Үндістан тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
1. Үндістан
1.1 Үндістан тарихы
1.2 Үндістан шаруашылығы
1.3 Үндістанда ерекше аталып өтілетін мерекелер

2. Шежіре үндес Үндістан.

2.1 Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласының тарихы.
2.2 Үндістанды Бабыр ұрпағының билеу кезеңі

3. Үндістандағы саяси-құқықтық ілімдер тарихы.
3.1 Брахмандық ілім
3.2 Буддалық ілім.

4 Үндістан-КСРО қатынастарының қалыптасу кезеңі.

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Үндістан – Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Үндістан түбегінде
ораналасқан.Территориясы Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 3200

км,Батыстан Шығысқа қарайт 27000 км-ге созылып жатыр. Солтүстігінде
Гималай тауларында, Батысында Араб теңізіне , Шығысында Бенгал
шығанағына ұласады. Жері – 3287,59 мың км.
Астанасы – Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9
одақтас аймаққа бөлінеді.
Үндістан- азаматтық демократиялық Республика. Мемлекет басшысы -
президент, Конституция бойынша 5 жылға сайланады.
Үндістан дүние жүзіндегі көп ұлтты мемлекеттердің бірі болып
саналады. Мұнда әр түрлі тілде сөйлейтін және әлеуметтік-экономикалық
дамудың әр-түрлі сатысындағы бірнеше жүз ұлт , шағын халықтар мен
тайпалар қатар өмір сүреді. Мемлекеттік тілі- хинди. Кейбір штаттардың
өзіндік ресми тілдері бар. Көпшілігінің діні –индуизм, халқының 10
пайыздан астамы мұсылмандар.

Үндістан шаруашылығы.
Үндістанның солтүстігінде мақта-мата, қант өнімдері өндіріледі, ал
оңтүстігі – нағыз астықты өңір. Мал шаруашылығы солтүстік-батыс
аймақтарда жақсы дамыған. Батыс аймағында өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығы қатар өркендеуде. Мәселен , мұнай айыру, машина жасау
кәспорындарымен бірге, жерге мақта, тары, жер жаңғағы, темекі, күріш
егіледі. Оңтүстік Үндістан плантациялық шаруашылыққа қолайлы. Мұнда
майлы дақылдар, кокос пальмасы, күріш мақта өсіріледі. Ал таулы
өңірлерде шай, кофе, қара бұрыш, каучук ағашы бой түзеген плантациялар
жайқалып тұр.
Үндістан халқының ежелден келе жатқан сүйікті әрі ұлттық
сусыны -шай. Шайды үнділер күніне бірнеше рет ішеді. Әсіресе
дәмділеп сүт, қант, қалампыр қосып ішкенді тәуір көреді.
Ұлттық тағамдарының құрамына міндетті түрде сүт қосады.
Өйткені, сүт өнімін беретін үй хайуанаттарының бірі-сиыр малын
үнділер ерекше қадір тұтады. Егер сиырмен көшеде мүйіздесіп қалсаң
– соңы қайғылы жағдайға душар етеді, өміріңнің соңына дейін түрмеде
отыруың ғажап емес. Жалпы , Үндістан халқы ет жемейді. Күнә болып
саналады. Олар өгіздің етін тек құдайға арнап пісірілгенде ғана жейді.
Ал сиырдың сүтін немесе майын аз да болса пайдалану үнділер үшін
күнәдан тазару болып саналады. Сиыр саууды еркектер өздерінің міндеті
санайды. Әйелдерді ешқандай мұндай жұмысқа жолатпайды.
Храмдарда үйретілген маймылдар өріп жүреді. Оларды сол жердегі
тұрғылықты адамдар тамақтандырады.
Тауыс құсын - әдемілік пен сұлулықтың символы ретінде пір тұтады.
Таңертеңгілікке олар түрлі әдемі қимылдар көрсетіп, ән салады.
Үндістанның хайуанаттар дүниесі мұнымен шектелмейді. Үнді-Малайя
аймағында сүтқоректілерден маймылдар , бұғылар, антитолоптар , үнді
пілі, жолбарыс, Гималай аюы т.б. кездеседі.
Үндістанның ауа-райы өте құрғақ әрі температурасы жоғары, климаты
субтропиктік болып келгендіктен мұнда жеміс-жидектер көп өседі,
әсіресе тропиктік жемістерге бай.

Үндістанда ерекше аталып өтетін негізгі мерекелер.
15тамыз- Тәуелсіздік күні.
26 қаңтар – Республика күні.
1 қаңтар- Жаңа жыл мерекесі.
Бұл елде Жаңа жыл есебінде сегіз түрлі дата тойланады. Мысалы,
Манараштра қаласында Жаңа жыл мейрамы сәуірде өтеді. Бұл мейрамның аты
– Гулди Падва. Басқа халықтарға үлгі боларлық бір нышаны бұл күні
дөрекі сөйлеп, әбестік көрсетпеу керек. Біреуді біреу ренжітпей, сыпайы
сөйлесуі қажет. Манараштра тұрғындары бұл күнді көңілді өткізеді. Олар
ним-ним ағашының ащы жапырағын жеп жүреді. Өйткені, бұл күні ним-ним
ағашының ащы жапырағын жесе адам Жаңа жылда тәтті өмір әкеліп, ауру-
сырқаудан аман сақтайды деп ойлайды.
Көктемде қаш мейрамы тойланады. Бұл кезде үнділер гүлдің түрлі күлте
жапырақшалары мен жапырақтарын суға себеді, сол түрлі ойындар ойналады.
Жазда Кришнның туған күніне Джанмаштами мейрамы өткізіледі. Жыл сайын
тойланатын мейрамның бірі-Рамлила мейрам - ең қасиетті тәңіріне арналған.

Шежіре үндес Үндістан.

1950 жылы 26 қаңтарда алғашқы үнді Крнституциясы қабылданып, Үндістан
ресми түрде республикға болып жарияланды. Республика күні құрметіне Делиде
жыл сайын үлкен шеру ұйымдастырылады. Премьер-Министр Белгілісіз солдат
монументіне гүл шоқтарын қояды. Белгісіз солдат монументі Пәкістанмен 1971
жылғы қарулы қақтығысынан соң орнатылған. Оның жанында мәңгі алау
жағылған. Бірінші дүние жүзілік соғыста қаза болған 90 мың сарбаздың
құрметіне бүкіл
үнділік әскери мемориал триумф 12 метр.
Оның бетінде 13516
сарбаздардың аты ойып жазылды. Шеру екі жағы жасыл желекпен көмкерілген,
ұзындығы үш шақырымға созылатын Жаңа Делидің орталық даңғылы-Раджап (бұрын
Мемлекет даңғылы Кингзвей, Король даңғылы атанған) бойында өтеді.
Республика күніне арналған керемет салтанат Виджай Чоукте (Жеңіс алаңы)
ымырттағы әскери оркестірдің дәстүрлі орнымен аяқталады. Ол демалыс дабылы
деп те аталады. Бұл дәстүр тамыры терең орта ғасырларға кететінімен
ерекшеленеді. Күн батар алдында армия әскери қимылдарын тоқтатып, демалысқа
бет бұруға даңғазалайды. Күннің соңғы сәулесінің ізі жоғалысымен, саз үні
түнерген аспанға шапшыған түрлі-түсті отшашуларға ұласады.
Дели қаласының тарихи бастауы тереңде жатыр. Ол жөнінде ақтаңдақтар
да, бір арнаға тоғыспайтын түрлі жорамал мен айтыс-тартыстар да көп.
Тарихын парақтай берсең, ортаазиялықтар туралы небір тың деректер мен құнды
жәдігерлерді молынан кездестіруге болады. Аралай берсең таныс сөздер мен
адам есімдері, сәулет пен өнер іздері, ұқсас аңыздар мен ырым-
жоралғылар, тіптен ұқсастықтары ғана емес, сонымен қатар қонақ қабылдау, ән
мен жыр тыңдау, айта берсе қалжыңдасуға шейін бір жақындық нышандардың
барын аңғарасың. Басқалай айтқанда, бабаларымыздың тарихы Үндістан
шешіресімен қосыла өріліп жатқандығына куә боласың.

Үндістанның астанасы Нью-Дели қаласының тарихы
Бүгінгі Нью-Дели (нью жаңа деген сөз)
астана ретінде өз бастауын 1911 жылғы желтоқсанда алғашын корольі Георгтың
алғашқы тас қалауынан алады. Жаңа астананы жобалауды король сәулетші Эдвин
Лютеньске тапсырып, оның алдына орасан зор міндеттер қойылады. Ол жаңа
Делиді бақ-қала ретінде жобалап,
салмақшы болған. Оның идеясының кейбірі
ғана жүзеге асады. Құрылыс 1912 жылы басталғанда Үндістанның вице-королі
Лорд Гарданг астана төрт жылда салынып бітеді деп мақтана мәлімдейді.
Алайда, дүниежүзілік соғыс кезінде құрылыс тоқтайды да негізгі ғимараттар
тек 1928 жылы салынады. 1930 жылы Нью-Делидің бейресми ашылу салтанаты
болғанымен, ағылшындардың ғасырлар бойы басқарамыз деген үміті жүзеге
аспай, олардың 18 жыл бойы астанасы Тәуелсіз Үндістанның еншісіне бұйырады.
Э.Лютьенстің жобасымен салынған маң-ғаз Президент сарайына Жеңіс
алаңынан тартылған орталық даңғыл апарады. Бүгінде ол Үндістан
Президентінің ресми резиденциясы қызметін атқарады. 132 гектар жердегі 5
жасыл желек гүл еккен алқапты алып жатқан сарайды 340 бөлме, маңында 37
субұбқақ бар. Атақты монғол бақтарнына ұқсатып жасалған әдемі гүл бағы
сарайға келіп тіркеледі. Үндістанға Орталық Азидағы келген мұсылмандар
тарихта негізінен монғолдар деген атқа ие болғандығы мәлім. Сарай
маңындағы керемет бақтың Монғол бақ деп аталатыны да сондықтан. Сол
бақтағы өсетін алуан түрлі хош иісті гүлдерді тегін көруге жылына бір рет,
тек наурыз айында халыққа рұқсат етіледі. Содан халық азаннан кешке дейін
кезекке тұрып, гүлдердің әсемдігін тамашалап, өмірден сирек алатын ләзатқа
батады.
Сәулетші Э.Люьтенстің ойын жүзеге асыруға кезінде көп нәрсеге
мүмкіндік бермеген. Соның бірі көне Делидегі жаңа Чонди Чоукты жасап, Жұма
мешітінен бастап даңғыл салып, Дели қақпасынан Ажмер қақпасына дейінгі
жерді және Түрікмен қақпасы төңірегінен халықты көшіру еді. Бұған
жергілікті тұрғындар Ұлы Монғолдар дәуірінің жарқын бейнесін жоғалтып
аламыз деп қарсылық білдіріп, наразылық танытады. Өзінің түпкі ойы іске
аспайтынын білген сәулетшівице-президентке жағымпаздану ниетімен даңғылда
амфитеатырмен аяқтап, оны вице корольдің атымен атауды ұсынады. Сөйтіп,
бүгінгі ұлттық стадионда әрбір жылдың қаңтар айында ұлттық ән және би
фестивальі өтіп тұрады. Үнділіктердің монғолдар мәдениетіне деген құрметіне
осыдан-ақ аңғаруға болады.

Үндістанды Бабыр ұрпағы билеген кезең
Үндістанды ағылшындардан бұрын 350 жылдай уақыт бойы Бабыр ұрпағы
билеген. Ол тұста түркі жұртының қазақ, қырғыз, өзбек деп бөлінбеген кезі
болатын. Сол кезеңде Үндістандағы мұсылман қауымы жаулап алушы
мұсылмандар ұрпағы – ашраф және
мұсылмандықты жаңадан қабылдаған үнділер болып екіге бөлінеді. Ал,
ашрафтың өзі саид пен шейх, моғол және патан аттытоптарға
жіктеледі.

Арабтардың ұрпағы сайд немесе
шейх деп атап, аттарының соңына хан, бек, мір, ходжа немесе
шыққан қалаларының аттарын қосып айтатын болған. Ауғаныстаннан келгендерді
патандар деп атаған. Бабаларымыздың үнді жеріне ат басын тірегеннен
қалған тарихи жәдігерлердің болуы да жоғарыдағы тарихи оқиғаларға
байланысты.
Дели қаласының қақ ортасындағы Үнді қақпасынан бастау алатын Матура
көшесінің бір бетінде Хумаюн кесенесі, екінші бетінде Низамуддин кесенесі
орналасқан. Хумаюн – Бабырдың үлкен ұлы. Оның есімі өзіміздің аңыздарда
айтылатын италы қаздың жұмыртқасынан пайда болатын ең жүйрік тазының түрі
құмайы атына байланысты қойылған деседі. Хумаюнның тағдыры әкесі
Бабырдыкінен әлде қайда ауыр болған. Ол кішкене кезінен бастап ауыруға
шалдыққан көрінеді. Содан балажан Бабыр небір қолының дәруі бар тәуіптерді
алдырып, баласын емдете алмай, қатты қайғырыпты. Күндардің күнінде бір
тәуіп егер өзіңе ең қымбат нәрсені осы балаңаның жолында қисаң, балаң
жақсарып кетеді десе керек. Содан Бабыр Менде ең қымбат не бар, қанша
өлімнің аузында жүріп, жауласып жүріп тапқан дүние байлық болама, ол түгілі
мен үшін қымбат саналатын туған жеріме жете алмай (ол өзбектен шыққан
Шайбанидтен көресіні көріп, туған жері Ферғанаға жете алмай Кабулда отырып,
кеңесшісінің ақылымен Дели қаласын басып алады), сырт жерде өлетін түрім
бар. Ең қымбат байлығым – менің өмірім. Асарымды асадым, жасарымды
жасадым, осы көргендерім де өз басыма жетер, ендігісін осы бала көрсін,
өмірімді осы балама сыйладым деп, баланы үш айналып, жерге түкірген екен
дейді.
Бала кезімізде әкемізде айнала жүгірген кезде: адамды айналама,
жаман болады, деп тыйып тастайтын. Бірақ, неге айналамау керегін
үлкендер түсіндірмейтін. Қарттардың айналайын деген жалғыз ауыз сөзі
жүрекке ыстық тиетінін сезіп білсекте, ол сөздің мағанасына жете мән бере
қоймаппыз. Студент кезімізде орыс тіліне аударылмайтын қазақ сөздері көп,
оның бірі, айналайын дегенді естігенде, баламасын іздеп, біраз ойланып
қалатын едік. Бірақ, осы сөздің мағанасы ту-у Үндістан жерінде Бабырдың
тарихы арқылы алдымнан шығады деген ой үшін ұйықтасамда түсіме кірмепті.
Сөйтіп, сол сөздің мағанасын енді түсінгендей болдым. Бір жолы Үндістанға
қыдырып келген Оразәлі ақсақалды Делидің ортасындағы моғолдар салған

Қызыл Фортты аралатып
жүріп оған осы туралы әңгімелегенімде, ол өз әкесінің басында дәл сарындас
оқиға болғаннын айтып, мені таң қалдырды. Мұндай сәйкестік бүгінге дейін
өз топырағымызда, яғни арамызда кездесіп отыратындығына шынымен де аң-таң
болдым...
...Баланы айналып ұшықтаған күннен бастап Бабырдың өзі науқастанып,
төрт жылға жетпей дүниеден озады да, Хумаюн ауруынан құлан таза айырылып,
жазылып кетеді. Бабырдың үлкен ұлы Хумаюн Делиге, кіші ұлы Кимран Кабулға
билік құрады. Ол кезде бүгінгі Үндістан аумағының орнында бірімен – бірі
қырық пышақ болған қырық жамаулы ел болатын. Хумаюн Делидің
айналасындағы елдермен соғыса жүріп билік жүргізетін аумағын біртіндеп
кеңейте береді. Бірақ іштен шыққан жау жаман дегендей, Үндістан жеріне
Исламды таратуға келген күннен бастап ортаазиялықтармен патандар арасында
билік үшін талас өршій түседі. Патандар Хумаюн жорықта жүрген кезінде Шер
Шах сарайында төңкеріс жасап, билікті қолға алады да, өзін қаңғыртып
жібереді. Хумаюн қолын қусырып қарап отырса, Бабырдың ұрпағы бола ма? Ол
әскер жинап, он бес жылдан соң өзінің билігін қайтарып алады.Хумаюн 1999
жылы өзіміз 500 жылдығын атап өткен Дулат Мырза Мұхамед Хайдардың әрі
бөлесі, әрі досы болып келеді (Бабыр мен Дулат мырза Мухамед Хайдардың
әкесі Жүніс ханның апалы – сіңілі қыздарына үйленген, және Дулат Мырза
Мухамед Хайдар 9 жасынан тұл жетім қалып, Бабырдың қолында тәрбиеленеді).
Дулат мырза Хайдар өзінің әлемге танымал Тарихи-и – Рашиди атты кітабында
Дели билігін тартып әперу үшін Хумаюнға көмекке келіп олардың 40 мың әскері
Шер Шахтың 10 мың әскерінен қалай жеңіліп қалғанын боямасыз шындықпен
баяндаған.

Брахмандық ілім.
Ежелгі Үнді мемлекетінің сакяси уә құқықтық ой-тұжырымы брахмандық һәм
буддалық ілім арнасында дамыды. Бұл қос саяси ағым өте ертеректе, яғни
қазіргі жыл санауға дейінгі алғашқы мың жылдықтың орта тұсында пайда
болған. Аталған екі ілімнің бастауы Веда деп аталатын ежелгі ариліктердің
киелі кітабынан тамыр өрбітті. Веддалық ортақ арнадан бастау алса да ,
буддизм мен брахмандық ілімбірқатар діни мәселелерді өзінше түсіндіруде бір-
бірінеірге ажыратады. Мұндай өзгешелікәсіресе варна деп аталатын қоғам
өкілдерінің орнын тиянаұтау кезінде білінді.
Ежелгі Үндістанда бас - аяғы төрт варнаның болғаны белгілі. Бұлар:
өздерін абыз - әулие санайтын брахмандар, әскерилерден құралған кішатрилер,
шаруа, саудагер, ұста-шебер сияқты еңбекшілер санатындағы байшылар және құл-
құтаннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі үндістан мемлекеті
Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
Үндістан елінің экономикалық-географиясы
Англияның үндістандағы отарлық саясаты
Үндістан мемлекеті және құқығы
Ежелгі үндістан мемлекеті мен құқығы
Үндістандағы тәуелсіздік үшін күрестердің негізгі бағыттары мен идеологиясы
Үндістан және оның халқы
Махатна Ганди
Үндістандағы дипломатиялық қызмет
Пәндер