Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1-тарау. АҚШ оқшаулану саясатынан көшбасшы болу саясатына ұмтылуы 4
1.1 АҚШ-ның бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы және одан кейінгі кезеңде
4
1.2 Ұлы депрессия жылдарындағы АҚШ 10
2-тарау. Ф.Д. Рузвельт кезеңі 13
2.1 Ф.Рузвельт және оның Жаңа бағыты 13
2.2 Рузвельт үкіметінің сыртқы саясаты 18
2.3 АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 19
2.4 Америка Құрама Штаттары - әлемдік ірі держава 22
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 25

Кіріспе

Қазіргі әлемнің аса ірі державасы Америка Құрама Штаттарымен жан-жақты
қатынастарды дамыту Қазақстанның сыртқы саясатында басым орын алады. Біздің
мемлекетіміз үшін Америкамен ынтымақтастық әлемдік қоғамдастықта
халықаралық орынды нығайту және ұлттық мүдделерді ілгерілетумен тікелей
байланысты болып отыр.
АҚШ-тың жалпы әлемдік процестерге ықпалы сөзсіз. Бұл орасан зор әскери-
саяси ресурстарға және экономикалық қуатқа иелік ететін көбінесе ғаламдық
процестердің дамуына шешуші ықпал ететін, әлемде стратегиялық тұрақтылықтың
жай-күйін көбінесе анықтап беретін мемлекет. АҚШ дербес күш ретінде, сондай-
ақ халықаралық ұйымдар туы астында әрекет ете отырып, іс жүзінде планетаның
көптеген аймақтарында жанжалдарды реттеуге белсене қатысады. Американың осы
заманғы әлемдік экономикаға ықпалы оның ұлттық экономикасының мөлшері және
күш-қуатымен ғана емес, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық қайта құру
және даму банкі сияқты халықаралық институттар, басқа да ұжымдық қаржы және
сауда-экономикалық ұйымдар американ қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес
жұмыс істеуімен де айқындалады. Американың ішкі рыногы осы заманғы елдердің
көпшілігінің экспорты бағдарланған экономикалық дамуының маңызды шарты
болып табылады. Аса ірі трансұлттық корпорациялардың 40 пайызының АҚШ-та
штаб-пәтері бар.
Сондықтан, Қазақстанның АҚШ-пен өзара іс-қимылы тек екі жақты сипатпен
шектеле алмайды. Вашингтонмен тұрақты байланыс халықаралық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуді (қарусыздану және қару таратпау), сыртқы экономикалық
қызметті және энергия көздерінің экспортын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар
шеңберіндегі қызметті қоса алғанда, Қазақстан дипломатиясының барлық бағыты
бойынша қажетті элемент болып табылады.
Осыған байланысты біздің қамтып отырған тақырыбымыздың өзектілігі арта
түседі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Америка Құрама Штаттарының ХХ-ғасырдың 20-
жылдардан бастап 1945 жылға дейінгі тарихын зерттеп және талдай отырып,
соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен
жазылған әдебиеттерге байланысты қайта қарау болып табылады. Дегенмен бұл
жөнінде қазақ тіліндегі материалдар жоқтың-қасы деуге де болады. Бірақ
кеңестік кезеңде Ұлы депрессия жылдары мен Екінші дүниежүзілік соғыс
кезеңіне аса зор көңіл бөлінгендіктен осы салада материалдар орыс тілінде
ұшан теңіз. Ал қазақ тіліндегі материалдар саны аз, көбінесе аса көңіл
қойып, ауыз толтырып айтатындықтай емес[1]. Сонымен қатар олар бір сарында,
яки АҚШ-тың тарихына тек кеңестік идеология тұрғысынан қараған.
Кеңестер Одағының кезінде АҚШ және Канаданы зерттеу институты жұмыс
атқарған еді. Сондықтан осы институттың көптеген зерттеу жұмыстары бар.
Тіпті бір ғана ФДР-дың өзіне арналған кітаптар да орыс тілінде бірнешеу
(американдықтар Франклин Делано Рузвельтті қысқартып осылай атайды)[2].
