Көтерілістің штабы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

1. Ұлы Қазан революциясының шығу себептері.

1. 1. Қарулы көтерілісті дайындау.

2. Негізгі бөлім

2. 1. Ұлы Қазан революциясының жеңіп шығуы.

2. 2. Революциясының жеңу себептері.

2. 3. Революциясының халықаралық маңызы.

Қорытынды

Кіріспе

Монархияның ауыр мұрасы, төніп келе жатқан ашаршылық пен күйзеліс, уақытша өкіметтің халықтарға бітім, шаруаларға - жер, жұмысшыларға - фабрикалар, ал аз ұлттарға теңдік, Ресей азаматтарына нақты кепілдікті құқықтар бере алмауы, ұсақ буржуазияшыл бұқара арасында анархиялық пиғылдардың өршуі - жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілгенін анықтап берді. Халық корниловшылдарды - контрреволюцияшыл соғысқұмарлар диктатурасы мен пролетариат диктатурасының бірін таңдауға тиіс болды. Қазан революциясы, В. И. Ленин атағанындай, Қазан төңкерісі осындай жағдайда жүзеге асырылды. Бейбітшілік, жер, бостандық ұлттың өзін - өзі билеуі сияқты жалпы адамзаттық мұраттарды негізге алуының революция тағдыры үшін зор маңызы болды. Жер мен бітім туралы тарихи декреттердің қабылдануы, Кеңес үкіметі ұлт саясатының миллиондаған адамдардың арман-тілегіне сай келген бағдарламасының жариялануы Қазан революциясының бүкіл ел көлемінде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рөл атқарды.

1. 1. Қарулы көтерілісті дайындау.

Бұқаралық қозғалыстың күшейіп отырғанын көптеген советтердің Корниловқа қарсы аттанғанын ескере келіп, В. И. Ленин жерлер меншевиктерге өкімет билігін советтердің қолына алуды ұсынды. Бірақ олар өкімет билігін советтерге бейбіт жолмен берудің ең соңғы бірден-бір мүмкіншілігін пайдаланудан бас тартты. Тауып отырған жағдайдан құтылудың бірден-бір амалы қарулы көтеріліс арқылы уақытша үкіметті құлату және пролетармат диктактурасын орнату болды. Корнилов бүлігін талқандау елдегі жағдайды өзгертті. Іс жүзінде буржуазия мен помещиктерде бүркемелеп, қорғап келген келісім жағдайлардың сырына жұмысшылар енді түсінді. Шаруалар, жерін бергісі келмейтін памещиктердің генералдарға арқа сүйейтінін білді. Майдандар солдаттрдың өздерін төртінші қыс окопта ұстамақ екеніне, буржузия мен памещиктер үкіметінің соғысты соза беретініне көздері жетті. Езілген ұлттардың еңбекшілеріне Корниловшылар жеңген күнде ұлттық езгінің жойылуына ешбір үміттенуге болмайтындығы айқын болды. Большевиктік идеялардың дұрыстығына халық бұқарасының басым көпшілігінің өз тәжірбиесінде көзі жетті. Бүкіл үкіметі билігі «советтерге берілсін» деген ұранды партия күн тәртібіне қойды. Енді бұл ұранның мәні - пролетармат диктатурасы орнату үшін буржуазияның үкіметке қарсы көтеріліс жасау болды. Елдің 250-ден астам советі бүкіл үкіметі билігі советтерге берілсін большевиктік ұранды жақтады. Ел басына жалпы ұлттық дағдарыс туды. Халық шаруашылығы құлдилап төмендеп кетті. Билеп-төстеуші таптар апатты тоқтата алмады. Қайта олар өздерінің саясаты арқылы апат болуы жеделдете түсті. Халық бұқарасы буржуазияның және оның құйыршықтарының қожалығына төзіп, ерекше ескіше өмір сүргісі келмеді. Халық күресінің барлық формаларының шиеленісуі дағдарыстың айқын айғағы болды. Жұмысшылар кәсіпорындарының әкімдерін жұмыстан тайдыра бастады, олардың директорларын қамауға алып, өндірісті өздері басқаруды қолға алды. Жұмысшы қозғалысы өкімет билігі жөніндегі проблеманы шешетін кезеңге жетті. Революцияның жетекшісі, гегемоны болған пролетариат күреске бүкіл халықты көтерді. Шаруалар қозғалысының сипаты да өзгерді. Шаруалар көтерілісі елдің еуропалық билігінің жартысынан көбін қамтыды. Бүкіл елде шаруалар қозғалысы көтеріліске ұласты. Корнилов көтерілісінен кейін армияда да күрестің жаңа формасы пайда болды. Солдаттар реакцияшыл командирлерді қуып, олардың орнына өздері сенетін жаңа командирлер сайлады. Солдаттар соғысты соза беруден бас тартты солдаттардың наразылығы көтеріліске айналу қаупін туғызды. Езілген ұлттар ішіндегі қозғалыстың сипаты өзгерді. Олардың күресі буржуазиялық ұйымдардың қарсылығына қарамастан, жалпы жұмысшы, шаруа қозғалысымен біртұтас майдан болып бірікті. Большевиктер партиясы Ресейдің барлық ұлттарының еңбекшілері арасында ғана жұмыс жүргізіп қойған жоқ, сонымен қатар Польшадан, Прибалтикадан келген арасында да, сондай-ақ неміс, венгр, поляк, чех, словак, хорват соғыс тұтқындарының арасында да жүргізді. Большевиктер олардың арасында коммунистік топтар құруға жәрдемдесті. Халықарлық жағдай да өзгерді. Өз елдеріндегі күшейіп келе жатқан революциялық қозғалыстан қауіптеніп, ағылшын және француз империалистері революцияға қарсы бірігіп күресу үшін Герман империалистерімен бітім туралы келіссөз жүргізуге әрекет жасады. Ресейдің үстем топтары Риганы немістерге берді, революцисын тұншықтұруға есесіне деп өзі буржуазияның патриотшыл еместігінің отан жөніндегі сатқындың рөлінің айқын көрінісі болды. Опасыз үкіметті құлатқанда ғана жүзеге асыртпауға болатын еді. Жалпы ұлттың дағдарыс меншевиктер мен эсерлер партияларының жағдайына да әсер етті. Олар да ішінен іри бастады. Астыртын жағдайда жүріп, қадағалап біліп отырды. Революцияның көлемі ілгері басқан әрбір жаңалықты, халықтың көңіл күйіндегі, топтардың арасалмағындағы бола қалған сәл өзгерістерді байқап, соған мән беріп отырды. Астыртын күйде болған 110 күн ішінде ол 60-тан астам мақала, хат жазды, бұлар партияға нұсқау болды. В. И. Ленин өзінің мемлекет және революция деген данышпандық еңбегін жазды, мұның өзі мемлекет туралы марксистік ілімді одан әрі дамыту болды. Ленин Маркс пен Энгельстің оппортунистер ұмытқан немесе бұрмалған көзқарастарын қайта қалпына келтірді. Кеңестердің қызметі негізінде мемлекет туралы ілімін ілгері дамытты. Дүниежүзілік революциялық қозғалыстың және ең алдымен Ресейде болған екі революцияның тәжірибесін қорыта келе, В. И. Ленин көтерілістің жеңісті болуын белгілейтін негізгі шарттарды сипаттап берді, көтеріліс заговорға, партияға сүйенбей, алдыңғы қатарлы топқа сүйенуге тиіс, көтеріліс өршіп келе жатқан революцияның тарихындағы бетбұрыс кезеңге, халықтың алдыңғы қатарлы жіктерінің белсенділігі неғұрлым күшейген кезеңге, ал жаулар қатарында және оның жақтастары қатарында қобалжу қай уақыттағыдан да күшейген кезеңге сүйенуге тиіс. Бұл қорытындылар көтерілісті мойындамаған оңшыл оппортунистерге де қарап, сондай-ақ көтеріліске әзірленудің объективтік және субъективті жағдайларын есептемей көтеріліске шақырушы аватюристерге, бүлікшілерге де қарсы бағытталды. Тарихта, көтеріліс жасауға ешбір партия большевиктік партиядай мұқият дайындалып көрген емес. Лениннің арқасында партияда қарулы көтерілістің ғылыми тұрғыдан талдап жасалған теориясы, көтерілісті ұйымдастырудың қару мұқият жасалған жоспары және көтеріліс жеңген күннің ертеңінде қолданылатын саяси және экономикалық шаралар жөнінде әбден ойластырылған, біртұтас платформа болды. В. ИЛенин хаттары орталық кеңестің комитетінде 15 қыркүйекте талқыланды. Орталық комитет көтерілісті дайындауға кірісті. Әскери ұйымға қызыл гвардияның жаңа отрядын құруға жеделдету тапсырылды. Астанада әскер ісі нұсқаушыларын даярлайтын курстар ұйымдастырылды. Жұмысшыларға қаруды қалай пайдалану керектігі үйретілді. Балтық флотының большевиктері флотты көтеріліске қатысуға дайындау туралы нұсқау алды. Майдандар большевиктік ұйымдар Петроградта көтерілісшілерге көмек көрсететін жауынгер бөлімдерді іріктеп алды. Ірі-ірі партиялар ұйымдарының басшылары көтерілісті дайындау туралы ескертілді. Контрреволюция да өз тарапынан өршіп келе жатқан революцияға қарсы шаралар қолданды. Астанаға қазан полктарға келтірілді. Большевиктерді әлсірету мақсатымен Петроградта гарнизонның революциялық ниеттегі бөлімдерін қаладан әкету әрекеті жасалды. 10 - қазанда орталық комитеттің мәжілісі болды, онда бұдан аз уақыт бұрын орталық комитеттің нұсқауымен Петроградқа келген Ленин қазіргі кезең туралы баяндама жасады. Ол үкімет билігі пролетариат пен кедей шаруаға өту үшін керекті саяси жағдай толық пісіп жетілгенін атап көрсетті. Қарулы көтеріліс болмай қоймайды және әбден пісіп жетті деп танып, орталық комитеті партияның барлық ұйымдарына осыны басшылыққа алуды және пратикалық мәселелердің бәрін осы тұрғыдан талқылап, шешуді тапсырады. Тек пен Каменив қана бұл қарарға шықты. Олар жұмысшы табы социалистік революциясын жасауға қабілетсіз деп дәлелдегісі келді, олар буржуазиялық республиканы қолдаған меньшевиктер позициясына түсті. Орталық комитеттің мәжілісінде Троцкий көтеріліс туралы қарарға бекітті . Бұл қарар партияның қарулы көтерілісті дереу дайындау керек деген директивасы болды. Елдің барлық маңызды аударында қарулы көтерілісте жоспарлы түрде дайындық жүріп жатты. Жер-жерде жұмысшы қызыл гвардиясы жедел құрылып жатты октябрьде қызыл гвардияда революция үшін өмірін құрбан етуге әзір, еңбекшілер бұқарасын соңынан ерте білетін 200 мыңға таяу озат жұмысшылар болды. Көтерілісті ұйымдастыру ісіне Ленин басшылық етті.

2. Революцияның жеңіп шығуы

В. И. Ленин көтерілісті қалайда кеңестердің 25 қазанға белгілеген «съезіне дейін бастауды талап етті». Опасыздардан хабар алып, съезд ашылған күні көтеріліс жасалуын күткен жаудың алдын алу керек болды. Ешбір ретте, ещбір жағдайда өкіметті - деп жазды Ленин. 24 қазанда орталық комитетке, Керенский мен оның сыбайластарының қолында 25-не дейін қалдырмау керек. Істі қайтсе де бүгін кешке немесе түнде шешу керек. Ертең көп нәрседен айырылу қаупіне ұшырап отырғанда, бүгін жеңе алатын революционерлердің кешігуін тарих кешірмейді деген В. И. Ленин. Лениннің ұсынысы бойынша көтеріліс сьездің ашылуынан бұрын, 24 қазында басталды. Көтерілістің штабы Смольныйда тұрды, көтеріліске тікелей басшылық ету үшін кешкісін оған Ленин келді. Штабтың көрсетуі бойынша қызыл гвардия отрядтары белгіленген объектілерді алды. Қызыл гвардияшылар фабрикалар мен зауыттарға күзет ұйымдастырылды. Майданнан уақытша үкіметке көмекке әскер келтірмеу үшін революцияшыл бөлімдер астанаға кіре берістердің бәрін күзетіп тұрды. Балтық флотының моряктары шақырылды. Жоспар бойынша мемлекеттік мекемелердің бәрі , уақытша өкімет барып тығылған Қысқы сарай қоршауға алынды. Көтерілістің басты жауынгерлік күші қызыл гвардия отрядтары болды. Халық бұқарасының көтерілісті қолдауының күшті болғаны сонша, көтеріліс өте тез аяқталды, мұндай жағдай сирек кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
Қазақстанның жағдайына әсер еткен оқиғалар
Көтерілістің басталуы және себептері
Ұлт-азаттық күрес
1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс жайлы
Көтерілістің Жетісудағы орталығы
ХХ ғ-ның басындағы қазақ халқының әлеуметтік-саяси жағдайы
Уақытша үкімет тек
Торғайдың әскери губернаторы
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz