Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
І. 1-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның жалпы жағдайы 7
1.1 Соғыстан кейінгі Францияның саяси-экономикалық ахуалы 7
1.2 Соғыстан кейінгі Франциядағы әлеуметтік–экономикалық реформалар 15
ІІ. 1924-1929 жж Франция 17
2.1 Францияның тұрақтану жылдарындағы саяси жағдайы 17
2.2 1924-1929 жж Франциядағы әлеуметтік-экономикалық саясаты 22
2.3 Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында 25
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Франция бүгінгі таңда әлемдегі барлық саласы
жағынан жете дамыған мемлекеттері қатарында алғашқы орынның бірін иеленіп
тұр.
Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге
беріксіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі
болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе
қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық
аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді.
Әр мемлекет әлемде халықаралық қатынастарда ең бастысы өзінің
қалыптасқан және жүзеге асыратын сыртқы саясаты арқылы баршаға танымал
болады. Сол сияқты Францияның алатын беделі сонау ғасырлар бойы жүргізген
сыртқы саясат нәтижесі.
Бұл курс жұмысы Францияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
кезеңнен Ұлы дағдарыс басталған уақытқа дейінгі әлеуметтік-экономикалық
және саяси ахуалын шолуға арналады.
Кейінгі уақытта Францияның ТМД елдерімен екі жақты байланыстарды
айтарлықтай жандандырғаны байқалады. Бұл ретте екі негізгі бағыт-бағдары
айқын көрінеді. Бір жағынан, Париждің стратегиялық басымдықтары қатарына
Еуропада қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыру кіреді, мұнда Ресейге
айрықша орын беріледі. Францияның ТМД-ға ұстанымдарының басқа маңызды
астары өзінің Орталық Азиядағы және Кавказ сыртындағы қатысуын бекіту әрі
кеңейту желісі болып табылады.
Францияға ықылас экономикалық ынтымақтастықтың елеулі әлеуеті
болуымен, оның зор инвестициялық мүмкіндіктері және жоғары
технологияларымен сипатталатын экономиканың жоғары өнімді аграрлық секторы
болуымен тығыз байланысты.
Франция мемлекеті әлемнің алпауыт мемлекеттерінің қатарынан орын алады
және үлкен жетілік тобының мүшесі екендігін есте ұстаған абзал. Мұндай
мемлекетке көңіл бөліп қана қоймастан ол жөнінде толық хабардар болып және
осы мемлекет жүргізіп отырған жан-жақты саясат пен экономикалық
стратегияларын қадағалап, одан керекті тәжірибе жинақтап отырғанымыз дұрыс.
Тек сонда ғана енді ғана аяғынан тік тұрып келе жатқан біздің мемлекет үшін
алға сеніммен қарауға болады. Шетелдің алпауыт елдерінің тәжірибесі өте
мол, сондықтан да олардың көптеген іс-әрекеттерін оқып үйрену біздің елді
алдыңғы қатарлы елдер қатарына шығарады деп ойлаймын.
Міне осыған орай Франция секілді алып мемлекет туралы хабардар болу
біз үшін өте маңызды және тақырып өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның ішкі және сыртқы саясаты мен
әлеуметтік-экономикалық ахуалын анықтап көрсету. Ал міндеттеріне келсек:
- І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның саяси-экономикалық
ахуалын ашып көрсету;
- Франциядағы әлеуметтік–экономикалық реформалар жайында талдау жасау;
- 1924-1929 жж. Францияның саяси жағдайы;
- 1924-1929 жж. Франциядағы әлеуметтік-экономикалық саясатын қарастыру
болып табылады.
Дерек көздері және тақырыптың бұған дейін зерттелу деңгейі. Бұл
курстық жұмысты жазу барысында әдебиеттер, деректер табу қиынға әкеліп
соқтырған жоқ. Жұмыста тақырыбымызға қатысты зерттеулер жүргізген
тарихшылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша
қарастыра отырып соған орай кеңінен ақпарат беруге тырыстық.
Дерек көзі ретінде, негізінде бірнеше рет Үшінші республиканың үкімет
басшысы және министрі болған Эдуард Эррионың Из прошлого. Между двумя
войнами 1914-1936[1] атты мемуары үлкен көмек көрсетті. Ол онда
француздардың Европада гегемония орнату талпыныстарын, Францияға герман
милитаризмі жағынан қауіпті көре отырып соны көрсете білді. Тағы деректер
қатарына Табуи Женевьеваның Двадцать лет дипломатической борьбы[2] атты
естелігі пайдаланылды. Онда автор соғысаралық жиырма жылдың Франция үшін
қандай ауыр болғандығын естелік ретінде айтады. Сонымен қатар деректер
қатарына Хрестоматия по истории международных отношений, Вопросы новой и
новейшей истории Франции: сборник статей атты кітаптарды жатқызуға болады.
Олардан сол жылдардағы жасалынған келісім-шарттардың мәтіндерін көруге
болады.
Ал бұл кезеңдегі зерттеулер саны өте көп. Зерттеулер қатарына Ю.И.
Рубинскийдің Тревожные годы Франции. Борьба классов и партии от Версаля до
Мюнхена (1919-1939) атты еңбегін атауға болады[3]. Автор бұл кітапта
реакциялық күштің күресін, сол жылдардағы билік басындағы үкіметтердің ішкі
саясатымен қоса сыртқы саясатын ашып көрсетеді. Сонымен қатар А.Л.
Ефимовтың Франция в 1929-1939 годах атты еңбектерінен сол кезеңге
байланысты керекті мағлұмат алуға болады. Басқа да әдебиеттерге тоқталсақ,
Францияның басқарушы тобының еуропалық қауіпсіздік мәселесіндегі позициясын
сараптайтын З.С. Белоусовтың Франция и европейская безопасность атты
монографиясын айтуға болады. Бұларға қосымша Новая и новейшая история
атты журналдан, 1992 жылғы басылымдарынан бірнеше мақалаларды атап кету
орынды[4].
Франция өзінің басты қарсыласы Германияны талқандаған соң, Батыс
Европадағы ең жетекші елге айналды. Ол өзіне Эльзас пен Лотарингияны
кайтарды. Француз отарлық империясының құрамына бұрынғы неміс және түрік
иеліктері кірді: Африкадағы Камерун мен Тогоның бір бөлігі, Таяу Шығыстағы
Ливан мен Сирия. Франция француз империализмінің позициясы мығым болмаса да
Европадағы гегемондыққа ұмтылды.
Зерттеудің мерзімдік ауқымы. Зертеу жұмысында біз Францияның 1918 жылдан
бастап 1930 жылдар аралығын қарастырамыз.
Курс жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. 1-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның жалпы жағдайы

1.1 Соғыстан кейінгі Францияның саяси-экономикалық ахуалы

Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуіне байланысты Франция
Еуропадағы ірі державалы елге айналды. Бірақ төрт жылға созылған соғыс
Франциядағы капиталистік қоғамды күйзеліске ұшыратты. Капитализм
тұрақсыздығы басталып, демократия шектелді. Соғыс елдің экономикалық-
әлеуметтік және саяси дамуын тежеді. Соғыстан кейін Клемансо үкіметі
ұлттық көңіл-күйді күшейтуге тырысты. Ол осы мақсатта Эльзас пен
Лотарингияның қайтарылуына байланысты ресми салтанат және Парижде жеңіс
парадын ұйымдастырды. Германиямен келісім күні - 11 қараша ұлттық мереке
деп жарияланды. Верден түбіндегі ұрыс даласынан әкелінген белгісіз солдат
мүрдесі Елисей алаңындағы Триумфальдық арка түбіне жерленіп, мәңгілік от
жағылды. Соғыс мүгедектеріне, бұрынғы майдангерлерге айрықша құрмет
көрсетілді. Оларға жеңілген Германия төлейтін репарациядан ерекше зейнетақы
тағайындалды.
Францияның премьер-министрі Клемансо (1841— 1929) радикал партиясынан,
сөзге өте шешен, алғыр, айтатын сөзін анық және батыл айтатын адам болған.
XX ғасырдың бас кезіндегі Франция тарихындағы ірі саясаткер еді. Бірінші
дүниежүзілік соғыста жеңіске жеткен Француз халқы Клемансоны жеңістің
атасы деп атады, оның отан алдындағы еңбегі жоғары бағаланып, халық
алғысына бөленген адам болды. 1870 жылы Пруссия-Француз соғысыпда жеңілген
француздардың кегін алдық біз жеңдік, енді дем алуға болады деген сөздері
халық арасында кең тарады.
Клемансо үкіметі өзінің басты міндеті большевизм мен Кеңестік Ресейге
қарсы күресу деп есептеді. Батыс майданда соғыс қимылдары тоқтағаннан кейін
көп ұзамай-ақ француз үкіметі Англия мен АҚШ үкіметтерімен бірге Кеңестік
Ресейге қарсы соғыс интервенциясын ұйымдастырды. 16 қараша 1918 жылы
ағылшын-француз эскадрасы Қара теңізге түсірілді. Француз әскері ақ
гвардияшыларға көмек көрсетіп жатқан Одесса, Севастополь сияқты қалаларға
енді. Француз әскері Англия, АҚШ, Жапония әскерлерімен бірге Архангельск,
Сібір, Қиыр Шығысқа жіберілді. Франция үкіметі Колчак, Деникин, Врангель,
онан соң ақ поляктарға барынша көмек көрсетті[5].
Соғыстан кейін Франция халқының басым көпшілігі национализм ықпалында
болды. Алайда жұмысшы табы мен интеллигенцияның алдыңғы тобы революциялық
позицияға ауысты. Қазан ревлюциясының әсерінен металлистер, құрылысшылар,
механиктердің экономикалық, саяси талаптар қойған ереуілдері елдің барлық
жерінде болып өтті. Француз интернационалистері әрекеттерінің басты бағыты
Кеңестік Ресейдегі интервенцияға қарсы күреске арналды. Интервенцияға
қарсылар мерзімді басылымдар беттерінде қарсы кампания, демонстрациялар,
митингілер ұйымдастырды. Оған француз мәдениетінің көрнекті өкілдері
қатысты: жазушылар Анатоль Франс, Ромен Роллан, Анри Барбюс; атақты физик
Поль Ланжевен; суретші Поль Синьяк; көрнекті тарихшылар Альфонс Олар,
Альбер Матьез. Кей жағдайларда оңшыл социалистер мен центристер де
интервенцияға қарсы шықты.
Француз әскерлерінің Ресейден әкетілуі 1919 жылдың сәуірінің соңында
аяқталды. Бұл елде жаппай жұмысшы қозғалысының өрлеуіне және революциялық
көңіл күйдің өсуіне ықпал етті. 1919 жылдың 1 мамырында бүкіл Францияда
көптеген митингілер, демонстрациялар, ереуілдер болып жатты. Оған 3
миллионнан астам адам қатысты. Демонстранттар Кеңестік Ресей мен Кеңестік
Венгрияға қарсы ұйымдастырылған интервенцияны сынады. Қара теңіз
көтерілісіне қатысқандарға амнистия беруді талап етті. 1920 жылы Польша
үкіметі Кеңестік Ресейге қарсы соғыс бастағанда француз докерлері мен
теңізшілері қару-жарақ пен әскери жабдықтарды арту мен түсіруден бас
тартты, орыс революциясымен тілектестік демонстрациясын өткізді.
Еңбекшілер Кеңестік Ресейді қорғау күресін демократиялық еркіндікті
кеңейту, әлеуметтік заңдарды жақсарту, өмір сүруді көтеру күресімен
ұштастырды. Ереуілшілердің негізгі экономикалық талаптары 8 сағаттық жұмыс
күнін және жалақыны көбейту болды. 1919-1920 жылдары ереуілдік қозғалыс
шырқау шегіне жетті, жыл сайын оған 1 миллионнан астам адам қатысты, бұл
1917 жылға қарағанда 3-4 есе көп. Француз жұмысшыларының ең ірі ереуілі -
1920 жылы болған теміржолшылардың ереуілі. Оның барысында темір жолды
национализациялау талабы қойылды.
Жұмысшы қозғалысының өрлеуі социалистік партия мен кәсіподақ қызметіне
әсерін тигізді. Соғыстан кейін көптеген жұмысшылар мен солдаттар
социалистік партия мен кәсіподаққа кірді. 1918 жылы ВКТ саны 4 еседен асты,
1,5 млн. адамға жетті. Социалистік партия екі жылда 1918-ден 1920 жылға
дейін 5 еседен астам өсті. Жалпы Еңбек Конфедерациясында (ВКТ)
революциялық синдикалистік ықпал күшейді, олар социал-реформистік
басшылыққа қарсы күрес жүргізді. Француз кәсіподағынан жалпыұлттық
кәсіподақ орталығы құрылды. 1919 жылы жұмысшылар мен қызметкерлердің діни
көңіл күйдегі топтары христиан еңбекшілерінің француз конфедерациясын
(ФКХТ) ұйымдастырды. ФКХТ-ның құрылуы француз жұмысшы қозғалысында социал-
реформистік ағымды күшейтті[6].
Клемансо үкіметі Қара теңіз көтерілісіне қатысушыларды аяусыз
жазалады: түрмеге жабылды, каторгаға айдалды. Осыған қарамастан үкімет
еңбекшілердің кейбір талап-тілектерін орындауға мәжбүр болды. 1919 жылдың
сәуірінде ереуілдік қозғалыс өpic алған жағдайда үкімет парламентте
жұмысшылар талабына сай екі заң қабылдата алды: 8 сағаттық жұмыс күні
туралы заң және ұжымдық келісім туралы заң. Алайда оларды іс жүзіне асыру
баяу жүрді.
1919 жылдың қарашасында Францияда парламенттік сайлау жүргізілді.
Сайлау қарсаңында оңшыл топтар бір сайлау коалициясына - Ұлттық блокқа
бірікті. Оған радикалдардың біразы қосылды. Ұлттық блоктың басты мақсаты:
большевизмге қарсы және әлеуметтік тәртіпсіздіктерге қарсы күрес.
Ұлттық блоктың сайлау программасы: елде әлеуметтік және діни бейбітшілік
сақтау, тәртіп орнату, республикалық құрылымды қорғау, бүлінген
аудандарды қалпына келтіру, бұрынғы майдангерлер мен соғыс мүгедектеріне
қамқорлық жасау, Версаль бітімшартын қатаң сақтауды талап ету,
нақтылағанда Германияның репарацияны төлеуі көрсетілген.
Ұлттық блокқа социалистер мен радикалдардың біраз бөлігі қарсы шықты.
Социалистік партиянын сайлау қарсаңындағы программасында жұмысшылардың
көңіл күйіне сай капиталистік буржуазияға қарсы күреске шақыру және
реформа жүргізу, 8 сағаттың жұмыс күні мен кәсіподақтардың құқын қорғау,
транспорт, металлургиялық заводтар, несие мекемелерінің кейбіреулерін
национализациялау, тегін оқу, жаппай қарусыздану сияқты мәселелер
көзделген.
Сайлау нәтижесінде Ұлттық блок жеңіске жетті. Депутаттар палатасында
23-тен көп орынға ие болды. Ұлттық блоктың жеңіске жету себептері: оңшыл
партияның кәсіпкерлерден түскен ірі қаржысының болуы, оларды француз
газеттерінің көпшілігінің қолдауы, Ұлттық блок үндеулерінің ереуіл,
демонстрация, жұмысшы қозғалысынан сескенген және шовинистік пиғылдағы
жекеменшік иелерінің көңіл күйлеріне сәйкес келуі. Негізінен центристер
басқаратын социалистік партия демократиялық талаптар қойғанына қарамастан
революциялық көңіл күйдегі еңбекшілер арасында кең қолдау таба алмады. Ол
кезде Францияда Коммунистік партия әлі құрылмаған еді[7]. 1919 жылы
Москвада құрылған Ш Коммунистік Интернационалдың I конгресі бүкіл дүниежүзі
еңбекшілеріне социал-шовинизм мен центризмнен толық ажырап, өз алдына
дербес саяси ұйым құруға шақырып үндеу тастады. Москваның тікелей
ықпалымен, Социалисте партияның сол қанатының қолдауымен Францияда
Коминтернге қосылу кампаниясы басталды. 1920 жылы желтоқсанда Тур қаласында
өткен социалистердің XVIII съезі Коммунистік Интернационалға қосылу жөнінде
шешім қабылдады. 29 желтоқсан 1920 жылы француз коммунистік партиясы
дүниеге келді.
1919 жылғы қараша айындағы парламент сайлауынан кейін Клемансо үкіметі
отставкаға кетті. Сайлауда реакциялық буржуазия және финанс олигархиясы
жеңіске жетті. Ұлттық блокка біріккен буржуазия үкіметі құрылды.
Демократиялық альянс жене Республикалық Федерация партиялары Ұлттық блоктың
негізін қүрады. Ұлттық блок үкіметіне қарсы шыққан тек қана Франция
социалистік партиясы болды. Ұлттық блоктың бірінші үкіметін социалистік
қозғалыстың ол кезде партияда жоқ, бірақ оңшылдарды қолдайтын социалистік
қозғалыстың ренегаты Мильеран басқарды. Мильеран үкіметі жұмысшы
қозғалысына қарсы репрессияны күшейтті. Клемансо үкіметінің саясатын
жалғастырып, ол Кеңес үкіметіне қарсы күресіп жатқан ақ гвардияшылар мен ақ
поляктарды оқ-дәрі, қару-жарақпен қамтамасыз етті. Мильеранның сыртқы
саясатының өзекті мәселесі, Клемансо үкіметі сияқты, Версаль бітімшартын
орындау үшін күрес болды. Франция Ұлттық блок басқару жылдарында Версаль
жүйесіне қарсы болғандардың бәріне тойтарыс беруге барынша жанталасты.
Ұлттық блок бастаған үкіметті 1922 жылы Францияның экс-президенті
Пуанкаре басқарды. Оның мақсаты революцияға қарсы күрес пен Европада
француздық гегемония орнату еді. Франция буржуазиялық Еуропада өзінің
гегемондық саясатын жүргізу мақсатында Ұлыбритания мен АҚШ-қа қарсы
бақталастық саясаты, Советтік Ресейге қарсы интервенциясы жеңіліс тапқаннан
кейін де антисоветтік саясатын жалғастырып, Советтік Ресейге қарсы
экономикалық оқшаулау саясатын жалғастырды. 1921 жылы Польшамен
келісімге келіп, Германияға қарсы одақ құру және 1920-1921 жылдары
Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде ықпалын нығайту үшін Кіші
Антанта саяси-соғыс одағын құрды. Кіші Антанта одағына Чехословакия,
Румыния және Югославия кірді. Кіші Антанта одағының құрылуы Францияның
бұрынғы одақтастарының қарсылығын күшейтті. АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері
Францияның ықпалын әлсірету үшін репарациялық төлем мөлшерін қысқартуды
ұсынды. Бұл Францияның соғыс кезіндегі қарызын төлеуді қиындата түсті.
1920 жылы Бельгияның Спа қаласында бұрынғы Антанта елдерінің қатысуымен
конференция өтті. Бұл конференцияда АҚШ делегациясы репарациялық төлем
мөлшерін азайту туралы ұсыныс жасады. Франция амалсыздан көнуге мәжбүр
болды. Германия өз жағынан репарациялық төлемді өтеуден бас тартты. АҚШ пен
Ұлыбритания үкіметінің Германияны қолдауы, Францияның Еуропадағы ықпалының
әлсірей бастағанын көрсетті[8].
Германияның өте ауыр репарацияларды төлей алмауы 1923 жылы Францияның
Рур облысына әскер енгізуіне дейін жеткізді. Алайда, АҚШ пен Англия Рур
дағдарысы кезінде Францияны жақтамады да, Франция әскерін алып кетуге
мәжбүр болды. Осы оқиға бұрынғы Антанта елдеріне Германияның репарациялық
төлемдері мәселесін қайта қарау қажет екендігін көрсетті.
1924 жылы репарациялық комиссия АҚШ өкілі Чарльз Дауэс жасаған
жоспарды қабылдады. Бұл жоспар бойынша, Германияның жыл сайынғы төлеуге
тиісті репарацияларының мөлшері азайтылды және соны төлеуге мүмкіндігі
болуы үшін Германияға АҚШ пен Англия қарыз беретін болды. Дауэс жоспары
Германияның экономикасын калпына келтіре бастауға және репарациялық
төлемдерге қатысты шиеленіскен француз-герман қатынастарын реттеуге жағдай
жасады.
1923 жылы қаңтар айында Спа конференциясының шешімін қабылдамаған
Франция үкіметі Бельгиямен бірігіп, Германияның Рур ауданына әскерлерін
кіргізіп, жаулап алды. Рурды жаулап алуы Франция үкіметінің саяси жағдайын
қиындата түсті. Пуанкаренің бұл әрекетін Ұлттық блоктың барлық партиялары
қолдады, тек компартия ғана қарсы шықты. Бұған жауап ретінде үкімет
компартия басшыларының біразын тұтқындады, соттады. Оларға мемлекетке
қарсы қастандық жасаушылар деген айып тағылды.
Пуанкаре үкіметінің саясатына АҚШ және Ұлыбритания үкіметтері
өздерінің қарсылығын білдірді. Германия өз жағынан репарациялық төлемді
тоқтатты. Рур ауданы Германияның өндірістік орталығы болатын. Рур
ауданындағы еңбекшілер мен жұмысшылар жалпы ереуілге шықты. Рур көмірі
Франция өндірісіне жіберілмеді. Франциядағы көмір дағдарысы экономикалық
тоқырауға әкелді. Болат және шойын өндіру күрт төмендеді.

1.2 Соғыстан кейінгі Франциядағы әлеуметтік–экономикалық реформалар

Бірінші дүниежүзілік соғыс Францияға үлкен шығын әкелді. 1300 мың
солдат пен офицері өлді, 2800 мыңы жараланды. 10 мыңдай фабрика-заводтары
зақымданды, оның көбі Германия оккупациялаған солтүстік-шығыс
департаменттерде. Француз сауда флотының жартысы күйреді. Францияның
соғыстағы жалпы шығыны - 134 млрд. алтын франк. Францияға шетелдік капитал
салу күрт қысқарды. Ол кредитор елден қарыз алушы елге айналды. Франция өз
одақтастарына 60 млрд. франктен астам берешек болды, оның 40 млрд. франкке
жуығы АҚШ-қа беріледі[9].
Соғыстан кейін елдің өнеркәсібін бейбіт өмірге бағыттауға байланысты
Францияда экономикалық дағдарыс басталды. Ол 1918-ден 1921 жылға дейін
созылды. Азық-түлік, күнделікті қажет товарлар бағасы соғысқа дейінгі
деңгейден 5-7 есе, салық 4 есе өсті. Францияда саяси жағдай да керағар
болды. Бір жағынан национализм мен шовинизм күшейді, екінші жағынан жұмысшы
және демократиялық қозғалыс өрледі.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз үкіметі экономиканы әскери-
мемлекеттік реттеу жүйесін өзгертті. Карточкалық жүйе жойылды, әскери
кезеңнің шикізатқа, тапсырыстарға, жұмысшы күштеріне байланысты заңдары
тоқтатылды. Соғыс кезінде құрылған әскери заводтардың біразы жеке адамдарға
сатылды. Дегенмен мемлекеттік-монополистік тенденция жойылмады. Әсіресе ол
соғыс кезінде бүлінген территорияны қалпына келтіруде айрықша білінді.
Үкімет өнеркәсіпті қалпына келтіру министрлігін құрды және оған қайта
құрулар жұмыстары үшін 100 млрд. франкке жуық қаржы бөлінді. Үкімет
кәсіпкерлер мен банкирлер ұйымдарымен бірлесе қимылдап, жеке фирмаларға ірі
субсидия мен мемлекеттік тапсырыстар берді. Мемлекет кейбір соғыс заводтары
мен теміржолдарды басқаруын жалғастыра берді, электротехника, авиация, кеме
жасау, химия өнеркәсібінің ірі фирмаларын басқаруға өз өкілдерін қойды.
Франциядағы жұмысшы қозғалысының өрлеуінің Орталық және Шығыс Европа
елдерінен ерекшелігі революциямен аяқталмауы болып табылады. Оның басты
себебі: 1) Францияның жеңген елдер қатарында болуы: 2) Францияның ұлттық
езгіні, кемсітуді сезінбей, керісінше жеңіс қуанышын, ұлттық мақтаныштың
дәмін татуы: 3) Халықтың көпшілігі соғыста жеңіске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және Франциядағы оңшыл экстремистік профашистік күштердің консолидациясы
Соғыс қарсаңындағы әлемдік халықаралық дағдарыстың салдары
1918-1939 жылдардағы Франция
Германия үкіметінің сыртқы саясаты
Герман Федеративті Республикасы
Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары
Революция қарсаңындағы саяси күштердің қалыптасуы
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Пәндер