Голль үшін тарихи тұлға - мемлекеттің дамуының негізі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 1
І ТАРАУ. V Республикаға көшу және V Республиканың конституциясы 4
1.1 Ұлттық ұлылық идеясы: қайнауы мен мәні 5
1.2 V Республиканың конституциясы 14
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе

Францияның жағдайын бірде бір Батыс елдерінің соғыстан кейінгі
жағдайымен салыстыруға келмейді. 1940 -1958 ж.ж. арасындағы үш мәрте өзінің
мемлекеттік құрылысын ауыстырды, ІІІ Республикадан Виши жүйесіне,содан
кейін ІҮ Республикаға ауысты, ал кейіннен Ү Республика болды. Бұл кезде
Францияның сыртқы саясаты да өте ауыр болды. Олар Францияның метрополия
статусынан айырылуы болды. Отарлар үшін күресте Франция өзінің халықаралық
беделінен айырыла жаздады. Оған Француз үкіметінің Солтүстік Африкадағы
Ұлт- азаттық күрестерді күшпен қантөгіс арқылы басуы болды.Осы отарлар үшін
күресте Франция саяси тұрақсыздықта болды. Ол билік басындағы бірін-біоі
алмастырған 25 үкімет мүшесінің өздерінің сыртқы саясатты сауатсыз
жүргізуінен көруге болады. Осы сауатсыз саясат ІҮ Республиканың күйреуіне
әкеп соқты.
Осы кезде елде, яғни Франция тарихына айтарлықтай үлес қосқан, оның
беделін сақтап қалған , француз елінің көрнекті саясаткер- қолбасшы генерал
Шарль де Голльді айтып кетуге болады. Де Голльдің қайраткерлігін үш
аспектіде қарастыруға болады. Бірінші, алғашында әскери адам ретінде
кейіннен мемлекет қайраткері ретінде. ІІ Дүниежүзілік соғысқа дейін кәсіби
офицер,1940 жылдан бастап ол маршал Петен үкіметіне бағынудан бас тартып
Лонданға кетіп, саясатпен айналасты. Франция азат етілгеннен кейін Уақытша
үкімет басшысы болды. Бұл тұғырдан өз қызметін 1958-1969 ж.ж өзидеясын
орнатқан кезде көруге болады.
Екінші аспект де Голльқызметі голлистік қозғалыспен байланысты. Ол осы
ұйымның негізін салушы ж\е 30 жыл басшы болды. Соғыс кезінде Голлистер
Францияны азат етуді мақсат етті, ал 1947 жылдан бастап оппазицияға көшті.
Үшінші және ең маңызды аспект де Голльдің голлизмидеясынқұру, ішкі
саяси және сыртқы саяси әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың өз ара
байланысын айтуға болады.
Жұмысты жазу барысында біз Францияның жаңа заман тарихынан деректермен
дәйектерді пайдаландық Деректер қатарына ең бірінші Ш де Голльдің
мемуарларын қосуға болады. 50-ші жылдарда дәйекті түрде жеткізген Әскери
мемуары болды. Онда осы кездегі Францияның жалпы әлемдегі қайта құру
үрдісін байқауға болады[?].
1969 жылы де Голль Үмір мемуары жұмысын бастап 1970 жылы Жаңару 1
томын шығарды. Ал екінші томы Күш алу аяқталмай қалды.
Мемуарлы дерекетерге ФКП мүшелерінің естеліктерін айтуға болады –
Франсуа Бийу және Жак Дьюнно.
Коммунистер де Голль тәртібіне аппозиционер және сонымен бірге ІҮ
Республика үкіметіне де өзіндік оппозиционерлік ұйым бола білді.
Зерттеу жұмыстары ІҮ Республиканың ыдыраған күнінен бастап, яғни 1960
жылдардан жарық көре бастады. Олар Молчанов Н.Н., Манфред А., Смирнов В.П.,
Ратиани Г. Н., Наумов Н.Н. еңбектерін атауға болады[?]. Ратяни Г.Н.
еңбегінде Франция тарихындағы елеулі орын алған қос республика жөнінде кең
жазылған.
Гуксаян –Гандзакелл П.Г. еңбегіне Францияның отаршылдық саясаты
көрсетілген.
Ал 80-ші жылдардағы зерттеулерді қызығушылығын президенттік билік
жүйесі тудырған. Ү республика кезіндегі атқарушы билік бұтағының маңызын
бағаламақ болған еңбектерінің бірі В.Г.Серебренниковтың еңбегі. Ол 1946
және 1958 жылдардағы конституцияларды салыстырған[?].
Осымен қатар президенттік жүйенің ерекшеліктері мен кемшіліктерін
зерттеген Савицкий П.Н. және Миронов Ю.Б. президент билігінің
өкілеттілігіне сұрыптама жасаған[?].
Бұл курстық жұмыстың мақсаты:
ІҮ Республиканың сыртқы және ішкі саясаттарындағы саяси дағдарыстармен
көп партиялық парламентаризмнің тартысын ашып көрсетуге болады.
ІҮ Республиканың конституциясы және саяси шиленістердің туу мақсатын
көрсету. ІҮ Республиканың дағдарысқа ұшырауы Алжирдегі отаршылдық күрес.
Ш де Голльдің Ұлттық ұлылық идеясы: қойнауы мен мәні. Ү Республиканың
конституциясы және саяси жүйесі Ш де Голльдің идеясының іске асуы.
Курстық жұмыс құрылымы келесі бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім,
қорытынды.
Кіріспеде біз мақсатымен міндетін анықтадық және деректер мен
зерттеулерге шолу жасалды.
І тарауда 1946 жылғы конституцияның ерекшеліктері мен кемшіліктері және
саяси шиеленістерді қарастырамыз.
ІІ тарауда Алжирдегі және ІҮ Республиканың қиыншылықтарын қарастырып,
оның құлау себептерін зерттедік.
ІІІ тарауда конституция мен саясаттағы Ү Республиканың Ұлттық ұлылық
идеясын, Ш де Голльдің француз ұлтының ұлылығын көзқарасымен қарастырамыз.
Қорытындыда біздің зерттеген жұмысымыздың түйіндемелеріміз шығарылды.

І ТАРАУ. V Республикаға көшу және V Республиканың конституциясы

1.1 Ұлттық ұлылық идеясы: қайнауы мен мәні

Шарль де Голль өзінің әскери мемуарларының бірінші томын келесі
сөздермен бастайды: ¤мір бойы мен Францияға қатысты белгілі бір идеяны
ойымда ұстап отырдым. Бұл идеяның міні аса көрнекті түрде ұлттық ұлылық
концепциясында іске асырылды. Аталған концепция де Голльдің жеке
тұлғалық саяси тәжірибесіне және алдында қалыптасқан идеялық-саяси
дәстүрге негізделді.
Концепцияның мазмұнына итальяндық саяси ойшысы Николо Макиавелидің
көзқарастары үлкен әсерін тигізді. Ол тарихтың даму негізіне үш тезисті
белгілеп көрсетті: біріншіден, материалды мүдде мен күш, халық массаларының
және басқару таптарының мүдделерінің қарама-қайшылығы, екіншіден, бұл
қайшылықтарды басуға қабілеті бар мықты мемлекеттің құрылуы керектігі
туралы тезис, үшіншіден, саяси күресте мораль мен құқық заңдарын
қүрметтемей, қандай болсын құралдарды қолдану қажеттілігі туралы тезис.
Шарль де Голль Францияның басшысы саяси карьерасы бойында ерекше
назарды әсіресе таптар мүдделері арасындағы қарамақайшылықтар барллығын
ескере, оларды реттеуге күшті мемлекет керек деген тезисті қолдады.
Ғылыми ұлылығы концепциясында ол жәй халық, ірі капитал иелері мен
мемлекет арасында нәзік компромисс тапты. Бірақ толық компромисс туралы
айтуға келмейді, өйткені Төртінші республиканың 12-жылдық (1946-1958 жж.)
өмір сұруі уақытындағы үрдістер бұл модельдің шынайылығына күмән
келтірді. Бұл жылдар парламенттік режимның уақыты болды, ол әртүрлі
мүдделердің компромисстарында салынды, бірақ бүл келісушілік мықты болған
жоқ. Осы үрдістер ірі кәсіпкерлердің мүдделерін тежейтін қатты саяси
күрес тұрғысында өтті. Ірі капитал өз әсерін жоғалтпау үшін халық –
бизнес-элита – мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі жетілетіндей өзіндік
бағдарламасына ие адамды шығарды , ол адам –Шарль де Голль. Бірақ тепе-
теңдік ұғымы жеткілікті мөлшерде шартты және өз спецификасына ие.
Шпаганың ұшында деген өзінің кітабында де Голль билік тағына отырмастан 8
жыл бұрын халық туралы, билік туралы, мемлекеттік құрылыс туралы өзінің
саси ойларын алдыға салғантын. Халық бұл жұмыста басқаруды қажет ететін
тобыр деп аталған.[?]
Де Голль басқа өзінің еңбектерінде тобыр деген сөзді халыққа
қатысты қолданбайды. Сол жұмысында ол жазатын: саяси қайраткер өзінің
бүкіл ұсталығын жіберіп тобырды өзіне қаратып алады, ол өзінің нақты
мақсаттарын жасырады және өз уақытының талабына сай өз крегіне қарай не
ананы не мынаны мақұлдайды. Ол өзін қожайын жасау үшін қызметші ғып
көрсетеді. Әрі қарай Голль қосты: ұлы адамдарсыз түк оқиғалар болмайды,
олар ұлы болады, өйткені соны тілейді. Жеке тұлғаның басым ролі де
Голльдің саяси философиясының, оның ұлттық ұлылық теориясының негізіне
енді. Жеке тұлғаның ролі туралы теорияны дамыта отырып , ол ұлы адам
үшін эгоизм, қаттылық пен кеуде көтеру тән қылықтар емес деп айтқан, оның
жеке тұлға мен халық туралы ойларының шыңы ретінде кейінде елге кеңінен
таралған келесі фраза болды: Халықтарға, әскерлерге сияқты, жақсы
басқармалар керек, ал басқасы қосыла кетеді.
Голль үшін тарихи тұлға – мемлекеттің дамуының негізі. Оның
мемуарларында ол өзін тарихи тұлға ретінде көргені және осы ролін атқаруға
кезек келетінін тосқанын айтқан. Оған дейн Голль өзінің саси философиясын
қалыптастырған. Ол философияның өзегі Францияның саяси құралысы туралы,
мемлекет басшысының, парламенттің, үкіметтің, партиялардың ролі туралы
сұрақтары болды. Бұлардың қайсының ұлт атынан сөйлеуге және оның өкілі
болуға құқы бар?
Де Голль бұл мәселеге өз назарын бекер аударған емес, оның саяси
әрекеттке өзінің жеке тұлғалық көзқарасы бойынша төртінші республика
тәжірибесі қолдануға келмейтіндей көрінді. Оны төртінші республика
президенті тек номиналды түрде ғана ел басшысы болғаны, ал іс жүзінде
билік парламентің, яғни саяси партиялардың қолында болғанымен
байланыстырды. Әр үкімет парламент қабырғаларындағы саяси партиялардың
уақытша келісушілігінің нәтижесі болды. тұрақсыздық үкіметтің жиі
ауысуының себебі болды, 12 жыл ішінде олардың 25-і ауысып үлгерді.
Нәтижесінде сайлаушылардың үкіметтке деген үлкен наразылығы туды және
басқа мемлекеттердің Францияға деген сенімі кетті[?].
Парламенттік режим концепциясының орнына альтернатива ретінде Шарль
де Голльдің оларсыз экономикада да, әлеуметтік өмірде де кезекті
жүргізілетін саясат мүмкін емес президенттік режим, мықты мемлекет туралы
концепциясы келді.
Де Голль жазды: мемлекет мықты болуы керек, яғни шешім қабылдау,
әрекеттену, ой тудырар институты болуы қажет, ол ұлттық мүдделерді көрсете
білуі және оларға қызмет етуі керек, бірақ әлсіз компромисстердің
жолымен әртүрлі мүдделерді жақындатуы жүргізілетін орын болмауы қажет[?].

Бірақ ол үшін білікті арбитр ретіндегі мемлекет басшысының қолында
билік болуы қажет. Мемлекеттің басы, яғни шефі болуы керек, - деп жазды
ол, -соның бет әлпетінен ешқандай тербеліссіз ұлт оның тағдырына
кепілдік беретін, оның мәнін өзімен көрсететін адамды көруі қажет[?].
Сонымен қоса жұртшылыққа қызмет етуге ғана бағышталған атқару
билігі парламентпен тағайындалуы керек емес, оның құрамын мемлекет басшысы
белгілеуі керек, өйткені парламент бүкілұлттық емес, тек жеке мүдделердің
өкілдерін ғана біріктіреді. Де Голльдің ой бойынша бұл шарттар келесіні
білдіреді: мемлекет басшысы қандай болсын партиямен тағайындалмауы керек,
ол халықпен референдум өткізу арқылы, немесе ассамблея жинау арқылы
тағайындалуы мүмкін. Соның арқасында президент Францияның біртұтастығы мен
тәуелсіздігіне қауіптілік төнген жағдайға оның құқыларын қамтамасыз ететін
мандат алатын.
1946 жылдың 16 маусымында Байеде сөйлеген әйгілі үндеуінде де Голль
мемлекет басшысы ролі туралы өзінің пікірін жан-жақты көрсетті:
Партиялардың үстінен қарауға қойылған және кеңейтілген коллегиямен
сайланған мемлекет басшысынан атқару билігі тарауы қажет. Ол өз
қарамағындағы үкіметке парламентке тәуелді емес бағытты анықтауға керекті
адамдарды іздейді және жалпы мүдделерді қамтиды. Оған министрлерді,
премьер-министрді тағайындау құқы берілуі керек. Мемлекет басшысы
заңдарды жариялауға және декреттер қабылдауға құқыға ие. Ол Министрлер
кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді және мұнда ұлттың әсерін беріп
отырады. Ол ұлттық тәуелсіздіктің кепілі.
Де Голль үшін мемлекет басшысы - ұлт намысы мен оның тағдарының
кепілі. Сонымен, Францияның ұлттық ұлылығы идеясы мен президенттік режим
концепциясы өте тығыз қатынаста болды. Шын мәнінде бір адамның диктатурасы
президенттік институтымен тасаланып жасырылды. Де Голльдің ойындағы
ерекше бап - мемлекет басшысын таптар мен партиялар үстінен қояғаны.
Мемлекет басшысы – партиялық және таптық мүдделерді келістіретін третейлік
сот деп белгіленген, сондықтан оны партия емес, бүкіл халық сайлайды. Осы
жерде ұлтты өкілдеу мәселесі туындайды. Оның мүдделерін кім көрсетіп
қорғауы керек – президент пе, партия ма, әлде парламент пе. Де Голль
қарауында тек президент ғана - ұлттың жаппай қабатының мүдделерінің өкілі.
Де Голль парламенттің ұлттық өкіл болу құқына күмән келтіріп, оны
президент қолына берді. Мемлекеттік-монополистік капитализм жағдайларында
мұндай саяси режим ірі капиталдың мүдделеріне көбіректеу сай келетін.
Бірақ мемлекет басшысының өкілеттерінің халыққа тәуелділігі, оның
тобыр, қара жұрт терминдерінен бас тартуына әкелді және өз лексиконына
республика, демократия, халық, референдум және сайлау ұғымдарын енгізуіне
әкелді.
Мұндай тәсіл ұлттық ұлылық концепциясында даңа демократия белгісіне
ие болды, яғни парламенттік режимнің ішкі кемшіліктерінен босатылған
демократия деп түсінілді. Жаңа демократия технократиялық мемлекетке
әкелуі керектін, онда бүкіл саяси және әкімшілік лауазымдар саяси
қайраткерлермен емес мамандар, технократтармен алмастырылуы керектін. Де
Голль өзінің президенттігі барысында саяси зерттеулер институтын және
ұлттық әкімшілік мектептің құрылуы туралы декретке қол қойды.
Мемлекеттік құрылыстың жаңа типі жаңа әкімшілік кадрлар көмегімен
жаңа демократия қалпында Францияның ұлттық мүдделерін білікті
қорғайтын еді, әсіресе ірі, монополистік буржуазияның қабатының
мүдделерін.
Жалпы айтқанда, мемлекет басшысының және мемлекеттің елдің
қоғамдық, саяси және экономикалық өміріндегі ролінің күшеюі, мемлекеттің
күшінің монополиялар күшімен біріктірілуі, мемлекет күшінің ел басқаруда
басым болуы голлизм атты көзқарастар жүйесін қалыптастырады.[?]
Кеңестік тарих ғылымында голлизм франциялық мемлекеттік-
монополистік саяси доктринасы деп ұғылды. Голлизмнің алдындағы
буржуазиялық мүдделерді қорғайтын басқа саяси бағыттардан ерекшелігі: ол
мемлекет басшысының ролін, мемлекеттің өзін, мемлекетік дирижизм
бастамасын қоғамдық өмірдің бүкіл салаларында күшейту керек деп бірінші
болып айтты.
Ұлттық ұлылық теориясы голлизмге ғана сүйенген жоқ, ұлттық мүдде
дегенге де Голльдің қарастарының кешені де оның маңызды элементі
болды. Шарль де Голльдің бұл туралы сөздері Францияда бүкіл адамдарына
ұнады деуге болмайды, тіпті ағылшын-саксондықтарды алмағанда. Де Голльдің
соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі еңбектері Францияның ұлттық мүддесі
мен ұлылығы туралы идеялар және тұжырымдарға толы болды. Бұл оның саяси
қарсыластарына де Голль әдеттегі француздық ұлтшылдықты қайтадан
өркендетейін деп жатыр деуге мүмкіндік берді, ал голлизм олардың ойы
бойынша әрекеттенген ұлтшылдықтың өзі.
Біздің ойымыз бойынша де Голльдің ұлтшылдығын патриотизмнен бөліп
тастау мүмкін емес сияқты, бірақ бәрі мақұлдайтын факт – ол дүние жүзінде
Францияның ұлылығын қайта орнына келтіруден бөлінген емес.
Шарль де Голль Франция қандай орын алып отырғанын және болашақта
алалатынына көзі жетіп тұрды және оны ол жетік түсінетін. Францияның
тарихымен Ш. де Голльдің түпкі байланысы, оның патриотизмге негізделген
тәрбиесі, өзінің мемлекетінің ұлттық мүдделерін дұрысты түсінгеніне
кәміл сенуі оған 1940 жылдың 18 маусымында бүкіл француздерге гитлерлік
оккупацияға қарсылық жасауға шақырып сөз сөйлеуіне және Францияның
бостандығы үшін Қарсыластық қозғалысын басқаруына мүмкіндік берді.
Осы сенімділік оған екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ф.Рузвельт пен
У.Черчилль алдында, соғыстан кейінгі барлық конференцияларда өз елінің
мүдделерін қорғап қалуына көмектесті.
Франция, де Голльдің ойынша, екі рет өзінің ұлылығын жоғалтты: 1940
жылғы жеңілістен кейін және Төртінші республика жылдарында франциялық
саясат Париж емес, Вашингтонда қалыптастырылып отырғанда.
Шарль де Голль Франция ұлылығын қайта орнына келтіруді саяси
институттарды күшейту арқылы бастау керектігіне кәміл сенді. Олардың
мықтылығы мемлекет ішіндегі саяси тұрақтылықты және аса ірі
мемлекеттерден тәуелсіздігін қамтитын еді.
Шарль де Голль буржуазиялық саяси партияларды IV Республика кезінде
алдында ғана сондай зор еңбеккпен қолға түсірген Францияның тәуелсіздігін
жоғалтқандары үшін, оны АҚШ-қа бағындыртып барлық мүмкін әскери-саяси және
экономикалық одақтастықтарға мүше қылдырып қойғандары үшін айыптады,
солардың нәтижесінде франциялық жеке бастылық жоғалтылды.
Ұлттық тәуелсіздіктен және ұлттық өзіндік санадан бас тартып , саяси
партиялар ұлтшылдықтан үстем болу доктринасын құрды. Бұл доктрина
Францияны НАТО-ға итермеледі, нәтижесінде мемлекет қауіпсіздігі жоғарғы
протекторат, яғни АҚШ-тың қолына берілді, ол ядролық қарудан бас тартуға
әкелді, ал онсыз мемлекеттің сыртқы кауіпсіздігін сақтап қалуға да және
дүниедегі мемлекет тағдырларына әсер етуге де мүмкін еместін. Ақыр аяғы бұл
доктрина мемлекеттің ЕОО-ға (Европалық экономикалық одаққа) да кіруіне
әкелді, оның ішінде мансапқор европалық технократтар Францияның басқаруына
араласты.
Ұлтшылдықтан үстемдік доктринасы орнына Ш. де Голль үлттық үлылық
теориясын үсынды. Оның алдында түрған негізгі маңызды сүрақ: Францияның
бүрынғы үлылығының қайта оралуын қай жолдан іздейтіні. Францияның 1 және 2
Имериялар жылдарындағыдай жерлерді басып алу соғыстары жолынан ба ? Бірақ
де Голль дүние жүзіндегі жағдай өзгергенін көрді. Суық соғыс, отаршылыққа
қарсы қозғалыс Францияның үлылығы үшін әскери басып алу жүргізу туралы
ойлардың өзін авантюраға айналдырды.
Бейбітшілікте бірге өмір сүру жолы ғана қалды, ол де Голльдің
доктринасының негізіне кірді және V республика кезеңінде франциялық
үкіметтік курстың басқарушы бастамасына айналды.
Сыртқы саясат үшін бұл - халықаралық шиеленістерді шешу жолы, мемлекет
пен елдер арасындағы ынтымақтастықты орнату мен жалпы келісімділікке жету.
Ш. де Голль түсіндіргендей, бейбітшілік Францияның өзінің
субстанциясымен, оның мықтылығымен, бүрынғы шиеленістер тәжірибесімен, оның
географиясымен, үлкендігімен және халықымен шарттанады.
Франция біреудің иелігінде түрғаны үшін ештеңені талап етпейді. Ол екі
гиганттар КСРО мен АҚШ-қа ешқандай арыз жасамайды. Бейбітшілік, қайта
қалыпқа келу, ынтымақтастық, де Голль ойынша, Францияға интернационалдық
миссиясын қайта орындауға көмектеседі және бүдан басқа оған саяси
авансценаға шығуға, халықаралық өмірдің бүкіл салаларына және жер шарының
бүкіл бөліктеріне қатысуына мүмкіндік береді.
Бірақ осының бәрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франциядағы Бесінші Республика Конституциялық құрылымына шолу жасап, президент Шарль де Голльдің ел тарихындағы алатын орны мен мемлекеттік реформаларының маңызын зерттеу
Төртінші республиканың саяси партиялары туралы кітаптардың авторлары
Шарль де Голльдің тұжырымдамаларын іске асырудағы басты қадамдары
Франция отарлық саясатының күйреуі
ІV Француз Республикасының конституциясы және саяси шиеленістері
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай «қырғи қабақ соғыстың» шығу себептері
Еуропалық Одақтың кеңею проблемаларын және оған қатысты Францияның ұстанымындарын және жүргізіп отырған саясаты
Ядролық әріптестік мәселелері
Франция унитарлы мемлекет ретінде
Пәндер