ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ ИТАЛИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ БАҒЫТЫ 8
1.1 Италиядағы буржуазиялық-парламенттік дағдарыстың әсер етуі 8
1.2 Фашизмнің етек алуы. Бенито Муссолинидің үкімет басына келуі 10
2 ТАРАУ ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ 13
2.1 Италиядағы “Матеотти дағдарысы” 13
2.2 Фашистік Италияның сыртқы саясаты. 16
2.3 Африкадағы және Балкандағы соғыс қимылдары 18
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Халықаралық қатынастар
жүйесіндегі жас субъекті ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі
міндеттерінің бірі, әрине бұл халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі
қалыптасқан тарихын дұрыс пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу
екендігі сөзсіз. Қай мәселе болмасын батыстың, американдық не орыстық
ұстанымнан, түсінік пен пайымнан гөрі қазақи көзбен немесе “терезеден”
қарау қажеттігі күнбе-күн артып келеді. Жалпы әлемдік қауымдастықтың
тарихын зерделей келгенде; оны тарихи мәдени және саяси-құқықтық жағынан
саралай білудің зор маңызы бар десек, 20-ғасырдағы түбірлі құбылыстардың
бірегейі – Екінші дүние жүзілік соғыс жылдардағы Италия мемлекетінің
жағдайы. Фашизмнің жеңіс дәмін татамын деген Италия мемлекеті фашизмнен
үлкен зардаптар мен халқына қайғы-қасіретін тигізгені. Сонымен қатар
фашистік Италияның, Екінші дүние жүзілік соғыстағы жеңілген Герман
мемлекетімен саяси одақтастығына назар аударғым келді. Осы тұрғыдан біз
қарастырып отырған тақырып өзектілігі арта түседі деп ойлаймын. Өйткені
біздегі жинақталып қалған әлеуметтік мәселелер де өз шешімін таппаса әр
елдерде орын алып жатқан қызғалдақтар, қызғылт сарылар революциялары
секілді төңкерістерге ұрындыру мүмкін. Ал мұндай жағдайды әртүрлі арам
пиғылды топтар шебер пайдаланып өкімет басына заңды жолмен-ақ келуі мүмкін.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: фашистік Италияның фашизм жолына
түсіп, Муссолини саясатын ұстанған мемлекеттің әлеуметтік саясатына шолу
жасап, толыққанды талдап беру.
Осы себепті көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыс мынадай
міндеттерді шешеді:
- бірінші дүниежүзілік соғыс әсерінен экономикасы әлсіреген Италия
мемлекетінің басына фашисттердің келуі;
- италия фашисттерінің ел ішінде жүргізген әлеуметтік саясатының бағыт-
бағдарын пайымдау.
Деректік негізі:
Осындай мақсат-міндеттерді алдыға қоя отырып, курс жұмысын жазу
барысында арнайы құжаттық айғақтар және дерек көздері кеңінен қарастырылды.
Тақырыпқа тікелей қатысты құжаттық жинақтар атап айтқанда, Ж. Бомьенің
“Гитлерден Труменге дейін”[1], сондай-ақ И.П.Дементьевтің редакциялық
басшылығымен жазылған “Историогорафия истории нового и новейшего времени
стран Европы и Америки”[2] атты еңбегі, Г.К. Кокебаеваның “Халықаралық
қатынастар тарихы.”[3], С.М. Мәшімбаевтың “Еуропа және Америка елдерінің
қазіргі заман тарихы.”[4] оқулығы, А.М.Родригес және М.В.Пономаревтың
“Новейшая история стран Европы и Америки. XX век.”[5] оқулықтары т.б.
ғылыми мақалалардың құндылығына тәнті болдым. Сөйтіп, жоғарыда аталған
деректер мен зерттеулер, мақалалардың негізінде ғылыми жұмыстың базалық
құрылымы жасалды. Жинақталған әр алуан мақалалар жүйелі талдау жасауға
мүмкіндік берді.
Тақырыптың маңыздылығы:
Бүгінгі таңда жаһандасу және халықаралық терроризм секілді әлемдік
халықаралық күрделі мәселелердің алдын алу, оны тиімді жолдармен шешу үшін
өткеннің тарихи тағлымына жүгінгеннің зор маңызы бар. Мәселен, зерттеу
аясында қарастырып отырған Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі фашистік
Италияның жүргізген саяси бағытын тарих беттерінде көп жазылды. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, "жас мемлекеттің дипломатиясын
нығайтуға үлес қосатын сыртқы саясаттың қыр-сырын білетін білгір мамандарға
ділгір болып отырғанымыз"1 дегені осы жұмысымыздың маңыздылығын арттыра
түседі.
Курстық жұмыс құрылымы әдеттегідей үш бөлімнен: Кіріспе, Негізгі бөлім
және Қорытындыдан тұрады: Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, деректік негізі,
мақсат-міндеттері және маңызы жан-жақты қаралса, негізгі бөлім тиісінше екі
тарауға бөлінген: 1-тарау. Италияның әлеуметтік саяси бағыты мен фашизмнің
келуі қарастырылса. 2-тарауда: Фашистік Италияның саяси бағыты мен саяси
дағдарыстар, соғыс қимылдары қамтылды. Қорытынды бөлімде жоғарыдағы
пікірлер тиянақталып ой-түйін жасалған.
XX ғ. 20-жылдарында корпоративтік идеологиялар—фашизм және ұлтшыл-
социализм (национал-социализм — қалыптасты. “Фашизм” деген түсінік Италияда
шықты. Бұндағы алғашқы ұйымдар “жауынгер одақтар” (“фаши ди комбаттименто”)
деп аталды, осыдан барып “фашизм” деген термин қалыптасты. Германияда бұл
қозғалысқа “нацизм” деген атау берілді. Фашизмнің шығуының Италия мен
Германияға ұтысты ортақ жағдайлары бар. Аталған екі ел орталықтанған,
біртұтас ұлттық мемлекетін өте кеш құрды. Соған орай Англия, Франция т.б.
батыс елдерінде демократиялық бостандықтар мен азаматтық құқықтар ХVII-
ХVIII ғғ. негізгі мемлекеттік заңдарға енгізілген болса, Германия мен
Италияда алғашқы конституциялар XІX ғ. екінші жартысында дүниеге келді
және демократиялық бостандықтар мен құқықтар өте шектеулі түрде болды. Бұл
елдерде жеке тұлғаның ой еркіндігі мен мүддесі мүлде ескерілген жоқ,
оның орнына билікке, күшке табынушылық сезімі орнықтырылды. Саяси даму
жағынан артта қалушылық пен демократияның әлсіздігі ұлтшылдық және
шовинистік сезімдермен толықтырылды. Осы екі елде де соғыстан кейінгі
экономикалық қиыншылықтар, революциялық қозғалыстың өрлеуі ұсақ және
орташа топтардың меншігінен айырылып қалу қаупін күшейтіп, олардың бір
жағынан, ірі капиталға, екінші жағынан, революцияшыл күштерге деген ашу-
ызасын тудырды. Революциялық қозғалысқа да, ірі капиталға да қарсы
тұра алатын күш ретінде олар фашизмге жүгінді. Сонымен қатар соғыста
жеңілу және ауыр Версаль бітім шарты — Германияда, ал Париж
конференциясында мүдделерінің ескерілмеуі - Италияда ұлттық қорлану сезімін
тудырып, шовинизмді күшейтті. Бұл жағдайлар фашизмнің саяси қозғалыс
ретінде қалыптасуына негіз болды. Ал фашизмнің идеологиясына негіз
болған ілімдер бұдан ертерек уақытта шықты, Фашизмнің идеологиясы
бұрынғы дәуірлердегі барлық ұлтшылдық, нәсілшілдік, зорлық идеяларын
насихаттаған ілімдерден өсіп шықты. Соның ішінде фашизм мен пангермандық
шовинизмнің тікелей байланысы бар. XІX ғасырдың 80-90-жылдарында
қалыптасқан пангерманистердің іс-әрекетін мынадай идеялар анықтады: 1)
Германияның континенттік Еуропадағы үстемдігі; 2) Барлық неміс тілінде
сөйлейтін халықтар мен ұлттарды Германия империясына топтастыру; 3)
Германияның отарлық иеліктерін кеңейту. Фашистер бұл идеяларды Пруссияның
милитаристік рухымен ұштастырды. Фашистік (нацистік) идеологияның ең басты
құрамдас бөлігі - нәсілшілдік теориясы, ұлтшылдық, шовинизм. Немістер —
“нордтық, арийлік” нәсіл, олар барлық нәсілдерден жоғары тұрады. Фашистер
“нордтық” нәсілдің тазалығын қалпына келтіруді міндет етіп қойды.
Нәсілшілдік теориясы шовинизммен тығыз байланысты болды.
Фашистік идеологаяның құрамында демократияға қарсылық, ақыл-ойға
қарсылық (антиинтеллектуализм), зорлық пен күшке табыну,
мемлекеттің рөлін өте жоғары бағалау (этатизм), көсемге
табыну (вождизм) сияқты өте бір реакцияшыл ілімдер болды.
Фашистер өзіндік этика негіздерін жасады: борыш, ар-ождан, туысқандық
т.б. қасиеттер адамшылық тұрғыдан емес, нәсілдік теория негізінде
түсіндірілді. Борыштан бас тартпау, ардан аттамау, туысқандық байланыстар,
т.б. қасиеттер тек жоғары “арийлік” нәсілге жататын адамдар арасындағы
қатынастарда ғана орын алады. Ал төменгі нәсілдер алдында олар белгілі бір
моральдық жауапкершілік атқармайды. Фашистер өз идеологиясын шын
мәнінде түсініп қабылдауды емес, оны соқыр сеніммен қабылдауды талап
етеді. Демек, фашистерге ақыл-ойы жоғары, зейінді адам емес, фанаттар
ғана қажет. Сондықтан да ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялылар қудаланды.
Фашистік идеология құрамына социализм туралы ойлар енгізілді. Бірақ
социализмді олар тек үгіт-насихат құралы деп ұққан.
Тарих тағылымында жалпы кез келген мемлекеттің саясаты жайында
ғалымдардың ғылыми зерттеулері көптен көп жазылған. Осы зерттеулердің
біріне тоқтала келіп фашистік Италия жайында С. Мәшімбаевтың мына ойына
жүгінсек: "Фашистік Италияның басты ойы Гитлершілдердің көмегімен
басқыншылық жоспарларын жүзеге асырды1". Ал сол заманның зарына іліккен Э.
Тельман "Бұқараны алдау үшін фашистер өздерін "ұлтшыл социалисттер" деп
атайды бұл жалған"2 деді.
1936 жылы Францияда "Фашизмді жеңіп шығу керек"3 деп жазды Морис
Торез. Оңшыл радикал Эдуард Даладье 1938 жылы Чемберлендік ағылшын
үкіметімен Герман және Италия фашистеріне масқаралық сөз байласуға қатысты
"фашизмнің көзі жойылсын"4 деп ұрандатты.
1 ТАРАУ ИТАЛИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСИ БАҒЫТЫ
1.1 Италиядағы буржуазиялық-парламенттік дағдарыстың әсер етуі
Бірінші дүниежүзілік соғыстан Италия жеңген ел қатарында шықты.
Италия соғыста өзінің негізгі бақталасы Австрия-Венгрияға соққы
берді. Соғыста жеңген ел қатарында шыққанымен, Версаль бітімінде
Франция мен Ұлыбритания Италияға толық еркіндік бермеді. Бірақ та
соғыста жеңген ел ретіндегі Италия қозғалысында ұлы державалық саясат
үстем болды. Италия буржуазиясы Балқан түбегінде және Жерорта теңізінде
өзінің үстемдік саясатын жүргізуді көздеген еді. Балқан түбегінде Антанта
елдері Италияның емес, Сербияның үстемдігін қолдады. Бірінші
дүниежүзілік соғыс Италия буржуазиясын саяси дағдарысқа әкелді. Ұлы
держава құру идеясы іс жүзіне аспады. Франция мен Ұлыбритания
жеңген ел ретінде өздерінің Еуропадағы билігін нығайту үшін Италия
буржуазиясын менсінгісі келмеді. Италияда ұлы державалық ойды жүзеге
асыру үшін күрес жүргізетін буржуазиялық саяси партиялар жоқ
болды.
“Соғыстан кейін халықтың арасында беделді бірден-бір саяси
партия - Италия социалистік партиясы (ИСП) болды”[6]. Италия
парламенттік Республика болғанымен, ИСП-ы парламентте көпшілік болды
да, ұсақ буржуазиялық (либерал, Республика, радикалдар) парламентте
айтарлықтай саяси күшке айнала алмады. Сондықтан Италия парламенті
шынайы демократиялық институтқа айнала алмады. Италия парламенті ұсақ
буржуазия алдында толық әшкерленді. Саяси дағдарыс ірі буржуазия
мен католик шіркеуінің бірігуіне жол ашты. Бұдан былай елді
басқара алатындай саяси партия құру қажет болды. Сөйтіп, 1919 жылы
Италияда Халык, партиясы құрылды. Бұл партияның әлеуметтік тірегі
католик шіркеуі ықпалындағы буржуазия және шаруалар болды, ИХП-ның
құрылуы Ватиканның католиктерге саяси жұмысқа араласуына рұқсат беруін
білдірді. Бірақ Ватикан мен Италия үкіметіндегі қарама-қарсылық
толық жойылған жоқ болатын. Либералдар католик шіркеуіне деген
сенімсіздігінен бас тартпай, антиклерикалык, саясатын жалғастырып, ИХП-
ына қарсы болды.
Соғыстан кейін Италия парламентіндегі саяси топтар демократиялық
сайлау жүйесін енгізді. Парламенттегі депутаттар мандатының алған
дауыс санына сәйкес бөлінуі принципі енгізілді. “1919 жылы жаңа
сайлау заңы негізінде парламент сайлауы өтті. Сайлау барысында ИСП
мен ИХП Депутаттар палатасында 154 және 94 депутаттық орын алды.
Ал либералдар және басқа ұсақ буржуазиялық партиялар 181 депутат
өткізе алды”[7]. Саяси күштер сайлаудан кейін біріккенімен, ұсақ
буржуазия мен соғысқа қатысқан әскери топтар Италияның соғыста жеңіп
шыққанын алданып, өздерін жеңуші ретінде бағалап, содан ұлы державалық,
шовинистік пиғылдағы адамдар саны көбейе бастады. Ұсақ буржуазия мен
майданнан келген топтар арасында ұлттық шовинизмң рухы жоғары болды.
Сөйтіп, Италияда көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар Италияны ұлы державаға
айналдыруға бағыт ала бастады.
Саяси-қоғамдық ұйымдардың арасында фашистер әлдеқайда белсенді
болды. Ұлттық шовинизм кең етек алып Версаль бітімінің шешіміне
қарсы шығып, қайта қарауын талап етті. Италияның Фиулле аралын
аннекциялау талабын Антанта елдері қолдамай, 1920 жылы аралды
Югославияға бергізді Антанта елдерінің мүндай шешімі фашистік
ұйымдардың қарсылығына, ұлттың намысын оятуға негіз болды.
1919-1920 жылдардағы саяси дағдарыс, сыртқы саясаттағы
сәтсіздіктер италияндықтардың шовинистік ойларын күшпен орындауға
шақырды. Италия армиясында бүлікке шақырушылар көбейе бастады. Олар
Адриат теңізінің жағасына, Албанияға әскер жіберуді талап етті,
Италия әскерлерінің арасында бүлік шығып, либерал партиясы үкіметтен
полиция мен жандармерияның санын көбейтуді талап етті.
1920 жылдан бастап Италияда саяси күштердің ара салмағы ұлтшыл
шовинистік топтарға қарай ауысты. Елдегі буржуазия дәрменсіздік
білдірді. ИСП-ы революциялық жолды қолдап, Кеңестік Ресейді қолдап,
халықты революцияға шақырып жатты. “Экономикалық дағдарыстар,
революциялық толқулар Италия буржуазиясының террорлық саясатқа көшуіне
жағдай жасады. Фашизмнің халық арасында беделі өсті”[8]. Фашизм
Италияда ірі әлеуметтік күшке айналып, жаңадан әскери ұйымдар мен
құрылымдар құрып, Италияны дағдарыстан алып шығатын бірден-бір күш
деп жарияланды. Елде саяси үкіметтік дағдарыс жалғасты.
1.2 Фашизмнің етек алуы. Бенито Муссолинидің үкімет басына келуі
Либералдық үкімет революциялық толқулардан соң террорлық қимылға
көшті. Буржуазия дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, фашистік қозғалыс
кең етек алып, халық арасында жаңа беделге ие бола бастады. Фашистік
топтар күштерін біріктіріп, 1919 жылы "әскери одақ" (facsі dі combattmento)
құрды. “Әскери одақ фашистік ұйым ретінде құрылып, оның жетекшісі Бенито
Муссолини болды”[9]. Фашистер елде өздерінің шовинистік, ұлтшылдық үгіт-
насихатың кең түрде жүргізді. Италия үкіметінің дәрменсіздігін сынға алды.
Ұлттық мүдде, Ұлы ұлт идеясын таратты. Жұмысшы табының арасында таза
экономикалық саясатты, ереуілдік қозғалысты қолдап, жұмысшы табының
мүддесін қорғады. Шаруалар арасында жерді кім өңдесе, жер соныкі ұранын
тастады. Италияда фашизмді негізгі әлеуметтік топтар, халықтың кедейленген
саласы қолдады.
Фашизмнің негізгі тірегі қалалық ұсақ буржуазия болды. Олар өз
меншіктерін қорғау үшін үкімет қолдап отырған ірі буржуазияны қатты сынға
алып, фашизмнің ұрандарын насихаттады. Фашизмнің шабуылы күшейген кезде
халық арасында ықпалы бар дәстүрлі Италия Социалистік партиясы қаруланып,
тек қана социалистік идеяны уағыздаумен шектеліп қалды. Жұмысшы табы
реакциялық буржуазия жағына шықты.
1920 жылдың аяғында Солтүстік және Орталық Италияда фашистер ашық
террорға шығып, коммунистер ықпалындағы жергілікті ұйымдарды талқандап,
большевиктерден елді құтқаруға шақырды. Жұмысшы табын әлсіретіп, ұсақ
буржуазия ықпалын күшейту бағытын ұстанды. Италия үкіметі де біртіндеп
фашизмді саяси жағынан қолдап, 1921 жылы соғыс министрі И.Бономи әскерлерді
фашистік ұйымдарға көмекке жіберіп, фашизмнің қарулануына жол берді.
"Италия премьер-министрі либерал Дж. Джолити парламенттегі 35 фашистік
депутаттармен бір блокқа кіріп, ИСП мен ИКП депутатгық тобына қарсы
күресіп отырды. Италияның ірі буржуазиясы елдегі либерал-парламенттік
саяси күшті сақтай отырып, фашизмді ашық қолдады"[10]. 1921-1922
жылдарда антифашистік күштер өте әлсіз болды. Италияның ұлылығын
қалпына келтіретін бірден-бір саяси күш фашизм деп түсінді.
Фашизмнің үкіметі өз қолына алуына жол ашылды.
1922 жылдан бастап фашистер парламентті таратып, диктатуралық
билікті орнатуға шақырды. Фашизм Ватиканмен тығыз байланыс орнатып,
католиктер де фашизмді қолдай бастады. Италияда саяси тұрақсыздықтан
1921 және 1922 жылдарда үш рет үкімет ауысты.
Италия социалистік партиясының реформалық тобы, үкіметті қолдап,
елде фашизмге қарсы тойтарыс беру үшін жұмысшы тобын көтеріп,
ереуілдер ұйымдастырылды.
Гарме қаласында фашистердің қарулы құрамдарына қатты соққы
берді. ИСП-ның максималистік тобы реформистерге қарсы шығып,
партиядан бөлініп, Унитарлық Социалистік партия (УСП) құрды. Бұл
жұмысшы табын әлсіретіп, олардың арасында жік туғызды. Фашизмге
үкіметті өз қолына алуға толық жол ашылды. Олар 1922 жылы Неаполь
қаласында өткен фашистер съезінде, үкіметке ашық ультиматум қойды.
Фашистер әскерлерін мобилизация жасады. Сөйтіп, Неаполь қаласынан Римге
жорық ұйымдастыруға кірісті. Үкімет амалсыздан отставкаға кетуге
мәжбүр болды. Италияда төтенше жағдай жарияланды. Король үкіметтің
кетуін қолдамай, Муссолиниді шақырып, үкімет құруға шақырды. "1922
жылдың 22 қазанда фашистік отряд салтанатты түрде Рим қаласына
келіп, Муссолини үкімет басына отырды"[11]. Италияда фашистік
диктатура орнады. Еуропада тұңғыш рет фашизм үкімет басына келді.
Италияда соғыстан кейінгі либералдық-парламенттік жүйе тарады. Саяси
дағдарыс, революциялық күштердің жеңілуі, антифашистік қозғалыстың
әлсіздігі, Италия буржуазиясының фашизмді қолдауы, Италияда
демократияның жеңіліс табуына әкелді.
2 ТАРАУ ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
2.1 Италиядағы “Матеотти дағдарысы”
Италияда фашистік диктатураның құрылуы, буржуазиялык демократияның
кейбір басқару жүйесінің уақытша сақталуына әкелді. Парламент сақталды,
саяси партиялар ашық жұмыс істеді. Муссолини үкіметі құрамында либералдар
дін сақталды. Бірақ та фашистік диктатура біртіндеп өзінің саяси құрылымын
өз қолдарына ала бастады. 1923 жылы жаңадан сайлау реформасын жүргізді.
Бұрынғы демократиялық сайлау орнына, мажоритарлық жүйесін енгізді. Сайлауда
25% дауыс алған партия депутаттардың үштен екі орнын қамтамасыз ете алатын
болды.
"Италия парламентінің орнына құрылған Үлкен фашистік кеңес (ҮФК) заң
шығарушы институтқа айналды. Оның төрағасы Муссолини болып
тағайындалды"[12]. 1923 жылы Ұлттық қауіпсіздік милиция - ерекше фашистік
қарулы ұйымға айналды. Олардың мүшелері Корольге жоне Муссолиниге таза
жұмыс атқаруға уәде берді. Жергілікті басқару жүйесі префект әкімшілігінде
фашистік партия өз бақылауын орнатты.
Фашистік үкімет буржуазияны қолдап, көптеген жеңілдікке барды. Ірі
өнеркәсіп иелеріне субсидиялық көмектің мөлшерін азайтқанымен, банктен
кредит алуды жеңілдетіп, салық жүйесіне реформа жүргізді. Ұсақ буржуазия
фашизмнің әлеуметгік тірегі болудан қала бастады. Экономикалық реформа ірі
буржуазия мүддесіне сәйкес жүргізілді. Капитализмнің уақытша тұрақтану
кезінде Италия экономикасы дами түсті. 1922-1924 жылдарда Италияда
акционерлік қоғам саны 5951-ден 8822-ге жетті.
Ұлттық капитал үштен бір есе өсті. Өнеркәсіп өнімдерін көптеп жоғары
бастады. Еңбекші халықтың тұрмыс жағдайы біртіндеп жақсара түсті.
"1924 жылы сәуір айының 6-ы күні Италияда парламент сайлауы болды.
Сайлау мажоритарлық жүйе арқылы өткізіліп фашистік партия депутаттардың —
орнын алды"[13]. Оппозициялық партиялар — аз орынға ие болды. Алғашқы
парламент отырысында унитарлық социалистік партиясының депутаты Джакомо
Матеоти сайлау қорытындысын қатты сынға алып, фашистердің террорлық жолмен
жеңіске жетіп отырғанын дәлелдеп сөз сөйледі. Бұл оның соңғы сөзі еді, оны
1924 жылы маусым айының 10-ы күні көшеде кетіп бара жатқан жерінен ұстап
алып, өлтіріп тастады. Маттеотидың өлтірілуі елде саяси дағдарысты
тереңдетті. Антифашистік қозғалыс кең етек алды. Парламенттегі
оппозициялық партиялар депутаттары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz