Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1-тарау. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық ахуал 4
1.1 Антигитлерлік коалицияның құрылуы және қайшылықтары 4
1.2 Ұлы державалар басшыларының конференциясындағы мақсаттары 8
1.3 Антигитлерлік коалицияның екінші рет құрылуы және оның Тегеран
конференциясында күшеюі 11
2-тарау. Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары 20
2.1 Ялта конференциясындағы поляк мәселесі туралы келісім 20
2.2 Потсдам конференциясындағы Польша мәселесінің шешілуі 23
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 29
Деректер 30
Кіріспе
Менің тақырыбымның атауы Ялта, Потсдам және Ялта конференцияларындағы
поляк мәселесі.
Тақырып өзектілігі: ХХ ғасырдың орта шенінде әлемді гитлерлік Германия
және фашистік Италияның агрессиялық саясаты дүр сілкіндірді, әсіресе
фашистік және террорлық режимді Германияның бүкіл әлемді жаулауға ұмтылысы
және нәсілдік ұстанымдары көптеген мемлекеттерге ауыртпалығын тигізді.
Германия агрессиясы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелген
себептердің бірі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында және
аяқталғаннан кейін ұлы державалар (АҚШ, Ұлыбритания, КСРО) бірігіп, соғыс
әсерінен әлсіреген мемлекеттердің тағдырын шешуі маңызды болды. Осы
конференциялардағы шешімдер қазіргі таңға шейін әлем сахнасындағы
мемлекеттердің, соның ішінде Польша мен Германияның келешегіне өшпес із
қалдырып, әсерін тигізді. Конференциялар барысында поляк халқының тағдыры
шешіліп, территориясы мен шекарасы белгіленді. Соғыс нәтижесінде поляк
халықының үкіметін де жаңарту мәселесі маңызды болды. Бұл мәселелер қазіргі
Польшаның қалыптасуына өз үлесін қосты. Міне, осыдан біз бұл тақырыптың
қазіргі кездегі халықаралық жағдаймен тығыз байланыстылығын көріп отырмыз.
Мақсаты: тақырыпты толығымен қамтып, бұл мәселені танып білу. Бұл
тақырыпты тек конференциялардан бастамай, осы конференциялардың құрылуына
және ұлы державалар басшыларының бірігіп шешім қабылдауына себеп болған
жайттарды түсіну.
Міндеттері: 1939ж. 1 қыркүйекте неміс фашистерінің Польшаға шабуылынан
бастап, соңғы конференцияға дейінгі кезеңді ашу, тану. Осы кезеңді қазіргі
уақытпен байланыстыру.
Осы тақырыпқа әдебиеттерді іздестіру барысында антигитлерлік
коалицияның құрылуына тікелей қатысқан Кеңес Одағы басшыларының аудармашысы
болып қызмет атқарған В.М. Бережковтың Коалицияның тууы, Потсдамдан
Тегеранға апарар жол атты кітаптарының қазақша аудармасына кезіктім.
Автордың көзқарасы сонау кеңестік идеологияның ауқымынан асып кете
алмағанымен талай қызықты да құнды деректерге жол сілтеді. Мұндағы
мәселелер көбінесе антигитлерлік коалицияның пайда болуына, оның
барысындағы қарама-қайшылықтарға аса көңіл бөлген, тек ара-кідік Польша
мәселесіне соғып өткен[1].
Сонымен қатар өте құнды материалдар келтірілген А.А. Рощиннің
Послевоенное урегулирование в Европе атты кітабы тақырыпқа бойлап ену
кезінде септігін тигізді[2].
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталу мерейтойларының қарсаңына орай
шығарылған Ялтинская конференция. 1945 Уроки истории атты тарихшылардың
көзқарастары топтастырылған еңбек, А.Ю. Борисовтың Незыблемые
договоренности (к 40-летию Ялтин. и Потсдам. конф.) шығармалары тақырыпты
молынан ашуға жәрдем етті[3].
Жұмыста тағы басқа да тарихшылардың еңбектері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 тараудан, әр тарау 2-3
бөлімнен, содан соң қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда антигитлерлік коалицияның құрылуы, мақсаты және себептері,
қайшылықтары туралы, бұл коалицияның маңызы айтыла кетеді. Ең бірінші
конференциясында АҚШ, Ұлыбритания, КСРО басшыларының қандай шешімдер жасау
жөнінде жазылған. Екінші тарауда Ялта, Потсдам конференцияларынан бастап,
олардың соңғы шешуші қорытындыларына дейінгі мәселелер қамтылған.
Курстық жұмыстың көлемі компьютермен терілген 30 бет.
1-тарау. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық ахуал
1.1 Антигитлерлік коалицияның құрылуы және қайшылықтары
Англия, Франция және АҚШ Гитлер Шығысқа барады деп үміттенді. 1939
жылы фашистік жаулап алушылардың іс-әрекеттері Англия мен Францияның
наразылығын тудырды. Қоғам агрессияға тойтарыс көрсетуді талап етті.
Уинстон Черчилльмен бірге ағылшын буржуазиясы Мюнхен келісіміне қол қойған
Гитлердің алдау мүмкіндігінің бар екендігін түсінді. Олар Гитлердің Шығысқа
емес Батысқа баратындығын болжады, сондықтан олар фашистік қауіптен қорғану
үшін батыс демократиясының позициясын нығайтуға талпынды. Лондон мен Париж
үкіметі КСРО-ға көмек көрсету дұрыс деп санады, бұл гитлер үкіметімен
келіссөз жүргізуде олардың позициясын күшейтуге мүмкіндік берер еді. Ал
мюнхендік саясаткерлердің мақсаты да сол болды - Германияның КСРО-ға қарсы
шығуға итермелеу.
1939 жылы 29 наурызда Англия мен Франция үшінші держава олардың
біреуіне қарсы шыққан жағдайда бір-біріне көмек көрсетуге келісті. Сол күні
олар Голландияға, Швейцарияға және Бельгияға сондай жағдайда көмек
көрсетуге уәде берді. Кейінгі аптада Польшаға, Румынияға, Грекияға және
Түркияға дәл сондай уәде берілді. Бірақ дәл сол кезде Лондонда ағылшын-
герман құпия келіссөздер жүргізілді. Осы келіссөздерде ағылшын-германдық
бірігу қажеттігі болғанда ағылшын жағының әлсіз елдерді сатып кету
мүмкіндігі қарастырылды.
АҚШ батыс еуропалықтарының мюнхендік саясатын жақтағанымен, Англия мен
Францияны жеңіп алған жағдайда Германияның күшейіп кетуінен қауіптенді.
1939 жылдың жазынан бастап АҚШ үкіметі француздар мен ағылшындарды
шикізатпен, әскери материалдармен қамтамасыз ете бастады.
1939 жылы сәуірдің ортасына қарай герман агрессиясы болған жағдайда
қоғамдық пікір ықпалымен Англия мен Франция Польша мен Румынияға көмек
көрсетуге кепілдік беруді Кеңес Одағына ұсынды. Ағылшын парламентінде екі
елге көмек көрсету туралы ұсыныс ағылшын-француз кепілдігі туралы
Чемберленнің баяндамасынан кейін жасалынды.
Кеңес үкіметі бітімгершілік державаларының екінші майданын құруды тағы
да талап етті және өзара көмек көрсету пактісін жасау туралы келіссөздер
жүргізуді ұсынды. Англия мен Франция үкіметі келіссөзге жүргізуді ұсынды.
Англия мен Франция үкіметі келісімге келісті, бірақ Кеңес Одағын өздеріне
тең көрмеді. Гитлердің Батысқа немесе Польша мен Румынияға қарсы шығу
жағдайында олар Кеңес Одағының көмегін алуды көздеді. Кеңес үкіметі
агрессияны баса алатын коалицияны құру мақсатымен қарсы ұсыныстар жасады:
1. үштік пактісін жасасу (Кеңес Одағы, Англия мен Франция арасында);
2. бұл пактіні бекіту үшін әскери конвенциясын жасау;
3. Кеңес Одағының Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі шекарасындағы
елдердің тәуелсіз болатындығына кепілдік беру;
Бұл ұсынысты Англия мен Франция өздеріне тиімді етіп өзгертуге
тырысты. Бірақ Кеңес Одағы бұл пактінің өз жобасын жасап, оған қол қоюды
тездеткісі келді. Кеңес үкіметі агрессияға қарсы күресуді, яғни
державалардың антигитлерлік коалициясын құру әрекеттерін жалғастырды. Бірақ
1939 жылдың шілдесінен бастап ағылшын дипломатиясы герман өкілдерімен құпия
келіссөздер жүргізілді. Англия Орталық, Оңтүстік Шығыс және Шығыс Еуропаны
герман сферасы деп мойындады; Польшаны гитлерліктерге беруге және Кеңес
Одағы мен Франция арасындағы өзара көмек көрсету туралы келісімді жоюға
келісті. Ағылшын үкіметінің мұндай зұлымдық жасауын дәлелдейтін құжаттар
көп жылдардан кейін анықталды.
Кеңес Одағы Гитлермен бірнеше келісім жасаған Англия мен Францияның
тағы бір келісімге қол қоюынан және олардың социалистік мемлекетке қарсы
империалистік державалардың біртұтас майданын құруынан қауіптенді.
1939 жылы 22 шілдеде кеңес-герман келіссөздері қайтадан жасалды, 19
тамызда сауда несиелік келісіммен қорытылды;
Кеңес Одағына 200 млн. маркалық ұзақ мерзімді несие берілді.
Неміс-фашистік дипломатиясын кеңес нарығы ғана қызықтырмады, сол
сияқты КСРО-дан түсетін шикізат та қажет болды. Немістер екі майдандағы
соғыстан қауіптеніп, КСРО-мен түсінісуге тырысты. Олар КСРО, Англия мен
Франция арасындағы өзара көмек көрсету келісімінен қауіптенді.
Герман үкіметі КСРО-мен экономикалық байланыс жүргізумен шектелген
жоқ. 1939 ж. жазында немістер кеңес үкіметіне шабуыл жасамау жөніндегі
келісімді ұсынды.
КСРО үкіметі неміс ұсынысын қабылдады.
Ұлы Отан соғысы кезінде-ақ 1941 жылы 3 шілдеде радиодан Сталин өз
хабарлауында кеңес үкіметінің фашистік Германиямен пакт жасасу себептерін
түсіндірді:
Мынадай сұрақтың тууы мүмкін, қалайша кеңес үкіметі шабуыл жасамау
жөніндегі пактіні сондай қатыгез Гитлермен, Риббентроппен жасасты? Кеңес
Одағы жағынан қателік жасалған жоқ па? Жоқ, қателік болған жоқ. Шабуыл
жасамау пактісі – екі ел арасындағы бейбітшілік пактісі. Дәл осындай
пактіні 1939ж. Германия бізге ұсынды. Бұндай ұсынысты кеңес Одағының
қайтару мүмкіндігі болды ма? Менің ойымша, ешбір бейбітшіл ел елдің басында
Гитлер мен Риббентроп сияқты зұлым адамдар тұрса да көршілес елмен бітім
келісім жасасудан қашпас еді? Бірақ бұл шарт бойынша болу қажет, яғни сол
бейбітшіл ел өз территориясының тұтастығын, тәуелсіздігін және абыройын
сақтап қалу керек. Шабуыл жасамау пакті дәл сондай шарты бар пакт.
Германиямен шабуыл жасамау жөніндегі пакт жасасып. Біз қандай пайда
көрдік? Біз өз жерімізге бір жарым жылға бейбітшілік әкелдік және пактіге
қарамастан фашистік Германия шабуыл жасаған жағдайда еліміздің тойтарыс
беру үшін дайындалуына мүмкіндік бердік. Бұл пакт біз үшін ұтыс, ал
фашистік Германия үшін ұтылыс.
1939 ж. 23 тамызда шабуыл жасамау жөніндегі кеңес-герман келісімі
жасалды. Неміс жағынан Мәскеуден сол мақсатпен келген Риббентроп сол
келісімге қол қойды. Келісім 10 жылдық мерзімге келісілді. 1940 жылдың 11
ақпанында ол кеңес-герман сауда келісімімен толықтырылды. Кеңес үкіметі
жағынан бұл келісімге Молотов қол қойды. Англия мен Франция дипломаттарының
Кеңес Одағын оқшауландырып, өзара көмек көрсетпей, оған герман агрессиясын
бұрып жіберу мақсаттарын кеңес-герман келісімі тойтарып жіберді. Бұл
келісімге Гитлердің Германиясы қол қоя отырып бүкіл дүниежүзіне КСРО қуатын
мойындады және КСРО-ның Германияға қарсы ағылшын-француз блогына қатысуынан
қорыққандығын білдірді. Германиямен жасалған келісім Кеңес үкіметінің
фашистік Германияға толығымен сенетіндігінің дәлелі емес. Ешбір жағдайда
бұл келісім Кеңес үкіметінің жіктілігін әлсіреткен жоқ және КСРО-ның
қорғаныс қабілеттілігін күшейтуден алшақтатқан жоқ.
Молотов былай деді: Бұл келісімге қол қойған кезде біз күшімізге және
КСРО-ға қарсы агрессияға дайын екендігімізге сендік.
КСРО мен Германияның шабуыл жасамау жөніндегі келісімі КСРО-ға қарсы
жаңа компанияның пайда болуын әкелді.
Англия мен Франция реакциондық баспасы коммунизм мен фашизм одақтасу
мүмкінсіздігін сыртқа көтерді. Рейтер агенствосы радиодан Англия мен
Франция келіссөздерді тоқтату себебін Германиямен жасалған келісім деп
түсіндірді-мыс деген хабарлама жіберді. 27 тамызда Известиядағы өз
интервьюінде Ворошилов бұл ой-пікірлерді жоққа шығарды. Ол былай деп
жариялады: КСРО Англия, Франциямен келіссөздерді Германиямен жасаған пакт
үшін тоқтатқан жоқ, керісінше Франция Англиямен әскери келіссөздердегі
қайшылықтар әсерінен КСРО Германиямен шабуыл жасамау жөнінде пакт жасасты.
1939 жылы 1 қыркүйекте Гитлерлік Германияның Польшаға шабуыл жасауы –
2 дүниежүзілік соғыстың бастамасы болды. Польша одақтастары – Англия мен
Франция Германияға соғыс жариялады, осыдан кейін соғыс бүкіләлемдік
масштабқа жетті. Бұл соғыс империализмнің экономикалық және саяси дамуының
қалыпсыздығынан капиталистік елдер арасында қайшылықтар мен империалистік
державалардың бір-бірімен күресуші екі коалицияның құрылуынан болды.
Бір жыл бойы Германия және оның одақтастары КСРО-ға шабуыл дайындалды.
Сөйтіп 1941 жылы 22 маусымда фашистік әскер соғысты жарияламастан КСРО
территориясына кірді. Бұл шабуыл және Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының
фашистерге қарсы күресі бүкіл әлемде Кеңес Одағына деген жан ашушылықты
тудырды. Барлық коммунистік партиялары КСРО сияқты ең алғашқы социалистік
мемлекетті қолдады.
Англия мен АҚШ үкіметтері коммунизмге қарсылығына қарамастан Кеңес
Одағын қолдайтынын жариялады.
Фашистік агрессияға қарсы бірлескен күрес антигитлерлік коалицияның
басты біріктіруші факторы болды. Дегенмен коалицияда оған кіретін
мемлекеттерге байланысты қайшылықтар болды. Ол мемлекеттер таптық және
саяси жағынан әр түрлі болды, олардың мақсаттары мен саясаты да басқа
болды. 1939-1940 жылдары КСРО-ның бекітілген шекарасын Англия мен АҚШ
мойындаған жоқ, олар КСРО-ға әскери және экономикалық көмек көрсетуді де
созып жүрді.
Германияға қарсы тиімдірек күрес болатын Еуропадағы екінші фронт
мәселелері бойынша келіспеушіліктер болды. 1941 жылы шілдедегі Черчилльге
өзінің бірінші жолдау хатында И.В. Сталин бұл мәселені көтерді. Ол былай
деп жазды: Егер Батыста (Солтүстік Францияда) және Солтүстікте (Арктикада)
Гитлерге қарсы фронт құрылғанда, Кеңес Одағының да, Ұлыбританияның да
әскери жағдайы әлде қайда жақсарып қалар еді. 1941 жылы КСРО үкіметінің
екінші майданды құру ұсыныстарын Черчилль күш пен қаражатының
жетіспеушілігін түсіндіре отырып қайтарды.
1.2 Ұлы державалар басшыларының конференциясындағы мақсаттары
Екінші дүниежүзілік соғыстағы негізгі өзгеріс антигитлерлік
коалицияның ұлғайтылуына әкелді. Бұрын бейтарап болған мемлекеттер, соның
ішінде Мексика, Бразилия, Иран, Ирак, Боливия, Колумбия 1942-1943 жылдары
фашистік блок державаларына соғыс жариялауды антигитлерлік коалицияға
қосылып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Декларациясына қол қоюды шешті. 1943
жылдың соңына қарай БҰҰ-ның Декларациясына 32 мемлекеттік қол қойылды.
Антигитлерлік коалициясы ұлы державалардың қатынастары қалыпсыз, бірақ
келе-келе жақсара бастады. Әскери қозғалыстар мен екінші майданның ашылу
жайындағы қайшылықтар меңгеріле бастады, бірақ соғыстан кейінгі әлемнің
құрылуы туралы келіспеушіліктер күшейді.
Сталинград пен Курсктағы қырғын соғыстардан кейін АҚШ пе Англияның
басшылары мынадай тұжырымға келді: Кеңес Одағы жалғыз өзі Германияны
талқандап, бүкіл Еуропаны азат етеді. Олардың ойы бойынша екінші майданды
кейінге қалдыру тиімсіз болды. Енді олар өз әскерін Батыс Еуропаға жіберіп,
оның Кеңес Армиясы арқылы азат етілуіне жол берілмеу қажеттігін түсінді.
Бұл пікірді АҚШ ұстанды. 1943 жылы тамызда Черчилль мен Рузвельттің
Квебекте кезекті кездесуінде американдық делегациясы былай деп жариялады:
Германияны Кеңес Одағының күшімен жеңу біз үшін өте қауіпті, сондықтан
Францияда екінші майданды ашу керек. Сонымен қатар, Америка үкіметі
Жапонияға қарсы соғысына КСРО-ны қатыстырғысы келді. Америка үкіметі Кеңес
Одағына берілген Рузвельттің табан тіреуі бойынша Вашингтон
конференциясының Францияға десантты 1 мамырдан кешіктірмей жіберу туралы
шешімі расталды. Ағылшын үкіметі болса бұл шешімді жүзеге асыру күштерінің
сәйкестігі мен ауа-райына байланысты болады деп айтты.
Екінші майданды Францияда ашу мақсаты АҚШ пен Англияның позицияларын
Кеңес Одағының позициясына жақындатты. Бірақ соғыстан кейінгі әлемдік
орналасу жайындағы мәселелер келіспеушіліктерді туғызды, әсіресе фашизмнен
азат етілген елдерде қандай билік болатыны туралы мәселелер келісімге
келмеді. 1943 жылы шекарасына Кеңес әскері жақындай бастаған Польшаның
жағдайы жөнінде үлкен қайшылықтар болды.
Поляк эмигранттық үкіметі 1941 жылы Кеңес Одағымен Германияға қарсы
өзара көмек көрсету жөніндегі келісімге қарамастан, оның КСРО-ға жүргізген
саясаты достық емес еді. Батыс Украина мен Батыс Белоруссияның қосылуы
нәтижесінде пайда болған КСРО-ның жаңа шекарасын эмигрант үкіметі
мойындамады. КСРО-да қалыптасып келе жатқан генерал Андерсеннің кеңес-
герман фронтындағы әскерін пайдалануға келіспеді және осы әскерді Кеңес
Одағынан шығаруды талап етті; баспада антикеңестік кампанияны көтерді.
Кеңес үкіметі Андерс әскеріне шет елге шығуға рұқсат берді, бірақ 1943 жылы
сәуірінде Лондонда поляк эмигранттық үкіметімен дипломатиялық қатынастарды
тоқтатты. Кеңес Одағында орналасқан поляк коммунистер инициативасы бойынша
Поляк патриоттардың одағы құрылды. Бұл одақ Кеңес Одағының рұқсатымен
поляк азаматтарынан әскери бөлімшелер құрды. Оларды күші гитлерлік жаулап
алушыларға қарсы бағытталды. Поляк эмигранттық үкіметін қолдауын
жалғастырған Англия мен АҚШ үкіметін бұл іс-әрекеттер наразыландырды.
КСРО, АҚШ пен Англия арасындағы келіспеушіліктердің негізі Франциядан
басталды. 1943 жылы маусымда генерал де Голль басқарған күресуші Франция
қозғалысы француз әскері мен Солтүстік Африкадағы әкімшілікті бақылайтын
Жиро генералының жақтаушыларымен қосылды. Де Голль мен Жиро өкілеттігімен
Алжирде Ұлттық Азат етудің Француз біртұтас Комитеті (ҰАФК) құрылды. Ол
өзін француз орталық өкіметі деп жариялады және Англия, АҚШ пен КСРО-дан
оны мойындауын сұрады. Кеңес Одағы оны тез уақытта мойындау керек деп
есептеді, бірақ Англия мен АҚШ тәуелсіздігі мен ұлттық мүдделерді
қорғаушылығы жағынан әйгілі генерал де Голльге сенімсіздік білдірді. Олар
өз әскери әкімшілігі көмегімен Францияны басқаруды көздеп, ҰАФК-ны үкімет
ретінде мойындамады. Англия мен АҚШ-тың қарсылығы арқасында ҰАФК-ның
мойындалуы кейінге қалдырылды. Тек 1943 жылдың тамызында Кеңес Одағының
табан тіреуі бойынша Англия, АҚШ және КСРО біркелкі ҰАФК-ны мойындады. Тек
Кеңес Одағы ғана оны Француз республикасының мемлекеттік мүдделерінің және
гитлерлік тиранияға қарсы күресуші барлық француз патриоттар
қолбасшыларының өкілі ретінде мойындады.
Келісілген әскери қозғалыстар мен одақтастар саясатының жоспарлары ұлы
державалар басшыларының конференциясы өтті. Конференцияға қатысушылар
жалпы қауіпсіздік жөніндегі Декларацияны қабылдады, оған Қытай да
қосылды. Олар фашистік осьтегі державалардың сөзсіз капитуляциясына дейін
соғысты жалғастыратынын жариялады. КСРО, АҚШ, Англия мен Қытай Ұлттар
ұйымының баса мүшелерімен соғыстан кейін бейбітшілік пен қауіпсіздікті
ұстану үшін жалпы халықаралық ұйым құруға уәде берді, нәтижесінде ол
Біріккен Ұлттар Ұйымы деп аталды. Конференция сонымен Австрия жөніндегі
Декларацияда АҚШ, КСРО және Ұлыбритания Австрияның Германиямен жаулап
алынуын мойындамаймыз және Австрияны қайта құрылып, тәуелсіздігін алуына
тілектеспіз деп жариялады.
Италия жөніндегі Декларацияда фашизм және оның зиянды әсері,
салдары толығынан жойылу керек, ал итальян халқына демократия негізіндегі
үкіметтік және басқа мекемелерді құруға мүмкіндік беру керек деп айтылды.
КСРО, АҚШ және Ұлыбритания басшыларының бірлескен декларациясында
гитлерліктердің зұлымдық жасағаны үшін жауапты деп конференцияда
жарияланды. КСРО, АҚШ және Ұлыбритания Біріккен Ұлттарының атынан
Германияны жеңгеннен кейін зұлымдыққа қатысушылардың барлығы олар
қатыгездік жасаған елдерге жіберіледі, сол елдердің заңдарына сәйкес олар
сотталады және жазаланады. Басты қылмыскерлерді одақтас мемлекеттерінің
шешімімен жазалау қарастырылды.
Жабық түрде конференцияда көптеген мәселелер талқыланды, соның ішінде
әскери операцияларды жоспарлау және соғыстан кейінгі орналасуды қарастырды.
Англия мен АҚШ өкілдері Еуропадағы екінші фронт 1944 жылы көктемде ауа-райы
жағдайы және арақатынасы қолайлы болған кезде құрылады деп жарияланды. АҚШ
делегациясының басшысы И.В.Сталин Жапонияға қарсы соғыста көмек көрсетуін
сұрады. Сталин КСРО Жапониямен соғысқа Германияны жеңгеннен кейін дайын деп
жауап қайтарды[4].
АҚШ пен Англия Германияны тастап, Шығыс Еуропа елдерінен ерекше
федерацияны құруды (ол Кеңес Одағына қарсылық көрсететіндей федерация болуы
қажет – авт. ескертпесі) ұсынды. КСРО делегациясы бұл ұсынысқа келіспеді .
Сыртқы істер министрлерінің Мәскеулік конференциясы келіспеушіліктерге
қарамастан антигитлерлік коалицияны біріктіру ісінде үлкен жетістік болды.
Ол конференция келісілген шешімдерді қабылдады және үш ұлы державалар
басшылары – Сталин, Черчилль және Рузвельттің алғашқы кездесуіне дайындық
болды. Бұл кездесу 1943 жылы қараша–желтоқсан айларында Тегеранда болды.
Осымен антигитлерлік коалиция державалары басшыларының конференцияларда
кездесулері басталды.

конференциясында күшеюі
Соғыс кезінде Кеңес Одағының сыртқы саясатында басты мәселе –
гитлерлік коалицияны жоюға жағдай жасау және соғыс мерзімін қысқарту Кеңес
Одағының сыртқы саясат мәселелерінің маңыздылығы режимді жою, барлық
ұлттардың теңдігі мен территориясына қол сұқпаушылықты орнату, ұлттарды
фашистік ауыртпалықтан босату және олардың бостандық құқықтарын қайтару әр
ұлтқа мемлекеттік құрылысы жөнінде мәселелерді шешу құқықтарын қайтару,
жеңілген ұлттарға экономикасы жағынан көмек көрсету.
Бұл мақсатты жүзеге асыруы үшін фашистік блокқа қарсы шыққан бүкіл
елдердің күшін біріктіру, антигитлерлік коалицияны құру және жою сияқты
мәселелер сол кезде маңызды болды. Тағы бір айтарымыз соғыстан кейінгі
кезеңде бейбітшілік орнату құрды.
Ал ең маңызды мәселе әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде кең антифашистік
майданды құру. Мәселе тек демократиялық күштердің барлық елдерде бірігуі
мен фашизмге қарсы күресті күшейтуді ғана қарастырған жоқ, сол сияқты
мемлекеттердің антигитлерлік коалициясын құруды да қарастырды.
Антигитлерлік коалицияны құруға мүмкіндік туды: Германияның Кеңес
Одағына жаулап кіруінің алдында капиталистік державалардың бірыңғай майдан
құрудағы халықаралық реакцияның жоспарлары жүзеге аспады.
Соғыс масштабының кеңеюі және фашистік қауіптің өсуі антифашистік
коалицияны күшейту қажеттігін туғызды. 1942 жылы 1 қаңтарда 26 мемлекеттің
өкілдері, соның ішінде КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Австралия
көптеген фашистермен оккупация жасалған Еуропалық елдер және соғысқа
қатысқан латынамерикандық елдер Біріккен Ұлттарының Декларациясына бірігіп
қоя қойды. Атлантикалық хартияның мақсаттары мен принциптеріне қосыла
отырып, олар Үштік пактінің мүшелеріне қарсы күресетіні, бір-бірімен
ынтымақтастықта болатыны және жау елдермен сепараттық достасу мен бітім
келісімдерін жасаспайтыны туралы жариялады.
Америка Құрама Штаттары соғысушы ел болғаннан кейін антигитлерлік
коалицияның басты державалары – Англия, АҚШ және КСРО-ның саясатын және
әскери жоспарларын үйлестіруге мүмкіндік туды. 1941 жылы желтоқсанда
Черчилльдің АҚШ-қа баруы нәтижесінде соғыс жүргізудің ағылшын-американ
жоспарлары келісілді. Черчилль мен Рузвельт ұнатқан жоспарлар мынадай
принциптерден құрылды: Германия басты жау болып табылады және оған қарсы
одақтастардың негізгі әуе мен әскери-теңіз күштері жинақталу қажет.
Кеңес Одағы Еуропада екінші майданның құрылуын талап етті, бірақ ол
жоспар бойынша қарастырылмаған. Оның орнына Виши өкіметі бақылаған
Солтүстік Африкаға Франция иеліктеріне ағылшын-американ әскерін жіберу
жоспарланды. Мұндай операция шешуші кеңес-герман майданынан маңызды
күштерді алаңдатқан жоқ, бірақ ол операция Жерорта теңізінде Англия мен АҚШ
позициясын күшейтті. Рузвельт пен Черчилль Германияны жеңгенге дейін Тынық
мұхитындағы соғыс жағдайында қорғаныспен шектелуді шешті.
Англия мен АҚШ үкіметтері өздерінің әскери жоспарларын келісіп алып,
Кеңес Одағымен дипломатиялық келіссөздер жүргізе бастады. 1941 жылы
желтоқсанда Мәскеуге Ұлыбританияның сыртқы істер министрі А.Иден келді.
1942ж. мамыр-маусымында КСРО сыртқы істер наркомы В.М.Молотов Лондонға және
Вашингтонға сапар шекті. 1942 ж. 26 мамырда келіссөздер нәтижесінде
гитлерлік Германияға және оның одақтастарына қарсы соғыс және соғыстан
кейінгі ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету жөніндегі одақ деген ағылшын-
кеңес келісіміне қол қойылды.
Келісім Германияға қарсы соғыстағы 1941ж. 12 шілдеден бастап және
соғыстан кейінгі бірлесіп әрекет ету туралы келісімді растады. КСРО мен
Ұлыбритания бір-біріне қарсы ешқандай одақтарға қосылып, ешбір
коалицияларға қатыспауы туралы келісті. Келісім мерзімі 20 жылға қойылды.
1942 жылы 11 маусымда Вашингтонда Агрессияға қарсы қолданылатын өзара
көмек көрсетудегі принциптер жөнінде деген кеңес-американ келісіміне қол
қойылды. Екі жақ бір-бірінің қорғанысына қатысуы және ол үшін қызмет
көрсету, материалдармен және ақпаратпен қамтамасыз ету жөнінде келісті.
Кеңес үкіметі АҚШ-тан алған қорғаныс материалдарын соғыс аяқталысымен АҚШ-
тың қорғанысы үшін қажеттілігіне байланысты, қайтарып беруге уәде берді.
Соғыстан кейінгі соңғы санақтан кейін Кеңес Одағынан алынған қорғаныс
материалдарын, мүлікті, информацияны және пайданы ескеру керек екенін АҚШ
жақсы түсінді. Соғыстан кейінгі кезде кеңес Одағы мен АҚШ келісім әрекеттер
жасау мүмкіндігі туралы, яғни Атлантикалық хартия мәніндегі экономикалық
қатынастардың тиімді мақсаттары туралы келісті.
Бұл келісімдерге қол қою үш державалар одағының – КСРО, Ұлыбритания
және АҚШ-тың хаттауымен аяқталды.
Мәскеу, Лондон және Вашингтондағы келіссөздер салдарында Кеңес Одағы
Еуропадағы екінші майданның ашылуына табан тіреді[5].
Фашистік агрессорға қарсы күресудегі барлық ауыртпалық КСРО-да екенін
түсінетін Англия мен АҚШ қоғамы өз үкіметтерінен екінші майданды тез арада
ашуды талап етті. 1942 жылы 3 сәуірде Рузвельт Черчилльге ашық жазғанда:
Сіздің және біздің ел орыстардағы қысымды басу үшін майданның құрылуын
талап етіп отыр, бұл халықтың орыстардың бізге қарағанда немістерді көп
өлтіріп, көп жабдықты жойып тастағанын біліп отыр деп айтқан[6]. Кеңес
Одағының табан тіреуімен қоғамдық лебіз қысымы әсерінен Англия мен АҚШ
үкіметтері 1942 жылдың жазында Еуропада екінші майданды ашуға уәде берді.
В.М.Ломоносовтың Лондонға және Вашингтонға сапары кезінде құрамы жағынан
ұқсас ағылшын-кеңес және кеңес американ коммюникесіне қол қойылды. Онда
КСРО, АҚШ және Ұлыбритания арасында 1942 жылы Еуропадағы кезек күттірмейтін
екінші фронт мәселелерінде толық уәделесті. Ағылшын үкіметі өз уәдесі
жайында қоғамға шықпаған сөзінде бұл операцияға мерзімі келгенде орындау
мүмкін емес деп күдіктенді.
Шын мәнінде Англия мен АҚШ өз уәделерін орындайтын ойлары болған жоқ
екінші фронт жөніндегі коммюникеден кейін Черчилль Рузвельтпен кездесіп
Еуропадағы екінші майданды құруды кейінге қалдыру туралы келісті. Черчилль
мен Рузвельт ескі жоспарына қайта келді: 1942 жылы ағылшын-америка әскерін
француздың Солтүстік Африкаға түсіру. Солтүстік Мұзды мұхиты арқылы Кеңес
Одағына жүк таситын кемелерінің азаюын түсіндірген Англия мен АҚШ КСРО-ға
арналған ленд-лиз өтемінің мөлшерін күрт азайтты. Черчилль Мәскеудегі
кездесуде Сталинге екінші майданды 1943 жылы ашуға уәде берді, бірақ бұл
уәдесінде тұрмады. Кеңес-герман майданындағы фашистік шабуылдың күшейіп
тұрған кезінде бұл әрекеттер фашизмге қарсы бірлескен қозғалысқа кері
әсерін тигізді. Кеңес Одағы Германиямен және оның одақтастарына қарсы
жалғыз өзі күресуге мәжбүр болды.
Ағылшын-кеңес және американ-кеңес қатынастарының дамуында кемшіліктер
мен қайшылықтар болса да, фашизмге қарсы жалпы мүдде еркіндікті сүйгіш
халықтарды біріктірді. Англия, АҚШ пен басқа елдерде КСРО-мен достастық
үшін халық қозғалысы мен одақ күшейді. Осындай қозғалыстың маңызды түрі
батыр кеңес халқына қаражат жинау кампаниясы болды. Мысалы, ағылшын
кәсіподақ ұйымының қарапайым мүшелері кеңес-герман соғысының алғашқы он
айында 300 мың фунт стерлинг жинады. Бұл ақша КСРО-ға дәрі-дәрмектер мен
басқа да заттарды жіберу үшін жиналды.
Кеңес халқы мен ынтымақтастығын көрсету үшін Англия мен АҚШ
жұмысшылары КСРО-ға жіберілетін шикізатты көбейту үшін еңбек вахталарына
тұрды.
КСРО-мен достастық апталары өте әйгілі болды. Олардың мақсаты Англия
мен АҚШ қоғамын кеңес халқының өмірімен таныстыру. Бұл апталар
бағдарламасына кеңес және орыс композиторларының концерттерін өткізу,
лекцияларды ұйымдастыру, кинофильмдерді көрсету және тағы басқа кірді. Бұл
мерекелерге Англия мен АҚШ-ғы кеңес өкілдері қатысты. КСРО-мен достастық
апталары антигитлерлік коалиция елдерінің ынтымақтастығын күшейтуде және
көптеген жылдар бойы буржуазиялық насихатпен таралған Кеңес Одағына деген
жаланың жойылуына әсерін тигізді. Фашистік агрессорларға қарсы күресудегі
мүдделердің ортақтығы Кеңес Одағы, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және
т.б. елдердің антигитлерлік коалицияның едәуір күшейді. Идеологиясы мен
әлеуметтік құрылымындағы алуандыққа қарамастан бұл елдер ортақ жау фашизмге
қарсы күресуге бірікті. Олар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz