Совет - ағылшын келісімі


Кіріспе
Антигитлерлік коалицияның тарихын зерттеп және талдағанда, сондай-ақ олардың қазіргі кездегі тарихитанымдағы көрінісін саралағанда құжаттардың көптігінен аяқ алып жүре алмайсың. Дегенмен бұл жөнінде қазақ тіліндегі материалдар жоқтың-қасы деуге де болады. Бірақ совет дәуірі кезеңінде Ұлы Отан соғысына аса зор көңіл бөлінгендіктен осы салада материалдар орыс тілінде ұшан теңіз. Сонымен қатар біз жақында Ұлыбритания Парламентінің Екіншідүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Германияның басшыларының бірі болған Гесспен келіссөздердің барасы жазылған құжаттардың құпиялылығын әлі де 50 жылға созғандығына байланысты бұл мәселе жөнінде жұмбақ беттердің көп екендігін де мойындауға мәжбүрміз.
Бір қызығы осы антигитлерлік коалицияның құрылу барысында совет басшыларының аудармашысы болып қызмет атқарған В. М. Бережковтың «Коалицияның тууы», «Потсдамдан Тегеранға апарар жол» атты кітаптары абырой болғанда қазақшаға аударылған да екен. Бірақ мұндағы көзқарас біршама өзгеше болып отыр. Өйткені совет тарихитанымында «ленд-лиз» ролін төмендету немесе ол жайында жұмған ауызды ашпау етек алған болатын. Сондықтан біз осы курстық жұмыста бұл жөнінде баса назар аудара отырып айтып өтпекпіз. Бұл пікір туралы заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовта өзінің бір сұхбатында атап өткен еді.
Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде «Үлкен үштік» одағының (КСРО, АҚШ, Ұлыбритания) қарым-қатынастары біркелкі болды деп айту мүлде қате.
Жұмыста В. Л. Исраэлянның, И. М. Майскийдің, В. М. Кулиштің, Н. И. Лебедевтің тағы басқа да тарихшылар мен әскери қолбасшылардың күнделіктері мен мемуарлары қаралды.
Курстық жұмыста мынадай мәселелер қарастырылады:
1. КСРО, Ұлыбритания және АҚШ-тың әскери-саяси ынтымақтастығының мәселелері.
2. Атлантикалық хартияның антигитлерлік коалицияның құрудағы ролін анықтау.
3. Екінші майданның ашылуының созылуының себептерін талдау.
4. Коалицияның өзара материалдық көмектері (ленд-лиз) ролінің маңызын анықтау.
Гитлерлік Германияның Совет Одағына шабуыл жасауы бүкіл халықаралық жағдайды түп-тамырымен өзгертіп жіберді. Империалистік державалардың бәсекелес екі тобының жанжалы болып басталған екінші дүние жүзілік соғыстың антифашистік, азаттық соғысына айналу процесі аяқталды. Құрамына СССР, Англия және АҚШ енетін әскери-саяси одақтың құрылуы үшін нақты алғы шарттар жасалды. Алайда, мұндай одақтың пайда болуы бір мезгілде бола қойған акт емес. Егер СССР, АҚШ, Англия және басқа да антифашистік мемлекеттердің антигитлерлік коалициясы құрылуының заңдылық жағы жөнінде айтатын болсақ, ол бірнеше сатыдан өтіп барып, 1942 жылдың бірінші жартысында аяқталды. Осы кезеңнің бүкіл барысында Совет Одағы фашизмге қарсы соғыста халықтардың жауынгерлік одағын құру үшін нысаналы күрес жүргізді.
1. 1. Англо-американдық альянс 1941-1945 жж.
Атлантикалық хартия.
1941 жылдың 14 тамызында Канада елінің жағалауында Атлантика мұхитында кездескен Рузвельт пен Черчилль антигитлерлік коалицияның программалық құжаттарының бірі болған Атлантикалық хартияға қол қойды.
Атлантикалық хартияда мынадай міндеттер қойылды: нацизмді жою, агрессорды қарусыздандыру және халықтарды қару-жарақтың көптігінен арылту. АҚШ және Ұлыбритания территориалдық өзгерістерге халықтардың келісімінсіз ұмтылмаймыз, халықтар өздерінің биліктерін өздері таңдайды, сауда мен экономикалық ынтымақтастықта тең құқықтар жасауға жол ашамыз деп жариялады.
Атлантикалық хартияда нацизмді жойғаннан кейін барлық елдер үшін қауіпсіздік орнауы тиіс деген үміт айқын көрініс беріп, кез келген агрессияға қарсы шаралар қолданылатын болады деген сенім айқын көрініс берген болатын. Бұл мақсаттарға жету үшін қарусыздандыру көзделген болатын.
Атлантикалық хартияның кейбір қағидалары Сталиннің саясатына қарама-қайшы келіп Мәскеу бұл құжатқа алғашында сенімсіздікпен қарады. Өйткені Балтық елдерін өз құрамына қосып алған КСРО үшін сол елдерге тәуелсіздік берудің мүлде қажет еместігін айтпаса да түсінікті болатын.
Дегенмен, Атлантикалық хартия Батыс елдерінде антифашистік коалицияның идеялық негізі ретінде қарастырыла бастады, сондықтан мұнымен санаспасқа болмайтын еді. Сталин Атлантикалық хартияның кейбір қағидалары нақты мән берілер деп те ойламады, шындығында бұл Үлкен үштіктің бұдан былайғы өзара әрекеттерінде солай болып та шықты.
24 қырпкүйекте елші И. М. Майский Лондонда КСРО атынан Атлантикалық хартияға қол қойды. Сөйтіп антигитлерлік коалицияның бастапқы құжаты дүниеге келді. 1942 жылдың 1 қаңтарында Атлантикалық хартияның қағидаларына қолдау көрсеткен елдердің өкілдері 26 мемлекет Вашингтонда Декларацияға қол қойды. Сөйтіп осы акт Антигитлерлік коалицияның ресми тұрғыдан дүниеге келуі аяқталды. Коалицияға КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция и Қытай, сондай-ақ Югославия, Польша, Чехословакия және «белдік» агрессиялық елдерге (Германия, Италия, Жапония) және олардың сыбайластарына (сателлиттеріне) әскери қарсы әрекетке көшкен немесе оларға қарсы елдерге көмек көрсетуші елдер кірді. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай Антигитлерлік коалиция елдерінің саны 50-ден асты.
Нацистер елімізге баса көктеп кірген алғашқы күндерден бастап-ақ, совет дипломатиясының алдына жаңа міндеттер қойылды. Советтік сыртқы саясаттық басты мақсаты жауға тойтарыс беруді ұйымдастыру үшін, ал содан кейін олар оккупациялап алған советтік территорияны азат етіп, фашистік державаларды толық жеңіп шығу үшін неғұрлым қолайлы халықаралық жағдайды қамтамасыз ету болды. Совет дипломатиясы, ең алдымен, гитлерлік Германия мен фашистік Италияға сол кездің өзінде-ақ қарсы соғысып жатқан буржуазиялық мемлекеттердің СССР-гe мүмкіндігінше берік одақтас болуын ойластыруы керек еді. Бұл үшін нацистік Германияға қарсы соғысқан мемлекеттердің коалициясын құрып, нығайтуға және Европада екінші майданның ашылуын тездетуге жету қажет болды. Сондай-ақ, совет-герман қарулы қақтығысында сол кезде ресми бейтараптығын сақтап отырған Жапония, Түркия, Иран және басқа мемлекеттердің шабуылын болдыртпау үшін барынша күш салу қажет еді. Мұның өзі үлкен дипломатиялық шеберлікті талап етті.
Ақырында, СССР сыртқы саясатының міндеті фашизм құлдыққа түсірген Европа халықтарының азаттық және өздерінің суверенді праволарын қалпына келтіру жолындағы күресіне бар мүмкіндігінше көмек көрсету болды, бұл жөнінде Совет үкіметінің басшысы, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Председателі И. В. Сталиннің 1941 жылы 3 июльде сөйлеген сөзінде айтылды.
Бұл міндеттер 1941 жылы сентябрьде Лондонда өткен Одақтастар аралық конференцияда совет делегациясы ұсынған декларацияда да бейнеленді. Декларацияда өздеріне гитлерлік Германия танған соғысты жүргізуге мәжбүр болып отырған барлық халықтар мен барлық мемлекеттер «агрессорларды тез арада және батыл талқандау үшін осы міндетті неғұрлым толық шешуге өздерінің барлық күш-қуатын жұмсайтын» болуға тиіс деп көрсетілді. Одан әрі бұл документте соғыс біткеннен кейін халықтарды фашизмнен құтқара алатындай етіп құру қажет екендігі жөнінде айтылды. «Совет Одағы, - деп мәлімделді декларацияда, - әрбір халықтың мемлекеттік тәуелсіздігі мен өз елі территориясына қол сұғылмайтындығы правосын, өз елінің экономикалық және мәдени гүлденуін қамтамасыз ету мақсатына сәйкес келетін әрі қолайлы қоғамдық құрылыс орнату және басқару формасын таңдап алу правосын қорғайды». Совет үкіметі «гитлеризмді толық және түпкілікті жеңіп шығудың нәтижесінде бостандық сүйгіш халықтардың тілектері мен мұраттарына сай келетін дұрыс халықаралық ынтымақтастық пен достық қатынастардың негіздері қаланатын болады» деп сенім білдірген еді.
Алты жылға созылып аса жойқын соғыс Антигитлерлік коалицияның жеңісімен аяқталды.
Коалицияны құрудың өзі талай дипломатиялық істерді жүзеге асырып барып қана одақтастар арасындағы қайшылықтарды мейлінше орап өтудің арқасында ғана дүниеге келді. Дегенмен екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске негіз болған жоспар қабылданды.
Бұл жоспарларды іске асыру бірнеше кезеңдерден тұрды: Сотүстік Африканы азат ету, Италияны соғыстан шығару және Жерорта теңізінде толық бекіп алу, Солтүстік Францияда майдан Ашу, Германияға Берлинді жаулап ала отырып соңғы соққы беру, Жапонияны тізе бүктіру. Осы тұрғыдан антигитлерлік коалицияның тарихым пайымдау әскери және экономикалық ынтымақтастықтың Жан-жақты суреттеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қиыншылықтар мен өздерінің мүдделерімен ұғындырылатын қайшылықтарға қарамастан одақтастар бір-бірінің түсінуге тырысып тездете Германияны талқандауды жүзеге асырып соғысты аяқтауға ұмтылу үшін қолдан келгенн мүмкіншілоіктердің бәрін пайдаланды.
Осылайша антигитлерлік коалиция тарихқа әртүрлі саяси қоғам елдерінің ортақ жауға бірге қарсы тұрудың жарқын көрінісі ретінде енді.
Совет-ағылшын келісімі
Елші Криппс пен СССР сыртқы істер халық комиссары арасында болған әңгіменің барысында Құрама Штаттарының позициясы жөнінде де пікір алысылды. Криппс Германияның СССР-гe шабуыл жасауынан бір апта бұрын Черчилльге Рузвельтпен байланыс жасап, осындай соғыстың ашылуы мүмкін екенін талқылауды есіне салғанын мәлімдеді. Криппс сенім білдіре отырып, мынаны хабарлады: Америкадан қайтып оралған Англиядағы АҚШ елшісі Вайнант, сондай-ақ Криппс пен Черчилль үшеуі Германияның совет территориясына басып кіруі белгілі бола салысымен, британ премьер-министрі 22 июнь күні радио арқылы сөйлеген сөзінің тексін жазыпты. Черчилльдің сөйлеген сөзі Вайнантты толық қанағаттандырған, өйткені, оның пікірінше, Черчилльдің сөзі Рузвельттің көзқарастарын бейнелеп берген еді. Молотов СССР-ге қарсы соғыстың басталуы жөнінде Гесс ағылшындарды ескертті ме деп сұрады. Криппс ондай ескерту жасалмағанын айтып, Лондонның мұндай мәліметтерді басқа жақтан алғанын мәлімдеді. Бұл жерде британ елшісіне сене қою қиын еді, ал Гесстің лорд Саймонмен әңгімесінде ол жөнінде айқын түрде құлақ қағыс білдіргенін, енді Кадоганның күнделігінен көріп отырмыз.
27 июньнің кешінде сыртқы істер халық комиссары Криппспен екінші рет әңгімелесті. Халық комиссары елшінің ұсыныстарын Совет үкіметіне баяндағаннан соң, екі жақтың біріне-бірі көрсететін көмегінің ауқымы мен көлемі қандай болмақ деген сұрақ туғанын хабарлады.
- Британ үкіметі екі ел арасындағы ынтымақты бастау үшін бәрін істеуге даяр, - деп жауап берді Криппс. - Мен мүмкін болатын экономикалық көмектің көлемін шектерлік себептерді көріп отырған жоқпын, және жалпы алғанда екі елдің ортақ мақсатқа жетуіне қажетті көмектің де шегін көріп отырған жоқпын.
Молотов өзара көмекті белгілі бір саяси негізде, қандай да болсын бір келісіммен шарттасу арқылы көрсету қажет екенін ескертті. Екі ел арасындағы әскери және саяси жақындасуды осындай негізде жүзеге асыруға болар еді. Криппс ағылшын үкіметі СССР-мен саяси келісім жасасуға әзір емес дегенді аңғартып, жалтара жауап берді. Қазіргі қалыптасқан жағдайда, екі елдің жауы ортақ болып отырған кезде, тек ағымдағы нақтылы мәселелер туралы ғана емес, сонымен қатар неғұрлым ауқымды әскери-саяси ынтымақтастық проблемасы туралы ойлау керек деп есептеген совет жағын мұндай жауап қанағаттандыра алмайтын еді. Совет өкілі ағылшын үкіметі қазіргі кезеңде тек арнаулы мәселелер жөнінде ғана ынтымақтастықтың жасалуы мүмкін, ал әскери-саяси ынтымақ жасасу міндетін қойып отырған жоқ деп есептейді, деп түсінуім дұрыс па?- деген сұрақ қойды. Криппс, меніңше, қазір әскери және экономикалық мәселелер жөнінде ынтымақ болуына жету неғұрлым қажет, ал мұның өзі саяси ынтымақ орнату үшін де негіз қалайды деп жауап берді.
1941 жылы 29 июньде Молотов Криппсті тағы да қабылдады. Совет елшісі И. М. Майскийдің ағылшын әскери кабинетінің мүшесі лорд Бивербрукпен жақында өткен әңгімесі туралы Лондоннан алынған хабарға сүйене отырып, халық комиссары ағылшын авиациясының Германияға қарсы жалпы алғанда, Батыс Европадағы қимыл жасауын күшейту, сондай-ақ Францияға десант түсіру туралы мәселе көтерді. Бивербрук нақ осындай операциялар жасаудың мүмкін екендігі жөнінде айтқанды. Майский мен Бивербруктің кездесуі туралы Криппстің хабардар екені және осы туралы сұрақ туа қалса, өзін қалай ұстау керектігі туралы нұсқау алғаны күмәнсіз еді. Ол ойланбастан былай деп жауап берді:
- Ағылшын үкіметі принцип жүзінде Совет үкіметіне көмектесу үшін бәрін істеуге әзір. Бірақ, ағылшын флоты, оның мән-жайын білмей тұрып, қандай операцияны болса да қолға ала алмайды. Демек, ағылшын қарулы күштерінің совет майданындағы жағдайды жеңілдете алатындай қимыл жасауы жөнінде қазір тиянақты еш нәрсе айтуға болмайды.
Көріп отырғанымыздай, Черчилльдің және оның кабинеті мүшелерінің ағылшын үкіметі Совет Одағына барынша кеңінен көмек көрсетуге ұмтылады деп сөз жүзінде мәлімдеуіне қарамастан, іс жүзіне келгенде, ешқандай да нақтылы қадам жасалған жоқ.
СССР сыртқы істер халық комиссары 1941 жылы 30 июньде ағылшын әскери миссиясының мүшелерімен кездескенде, британ авиациясының Германияның батыс жағында және Францияның оккупацияланған территориясында қимыл жасауын күшейте түсудің, сондай-ақ Бивербрук айтқан ауданға десант түсірудің кажет екендігін тағы да мәлімдеді. Бұл жолы генерал Макферлан сөз алып, менің міндетім совет әскерлерінің қимылы мен жоспары туралы тезірек егжей-тегжейлі мәліметтер алу деп мәлімдеді. Ағылшын командованиесі тиісті операциялардың жоспарын сонан соң ғана жасай алар еді-міс, деді.
Ақыр аяғында, Совет үкіметі Англия үкіметін уағдаласуға келуге дегенмен қол жеткізді, бұл уағдаласу тек техникалық сипатта ғана болған жоқ. 1941 жылы 13 июльде Кремльде «СССР үкіметі мен Великобритания үкіметі арасында Германияға қарсы соғыста бірлесіп қимыл жасау жөніндегі келісімге» қол қойылды. Оған қол қоярда совет жағынан Совет үкіметінің басшысы И, В. Сталиннің, Қызыл Армия Бас штабының бастығы маршал Б. М. Шапошниковтың, әскери-теңіз флоты халық комиссары адмирал Н. Г. Кузнецовтың және басқа да ресми адамдардың қатысуы осы документтің маңыздылығын баса көрсетті. Ағылшындар жағынан елші Криппс, Великобритания елшілігінің қызметкерлері, сондай-ақ британ миссиясының бүкіл құрамы қатысты. Орыс және ағылшын тілдерінде жазылған келісімге СССР сыртқы істер халық комиссары мен елші Криппс қол қойып, мөр басып бекітті. Келісімде былай деп көрсетілді:
1. Гитлерлік Германияға қарсы жүргізіліп жатқан қазіргі соғыста екі үкімет те бір-біріне әр қилы көмек көрсетуге және бір-бірін қолдауға міндеттенді.
2. Осы соғыс жүріп жатқанда бұл үкіметтер өзара келісіп алмайынша, өздері ешбір келіссөз жүргізбейді, ешбір уақытша бітім немесе бітім шартын жасамауға міндеттенеді.
Осы келісімді антигитлерлік коалицияның басы деп есептеуге болады.
Алайда, бұл келісім расында да тек бастама ғана болғaн еді. Көріп отырганымыздай, ағылшын жағы өздеріне әскери-саяси міндеттемелер алуға ықыласымен көне қойған жоқ. Мұндай жағдай көбіне мына себептерден туады: британ әскери сарапшыларының және көптеген саяси қайраткерлерінің арасында Совет Одағы бүкіл Батыс Европаның дерлік өнеркәсіп потенциалына сүйенген гитлерлік соғыс машинасының соққысына шыдамайды деген пікір басым болды. Лондондағы әскери мамандар Қызыл Армия гитлерлік басқыншылардың тегеурініне тек бес-алты апта бойы ғана төтеп бере алады деп есептеген еді.
Гарри Гопкинстің танысуға келген сапары
Совет Одағының гитлерлік Германияға төтеп беру мүмкіндігі жөнінде АҚШ-та да осыған ұқсас баға берілген пікірлер тарады. Олардың айырмашылығы тек мынада ғана болды. Вашингтондағы әскери стратеггер «орыстардың қарсы тұра алу» мерзімін мұнан да азайтып көрсетті. Мұндай болжамдарға онша сене қоймаған Рузвельт өз көзімен көрген адам арқылы хабар алмақшы болып, Гарри Гопкинсті өзінің арнайы өкілі ретінде Москваға жіберуге ұйғарды. Ол кезде Англияда жүрген Гопкинске Рузвельт сол жерден, тура Совет Одағына жүріп кетуді тапсырды. Ағылшын самолетімен Шотландиядан Архангельскіге дейін екі тәуліктей ұшып, Гопкинс 28 июль күні түс ауа Москваға келді.
Гопкинсті қарсы алу үшін Ленинград проспектісіндегі Орталық аэропорттың жасыл сырмен боялған шағын қызмет үйіне бір топ дипломаттар мен әскери адамдар жиналды. Мұнда советтік ресми өкілдер ғана емес, АҚШ пен Англия елшіліктерінің қызметкерлері, осы елдердің әскери және әскери-теңіз атташелері аппаратының офицерлері де келген еді. Түс ауғанына қарамастан, күн күйіп-ақ тұрды, сондықтан қарсы алушылар терраса қалқанының астына паналады.
Ақырында самолеттің жақындап қалғанын радио арқылы хабарлады. Жұрттың бәрі мотор даусы естілген жаққа қарап, аспанға көз тікті. Аэродром үстінен бір айналып шыққан соң, самолет қонуға бет алды. Міне, доңғалақтары да жерге тиді, машина жылдамдығын бәсеңдетті де, көк майсаның үстімен сәл теңселе бұрылыи, қарсы алушыларға қарай беттеді. Моторлары өшкен соң есік ашылып, іштен темір саты түсірілді, қарайып көрінген есіктен үстіне лайықсыз кең, ұйпаланып қалған костюм киген арықтау келген адам көрінді. Кең маңдайлы, үлкен қасқа басын жіңішке мойны әзер көтеpiп тұрған тәрізді. Бізге ақылды да өткір көздеріп тігіп жарқылдап күліп келеді. Рузвельттің арнайы өкілі, жақын досы Гарри Гопкинс осы еді. АҚШ-тың бұдан былай қандай бағыт ұстайтыны көп реттерде осы кісінің қандай қорытындылар жасауына байланысты болатын. Ол жергілікті жағдаймен танысып алғаннан кейін, Совет Одағы гитлерлік агрессияға төтеп бере ала ма, жоқ па, совет-герман майданындағы соғыс фашистердің кезекті блицкригіне айналып кетпей ме - осының бәрін, Вашингтонға баяндауға тиіс еді. Ақ үй жуырда ғана нацистік агрессияның кезектегі нысанасына айналған Совет Одағы жөніндегі саясатын осы сұрақтарға Гопкинстің қандай жауап қайтаруына байланысты белгілемекші болатын.
Гитлерлік Германия Совет Одағына шабуыл жасасымен-ақ Құрама Штаттар үкіметі бұл агрессия әрекетін бірден айыптады. 1941 жылы 24 июньде болған баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде президент Рузвельт фашистік «белдік» державаларына қарсыласушылардың бәрі, оның ішінде Совет Одағы да, Құрама Штаттардан қолдау табады деп атап көрсетті. Бірақ, сөз жүзінде мәлімдеме жасау бір басқа да, нақты қадамдар жасау бір басқа. Англиядағы сияқты, АҚШ-тың да билеп-төстеуші топтары ішінде соғыс алдындағы жылдарда фашистік агрессорларды Совет Одағына қарсы айдап салып, қолпаштаған ықпалды күштер болды. Бұл күштердің АҚШ-тың Совет Одағымен ынтымақ орнатуына қарсылық жасайтынымен, барлық істі тілектестік білдірумен ғана шектеуге күш салатынымен, фашистік басқыншылармен жекпе-жек соғысып жатқан Қызыл Армияға практикалық көмек көрсетуге әр алуан кедергі жасайтынымен санаспауға болмайтын еді. Рузвельт бұл күштердің ықпалына Гарри Гопкинс сияқты тәжірибелі де беделді саясатшының қортындыларын қарама-қарсы қойғысы келді, ал әлгі күштер, айта кетелік, бүкіл Ұлы Отан соғысы бойы салқынын тигізіп келді. Гопкинстің осы сапары жөніндегі есеп мемлекеттік департаменттің документтерінде егжей-тегжейлі жазылған.
Жанына екі әскери адамды ертіп келген Гопкинс Москвада бірнеше күн болды. Осы уақыттың ішінде ол Совет үкіметі басшыларымен кездесіп, совет-герман майданындағы жағдай туралы толық мәлімет алды, совет халкының соғысты жеңіп шыққанға дейін жүргізе беруге берік бел байлап отырғаны оған үлкен әсер етті.
Келген күнінің кешінде Гарри Гопкинсті Совет үкіметінің басшысы И. В. Сталин қабылдады. Онда болған әңгіменің мазмұны Ақ үйдің Гопкинс жазган документтерінде былайша баяндалған.
Гопкинс президенттің жеке өзінің өкілі ретінде келгенін, президент болса Гитлерді адамзаттың қас жауы деп есептейтінін, сондықтан да оның Германияға қарсы күрес жүргізіп отырған Совет Одағына көмек көрсеткісі келетінін айтты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz