Ресейдің әскери - саяси жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 БӨЛІМ. ӘЛЕМДІК САЯСИ-ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ АҚШ ПЕН РЕСЕЙ. 9
1.1.Ресейдің әскери-саяси жағдайы 9
1.2 АҚШ пен Ресейдің әскери-саяси әріптестігі 11
2 БӨЛІМ. 1992-1996 жж. РЕСЕЙ-АМЕРИКА ҚАТЫНАСЫ. 16
2.1 1992-1996 жж. Ресей мен АҚШ қатынасының концептуалдық негізі 16
2.2 РФ қатысты АҚШ-тың ұстанымы 18
3 БӨЛІМ. Ресей-АМЕРИКАН ӘСКЕРИ-САЯСИ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАСЫ 22
3.1 НАТО-ның шығысқа кеңею үрдісі 22
3.2 Стратегиялық шабуыл қаруының қысқарту жөніндегі келісімі 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

Бұл жұмыстың маңыздылығы. Ресей-американ әскери-саяси қатынасының
маңыздылығы бірнеше факторларға байланысты. Олардың бірнешесін атап өтейін:
Біріншіден, ресей-американ қатынасы АҚШ пен КСРО арасындағы қатынасының
жалғасы болып табылады, тек ол жаңа тарихи кезеңде жүруімен ерекшеленуде.
Егер екі алып елдің қырғи-қабақ соғысы кезіндегі арасындағы қатынасы
әлемнің екіполярлық құрылымының негізі болатын болса, ал 1991 жылдан кейін
әлемдегі жағдайы өзгерді, содан ол монополярлыққа айналып, АҚШ жалғыз супер
держава атын сақтап қалды.
Екіншіден, бұл қатынас Құрама Штаты экономикалық және әскери тұрғыдан
дамыған ел ретінде әлемде өз көшбасшы болып отырып Ресейдегі жағдайға өз
ықпалын тигізуде, осыдан болар соңғы он жылда Ресей Федерацияның ішкі және
сыртқы саясатына ықпал еткісі келеді. Бұған қоса, қарастырылып отырған 1992-
1996 жж. қамтылған кезеңінде ресейдің сыртқы саясатында АҚШ бағыты басым
болды.
Үшіншіден, АҚШ билік етуші таптың әлем елдеріне деген өз көшбасшылығы
мен құндылықтарын мойындату үшін БҰҰ, Европадағы қауіпсіздік пен әріптестік
жөніндегі Хелсинг Қорытынды Актісінің Жарғысында және басқа да халықаралық
құжаттарда бекітілген демократиялық нормаларды негіз етіп алған. Осы
гегемониялық бағытқа күшті тойтарыс беру үшін Ресейдің, КХР-дің және басқа
да беделді мемлекеттердің ұқыпты саясаты болуы қажет. Бұл орайда ресей-
американ тең құқылы қатынасының маңызы өте зор. Осы жағдай Ресей американ
саясатының ізімен немесе қарсыластық жолмен жүру керек дегенді білдірмейді.
Керісінше, ресей-американ тең құқылы және тұрақты түрде дамуы тек Ресейдің
болашағы үшін маңызды емес, яғни оның болашақ халықаралық қатынастар
құрылымда оның орнын табу үшін ғана емес, сонымен қатар жоғарыда аты
аталған құжаттардағы халықаралық өмірдегі дұрыс демократиялық
принциптерінің сақталуына да әсер етеді.
АҚШ пен Ресейдің әскери-саяси қатынасының көп проблемалар негізі 1992-
1999 жж. американ және ресейлік саясатында, яғни сол американ-ресей қатынас
осы кезеңде қалай өрбігенде.

Жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың мақсаты ресей-американ әскери-саяси
қатынасының барлық қырларын қамту болып табылады. Яғни, көрсетілген
кезеңдегі АҚШ пен Ресей арасындағы қатынасының басты мәселелерін,
проблемаларын көрсету және олардың пайда болудың себептерін көрсету, ресей-
американ әскери-саяси қатынасының одан әрі даму перспективасын көрсету
негізгі мақсаттары болып табылады.
Осы аты аталған мақсаттарды іс-жүзінде көрсету үшін қайта құру
кезіндегі кеңес-американ әскери-саяси қатынасының даму мәселелерін қамтуға
тура келді:
- әлемде болған өздерістерге байланысты АҚШ пен Ресейдің өзара
қатынасының жаңа бағытын қалыптастыру;
- ресей-американ әскери-саяси қатынасының құқықтық базасы;
- екі мемлекеттің саяси өзара байланысы АҚШ пен Ресейдің әскери-
саяси мәселелер бойынша өзара байланысы;
Жұмысты жазу барысындағы хранологиялық шеңбері ресей-американ
қатынасының қалыптасу кезіндегі және екі мемлекеттердің сыртқы саяси
стратегиясының концептуалдық негізі қалана басталған Б.Н.Ельцин мен
Б.Клинтон билік құрған жылдары қамтылды.
Жұмыстың маңыздылығы ресей-американ әскери-саяси қатынасының маңызды
мәселелерінің қамтылуында. Курстық жұмыста бір-біріне деген ортақ сыртқы
саяси тұрғыдағы АҚШ пен Ресейдің саясатының концептуалдық негізі, әскери-
саяси мәселелердегі екі мемлекеттің экономикалық әріптестігі және ресей-
американ әскери-саяси қатынасының құқықтық базасы сарапқа салынады. Сол
алынған мәліметтер негізінде курстық жұмыста ғылыми тұрғыдан негізделген
шешімдерге әкеледі, ал қорытынды бөлімінде Ресей мен АҚШ қатынасының одан
әрі даму перспективасы айтылады.
Талдау тәсілі. Талдау тәсіліне келер болсақ, ол жан-жақты, яғни 90
жылдардағы тарихи жағдайының ресей-американ қатынасының құрылуына және одан
әрі дамуына әсер етуі мүмкін факторларды еш идеологиялық тұрғыдағы
бірдақтылықты бас тартып қамтылады.
Әдебиеттер мен мәліметтер. Курстық жұмыс жазу барысында орыс және қазақ
тіліндегі мемлекеттік құжаттар, мәлімдемелер, Ресей мен АҚШ ресми
тұлғалардың интервьюлері, екі мемлекеттің мемлекеттік органдардың
отырыстарының материалдары, ресей баспасының материалдары алында.
Ресей-американ әскери-саяси қатынасын зерттегенде концептуалдық негізін
– РФ сыртқы саясатының Концепциясы (1993 ж.), 1994 ж. 24 ақпандағы[1] және
1995 ж. 16 ақпандағы[2] Федералдық Жиналыстағы РФ Президенті Б.Н.Ельциннің
Жолдауы, РФ Президентінің 1996-2000 жж. жұмыс бағдарламасы[3], Ұлттық
қауіпсіздік жөніндегі РФ Президентінің Жолдауы[4], конституция бойынша
Ресей Федерацияның сыртқы саясатын басқаратын және бағыт беретін
президенттің мәлімдемелері. Осы мәләметтерге сүйене отырып Құрама Штаттарға
қатысты Мәскеудің ұстанымының және ресейдің сыртқы саясатының өзгергенін
байқауға болады.
Ресей-американ қатынасының құқықтық базасын зерттеуде келесі мәліметтер
негізге алынған болатын – Кэмпдэвид, Ванкувер, Мәскеу декларациялар, ресей-
американ серіптестік пен достастық Хартиясы, экономикалық даму жолындағы
Серіптестік [5]. Осы бірлескен құжаттар ресми тұрғыдағы ресей-американ
серіптестік саясатының қалаушы бөліктері болуға тиіс болатын (шын мәнінде,
олар
Ресей-американ қатынасындағы проблемаларын зерттеуде ресей мен американ
мемлекеттік қызметкерлерінің статьялары, мәлімдемелері пайдалы мәліметтер
болды. Ресей мемлекеттілігі қалыптасуы кезінде сыртқы саяси бағыт
бағдарының дамуы туралы РФ бұрынғы сыртқы істер министрлерінің М.Примаков
пен И.Ивановтың статьялары мен мәлімдемелері көп көмегін тигізді.
Қырғи-қабақ соғысынан кейінгі американдық сыртқы саяси стратегиясын
тойтару стратегиясы мен жаңа кеңею стратегиясының айырмашылығын
түсіндіруге тырысқан сол кездегі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі АҚШ
президентінің көмекшісі Э.Лейктің статьясы көп көмегін тигізді. Американ-
ресей серіптестік саясаты туралы, Ресей Федерациямен қатынасындағы
проблемаларға деген АҚШ-тың ұстанымы туралы американдық дипломаттардың, АҚШ-
тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Т.Пикерингтің, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік
хатшысы У.Кристофердің, АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрлері У.Перри және
У.Коэннің, АҚШ бұрынғы әкімшілігінің өкілі А.Маккеридің сөйлеген сөздері,
АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшы орынбасарының С.Тэлботтың, АҚШ-тың сол
кездегі мемлекеттік хатшы көмекшісі Р.Холбруктың, қорғаныс министрінің
бұрынғы көмекшісі Дж.Наяның статьялары ашып көрсетеді.
Ресей мен Америка Құрама Штаттарының сауда-экономикалық қатынасын
зерттеу барысында келесі мәліметтер негізге алынған болатын: 1998 қаржы
жылына шетелдік көмек көрсету жөніндегі Клинтон әкімшілігінің бюджеттік
тапсырыс, Әлемдік альманах және деректер кітаптар [6], 1995 жылға Құрама
Штаттар жөніндегі Статистикалақ резюме[7].
Екі мемлекеттердің әскери-саяси әріптестік проблемаларын зерттеу
барысында жоғарыда аты аталған мәліметтерден бөлек мынадай қосымша құжаттар
негізге алынды: Солтүстік Аилантикалық Альянстың құжаттары, НАТО
шолуында жария болған 1994 ж. қантар айындағы НАТО мүше-мемлекеттерінің
үкімет және мемлекеттер басшыларының декларациясы, Бейбітшілік үшін
серіптестік бағдарламасының құжаттары, СНВ-2 Кеісімі, фактілері мен
аргументтер кітабында жарияланған СНВ-2 Келісімі және оған қатысты
құжаттар мәліметтері[8].
Қарастырылып жатқан кезеңдегі ресей-американ қатынасына қатысты жалпы
мәселелерге ресей мен қазақстандық авторларының көп жұмыстары бар (оның көп
бөлігі статьялар). Сондықтан да сол мәліметтердің көмегімен зерттелетін
тақырыптың ашықтылығы жүреді.
Әр түрлі көзқарастармен танысу мақсатымен ресейлік дерек көздерімен
танысқан едім, олардың ішінде С.М.Роговтың, В.А.Кременюктың,
А.Д.Багатуровтың, Г.А.Трафименконың және басқа да авторлардың статьяларында
екі мемлекет арасындағы әріптестік қатынастың аналитикалық тұрғыдан
сараптар жүргізілген және сол арқылы екі ел арасындағы түсініспеушіліктер
мен қатынасының оң және теріс жақтары айтылған.
Бұған қоса, 1996 ж. сәуір айында өткен АҚШ-ты тану ассоциациясы
өткізген АҚШ және сырт әлем атты IV ғылыми конференцияның мәліметтерімен,
солардың ішінде Т.А.Шаклеиннің, Н.А.Косалаповтың, Е.А.Степановтың, О.А.
Колобованың мәлімдемелері мен статьяларымен таныстым.
Американдық авторлардың ішінде З.Б.Бжезинскийдің Қадағалаудан тыс [9]
және Ұлы шахмат тақтайшасы [10]. Қадағалаудан тыс атты кітабында автор
социалистік құрылымының құлау себептерін көрсете отырып (әрине ол өз
түсінігі бойынша), қазіргі АҚШ пен Ресей жағдайын анализ жасай отырып,
Американы теңдесі жоқ жалғыз алып держава деп айтады. Ұлы шахмат
тақтайшасы атты кітабында Бжезинский онжыл көлемде болып өткен әлемдегі,
әсіресе еуропалық құрлықтағы геосаяси жағдайға анализ жасайды.
АҚШ-тың бұрынғы мемлекет хатшысы Г.Киссинджердің Дипломатия атты
кітабында 1648 жылы Вестфал әлемі құрылғаннан бастап 90-ж. ортасына дейінгі
(Клинтон әкімшілігі) халықаралық қатынастың тарихы қарастырылған. Осы
кітабында автор американ-ресей қатынасына көп көңіл бөлген еді. Ол былай
деп жазады: - Ресейдің жағдайы мені көп уайымға салмайды, бірақ оның одан
әрі қарқынды дамуы АҚШ үшін қауіпті.
Жалпы алғанда, осы алынған әдебиеттер мен мәліметтерді дұрыс біріктіре
отырып, менің жұмысымда қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс – кіріспеден, үш бөлімнен, бөлімдердің
өзі тақырыпшалардын, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер мен
мәліметтер тізімінен тұрады. Кіріспеде кеңес-американ қатынасының қысқаша
мазмұндамасы беріледі, ресей-американ қатынасын зерттеудің маңыздылығы,
мақсаттары және оның храналогиялық шеңбері анықталып, сол арқылы ғылыми-
теориялық маңызы мен әдебиеттері көрсетіледі.
Бірінші бөлімде қырғи-қабақ соғысы қамтыған кездегі халықаралық
саясатты анықтаған және көп жағдайда бәсекелестік жағдайда өткен кеңес-
американ қатынасы туралы айтылады. Кеңес-американ қатынасының мазмұнын кері
айналдырған кез, ол КСРО-дағы қайта құруының басталуы және М.С.горбачевтың
билікке келуі болып табылады. 80-ж. аяғында кеңес басшыларымен жүргізілген
реформалар нәтижесінде елдің ішкі және сыртқы саясаты түпкі түрде өздерді,
осылайша КСРО сыртқы саясаты өзгеріп, кейін сол мемлекет ыдырап кетті.
Осылайша халықаралық қатынаста қалыптасқан күштердің негізгі орталықтың
бірінің ыдырауы ең алдымен әлемде көп жағдайды өзгерді, Ресейдің беделі
және әлемде болып жатқан жағдайға араласу мүмкіндігі төмендеді.
КСРО-ның ыдырауынан кейін халықаралық қатынаста қалыптасқан биполярлық
системаның орнына монополярлық система қалыптасып, әлемдегі жалғыз супер
держава статусына АҚШ ие болды, осыдан болар әлемде болған өздерістерге
және әлемдік аренадан КСРО жойылғаннан кейін АҚШ алдында геосаяси және
стратегиялық басымдылықтар пайда болғанға байланысты өзінің сыртқы саяси
бағыттарын өзгертуді бастады.
Екінші бөлімде 90-жылдарындағы американ-ресей әскери-саяси қатынасын
қарастырылады. Осыған байланысты мынаны атап өту керек, 1992-1996 жж.
американ бағыты ресейлік сыртқы саясаттың бағыттарының маңыздылығы жағынан
басым орын алған.
Ресейлік басшы таптары қырғи-қабақ соғысындағы дау-жанжалдардың басты
себептерінің бірі – ол бұрынғы идеологиялық күрестен бас тарта отырып, олар
Ресейді қысқа уақыттың арасында гүлденген экономикаға ие демократиялық
мемлекетке айналдыруды ойлады. Жаңа билік басшылары Батысты, әсіресе АҚШ-
ты үлгі алатын және ішкі реформалар жүргізу үшін қажет экономикалық көмек
беретін басты саяси және идеологиялық одақтас ел ретінде қарастырды. Ресей
мен АҚШ берік серіптес қатынасын сақтауда және ортақ мүдделерге ие туралы
Президент пен сыртқы істер министрі бірнеше рет атап өткен еді.
Үшінші бөлімде мемлекетаралық келісімдерге сарап жүргізіле отырып Ресей-
Американ қатынасының құқықтық базасы беріледі. Бұл – ең алдымен Ресей мен
АҚШ бір-бірін мүмкін қарсыластар ретінде қарастырмайтыны туралы айтылған
1992 жылы 1 ақпанда Буш пен Ельцин президенттері қол қойған Кэмп-дэвид
декларациясы. Демократиялық құндылықтар негізінде кеі ел арасындағы қатынас
жүргізілетінін анықтаған 1992 жылы 17 маусымда Ельцин мен Клинтон
президенттері қол қойған ресей-американ достығы мен серіптестік Хартиясы.

1 БӨЛІМ. ӘЛЕМДІК САЯСИ-ӘСКЕРИ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ АҚШ ПЕН РЕСЕЙ

1.1.Ресейдің әскери-саяси жағдайы

Ресейдің базалық ұлттық мүдделерді түсіну және оны жүзеге асыру негізгі
құралдарын түсіну жаһандық әскери-саяси қатынас құрылымында Ресейдің
қалыптасқан орнына байланысты. Қазіргі кездегі жаһандық әскери-саяси
жағдайы негізінен екі негізгі ағымдардың арақатынасымен анықталады: бірінші
жағынан, халықаралық экономикалық және саяси қатынас құрылымының әділетті
және демократиялық құруға деген құлшыныс. Ал екінші жағынан, ұлттық шешім
негізінде және БҰҰ-ның мандатынан тыс қарулы күштерді қолдану тәжірибесін
ұлғайту құлшынысы да бар. Бұл жаңа ағымдармен қатар, әлі де қырғи-қабақ
соғысының стереотиптері қалуда, бұның бәрі халықаралық жағдайды одан әрі
қиындатуда.
Осы жағдай сыртқы саясаттың және мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау
құралы ретінде әлі де әскери күш қалуда.
Ресей халықаралық қатынас құрылымында әскери күштің орнын азайтуға және
оны тек әскери қақтығыстарды ұстау мақсатында қолдану негізінде тек маңызы
болатынына сатылап өтуді қолдауда. Алайда халықаралық қатынас құрылымында
қалыптасқан ағымдарға байланысты әскер саясат пен әскер құралдардың орны
мен рөлін қайта қарастыруға мәжбүр болды. Ресейде күшті Қарулы Күштердің
болуы халықаралық қатынас құрылымына жемісті түрде өз саясатын жүргізудің
қажетті бір талап болып табылуда.
Ресейдің жаңа ғасырдың басындағы экономикалық және саяси дағдарыстан
шығуы және соңғы кездегі әлемдік аренадағы ықпалының күшеюі маңызды әлемдік
үрдіс болып табылуда. Бұған байланысты және жаңа жағдайды негізге ала
отырып сыртқы саясатының жаңа басым бағыттарын белгілеу керек, бірақ Ресей
Федерацияны жетекші әлемдік мемлекет ретінде дамуына геосаяси сұраныстарды
ұмытпау қажет.
Ресей сыртқы саяси мүдделерін түсіну үшін және ондағы ресей ресей
Қарулы Күштерінің орны жаңа жаһандық үрдіске айналуда:
Біріншіден, жаһандық құрылымдағы әскери-саяси қатынасында алдыңғы
орынға жаһандану үрдісінің жүруімен тікелей байланысты жаңа қауіп-қатерлер
шығуда. Бұл қауіп-қатерлер қатарына мыналар жатқызығуға болады: Жаппай Қыру
Қаруын тарату және оны тасымалдау құралдары, халықаралық терроризм,
этникалық тұрықсыздық, радикальды діни ұжымдар мен топтардың жұмысы,
ұймдасқан қылмыс. Осы қауіп-қатерлердің басқалардан айырмашылығы – онымен
тек белгілі-бір мемлекет шеңберінде тиімді күрес жүргізу мүмкін емес.
Осыған байланысты қарулы күштерінің, арнаулы қызметтің халықаралық
әріптестігінің маңыздылығы шұғыл үлкеюде.
Екіншіден, дәстүрлі әскери-саяси ұйымдардан тыс күш қолдану арқылы
халықаралық операцияларды өткізу мүмкіндігі жоғарлауда. Әскери күш уақытша
түрде құрылған коалиция шеңберінде жиі қолданылуда. Бұл үрдіс одан әрі
жалғасын табатындай. Бұның бәрі әлемдегі қазіргі кездегі жағдайды дәйекті
түрде көрсетуде. Алайда Ресей осындай коалицияларды құру кезінде және сол
коалицияның күш қолдану кезінде халықаралық құқықтық нормаларының сақталуын
талап етуде және егер оның сыртқы саяси мүдделері сай келетін болған
жағдайда ғана осындай коалицияларға мүше болады.
Үшіншіден, мемлекеттердің сыртқы саяси басым бағыттарын құруда
экономикалық жағы негізгі орынға ие. Экономикалық мүдделер саяси және
әскери-саяси мүдделерге қарағанда үлкенірек маңызға ие, бұған қоса жеке
мемлекеттердің және ірі трансұлттық компаниялардың экономикалық
мүдделерінің күрделі түйісуде. Егер қарулы құралын қолдану шешімі қандай да
бір мемлекеттің төнген қауіпіне немесе мүдделігіне қарай қабылданатын
болса, қазіргі кезде қарулы күшті қолдану шешімі қандай да бір мемлекеттің
экономикалық мүддесін қорғау мақсатында қабылданады. Бұлардың бәрі
обьективті түрде қарулы күштердің сыртқы саяси саласында маңыздылығын
арттырада.
Төртіншіден, ішкі және халықаралық терроризм қосылуда. Халықаралық
антитерорлық интернационалдың қазіргі кезде құрылу мүмкіндіктері болған
кезде, террорлық шараларды ішкі және халықаралық деп бөлу ол қателік болып
табылады. Бұл ең алдымен, терористік шараларды алдын алудағы саяси
қадамдарына және оны жоюдағы күшті қолдануға да қатысты болып табылады.
Осыдан болар, тероризм саяси қауіптен әскери-саяси қауіпке айналды, және
оны алдын алудағы қарулы күштердің, соның ішінде Ресейдің Қарулы Күшінің
жауапкершілігі артуда.
Бесіншіден, әртүрлі мемлекеттердің сыртқы саяси бағытының басым
бағдарын анықтауда халықаралық қатынас құрылымында мемлекеттік емес
қатысушылырдың маңызы ұлғаюда. Мемлекеттік емес ұйымдар, халықаралық
қозғалыстар және қоғамдастықтар, мемлекетаралық ұйымдар және клубтар
белгілі бір мемлекеттерге өте үлкен ықпал етуде, кейде бұл ықпал теріс те
болу мүмкін. Ресей өзінің сыртқы саяси мүдделері мен қауіпсіздік саласында
мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында неізгі халықаралық және мемлекетаралық
ұйымдардың жұмысына қатысуға ұмтылуда.
Аталған үрдістердің барлығы екі жақты саяси қатынасты және дәстүрлі
мемлекетаралық ұйымдар деңгейінде жүретін процесстерді толықтырады, ал кей
жағдайларды түпкілікті өзгертеді.
Ресейді әскери потенциялын құру және дамытудың негізгі қадамы – ол
Ресей Федерация мен халықаралық қатынас құрылымының басқа элементтерімен
қатынасының характерін түсіну болып табылады.

1.2 АҚШ пен Ресейдің әскери-саяси әріптестігі

Ресей АҚШ-пен саяси, әскери-саяси және экономикалық салаларында
әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделі, сонымен қатар стратегиялық
тұрақтылықты сақтау үшін және қырғи-қабақ соғысынан қалған қаруларды
демонтаж жасауда АҚШ-пен әріптестікті жалғастыруды көздейді, ал аймақтағы
тұрақтылықты сақтауда және аймақтық деңгейде Жаппай Қыру Қаруын таратпау
салаларында АҚШ-пен конструктивті өзара іс-қимылдар жүргізуге ұмтылуда.
Ресей жаһандық тұрақтылық элементі мен жаңа әділетті әлемдік тәртіпті
орнатуының құралы болып табылатын антитеррорлық коалиция шеңберінде
халықаралық терроризмге қарсы күресті қолдауда. АҚШ пен арадағы қатынасында
Ресей халықаралық құқықтың нормалары мен өзінің ұлттық мүдделері негіз етіп
алған. Ресей шешімі бойынша, аймақтық проблемаларыды шешудегі қадамдар мен
жолдарының айырмашылығына қарамастан консенсус халықаралық құқықтың
нормалырын және өзара ұлттық мүдделерін ескере отырып табылу керек.
90-ж. басында ресей-американ қатынасы стратегиялық серіптес деңгейіне
көтерілген еді, ал келесі жылдардан кейін ресми тұлғалардың мәлімдемелер
негізге ала отырып сараптасақ бұл қатынас деңгейінің төмендегені байқалады:
алғашында прагматикалық серіптестікке, кейін реалистикалық
серіптестікке, ақырында ХХІ ғасыр басында қарсыласу саясатына жеткізу
қауіп тұрды және Құрама Штаттардың иелігіндегі батыс альянсы тарапынан
жүргізілген тойтарыс саясатына дейін жетті. 1994 жылдың ақпан айында
сенатор Ричард Лугар Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қатынасты
серіптестіктен көрі, қызу бәсекелестік деген баға берген еді.
90-ж. басында екі ел арасындағы қатынасы стратегиялық серіптестік
деген баға берілген кезіндегі әскери-саяси қатынас АҚШ-тың қауіпсіздігін
сақтауға бағытталған бір жақты сипатта болды. Осыған байланысты Америка
Құрама Штаттар мен Ресей арасындағы қатынасты біршама қиындатқан
қарсылықтар пайда болған еді. Осы қарсылықтардың басым бөлігін НАТО одан
әрі күшеюі мен оның кеңеюі, ал сол кеңею нәтижесінде оның шекарасы Ресей
шекарасына жақындай түсті, осының бәрі 90-жылдардың аяғындағы ресей-
американ қатынасындағы дағдарысының басталуына себепкер болды. Ресей
кеңеюге толықтай қарсы болатын.
90-жылдардың басындағы Мәскеудің осы мәселеге қатысты іс-шаралары
Вашингтонды толықтай қанағаттырды. 1993 жылы Ресей президенті Б.Н.Ельцин
мәлімдемесінде, Ресей альянсқа Польшаның кіруіне еш қарсы емес екінінен
кейін, НАТО-ның Орталық және Шығыс Еуропа елдері арқылы кеңею проблемасына
Ресейдің еш қарсылығы жоқ екен деген ой қалдырған еді. 1994 жылдың аяғында
Вашингтон НАТО-ның кеңеюге юағыт алатыны туралы баршағы мәлімдеме жасалған
еді. АҚШ бұл мәселенің басқаша, яғни компромис табу арқылы шешу жолын
бастапқыда жоққа шығарды. НАТО-ның кеңеюінің жаңа толқыны альянс қатарына
Шығыс Еуропа (Варшава келісімі ұйымының бұрынғы мүшелері) және Балтия
елдерін қосып алу қарастылыған еді. Әсіресе Ресей альянстың жаңа
мүшелерінің ауматарында ядролық қаруды орналастыруға және НАТО-ға Балтия
елдерінің қосылуына қарсы болатын. АҚШ мәлімдемесі бойынша, олар альянсқа
кіруге құқығы бар елдер қатарын тек Ресейдің талабына негізделіп құра
алмайтынын айтты. Сондықтан да осыған бір қайтарым ретінде, Ресейге НАТО-
мен Бейбітшілік үшін серіптестік бағдарламасы аясында әріптестікке
шақырды, ал 1997 ж. Ресей Федерация мен Солтүстік Атлант келісі Ұйымы
арасындағы қауіпсіздік, әріптестік және өзара қатынас туралы Негізгі
акт[11] қабылданды, соның негізінде Ресей-НАТО тұрақты кеңесі құрылды.
Ресей альянстың жаңа мүшелерінің аумақтарында ядролық қару
орнатылмайтындығы туралы гарантия алды. Алайда ресей жағы талап еткен вето
құқығы берілген жоқ. Тұрақты бірлескен кеңес кеңесші органға айналды,
өйткені жақтар қорытынды шешім қабылдау өз еріктерінде болған еді. Бұған
қарамастан, бұл институт НАТО мен Ресей арасындағы әріптестіктің берік
механизміне айналды. 1999 жылғы Балкан дағдарысы бұл құрылымының жұмысын
жоққа шығарды.
Ресейдің кейбір АҚШ-тың дос емес, радикальды режимдерімен қатынасының
дамуы Вашингтонды дегбірсіздендірді, бұл Ресей мен жеке ресей заңды
тұлғаларға қарсы экономикалық санкцияларды қолданылуы қарастылған болатын.
Аты аталған елдердің көп бөлігі ресей қаруының негізгі сатып алушылары
болатын. Осы елдермен арадағы әріптестік ресейлік сыртқы өндіріс
комплексінің болашағына қауіп төндірген еді. Ресей-американ қатынасының
орнаған кезден бастап осы салаға байланысты талай рет түсініспеушіліктер
пайда болған еді. Бұған байланысты, Үндістанға ресейлік креон
двигателдерінің жеткізілу эпизодын еске алу жеткілікті. АҚШ Ресейді ракет
технологиясын таратпауды қадағалау режимін бұзды деп айыптап, Мәскеуді
контрактты үзуге мәжбүрледі. Ресейдің Иранмен ядролық пен ракеттік
технологиядағы әріптестігі, яғни Ресейдің Бушердегі Атом Электрлік
Станцияны салуға көмек көрестуі АҚШ-ты үлкен уайымға салған және салуда.
Вашингтон әскери-техникалық әріптестік саласында ресей ұйымдарын Иранмен
контрактілер үзуді талап етті, ол жасалмаған жағдайда санкцияларды
қолданатыны туралы айтылған еді.
Бұрынғы кеңестік мемлекеттеріне қатысты АҚШ-тың саясаты тәуелсіз ұлттық
демократиялық мемлекетке айналдыруды себеп етіп алып Ресей ықпалынан аулақ
ұстау болып табылады. Негізгі көмек пен қызығушылқты Украина, Грузия мен
Қазақстанға ауған аді. АҚШ Ресейді ТМД аумағында әскери базалардың болуына
және экономикалық көмектің көрсетілуіне қатты қарсы болатын. Ресейдің
бұрыңғы кеңестік аумақтағы интеграцияға деген ұмтылыстары Ресейдің
империялар амбицияларының қайта өрістеуімен байланыстырылғанымен
түсіндірілетін. Американдық бұқаралық ақпарат құралдарында талай мәрте
ресей саяси элитасы мен ресей қоғамында империялық ойларының күшеюі туралы
мәліметтер шыға бастады. Американдық саясаттанушылар арасында басқа да көз-
қарас та болатын, соған сәйкес Ресейде интеграцияланған құрылымның дұрыс
жұмыс істеуіне қажетті қаржылай көмек көрсете алмайды[12].
Сондықтан да ТМД-ға қатысты Клинтон әкімшілігінің саясаты негізінен сол
аймақтағы американдық позициясын сақтауға бағытталған еді. АҚШ өзінің
мүдделер аймағы қатарына Каспиий теңізінің мұнайлы аймағын атады және
Ресейдің көрші тұрған көршілеріне қысым көрсету құралынан айыру мақсатында
Ресейді айналып өтетін мұнай құбырын салуды қолдаған еді.
Клинтон әкімшілігі өзінің билігінің аяғына қарай 1972 жылғы ПРО туралы
Келісімді қайта қарауға шешім қабылдады, бұл Мәскеуді қатты уайымға
түсірген еді. Вашингон келісімге бірқатар қосымшаларды енгізуді талап еткен
еді, алайда ресей жағы бұл келісімді еш өзгеріссіз қалдыруды қалады. Былай
қарағанда, сол кезде 1972 жылғы ПРО туралы Келісімнің болашағы туралы
мәселесі қиын жағдайда болатын, және оның шешілуі тікелей 2000 ж. сайлаудан
кейін АҚ Үйдің басшысы кім болатынымен тікелей байланысты болатын.
АҚШ Ресеймен арадағы әріптестік қатынасын негізге ала отырып Ресейдің
сыртқы, ішкі және әскери саясатын бақылауды жүргізген еді. Вашингтон
бірнеше мәрте Мәскеудің ішкі ісіне араласқан болатын.
Осылайша, 1990 жылдардың ортасына қарай ресей-американ қатынасының ашық
ассиметриясы пайда болған еді. АҚШ халықаралық мәселелерді шешуде өзінің
мүдделерін өткізу позициясын берік ұстанып алды. Ресейлік саясаткерлер
өзінің мүдделері сондай қорғай алмады, өйткені елдегі либералдардың жағдайы
тұрақсыз болатын, бұған қоса күшті оппозиция және сонымен күрестегі
Батыстан көмек.
Ресей КСРО-ның орнын басқаннан кейін, ол сол ұлы державаның әлемдік
аренадағы статусын иемденетіне сенімді болатын. Америка Құрама Штаттарының
ядролық потенциялымен тең ядролық күшке ие ел ретінде Ресей оның тең құқылы
серіптес болуға және әлемдегі маңызды халықаралық мәселелерді шешуге
белсенді араласуға тырысты. Реседегі демократиялық бағытты Дж.Буш пен
Б.Клинтон қолдағаннан кейін ресейдің саяси элитасына Ресей Батыстың тең
құқылы серіптесі болатынына сенім ұялатты. Мәскеудің ойынша, коммунизмге
қарсы күрестің жеңуімен қатар Батыспен бөліп тұрған соңғы кедергілер де
жойылады деген ойда болды, ал Ресейдің демократиялық жаққа жол бұруы және
негізгі демократиялық институттарының құрылуы, нарық экономикаға көшуі
батыстың өркениетіне және соның барлық жақсылықтарына есік ашылатынына
сенімі болатын. Осы бағыттарға байланысты Ресей АҚШ тарапынан халықаралық
саяси және экономикалық институттарға интеграцияға, әскери-саяси салада
тығыз әріптестікке көмек көрсетер деп ойлады. Алайда АҚШ саясатындағы бір
жақтылық ресей басшыларының тарапынан АҚШ саясатын түсінбеуіне әкелді. Осы
үрдіс ашық түрде НАТО-ның кеңею мәселесунде және Балкан дағдарысы кезінде
көрінді.
Аяғында, ХХ ғасырдың басында ресей-американ қатынасы өзінің онжылдық
тарихындағы ең төменгі деңгейінде болды. Ресей бағытының басымдылығы өз
маңызын жоғалтты. ХХІ ғасырға жасалған ұлттық қауіпсіздіктің жаңа
стратегиясында американдық сыртқы саяси басымдылқтар трансатланттық
қатынасқа көшті, өйткені НАТО Еуропадағы американдық қатысуының жалғыз
тірегі болып қалуда және трансатланттық қауіпсіздіктің негізі болып
табылуда.

2 БӨЛІМ. 1992-1996 жж. РЕСЕЙ-АМЕРИКА ҚАТЫНАСЫ

2.1 1992-1996 жж. Ресей мен АҚШ қатынасының концептуалдық негізі

КСРО-ның ыдырауынан кейін халықаралық қатынас жүйесі биполярлықтан АҚШ
жалғыз алып держава ретінде монполярлыққа айналды, осыған байланысты және
әлемдегі болған өздерістерге және әлемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының Орталық Азиядағы геостратегиясы (1991-2009)
Ресей - Грузия қатынасы
КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢНЕН КЕЙІНГІ КЕҢІСТІКТЕГІ ЕЛДЕР
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінің өзара қарым - қатынастарындағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі
«Ресей және кеңес мемлекетінің тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Ресей-Грузия қатынасының шиеленісуі
Солтүстік соғыс
Министрлікпен келісім бойынша әскери губернатор лауазымына ұсыну
Пәндер