Вашингтон конференциясының бірінші келісімі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
І-тарау. ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның сыртқы саясаты (1918-
1924) 6
1.1. Әлемдік бейбітшілік құрудағы Францияның орны. (Париж, Вашингтон
конференциясы) 6
1.2. Соғыстан кейінгі репарация мәселесіндегі шиеленістер (Генуя, Гаага
конференциялары). 10
ІІ-тарау. Францияның уақытша және ішінара тұрақтану кезеңіндегі және фашизм
қарсаңындағы саясаты 13
ІІІ-тарау. 1939-1939 жылдардағы Франция дипломатиясы 19
3.1. Францияның Еуропадағы коллективті қауіпсіздік жүйесін құрудағы
тенденциясы (Кеңес Одағымен жақындасуы) 19
3.2. Прогерман бағыты 20
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 26

Кіріспе

Франция бүгінгі таңда әлемдегі барлық саласы жағынан жете дамыған
мемлекеттері қатарында алғашқы орынды иеленіп тұр.
Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге
беріксіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі
болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе
қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық
аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді.
Әр мемлекет әлемде халықаралық қатынастарда ең бастысы өзінің
қалыптасқан және жүзеге асыратын сыртқы саясаты арқылы баршаға танымал
болады. Сол сияқты Францияның алатын беделі сонау ғасырлар бойы жүргізген
сыртқы саясат нәтижесі.
Бұл курс жұмысы осылайша Францияның екі дүниежүзілік соғыстар (1918-
1939) аралығындағы сыртқы саясатына арналады.
Бұл тақырыптың өзектілігі – Францияның өз мүдделерін толық жүзеге
асыра алмаған, сатқындық, екі жүзділік сыртқы саясат жүргізу нәтижесінде
әлі күнге дейін бүкіл әлемнің қасіреті болған ІІ дүниежүзілік соғысқа
кері тойтарыс бере алатын күш бола алмағандығы, Франция үшін бұндайдың
қайталанбай сабақ болғандығы күмәнсіз.
Жұмыстың негізгі мақсаты – екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы
Францияның сыртқы саясатын анықтап көрсету. Ал міндеттеріне келсек:
--- І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның сыртқы саясатын ашып
көрсету
--- Францияның уақытша және ішінара тұрақтану кезеңіндегі және фашизм
қарсаңындағы саясатын көрсету
--- 1933-1939 жылдардағы Франция дипломатиясын анықтау.
Бұл курс жазу барысында әдебиеттер, деректер табу қиынға әкеліп
соқтырған жоқ.
Дерек көзі ретінде, негізінде бірнеше рет Үшінші республиканың үкімет
басшысы және министрі болған Эдуард Эррионың Из прошлого. Между двумя
войнами 1914-1936[1] атты мемуары үлкен көмек көрсетті. Ол онда
француздардың Европада гегемония орнату талпыныстарын, Францияға герман
милитаризмі жағынан қауіпті көре отырып соны көрсете білді. Тағы деректер
қатарына Табуи Женевьеваның Двадцать лет дипломатической борьбы[2] атты
естелігі пайдаланылды. Онда автор соғысаралық жиырма жылдың Франция үшін
қандай ауыр болғандығын естелік ретінде айтады. Сонымен қатар деректер
қатарына Хрестоматия по истории международных отношений, Вопросы новой и
новейшей истории Франции: сборник статей атты кітаптарды жатқызуға болады.
Олардан сол жылдардағы жасалынған келісім-шарттардың мәтіндерін көруге
болады.
Ал бұл кезеңдегі зерттеулер саны өте көп. Зерттеулер қатарына Ю.И.
Рубинскийдің Тревожные годы Франции. Борьба классов и партии от Версаля до
Мюнхена (1919-1939) атты еңбегін атауға болады. Автор бұл кітапта
реакциялық күштің күресін, сол жылдардағы билік басындағы үкіметтердің ішкі
саясатымен қоса сыртқы саясатын ашып көрсетеді. Сонымен қатар А.Л.
Ефимовтың Франция в 1929-1939 годах атты еңбектерінен сол кезеңге
байланысты керекті мағлұмат алуға болады. Францияның екінші дүниежүзілік
соғыс қарсаңын сипаттайтын әдебиеттерге тоқталсақ, Францияның басқарушы
тобының еуропалық қауіпсіздік мәселесіндегі позициясын сараптайтын З.С.
Белоусовтың Франция и европейская безопасность1 атты монографиясын айтуға
болады. Тағы бір өте қызық зерттеуге тоқталмасқа болмас, ол К.А
Маласреевтің Европейская политика и дипломатия Франции в 1933-1939гг2
атты еңбегі. Онда автор сол жылдарға жаңаша көзқарас береді. Осы зерттеулер
қатарына С.А. Стегарьдің Дипломатия Франции перед второй мировой войной3
атты еңбегін жатқызу керек. Бұл монографияда автор сол кезеңді зерттей келе
Мюнхен саясатының құрылуының ішкі және сыртқы жағдайларын ашып көрсетеді.
Бұларға қосымша Новая и новейшая история атты журналдан, 1992 жылғы
басылымдарынан бірнеше мақалаларды атап кету орынды.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген деректерге, зерттеулерге, мақалаларға
сүйене отырып, автор осы курс жұмысының негізгі мәнін ашуға тырысты. Жұмыс
кіріспе, үш тарау (бөлімдерінен), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І-тарау. ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның сыртқы саясаты
(1918-1924)

1.1. Әлемдік бейбітшілік құрудағы Францияның орны. (Париж, Вашингтон
конференциясы)

Бірінші мен екінші дүниежүзілік соғыстар аралығындағы жиырма жыл
Франция үшін шулы, қарама-қайшылығы көп және драмалық кезеңдердің бірі
болды.
1918 жылы 11 қарашада герман басқару тобының өкілдері каиньен
бейбітшілік бірлігіне қол қойды. Франция сол жылдардағы уақыт ішінде ауыр
күштердің қантөгіс шайқасынан жеңімпаз болып шықты. Кейбір деректерге
жүгінсек соғыстың соңғы жылдарында Францияны басқарған Жолбарыс атанған
Жорж Клемансо немістердің қарсыласуы тоқтады деген хабарды естігенде
қолын басына қойып, жылап жіберген.1
Әрине оны түсінуге болады. Ауыр әскери жылдар артта қалды. 1871 жылғы
франко-прусс соғысы нәтижесінде түскен беделін қайта көтеру, күшпен тартып
алынған эльзас-лотаритияның қайтарылуы үлкен қуаныш болды.сол кездегі
еуропа континентіндегі күшті державалардың бірі Франция беделділікпен,
қуаттылықтың шыңында тұрғандай болды. Бірақ толығымен ондай емес еді.
1919 жылы халықаралық конференция ашылды. Ол Парижде қаңтарда Клемансо
басшылығымен ашылды. Француз үкіметі конференцияға Германияны ұзаққа
әлсіретіп, континентальді Еуропада Францияның гегемониясын бекітетін
ұсыныстармен келді. Клемансо және маршал Фаи басқарған Француз делегациясы
Францияға тек Эльзас-Лотарингияны емес, сонымен бірге 1793-1814 жылдары
Франция құрамына кірген Саарды да талап етті. Оған қоса Клемансо
Германияның батыс шекарасын Рейннен жүргізуін талап етті. Француз үкіметі
бұл территорияда формальді түрдегі тәуелсіз мемлекет, бірақ Франция
протекторатында болатын Рейн республикасын құрғысы келді. Неміс қауіпінің
болу мүмкіндігін еске алып, Франция неміс әскерінің санын максималды түрде
қысқартып, Германияның үлкен репарация төлеуін талап етті.
Францияның ұсынысы Англия мен АҚШ жағынан қолдау таппады. Олар
Германияның тіптен әлсіреуін және Францияның күшеюіне қарсы болды. Әсіресе
Ллойд-Джордж беделді әрекет етті.
Ол Германияны Рейннің сол жағалауынан айыруына түптен қарсы болып,
репарация көлемін қысқартуды ұсынды. Клемансо бірде Ллойд-Джорджға: Бейбіт
бітімнен кейін ертесіне мен сізден Францияның дұшпанын көрдім, - дейді.
Оған жауап ретінде Ллойд Джордж: Бұл біздің дәстүрлі саясатымыз емес пе?,-
деген екен.2
Конференция барысында Клемансо Рейннің сол жағалау талабынан және Саар
облысының аннексиясынан, Ұлы Польшаға Данциг пен Познаньді беру
талаптарынан бас тартуға мәжбүр болды. Оған компенсация ретінде АҚШ пен
Англия 1919 жылы 28 маусымда француз шығыс шекараларына кепілдік беруге
міндеттенді.
Бірақ кепілдік келісімін американ сенаты ратификацияламағандықтан
күшіне енбеді.
1919 жылы 28 маусымда Версаль сарайында Германиямен бейбіт келісім-
шарт жасалынды. 1919-1920 жылдар арасында Германияның одақтастары: Австрия,
Болгария және Түркиямен: Сен-Жермен, Неил, Трианон, Севр атты
келісім шарттарына қол қойылды. Бұл бес келісім Версаль жүйесін құрды.
Франция өзіне Эльзас-Лотарингияны қайтарды. Саар ауданы Германиядан
бөлініп, 15 жылға ұлттар лигасының бақылауына алынды. Саардың көмір
шахталары Францияның толық иелігіне берілді. Рейннің сол жақ жағалауы
Антанта әскерлерімен 15 жылға оккупацияланды. Рейннің оң жақ жағалауында
ені 50км демилитаризацияланған зона құрылды.
Франция Тропикалық Африкадағы Того иен Камерунның бөліктерін алды. Ол
өзіне Конгоның бір бөлігін қосып алды. Түрік отарларын бөлген кезде Сирия
мен Ливанға мандат алды.
Бұрынғы одақтастар арасында репарация мәселесі бойынша
келіспеушіліктер туды. Француз делегаттары солтүстік-шығыс департаменттерді
қайта қалпына келтіруге 3млрд. фунт стерлинг сұрады. АҚШ пен Англия
Клемансоның бұл талабын қабылдамай тастады. Бейбіт келісім-шарт
репарацияның толық көлемін бекітпеді. Репарацияны төлеуді бақылау
Францияның делегаты басқаратын репарациялық комиссияға берілді. Репарацияны
төлемесе немесе Версаль келісімінің шарттарын орындамаған жағдайда Антанта
елдері өз әскерлерін Германия территориясына кіргізе алатын.1
Францияда Версаль келісім-шартын екі қарама-қарсы көзқарас сынға алды.
Француз шовинистері Рейн бойынша шекараны аңсағандықтан, АҚШ пен Англияға
жасаған жеңілдіктері үшін Клемансоға қарсы болды. Олардың айтуынша Версаль
келісім-шарты Францияны жеңістің басты жемістерінен айырып, оның
қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді дейді. Ал қарсы ойлар керісінше
Версаль бітімі Германия үшін өте қатал, неміс реваншизмінің тууына,
дамуына септігін тигізеді дейді.2
Қазан революциясынан кейін француз басқару тобы Ресеймен жақындасу
ойын жақындатпады. Олар кіші еуропалық елдермен келісім жолына түсті. Кіші
еуропалық елдер - Чехославакия, Румыния, Югославия(кіші Антанта) және
Польша еді. 1921-1922 жылдары Франция құрған кіші Антанта біріншіден
антикеңестік саясат құралы болса, екіншіден өзінің қарсыластары – Германия,
Италия, Англияға қарсы құрал болды.
Бірақ бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Чехословакия,
Румыния, Югославия, Польша француз империалистеріне Еуропада гегемониясына
айтарлықтай көмектеспеді. Францияның басқару топтары мысалы, герман
мәселесінде халықаралық изоляция жағдайында қалып, сепараттық әрекеттер
жолына түсті.
1921 жылы 12 қарашада теңіз қаруларын шектеу бойынша Вашингтон
конференциясы ашылды. Француз делегациясын конференцияда премьер министр
Бриан басқарды. Ұзақ келіссөздер нәтижесінде ортақ пропорция бекітілді: АҚШ
– 525мың тоннаж; англия – 525мың тоннаж; Жапония 315 мың тоннаж; Франция –
175 мың тоннаж; Италия – 175мың Тоннаж. Франция бұған қарсы шықты. Бриан
француздар үшін бұдан қатаң әрі әділетсіз шешім жоқ. Егер әлемде
бейбітшілік үшін барлық күшімен тырысатын ел бар болса, ол – Франция
депті.1
1921 жылы 13 желтоқсанда Вашингтон конференциясының бірінші келісімі
Төрт державалар трактатына – АҚШ, Англия, жапония, франция арасында қол
қойылды. Ол келісім әр мемлекеттің аралдық иеліктеріне және Тынық
мұхитындағы аралдық территорияларға құқықтарын қорғау туралы еді.
Конференцияның ары қарайғы жұмысы Англия мен Франция арасындағы
шиеленістерді тереңдете түсті. Ұзақ келіссөздер нәтижесінде 1922 жылы 6
ақпанда АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия арасында теңіз қаруын
шектеу туралы Бес державалар трактатына қол қойылды. Ол жаңағы
пропорцияларды бекітті: 5:5:3:1,75:1,75.
Бес державалар трактаты державалар арасындағы шиеленісті жоймады.

1.2. Соғыстан кейінгі репарация мәселесіндегі шиеленістер (Генуя, Гаага
конференциялары).

Англия және АҚШ–ң басқарушы топтары Германиядан қажетті сауда
әріптесін, капитал салатын тиімді сфера ретінде және антикеңестік коалиция
қарсы күшті көре отырып, француздардың Еуропада гегемонияға ұмтылыстарына
ашық түрде қарсы болды.
1921 жылы мамырда Лондон конференциясында герман репарацияларының
толық көлемін 132 млрд. алтын марк деп бекітті. Оның ішінде Францияның
үлесі 52% еді. Сол жылы қарашада Висбаденде репарациялардың зат түрінде
өтеу туралы келісім жасалды. Бірақ қараша айында-ақ герман үкіметі, құпиялы
түрде англия жағынан қолдау тауып отырып, катастрофаның инфляцияны сылтау
қылып, өз міндеттерін орындаудан бас тартты. 1922 жылы қаңтарда
Каннда(Франция) британ премьер-министрі Ллойд-Джордж өзінің әріптесі
Брианнан Генуяда халықаралық экономикалық конференция шақыруына рұқсатына
қол жеткізді. Ол конфеенцияға Германия, Кеңестік Ресей, Австрия, Венгрия,
Болгария шақырылуы ұсынылды.
Канндағы конференция барысында француз премьер-министрі Англиямен
көптеген келіспейтін сұрақтар бойынша компромисске келуге тырысты. Сол
кезде сенаттар комиссиясының председателі (шетел істері бойынша) Пуанкарэ
Брианға қаталырақ позиция ұстануын талап ететін телеграмма жіберді. Каннан
қайтқаннан кейін Бриан отставкаға кетті.
1922 жылы 15 қаңтарда үкімет басына келген Пуанкарэ кабинеті негізгі
сыртқы саяси мәселелер бойынша қатаңырақ позиция ұстанды. Англиямен
кепілдік пактісі бойынша келіссөздер сәтсіз аяқталды. Генуядағы конференция
жеңімпаздар мен жеңілгендер арасын жақындатқан жоқ. Рапаллодағы кеңес-
герман келісім – шарты туралы естіген француз басқарушы тобы қатты наразы
болды. Өйткені олар патшалық қарыздарды өтеуге тырысып жүрген несие
берушілер фронтын ұйымдастырушылар еді.
Осы жағдайлардың барлығы, француз қаржылық жағдайының нашарлауы, оған
қоса АҚШ- тың одақаралық қарыздарды өтеуін талап етуі, Парижді Англияның
келісуінсіз және оның еркіне қайшы репарациялық мәселелерді күшпен шешуіне
итермеледі.
Тағы бір Лондон конференциясы барысында Пуанкарэ Германияға Рур
облысының заводтары мен шахталарына бақылау ретінде тауарлы салықсыз
төлемдер бойынша мораторий беруге қарсы болды. Ағылшын-француз келіссөздері
нәтижесіз аяқталды. Пуанкарэ бастаған француз үкіметі Бельгия және Италия
көмегімен 1923 жылы 11 қаңтарда Рур ауданын және Рейн провинциясын басып
алды. Рурдың оккупациясы Францияның Еуропадағы әскери және экономикалық
гегемониясына материалдық база құру үшін жасалынды, - деп И.В. Сталин өз
сөзінде айтып кеткен.1
Рурдың оккупациясы Франция үшін кері нәтижелер алып келді. Герман
үкіметі бұған әлсіз қарсыласу саясатымен жауап берді. Француз үкіметі
кері шегініп, ағылшын және американ капиталының көмегіне жүгінуіне мәжбүр
болды. Герман төлемдері мәселесін халықаралық эксперттер комитетіне берді.
Осылайша Рур авантюрасы Францияның халықаралық беделін нашарлатты.
Генуя конференциясының жалғасын Гаагада тапты. Конференцияның күн
тәртібі Франция мен Англия арасында келіспеушілік туғызды. Пуанкарэ алдағы
конференция эксперттердің кеңесуі болуы керек деп санады. 19 маусымда Ллойд-
Джордж пен Пуанкарэ Гаагадағы эксперттердің жиналу мақсаты – орыстармен
бірге қосылып қарыз, жеке меншік және несиелер мәселесін талқылау деп
жариялады.
1922 жылы 15 маусым – 20 маусым аралығында Гаагада конференция өтті.
Конференцияда комиссия екіге бөлінді – орыс және орыс емес. Орыс емес
комиссия құрамына қатысушы 26 мемлекет өкілдері кірді. Сонымен қатар астына
( жеке меншік, қарыздар және несиелер) бөлінді.
Гаага конференциясы да сәтсіз аяқталды. Генуя және Гаага
конференциялары капиталистік әлемде екі тенденцияның күресі жүріп
жатқандығын көрсетті: біреуі Кеңес одағына қарсы бірлескен фронт құруға
талпынса, ал екіншісі – онымен өзінше контрактілер орнатуға ұмтылды.

ІІ-тарау. Францияның уақытша және ішінара тұрақтану кезеңіндегі және
фашизм қарсаңындағы саясаты

1923 жылдың аяғынан бастап Еуропада революциялық толқулар басылды.
Капитализм уақытша және ішінара тұрақтану кезеңіне аяқ басты. Ортақ
дағдарыс кезінде қалыптасқан тұрақтану әрине тек уақытша және ішінара
болды. Бұндай тұрақтану сол кездегі қайшылықтарды жойған жоқ.
1923 жылдан кейін Францияда билік басына солшыл блок келеді. Сыртқы
саясатында солшыл картель Версаль бітімін қатаң түрде орындау идеясынан
бас тартты. Ол бейбітшілік саясатын, қарусыздандыру және халықаралық
ынтымақтастың саясатын ұлттар лигасының көмегімен жүргізетінін уәделеді.
Сол жылдардағы сыртқы саясат бағдарламасындағы басты пункттердің бірі –
Кеңес Одағын дипломатиялық тану еді.
1924 жылы 28 қазанда солшыл блоктың бірінші үкіметі – Эдуард Эррио
үкіметі Кеңес Одағымен дипломатиялық қатынас орнатты. Біз бұл антты жылы
түрде қабылдаймыз. Ол бізге болашақта біздің халықаралық саясат және біздің
халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына перспективті ретінде, -
дейді сыртқы істер халық комиссары Г.В.Чичерин.1
Францияның сыртқы істеріндегі өзгерістерді тек Кеңес Одағын танумен
ғана шектелген жоқ. Пуанкарэ үкіметінен кейін келген Эррио үкіметінің
ұраны: Арбитранс, қауіпсіздік, қарусыздандыру еді. Бұны Эррио 1924 жылы
қыркүйекте Ұлттар Лигасында сөз сөйлегенде айтқан. Ол барлық келіспейтін
сұрақтарды арбитранс арқылы шешуді, қарусыздану бойынша конференция
шақыруды және Германияны Ұлттар Лигасына қабылдауды ұсынды.2
Репарация мәселесінде американ банкирі Дауэс басшылығымен құрылған
халықаралық сарапшылар комитетінің жоспарын басшылыққа алуға келісті.
1924 жылы 16 тамызда жасалынған Дауэс жоспарын Францияның басты
қарсыласы Германияны күшейтті. Францияның ұлттық мүдделеріне қайшы келетін
Дауэс жоспарын күшпен мойындату үшін дипломатиялық және қаржылық қысым
көрсетіле бастады.
Дауэс жоспары репарацияның толық көлемін бекітпеді, не оны төлеудің
аяққы мерзімін бекітпеді, тек Германияның жылдық төлемдерінің көлемін
белгіледі. Бұдан шығатыны Германияға өзінің экономикасын және қаржысын
тұрақтандыру үшін төрт жол керек, сол үшін жоспардың авторлары оған осы
мерзім ішінде ішінара мораторий берді. Германияның жағдайына байланысты
2,5млрд. маркі болуы керек. Жаңа жоспар осылайша Германияның репарациялық
міндетін әлдеқайда қысқартты.
1924 жылы Лондонда конференция ашылып, оның қатысушылары Германияның
кредиторлары – Англия, Франция, Италия, Бельгия, Жапония сонымен бірге
Греция, Югославия, Румыния, Португалия болды. АҚШ ресми түрде қатыспады. Өз
жұмысын 1924 жылы 16 тамызда аяқтаған Лондон конференциясының шешімі Дауэс
жоспары қабылдады.
Дауэс жоспары француз империализмінің Еуропада үстемдік етуінің
күйреуіне куә бола отырып, еуропалық мәселелерді шешуде АҚШ–ң белсенді
араласу саясатын білдірді.
Версаль бітіміне қол қойғаннан кейінгі бірнеше жылдар ішінде Франция
өз шекараларының кепілдігіне тырысты. 1924 жылы қауіпсіздік кепілдігі
туралы мәселе Ұлттар Лигасының күн тәртібінен түспеді. Халықаралық дауларды
бейбіт реттеу туралы көптеген жобалар ішінде, өзара кепілдік туралы
бүкілхалықтық халықаралық келісім-шарттың ағылшын-француз жоспары пайда
болды.
Ұлттар Лигасы құрған халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу туралы
протоколдың жобасы 1924 жылы 2 қазанда Женевада бекітілді. Ұлттар Лигасының
протоколды қабылдауы бәрінен Франция үшін қолайлы болды. Өйткені онда,
Францияның шығыс-еуропалық одақтастарының шекара кепілдігі туралы айтылған.
Ал бұл ағылшын үкіметі жағынан Дауэс жоспарына келіскендігі үшін
компенсация ретінде болатын еді.
Бірақ ағылшын-француз шиеленістері тереңдей түсіп, соның нәтижесінде
Женева протоколы күшіне енбей қалды.
Франция протоколға бірінші болып қол қойды. Бірақ ағылшын үкіметі
асыққан жоқ.
1925 жылы 12 наурызда Ұлттар Лигасының кеңесінің отырысында Чемберлен
Англия протоколды ратификацияламайтындығын жариялады. Эррио өз мемуарында
ол туралы былай деп жазды: Протокол аяққы түрде жойылды. Енді арнайы
пактіден болса да пайда алу ғана қалды.1 Эррионың арнайы пакт деп
отырғаны Германия ұсынған Рейн кепілдік пактісі еді. Рейн пактісіне
Локарно конференциясында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және әлемді реттеу мәселесі
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру
Вашингтон конференциясы және «Тоғыз держава келісімі»
Париж конференциясы
Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
Тегеран, Қырым және Потсдам конференциялары
Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
Париж бейбіт конференциясы
Пәндер