Буржуазиялық революцияның басталуы
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-тарау. Франция буржуазиялық революция қарсаңында 7
1.1 Франциядағы сословиелік құрылыс. Революцияның себептері 7
1.2 Француз ағартушыларының революцияға әсері 9
1.3 Буржуазиялық революцияның басталуы 12
2-тарау. Революцияның жемістері 18
2.1 Адам және азаматтың құқығы декларациясы 18
2.2 1791 жылғы Конституция 22
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29
1-қосымша. Ұлы Француз революциясының бірінші кезеңінің хроникасы 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ұлы Француз революциясы —XVIII ғасырдың
ең мықты саяси оқиғасы болып табылады, ол Францияның келбетін өзгертіп
қазіргі кезеңдегідей қасиеттер берді. Ол сонымен қатар алыстан көз қиығын
салып бақылап қана отырған мемлекеттердің де және тікелей араласқан
мемлекеттердің де тағдырына қатты әсер етті. Ол жаңадан саяси мәдениеттің
жобасын жасап, қазіргі кезге дейін өзекті болып табылатын сабақтар берді.
Бірақ біздер көбінесе тарихтан сабақ алуды ұмыт қалдырып та жатамыз.
Кей адамдардың достығы бейіл емес, алдану, ал дұшпандығы кейіс емес,
келісімге келе алмағандық екендігін кезінде қазақтың ұлы ойшылы Абай
айтқан. Осы жерде, біздің планетадағы белгілі бір саяси немесе әлеуметтік
проблемалардың түпкі себебінде қызғаныштың қаншалықты деңгейде қатысы барын
бажайлау қиын. Алайда бір шындықтың басы ашық — әр түрлі ендіктерде
лаулаған әлде тұтана бастаған сандаған шиеленістер мен теке тірестердің
негізінде қарапайым ғана "жарастықта өмір сүре алмаушылық" жатыр. Дәлірек
айтқанда, жарасымды қамтамасыз етуге икемсіздік пен бейбіт мәмілеге қол
жеткізуге сендіре алмаушылық жатыр. Сол икемсіздік те, сендіре алмаушылық
та іске қатысы барларға байланысты.
Қазіргі тарихтың кестесі мейлінше тығыз. Бұрындары жүзжылдықтар мен
онжылдықтарға созылатын іс — бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір
мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал
кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір-бірімен ешқашан
кездеспеген немесе көздескен күнде де белгілі бір биліктің, яки мемлекеттің
жаңғыруы себепші болып отырған. Бүгінгі таңда жаңа мемлекеттер мен одақтар
ай сайын бой көтереді десе де болады, ал олардың түбегейлі еңсе көтеріп,
құрылымын орнықтыруы үшін санаулы-ақ жылдар қажет.
Әлдебір қор көрсеткіштерінің күйрегені немесе аймақтық деңгейдегі
төтенше оқиға деймісіз оларға үн қосқан суыт хабар қас қағым сәтте
планетаны шарпып өтетіні соншалық, мұндайда адамзаттың жүйке жүйесі
біртұтастанып кеткен бе дерсің. Философтар айтқандай, бүгінгі таңда біз
кеңістік аясында нені күш жұмсап тапсақ, соны уақыт барысында шашып
төгеміз. Оқиғалармен процестер зерайнасының (калейдоскоп) бас алдырар
жылдамдықпен құбылатындығы соншалық, біз көбінесе өңірлер мен қоғамдардың
кейбір өрнектерін байыптап-бажайлауға да үлгермей қаламыз[1].
Міне сондай тарихтың қанжығасындағы кесек оқиғалардың бірі Ұлы француз
революциясы екені айқын.
Қазіргі таңда біздер әртүрлі революциялардың куәсі болып жатырмыз.
Әрине ушыққан жағдай кез келген халықты бас көтеруге итермелеп, өздерінің
талаптарын жоғарыдағыларға жеткізудің осы бір жолын таңдауға мәжбүр етеді.
Біздер барқыттық, қызғалдақтар (Чехословакия, Грузия, Украина және
т.б.) революцияларының сонау Ұлы француз революциясынан айырмашылықтары көп
екенін түсінгенімен олардың себептерінде кейбір жағдайлардың ортақтығын да
байқаймыз. Сол себепті де революциялық төңкерістердің қыр-сырын ашуға осы
таңдап алған тақырыбымыз мол септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Ұлы француз революциясы туралы материалдар жағдайына келетін болсақ
қазақ тілінде деректердің жоқ екендігінің куәсі болдық (энциклопедиялық
басылымдарды есепке алмаған жағдайда). Бірақ орыс тілінде тіпті осы
тақырыпқа жеке сайт ашылып, ал онда келтірілген деректердің ұшан-теңіз
екендігіне тәнті болдық. Біз өз жұмысымызда сонымен қатар француз
революциясы жайлы жазылған мақалаларға да жүгіндік.
Курстық жұмыстың мақсаты: тақырыпты толығымен қамтып, бұл мәселені
танып білу. Сонымен қатар бұл тақырыпты тек қана революцияның басталуынан
бастамай, осы революцияға себеп болған жағдайларды да түсіну әрі
Франциядағы буржуазиялық революцияның бірінші кезеңінің ерекшеліктерін
көрсету болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін курстық жұмыстың міндеттеріне
мыналар кіреді:
- француз буржуазиялық революциясы қарсаңындағы ахуалға тоқталу;
- буржуазиялық революцияның себептерін айқындау;
- революция дем берген идеяларды саралау;
- Ұлы француз буржуазиялық революциясының барысын зерделеу;
- революцияның қол жеткізген жетістіктерін пайымдау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, әр тарау 2-3
бөлімнен, содан соң қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Сонымен қатар біз Ұлы француз революциясының бірінші кезеңінің хроникасын
келтірдік.
Курстық жұмыстың көлемі компьютермен терілген 25 бет.
1-тарау. Франция буржуазиялық революция қарсаңында
1.1 Франциядағы сословиелік құрылыс. Революцияның себептері
Артықшылық жағдайдағы сословиелер. Король өкіметі. Франциядағы
революция алдында үстемдік етуші сословие ірі жер иелері — дін басылары мен
дворяндар болды. Бұл екеуі де артықшылық жағдайдағы сословиелер еді. Олар
барлық дерлік салықтардан босатылды. Мемлекеттегі жоғарғы қызмет орны,
армиядағы командалық лауазымдардың бәрі дворяндар қолында болды[2].
Англияда сауда мен өнеркәсіп ісімен айналысушы дворяндардың көбі
жалдамалы еңбекті пайдаланса, Францияда дворяндардың көпшілігі шаруалардан
алған феодалдық оброктың есебінен тұрды және феодалдық құрылысты сақтап
қалуға тырысты. Сондықтан да олар революцияға мейлінше қас болды. Ал
Францияда алдыңғы қатарлы дворяндар аз болатын.
1774 жылы XV Людовик өлгеннен кейін француз тағына XVI Людовик отырды.
Бұл өз басынан басқаны ойламайтын, ой-өрісі тар, тоң мойын, еш нәрсеге мән
бермейтін адам еді. Саяси істерді өзінің өктем және тәкаппар әйелінің —
Австрия императорының туған қарындасы — Мария-Антуанеттаның ықпалымен
жүргізді. Корольдық кеңесте Людовик, әдетте, қалғып отыратын.
Үшінші сословие. Артықшылық жағдайдағы алғашқы екі сословиеге
жатпайтындардың бәрі үшінші сословиеге жатты. Үшінші сословиеге
жататындардың басым көпшілігі шаруалар болды. Осы сословиеге қолөнершілер,
жұмысшылар, қала кедейлері де кірді. Үшінші сословиеде буржуазия, көпес,
банкир, мануфактура иесі басшы орында болды.
Байып алған буржуа сән-салтанат жөнінен атақты дворяндармен
бәсекелесті. Революцияның алдындағы соңғы он жылдықта, буржуа кедейленген
дворяндардан біраз жер сатып алды және шаруалардан феодалдық оброк алып
тұрды. Бірақ саяси жағынан буржуазияда ешқандай құқық болмады.
Біз жоғарыда айтқандай, алғашқы екі сословие — дін басылары мен
дворяндар жер иеленушілер болды. Олардың артықшылықтары заң жүзінде
бекітілді. Сонымен қатар үшінші сословиеге жататындардың құқықсыздығы да
заң жүзінде бекітілді.
Франциядағы феодалдық міндеткерліктер шаруалардың шаруашылығын
күйзелтті және егіншіліктің жақсартылған әдістерін қолдануға мүмкіндік
бермеді.
Цехтық жүйе мен король шенеуініктерінің жүгенсіздігі өнімділігі жоғары
мануфактуралық өнеркәсіптің дамуына жол бермеді. Бүкіл Францияны бөлшектеп
жіберген феодалдық кедергілер сауданың дамуына, ұлттық рыноктың
қалыптасуына кедергі болды. Халық бұқарасы жаншылған, құқықсыз күйінде қала
берді. Феодалдық меншік пен феодалдық тәртіптер тұтас алғанда Францияда
өндірістің дамуын тежеді. Елдің дамуындағы кедергілерді жою тек
революцияның ғана қолынан келетін еді. Феодалдық құрылыс пен король
өкіметіне қарсы бағытталған буржуазиялық революция Францияда пісіп жетілді.
Селолық жерлерде де, қалаларда да феодалдық тәртіптерге қарсы
бағытталған көтерілістер неғұрлым күшейе және жиілей түсті. Қала
кедейлерінің көтерілістері де күшейе түсті. Шаруалар қозғалысы ұзақ уақыт
жеңіліске ұшырады, өйткені оған басшылық болмады, ал буржуазия қарулы
күреске қосылғысы келмеді. Ақыр аяғында буржуазия Франциядағы феодалдық
құрылысқа қарсы бағытталған қуатты халық қозғалысына қосылды да, ол
қозғалысты өзі басқарды[3].
Франциядағы революцияның басты себебі оның өндіргіш күштері мен
өндірістік қатынастары арасындағы қайшылық болды.
Феодалдық меншік, оның негізінде құрылған феодалдық мемлекет, оның
басында шексіз билік жүргізуші монархтың болуы, сонымен қатар басқа да
феодалдық мекемелер және феодалдық қоғамның идеялары, осылардың, бәрі
қоғамның дамуына бөгет болды.
Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылық (жанжал)
буржуазиялық революцияға соқтырды. Халық бұқарасы таран тәрізді ескі
өкіметті құлатып, феодалдық тәртіптерді талқандады.
1.2 Француз ағартушыларының революцияға әсері
XVII ғасырдағы ағылшын революциясынан кейін, Европа құрлығының
бірқатар елдерінде, әсіресе Францияда феодалдық езгіге қарсы бағытталған
халық қозғалысы күшейе түсті. Бұл кезде өзінің құрамы жағынан біркелкі емес
ағартушылық қозғалыс пайда болады, сондықтан да XVIII ғасырды тарихшылар
оқу ағарту ғасыры деп атады. Феодалдық тәртіптерге қарсы жігерлі түрде
күрес жүргізген ағартушылардың ерекше зор маңызы болды.
Вольтер (1694—1778). Францияда буржуазияның талаптарын жазушылар мен
ғалымдар революциядан әлдеқашан бұрын ұсынды. XVIII ғасырда Вольтер өте
ықпалды адам болды. Белгілі жазушы өз заманындағы алдыңғы қатарлы
адамдардың ішінде ақыл-ойдың иесі деп танылған, көптеген көркем және
тарихи тақырыпқа жазылған шығармалардың, саяси брошюралардың авторы
Вольтердің крепостниктік тәртіп пен шіркеуге қарсы ызалы да ынталы үнімен
атағы шықты. Вольтер ағылшын революциясы кезінде айтылған ойды мақұлдап,
егерде рыцарьлар шпорымен туса, ал шаруалар ерді арқалай туса, дворянның
туа біткен феодалдық құқығына сенуге болар еді деді. Вольтер корольдің
өкіметін тежеу үшін конституция болуын, дворяндар, мен дін басыларының
артықшылық жағдайын жоюды табандылықпен талап етті. Оның сөзі найзағайдай
тиіп, өртеп өтті[4].
Монтескье (1689—1755). Вольтермен қатар шыққан Монтескьенің тегі
дворян еді, ол да тежеусіз корольдық өкімет пен католик шіркеуіне қарсы
күресті. Монтескье ағылшын парламенттік құрылысын мадақтады және француз
буржуазиясының ықпалы ағылшын буржуазиясының ықпалындай болуын талап етті.
Сөйтіп, Монтескьенің пікірі бойынша, король өзінің өкімет билігіне
буржуазиялық-дворяндық парламентті кірістіруге тиіс болды. Монтескье
конституциялық монархияны жақтады, яғни буржуазия мен дворяндардың
мемлекеттік мәселелерді шешуге парламент арқылы қатысуын кездейтін
конституцияны көкседі.
Вольтер мен Монтескье тежеусіз монархияға қарсы күресті. Ал француз
жазушысы Руссо монархияны мүлдем жойып, республика орнатуды көздеді.
Сонымен қатар Руссоның Вольтер мен Монтескьеден айырмашылығы, ол ірі
меншіктен құтылу керек деп санады.
Руссо (1712—1778). Жан-Жак Руссо швейцариялық қолөнерші сағатшының
баласы болған. Ол Женевада туып өсті. Руссо үнемі болып тұратын күрестің —
бір жағынан, Женева қаласының, бай шонжарлары, екінші жағынан, қолөнершілер
мен шаруалардың арасындағы күрестің куәсы болады.
Адам ерікті болып туады, бірақ ол қай жерде болса да бұғауда,— деп
жазды Руссо. Ағылшын революциясындағы теңестірушілер сияқты немесе
американдық Джефферсон сияқты, өкімет билігі халықтың өз қолында болуы
керек, ел басқару түрін халықтың өзі белгілеуге праволы деп санады ол.
Руссо әрбір адамның еңбек етуін талап етті. Бос сандалушының қай-қайсысы
болса да — ұры,— деп жазды ол[5]. Қоғамдық тұрмысты жақсарту үшін,— деді
ол, — әр адамның өзінікі өзіне жеткілікті болуы керек және ешкімде де өзіне
керегінен артық еш нәрсе болмауы керек. Тек қана ұсақ меншікке жол беруді
талап ете отырып, Руссо феодал-дворяндардың меншігін революциялық жолмен
жоюға шақырды. Сондықтан да Руссоның ілімі өз заманында революцияшыл ілім
болды. Бірақ феодалдық-дворяндық жер иелену тәртібін жоюға шақыра отырып
және жеке меншікті жақтай отырып, Руссо іс жүзінде буржуазиялық құрылысты
орнату үшін күрес жүргізді.
Энциклопедистер. Дидро. 1751 жылы Францияда атақты Ғылым мен өнердің
және қолөнердің энциклопедиясының алғашқы томдары жарыққа шықты. Бұлардың
басылуына басшылық еткен философ Дени Дидро болды. Энциклопедияға
Вольтер, Руссо тағы баска көптеген көрнекті жазушылар қатысты. Бұл
Энциклопедияның жарыққа шығуы үлкен оқиға болды. Мұнда Франциядағы алуан
түрлі өндірістер — мануфактура, ауыл шаруашылығы — толық сипатталып
баяндалады, сонымен бірге таңдаулы өңдірістің үлгілері баяндалып жазылды.
Бірақ Энциклопедияның бұдан да басқа зор маңызы болды. Ең бастысы —
бүкіл Энциклопедия жауынгерлік, саяси сипатта болды. Дидро феодалдық-
абсолюттік құрылыстың мекемелерін аяусыз сынады.
Феодалдық қанауға және тежеусіз король өкіметіне қарсы шыға отырып,
ғалымдар мен жазушылар күрес мақсатын әр түрлі түсінді. Олардың
көзқарасында айырмашылық болғанымен, барлық ағартушыларда бір ғана сенім
болды, олар ақыл күшіне сенді, оны дінге қарама-қарсы қойды.
1.3 Буржуазиялық революцияның басталуы
Француз революциясы феодальдық-абсолюттік жүйенің ішкі терең
дағдарысынан туды. Көптеген дағдарыстардан, солардың ішінде ең қиыны қаржы
дағдарысынан шайқалған король билігі бірнеше реформалар жүргізуге тырысты,
бірақта салықты күшейте түсті. Осы реформалар барысында бас контролерлар
(министрлер) орын ауыстырды: Тюрго, Неккер, Калонн, Ломени де Бриенн,
қайтадан Неккер. Бірақ бұлардың әрқайсысы ұсынған шаралар жағдайды жақсарта
алмады. Осының салдарынан Людовика XVI Бас штаттарды шақыруға мәжбүр болды.
Бас штаттар 1614 жылдан бері шақырылмаған еді. Бас штаттар барлық үш
сословие өкілдерінен құралды. XVI Людовик жаңа заем мен жаңа салық жинауға
Бас штаттардан рұқсат алуға үміттенді.
Үшінші сословиеден депутат болғандар буржуазияның өкілдері, сондай-ақ
буржуазиялық интеллигенция — ғалымдар, адвокаттар, дәрігерлер еді. Үшінші
сословиенің депутаттары ішінде ақшалы буржуазия мен сауда буржуазиясы
(банкирлер, ірі саудагерлер) жетекшілік жағдайда болды.
Францияда революциялық жағдай пайда болды.
Бірақ қанаушы таптар өз еріктерімен өкімет билігін бере алмайды. Үстем
тапты халық бұқарасының революциялық бас көтеруі болған кезде, олардың
басшысы болған кезде ғана құлатуға болар еді. XVIII ғасырдағы халық
бұқарасының басшысы революциялық буржуазия болды.
Бас штаттардан Құрылтай жиналысына дейін. Бас штаттар 1789 ж. 5 майда
Версальда салтанатты түрде ашылды. Король мен сарай маңындағылар Бас
штаттарды Парижде өткізгілері келмеді, өйткені acтананың революциялық
пиғылдағы халқынан қорықты.
Бұдан былайғы күндердің бәрінде Бас штаттар мәжіліс құрып жатқан үйді
Париждің революцияшыл халқы топ-топ болып қоршап тұрды, олардың саны күн
сайын өсе түсті, бұлар Версальға, корольға жиналысты қарсы қою үшін келген
еді. 17 июнь күні үшінші сословиенің депутаттары өз алдына бөлек жиналған
дін басылары мен дворяндардың өкілдеріне қосылмай, өздерін бүкіл ұлттың
өкілдеріміз деп жариялады — Ұлттық жиналыс өткізді және егер оларды
таратуға әрекет етсе-ақ халықты салық төлемеуге шақыратын болып қаулы алды.
Жиналыс өзінің ұсынысына бүкіл ұлттың 96 проценті үшінші сословиеге
жататынын тірек етті. Сонымен бірге Ұлттық жиналыс өзінің қаулыларын бұзуға
не орындалуын тоқтатуға корольдың правосы жоқ деп жариялады. Сөйтіп, үшінші
сословиенің өкілдері өздерін революциялық жолмен елдегі жоғарғы өкімет
орнымыз деп жариялады.
Үш күннен кейін, 20 маусымда, Ұлттық жиналыс кезекті мәжілісін
өткізбекші болғанда, депутаттар мәжіліс өткізетін үйдің есігінің жабық
тұрғанын көреді. Сөйтсе, XVI Людовик жиналысты тоқтатпақ болып, жөндеу
жүріп жатыр деген сылтаумен есікті жауып тастауға бұйрық берген екен.
Корольдың бұл әрекеті депутаттардың жиналыс өткізуіне бөгет бола алмады;
олар сол арадағы доп ойнайтын (теннис ойынына ұқсас ескідегі ойын) залға
барып, конституцияны жасап бітіргенше тарамауға ант берісті[6].
Көп кешікпей Ұлттық жиналыс өзін Құрылтай жиналысы деп, яғни
конституцияны жасайтын және оны қабылдайтын жиналыс деп жариялады. Осы
күндері Руссоның: халық ел басқаруды өзі белгілеп алуға құқылы,— деген
сөзі жұрт аузында жиі айтылып жүрді.
Король Құрылтай жиналысына келетінін мәлімдеді. Бірақ онысы алдау ғана
еді. Король құпия түрде күш жұмсауға бел байлады. Версаль соғыс лагеріне
айналды. Жиналыс өтіп жатқан залды сақшылар тағы да қоршап алды. Парижді 20
мың әскер қоршап тұрды. Бұның өзі астанада үлкен қобалжу тудырды. Париж
халқының жиналатын жері сарайлардың бірінің жанындағы бақ болды. Бақтың іші
әрқашан адамдарға лық толы еді. Кез келген адам шығып сөйлей берді. Олар
Парижге төнген қауіп туралы айтты, қарсыласуға бекем бел байлай түсті.
Корольдың астана халқын жазалауға әзірленіп жатқанына қарсылық білдіру
үшін Париж көшелеріне көптеген халық шықты. 12 июльде немістің жалдамалы
атты әскері қарусыз топқа тап берді. Сол кезде Қару алыңдар!—деген ұран
тасталды. Осы арада француз гвардиясының полкі халыққа қосылды. Дабыл
қағылды. Ратуша үйінде (қалалық өзін-өзі басқару мекемесінің үйі) жиналған
жұрт астана аудандарының халқын қарулануға шақыру үшін делегаттар жіберу
керек деп шешті.
Келесі күні топтанған халық арсеналды бұзып кіріп, қару-жарақ тұрған
дүкендерін қиратты. Қару-жарақтың санын көбейту үшін, Ратушада құрылған
комитет 50 мың найза соғып шығаруға бұйрық берді. Қызу жұмысқа кірісті:
қала түні бойы жап-жарық болып тұрды. Темір бочкаларда қара май, астауларда
тоң май жанып жатты.
Парижде король әскерін ұрыспен қарсы алу үшін әзірлік жасалып жатты.
1789 ж. 14 шілде де корольдың ескі қамалы, қазіргі түрме — Бастилиядағы
зеңбіректер қалаға қарай қаратылыпты деген хабар тарады. Бастилияға
ұмтылыңдар! деген айғай естілді. Қамалды табан тіресіп қоршап, қамау төрт
сағатқа созылды. Гвардия солдаттары халыққа көмек беру үшін зеңбіректерімен
келіп жетті. Қолға түсуі сөзсіз екенін көрген соң, Бастилия коменданты
қолына жанып тұрған білте алып, қамалды өрт қойып бұзу үшін оқ-дәрі тұрған
қоймаға беттеді. Оны Бастилияның қақпасын ашқан солдаттар тоқтатты.
Комендант өлтірілді. Барлық көшелер мен алаңдарда: Женіс, жеңіс! деген
айғай естілді. Бастилияға тіке шабуыл жасауға ағаш шеберлері, етікшілер,
көмекші жұмысшылар, тоқымашылар, ұсақ саудагерлер қатысты. Шайқасушылардың
тізімінде бірде-бір капиталистің аты жоқ.
Бастилияның алынуы - революцияның бастамасы болды, өйткені осы күні
халық бұқарасы, король өкіметіне қарсы күреске шықты.
Шілденің 14-нен: 15-не қараған түні, Парижде ешкім ұйықтамады.. Енді:
король әскеріңің астанаға шабуыл жасайтындығына ешкім күмәнданған жоқ.
Қаланың барлық халқы қала бекінісін нығайтуға кірісті.
Әскерге бұдан сене алмаған король Парижге шабуыл жасау туралы бұйрық
беруден қорықты. Ол Құрылтай жиналысына өзі келіп, әскерге Париж бен
Версальдан кету туралы бұйрық беретінін жариялады. Бастилияның құлағаны
туралы хабар Европаның басқа елдері мен Америкаға жеткенде алдыңғы қатарлы
адамдар Франция самодержавиесіне берілген бұл соққыны шаттана қарсы алды.
Ірі буржуазия өкімет басында
Халық бұқарасының революциялық бас көтерулерінің күшейе түсуі. Халық
бұқарасының король өкіметіне қарсы бағытталған тұңғыш бас көтеруі жеңіспен
аяқталды. Халық абсолюттік монархияны құлатты. Бұл жеңісте ірі буржуазия
өкіметті өз қолына алып, оны нығайту мақсатымен заңдар шығаруға кірісті.
Өкімет үшін күрестің барысында буржуазия өзінің қарулы күшін — Ұлттық
гвардияны — ұйымдастырды, оның құрамында, негізінен ауқатты адамдар болды.
Құрылтай жиналысы заңдар шығара бастады, бірақ әлі де мемлекет басшысы
болып саналып келген корольдан, әрдайым келісім сұрап тұрды.
Бастилияның алынуы провинциялардағы халықтардың да бас көтеруіне
түрткі болды. Париждің үлгісімен, орталық қалалардың бәрінде, халық
қозғалысын пайдаланып буржуазия өкіметті өз қолына ала бастады.
Деревнялардағы бұған дейін бытыраңқы түрде болған шаруалар көтерілістері
революцияға айналды. Бүкіл Франция бойынша дабыл қағылды. Шаруалар
қолдарына шалғы, айырлары мен астық соғатын тоқпақтарын алды. Сеньорлардың
қамалдары өртеніп жатты. Шаруалардың феодалдық міндеткерліктері туралы
жазылған документтер өртелді. Дворяндар үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz