Бірінші лейбористік үкімет



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1-тарау. Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал 6
1.1 Экономикалық және саяси дамудың негізгі сипаттары 6
1.2 Жеңістің ащы дәмі және экономикалық тұрақсыздық 8
1.3 Ллойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты 13
2-тарау. Экономикалық өрлеу жылдарындағы Ұлыбритания 20
2.1 Бірінші лейбористік үкімет 20
2.2 С.Болдуиннің консервативтік үкіметі 22
2.3 Екінші лейбористік үкімет саясаты 25
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе

Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және
Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain
and Northern Ireland) — Европаның солтүстік-батысында Британ аралдарында
орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет. Территориясы - 244,1 мың. шаршы
шақырым. Ұлыбритания бақылауына 6 млн. халқы бар 14 отар және тәуелді
территориялар жатады. Соның ішінде Европада Гибралтар, Оңтүстік Америкада
Фолкленд, Бермуд, Ангилья, Кайкос сияқты тағы басқа аралдар бар. Астанасы -
Лондон. Ірі қалалары Бирмингем, Лидс, Глазго. Ұлыбритания әкімшілік-
территориялық 4 тарихи-географиялық облыстарға бөлінген: Англия, Уэльс,
Солтүстік Ирландия, Шотландия. Ресми тілі - ағылшын. Діні - англикандық.
Ақшасы - фунт стерлинг. Ұлттық мерекесі - королеваның туған күні.
Ұлыбритания - парламенттік монархиялы мемлекет.
Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, "үлкен
сегіздіктің" мүшесі, ядролық державалардың бірі бола отырып, КСРО тараған
кезден бастап Кеңестік бұрынғы кеңістікті өзінің стратегиялық мүдделерінің
аймағы ретінде қарай отырып, жаңа тәуелсіз мемлекеттер жөнінде белсенді
көзқарас ұстанды. Атап айтқанда Британ сыртқы саясатының басым бағыттарының
бірі Каспий аймағын елдің ұлттық мүдделерінің ауданы ретінде қарап, онда
өзінің орнын нығайтуға күш салуы болып табылады. 1990 жылдардың басында
елдің бұрынғы Премьер-Министрі, көрнекті британ саясаткері М.Тэтчердің
Қазақстанға келуі осының дәлелі. Лондонның Орталық Азия мемлекеттері
жөнінде маңызды міндеттеріне либералдық реформаларды қолдау, халықаралық
кұрылымдарда тиісті елдердің қызметін бакылау, діни радикализмнің таралуына
жол бермеу жатады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның Еуропадағы аса ірі сауда және
инвестициялық серіктесі ретінде Ұлыбританияның айрықша орны екі жақты
қатынастарда саяси проблемалардың жоқтығымен, бірінші кезекте мұнайға,
газға және құбырға орай геостратегиялық және экономикалық факторлармен
байланысты.
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия
Біріккен Королдігі арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда
орнатылды.
Бұл орайда Қазақстан Британ қатынастарының дамуына Президент
Н.Назарбаевтың Біріккен Королдікке 1991 жылғы қазанда жұмыс сапарының
барысында-ақ тыныс берілген еді. Сол кезде Еуропа қайта құру және даму
банкінің, қазір Қазақстанда белсене жұмыс істеп жатқан "Бритиш Газ",
"Бритиш Петролеум" компанияларының және басқа да жетекші британ
компанияларының басшылығымен маңызды байланыстар орнатылды.
Екі жақты қатынастар экономика мен мәдениет саласында, сондай-ақ НАТО-
ның "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы шеңберіндегі әскери
ынтымақтастық серпінді дамуда. Осынау кезінде ұлы әлемдік держава болған,
қазірде халықаралық қатынастардың алдынғы сапында Ұлыбританияның тарихының
қызықты кезеңдерін оқып білу өте өзекті екендігі белгілі. Баса айта кететін
мәселе, дәл біз қарастырып отырған тұста тарих сахнасына тұңғыш рет
лейбористік партия шықты. Қазір осы лейбористер мен консерваторлар әлі де
алма-кезек үкіметті басқарып келеді. Сондықтан да осы мәселе де біздер үшін
қызғылықты болып отыр.
Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты –
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбританияның ішкі және сыртқы
саясаты мен әлеуметтік-экономикалық ахуалын анықтап көрсету әрі
консерваторлық-лейбористік үкіметтердің қызметіне баға беру. Міндеттері
мыналар болып табылады:
- бірінші дүниежүзілік соғыстың елге әкелген зардаптарын саралау;
- Ллойд Джордж либералдардың соңғы үкіметінің басшысы ретінде қандай
игі шаралар жүргізгенін анықтау;
- тұрақтану жылдарындағы тұңғыш лейбористік үкіметтің экономикалық
табыстарын көрсету;
- консерваторлық үкіметтің ағылшын империясының отарларынан айырылып
қалмау үшін жүргізген саясатын айқындау;
- лейбористік үкіметтің Ұлы депрессия жылдарының алғашқы кезеңіндегі
іс әрекеттерін ашу.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Курстық жұмыстың тақырыбы
лейбористік үкіметтің тарих авансценасына шығуын айқын көрсетеді.
Курстық жұмыстың мерзімдік ауқымы. Зерттеу жұмысында біз
Ұлыбританияның 1921 жылдан бастап 1929 жылдар аралығын толық қарастырамыз.

Курстық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық
және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты.
Курстық жұмысты жазу барысында екі түрлі тәсілдер тобы қолданылды.
Бірінші тобы – бізді қызықтырып отырған саяси құбылыстар мен
объекттерді зерттеуге бағытталған, тарихи, институтционалды, жүйелік,
динамикалық, социологиялық, сыни-диалектикалық тәсіл:
- тарихи тәсіл қолданылды. Бұл тәсілдің ерекшелігі ол бізді
қызықтыратын құбылыстардың туындауы мен дамуының тарихи жағдайын ескере
отырып зерттеуде жатыр.
Екінші топ тәсілдеріне – жалпылогикалық тәсілдер – зерттеліп отырған
құбылыстардың түрлі тұжырымдамаларын қарастыруда талдау мен синтездеу,
индукция мен дедукция тәсілдері жатады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал

1.1 Экономикалық және саяси дамудың негізгі сипаттары

Британия версальдық бейбіт келісім бойынша (бірінші дүниежүзілік соғысты
аяқтаған) жеңіскер — державалардың қатарына жатты. Алайда, соғыс оның
қаржылық-экономикалық жағдайын әлсіретті, тек әскери өндіріс қана күшейе
түсті. Жұмысшылардың қозғалысы белсенденіп, тред-юниондардың
(кәсіподақтардың) саны екі есеге дейін өсті. Осымен қатар, өнеркәсіптің
монополизациялануы күшейе түсті. 1916 жылы монополистердің ірі бірлестігі —
Британдық өнеркәсіп федерациясы құрылды, оның басты мақсаттарының бірі
болып үкіметті және мемлекеттік аппаратты монополистік капиталдың
мүдделеріне бағындыру табылды.
1918 жылғы 8-желтоқсандығы сайлауда консерваторлар мен либералдар
лейбористердің (жұмысшылар партиясы) біртұтас блогын құрады және
парламентке өздерінің 60 депутатын өткізді. Билік басында жүз жылдай тұрған
либералдық партия құлдырау жағдайында болды. Либералдардың жартысы
консерваторларға, жартысы лейбористерге өтіп кетті. Негізгі партия ретінде
либералдардың орнына лейбористер келді. 1924 жылы лейбористардың лидері
Р.Макдональд алғашқы лейбористік үкіметті құрды. 1924 жылы екінші
лейбористік үкімет құрылды[1].
Сонымен, Ұлыбританияда екіпартиялық жүйе бекітілді: 1923 жылға дейін —
консерваторлар мен либералдар, 1923 жылдан бастап — консерваторлар мен
лейбористер.
Партиялық жүйедегі өзгерістермен қатар сайлау жүйесінде де демократиялық
өзгерістер орын алды. Алғашқы сайлау реформасы 1918-1919 жылдары
жүргізілді. Бұл заңға сәйкес 21 жасқа толған және белгілі бір жерде алты ай
тұрақты тұрған еркек жынысты тұлғалардың барлығы дауыс беру құқығын
иеленді. Әйелдер, егер 30 жасқа толған болса және 5 фунт стерлингтен кем
емес табыс әкелетін жылжымайтын мүлкі болса немесе осы талаптарға жауап
беретін тұлғамен некеде болса ғана дауыс бере алатын. 1928-1929 жылдардағы
реформа бойынша әйелдерге ер адамдармен теңдей сайлау құқығы берілді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары үкіметтің функциялары анағұрлым
кеңейтілді. 1914 жылы Хабеас корпус актінің күші жойылды және Мемлекетті
қорғау туралы акт қабылданды, оған сәйкес соғыс уақытындағы барлық билік
толығымен үкіметке берілді. Соғыстан кейін бұл актінің күші жойылды.
Алайда, 1920 жылы уақытша емес, тұрақты сипатты иеленген Төтенше
өкілеттіктер туралы заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес үкімет қоғамдық
қауіпсіздікке немесе қоғамның қалыпты өмір сүруіне қандай да бір саяси күш
қауіп төндіреді деп тапса патшаның атынан төтенше жағдайды енгізу туралы
жарлық шығару және ереуілдерге тыйым салу құқығын иеленді[2].
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Британ империясының доминиондары
мемлекеттің маңызды шикізаттық негізі және әскерді толтыру құралы болып
табылды. 1917 жылы кезекті империялық конференцияда доминиондар империяның
автономды мемлекеттері мәртебесін иеленді. 1919-1920 жылдары Канада
Париждік бейбіт келісім конференциясына қатыса отырып, доминион үшін бейбіт
келсім шарттарға дербес қол қою және Ұлттар лигасында дербес өкілдігін
иелену құқықтарына қол жеткізуге себепкер болды. 1921 жылғы 6 желтоқсанда
ағылшын-ирландық шартына қол қойылды, бұл шарт дербес доминион — Ирланд
еркін мемлекетін құруды көздеді. Алайда, Ирландияның солтүстік-шығысы
(Ольстер) Ұлыбританияда қалып қойды.

1.2 Жеңістің ащы дәмі және экономикалық тұрақсыздық

Ұлыбритания Антанта блогының жетекші державасы ретінде Бірінші
дүниежүзілік соғыстағы жеңіс нәтижесінде өзінің көптеген мақсатына жетті.
Оның басты бәсекелесі - Германия талқандалды. Англия репарацияның көп
бөлігін және Германияның бұрынғы отар иеліктерінен мол үлес алды. Ағылшын
отаршылдарының Африка мен Таяу Шығыста позициясы нығая түсті[3].
Алайда жеңіс Англияға оңайға түскен жоқ. 750 мың адамы өлді, 1,7 млн.
жараланды. Англия ұлттық байлығының үштен бір бөлігінен айырылды. 40% сауда
флоты қирады. Өнеркәсіп өнімін өндіру 20%-ға құлады. Тұрғын үй құрылысы
толық тоқтады. Сыртқы сауда жағдайы күрт нашарлады. Оның себебі Англияның
сырттан шикізат пен азық-түлік тасымалдауы болып табылады, өйткені соғыс
кезінде оларды жеткізу қиын еді. Әсіресе соғыс британ финансына қатты
зардабын тигізді. Англия соғысқа 10 млрд. фунт стерлингтен астам жұмсады.
Соғыс шығынын еңбекшілердің мойнына артқан британ басқарушы тобы салықты 6
есе өсірді. Сонда да салықтан түскен қаржы соғыс шығынының үштен бірін ғана
жапты. Қалғаны ішкі-сыртқы соғыс заемдарынан түсті. Бұл мемлекет қарызының
орасан зор өсіп кетуіне әкеп соқтырды. Англияның ішкі қарызы 10 есе: 1913
жылы 645 млн. ф.ст. болса, 1919 жылы ол 6,6 млрд. ф.ст. өсті. Соғыстың
соңына қарай сыртқы қарыз 1150 млн. ф.ст. жетті, оның 850 ф.ст. АҚШ-тың
үлесіне келетін еді. Бұрын Англия АҚШ банкілеріне кредитор болса, енді
қарыз алушыға айналды. ХІХ-ХХ ғасырдың барысында ағылшын капитализмі
өнеркәсіп монополиясын жоғалтса, бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде
финанстық үстемдігінен айырыла бастады.
Британ отарлық империясының да дағдарысы білініп, өсе түсті. Соғыс
жағдайында империяның сауда-экономикалық байланысының босаңсуы Англияның
доминиондары мен отарларында өнеркәсіп өндірісінің кеңеюіне әкеліп соқты,
бұл жергілікті буржуазия позициясын нығайтты және жұмысшылардың санын
өсірді. Қазан революциясының әсерімен Ирландия, Үндістан, Египет және басқа
ағылшын иеліктерінде ұлт-азаттық қозғалыс кең етек жайды[4].
Соғыстан кейін пайда болған дағдарыстық тенденциялар Англия басқарушы
тобын консервативтік позицияда біріктірді. Британ капиталистерінің ықпалды
тобы соғысқа дейінгі капиталистік тәртіптерді қалпына келтіруге тырысты.
Алайда дүние жүзіндегі ірі революциялық өзгерістер жағдайында олар
либералдық-буржуазиялық реформизм саясатынан толық бас тарта алмайтын еді.
Қазан революциясынан соң ағылшын үкіметі Кеңестік Ресейге қарсы қарулы
интервенция ұйымдастырды және отарлардағы ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтыра
бастады. Ресей пролетариатының революциялық үлгісінен қорыққан, Англияда
большевизм тарауынан сескенген басқарушы топ өзінің халық арасында ықпалын
сақтап қалуға жанталасып, соғыстан кейін терең реформалар жасау кампаниясын
бастады. Ол үшін ерекше қайта құру министрлігі құрылды. Сонымен бірге
экономикаға мемлекеттік бақылауды жою механизмінің жоспары жасалды.
Лейбористік және кәсіподақ лидерлері күрделі жағдайда әрекет етті.
Олар өздерінің уысынан жұмысшы қозғалысын шығармауға жанталасты. Сондықтан
олар антикеңестік интервенцияны айыптады, әділеттік, бейбітшілік орнату
талабын және жұмысшы бақылауы мен национализациялау жүргізуді қолдады.
Соған қарамастан олар соғыс кезінде буржуазиялық саяси және мемлекеттік
механизмде қолы жеткен орындарынан айырылғысы келмеді. Реформистер
лейбористік партияның программасы мен уставын дайындау барысында осы екі
міндетті шешуге тырысты[5].
ХІХ-ХХ ғғ. барысында пайда болған ағылшын еңбекшілерінің саяси
партиясының 1918 жылға дейін программалық құжаттары болмады. Жұмысшы
қозғалысының өрлеуі және соғыстың аяқталуға таянғандығы лейборист
басшыларын өздері басқарған ұйымның перспективаларын анықтауға мәжбүр етті.
1918 жылы ақпанда қабылданған лейбористік партияның уставы ұжымдық және
жеке мүше болуды енгізді. Бұл партияға бұрын либералдарды қолдаған
буржуазиялық-радикалдық топтар өкілдерінің ағылуына ықпал етті де,
лейборизмнің оң қанатын нығайтты.
Британ пролетариатының жалпы тілегін айқындайтын сол қанаттың маңызды
жеңісі уставқа оның негізгі мақсатының бірі ретінде өндіріс құрал-
жабдықтарына қоғамдық меншік пен өнеркәсіптің әрбір саласы мен қызмет
көрсетудің әр түріне халықтық бақылау мен басқарудың ең озық системасын
енгізуі болып табылады. (Устав партияның мақсаттары 4 бап.) Ағылшын
капиталистерін жеңіп алған саяси биліктен тыс өндіріс құралдарын
ортақтандыру және пролетариат диктатурасын орнату міндеттерін қойылуы қатты
мазасыздандырды. Реформистік лидерлер уставтың қауіпті 4-ші бабын
жеңілдетуге асықты. Сол жылы жазда мақұлданған Еңбек және жаңа әлеуметтік
тәртіп программасына лейбористер өндіріс құралдарының ортақтандырудың
орнына жерді және өнеркәсіптің кейбір салаларын национализациялауды
көздеген өздерінің соғыстан кейінгі реконструкциялау вариантын ұсынды.
Тиімді жұмысшы бақылауының орнына демократиялық бақылау деген айқындалды.
Шын мәнінде бұл программа социал-реформистік, оның авторы С.Веббаның
фабиандық идеясы еді. Ол шаруашылықтың мемлекеттік-монополистік базасында
британ капитализмін модернизациялаудың кеңейтілген жоспары болатын.
Дегенмен лейборист партия программасында жұмысшылардың әлеуметтік
заңдылықты кеңейту және елдің саяси өмірін демократизациялау талаптары
көрсетілген.
Англияда саяси күштердің өзгергенін 1918 жылдың соңында өткен
парламенттік сайлау көрсетті. Халықтың арасында таянышын жоғалтқысы
келмеген лейбористер үкімет коалициясын тастап сайлауға дербес қатысты.
Алайда консерваторлар мен либералдар коалициясы - премьер-министр Д.Ллойд
Джордж жақтастары - тараған жоқ. Соғыстың соңына қарай буржуазия
консервативтік партияның маңайына топтасқанымен, елдегі жағдай буржуазиялық
реформизм әдістерін қолдануды, консерваторлардың әлеуметтік жеңілдіктер мен
демагогия жолына түсуге мәжбүр етті. Бұл жолда коалициялық либералдардың
лидері Ллойд Джордж еді.
Сайлау қарсаңында Л.Джордж кампаниясы және коалицияның басқа
кандидаттары шовинистік көңіл күй таратты, соғыстағы жеңісті марапаттады.
Онда үкіметтің жұмыссыздықпен күреске қатысқаны да сөз болды. 1918 жылы
ақпанда қабылданған сайлау заңы бойынша сайлаушылардың саны 8-ден 21 млн-ға
ості, тұңғыш рет жасы 30-дан асқан әйелдер сайлау құқына ие болды. Ллойд
Джордж елді оның батырларына сай етуге уәде берді. Атап айтқанда, тұрғын
үй мәселесін шешуге мемлекеттік көмек және 14 жасқа дейінгі балаларға
міндетті түрде мектеп білімін беру көзделді.
Сайлау барысында консервативтік-либералдық коалиция жеңді. Ол қауымдар
палатасындағы 707 орынның 484 депутаттық мандатын жеңіп алды, оның ішінде
348 орын - консерваторлар, 136 - Ллойд Джордждың коалициялық либералдары.
Ллойд Джордж қайтадан үкіметті басқарды, консерваторлар лорд Керзон мен
Э.Бонар Лоу, либерал У.Черчилль жоғарғы қызметтерге ие болды. Сайлау
Англияда екі партиялық жүйенің дағдарысын білдіреді. Коалицияға кірмейтін
либералдардың кейбіреулері XIX ғасырдағы құдіретті либералдық партияның
тікелей мұрагерлері өздерінің лидерлері Г.Асквиттің басшылығымен тек 26
депутаттық мандат ала алды да ресми оппозициялық партия болудан қалды. Бұл
рольді сайлау барысында 2,5 млн. дауыс жинаған және қауымдар палатасында 60
орын иеленген лейбористік партия алды[6].

1.3 Ллойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты

Ллойд Джордж Дэвид (1867-1945) - кедей мұғалімнің отбасында дүниеге
келген жас адвокат ағылшын-бур соғысы кезінде үкіметтің саясатына қарсы
шығуымен көпке танымал болған еді. Заңгер, кейін саясаткер. Ұлыбританияның
мемлекеттік және саяси қайраткері. Либерал. 1890 жылдан 1945 жылға дейін
Уэльстен парламент депутаты. 1916-1922 жылдары Ұлыбританияның премьер-
министрі. Саяси және әлеуметтік реформаларды жақтаушы. 1911 жылы
қабылданған ұлттық сақтандыру туралы заңның инициаторларының бірі. Ллойд
Джордж сауда, кейіннен қаржы министрі, премьер-министр, ал 1916—1922
жылдары либералдардың жетекшісі болды. Ллойд Джордждың басшылық етуімен
жасалған буржуазиялық реформалар Ұлыбританиядағы буржуазиялық құрылысты
нығайтуға ықпал етті.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен Англияның экономикасы аз уақыт
жанданды. Ол ішкі рынокта тұтыну товарларына сұраныстың күрт артуымен және
сыртқы сауда конъюнктурасының кейбір жақсаруынан туған еді. Өнеркәсіптің
бейбіт кезеңге өтуі товарлар мен қызметтің барлық түріне бағаны қауырт
өсірді. 1920 жылдың сәуіріне қарай баға 1913 жылғы деңгеймен салыстырғанда
орта есеппен 2,5 есе өсті. Осыған сәйкес британ капиталистерінің табысы да
өсті. Олар соғыс кезіндегі шектеулерден өздерін толық азат етуді талап
етті[7].
Ллойд Джордж үкіметі кәсіпкерлерді барынша қолдады. Ол соғыс кезінде
құрылған барлық мемлекеттік бақылау органдарын жойды. Осы мекемелердің
тарауымен Англияның капиталистік шаруашылығын мемлекеттік-монополистік
реттеудің соғыстық механизмін бейбіт кезеңге лайықтау аяқталды. Соғыс
жылдарында мемлекеттің реттеушілік қызметінің арқасында Англияда өндіріс
пен капиталдың шоғырлануы мен монополиялануы күрт күшейіп, мемлекеттің
экономикаға араласуын кеңейтуіне жағдай туғызды. Мемлекеттік соғыс
заводтарының көпшілігінің жеке меншікке сатылғанына қарамастан, 20-шы
жылдардың басында олардың соғысқа дейінгіден де төрт есе көбі мемлекет
иелігінде қалып қойды. 1919 жылы заңмен бекіген фунт стерлиштің алтын
стандартынан бас тарту мемлекетті қағаз ақша шығарудың басты бақылаушысына
айналдырды. Теміржолдарға бақылауды алып тастап, үкімет 1921 жылы
теміржолдар компаниясын төрт аймақтық топтарға біріктіріп, оны ішінара
қайта қалпына келтіруге мәжбүр болды. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі де
кеңейді. Ллойд Джордж үкіметі жұмыссыздарға, тұрғын үй құрылысына көмек,
халыққа білім беру системасын дамыту программасын жүзеге асыруға қатысты.
Орасан зор мемлекеттік қарыз, мемлекеттік бюджеттің 40%-ға жуығы жыл
сайын өсімді өтеуге ғана жұмсалатын, салықтың жоғары болуын сақтады. Бұл
ағылшын еңбекшілерінің жағдайын төмендетті. Олардың жағдайы экономикалық
ерлеу кезеңінде де нашарлай берді. Өйткені бағаның есуі жалақыдан жоғары
болатын, соғыстан қайтқан 4 миллион әскерилер жұмыссыздардың санын өсірді,
ірі буржуазияның өз капиталдарын елдің ішінде жұмсағысы келмеуі өнеркәсіп
өндірісін бейбіт өмірге бейімдеу қарқынын баяулатты. Сірескен салықтармен
басып тасталынған халықтың сұраныс қабілеті өте төмен болды да соғыстан
кейінгі экономиканың өрлеуі ұзаққа созылмады. 1920 жылдың күзінде-ақ
соғыстан кейінгі алғашқы экономикалық дағдарыс басталды. 1921 жылдың
соңында дағдарыс тоқтады. Экономикада жандану байқалмады да 1922-1923
жылдары ағылшын экономикасында тоқырау байқалды[8].
Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саясатының түйіні Англияның
капиталистік дүниеде лидер ролін қалпына келтіруге ұмтылушылық еді. Ол
Кеңестік Ресейдегі жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін құлатуды мақсат
етті. 1919 жылдың басында Ұлыбританияның басқарушы тобы АҚШ және Франция
империалистерімен бірге Кеңес еліне қарсы соғыс интервенциясын
ұйымдастырды. Қызыл әскердің табыстары, Антанта әскеріндегі революциялық
толқулар және капиталистік елдердің өз ішінде орын алған Кеңестік
республикамен ынтымақтастық қозғалысының зор толқыны интервенттерді
Ресейден өз әскерін әкетуге мәжбүр етті. 1919 жылдың соңында соғыс
тұтқындары туралы, ал келесі жылдың басында Ллойд Джордждың ұсынысымен
Антантаның Жоғарғы кеңесі экономикалық блокаданы алып тастау жөнінде шешім
қабылданған соң, сауда мәселесі бойынша келіссөздер басталды. Алайда 1920
жылдың көктемінде Кеңестік Ресейге қарсы тағы да қарулы басып алу әрекеті
жасалды, бұл жолы буржуазиялық-помещиктік Польша әскері пайдаланылды. Бұл
жорық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лойд Джордждың ішкі және отарлық саясаты
1918-1939 жылдарындаѓы Ұлыбритания
Ұлыбританияның экономикалық және саяси дамуы
Ұлыбритания жайлы
Саяси жүйе ұғымы туралы
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары
Ұлыбританияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы
Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Ұлыбритания туралы қысқаша мағлұмат
Пәндер