Курстық жұмыстың хронологиялық қамтуы. Мен өз жұмысымды жаза отырып
АҚШ-ның ХХ-ғасырдағы әлемдік ұлы державаға қол жеткізуін қамтитын ширек
ғасырды қарастырдым. Ал тек қана 20-30 жылдарды қамтып қояр болсам Франклин
Делано Рузвельттің 12 жылдық президенттік етуін бөлшектеп тастаған болар
едім. АҚШ-тың ең мықты саясаткері әрі әлемдік деңгейде ірі көшбасшы болған
бұл тарихи тұлғаның кезеңін толығымен қамтуды мақсат тұттым. Сондықтан мен
жұмысымды сонау 20 жылдардан бастап екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
уақытымен, яғни 1945 жылмен тәмамдаймын.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2-тарау. Ф.Д. Рузвельт кезеңі

2.1 Ф.Рузвельт және оның Жаңа бағыты

Демократиялық партияның икемді солқылдақ саясаты оларға жеңіс әкелді.
Рузвельт 1932 жылы сайлауда 22,8 млн. дауыс жинады. Демократтар конгрестің
екі палатасында да көп орынға ие болды. Он екі жылдық үзілістен соң, өкімет
билігі қайтадан демократтар қолына көшті.
Франклин Делано Рузвельт 1881 жылы Нью-Йорк штатында туған. Оның арғы
атасы Ван Роозевельт Америкаға XVII ғасырда Голландиядан келген. Ол кезде
Нью-Йорк голландық болып, Жана-Амстердам деп аталынған. Ағылшындар басып
алған соң қаланың аты өзгерген. Роозевельт ағылшын манерінде Рузвельт. Оның
екі немересі Америкада осы әулеттің екі тармағының негізін салды. Оның бірі
(1901-1909 жж.) Теодор Рузвельт, екіншісі - президент Франклин Рузвельтті
берді. Рузвельттер Нью-Йорктағы ең атақты жанұя, Франклин Рузвельт Француз,
неміс тілін меңгерген, үш жасынан бастап әке-шешесімен бірге жыл сайын
Европада саяхатта болған. Ол Гарвард университетінде, онан соң Колумбия
университетінде құқық мектебін бітірген. Рузвельт саясатқа ерте араласады.
1910 жылы демократиялық партиядан Нью-Йорк штатынан сенатқа сайланады.
Президент Вильсон 1913 жылы оны теңіз министрінің орынбасары етіп
тағайындайды. 1920 жылы оны демократиялық партия вице-президент қызметіне
ұсынады. Алайда сайлауда демократтар жеңілген соң, Рузвельт жеке өмірге
оралады. 1921 жылы мұхитта шомылып, Рузвельт қатты суықтайды да полиомиелит
ауыруымен ауырады. Өмірінің соңына дейін оның аяғы жансыз болып, таяқпен
ғана жүре алды. Алған бетінен қайтпайтын, өте қайсар адам. 1928 жылы ол Нью-
Йорктың губернаторы болып сайланады. 1932 жылы сайлауда президенттік орынды
жеңіп алды.
Америка Құрама Штаттарының президенті болып өз замандастарына жұмбақ
болған адам сайланды. Замандасы Ф.Перкинс ол мен таныған адамдардың
арасындағы ең күрделі адам деп жазады. Оның мемлекеттік қайраткер ретінде
талас тудырмайтын көрегендік қасиеттерін мойындай отырып, публицист Крок
былай деп жазады: Интеллектуалдық тұрғыдан ол әлсіз еді. Ал егерде оның
алдынан күрделі де қиын мәселелер шыға қалған жағдайда оларды айлакерлікпен
айналып өтуге бейім еді. Саясатқа цинизммен қарайтын оның әкішілік етуі де
тым төмен болатын. Жалпы тарихты, Америка тарихын да нашар білетін.
Тарихта өшпейтін із қалдырған, әсіресе даналығы екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде айқын білінген XX ғасырдың мемлекет қайраткерлері ішінде Франклин
Рузвельт ерекшеленетін, оның өмірі өз замандасы берген мінездемеге сай өте
күрделі қайраткер еді.
1933 жылдың наурызына қарай Рузвельт президент қызметін бастау
мерзіміне сәйкес АҚШ-та өте шиеленіскен жағдай қалыптасты. Өнеркәсіп пен
аграрлық дағдарыстың тереңдеуімен қатар банк жүйесінің күйреуі басталды.
Дағдарыстың барлық қиындығы мойындарына түскен еңбекшілердің наразылығы
күннен-күнге өсті. Сондықтан Рузвельт үкіметі төтенше шаралар жүргізді. 9
наурыз 1933 жылы конгрестің арнайы сессиясы шақырылды. Үш айда конгресс
көптеген маңызды заңдар қабылдады. Франклин Рузвельттің алғашқы жүз күн
бойы жүргізген бұл шаралары жаңа бағыт саясатының негізіне алыңды. Жаңа
бағыт шын мәнінде Батыс Европа елдерінің біразында жүргізіліп жатқан
реформаларды АҚШ-та жүргізу болып табылады. Оның үстіне ол 1880 жылдары
теміржол тарифтеріне бақылау қоюдан және Т.Рузвельт пен В.Вильсон
реформаларынан басталған реттелінген экономикаға көшудің ұзақ жолының
аяқталуы болып табылады.
Жаңа бағыттың теориялық базасы кейнсиандық экономикалық ілім болып
табылдады. Монополия үстемдігі дәуірінде капиталистік ел экономикасындағы
терең өзгерістерді көрсете отырьш, Джон М.Кейнс және оның шәкірттері
өндірістің дұрыс жүруін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің экономиканы
белсенді реттеуі қажет деп дәлелдеді. Франклин Рузвельттің Жаңа бағыты
ұдайы өндіріс процесіне мемлекеттің белсенді араласуы арқылы елді
дағдарыстан шығаруды негізгі міндеті етіп қойды.
Үкіметтің алдында әлеуметтік салада да күрделі проблемалар тұрды. Жаңа
әкімшілік жұмысшылар мен фермерлердің әлеуметтік-саяси құқықтарын кеңейтуге
бағытталған либералдық реформалар жүргізуге кірісті. Ф.Рузвельттің Жаңа
бағыты мемлекеттік-монополистік идеологияның либералдық варианты ретіңде
неолиберализм идеологиясы көрініс тапқан буржуазиялық-реформизм саясатының
бір түрі болып саналады.
Рузвельт президенттік ант қабылдағанда елдің банкілік және кредиттік
жүйесі толық бүлінген еді. Елде барлық банкілер жабылған, операциялар
тоқтаған. Сондықтан Рузвельт елдегі финанс жүйесін сауықтыру шараларына
кірісті. Федералдық резервтік жүйе бұрынғысынша банкілерді қаржыландыруды
жалғастырды. Бірақ банкілер қатаң тексеруден өткізіліп, сауықты деп
таныған соң ғана жұмыс істейтін болды. 2,7 млрд. доллар қаражаты бар екі
мыңнан астам банкілер жойылды. 22 наурызда құрғақ заң алынып тасталынды,
ішімдік сатуға рұқсат етілді. 1 сәуірде федералдық үкімет шенеуніктерінің
жалақысы мен ардагерлер жәрдемақысы 15%-ға төмендетілді. Глаас-Стигал заңы
банк ісін тәртіпке келтірді. Ұлттық банкілер жеңілдік шарттармен өнеркәсіп
пен ауыл шаруашылығына кредиттер берді. 5 мың долларға дейінгі банкілік
салымдарға сақтандыру енгізілді, биржада акцияларды сату-алу қатаң
бақыланды. Гувер бастаған Реконструктивтік финанс корпорациясының
операциялары ұлғайды. РФК Жаңа бағыттың алғашқы екі жылында 6 млрд.
доллардан астам долларға заем берді. 30-шы жылдардың ортасына қарай 25 мың
банкінің тек 15-і ғана жұмыс істеді.
Үкіметтің финанс саласындағы басқа шаралары (федералдық резервтік жүйе
өкілеттігін кеңейту, доллардың девальвациялануы, алтын стандарттан бас
тарту) мемлекеттің финанстық ресурстарын ұлғайтты және оның реттеуші
қызметін күшейтуге жағдай жасады. Сонымен қатар ұсақ акционерлер мен
салымшыларды абыржуын басу шаралары қолға алынды: биржалық алыпсатарлықтың
көлемі шектелді және банк салымын сақтандыру бойынша корпорациялар құрылды.
Экономиканың басқа салаларында да түбірлі қайта құрулар жүргізілді.
Жаңа бағыттың маңызды бөлігі 1933 жылы 16 маусымда күшіне енген
өнеркәсіпті қалпына келтіру немесе қысқартқанда НИРА туралы заңның
қабылдануы болды. Ол өнеркәсіпке мемлекеттік реттеу жүйесін енгізді.
Кәсіпкерлер ассоциациясына адал бәсекелестік кодекстерін жасау
тапсырылды. Оларды президентпен бекіткен соң заң ретінде әрекет етті.
Кодекстерде өндірістің көлемі мен шарттары, бағаның деңгейі анықталған.
Рузвельт әкімшілігі НИРА-ның негізінде өнеркәсіптің барлық саласында
750 кодекстерді ұсынды. Бұл монополияның жағдайын нығайтты.
Өнеркәсіпті қалпына келтіру заңы еңбек қатынастары саласында
либералдық реформалар жүргізуді көздеді. НИРА-ның 7-а бабы кәсіпкерлерге
жалақының төменгі деңгейін және жұмыс аптасының ұзақтығын анықтауды
тапсырды. Онда жұмысшылардың кәсіподақ құру және ұжымдық келісім жасау құқы
жарияланған. 7-а бабын кәсіпкерлер кейде орындап, кейде бұзып жатса да бұл
жұмысшы табының ірі жеңісі еді.
Өнеркәсіпті қалпына келтіру заңында жұмыссыздарға көмек көрсету
шаралары да көрсетілді. Конгресс Ішкі істер министрі Г.Икес бастаған
қоғамдық жұмыстар әкімшілігін құрды. Оған 3,3 млрд. доллар бөлінді. НИРА
анықтаған шаралардан басқа жұмыссыздықпен күрес үшін басқа әрекеттер де
жасалды. 1933 жылдың көктемінде жұмыссыз жастарға арналған еңбек лагерьлері
жабдықталынды. Г.Гопкинс бастаған төтенше көмек әкімшілігі жұмыссыздарға
көмек үшін штаттарға дотация берді. 1933 жылы қарашада құрылган азаматтық
жұмыстар әкімшілігі жұмыссыздарға қыс уақыттарында уақытша жұмыс тауып
берді. Үкімет ұйымдастырған қоғамдық жұмыстар аумағы 2,5-3 млн. адамды
қамтыса да әжептәуір жұмыссыздықты жоюға ықпалын тигізді.
Ф.Рузвельттің Жаңа бағытының маңызды бөлігінің бірі 1933 жылы 12
мамырда қабылданған фермерлерге көмек көрсету заңы болып табылады. Бағаны
көтеру үшін фермерлерге үкіметпен егістік алқабы мен ірі қара мал басын
қысқарту туралы келісімшарт жасау ұсынылды, ол үшін оларға сыйлық берілді.
Ол субсидияның жиналар көзі ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге,
тұтынушыларға салынатын салық болды. Ауыл шаруашылық әкімшілігінің қызметі
(ААА) 1933 жылы жазда 10 млн. акр мақталықты айдаудан және 6 шошқаны жоюдан
басталды. Астықты дақылдар мен темекі алқабы қысқарды, сүт жол бойындағы
арықшаларға төгілді. Еңбекшілердің аштық пен қайыршылық жағдайында аграрлық
дағдарысты жою үшін азық-түлікті жаппай құрту процесі жүрді. ААА
операциялары фермер-буржуазиясына аз табыс әкелген жоқ, ұсақ фермерлерге
қысқарту жағдайын ауырлатты.
Фермерлерге көмек туралы заң жинақталып қалған қарызы барларды да
қайтадан қаржыландыруды да ойластырды. Арзандатылған кредит берешектерге де
берілді. 1933-1935 жылдары осы мақсатқа 2 млрд. доллар белінді. Үкімет
заемдары фермерлердің жинақталған қарыздары бар көптеген банкілер мен
сақтандыру компанияларын күйреуден аман алып калды. Жаңа бағыттың
аграрлық саясат саласындағы нәтижесі өндірісті шоғырландыруды одан әрі
күшейтті және ұсақ фермерлікті ыдыратты. 1933-1936 жылы қарыздары мен
салықтарын өтей алмағаны үшін 600 мыңдай ферма сатылды.
Жаңа бағыттың бастапқы кезеңінде мемлекеттің белсенді реттеушілігі
дағдарыстық құбылыстарды біршама әлсіретті. Алайда 1933 жылдың көктемінде
басталған депрессия күтпеген жерден ұзаққа созылды. Өнеркәсіп өндірісінің
көлемі 1935 жылы 1929 жылғы деңгейдің 79%-ын ғана құрады, жұмыссыздар саны
11 млн. қалпында қалып қойды. Тек 1936 жылы ғана өнеркәсіпте жандану
байқалды. Жаңа әкімшіліктің екінші бір міндеті - таптық бірлік орнату
орындалған жоқ. Жаңа бағыттың алғашқы айларында жұмысшылар, фермерлер
Рузвельтке үлкен үмітпен қарады. Алайда үміт ақталмады, наразылық толқыны
басталды.
30-шы жылдардағы жұмысшы мен демократиялық қозғалыс АҚШ-тың саяси
өмірінде үлкен роль атқарды. Еңбекшілер өзінің күрестерімен әлеуметтік
салада ірі жеңістерге жетті. 1935 жылдан Жаңа бағыт саясатында солға
бұрылу байқалды. Жаңа бағыттың екінші кезеңінде Рузвельт үкіметі
жұмысшылар мен фермерлер мүддесімен санасуға мәжбүр болды.
АҚШ жұмысшыларының үлкен жеңісі 1935 жылы шілдеде қабылданған еңбек
қатынастары туралы Ұлттық акт немесе Вагнер заңы болып табылады. Ол
жұмысшыларға өздері сайлаған кәсіподаққа мүше болу, жұмысшылардың сайланған
өкілдері мен кәсіпкерлер арасында ұжымдық келісім жасау, ереуілдер мен
пикет өткізу құқын берді. Үкімет кәсіпкерлердің әділетсіз еңбек
практикасының барлық түріне, жұмысшы ұйымдарының қызметіне араласуына,
жұмысшылардың кәсіподақта сөйлегені үшін куғындауға т.б. кедергі келтіруге
тиіс болды. Заңның жүзеге асырылуын бақылау еңбек қатынастары бойынша
Ұлттық басқармаға тапсырылды, оның шешімін кәсіпкер тек сот арқылы ғана
өзгерте алады.
Жұмысшылардың үлкен бір екінші жеңісі АҚШ тарихында тұңғыш рет 1935
жылы әлеуметтік сақтандыру туралы федералдық заңның қабылдануы болды. Ол
жас ұлғаюына қарай зейнетақы және жұмыссыздарға жәрдем ақы беру системасын
енгізді. Зейнетақымен қамтамасыз ету нормасы бүкіл елде бірдей болды.
Жұмысшылардың барлық категорияларына жасы 65-ке жеткен соң аздаған
зейнетақы тағайындалды. Зейнетақы қорына жарнаны жұмысшылар мен кәсіпкерлер
төледі. Жұмыссыздық бойынша сақтандыру федералдық-штаттық негізде құрылды.
Конгресс кәсіпкерлерден салық алу нормасы мен қорлардың құрылу тәртібін
ғана айқындады, ал жәрдемақы алушылар тобын, мөлшерін, оны төлеу уақыты
штаттардың заңдары анықтады. Бұл заңды ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының
жұмысшылары ғана пайдалана алды. Заң сауда, қызмет ету саласы мен ауыл
шаруашылығы жұмысшыларын қамтымады. Ол заңның үлкен кемшілігі еді.
Жаңа бағыттың екінші кезеңінде қоғамдық жұмыстардың ауқымы едәуір
кеңейді. Конгресс 1935 жылы осы мақсатқа 9,4 млрд. доллар қаржы бөлді.
Г.Гопкинс басқарған қоғамдық жұмыстарды бөліп беру туралы жаңа әкімшілік
құрылды. 1936 жылдың басына қарай оның обьектілерінде 3,5 млн адам жұмыс
істеді. 1937 жылы басталған экономикалық дағдарыс Рузвельт үкіметін осы
саладағы жұмысты жандандыруға мәжбүр етті. 1938 жылы конгресс қоғамдық
жұмыстарға тағы да 5 млрд. доллар бөлді.
1937 жылдардың соңында жұмысшы қозғалысы тағы да үлкен жеңіске жетті.
1938 жылдың маусымында еңбектің әділетті жағдайы туралы заң қабылданды. Ол
балалар еңбегін пайдалануға тыйым салды, ең төменгі жалақының нормасын және
федералдық маңызды кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылар мен
қызметкерлердің жұмыс аптасының ұзақтығын белгіледі.
Жаңа бағыттың аграрлық саясатында да маңызды бетбұрыс жасалды.
Фермерлік қозғалыстың қысымымен үкімет көмегі ірі фермерлерге ғана емес,
село халқының аз табысты топтарына да берілетін болды. 1937 жылы құрылған
фермерлер шаруашылығын қорғау әкімшілігі қаржысына жұмысшы-мигранттар үшін
лагерьлер қозғалысы жүргізілді, арендаторларға ферма сатып алу үшін заемдар
берілді, ұсақ фермерлер мен арендаторлардың кооперативтері құрылды. Ауыл
шаруашылық өндірісінің қысқаруымен қатар құнарлы жерлерді қалпына келтіру
шаралары жүргізілді. Бұл шаралардың дұрыстығын 30-шы жылдардағы шаңды боран
мен құрғақшылық дәлелдеді.
Табиғи ресурстарды дамыту және қорғау Теннеси өзені алқабы
әкімшілігінің міндетіне кірді. Ол Оңтүстіктің ең артта қалған ауданының
бірінде гидроэнергетикалық құрылыс бастады. Сөйтіп, бұл әкімшілік
әлеуметтік прогреске өз ықпалын тигізді. Осылайша Жаңа бағыттың екінші
кезеңінде американ халқы әлеуметтік салада реформалар жүргізуде біраз
табыстарға жетті. Франклин Рузвельттің Жаңа бағыты АҚШ тарихының
прогрессивтік беттерінің бірі болып табылады.
Жаңа бағыт реформаларын республикандықтар да, демократтардың өздері
де сынады. Соған қарамастан 1936 жылғы сайлау кезінде 1932 жылға қарағанда
айқын басымдылықпен жеңіске жетті (Бұл жолы қарсыласы Канзас штатының
губернаторы Альфред Э.Лэндон). 1932-1938 жылдары Жаңа бағыт АҚШ-тың саяси
және экономикалық дамуына не берді деген талас туды. Оның Америкада
мемлекеттік биліктің жалпы концепциясын өзгерткені бәріне айқын еді.
Үкіметтің халықтың жағдайына жауапкершілік принципін мойындауы арта түсті.
Кейбір Жаңа бағытты сынаушылар өкімет өкілеттілігінің шектен тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты
Америка дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
АҚШ бүкіл дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін
1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
Үш держава қолбасшыларының конференциясы
АҚШ-тың ішкі жағдайы және “жаңа бағыт”
Чан Кайши дипломатиясы
«Жаңа бағыт» саясаты және латын америкасы елдері
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Пәндер