанның Каспий бассейні көмірсутегі шикізатына бай. Ашық теңізге тікелей шыға алмауына байланысты Түркия Қазақстан мұнайын өз территориясы арқылы тасымалдауды ұсынып отыр. Әсіресе Каспий аймағында орналасқан Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Ресей және Иран мемлекеттері арасында Каспийдің мәртебесін айқындау бағытында бүгінгі күні халықаралық дәрежеде саяси сипат алып отыр. Қазақстан мұнайын өндіру және оны әлемдік рынокқа шығару мәселесі тек қана Түркия емес, сонымен қатар АҚШ-тың, Батыс Еуропа мен Азия елдерінің назарын аударып отыр. Зерттеуші ғалымдардың есебі бойынша Қазақстанның Каспийй аймағындағы мұнай қоры - 8 млрд. Тонна, газ қоры - 5 тран. куб/м. Мұнайдың қоры негізінен Ембі мен Маңғыстау аймағында шоғырланған. Бұл жердегі Теңіз және Қарашығанақ қорлары ең ірі мұнай және газ кен орындары.
1980 жылы Иран мен Ирак мемлекеттері арасында Шат-Эль-Араб өзені маңындағы территория үшін соғыс басталды. Себебі, біріншіден, бұл жерде Ирак мемлекетінің 35% мұнай қоры, Иран мемлекетінің 90% мұнай қоры шоғырланған еді. Екіншіден, бүкіләлемдік мұнай экспортының 40% өтетін Парсы шығанағына үстемдікке ұмтылу еді.
Бұл соғыс Түркияның экономикасына ауыр тиді. Өйткені, бұл кезде Иран мен Араб елдерінен келетін мұнайға Түркия мемлекеті тәуелді болатын.
Соғыс аяқталғаннан кейін, екі жылдан соң 1990 жылы күзде Ирак Кувейтті (Таяу Шығыстағы мемлекет) басып алды. Салдарынан Оңтүстік Түркиядан өтетін ұзындығы 968 км. Құбыр желісі жауып тасталды да, Түркия Ирактан келетін мұнай шикізатынан айырылды. Мұның өзі түрік экономикасында дағдарыс туғызды. Түркия өз жерінде жылына 3 - 4 млн. тонна мұнай өндіреді. Ал жалпы эконмиканы дамытуға жылына 20 млн. тонна мұнай қажет етеді. Газдың кен орны мүлде жоқ. Мамандардың айтуынша 1991 - 1994 жылдары Түркия 70 млрд. доллар пайдасын жоғалтқан.
Міне, осындай жағдайда Түркия Каспий аймағы мұнайының өз территориясы арқылы тасымалдануына мүдделі болып отыр. Түркияның бұл саясатын АҚШ қолдауда, себебі ол Иракты бұл мәселеден толықтай алыстатуға тырысса, екінші жағынан Ресейдің геосаяси ықпалын азайтуды көздеп отыр.
Қазақ-түрік қатынастарын кеңейту мен нығайтудағы түбірлі бетбұрыстар Түркия Республикасының Президенті Т. Өзалдың белсенді қызметімен тікелей байланысты. 1991 жылдың наурыз айында оның Қазақстанға тұңғыш сапары болды. Осы сапардың барысында Қазақ Советтік Социалистік Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы экономикалық, мәдени қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі келісім шартқа қол қойылды. Бұл келісімшарт - Қазақстанның халықаралық аренаға шығуының бастамасы болды. Азия құрлығын көктей өтетін Ұлы Жібек жолының негізінде салынар ТрансАзия темір жолының болашақта Қазақстанды Түркиямен байланыстыратыны, сөйтіп екі ел арасындағы дәнекерді бекіте түсетіні айрықша айтылды.
1991 жылдың қыркүйек айында Н. Ә. Назарбаев бастаған Қазақстан делегациясы Түркияға ресми сапары басталды. Мұның өзі туыстас екі халықтың араларын одан әрі жақындастыра түсуге қызмет ете отырып, Қазақстан Республикасын дүниежүзілік экономикалық қоғамдастыққа енгізудің, экономикаға шетел инвестициясын, осы заманғы технологиялары мен техникалық құрал-жабдықтарын, шетелдік басқару және ұйымдастыру тәжірибелеріне тартудың маңызы атап өтілді. Сапар барысында ынтымақтастық бағыттар бойынша бірқатар ресми құжаттар қабылданды. Ең алдымен, Қазақстан мен Түркия арасындағы арақатынастардың принциптері мен мақсаттары жөнінде Декларацияға қол қойылды. Бұл маңызды құжаттардың негізінде:
- Қазақстан экономикасын нарықтық арнаға көшіру кезінде Түркия техникалық көмек көрсетеді.
- Екі ел арасында тікелей транспорт қатынастарын орнату үшін су (Волга - Дон каналы арқылы) Каспий және темір жол байланыстарын жолға қою, Алматы-Стамбұл арасында тұрақты әуе жолын ашу.
- екі ел арасындағы тікелей телекоммуникациялық байланысты қамтамасыз ету үшін алдағы жылдардағы Алматыда “Интелсат” ғарыш спутнигі арқылы байланыс жасайтын отыз телефон арнасы бар жерүсті станцияларын салу.
- мәдениет, өнер, білім, ғылым, спорт, хабарлар және туризм саласында қарым - қатынасты дамыту.
- жоғары оқу орындарының өзара байланысы негізінде кадрлар дайындау, мамандар, стажерлар алмасу және т. б. атқарылар ауқымды істер көзделген.
Сапар барысындағы кездесулерде, экономикалық және ғылыми техникалық ынтымақтастық жайында Шарт жасасты, сауда экономикалық байланыс саласындағы ынтымақтастық ниетіне бірнеше ондаған протоколдарға және өзара шарттар жайындағы Меморандумға қол қойылды. Сонымен бірге, Пекин - Алматы - Тегеран - Стамбұл трансазияттық теміржол қатынасын ашуға байланысты мәселелер өзінің шешімін тапты. Болашақта оны іске қосу әлемдік жүк тасымалы үлгісін өзгертіп, Қазақстанды Таяу Шығыс елдері мен Азия-Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын болады деп мәлімдеді.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайта беру мақсатында Түрік Республикасы сыртқы экономикалық байланыс ұйымы мен Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық байланыс министрлігі арасында қазақ-түрік Іскерлік Кеңесін құру жөніндегі протоколға қол қою туралы шешім қабылданған еді. Осы шешімнің нәтижесінде 1992 жылы ақпан айында қазақ-түрік Іскерлік Кеңесі құрылды. Кеңестің президенті болып - Түркиядағы Ататүрік атындағы жоғары мәртебелі, Тіл, мәдениет, тарих қоғамының мүшесі болған М. Жолдасбеков сайланды.
1992 жылы наурыздың 2 жұлдызында Алматыға Түркия Республикасының Сыртқы Істер министрі Х. Четин бастаған үкімет делегациясы келді. Сұхбат барысында екі жақ мемлекетаралық байланыстардың дамуы жанданып келе жатқанын атап өтті. Бұл Қазақстан мен Түркияның тек тіл, мәдениет, әдет - ғұрып ғана емес, сонымен қатар, саяси жағынан да жақындасуы еді. Түркия бірінші болып Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды, көптеген салаларда кең байланыстарға қадам жасалды. Болып өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркияның Сыртқы Істер министрлігі елшіліктері деңгейінде дипломатиялық қатынастар орнатылатындығы жөнінде протоколға қол қойды. Екі ел арасында азаматтардың визасыз қатынау режиміне келісілді.
1992 жылдың сәуір айының аяғында Премьер - министр С. Демирел бастаған Түркия үкімет делегациясының Қазақстанға ресми сапары басталды.
Түркия Премьер - министрінің бұл сапары - деп атап көрсетті Н. Ә. Назарбаев - әртүрлі саладағы екі жақты ынтымақтастықтың табиғи жалғасы болып табылады. Кездесуде өзара қазақ - түрік ынтымақтастығын тереңдету мәселелері бойынша пікір алысылды. Екі жақтың Қазақстанда табиғи шикізат пен ауылшаруашылық өнімдерін ұқсататын осы заманғы технологияларды бірлесіп игеруге, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар құруға, кадрлар даярлауға, мәдени байланыстарды кеңейтуге деген мүдделілігі атап өтілді. С. Демирел Түркия үкіметі Қазақстанға 200 млн. доллар көлемінде несие беретіндігін мәлімдеп мұнай барлау, қазіргі кеме жасауды қолға алудың жобаларын бірлесіп жүзеге асыруды ұсынды. Ол Қазақстанды шағын бизнесті дамытуға, нарық экономикасы қажет ететін маман кадрларды дайындауда қол ұшын беретіндігін айтты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар біріккен қазақ-түрік құжаттары қабылданды. Өзара жәрдем және инвестицияларды қорғау туралы келісімге қол қойды. Олардың ішіндегі тарихи және мәдени тығыз байланыстары бар Қазақстан, Түркия және Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы Кеңестердің маңыздылығы көрсетілген біріккен Коммюнике болды.
Түрік жағы техникалық, орта және жоғары білім саласында Қазақстан жастарын Түркияда оқыту үшін 1992-93 оқу жылында 2 мың стипендия бөлмек ниеті туралы хабардар етті. Білім беру, ғылым, мәдениет пен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Ахмет Йассауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетіне қазақ - түрік халықаралық университеті мәртебесін беру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Осы сапарда 16 мамырда Алматыда салтанатты түрде Түркия Республикасының Елшілігінің ашылуы екі жақты байланысты, ынтымақтастықты дамытудың нақты кепілдігі болды.
1992 жылы 29 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі салтанатты түрде ашылды. Бұл шараға Н. Ә. Назарбаевпен бірге Түркияның Президенті Т. Өзал, сондай-ақ Премьер - министрі С. Демирел қатысты.
Осы жылдың 31 қазанында Анкарада Түркия және түрік тілдес мемлекеттері басшыларының 2 күндік кеңесі болып өтті. Түркияның, Әзербайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Түркіменстанның және Өзбекстанның Президенттері “Анкара декларациясына” қол қойды. Мұнда олар өздерінің “екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты дамыту” ниеттері туралы мәлімдеді. Түрік тілдес мемлекеттердің бірінші саммитінде бұл елдер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының түрлі салаларында ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге уағдаласты.
1991-92 жылдар ішінде Қазақстан мен Түркия екі ел үшін де өмірлік маңызы зор көптеген келісім құжаттарына қол қойылды. Саяси ынтымақтастық саласында: Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара қарым - қатынас принциптері мен мақсаттары туралы Декларация, екі елдің Сыртқы Істер министрліктері арасындағы кеңестер туралы Протокол, парламентаралық байланыстарды дамыту, Ішкі Істер министрліктері арасындағы келісімдер.
Экономикалық салада: шағын және орта бизнесті дамыту, инвестицияға өзара ықпал етуге және оны қорғау, Түркияның Қазақстанға несие беруі, мамандарды қайта даярлаудан өткізу жөніндегі ниеттестік протоколы, телекоммуникация және телефондандыру саласындағы ынтымақтастық, әуе жолы қатынастары және автокөлік салаларындағы келісім.
Мәдени - имандылық қарым - қатынас саласында: білім беру, денсаулық сақтау, ғылымды, мәдениет пен спортты дамыту жөніндегі келісім; Қазақ мемлекеттік телерадиокомпаниясы мен Түрік теледидары мен радиосы арасындағы ынтымақтастық туралы Протокол, тағы басқа ғылыми, мәдени, қоғамдық ұйымдар, жеке телекомпаниялар арасындағы келісімдер дүниеге келді.
1991 жылы екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі 80 миллион сомға жуық болды. Түркияға тауар шығару 15 есе өсті. 1992 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі АҚШ - тың 8 миллион долларына жетті. Дүние жүзіндегі елдермен алыс - беріс жасауда Түркия мен Қазақстан көш бастады. Мыңдаған қазақ жастары Түркия университеттерінде, колледждерінде, медреселерінде дәріс алды.
1993 жылы 9-11 сәуір айының басында Қазақстанға Түркия Президенті Т. Өзал арнайы сапармен келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz