Фашистік Германияның сыртқы саясаты
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Халықаралық
қатынастар
және
Қазақстан Республикасының
сыртқы саясат
кафедрасы
Абдрахманова Ботагөз
Фашистік Германияның сыртқы саясаты
(Курс жұмысы)
Ғылыми жетекшісі:
Бокашева Ф.С.
Алматы, 2004
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 7
1- тарау. ФАШИСТІК ГЕРМАНИЯ 10
1.1 Гитлердің үшінші рейхі 10
1.2 Фашистік режим 15
2-тарау. Фашистік Германияның сыртқы саясаты 19
2.1 1933-1939жж. Фашистiк Германия 19
2.1 ГФР-нің мемлекеттік құрылысы 26
Қорытынды 33
Пайдаланылған деректер тізімі 34
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Менің курс жұмысымның тақырыбы
Фашистік Германияның сыртқы саясаты. Германиядағы фашизмнің пайда болуы
әлемге үлкен қайғы-қасірет алып келді. Фашистік Германияның сыртқы саясаты
миллиондаған халақты, кейінен бүкіл адмзатты жаулауға бағытталған.Осыған
қарсы бейбіт халықтың кек алу сезімі жоғарылай берді. Басқаша айтқанда,
агрессор жалпы халықтық қарсыластық туғызды. Агрессорлармен соғыс өте қиын
және қанды болды. Фашистік Гермаияның сытқы саясатын қарастыра отырып,
осындай агрессиялық саясаттың дұрыс еместігін және бұндай қателерді болашақ
халықаралық қатынастар мамандарының қолында екеніне сенемін.
Жұмыстың мақсаты. Курс жұмысын жазуда менің алдыма қойған мақсатым
- Фашистік Германияның жүргізген саясатына қазіргі кездегі көзқараспен
қарап, Германияның сыртқы саясатының негізгі жолдарын айқындау. Бұл
мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:
- Германияда фашизмнің пайда болуын қарастыру.
- Фашистік режимнің орнауымен танысу.
- Германияда фашистік агрессияның етек жаю себептерін және оның
саясат себептері мен салдарына талдау жасау.
- Фашизмдік бағыттың жеңілуіне сипаттама беру.
- ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның мемлекеттік құрылысын
көрсету.
Тарихнамалық шолу. Мен курс жұмысын жазу барысында В.П.
Прокопьевтің История Германского государства атты кітабынан Герман
мемелекетінде фашизмнің кең етек алуына дейінгі елдегі экономикалық жағдай
туралы мәліметтерді алдым.
Г.Л. Розанов Очерки новейший историй Германии (1918-1933г.г.) атты
еңбегінде гитлерлік Германияның соғысқа экономикалық, идеологиялық, әскери-
дипломатиялық дайындалуына анализ жасалған.
Г.Л. Розанов Крушение Фашистской Германии атты еңбегінде фашизмнің
әскери, саяси, моральді жеңілуінің себептері мен саясаты келтірілген.
Л.Н.Гинцбергтің На пути в имперскую канцелярю. Германский фашизм
рвется к власти атты монографиясында Германдық фашизмнің билікке келу жолы
өте жақсы көрсетілген.
И.Я.Бисктің Германский фашизм атты кітабында Германияға келу
себептеріне аназиз жасалған.
А.А.Галкиннің История Германского фашизма атты еңбегінде фашизмнің
монополистік буржуазиямен қарым-қатынасы толық көрсетілген. Сонымен қатар
фашистік диктатура құрылымы, фашизм идеологиясы жайлы ойлар келтірілген.
А.С.Бланк Из истории раннего фашизма в Гермаии атты еңбегінде
фашизмнің әлеуметтік тамыры мен шығу себептерін, оның адамзатқа әсер етуін
сипаттаған.
А.С.Ерусалимский, Е.А.Болжин, Б.Г.Тартаковскийдің Германский
империализм и вторая мировая война деген еңбегінде Фашистік Германияның
Кеңес Одағымен қарым-қатынасы, екінші дүниежүзілік соғысқа дайындығы мен
сыртқы саясаты жақсы сипатталған.
В.А.Абулхановтың Европейская стратегия Германского фашизма деген
кітабында ұлтшылдықтың идеологиясы, экономикасы, сыртқы саясаты туралы
жазылған.
Д.М.Проэктордың Фашизм: путь агрессии и гибели атты еңбегінде
фашизмнің пайда болу тарихы, кең етек жаюы мен жеңілуі қарастырылған.
Деректемелік шолу.
Басылымдар:
Репарационный вопрос и военные долги. Сборник документов. М.,1989.
фашизмнің келуіне ықпал жасаған Герман мемлекеттінің экономикалық жағдайы
жайлы мәліметтер берілген.
Документы и материалы кануна второй мировой войны, т.1-2, М.,1948.
Бұл басылымнан екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы әлемдегі халықаралық
жағдай туралы мәліметтер келтірілген.
Сборник действующих договоров, соглашений и конвенций, заклеченных
СССР с инностранными государствами. Вып.2. Ант о военной капитуляции
германских вооруженных сил. Декларация о поражении Германии. М.,1955
Бұл басылымда СССР мемлекетінің Германиямен жасасқан келісімдері мен
Германияның жеңілуі туралы мәліметтер келтірілген.
Саяси қайраткерлердің мемуарлары.
Майский И.М. Воспоминание советского посла, Кн.2. Мир или война?
атты мемуарында Герман еліндегі саяси жағдай туралы біраз деректер
келтірілген.
Гюнтер Г. Я был королевско-прусским советником атты мемуарында
Гитлер жүргізген саясатын өздерінің, яғни неміс халқының көзқарасы
келтірілген.
Дипломатиялық құжаттар
Документы и материалы кануна второй мировой войны. Из архива
Министерства инностранных дел Германии. Т.1-2.М.,1948. Бұл құжатта екінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Германиядағы саяси және экономикалық
жағдайға байланысты әртүрлі құжаттар берілген.
Переговоры военных миссий СССР, Англии и Франции в Москве в августе
1939г. – Международная жизнь. 1959. №2, №3. Бұл құжатта СССР, Англия
және Франция арасында фашизмнің европа елдеріне төндіретін қаупін талқыға
салып, Германияның агрессорлық саясатын әшкерлеген.
Зерттеу әдістері. Осы курс жұмысын жаза отырып мен тарихи және
талдау әдісіне сүйендім. Өйткені, мен тарихи деректер мен әдебиеттерді
пайдаланып, тақырыбымды талдап қарастырдым.
Курс жұмысының құрылымы. Курс жұмысының құрылымы үш бөлімнен
тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, деректік негіз, мақсат-міндеттері
жан-жақты қаралса, негізгі бөлім тиісінше екі тарауға бөлінген.
Қорытынды бөлімінде жоғарғыдағы пікірлер тиянақталып, ой түйіні
жасалған.
1- тарау. ФАШИСТІК ГЕРМАНИЯ
1.1 Гитлердің үшінші рейхі
Германияда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ішкі жағдай
былай қалыптасқан еді. Бұл елде 1918 жылдан кейін терең әлеуметтік-саяси
дағдарыс басталды. Халық соғысқа байланысты қиыншылықтарға шыдай алмай,
соғысты бастаған үстем тапқа наразылығын көрсете бастады. 1917 жылы халық
көтерілістері басталды. 1918 жылы әскери кәсіпорындарда көтерілістер шықты.
Көтерілісшілердің талабы - Германия соғысты бейбітшілік шартпен аннексия
және контрибуциясыз аяқтасын дегені еді. Кейбір қалаларда жұмысшылардың
кеңестері құрылды. Бірақ кайзер үкіметі бұл көтерілісшілердің бәрін
басты[1].
Неміс әскерінің талқандалуы Германияда революциялық жағдай туғызғаны
мәлім. Революцияның өзі Килль қаласындағы теңізшілер көтерілісінен
басталды, оған Гамбург, Лейпциг, Мюнхен, Бремен сияқты ірі қалалар да
қосылды. Жұмысшылардың және солдаттар депутаттарының кеңестері құрылды. 9
қараған күні Берлин қаласында көтерілісшілердің жеңгенін көріп, кайзер
Екінші Вильгельм Голландияға қашып кетті. Монархия жойылды. Енді
мемлекеттің алдағы бағыты белгісіз еді. Осы қалыптасқан жағдайда имперлік
үкімет билікті социал-демократиялық партияның қолына берді де, Эберттің
басшылығымен бірінші үкімет құрылды. Олар мемлекеттегі өзгерістер жай
реформамен өтуге тиісті деп санады, әлеуметтік келісімді сақтап,
социализмге компромисс әдісімен жеткенін дұрыс деп есептеді. Бұл партияның
бір бөлімі Тәуелсіз социал-демократтар Каутский мен Бернштейннің
басқаруымен бөлінді. Тағы бір бөлімі Германияның сыртқы әскери саясатына
қарсы шыққан "Спартак одағы" деген ұйым Революциядан кейін, монархияның
саяси жүйесі жойылған кезде шын билік Кеңестердің қолында болатын. Оларды
Берлин қаласының Кеңесі басқарды Бұл органдар жұмысшы табының мүддесін
қорғайтын еді. Социал-демократтардың үкіметі буржуазияның мүдделерін
жақтады, сөйтіп ол жеке меншік құқығын сақтап, банкідегі ақшалардың
тұтастығына кепілдік беріп, Кеңестердің билік етуіне қарсы шықты. Бұл
қалыптасқан жағдайда Эберттің үкіметі Құрылтай жиналысын дайындап,
Германияның тағдырын солай шешкен дұрыс деп санады. 1918 жылғы желтоқсан
айында Германия кеңсстерінің съезі өтеді. Эберттің үкіметі толық билікке
ие болады. Жұмысшылар авангарды бұл саясатпен келіспей, сол айда
Коммуиистік партияның құрылтай жиналысын өткізді. Бұл партия социалистік
құрылыстың негізгі мақсаттарын алдына қойған болатын, олардың арасында
пролетариаттың диктатурасын қалыптастыру, капиталистік меншікті және
банкілерді экспроприациялау, пролетариатты ірілендіру, милитаризм саясатын
жою және басқа мәселелер бар еді.
1919 жылы Коммунистік партия Берлин қаласындағы үкіметке қарсы
ұйымдастырған көтеріліске қатысты. Үкімет қанды шаралар қолданып, ол
көтерілісті басуда аянып қалған жоқ. Пролетариаттың көсемдері Р, Люксембург
пен К. Либкиехт өлтірілді. Сөйтіп, Германияның пролетарлық қозғалысы
басталды. 1919 жылдың қаңтар айында Веймар қаласында Құрылтай өтті, оның
сайлауында буржуазиялық партиялар 16 миллион дауыс, екі социал-
демократиялық, партия 13, 5 миллион дауыс жинаған еді. Германияның
президенті болып Макс Эберт сайланды. Үкімет осы үш партияның өкілдерінен
құрылды. Сол айда Веймар қаласындағы бүкіл Германияның Құрылтай жиналысында
Германияның жаңа Конституциясы қабылданған еді. Оның алдында тұрған
мақсаттарының бірі - Пруссияның үстемдік ролін жою. Енді неміс
мемлекетінің федерациясы басқа принциптермен құрылды, федерацияның
субъектілері бір-біріне тең болатын. Олар "жерлер" деп аталатын болды.
Орталық федеративтік органдардың билігі өте күшті, олар кейбір жағдайда
жерлердің салық саясатына да кірісе алатын еді. Осы Конституцияның тағы бір
ерекшелігі шаруашылық саласының реттелуі. Бұл Конституция 14 жыл бойы
қолданылды, ол буржуазиялық-либералдық құжаттардың қатарына кіреді.
Конституция Германияны парламенттік республика деп бекіткен, бірақ ол
империя деген атағын сақтады,
Жоғарғы Заң шығарушы орган 4 жылға сайланды. Ол екі палатадан:
рейхстаг және рейхсратган тұратын. Оны сайлау үшін Германия 35 сайлау
округіне бөлінеді, сайлау пропорциялық жүйеде өткізілетін. Сайлауға әйелдер
және 18 жасқа толған азаматтар қатысатын болды, Германияның федералдық
құрылысын рейхсрат деген жоғарғы палатаның құрылысы көрсетті. Ол
Германияның 18 жерінің өкілдерінен құрылды. Олардың 15-і республика, 3-
ерікті қалалар. Германияның жерлерінде өзінің федералдық конституцияға
сәйкес келетін конституциясы және ландтаг деген заң шығарушы органы мен
үкіметі болатын. Пруссия рейхсратта 26, Бавария 10, Саксония 7, Баден 3
дауысқа ие болды. Әрбір мемлекеттің рейхсратқа 40 проценттен артық депутат
жіберуге құқығы жоқ, бұл баптың Пруссияға қарсы алынғаны көрініп тұр.
Германияның президенті 7 жылға сайланды. Президенттің құқықтары
өте күшті болатын, оның құқықтары императордың құқықтарынан
артық болмаса, кем емес еді. Империя үкіметітің басшысы-канцлер, бұл
Германия мемлекетінің ерекшелігі. Оны император тағайындайды, кейбір
жағдайларда ол рейхстагтың пікірімен санаспай, канцлерді қоя алатын.
Канцлердің ұсынысымен президент министрлерді тағайындады. Бүкіл азаматтық
және әскери тұлғаларды да президент тағайындады.
Барлық буржуазиялық демократиялық құқықтар мен бостандықтар
Конституцияда жарияланған. Германияның әлеуметтік саясаты әрқашанда күшті
болатын, оның жұмысшы табы күшті және жақсы ұйымдасқан. Олар әлеуметтік
талаптарының көбін құқықтық құжаттарда дәйектеп көрсеткен. Конституцияның
165-бабы осы бағытты жалғастырып, өнеркәсіп Кеңестердің құрылуын бекітті.
Олар еңбек, жалақы, әлеуметтік мәселелермен айналысуға тиісті болды. 8
сағаттық жұмыс уақыты, еңбекті қорғау, ұжымдық шарт, кәсіподақ пен
әкімшіліктің арасында құру, мемлекеттің жүмысшыларына көмектің түрлерін
беруі - осы Конституцияның прогрессивтік жағын көрсетеді.
1919 жылы Германия Версальдық шартқа қол қойды. Ол бойынша Францияға
Эльзас жэне Лотарингия жерлерін қайтарып берді, отарлардың көбін жоғалтты,
контрибуция төледі және 100000-нан артық әскер құруға құқықсыз болатын.
Неміс буржуазиясының консервативтік топтары контрреволюцияның
әлеуметтік негізін кеңейту үшін Германияда пайда болған фашизм қозғалысына
күшін салды. Фашистер соғыстан жамандық көрген, қоғамда өздеріне орын таба
алмаған элементтерді бір топқа жинады. Фашистік партия 1919 жылы құрылды.
Оның бағдарламасының ең бірінші мақсаты - немістердің жаңа рейхін құрту
және неміс емес халықтарды, коммунистерді, марксистер мен еврейлерді жою.
Әлеуметтік демагогия, семиттерге қарсылық, шовинизм - бұл партияның негізгі
белгісі болды. 1920 жылдан бұл партия Германияның ұлттық-социалистік
жұмысшылар партиясы деп аталды. 1919 жылы Адольф Гитлер партияның басшысы
болып сайланды[2]. Ол ұсақ Австрия қызметкерінің отбасында туған, окымаған,
ауру, герман әскерінің ефрейторы. Бірақ ол мықты саяси қайраткер, жақсы
демагог, шешен адам еді. Ол басқарған кезде бұл партия Баварияның мықты
антикоммунистік партиясына айналды. Партия жұмысшыларға трестердің
мемлекеітің басшылығына көшуге, шаруаларға жер реформасын, ұсақ
буржуазияға, ірі сауда дүкендерінің "муниципализациясын" жасауға уәде
берді. Ұлтшыл социалистердің демагогиялық бағдарламасы 25 тармақтан
тұратын, сондағы мәселелердің бірі - Германияның шекарасын қайтадан
белгілеу еді. Партия басшылары халықтың ұлттық - патриоттық сезімін
пайдаланып, Версаль шарты бойынша Германияның жағдайының нашарлағанын
сезіп, Германияның байланыстырды, сондықтан парламентаризмді,
демократиялық режимді қажетті деп санаған жоқ. Халық фашизмнің демагогиялық
уәделеріне сенді. Ал монополистік капиталдың фашизм өзінің саясатын жүзеге
асыратын мықты құрал деп санағаны анық. Ірі капиталистер осы партияға
кірді. 1923 жылы Германияда соғыстан кейінгі қиыншылықтарға байланысты
(репарация, инфлядия) қайтадан революциялық жағдай қалыптасты. Саксония мен
Тюрингияда жұмысшылардың үкіметтері орнады.
1923 жылы Гамбург қаласында көтеріліс болды. 1924 жылы Германияда
экономикалық жағдай жақсарды. АҚШ пен Ұлыбритания 1924 жылы Дауэс
жоспарын қабылдаған болатын. Енді Германияның репарациясы реттелді. 1929
жылы дүниежүзілік терең дағдарыс басталды. Бұл дағдарыс Германияда өте қиын
жағдайда етті. Бұл мемлекеттің төлейтін репарациялары жағдайды ауырлатып
жіберген еді. Өнеркәсіп өнімінің шығуы жартылай азайды. Бұл кезде жұмыссыз
қалған адамның саны 9 миллионға жақындады. Дағдарыс кезінде 2 мың ереуіл
болды. Коммунистік Партияның жағдайы күшейіп, 1930 жылы өткен сайлауда
оған 4,5 миллион адам дауыс берді. Коммунистер Германияда социалистік
мемлекет құрып, дағдарыстан шығуға болады деп санаған еді.
Жаңа төңкерістен қорқып, монополиялар Германияның фашистік партиясына
билікті берді. Германияның президенті Гинденбург парламеттегі көпшілікке
қарамастан, Конституция берген билігін қолданып, Германияның канцлері етіп
Гитлерді тағайындады. Гинденбургтің өзі Германияның президенті болып 1925
сайланған еді. 1934 жылы ол қайтыс болғаннан кейін, Гитлер президенттік
лауазымды жойды.
Гитлердің партиясы өзінің ықпалын күшейтті. Осы кезде фашистердің
демагогиясы кедейленген ұсақ буржуазияиы, шаруаларды, жұмысшыларды,
жұмыссыз қалған адамдарды өздерінің жағына тартты. Саяси бағдарын жоғалтқан
адамдардың бұл партиядан көмек күтуі заңды еді. Оларды алдаған "Версальді
жою", плутократияны жою, трестерді бақылау, ірі дүкендерді жабу,
жұмыссыздықты жою, аграрлық реформа өткізу дегендей демагогиялық талаптар
қойды. "Ұлы Германияны құру", "Коммунизмді құрту", деген ұрандар
монополистік топтарға ұнады. 1932 жылы Гитлер Дюссельдорф қаласында бірнеше
рет герман монополистерінің алдында сөйлеп, содан кейін олар оған ақшаларын
құйды. Фашистердің ықпалын рейхстагтың сайлауы көрсетті: оларға дауыс
бергендер 1928 жылы 800000, 1930 жылы 6,4 млн., 1932 жылы 13,7 млн. адам
болды.
1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса маңызды
салдарының бірі империалистік мемлекеттер арасындағы қайшылықтардың
шиеленісе түсуі еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жеңген державалар
құрған жүйеде үлкен жік пайда болды. Жеңілген елдер қарымта қайтаруды және
өз бәсекелестерінен басым түсуді көздеген еді. Капиталистік дүниедегі
қатынастар бұрын да империалистік принциптерге, ең алдымен, елдің әлсізді
басып-жаншуына, өктемдік пен зорлық-зомбылыққа негізделетіні белгілі.
Қайшылықтардың шиеленісу кезін империалистік мемлекеттердің экономика
саласында да, саяси ықпал өрісінде де дамудың әркелкілігінің күшеюінен
іздестіру керек.
30-жылдардың басында, бір жағынан, Германия, Италия, Жапония, екінші
жағыдан, Ұлыбритания, Франция, АҚШ арасындағы қайшылықтар күшейді.
Фашістік мемлекеттер тым агрессияшылдығымен көзге түсті. Дүниежүзінде өз
гегемондығын орнықтыру мақсатымен агрессорлар жаңа дүниежүзілік соғыс
әзірлеуді және оны тұтандыруды негізгі мақсат етіп қойды. Екінші топтағы
елдердің капиталистік дүниедегі басым позицияларын сақтап қалуға ұмтылуы да
заңды еді. 1930 жылы "Республиканы қорғау және елді татуластыру" деген
төтенше заң қабылданды. Мемлекеттік құрылысты ашық сынауға болмайды, ол
үшін азаматтар жауапкершілікке тартылады. Полиция осындай жиналыстарды
тарата алатын. Әкімшілік органдар, газеттер меп журналдарды белгілі уақытқа
жаба алды. Конститудияда бекітілген азаматтардың негізгі құқықтарын 1931
жылдың 28 наурызында қабыдданған төтенше заң жойды. Бұл заңдар
демократиялық режимді шектен, Гитлердін партиясы билікті қолына алу
процесін жеңілдеткен еді. Монополиялар ұлы дағдарыстың қиыншылықтарын
халықтың шығына салды. Жұмысшылардың жалақысы, жұмыс орындары азайды, 6
миллион адам жұмыссыз қалды, еңбек уақыты көбейді, әлеуметтік көмек
нашарлады.
1.2 Фашистік режим
1932 жылғы сайлауда Германияда фашистік партияға 13 миллион,
коммунистерге 6 миллион дауыс берілді. Германияның банкирлері мен ірі
кәсіпорын иелері Гинденбургке Гитлерді рейхсканцлер етіп қойсын деп петиция
бергеннен соң, Германияның президенті Гинденбург Гитлерді канцлер етіп
қойған болатын. Билік фашистердің қолына берілді. Олар ең реакциялық,
шовинистік және агрессиялық қаржы олигархиялық топтардың мүддесін қорғады.
Гитлердің билікті қолына алғаны мемлекеттік төңкеріске ұқсас. Бұл жағдай
буржуазияның және коммунистердің әлсіздігін көрсетті. Коммунистер оған
қарсы шықса да, оларды ешкім жақтаған жоқ. Фашистік режимнің құрылуы келесі
себептерге әкеліп соқты: монополистік буржуазия фашистік әдістерді терең
дағдарыстан шығу үшін пайдаланғысы келді; шаруалар мен ұсақ буржуазия
фашистердің демагогиялық, әлеуметтік бағларламасына сеніп, мемлекеттен
әлеуметтік көмек күтті. Германияның пролетариаты ыдырал, фашизмге қарсы
шыға алған жоқ.
Германияның фашистік режимі классикалық режимге жатады. Фашистік
үкімет Веймар Конституциясында жазылған демократиялық құқықтар мен
бостандықтарды жоюдан бастады. Фашистік режим қоғамдық және саяси қарым-
қатынастардың бәрін бақылады. Бір жағынан террор аппаратының күші (СС, СА,
халық трибуналдары), ал екінші жағынан қоғамдық өмірді бақылайтын ұйымдар
(ұлтық-социалистік партия, ұлттық-социалистік әйелдердің одағы, Гитлер
жастарының ұйымы, еңбек майданы және басқалары) қоғамдық өмірді бақылады.
Бірақ Гитлердің насихат аппараты да күшті болды. Фашистердің идеологиялық
тәрбие жұмыстары өте жақсы ұйымдастырылған болатын. Мектептен бастап
фашистік партия, мемлекеттік аппарат арийлердің басқа адамнан жоғары
екенін, олардың дүниежүзілік үстемдік миссиясы бар екенін насихаттаумен
болды. Ол үшін мерекелер, ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар қолданылды.
Гитлер насихатында маңызды рол атқарған "Жалғыз халық, жалғыз мемлекет,
жалғыз фюрер" деген ұран. Гитлердің "Менің күресім" деген кітабын
немістердің бәрі оқып, бір-біріне "Хайль Гитлер" деп амандасуға тиісті
болды.
Гитлерге фюрер ретінде жаңа (төтенше) құқықтар берген. 1934 жылғы 30
қаңтардағы "Рейхтің жаңа құрылысы" туралы заң қабылдап, оны империялық
үкіметтің басшысы ретінде, жаңа конституциялық құқық шығаруға міндеттеді.
Германия құқықтық мемлекет принципін қолданбайтын болды, 1933 жылғы 4
ақпанда "Неміс халқын қорғау" туралы заң қабылданды. Бұл заң полицияның
құқықтарын күшейтіп жіберді. Саяси жиналыстарда қоғамдық тыныштықты бұзатын
немесе мемлекеттік тұлғаларды сынайтын сөздер айтылса, ол ондай
жиналыстарды таратып жібере алатын. Рейхстагтың өртелуінен Коммунистік
партияға қарсы істелген жазалау басталды, бірінші болыл құрбан етілген
Коммунистік партия. Гитлер коммунистерді "рейхстагты өртедіңдер " деп
айыптап, 1933 жылы Коммунистік партияды жойды. Оның ақпараты жабылып,
коммунист депутаттардың мандаттары да жойылды. Коммунистерді түрмелерге,
концлагерлерге қамап, қырып-жойды. Келесі шара басқа партияларға тиісу
арқылы, бірте-бірте қоғамда тек фашистік партия ғана қызметін жүргізе алды.
Сөйтіп, көппартиялық жүйе жойылған еді. Жаңа партияларды
ұйымдастыруға тыйым салынды. Мемлекеттік аппарат пен фашистік партия
қосылып, мемлекетте үстемдік жағдайын нығайтқан еді. Партия шешімдері
мемлекеттік заң күшіне ие болды, өйткені, фашистік ұйымдар мемлекеттік
функцияларды атқаратыи. Партия мүшесі болмаған азаматтар мемлекеттік
аппаратқа кіре алған жоқ. Бұл жағдайдың құқықтық негізін дәйектеген 1933
жылы 1 желтоқсанда қабылданған "Партия мен мемлекеттің бірлестігін жүзеге
асыру туралы" заң.
Фашистік партия мен оның ұйымдары фашистік мемлекеттің негізгі күші
деп белгіленді. Гитлердің партиядағы орынбасары үкімет құрамына кірді.
Партияның жергілікті басшылары (гаулейтерлер) империяның өкілдері деп
саналды. Партиядағы билік фюрердің қолына жиналды. Үкімет 1933 жылдан
бастап төтенше құқықтарға ие болып, заң шығаратын құқықты қолына алды.
1933 жылы Гитлер төтенше бірнеше заң қабылдады. 1934 жылы Гинденбург
қайтыс болғаннан кейін президенттің сайлауын өткізбей, канцлер өз қолына
бұл екі функцияны бірдей жинақтады. Гитлердің "фюрер және рейхсканцлер" деп
аталу себебі осында жатыр. Фюрердің құқықтық жағдайы конституцияда
бекітілген жоқ. Фюрер партияны, үкіметті және мемлекетті басқара беретін
болды, ол қызметін өмір бойы істейтін жеріне өзінен кейін қалатын адамды
белгілеу құқығына да ие еді. Мемлекеттің ең ықпалды тұлғаларын өзінің
партиясының өкілдерінен қойып отырды, олар тікелей өзіне ант беретін.
Мемлекеттік аппаратта қызмет ететіндер тек "арийлер" ғана. Оның
қызметкерлерінің саны екі есе көбейді. Имперлік үкімет Конституцияға сәйкес
келмейтін заңдарды өзі қабылдай беретін болды.
Германияда тоталитарлық, фашистік диктатураиың құрылу жолы қысқаша
осындай. Формальды түрде Веймар Конституциясын ешкім жойған жоқ, бірақ
рейхстаг негізгі қызметін атқара алмады да, оны тек демагогиялық саясаты
үшін пайдаланды. Жергілікті өзін-өзі басқару жойылды да, Германия жалпы
мемлекетке айналды. 1934 жылы Рейхсрат мемлекеттік федеративтік неміс
жерлерінің өкілдерінен құрылған орган жойылды. Жерлердегі билік фюрердің
тағайындаған штаттарға берілді.
Гитлердің мемлекеттік аппаратының экономикалық процестерді
белсенді реттегені мәлім. Ол үшін 1933 жылы Герман шаруашылығының бас
Кеңесі құрылған болатын. Ол Гитлердің жанындағы кеңесші орган. Бұл кеңеске
герман экономикасының ең бай және абыройлы адамдары кіретін. Мемлекеттің
экономикалық саясатын дэйсктеген 1934 жылы алынған "Герман шаруашылығының
органикалық құрылысы туралы" заң қабылданады. Бұл заң бойынша 6
экономикалық топ қалыптасты, олар: өнеркәсіп, энергетика, сауда,
сақтандыру, қолөнер және шаруашылық топтары. Оларға 44 шаруашылық тобы
қарайтын. Германия 18 экономикалық округке бөлінді де, әрқайсысын округтік
экономикалық палата басқарды. Топтар мен палаталардың басшыларын үкімет
тағайындады. Олардың толық экономикалық билік болғандықтан, экономикалық
басқару бір орталықтан жүргізілетін. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылықты жұмыс
күшімен қамтамасыз ету үшін мәжбүр ету еңбегі енгізілді. Бүкіл жұмысшылар
мен қызметкерлердің еңбек майданына кіруі шарт болатын.
Халықтың жағдайы нашарлады. Жұмыс уақыты 10-12 сағатқа жетті де,
жалақы азайды. Фашизмнің сыртқы саясаты милитаристік еді. Гитлер бірінші
күннен бастап соғысқа дайындала бастаған. Гитлердің фашистік режимі
классикалық фашистік режимдерге жатады. Ол өзінің параноикалық мінез-құлқын
және ауруларын өз режимі арқылы аңғартқаны белгілі. Мемлекеттік аппараттың
бүкіл органдары тек өзіне бағынды. Олардың арасында тұтастық байқалған жоқ,
оның толығымен қолданғаны ағылшынның "Бөліп ал да, билей бер" деген
принципі. Оның аппаратында тәрбие жұмысы өте қатты жүргізілді, демагогиялық
жағынан Гитлермен салыстыратын адамды табу өте қиын. Ол жұмысшыларға,
шаруаларға, колөнершілерге көптеген уәде берді, бірақ көбік жүзеге асыра
алған жоқ. Құқық қорғау органдарының саны ғана емес, беделі де күшейе
түскен болатын. Бір-бірін бақыласын деп Гитлер оларды өзара қарсы қойып,
арасындағы қайшылықтарды өзі туғызып отырды. 1925 жылы Гитлерді қорғау үшін
Гестапо,СС, СА (күзет және шабуыл отрядтары), құрылған еді. Олар өзіне
тікелей бағынып, тек бірыңғай фашистік партияның мүшелерінен тұратын. 1937
жылы олардың саны 200000, 1939 жылы 300000 адамға жетті. СС отрядтары:
жалпы отрядтар, әскери отрядтар жэне "Өлібас" деп үшке бөлінді. Жалпы
отрядтар фюрердің саяси солдаттарынан құрылды. Олар буржуазия мен зиялы
қауым өкілдерінен және әскерлерден, ал әскери отрядтар баскесерлерден,
Гитлерді қорғайтын фашистік партия мүшелерінен туды. Осы отрядтар Гитлердің
ауыр тапсырмаларын, террористік актілерін орындады. "Өлібас" отрядтары
полицейлік функцияларды да атқарып, халықтың көтерілістерін басты және
концлагерлерде қызмет етті. Оның негізгі мақсаты - оппозицияны құруы еді.
1933 жылы гестапо құрылды. Ол жалпы полициядан бөлініп,
мемлекетік тәуелсіз органға айналды. Фашизмге қарсы шыққан, көтерілген
адамдарды гестапо аяған емес. Олардың бес үйге бір агенттен келетін
тыңшылары бүкіл Германияны бақылады. 1936 жылы Гиммлер гестапо мен
қылмыстық полицияны біріктіріп, қауіпсіздік полициясын құрды. Фашизмнің
тағы бір құралы - концлагерлер еді. Олар 2,5 млн. адамды өлтірді. Адам
өлтіру, қинау гестапо қолданатын негізгі әдістер болды.
1934 жылдан бастап жылдан дами бастады. Бәріне бірдей жалпы әскери
міндет 1935 жылы енгізілді, Германияның 18-45 жастағы ер адамдары әскери
міндеттерін орындауға тиісті болатын. Алдында қызмет мерзімі 1 жыл, кейін 2
жыл деп бекітілді. 45 жастан асқан ер адамдар запаста, резервте тұрды.
Вермахт құрылды, Гитлер флотты ұйымдастыра бастады. 1941 жылғы Германия
әскерінің саны 7234 мың адамға жеткен еді. Бұл өзгерістермен экономиканы
милитаризациялау басталды. Заң бойынша 25 жасқа толмаған, жұмыссыз жүрген
жастар еңбек істеуге міндетті. Оларға жол, әуе жолы басқа да әскери
объектілерді салғызды. 1936 жылдан бастап төрт жылдық жоспар қабылданды.
Жаңа экономикалық жүйені басқарған "Герман Геринг" деген кәсіпорын 500
кәсіпорнды біріктірді. Германияның соғысқа дайындығы күшейе түскен болатын.
1934 жылы "халық соттары" деген ұйым құрылды. Олардың қарайтыны
саяси қылмыскерлердің істері еді. Бұл соттар Гитлердің өзі тағайындаған
адамдардан тұратын, олар шешімдерін заңға негіздеп емес, ішкі құқықтық сана
сезімі арқылы шығарды. Бұл төтенше соттар, жай соттармен қатар қызмет етті,
бірақ олардың шығарған шешімдеріне шағым беруге рұқсат етілмеді. Төтенше
соттардың қызмет етуі демократия принциптеріне қарсы болғаны мәлім.
1940 жылы қабылданған "Барбаросс" жоспарының мәні Гитлердің сыртқы
саясатын көрсетті[3].
Германияда фашистік режимнің келесі белгілері орнықты: мемлекеттік
аппараттың маңызды қызмет орындарына тек әскери-фашистік топтар өкілдері
қойылды; өкілетті және федеративтік мекемелер меп мемлекеттік органдар
жойылды; саяси партиялардың бәрі таратылып, жалғыз ұлттық-социалистік
партия ғана саяси өмірге қатысатын болды; конституциялық-буржуазиялық
құқықтар мен бостандықтар да жойылды; конституциялық заңдылықтың орнына
келгені әскери-полицейлік зорлық-зомбылық болды.
2-тарау. Фашистік Германияның сыртқы саясаты
2.1 1933-1939жж. Фашистiк Германия
Германияда фашистік диктатураның орнауы Еуропа орталығында соғыс пен
агрессияның қауіпті ошағының құрылуына әкелді.
Гитлер Германиясының 1933-1939жж. сыртқы саясатының негізгі мақсаты
Еуропада және бүкіл әлемде агрессивтік соғысты даярлау мен бастауға
арналған қолайлы сыртқы саясаттық жағдайлар қалыптастыру болатын.
Егер де гитлершілер өзінің сыртқы саяси әрекетін кедергісіз дамыту
мүмкіндігіне ие болса, жаңа дүниежүзілік соғысы басталатыны анық болатын.
Сол себептен гитлершілердің билікке келген уақытынан бері халықаралық қарым-
қатынастардағы өзекті мәселе болып әлемнің барлық халықтарының еркіндігі
мен ұлттық тәуелсіздігіне қауіп төндіретін гитлершілердің агрессивтік
жоспарларына төтеп беру үшін бейбіт өмір сүруді қалайтын елдердің ортақ
майданын құру табылды. Фашистік Германияның соғысты даярлау жоспарларына
аса қатты қарсылық көрсеткен ел Кеңес Одағы болып шыққаны заңды нәрсе.
Кеңес Одағының фашистік агрессияға жол бермеу үшін елдерді өзара
ынтымақтасуға шақыруы бүкіл әлемнің бейбіт өмірді қалайтын демократиялық
күштерінің ыстық лебізіне ие болды.
Алайда бейбіт өмірді қалайтын демократиялық күштердің сол кезде басты
мақсатқа қол жеткізуге - фашистік Германияға жаңадан соғысты даярлап,
ашуына жол бермеуге шамасы жоқ болатын. Социализм елдері -Кеңес Одағы мен
Моңғол Халық Республикасы капиталистік әлемдегі арал болып табылатын, олар
сол кезде әлемдік оқиғалардың барысына шешімді түрдегі әсерін тигізе
алмайтын.
Егер де АҚШ, Англия және Франция Кеңес Одағына қолдау көрсетіп, онымен
бірлесе отырып неміс агрессиясына ұжымдық түрде қарсылық көрсетсе, онда
гитлерлік жаулап алу саясаты ұжымдық қауіпсіздік режимінің қысымында
қалған болар еді.АҚШ, Англия және Францияның билеуші күштерінің ойы келесі
болатын: гитлершілердің қолымен Кеңес Одағын жойып, әлемдік капиталистік
жүйенің жағдайын тұрақтандыру.
Гитлерлік Германияның Шығысқа қатысты агрессиясын жандандырумен АҚШ
сонымен қатар фашистік Германияның КСРО-ға шабуыл жасауы Жапонияның да
Кеңес Одағына қарсы шабуылын жылдамдатады деп сенетін. Ал бұл АҚШ-қа
өздерінің Тынық мұхит бассейніндегі билігін орнатуға жол ашуға тиіс
болатын. Фашистік Германияға халықаралық құқық нормаларына - мемлекеттердің
үлттық тәуелсіздігі мен егемендігін құрметтеу, мемлекеттердің өзара теңдігі
және олардың ішкі істеріне араласпау ұстанымын, қол қойылған
келісімшарттар мен келісімдерді орындау қажеттігін - менсінбеу тән болатын.
Өзінің сыртқы саясаттық іс-эрекетінің маңызды бөлігі ретінде
гитлершілер келешек қарсыластарының соғысқа қабілеттілігін іштен бейбіт
уақытта төмендетуді түсінетін. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz