Конференцияда көтерілген Германия мәселесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Халықаралық қатынастар
және Қазақстан Республикасының
сыртқы саясаты кафедрасы

Жұманова Индира

Тегеран, Ялта, Потсдам конференцияларындағы неміс мәселесі

(Курс жұмысы)

ғылыми жетекші:
т.ғ.к. доц. Бюжеева Б.З.

Алматы, 2005
ЖОСПАР

Кіріспе 3
І-тарау. Антигитлерлік коалицияның құрылуы 7
1.1 Тегеран конференциясында қаралған мәселелер 7
1.2 Германияға қарсы екінші майданның ашылуы 8
ІІ-тарау. Конференцияда көтерілген Германия мәселесі 13
2.1 Қырым конференциясында көтерілген Германия мәселелері 13
2.2 Потсдам конференциясында Германия мәселесін реттеу және ІІ
дүниежүзілік соғыс қорытындылары 17
Қорытынды 24
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі: 26

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті
ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл
халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс
пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай
мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан,
түсінік–пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі
күнбе–күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай
келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси-құқықтық жағынан саралай білудің
зор маңызы бар десек, ХХ ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – ІІ
Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран –
Ялта – Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын
алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де
назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз
державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы
көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи
шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі
өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді.
Курстық жұмыстағы басты мақсатым: ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы
үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс)
мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру болмақ.
Бұл үшін мынадай міндеттер алдыға қойдым:
• Тегеран конференциясындағы гитлершіл Германияға қарсы коалициялық
одақтың бас қосуы, яғни екінші майдан ашу мәселесі – одақтастардың
гитлерлік Германияға қарсы ортақ мүдделестігін айқындау;
• Қабылданған ресми құжаттардың мазмұнын , мән – маңызын анықтау;
• Ялтадағы конференцияда бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік
мәселесінің қойылуын саралап беру;
• Одақтас бірліктің Германияны болашақта бөлшектеу жобалары;
• Потсдам конференцияда ІІ Дүниежүзілік соғысты қорытындылау. Репарация
және екіге бөлінген Германия;
• Неміс мәселесінің түпкілікті шешілмеуі.

Деректік негізі. Осындай мақсат – міндеттерді алдыға қоя отырып, курс
жұмысын жазу барысында арнайы құжаттық айғақтар және дерек көздері кеңінен
қарастырылды. Тақырыпқа тікелей қатысты құжаттық жинақтар атап айтқанда,
"Тегеран – Ялта –Потсдам (Сб. док-в)[1]",''Ялтинская конференция 1945:
Уроки истории"[2] және "Хрестоматия по истории международных
отношений"[3], "Советский союз и Берлинский вопрос (Док-ты)"[4] деген
құжаттық материалдарда конференция барысынан түр - нұсқа мәтіндері және
стенограммалары толық дерлік баяндалған. Бұл материалдардың құндылығын
арттыра түседі. Сонымен қатар, әр конференция материалдары жеке–жеке жинақ
ретінде жарық көрген "Тегеранская конференция руководителей трех союзных
держав СССР, США и Великобритании"[5], "Крымская конференция руководителей
трех союзных держав СССР, США и Великобритании"6, ''Потсдамская
конференция трех союзных держав СССР, США и Великобритании''7,
''Хрестоматия по истории Новейшей истории"8, ''Переписка Председателя
Совета Министров СССР с президентом США и премьер – министром
Великобритании во время Великой Отечественной войны (1941-1945гг)"9 сияқты
көптеген құжаттық деректерді курстық жұмысқа арқау етсек, кеңестік
деректер жинақтар: "Советско-англ отношения во время ВОВ 1941-1945гг."10,
''Советско- германские отношения во время ВОВ''11, ''Советский союз на
международных конференциях периода ВОВ (1941-1945 г.г.)''12 т.б. деректер
кеңінен жұмыста қолданылды. Осы мәселені қарастыратын арнайы зерттеу
еңбектер, монографиялар және оқулықтарға көбірек тоқталдым. Әсіресе, У.
Черчиллдің,13 Майскийдің,14 Висков С.Н. және Кулбанин В.Д15, Лютов
Н.С. және Носков А.М16, Бережков В.М.17, "На конференции Большой
тройки и в кулуарах"18 және "Истории дипломатии"19, "История международных
отношений внешней политики СССР "20, ''История международных отношений
внешней политики"[6] т.б. зерттеулерден тақырыпқа қатысты бірқатар
мәліметтер алынды. Және де жанама әдебиеттер ретінде Исраэлянның В.Л[7],
Земков Н.Н[8] еңбектері де қолданылды. Жоғарыда келтірілген деректік
құжаттар, зерттеулерге қоса мерзімдік басылымдардағы мақалаларға тоқталмай
кетуге болмайды. Атап айтсақ, Борисов А. Ю[9]; Тихвинский С[10],
Севастяков П[11] т.б. ғылыми мақалалары өте құнды деуге болады. Сөйтіп,
жоғарыда аталған деректер мен зерттеулер, мақалалардың негізінде ғылыми
жұмыстың базалық құрылымы жасалды. Жинақталған әр алуан мақалалар жүйелі
талдау жасауға мүмкіндік берді.
Тақырыптың маңыздылығы. Бүгінгі таңда жаһандасу және халықаралық
терроризм секілді әлемдік халықаралық күрделі мәселелердің алдын алу, оны
тиімді жолдармен шешу үшін өткеннің тарихи тағлымына жүгінгеннің зор
маңызы бар. Мәселен, зерттеу аясында қарастырып отырған ІІ Дүниежүзілік
соғыс кезіндегі коалициялық күштердің Тегеран-Ялта-Потсдам конференциялары
іс жүзінде зор нәтиже берді, дүлей соғысты тез аяқтаудағы орасан маңызы
күні бүгінге дейін баспасөз беттерінде бағалап келеміз. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, жас мемлекеттің дипломатиясын
нығайтуға үлес қосатын сыртқы саясаттың қыр-сырын білетін білгір
мамандарға ділгір болып отырғанымызда осы жұмысымыздың маңыздылығын
арттыра түседі.
Құрылымы. Курстық жұмыс құрылымы әдеттегідей үш бөлімнен: кіріспе,
негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі,
деректік негізі, мақсат-міндеттері және маңызы жан – жақты қаралса,
негізгі бөлім тиісінше екі тарауға бөлінген: І тарау. Тегеран
конференциясында қаралған мәселелер және Германияға қарсы екінші майданның
ашылуы; ІІ тарау: Қырым конференциясы: нацистік Германияны талқандау
жоспары және қауіпсіздікті сақтау мәселесі; Потсдам конференциясында
Германияны реттеу және ІІ Дүниежүзілік соғыс қорытындылары.
Қорытынды бөлімде жоғарыдағы пікірлер тиянақталып ой-түйін жасалған.

І-тарау. Антигитлерлік коалицияның құрылуы

1.1 Тегеран конференциясында қаралған мәселелер

1943 жылы 28 қарашадан – 1 желтоқсанға дейін үш мемлекет: АҚШ, КСРО,
Ұлыбритания үкімет басшылары Ф.Д. Рузвельт, В.И. Сталин, У. Черчилль
Тегеранда бас қосты. Одақтас елдер басшыларының бірінші кездесуінде
дипломатия кеңесшілері мен әскери штабтың өкілдері де қатысты. Күн
тәртібінде соғыстың барысы және соғыстан кейінгі бейбітшілік мәселелері
талқыланды. Одақтас елдердің гитлершіл Германияға қарсы соғыс қимылдарын
бірлесіп жүргізу жоспарын жасау Тегеран конференциясының басты мәселесі
болды. Көптеген тарихшылар Тегеранды антигитлерлік коалицияның ең шыңы деп
санады. Бірақ бұл жолға келу оңай болған жоқ. Англия мен АҚШ билеуші
топтары Гитлердің КСРО-ға шабуыл жасаған сәтінен бастап енжарлық көрсетті
және сол кездегі КСРО мен әскери ынтымақ жасауға құлшына қоймады. Кеңес
үкіметі ең қысқа мерзім ішінде батыс державаларымен одақтастық қарым -
қатынастар жасауға ұмтылып, мұны фашистік "ось" державаларына қарсы
ойдағыдай күрестің кепілін көріп отырған кезде, Лондон мен Вашингтон ортақ
жауға қарсы тек біріккен қимылға жағдайдың қысымымен ғана қосылып,
өздеріне алынған міндетті орындауды қалайда соза түсуге тырысып бақты.
Вашингтон саясаты, сайып келгенде, дүниежүзіне АҚШ-тың үстемдігін
орнатуға ұмтылу болса, Англияның билеуші топтарының көздеген мақсаты ең
алдымен британдық империяның дүниежүзілік позициясын сақтап қалуда еді.
Тіпті осының өзінде де, олардың мүдделерінде елеулі алшақтықтар болды. АҚШ
пен Англия өз мақсаттарына жетудегі басты кедергіні гитлерлік Германия мен
милитаристік Жапонияның саясатында деп білді. Олар осы қауіпті
бәсекелестерін шет еткенде ғана, өздерінің ықпал ету сферасын нығайтып,
кеңейте алатынына сенді. КСРО соғысқа кіріскеннен кейін Англия мен АҚШ осы
жанжал арқылы өздерінің жеке мақсатын көздеді. Сөйтіп, АҚШ КСРО-ның
қолымен Германия мен Жапонияны әлсіретуге тырысты, сонымен, Тегеранда
қабылданған келісімдер антигитлерлік коалицияның маңызын көрсетті. Бұған
дейін АҚШ пен Ұлыбритания Еуропада соғыс майданын ашамыз деген уәделерін
орындамағандықтан, соғыстың негізгі ауыртпалығын Совет Одағы көтерді.
Екінші майдан ашу мәселесіне келсек, 1942 жылдың көктемінде Ла-Манштың ең
енсіз жерінен кесіп өту арқылы және Сена сағасының шығысындағы Кале мен
Гаврдың арасындағы француз жағалауына әскер түсіру, сөйтіп, солтүстік
Францияға басып кірудің американдық жоспары жасалды. Оверлорд деген
кодтық атпен аталған бұл жоспарды жүзеге асыру тек 1943 жылдың көктеміне
белгіленді. 1942 жылы американ Бас штабы Следжхэммер деген шектеулі
операцияны қарастырды, оның үстіне бұл төмендегідей жағдайларда жүзеге
асырылуы тиіс болды.
1. Орыс майданындағы жағдай өте ауыр болғанда, яғни Германия қаруының
табысы артық болып, орыстардың қарсылығына сөзсіз күйреу қаупі төнгенде
ғана ортақ.
2. Батыс Европада немістердің жағдайы өте төмен болғанда. Міне,
Тегеран конференциясының осындай алғышарттарға негізделгенін көреміз,
сөйтіп, ыңғайлы тактика жеңіп шықты. 1942 жылы Совет герман майданында
кескілескен ұрыстар жүріп жатқан кезде Лондон мен Вашингтонда Батыс
одақтастарға Екінші майдан ашу қашан тиімді болатындығы қызу талқыланып
жатты.
1942 жылы жазда болған Лондондағы ағылшын-совет келіссөзі кезінде
Совет үкіметі Батыс Европаға басып кіруді тездету қажеттігі туралы
мәселені тағы да қойды. АҚШ президенті Ф. Рузвельт бұл мәселені қолдады.
1942 жылы 12 маусымда қол қойылған ағылшын-совет мазмұндамасында
Вашингтонда бұрын келісілгендей 1942 жылы Еуропада екінші майданды құрудың
кезек күттірмейтін міндеттері жайында толық келісімге қол жетті деген
тұжырым қайталанды.

1.2 Германияға қарсы екінші майданның ашылуы

Екінші майданның ашылуының нақтылы келісілген мерзімі ақыры шешілген
сияқты еді. Бірақ батыс державалары бұл жолы да өз міндетін орындамады.
1942 жылы өтті, 1943 жылы бітті, 1943 жылы қарашаның аяғында Тегеран
конференциясы ашылғанда бұрынғысынша Францияда екінші майданның қашан
ашылатындығы беймәлім еді. Сондықтан Тегеран кездесуінің күн тәртібінде
тұрған мәселелерді талқылаумен қатар, Совет үкіметі екінші майдан
жөніндегі мәселеге де нақтылы жауап алуға ұмтылуы да табиғи нәрсе еді.
Тегеран конференциясының бірінші жалпы мәжілісінде Европада екінші
майданды ашу туралы мәселе қойылды. Тегеран конференциясында Британ
премьері У. Черчилль мен АҚШ президентінің біріккен штабы Оверлорд
операциясы 1944 жылғы май айында белгіленді деп жарияланды. Ол оңтүстік
Франциядағы десанттың көмегімен жүргізілмек, бұл қосалқы операцияның күші
сол кездегі қолда болатын десанттық құралдардың мөлшеріне байланысты
болады деп шешілді. Ал Англия тек десанттық операциялар басталғанға дейін
КСРО немістерге күшті соққы әзірлейтінін мәлімдеді.1 Тегеран
конференциясында солтүстік Францияда екінші майдан ашу проблемасын
талқылау осылайша аяқталды.
Ағылшындар мен американдар берген уәде созыла түсіп, Оверлорд
операциясы майда емес, 1944 жылы 6 маусымда басталды. Гитлершілдерді
батысқа қарай үсті-үстіне тықсыра түсіп, Германияның территориясына
жақындаған совет әскерлерінің ойдағыдай қимылы болмаса, мұны бұдан да гөрі
ұзақ мерзімді кешеуілдетуге тура келер еді. Ағылшындар мен американдықтар
кешігіп қалудан қорқып, ақыры басып кіруге мәжбүр болды. Оверлорд туралы
мәселе шешілгеннен кейін конференцияға қатысушылар қол қойған келісімді
қатаң құпия сақтау проблемасына едәуір көңіл бөле бастады. Сонымен бірге
екінші майданды ашуға керекті стратегиялық және тактикалық жоспары
жасалып, дұшпанды радионың көмегімен шатастыру, бес-сегіз мыңға дейін
танкілер, екі мың самолет макеттері жасалып, жалған аэродромдар жасалу
ұсынылып, Тегеранда қабылданған шешімдерді білетін адамдар тобы шектеулі
болуы, хабар-ошардың шетке шығып кету мүмкіндігін болдырмауды көздеген
қосымша шаралар белгіленді. Осыған қарамастан, Тегеран конференциясының
аса маңызды шешімдерін жаудан құпия сақтау қолдан келмеді.
Еуропада екінші майдан ашу, соғыстың аяқталуын тездету мәселесі Совет
делегациясының ұсынысы бойынша жетілдірілді. Черчилль екінші майданды
Балқан түбегі арқылы жүргізуді жақтады.1 Ол ағылшын және американ қарулы
күштерін Совет армиясынан бұрынырақ оңтүстік-шығыс және орталық Еуропаға
жайғастырып, еуропа халықтарын билеп-төстеуді көздеді. Бұл жоспардың осал
жақтарына тоқталып, В.И. Сталин екінші майданды Франция территориясынан
ашудың дұрыстығын дәлелдеді.
Тегеран конференциясының 28 қарашадағы бірінші жалпы мәжілісінде
Түркияны одақтастар жағында соғысқа итермелеу жөнінде У.Черчилль мәселе
көтерді. Британ премьерінің пікірі бойынша Түркияның соғысқа кіруі
Дарданелл мен Босфор арқылы қатынас жолын ашуға, сөйтіп Совет Одағына Қара
теңіз арқылы қатынас жолын ашуға жабдықтарды жіберуге мүмкіндік туып,
оңтүстік порттарда жүк түсіру тұрақты түрде жүзеге асырылады деп сендірді.

Ағылшын үкіметінің генералдары Түркияның соғысқа кіруі одақтастарға
үлкен артықшылықтар әпереді және Румыния мен Болгарияның соғыстан шығу
мүмкіндігі тұрғысынан үлкен маңызға ие болады, бұған қоса Түркияда
одақтастардың авиабазасын жасау немістердің маңызды объектілеріне, атап
айтқанда олардың Румыниядағы мұнай көздеріне шабуыл жасауды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді деп шешті. Егер Түркия соғысқа кіру жайлы соғысты
қабылдамаса, мұның Түркия үшін елеулі салдарлары болатынын және Босфор мен
Дарданелл қақындағы оның правосына әсер ететіндігін ескертті.2 Ақыры 1945
жылы 23 ақпанда Түркия Германия және Жапонияға соғыс жариялады. Бұл кезде
Болгария, Румыния, Югославия азат етілген еді де, майдан түрік
шекараларынан мың километрге қашықтап кеткен болатын. АҚШ пен
Ұлыбританияның өтініштеріне байланысты Совет Одағы Еуропадағы соғыс
бітісімен империалистік Жапонияға қарсы соғысатынын білдірді. Рузвельт
Германияны бір-біріне тәуелсіз бес мемлекетке бөлшектеу туралы мәселе
көтерді. Черчилль бұл ұсынысты қабылдап, Австрия, Венгрия және Оңтүстік
Германияның кейбір аудандарын қамтитын Дунай федерациясын құру жөніндегі
жоспарды қолдады. КСРО өкілдері бұл ұсыныстарды сынап, неміс халқының
мүддесіне қайшы келетін Германияны бөлшектеу мәселесін қабылдатпады.
Тегеран конференциясы Иранның тәуелсіздігін, суверенитетін және
территориялық тұтастығын сақтау керек екендігін ескертті. Германияны
бөлшектеуде бірінші Пруссияны қалған Германиядан оқшаулау, екіншісі
Германияның оңтүстік провинцияларын – Баварияны, Баденді, Вютембергті,
Палатинаны Саардан Саксонияға дейін бөліп тастау ұсынылды. Өз кезегінде
В.И.Сталин оны Дунай мемлекеттерінің құрудың қажеті жоқ, Венгрия мен
Австрия бір-бірінен бөлек өмір сүруге тиісті деп толықтырды. Сөйтіп,
Тегеран конференциясында соғыс аяқталған соң, Германияны бөлшектей отырып,
оның XX ғасырда қайта бас көтеру мүмкіндігін болдырмау көзделді. АҚШ
президенті Ф. Рузвельт Германия туралы мәселені зерттеу үшін арнаулы
құрылым тағайындап, оны Лондон комиссиясына беру жөнінде ұсыныс білдірді.
Сондай-ақ Тегеран конференциясында Польша мәселесі қаралды. Онда КСРО
мен Польшаның арасындағы 1939 жылғы шекараны қалдыру, яғни Германияның
біраз бөлігін Польшаға, ал Польшаның шекарасы шығыста Керзон сызығымен,
батысында Одер өзені бойымен өту жобаланды. Польшаны Германия есебінен
қанағаттандыру (жерінің біраз бөлігін алу) туралы Черчилльдің пікірі
тыңдалған соң, Сталин Украинаның жері Украинаға, Белоруссияның жері
Белоруссияға берілуі жөн екендігін Львов проблемасын шешу жөніндегі
жоспарын карта бойынша нақтылай көрсетіп дәлелдеп шықты.
Үш ел соғыстан кейін бейбітшілік орнату жайында бірлесіп әрекет етуге
уағдаласты. Сөйтіп Польша мемлекетінің жері мен халқы Польшаның құрамына
Шығыс Пруссия мен Оппельнск провинсиясына қоса отырып, Керзон линиясы мен
Одер өзені деп аталатындардың арасында орналасуға тиіс деп шешілді.
Шекараны түркілікті жүргізу, мұқият зерттеуді және кейбір пункттерде
халықтың мүмкін боларлық қоныс аударуын керек етеді деп, нақтылай түсті.
Тегеран конференциясында қабылданған шешімдер соғыс бітісімен батыс
елдердің реакцияшыл топтары бұл келісімдерді бұзуы, халықаралық жағдайды
шиеленістіруге әкеліп соқты.
Тегеран конференциясында қабылданған үш державаның қабылдаған
декларациясының алғашқы мәтіні мынадай мазмұнда жазылды: Біздер: АҚШ
президенті, Ұлыбританияның премьер-министрі және Совет Одағының премьері
соңғы төрт күннің ішінде (2811-112-43) Біздің Одақтасымыз - Иранның
астанасында кездесу өткізіп, ортақ саясатымызды тұжырымдап белгіледік.
Соғысқа қатысты әскери келіссөзде герман қарулы күштерін жою жөнінде
жасаған жоспарларға келістік. Шығыстан, батыстан, оңтүстіктен қолданылатын
операциялардың көлемі мен мерзімі жайында толық келісімге келдік.
Құрғақтағы герман армиясын, олардың теңіздегі сүңгуір қайықтарын
құртуға әрі әуеден олардың соғыс заводтарын талқандауымызға дүниежүзінде
бізге ешқандай күш бөгет бола алмайды. Біздің шабуылымыз аяусыз әрі өрши
түсетін болады. Ф.Д.Рузвельт, В.И.Сталин, У.Черчилль Тегеранда 1943 жылы
1 желтоқсанда қол қойылды. Соғыстың барысында басқа шешімдермен бірге
Югославия партизандарына жан-жақты көмек көрсету туралы келісімге қол
жетті.
Сөйтіп, Тегеран конференциясында Германия мемлекетімен арадағы
соғысты аяқтау үшін жүргізілетін соғыс қимылдары мен оның жерін бөлшектеу
, шекарасын белгілеу мәселелері талқыланды.

ІІ-тарау. Конференцияда көтерілген Германия мәселесі

2.1 Қырым конференциясында көтерілген Германия мәселелері

1945 жылы 4-11 ақпанда өткен Ялта конференциясы ІІ дүниежүзілік
соғыстың дипломатиясы тарихында маңызды орын алды. Бұл антигитлерлік
коалицияның үш ұлы державасы – КСРО (РФ), АҚШ, Англияның басшылары
қатысқан екінші кездесу еді. Тегеран конференциясы сияқты бұл конференция
да түптеп келгенде жеңісті ұйымдастыру ісінде де, әлемнің соғыстан кейінгі
қайта құрылымы саласында да келісілген шешімдер жасауға ұмтылған
тенденцияның басымдығымен өтті.
Ялта кездесуінің қарсаңында АҚШ пен Англия да антигитлерлік
коалицияға қатысушы басты үш мемлекет арасында уағдаласуға жол бермеуге
тырысқан күштер қызу әрекет жасап бақты. Қызыл армияның гитлершілдерге
күйрете соққы беруі, Совет әскерлерінің батысқа қарай шапшаң жылжуы, оның
бірқатар шығыс Еуропа мемлекеттерінің территорияларын азат етуі КСРО
рөлінің нығаюы өздерінің әлеуметтік жеңілдіктері мен империалистік
пиғылдарына қауіп төндіреді деп түсінген топтарды дүрліктірген еді. Олар
Москва жөнінде қатаң позиция ұстайтын кез келді деп санады.
40 жылдарғы қырғи қабақ соғыстың әйгілі идеологы Дж. Кеннон
Ялтадағы кездесуге қатысқан американдарға былай деп бағдарлама ұсынды:
1. Халықаралық ұйым құрудың бірден-бір практикалық нәтижесі
орыстардың өршіп отырған және көкейге қонбайтын ықпал ету өрісін
қорғау АҚШ-тың міндеті болғандықтан Біріккен Ұлттар Ұйымын құру жоспарын
мүмкіндігінше тезірек жою керек.
2. Американ халқына бейбітшілікті қауіпсіз ету біздің қарулы күштерімізді
қайдағы бір заң құжатында көзделген қандай да бір нақты жағдайларға
қолдану туралы сөзсіз міндеттеме алғанымызға байланысты деген пікірдің
жаңсақтығын түсіндіру қажет. Америка Құрама Штаттар біздің қарулы
күштерімізді қай жерде пайдалану керектігін өздері шешетін құқығын
сақтауға тиіс.
3. Америка Құрама Штаттар Германияны толық бөлісуді әбден шешілген іс деп
қарап, ағылшындармен және француздармен Германияның Батыс аудандары
кіретін Батыс Европа Федерациясын құру туралы консультация алмасуды
бастауға тиіс деген шешімге келді. Шын мәнінде, бұл дүниежүзін дұшпан екі
лагерьге бөлу бағдарламасы еді. Президент Ф.Д.Рузвельт пен оның жақын
адамдары Дж.Кеннонның шақыруына құлақ аспай ынтымақтастықты дамыту бағытын
ұстанды.
4. Маршаллдың пайымдауынша, бұл операциялар одақтастар армиясының
Германияның өнеркәсіп объектілеріне жасайтын соққыларына нұқсан келтірген
жоқ.

5. Ақпанда пленарлық мәжілісті аша келіп, президент Ф.Д.Рузвельт Германия
проблемасын сөз еткенде, ең алдымен уақытша оккупациялау аймақтары туралы
мәселені қарау керек екенін айтты. Бірінші кезекте АҚШ пен Англия
Тегеран конферециясында ұсынған Германияны бөлшектеу туралы сөз болып,
Орталық Үкіметтің құрылуы жөнінде мәселе қойылды. Ағылшын премьері
У.Черчилль Рейн алқабы мен Саар өнеркәсіпті аудандары, Рур мәселесі
қозғалды. Бұдан кейін кеңеске қатысушылар репарация туралы мәселеге көшті.
Бұл қағидалар Германия заттай төлемді оның ұлттық байлығының шамамен 80
пайызын беру жолымен, немесе жыл сайын тауар түрінде берумен өтеуге тиіс
болды.1 Репарациялардың мақсаты да Германияны қарусыздандыруға әкеп соғуға
тиіс болды. Сондықтан мамандандырылған әскери кәсіпорындардан 100 пайыз
алу керек делінді. Репарациялар мерзімі 10 жылға белгіленіп, ағылшын -
совет - американ бақылауымен жүргізілуге тиіс еді. Пікір алысу
қорытындысында, үш держава өкілдерінен штаб-пәтері Москвада болатын
Репарациялық комиссия құру туралы уағдаластыққа қол жетті. Осыдан кейін
Сталин Репарациялық комиссия үшін негізгі басшылық бағыттарын жасауды
ұсынды. Ол репарацияларды бөлгенде негізгі принцип мынадай болу керек
деген пікір айтылды: Репарацияларды бірінші кезекте соғыстың негізгі
ауыртпалығын көтеріп, жауды жеңуді қамтамасыз еткен мемлекеттер алатын
болды, яғни КСРО, АҚШ, Англия. Төлемді тек орыстар ғана емес, сондай-ақ,
американдар мен ағылшындар да алуы керек және оның үстіне ең мүмкін
мөлшерде алуы керек. Егер Америка Құрама Штаттардың Германиядан машиналар
немесе жұмыс күшін алғысы келмесе, онда репарациялардың басқа формалары,
оларға неғұрлым қолайлы формалары, мәселен шикізат және т.б. табылуы
мүмкін. Қайткен күнде де репарацияларды жауды жеңу ісіне неғұрлым зор үлес
қосқандар алатыны айқын белгіленуі тиіс1 деген пікірді В.И.Сталин ортаға
салды.Ф.Д. Рузвельт пен У.Черчилль бұл пікірлермен келісті. Ялта
конференциясының 6 ақпанда болып өткен пленарлық мәжілісі жаңа Халықаралық
Қауіпсіздік ұйымы уставының жобасы жасалған Думбаржан-Окстағы
конференциядан кейін шешілмей қалған мәселелерді талқылаудан басталды.
Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс беру ережесі келісілмей қалды. Бұл
конференцияға Сыртқы Істер Министрлері , штаб бастықтары т.б. қатысты. ІІ
Дүниежүзілік соғыс тарихында Қырым конференциясының маңызы өте зор.
Біріншіден, конференцияда гитлершіл Германияны талқандап, сөзсіз тізе
бүктіру мақсатына байланысты одақтас үш державаның соғыс жоспарлары өзара
келісілді. Екіншіден, конференцияда Одақтас державалар соғыстан кейін
мызғымас бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік орнату принциптерін іске
асыру саясатын бірауыздан қабылдады.
1945 жылы 13 ақпанда В.И. Сталин, Ф. Д. Рузвельт, У. Черчилль қол
қойған Қырым конференциясының коммюникесі жарияланды.2 Мұнда тізе бүккен
Германияда одақтас үш держава қарулы күштерінің ерекше аймақтарын құру,
оған орталық бақылау комиссиясы арқылы басшылық ету белгіленді. Үш
державаның басшылары герман милитаризмі мен нацизмді жою, герман қарулы
күштерін таратып, герман ауыр өндірісін бақылауға алу туралы мәлімдеді.
Конференция тізе бүккен Германия өзінің басқыншылық соғыстары арқылы басқа
елдерге келтірген зиянын өтеуге әділетті деп тауып, арнаулы комиссия
құруды белгіледі. Германия мәселесімен қоса, Қырым конференциясына
қатысушылар, басқа одақтас державалармен бірге бейбітшілік пен
қауіпсіздікті сақтау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымын құру, 1945 жылы 25
көкекте (сәуір) Сан-Францискода Біріккен Ұлттар конференциясын шақыруды
ұйғарды. Қырым конференциясында Одақтас үш державаның басшылары қабылдаған
"Азат етілген Европа туралы декларацияда" Европадағы нацистік Германия
және оның езгісінен босатылған халықтарға саяси және экономикалық күрделі
көмек беру туралы келісілді.
Алайда осы жалпы қағидалар шеңберінде Ялта кездесуіне қатысқан
үшеудің әрқайсысының өзіне тән басты мәселелері болды. Черчилль ең алдымен
Британ империясының тағдырын ойлады. Ал Сталин болса, біз ең кемінде
алдағы 50 жылға бейбітшілікті қамтамасыз етуді көздеді. Халықаралық
қауіпсіздік ұйымының болашақ уставы туралы мұнша маңызды болып отырғаны да
сондықтан. Болашақта басты үш державаның аралары алшақтап кетпеуі үшін
мүмкіндігінше көп тосқауылдар жасау керек. Мәселенің бұлайша терең де
принципті қойылуы болашаққа шын жаны ашығандық еді. Халықаралық
қауіпсіздік ұйымының болашақ ұрпақтар үшін бейбітшілікті сақтау
мүмкіндігін қамтамасыз ететін механизмін жасау керек болды.Ол кезде он жыл
туралы айтылған еді, бірақ Сталин 8 жыл, ал Ялта кездесуінен кейін толық
емес алты апта өткен соң Рузвельт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Потсдам конференциясының ашылуы
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Вашингтон конференциясы және «Тоғыз держава келісімі»
Үш держава қолбасшыларының конференциясы
Потсдам конференциясында
Тегеран, Қырым және Потсдам конференциялары
Париж конференциясы
Неміс мәселесіне қатысты АҚШ және Ұлыбританияның ұстанымы
Пәндер