Революцияның негізгі себептері
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-тарау. Француз революциясының үшінші кезеңінің себептері және оның
сабақтары 7
1.1 Революцияның негізгі себептері 7
2-тарау. Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі 13
2.1 Якобиншілер диктатурасының орнауы 13
2.2 Якобиншілердің аса маңызды шаралары 16
2.3 Француз буржуазиялық революциясының маңызы 21
Қорытынды 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мейірімділік пен зұлымдық, әділеттілік
пен зорлық-зомбылық – адамзаттың мәңгілік ойланатын мәселелері, тарих
оларды адамзат алдында әрбір ұрпаққа қоятын болса, ал өмір әрбір адам
баласына қойып келеді. Осы сұрақтарға біздің де жауап беретін кезіміз келіп
жетті. Әрине бұл мәселеге жауап қатудың нұсқаларын біздің өзіміз таңдап ала
аламыз. Бірақ тарихтың кейбір кездерінде осы таңдаудағы қателіктің бағасы -
адам өмірі болып табылады. Мүлт кетсең қыршыннан қиылып кете барасың, бұл
төңкерістер мен дағдарыстар кезеңі...
Ұлы француз революциясының Еуропаға ықпалы өте мол болды. Көптеген
тарихшылардың айтуы бойынша оның ықпалы бүкіл ХІХ ғасырды алып жатыр. Ол
өзінің мейірімділік пен әділеттіккке ұмтылысын ақыл-ой, еркіндік пен
теңдік идеялары арқылы жасауға тырысты. Ол өз идеяларының сәулесін талай
халықтарға шашты және көптеген билік басындағылардың жүрегіне қорқыныш пен
үрей ұялатты.
Орыс философы Бердяевтың пікірі бойынша кейінгі ғасырларға тән
социализм сол француз революциясының орындалмай қалған уәделерін орындауға
ұмтылыс[1]. Франциядағы жағдай кез келген революцияда анархия, террор,
бас көтерулер болатындығын көрсетті. Адамдардың жақсы өмірге ұмтылысы
көптеген замандастары үшін репрессиялар, айуандықтар және өлім әкеледі.
Франция өзінің Ұлы революциясының тұлғаларын тіпті ұмыта да
бастағандай. Себебі Робеспьер секілді ұлдарының атында тіпті ескерткіш те,
көше аты да жоқ. Ал бұл керісінше бұрынғы КСРО мемлекеттерінің қалаларында
әлі күнге дейін Максимилиан Робеспьер атында көше бар екендігін байқап
қаламыз.
Француз революциясының тарихы зерделеу арқылы біздер көптеген
қазіргі күні алдымыздан шығып отырған сұрақтарға шешім іздейтініміз хақ.
Халық үшін қой үстінде қозы жұмыртқалаған кезеңге қалай жетуге болады?
Неге адамзат өмірін жақсартудың жолдары көбінесе қатыгездік пен анархия,
өмір мен өлім әкелетін революциялар арқылы іске асырылады?
Кез келген адамдардың өмірінде болып жатқан оқиғаның басқа адамдарға
ықпалы жайында айту қиын. Мейлі бұл оқиға немесе құбылыс революция деп-ақ
аталсын. Соның өзінде де өте қиын. Өйткені ол оқиғаларды бір-бірімен
байланыстыру, оларды саралап, пайымдау тек тарихтың қанжығасына берілген.
Әлбетте экономикалық жағдайды жақсарту үшін ұмтылыс адамдарды белсенді
қимылдарға итермелейді. Бірақ революция адамды үрейлендіріп, көпшілікке
тынышсыздық әкеледі. Тіпті революция кезінде халық басқарусыз қалып оның
толқындары кері де соғып жатады. Революцияның нәтижелерін алдын ала көріп
немесе болжап айту мүмкін де емес.
Осы айтқандарымызға дәлел іздер болсақ алысқа барудың қажеті шамалы.
Біздің көршілес мемлекеттерімізде болып жатқан оқиғалар осының айғағы десем
қателесе қоймаймын. Өйткені Қырғызстандағы төңкерістің арқасында билік
басына келген Қ. Бақиев бір сұқбатында: біздер халық мұндай анархияға бой
алдырады деп ойламадық[2], - деді.
Осы тақырыпты аша отырып біз революцияның не екенін, оның қалай
туындайтынын, оның басқалар үшін маңыздылығын ұғамыз. Және осы мәселені
қарастыра отырып революция біздер үшін қажет пе деген сұрақ мәселесі
жөнінде ой түйіндейміз.
Қазіргі кездегі Франция – Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, аумағы –
550 000 ш. км-ге жуық, халқы – 58.5 миллион адам, бұл Еуропа одағы халқының
15.67%-ін құрайды.[3]
Француз Республикасы еуропалық және әлемдік саясатта айрықша ролге
ие. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, экономикасы дамыған жеті
мемлекеттің бірі, ракеталық-ядролық күш-қуаттың иесі. Сондықтан да
Францияның әлемдік саясатта орны да, салмағы да ерекше. Осы ретте ХХІ
ғасырда жаңа әлемдік тәртіп қандай болады және мұнда жалпы Еуропа, оның
ішінде Франция қандай рол атқарады деген мәселе салмақты болмақ[4].
Осыған байланысты айтып өткендеріміздің барлығы біздің алған
тақырыбымыздың өзектілігін растағандай.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ұлы француз революциясының үшінші кезеңін
толығымен қамти отырып оның қыр-сырын ашуға ұмтылу. Сонымен қатар оған
себеп болған жағдайларды да түсіну әрі Франциядағы буржуазиялық
революцияның үшінші кезеңінің ерекшеліктерін көрсету болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін курстық жұмыстың міндеттері мыналарды қамтиды:
- француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңінің себептерін
зерделеу;
- революцияға дем берген идеялар мен тұлғалар жайында ой тұжырымдау;
- Ұлы француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңінің барысын
пайымдау.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Мұнда әлемнің дамуына әсер еткен Ұлы
француз революциясына соны көзқарас келтірілген.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, содан соң
қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

сабақтары
1.1 Революцияның негізгі себептері
Француз революциясының бірінші шабуылдарының ішіндегі негізгісі дінге
қарсы шабуыл болды және ол ең соңғы ұшқын болып сөнді де. Тіпті еркіндікке
деген ұмтылыс сөнген кезде де дін басындағы беделділерге қарсы тұру
тоқтамады. Тіпті Наполеонның өзі де француз революциясының либериализмін
(еркіндікке ұмтылысын) ауыздықтай алса да оның антихристиандық ұмтылысын
тоқтата алмады. Демек осы ұмтылыс біз қарастырып отырған үшінші кезеңде де
бастапқы себеп ретінде қалды. Сол себепті де XVIII ғасырдың философиясын
Революцияның негізгі себептерінің бірі ретінде қарастыруы тегіннен тегін
емес. Өйткені сол философия өн бойына дінге қарсы десек қателеспейміз.
Ал таразының екінші басында адамдардың теңдікке ұмтылысы мен және одан
туындайтын барлық касталық, таптық және кәсіби артықшылықтарды түп
тамырымен жұлып алып тастау тұр. Яғни бұл атағандарымыз саяси талаптар.
Атап өткен революцияның екі себебі революцияның қоректендірген ең басты
себептер және әрі революцияның демі біткенше күн тәртібінен түспеген
себептер екенін баса айта кеткіміз келеді. Сондықтан осы екеуі де үшінші
кезеңнің басты себептері деп айқын көрсете аламыз.
Ендігі жерде философтардың не себепті барлық күш-жігерлерін Шіркеуге
қарсы бағыттағанын айтып өтейік. Олар шіркеуге мейлінше соққы беріп,
христианствоның негізін шайқалтуға тырысты. Бірақ христианство өзіне
жеккөрушілікті діни доктрина ретінде емес іс жүзінде саяси институт ретінде
тудырды. Сөйтіп дінге қызмет етушілер меншік иелері болып, салықты
жинағандығы үшін, көпшілікке қарағанда арнайы артықшылықтары болғандығы
үшін өзіне қарсылық туғызды[5].
Мұның бәрі тек қана Франция революциясына тән қасиет деп тану мүмкін
емес, өйткені бүкіл Еуропада Ұлы француз революциясынан кейін жаңармаған
христиан шіркеуін таба алмайсыз.
Революцияның басталғанына бір жыл толмай жатып Мирабо корольге құпия
түрде былай деп жазды: Бұрынғыға қарағанда салыстырмалы түрде жаңа
тәртіптен үміт күтуге болады. Ұлттық жиналыстың актілерінің бір бөлігі,
анығырақ айтқанда басым бөлігі монархиялық билікке оң көзқарас танытады.
Парламенттен, дінбасыларынан, артықшылығы бар тұлғалардан, ақсүйектерден
еркін болу, олардан арылу оңай шаруа емес. Бірыңғай бір тектес таптан
тұратын қоғам құру Ришельеге де ұнар еді; біртұтас қоғам басқару ісін
жеңілдетер еді. Осы революцияның бір жылы абсолюттік монархтардың талайы
істей алмаған тірліктерді еңсеріп тастады.
Француз революциясы тек бұрынға басқару тәртібін өзгертіп қана қоймай,
сонымен қатар өз қаруын билікке қарсы көтеріп, абырой мен беделділерді
ысырып тастап олардың орнына жаңа идеяларға негізделген тәртіп орнатуды
көздеген еді. Осыдан анархиялық сипаттың көрініс беруі де түсінікті бола
бастайды.
Франция революциясын дайындап және оны жүзеге асырған екі ағым болды:
а) ағартушылардың идеяларына сусындаған буржуазия немесе үшінші сословие
мемлекетті саяси тұрғыдан қайта құрудың жолдары туралы өз түсінігі болды
және б) өз жағдайын жақсартуға құлшына кіріскен шаруалар (сонымен қатар
қала пролетариаты). Осы екі ағым бір-бірмен теңескен кезде және бір идея
төңірегінде біріккен кезде революция жасалды.
Осылайша ағартушылардың барлық ұлы идеяларының шырқау шыңы осы француз
революциясы болды.
Француз революциясының 1793 жылдан кейінгі қанқұйлы оқиғаларынан соң
орын алған көзқарасты көрсететін ағылшын тарихшысы және фиолософы Томас
Карлейльдің мына сөздерін еске алмасқа болмайды: Революция – адамдар
жүрегінен орын алған ессіздік. Ол кез келген адамның ашынуы немес оларды
жаулап алған үреей мен қорқыныш... Революция – ашық көтеріліс және өзінен
өзі іріп-шіріген, жасарын жасап, асарын асап болған енді барлық потенциалын
тауысқан билік қарсы еркіндік үшін күреске шыққан анархияның зорлық-
зомбылықпен жеткен жеңісі; бұл анархиялар түрмелердегілерді босатып, сонау
тұңғиық тереңнен көтерілетін жер дүмпулері тәрізді бақылаусыз құбылыс, оның
күш-қуаты өздігінен әлсіремейінше, өздігінен жанып, буырқанып бітпейінше,
жаңа тәртіп элементтері дамымайынша, әзірге анархия қайтадан түрмеге
жабылмайынша, ауыздықталмайынша, ал оның жойқын күштері өзінің бағыт-
бағдарына орай ақылға сыйымды әрі бақылауға болатындай күйге енбейінше
жалғасы береді [6].
Әрбір революция ескіні күйрете талқандап қана қоймай, адамдар
тағдырына, олардың бір-бірімен қатынастарына да өзгерістер әкеледі.
Ыдыраудың дауылы олардың да жан дүниесін жаулап алып, тіпті гуманистік
көзқарастардың идеалын алға тартқандардың өздері де, мейлі қате басты деп-
ақ есептегенімен (контрреволюция, сыртқа жаулар және т.б. әсерінен болсын
делік) қолдарын гильотинадан аққан қанға бояп алады.
Дәл осы біз қарастырып отырған француз революциясының кезеңінде адам
қаны судай ақты. Дәл осы кезеңді көргендер жан түршігерлік оқиғалардың
куәлары күн тәртібіне мынадай сұрақты көлденеңінен қойды: Жақсы өмірге
ұмтылыс үшін, мейлі ол көпшіліктің жай-күйі үшін болсын, басқалардың
өмірлерін таптай отырып соған қол жеткізуге болады ма? Ал қансыз,
өлімдерсіз, тәртіпті өзгерту мүмкін бе?
Философтардың бір бөлігі революцияның қорқынышты кезеңдерін тұжырымдай
келе ағартушылар дәуірінің ұрпағы құдайдың идеясын жоғалтып алды, сондықтан
мұндай адам айтқысыз қанқұйлы істер орын алды деп есептеді.
1.2 Якобиншілер диктатурасының басты тұлғалары: М. Робеспьер, Дантон
Максимилиан Робеспьер (Robespierre, Maximilien de) (1758–1794),
Арраста 1758 жылдың 6 мамырында дүниеге келді. Ораториандықтар орденінің
мектебінде сауатын ашып 1769 жылы Париждегі Ұлы Людовиктің колледжіне
стипендиат ретінде жіберілді. Заңгер дипломын алған ол Аррасқа қайтып
оралды да мұнда өзінің алғашқы адвокаттық қызметін бастады. 1789 жылы
үшінші сословиенің атынан Бас штаттарға депутат болып сайланды. 1792 жылдың
10 тамызындағы король сарайын басып алу Людовик XVI-ның билігінің
аяқталғанын көрсетті. Конвентте Робеспьер республикалық басқару жүйесінің
енгізілуін дауысқа салды. Ал 1793 жылдың қаңтарында ол Людовик XVI-ны
революцияны сатып кетті деп айыптау кезінде оған өлім жазасын тағайындау
жағына шығып дауыс берді. Ал монархты құтқаруға тырысқан жирондистерді ол
Конвенттен тым-тырақай қуып шықты. Бірінші коалицияның армиясы Францияның
шекарасын бұзып соғыс ашқан сәтте Конвент атқару билігін Қоғамды құтқару
комитетіне берген еді. Осы жылдың ішінде Робеспьер біртіндеп оның кейбір
одақтастары мен оның үкімет ішіндегі жолдастары
Революция идеальдарын жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр деп шешті,
сондықтан заңның жоғарылығын орнату үшін тек қана таза патриоттардың
диктатурасы болуы тиіс деген тұжырымға келді. Сөйтіп 1794 көктемінде Жак
Эбердің ізін қуушыларды және ымырашылдық танытып террорды тоқтатуға
тырысқан Жорж Дантонды гильиотинаның пышағына жіберді. Енді Робеспьер үшін
Әділеттілік Республикасын құру мүмкіндігі туған тәрізді көрінген болатын.
Бірақ 1794 жылдың 27 шілдесінде якобиншілер диктатурасы биліктен қуылып
ертеңіне Парижде Робеспьердің басы гильиотинаның пышағынан домалап түсті.
Жорж Дантон Арси-сюр-Обта 1759 жылдың 26 қарашасында дүниеге келген
болатын. Құқықты оқып-біліп заң қызметтерін көрсетіп жүретін. 1790 ол
Кордельер және Якобин клубының басшыларының бірі. 1792 жылғы 9-10 тамыздағы
Тюильри сарайын алуға тікелей қатысқандардың бірі. Уақытша атқару кеңесінің
мүшесі және әділет министрі болып қызмет атқарды. Ал 2 қыркүйекте
пруссиялықтар Шампаньға басып кіргенде бүкіл ұлтқа елді қорғау жөнінде ұран
тастады. Дантонның халық алдындағы орасан зор беделіне тіпті Робеспьер мен
Сен-Жюстте қызғанышпен қарайтын. Дантонның беделіне дақ түсірген нәрсе оның
роялисттермен құпия мәмілеге келіп мүлік сатып алуға тырысқандығы болды.
1793 жылдың шілдесінде Дантон Қоғамды құтқару комитетінен шығарылып
тасталды, сөйтіп уақытша ол өз отанына кетті. Саяси сахнаға ол жыл соңында
қайта оралып Робеспьер енгізген террорды ауыздықтау жолдарын іздестірді.
Бірақ оны Сен-Жюст басқарған Қоғамды құтқару комитеті айыптап ал 1794
жылдың 30 наурызында түрмеге жапты. Революциялық трибуналдағы Дантонның
сөзі соншалықты жалынды болғандықтан оны заң орындары мен сотты сыйламайды
деп айыптады. Ал 1794 жылдың 5 сәуірінде Дантонның басы да гильиотинаға
түсті[7].
2-тарау. Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі
2.1 Якобиншілер диктатурасының орнауы
Біз қарастырып отырған кезең бейнелеп айтар болсақ өзі дүниеге
әкелген балаларын өзі тұншықтырған, қатыгездікпен өлтірген революцияның
кезеңі деуге болады. Бұл жыл толып тұнып тұрған жауыздықтар орын алған жыл.
Және олар мұны тек жақсылық үшін ұмтылыс деп түсінген жыл. Бұл оқиғалар
орын алған сәтте олар әлемге үлкен жақсылық істеп, жаулардан жерді тазалап
жатырмыз деп ойлағаны да хақ. Бұл жыл якобиншілер диктатурасының билік
еткен жылы.
1793 жылдың ақпанында Конвент рұқсат берген 300 мың адамды әскер
қатарына шақыру Францияның батысында азаматтық соғысқа әкелді, сонымен
қатар оңтүстік-шығыста, атап айтқанда Тулонда және Марсельде көтеріліс оты
бұрқ ете қалды.
Революциялық лагерде көзқарастар қайта қаралып ара-жіктері ашыла
түсті, экономикалық дағдарыс, халықтың толқулары, революцияның сыртқы және
ішкі қарама-қайшылықтары республиканы өмір мен өлім арасына қойды.
Биліктері ұшан-теңіз революциялық трибуналдарды, революциялық қадағалау
комитеттерін, Революцияны құтқару комитетін құру Таудағылар позициясын
нығайтты. Парижде өткен 1793 жылдың 31 мамыр мен – 2 маусымындағы халық
көтерілісі арқасында монтаньярлар диктатурасы, кейіннен якобиншілер атанған
диктатура орнады.
Биліктің монтаньярларға көшуі жаңадан революция жылдарында
алыпсатарлықтан пайда болған буржуазияның саяси жеңісі болатын.
Монтаньярлар ұлттық көлемде жеңіске жетуінен бұрын олар өзінің
қарсыластарын Якобин клубында жеңген болатын, сондықтан олар орнатқан режим
якобиншілер режимі деп аталды.
Монтаньярлар билік басына келмей жатып-ақ, 1793 жылдың 21 қаңтарында
Революция алаңында король Людовик XVI-ның басын гильотинамен кесуге қол
жеткізген болатын[8].
Ал өкімет басына келген олар ішкі және сыртқы соғыстар жағдайында
тығырықтан шығуға жол іздеп, ең соңғы шараларға барды.
Сөйтіп 1793 жылы жазда Парижде өткен халық көтерілісі билікті
якобиншілердің қолына ұстатты.
Якобиншілер диктатурасы либералдық принциптерге пысқырып та қарамастан
қоғамның жан-жақты өміріне мемлекеттің араласуының үлгісін көрсетті.
Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы мен сауда, қоғамдық мерекелер мен
азаматтардың жеке өмірі барлығы реттелетіндей етіп, оның барлығын
мемлекеттік бақылауға әкеп тіреді. Бірақ мұның бәрі экономикалық және
әлеуметтік дағдарысты тежей алмады, сондықтан 1793 жылдың күзінде Конвент
террорды күн тәртібіне қойды. Қоғамды құтқару комитеті өзінің өкілдерін
барлық көтерілістер мен төңікерістер болып жатқан жерлерге жіберіп оларды
шектеусіз өкілеттік бере отырып террорды бастады. Бұрынғы Құрылтай
жиналысының депутаты Гильотеннің ойлап шығарған бас кесетін машинасы
(гильотина деп аталып кетті) үздіксіз жұмыс сітей бастады. Кейде ол
үлгермеген жағдайда ату жазасы қолданылды.
1793 жылдың соңына қарай революциялық террор тек қана бүлік шығарған
провинцияларды қамтып қоймай бүкіл елге тарады.
Революциялық трибуналдар тау суындай тасқындап аққан істерден
құтылудың екі жолын ғана қарастырды: толығымен ақтап шығу немесе өлім
жазасын тағайындау. Халық жауы аталғандар тек қана Мария Антуанетта
немесе бұрынғы герцог Орлеанский — Филипп-Эгалите болып қана қоймай,
сонымен қатар кезек фейяндар, жирондистер, ессіздер, дантонистер,
эбертистерге келіп жетіп, олар да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz