АҚШ - тағы азаматтық соғыс
АҚШ-тағы азаматтық соғыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы АҚШ. АҚШ-тағы азамат соғысыНЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ 4
1.1. АҚШ екі революция аралығында 4
1.2. АҚШ-тағы азамат соғысының пісіп жетілуі және басталуы 11
2. 1860 жылдыҢ қарсанында АҚШ-таҒЫ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ СОҒЫСТЫҢ БАРЫСЫ
12
2.1. Канзастағы қарулы күрес. Джон Браунның көтерілісі 12
2.2. АҚШ-тағы азамат соғысы және оның барысы 16
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
КІРІСПЕ
1861-1865 жылғы Азаматтық соғыс осы елдің болашақ дамуына ерекше әсер
еткен ұлы оқиға болды. Ел тұрғындарының есінде де ұзақ сақталды. Оқиға
туралы жүздеген зерттеулер, мыңдаған мақалалар жазылды, әлі де жазыла
бермек. Соғыс айналысында көптеген әуестіктер (хобби), бизнестің тұтастай
индустриясы, сувенирлермен сауда жасау, осы кезеңнің кітаптарымен,
заттарымен саудаласу пайда болды.
Бір қарағанда мұны түсіну қиын. Неліктен бұл оқиға американдықтардың
санасында осыншама үлкен орын алады? Америка тарихында бұдан маңызы мен
орны әлдеқайда зор оқиғалар бар емес пе?! Бірақ біз осы соғыстың ауқымына
(сол заман тұрғысынан), қайтыс болғандар мен жараланғандар санына, қираған
үйлерге қарасақ, соғыс әсер еткен елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени өмірге қарасақ, сонда осы соғыстың неліктен адамдардың
санасында терең із қалдырғаны түсінікті болады.
Кез келген тарихи оқиға секілді, бұл соғыс та тігінен және
көлденеңінен зерттелген. Соғыстың ірі қайраткерлері туралы да аз жазылған
жоқ. Интернете соғыс туралы электронды конференциялар да қызу өтіп жатады.
Осы кезге дейін ол туралы даулар туындап, әлі де созыла бермекші.
Осы соғыстың себептері мен оқиғалдары туралы әр түрлі пікір бар. мен
шамамның келгенінше осыларды жүйеге келтіріп, объекті баға беруге тырысып
отырмын.
Менің жұмысымның мақсаты – АҚШ тарихындағы маңызды оқиға – 1861-1865
жылғы Азаматтық соғыс туралы талдау жасау. Осыған орай алдыма мынадай
міндеттер қойып отырмын:
1) соғыстың себептерін ашу;
2) тақырыпты ашатын бастаулар мен ақпараттарды алу;
3) тақырып бойынша ақпараттың өзектілігі мен санын анықтау;
4) соғыстың басталуы себептерін, барысын, қорытындыларын және мәнін
анықтауға талпыныс жасау.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1. АҚШ екі революция аралығында
Тәуелсіздік жолындағы соғыс Америкадағы тұңғыш буржуазиялық революция
болды. Оның басты мәселесі Англияға отарлық тәуелділікті жою, Англиядан
бөлініп шығу, дербес мемлекет құру болды. Сөйтіп, дүние жүзілік тарихта
тұңғыш рет бұрынғы отардан жаңа мемлекет құрылды.
Бірінші революциядан 100 жыл кейін АҚШ-та екінші буржуазиялық
революция болды. Бұл революцияның басты мәселесі бірінші революциядан бері
сақталып келе жатқан құлдықты жою болды.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Солтүстік Американың экономикасы көпке
дейін Европаның анағұрлым дамыған елдеріне тәуелді болды. Европадан
Америкаға өнеркәсіп бұйымдары әкелінді, ал АҚШ-тан Англияға және Европаның
басқа елдеріне машиналы тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты — мақта
жеткізіліп тұрды. Бұл мақта Құрама Штаттардың оңтүстік бөлігіндегі құл
иеленушілердің плантацияларында құлдардың еңбегімен өсірілді. Англияда,
Францияда, Россияда, Пруссияда және Европаның басқа елдері мен Құрама
Штаттардың, солтүстігінде тоқыма өнеркәсібінің қаулап өсуі мақтаны өте көп
керек етті. Мақтаның бағасы жоғары болды. Құлдардың өнімсіз енбегін
пайдаланғанның өзінде де мақта өсіру өте тиімді еді. Құл иеленушілер АҚШ-
тың оңтүстік батысында ұлан-байтақ құнарлы жаңа жерді иемденді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында АҚШ үкіметін құл иеленушілер басқарды.
XVIII ғасырдағы тәуелсіздік үшін болған соғыстан бастап, 1861 —1865
жылдардағы азамат соғысына дейін АҚШ-тың президенттерінің түгелге жуығының
құлдары болды. Буржуазия мемлекеттік істерді басқаруды құл иеленушілерге
беpiп қарап отырды. Американың саясатшы іскерлері құл иеленушілердің
айбынды айқайынан сескеніп сүрінетін болды. Американын, буржуазиялық
демократтары аз ғана күрестен кейін ең маңызды саяси мәселелердің бәрінде
де құл иеленушілерге жол берді. АҚШ-та демократиялық құрылыс — халық
өкіметі — қағаз жүзінде өмір сүрді. Мұны тек құл иеленушілер ғана емес,
сонымен қатар буржуазия да көлегейлеп отырды. Капиталистік құрылыс тұсында,
фабрикалар, заводтар, жер буржуазияның меншігі болып тұрғанда, шын
демократия болмайды және халық бұқарасына демократиялық мекемелерді —
мысалы, парламенттік құрылысты — өзінің мүддесіне пайдалану үшін күресуге
тура келеді. Халық бұқарасын капиталистердің езуі буржуазиялық демократия
тұсында да өте ауыр болады. Әсіресе, ол АҚШ-та ауыр болды, мұнда тек
жалдамалы жұмысшыларды ғана емес, сонымен қатар құл-негрлерді адам айтқысыз
ауыр қанады.
АҚШ-тың басқыншылық сыртқы саясаты және жүргізген соғыстары.
Американың буржуазиясы мен құл иеленушілері бөтеннің жерін барынша көбірек
басып алуды көздеді. Олар үндістердің жерлерін тартып алу үшін, ең алдымен
үндістерді қыра бастады. Үндістерге қарсы соғысқан американ генералдары
үндістердің жақсысы — өлген үндістер,— дейтін. Үндістерді қырып-жою
әдістерінің бірі мынадай болды: американдар үндістер тұрған село маңына әр
жерге одеялдар қалдырып кететін. Еш нәрседен күдіктенбеген үндістер
одеялдарды жинап алып, оны жамылып жататын. Содан кейін оларға шешек ауруы
жұғып, жаппай қырыла бастайды,— сөйтсе, американдар бұл одеялдарға алдын
ала шешекпен ауырған немесе шешектен өлген адамдарды ораған екен. Сөйтіп,
сонау XIX ғасырда американ соғыс құмарлары бактериологиялық соғыстың кейбір
тәсілдерін айуандықпен қолданған болатын.
Үндістердің жерлерін басып ала отырып, американ өкіметі тұтас
тайпаларды елдің құнарсыз, таулы, далалы және саз балшықты ішкі аудандарына
көшірді. Сол замандағы адамдар жер аударылған үндістерді әр мезгілде айдап
жүрген бүл жолды қайғы-қасірет, жылап-сықтау жолы,— деп атаған. Мыңдаған
үндістер ауырып, жолшыбай қырылды. Кейбір жаңа қоныстағылардың балалары
түгел өлді.
1845 жылы АҚШ кең-байтақ облыс Техасты басып алды, келесі 1846 жылы
АҚШ көрші отырған әлсіз Мексикаға шабуыл жасады және екі жыл бойы
жүргізілген тонаушылық соғыстан кейін кең-байтақ облыстарды — Жаңа Мексика
мен Солтүстік Калифорнияны — басып алды.
АҚШ-тың Тынық мұхиттағы және Панама мойнағындағы басқыншылық саясаты.
Ағылшындар Қытайға шабуыл жасап, осы тонаушылық соғыстың нәтижесінде
Қытаймен тең емес шарт жасасқан кезде, АҚШ-та Қытаймен дәл осындай шарт
жасасты. 1854 жылы АҚШ Жапонияға флот жіберді. Американың бумен жүретін
фрегаттары зеңбіректерден оқ жаудырып, Жапонияны АҚШ-пен тең емес шарт
жасауға мәжбүр етті.
1846 жылы АҚШ Колумбия республикасына қарайтын Панама мойнағына әскер
жіберді, бұл арадан американ капиталистері Атлант мұхитын Тынық
мұхитпен қосатын қанал қазбақшы болды. Латин Америкасындағы
мемлекеттерді бағындыру мақсатымен АҚШ бұдан кейін де жарты ғасыр бойы бұл
жаққа 50 реттен артық өзінің флоты мен теңіз жаяу әскерін жіберді.
Сонымен бірге американдардың мүддесіне сай келмеген өкіметтерді ылғи
құлатып, ал американдар үкімет басына өздерінің жалдамалы адамдарын қойып
отырды және халықтың интервенцияға қарсылық көрсетуін АҚШ әскерімен және
флотымен басып тастап отырды.
Ашаршылық пен жұмыссыздықтан күйзеліп қашқан көптеген шаруалар мен
жұмысшылар Европадан Солтүстік Америкаға келіп қоныстана бастады. Олар бұл
жақтан жұмыс табамыз немесе бос жатқан жерлерге орналасамыз деп
үміттенді. XVIII ғасырдың аяқ кезінен бастап 1860 жылға дейін Европадан
Америкаға небары 5 миллионнан астам адам қоныс аударып көшіп барды.
Бірақ АҚШ-та жұмысшыларды қанау — оларды топ-тобымен Солтүстік-
Шығыстағы өнеркәсіп орталығынан Батысқа, үндістер жеріне баруға мәжбүр
етті. Батысқа қарай колонистердің екі түрі ағылды: Оңтүстіктен өзінің
құлдарымен бай плантаторлар, ал солтүстік штаттардан алақандай жер алып, өз
алдына шаруашылық құруды арман еткен кедейлер келді.
Оңтүстіктегі жерлерді плантаторлардың қарулы бандылары басып алып,
бұлардан фермерлерді қуып ығыстырды. Фермерлер батыстағы жерлерді ұсақ
учаскелерге бөліп, тегін үлестіріп беруді талап етті. Мемлекеттен жер сатып
алуға ақшасы жоқ кедейлер солтүстік батыс аудандарға өз беттерімен
қоныстана бастады.
Батыстағы жерлерді қоныстанудың алғашқы кезінен бастап-ақ қоныс
аударушылардың арасында мүліктік теңсіздік болды. Бұлардың кейбіреулері
ауыл шаруашылық құрал-саймандарымен, азық-түлікпен және тағы басқалармен
жақсы қамтамасыз етілген болатын. Ал басқалары осындайлардың бәріне мұқтаж
болды. Олар көбіне ауқатты фермерлерден қарыз алып, борышын өзінің
еңбегімен өтеп отырды. Салт атпен жүретін жалғыз аяқ жол немесе қара жол
бар жерлердегі фермерлердің шаруашылығы натуралдық сипатта болды. Бірақ
өнеркәсіп төңкерісінің барысында қалалар өсе бастады, жол жөнделіп, кеме
жүретін каналдар, темір жолдар салынды, жергілікті жерде рыноктар
ұйымдастырылды. Батыс оңтүстіктегі құл иеленушілер штатына Миссисипи арқылы
ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылық өнімдерін жеткізіп отырды.
XIX ғасырдың 40—50 жылдары қарсаңында ірі өнеркәсіп АҚШ шаруашылығында
жетекші күшке айналды. 30 жылдардан басталған өнеркәсіп төңкерісін
негізінен аяқтау және темір жолдар салу фермерлердің натуралдық
шаруашылығының товарлы шаруашылыққа айналуын тездетті, жергілікті рыноктар
өзара бір тұтас жалпы ұлттық рынокқа айналды.
Солтүстік Американың оңтүстік штаттарындағы плантациялық құлдық. Жері
құнарлы, климаты ыстық оңтүстік штаттарда мақта плантацияларын көбірек
өсірумен шұғылдану тиімдірек болды, плантациялар құлдардың еңбегімен
өңделді. Бұл арада фабрикалық өнеркәсіп онша өріс алған жоқ.
Егер плантаторға құл керек болса, олар құлдарды мал сияқты немесе бір
бұйым сияқты сатып алатын. Газеттер мынадай хабарландыруға толы болатын:
Керемет өнерлі негрлер сатылады: ас пісіруді, кір жууды, өтектеуді
білетін жас әйел сатылады, оның төрт баласы бар: үлкен ұлы 12 жасар, кіші
ұлы 9 жасар, киім тіге білетін 5 жасар қызы бар, кіші қызы 4 жаста.
Құлдарды бүкіл семьясымен де, көбінесе жеке-жеке сатып отырды.
Құл иеленушілер құлдарды өте қатал ұстады. Құлдардың аяқ-қолын
кісендеп ұстады, қамшымен ұрып жазалайтын болды. Әдетте, плантацияда 7—10
жыл жұмыс істегеннен соң-ақ құл өліп қалатын.
Құлдар өздерінің бостандығы үшін күресіп, әлденеше рет көтеріліс
жасады. Әсіресе Нат Тернердің басқаруымен 1831 жылы Виргинияда едәуір зор
көтеріліс болды. Тернер өте шебер адам болған. Ол қағазды, оқ дәрісін, қыш
құмырадан бұйымдар жасау өнеріне де жетік еді. Ол құл-негрлерді азат ету
мақсатымен көтеріліс бастады. Көтеріліс жасаушылар қолдарына балта мен
шалғы алып, плантаторларды өлтірді, негрлерді азат етті. Алайда белгілі бір
ұйымы және әрекеттерінің программасы болмағандықтан, негрлер үнемі жеңіліп
қалып отырды. Нат Тернер жиырма құлмен бірге өлтірілді.
Бұл көтерілісті басқаннан кейін, құл иеленушілердің отряды және оның
малайлары қашқан негрлерді итпен іздеді және оларды ұстап алып, өлтіріп
отырды. Үкімет әскерінің екі генералына қашқан негрлерді ұстап алып, атып
өлтіру тапсырылды. Өлтірілген негрлердің басын кесіп алып, құлдарды қорқыту
үшін көрнекті жерге қадаға іліп қойды. Тернер көтерілісі құлдардың азаттық
алу күресіндегі көптеген қозғалыстарының бірі болды.
АҚШтың оңтүстігінде құлдық еңбек етек алып, күшейген кезде,
солтүстікте фабрикалық өнеркәсіп, әсіресе мақта мата өнеркәсібі жедел өсті.
1860 жылдың қарсаңында Құрама Штаттардың өнеркәсібінде және транспортында
1,8 миллион жалдамалы жұмысшы болды, ал фермаларда 800 мың жұмысшы жүмыс
істеді. XIX ғасырдың бірінші жартысында тоқыма өнеркәсібіндегі
жұмысшылардың едәуір бөлігі ер балалар мен қыздар еді. Тоғыз, он жасар
балалар күніне 12—13 сағаттан жұмыс жасады.
АҚШ-та фабрика жұмысшыларының көптеген ереуілдері болып етті. 50
жылдары онда тұңғыш маркстік ұйымдар пайда болды. АҚШ-қа Коммунистер
одағының мүшесі, 1848 жылғы неміс революциясына қатынасқан, Маркстің досы
Иосиф Вёйдемейер көшіп барды. Бірақ оның бұқаралық маркстік партия құру
жөнінде істеген әрекеті сәтсіз болып шықты. АҚШ-та өндіріс құрал-
жабдықтарына қоғамдық меншікті жақтаушылардың социалистер партиясын
ұйымдастыру қиыншылыққа ұшырады, өйткені көптеген жұмысшылар Батыста жер
учаскесін алып меншіктенеміз деп үміттенді.
1.2. АҚШ-тағы азамат соғысының пісіп жетілуі және басталуы
XIX ғасырдың 30 жылдарынан бастап құлдыққа қарсы күресті
аболиционистер жүргізді, бұған дейін негізінен негрлер ғана жүргізген
болатын. Аболиционистер құлдықты дереу жоюды талап етті. Аболиционистер
ұйымының құрамына негрлер мен ақ нәсілділер: жұмысшылар, фермерлер мен
алдыңғы қатардағы буржуазия енді.
Құлдықтың азабын шеккен өзінің бауырластарын азат ету үшін Фредерик
Дуглас қызу күрес жүргізді. Жас кезінде құл болған Дуглас құлдықтың барлық
азабын өз басынан кешірді. Бас иіп мойын ұсынбаған құлды плантатор
қаталдығымен аты шыққан құл жуасытушыға берді. Бірақ Дуглас Солтүстікке
қашып кетті. Дуглас өзінің бүкіл өмірін құлдыққа қарсы күреске, негр халқын
ағарту және оны ұйымдастыру жолына сарп етті.
Аболиционистер жер астындағы темір жол деп аталатынды, яғни құпия
агенттер торын (бұлардың көпшілігі фермерлерден болды) ұйымдастырды, бұлар
қашқын құлдарға баспана тауып беріп отырды, оларды бір станциядан екінші
станцияға дейін, Канада шекарасына дейін, шығарып салып отырды, ал бұл
жерде құл иелену жоқ еді. Өзінің ерлігімен әсіресе, Гаррпет Табьеннің даңқы
шықты. Бұл әйел Мерилендте құл семьясында туды, сонан кейін құлдықтан
Солтүстікке қашып кетті. Ол негрлердің қашып кетулеріне көмектесу үшін
Канададан 19 рет жасырын түрде Оңтүстікке келді; оның өзі 300ге жуық құлды
Солтүстікке ертіп апарып салды. Плантаторлар оның басына 40 мың доллар
бәске тікті, бірақ ол құлдықтың азабын шеккен бақытсыз негрлерге ерлікпен
көмектесе берді.
Көптеген аболиционистерді құл иеленушілер өлтірді. Құлдыққа қарсы өте-
мөте дәйекті күрес жүргізген — американ жұмысшы-марксистер болды.

2.1. Канзастағы қарулы күрес. Джон Браунның көтерілісі
1854—1855 ж. халық жаңадан қоныстанған батыс территорияда — Канзаста
плантаторлар мен фермерлердің арасында қарулы күрес болды. Бұл күресте
фермерлер құл иеленушілердің өкіметін орнатты. Бұл жағдай үкімет құл
иеленушілердің қолында тұрғанда құлдықтың жойылмайтынына АҚШ-тың халық
бұқарасының көзін жеткізді.
1859 жылы Виргинияда қарулы күрес басталды. Бұл жерде көрнекті
аболиционист фермер Джон Браун құлдардың көтерілісін ұйымдастыруға әрекет
жасады. Браун Аллеган тауларына бекініп, осы жерден көтерілісті
плантацияларға таратуды ойлады. Жаңбырлы қараңғы түнде Браун Виргиния мен
Мериленд штаттарының шекарасындағы Харперс-Ферри деген бір кішкене қаладағы
үкімет арсеналын басып алды. Браунның барлық отряды, оның өзін, үш ұлы мен
екі күйеу баласын қосқанда, не бары 23-ақ кісі еді. Отрядта 5 негр болды.
Браун көршілес жатқан плантациялардағы құлдарды босатып, құл иеленушілерді
кепілдікке ұстап алып келу үшін отрядынан дереу адамдар жіберді.
Жалпы көтеріліске шығару Браунның қолынан келмеді. Келесі күннің
кешінде астанадан (Вашингтоннан) әскер келді, Браунның отряды түгел дерлік
қырылды. Өте ауыр жараланған Браунды қамауға алды, Американың
демократиялық соты оны дарға асуға үкім шығарды.
Ер жүрек Браун дарға асар алдында құлдық туралы: Мен, Джон Браун, бұл
күнәһар елдің зор қылмысын тек қанмен ғана жууға болатындығына енді кәміл
сенемін,— деп жазды.
Браунның үлгісі басқа жерлердегі құлдарды қозғалысқа келтірді. Бұл
көтерілістер жайында Маркс: Менің ойымша, дүние жүзіндегі қазіргі
уақыттағы аса зор оқиғалар — бір жағынан, Браун өлгеннен кейін басталған
құлдардың американдық қозғалысы болса, екінші жағынан, құлдардың Россиядағы
қозғалысы. Бұл жерде Россия туралы айтқанда Маркс крепостнойлардың
көтерілісін еске алып отыр.
Канзастағы күрес кезінде, 1854 жылы, АҚШ-та республикалық партия,
өнеркәсіп буржуазиясы мен фермерлер блогының (одағының) партиясы құрылды.
Бұл партияға жұмысшылар да қосылды. Партиядағы басшылық жағдайды буржуазия
алды. Республикалық партия батыстағы жерлердің бәріне фермерлердің тегін
қоныстануына жол ашуды, құлдыққа шек қоюды, демек, артынша құлдықты мүлде
жоюды талап етті. Бұл партияның көрнекті қайраткері Авраам Линкольн болды.
Авраам Линкольн (1809—1865) Кентуккиге көшіп барып қоныстанған кедей
фермердің семьясында туды. Оның әкесі тіпті хат танымайтын адам еді.
Негрлермен дос болғандығы үшін Линкольннің семьясын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz