Италияның басқа



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті Халық
қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

ДЖАНЗАКОВА АЛИНА БЕРІКҚЫЗЫ
ИТАЛИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ
(курстық жұмыс)

Ғылыми жетекші: Т.Ғ.К. аға оқытушы
Идрышева Ж. Қ.

Алматы 2006

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ ЖАЛПЫ ИТАЛИЯ
1.1 Италия
1.2 Италия тарихы
1.3 Италия экономикасы
1.4 Италия әдебиеті
1.5 Италия өнері
1.6 Италиялықтар
1.7 Италия – түркі соғысы
ІІ ТАРАУ ИТАЛИЯ 1918 – 1945
2.1 Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң
2.2 Маттеотти ісі және фашизмнің екінші толқыны
2.3 Екінші дүниежүзілік қарсаныңда
2.4 Екінші дүниежүзілік соғыс және Италияда фашистік режимнің күйреуі
2.5 Параллельдік соғыс
2.6 Фашизмнің күйреуі
2.7 Бадольо үкіметінің 45 күні
2.8 Италия гитлерлік оккупациясында
2.9 Ұлттық көтеріліс
ІІІ ТАРАУ ИТАЛИЯ 1945 – 2004
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ 2
І ТАРАУ ЖАЛПЫ ИТАЛИЯ 3
1.1 Италия 3
1.2 Италия тарихы 4
1.3 Италия экономикасы 6
1.4 Италия әдебиеті 7
1.5 Италия өнері 9
1.6 Италиялықтар 13
1.7 Италия – түркі соғысы 14
ҚОРЫТЫНДЫ 15

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі Соғысқа дейінгі Италияның саяси
өмірінің ерекшелігі – белгілі бағдарламалы бұқаралық саяси партиялары мен
дамыған нақты ұйымдық құрылымы болмады. Италия парламентіндегі буржуазиялық
саяси ағымдар әр түрлі топтардан (либералдар, республикашылдар, радикалдар
және т.б.) тұрды. Олар өздері сайланған аудандармен байланысы нашарлаған
соң, басшылық маңына топтасты. Осы топтардың ішінде Италияның Социалистік
партиясы нағыз саяси партия болды.
Италия либералдық мемлекетінің әлсіздігі, демократиялық оппозиция
күшінің бөлшектенуі – Италия фашизмінің үкімет басына келуін жеңілдетті.
Жалпы алғанда, Фашизм деген сөзге анықтама берсек, 1919 жылдың көктемінен
құрыла бастады (фашизм - италияның фашио деген сөзінен шыққан, мағынасы
– бума, сондай – ақ одақ, бірлестік, күрес одақтары дегенді білдіреді). Ал
екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында Италия жерін ағылшын – американ
әскерлері жаулап алды, өйткені соғыс жылдарында Италия басқыншылық топтың
қатарында болып, Германияның одақтасы ретінде танылды. Соғыстан жеңіліс
тапқан Италия тұрғындары зор рухани жарақат алды. Экономиканың бұлыңғыр
тартқан ауыр жағдайда болуы елдің дәрменсіздік ахуалын одан әрі нашарлата
түсті.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі жағдайдың қиыншылығы мемлекеттік
дербестікті сақтап республикалық құрылым тәртібін нығайтуға негізделді.
Патша үкіметінің фашистік Муссолини тобын жақтауы, Италия халқының
монархиялық жүйеге деген көңілін суытты.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: Жалпы, Италияның ұлттық психологиясын
және маңыздылығын зерттеп талдап беру, тағы қосатын бір жайт фашистік
Италияның фшизм жолына түсіп, Муссолини саясатын ұстанған мемлекеттің
әлеуметтік – экономикалық саяси жағдайының мәнін ашу.
Осы себепті көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыс мынадай
міндеттерді шешеді:
- Италияның ұлттық тұрғыда көз салатын болсақ, Италия халқының
мәдениетін, өнерін, тарихын, саяси экономикалық жағдайын біле
тұра - менің ойымша, Италияның ұлттық психологиясын тану болып
табылады;
- Соғыстардың әсерінен экономикасы әлсіреген Италия мемлекетінің
басына фашистердің келуі.
Деректік талдау
Осындай мақсат – міндеттерді алдыға қоя отырып, курс жұмысын жазу
барысында арнайы құжаттық айғақтар және дерек көздері кеңінен қарастырылды.
Тақырыпқа тікелей қатысты құжаттық жинақтар атап айтқанда, С.М Мәшімбаевтың
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы оқулығы, А. М.
Родригес және М.В. Пономаревтың Новейшая история стран Европы и Америки ХХ
век. История средних веков І – ІІ том, Хрестоматия средних веков ІІ том,
Қазіргі заман тарихы Алматы. Мектеп 1985, новейшая история 1939 – 1973
Под ред. И.С. Галкина. – М 1973. оқулықтары т.б. ғылыми мақалалардың
құндылығына риза болдым. Сөйтіп жоғарыда аталған деректер мен зерттеулер,
мақалалардың негізінде ғылыми жұмыстың базалық құрылымы жасалды.
Жинақталған әр алуан мақалалар жүйелі талдау жасауға мүмкіндік берді.

І ТАРАУ ЖАЛПЫ ИТАЛИЯ

1.1 Италия

Италия (Italia), Италия Республикасы-Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жер-
орта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше
ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 301,2 мың км.2 Халқы-57,5
млн. адам (1998). Халқының 94% -ы иалиялықтар. Мем. Тілі-италия тілі. Халқы
христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы –Рим қаласы (2,8
млн.). бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.),
тағы басқа ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет
(Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік –территориялық жағынан 20
облыстан тұрады. Оның бесеуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже,
Валле Д, Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар.
Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия - парламенттік республика. 1948 ж.
қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (2006 жылдан Р.
Проуди). Ол 7 жыл сайын қоспалаталы парламент депутаттары мен облыстардан
келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң
шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен
Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер
Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның
алғашқы жексенбісі - Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946)

1.2 Италия тарихы

Ежелгі дәуірде Италия территориясында Рим мемлекеті салтанат құрды (қ.
Рим империясы). ІV – V ғасырларда Рим империясында көршілес герман, ғұн,
авар тайпалары күйрете соққы берді. 476 ж. Батыс Рим империясы құлап,
орнына Одоакр корольдігі (476 - 493) құрылды. 488 ж. Солтүстік Италияға
остготтар басып кіріп, өз корольдіктерін (493 – 544) құрды. 554 ж.
Италияның көпшілік бөлігін Византия империясы басып алды. 754 – 56 ж.
франктер Апеннин түбегіне жорық жасап, елдің орт. бөлігін бөліп алды және
ол жерді Рим папасына тарту етті. Бұл қасиетті Папа мемлекетінің (Папа
обл.) құрылуының бастамасы болды. 774 ж. елді толығымен Ұлы Карл жаулап
алды. Франктер империясының ыдырау нәтижесінде 781 ж. И. корольдігі
құрылды. Герман королі Оттан I-нің басқыншылық жорықтары (951 және 961 -
62) нәтижесінде корольдік 962 ж. Қасиетті Рим империясының құрамына
қосылды. Ақсүйектер арасындағы өзара қырқысулар, арабтар мен венгрлердің
шапқыншылықтары халықтың тұрмысын күрт нашарлатып жіберді. Италияның басқа
Еуропа елдерінен басты ерекшелігі мұнда қалалар өте көп болды және қолөнер
мен сауда – саттық үнемі қызу жүріп жатты. 10 ғ-дан бастап қалалардың
сеньорлармен (герцог, граф, епископ) күресі нәтижесінде коммуналар (өзін-
өзі басқаратын қалалық қауымдар) құрыла бастады. Коммунадағы билік қала
шонжарларының, бай көпестердің қолында болды. Бірте – бірте елдің аса ірі
портты қалалары (Генуя, Венеция, т.б.) Батыс пен Шығыс арасындағы басты
сауда орталықтарына айналды. 1154 – 76 ж. герман императоры Фридрих
Барбаросса Италия қалаларын бағындыру үшін елге 5 рет жорық жасады.
Дегенмен Констанц бітімі (1183) бойынша, Италия қалалары өз
тәуелсіздіктерін сақтап қалды. Германдарға қарсы күрес елде ұлттың сана –
сезімінің оянуына ықпал етіп, бірте – бірте италия ұлты мен италия әдеби
тілі қалыптаса бастады. 11 ғ-да Оңтүстік Италия мен Сицилияны нормандар
басып алып, Сицилия корольдігін құрды. 1282 ж. халық көтерілісі Сицилия
корольдігінің құлауына алып келді. 13 ғ – дың аяғы мен 14 ғ – дың басында
Сицилияны, 15 ғ – дың орта шенінде Оңт. И-ны басып алған Арагон корольдігі
бірте – бірте бүкіл Оңтүстік Италияға испан үстемдігін орнатты. 13 ғ-да
Орталық және Солтүстік Италиядағы алдыңғы қатарлы қалалар мен мемлекеттерде
нарықтық қатынастар тез дами бастады. Оларда банк ісі (Сиена, Флоренция),
шығыс елдерімен сауда (Генуя, Венеция), шұға тоқу (Болонья, Сиена,
Флоренция, Милан) кең өріс алды. Дүние жүзінде тұңғыш рет Италияда 14 ғ-да
шұға шеберханалары негізінде мануфактуралар пайда болды. Осы кезде Италия
мәдениетінің Қайта өрлеу дәуірі басталды (14 – 16 ғ-лар). Елдегі саяси
бытыраңқылық, сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысуы 16
ғ-да өнеркәсіп пен сауданың құлдырауына алып келді. Елдің бытыраңқылығын
пайдаланған Франция мен Испания Италия жері үшін өзара соғыстар жүргізді
(1494-1559). Нәтижесінде Сицилияны, Сардинияны, Милан герцогтығын, Оңтүстік
Италиядағы мемлекеттерді (Венеция, Папа обл., Совоя герцогтығынан
басқаларын) Испания басып алды. 16 - 17 ғ-ларда Италия экономикасы жағынан
құлдырап, өнеркәсіп орындары тек Солтүстік Италияда ғана қалды. Иезуиеттер
ордені құрылып (1534), инквизиция қалпына келтірілді (1542). Озық ойлы
адамдар қуғынға ұшырады (Дж. Бруно, Дж. Ч. Ванин отқа өртелді, П.
Кампанелла, Г. Галлилей, т. б. Инквизиция сотымен сотталды). Испан тағының
мұрагерлігі үшін болған соғыстар (1701-14) Италия жерімен өтіп, халық
мүлдем қайыршылыққа ұшырады. 1714 ж. Италиядағы испан иелігі толығымен
Австрияға өтіп, 1734 ж. Италиядағы испан иелігі толығымен Австрияға өтіп,
1734 ж. Австрия, Сицилия мен Неаполитан корольдігін қайтадан испандарға
берді. 1720 ж. Савоя герцогтығы Австриядан Сардинияны алып, Сардиния
корольдігі құрылды (1720-1861). 18 ғасырдың 2 – жартысынан бастап елдде
қайтадан экономикалық өрлеу басталып, ғасыр аяғында Италияны бір орталыққа
біріктіру жолында күрес басталды. Бұл қозғалыс 1848-49 жылғы революцияға
алып келді. Бірігу жолындағы шешуші күрес 1859 – 60 ж. Австрия – Италия –
Франция соғысында шешілді. 1859 ж. Австриядан Ломбардия азат етіліп,
Орталық Италия герцогтарындағы (Моден, Парм, Тосқан) және Романьедегі халық
көтерілістері жеңіске жетті. Елді біріктіруде халық батыры Дж.
Гарибальдидің Сицилия мен Неапольға жасалған жорықтары үлкен рөл атқарды.
Италияны біріктіру 1870 ж. Рим облысының қосыоып, ондағы папа билігінің
жойылуымен аяқталды. Елдің бірігуінен кейін экономика жедел дами бастады.
19 – ғасырдың аяғынан бастап Италия үкіметі отарлау саясатын жүргізе
бастады. 1889 ж. Сомали жаулап алынды, Эфиопияға басып кіргенімен, 1896 ж.
күйрей жеңілуге мәжбүр болды, 1911 – 12 ж. Түркиямен соғысып, одан Ливия
мен Додеканес аралдарын тартып алды. 1882 ж. Үштік одаққа (Германия,
Австрия – Венгрия, Италия) қосылғанымен, I – дүниежүзілік соғыста (1914 –
18) Антанта (Ұлыбритания, Франция, Ресей, т. б.) жағына шығып кетті. Осы
соғыста 700 мың адамы өліп, 1- млн – нан астамы мүгедек болды, бүкіл
Солтүстік Италия қаңырап қалды. Дегенмен, соғыс нәтижесінде Трентиноны,
Оңтүстік Тирольді, Истрияны, Адриатикадағы кейбір жерлерді өзіне қосып
алды. Тұрмыстың ауырлығынан 1920 ж. елде жұмысшылардың кәсіпорындарды басып
алу қозғалысы басталды. Барлық металл өңдеу машина жасау зауыттары мен
фабрикалар іс жүзінде елдегі 600 мың жұмысшының қолына өтті. Оған қарсылық
ретінде ірі буржуазия 1919 ж. Б. Муссолини құрған фашистік партияға
қаржылай көмекті күшейтті. Нәтижесінде 1922 ж. фашистер үкімет басына
келді. Фашистерге қарсы партиялар (негізінен, социалистер мен коммунистер)
ел парламентінен шығып кетіп, оппозициялық фракция к – тіне бірікті. Бірақ
көп ұзамай фашистер шабуылға шығып, сөз бостандығына тыйым салды. 1926 ж.
фашистік партиядан басқа саяси ұйымдардың бәріне тыйым салынды.
Антифашистерді жазалау үшін Ерекше трибунал құрылды. 1936 ж. майда Италия
эфиопияны басып алды, 1936 – 39 ж. Испаниядағы фашистік төңкеріске белсене
араласты, 1937 ж. Антикоминтерндік пактіге қосылды, 1939 ж. Албанияны
басып алды. 1940 ж. 10 маусымда Францияға шабуыл жасады, осы жылы 27
қыркүйекте Германиямен және Жапониямен қосылып, Үштік келісімшарқа отырды.
1940 ж. қазанда Грекияға, 1941 ж. маусымда Германиямен бірігіп КСРО–ға
шабуыл жасады. Кеңес армиясы 1942 – 43 ж. қыста Орта Дон бойында Италия
армиясын толық талқандады. 1941 – 43 ж. Италия әскерлері Солтүстік Африкада
да толығымен талқандалды. 1943 ж. 25 шілде де мемлекеттік төңкеріс болып,
Муссолини корольдің бұйрығымен тұтқындалды. Бірақ 8 қыркүйекте Германия
Италияға басып кіріп, Муссолиниді түрмеден босатты. 3 – 9 қыркүйекте
ағылшын – американ әскерлері (Апеннин түбегіне) десант түсірді. Елде
фашистерге қарсы Қарсыласу қозғалысы күшейді. 1945 ж. сәуірде жалпыхалықтық
көтеріліс нәтижесінде ел толығымен азат етілді. 1946 ж. 2 маусымда елде
референдум өтіп, Италия республика болып жарияланды. Соғыстан кейінгі
бейбіт келісім бойынша ол отарларынан бас тартып, Албания мен Эфиопияның
тәуелсіздігін мойындады. 1948 ж. Маршалл жоспарына сәйкес, АҚШ–тан көмек
алды. 1949 ж. НАТО–ға мүше болып кіріп, елде АҚШ әскери базалары
орналастырылды. Соғыстан кейін өнеркәсіптің жаңа салалары (мұнай, газ,
химия, машина жасау, т. б.) тез дамып, Италия индустриялы – аграрлы елге
айналды. Ол көптеген халықаралық ұйымдарға: БҰҰ – ға (1955), Еуропа
кеңесіне (1949), Еуропа одаққа (1957), т. б. мүше.

1.3 Италия экономикасы

Италия - әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық
табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ,
Жапония, Германия, Франциядан кейін 5-орында, оны жан басына шыққанда 3-
орында. Экономикасындағы өнеркәсіп үлесі-35,6%, ауыл шаруашылығы - 3,9%,
қызмет көрсету - 60,5%. Халқының 70%-ы – қызмет көрсету, 22%-ы -
өнеркәсіпте, 8%-ы – адам шығынында жұмыс жасайды. Экономикасында шет ел
капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау,
автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. соңғы жылдары
роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Адам шығыны
жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Европада 1-
орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға
жұмсалады), помидор өсіріледі. Еуропа одақтың талабы бойынша мал
шаруашылығы аса дамытылмай, сүтті және етті мүйізді шрі қара өсіріледі.
Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60-65%, импорттың 80-90%-ы сауда
флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында). Италия аса
ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер). Ел сыртқы сауда
мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі
әріптестері Еувропа одақ елдері ең алдымен (Германия, Франция, ұлыбритания)
- 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еувропа елдері,
т.б. Қазақстан мен қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Еліміз Президенті
Н.Назарбаев 2 рет ресми сапарымен Италияда болып қайтты. 1997 жылы Италия
президенті О.Л. Скальфаро Қазақстанда болды. Италия еліміз экономикасындағы
шет ел инвесторлары арасында 7-орында. Республикада 12 италиялық фирма
өкілдігі, 46 бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде аса ірілері
ретінде “Аджип” (Қарашығанақта), ”Сайпен”, “Ди Анжели Индейстриз”, т.б.
айтуға болады. Екі ел арасында қаржы, мәдениет, оқу-ағарту, туризм салалары
бойынша да көптеген келісімдер жасалған. 1999 жылы Рим, Легче, Неаполь
қалаларында Қазақстан табылған “Алтын адам” экспонатының көрмесі болып
өтті.

1.4 Италия әдебиеті

Италия әдебиетінің ежелгі фольклоры сақталмаған. Орта ғасырлардағы
Италия әдебиеті Рим империясы құлағаннан кейін 6 – 12 ғасырлар аралығында
латын тілінде пайда болды. Осы кезде Рим шіркеуінің өкілдері Дж. да Плано
Карпинидің (1182 – 1252 ), Марко Полоның (1254 – 1324 ) Орталық Азияға
жасаған саяхаттары туралы жол жазбалары дүниеге келген. Ұлттық
диалектілерде жазылған әдеби ескірткішер 12 ғ – дың аяғы мен 13 – ғ-дың
басында туды. Италия әдебиетінің біртұтас әдеби тілін қалыптастырушы Данте
Алигьери (1265 – 1321) болды. Оның негізгі шығармалары – Жаңа өмір (1292)
повесі, Құдіретті комедиясы (1321), т. б. туындылары дүние жүзі
әдебиетінің алтын қорына қосылды. Қайта өркендеу дәуірі кезіндегі Италия
әдебиетінде ақын Ф. Петрарка (1304 – 1374), Дж. Боккаччо (1313 – 1375)
шығармалары көрнекті орын алды. 15 ғ – да ежелгі дәуірді зерттеуші ғалым –
жазушы Дж. Ф.П. Браччолини (1380 – 1459) мен Л. Валланың (1407 – 1457 ),
т.б. латын тілінде жазылған шығармалары жазылды. 16 – 17 ғасырларда Ф. А.
Ариостоның (1474 – 1533 ) Қаһарлы Роланд поэмасы, Н. Макиавеллидің (1469
– 1527), П. Аретиноның (1492 – 1556), Дж. Бруноның (1548 – 1600) сатиралық
комедиялары, Т. Тассоның (1544 – 1595) Аминта, Б. Гваринидің (1538 –
1612) Сенімді бақташы атты драмалары жазылды. 17–ғасырда Италияның
біршама бөлігін испан басқыншылары жаулап алуына байланысты әдебиетте біраз
тоқырау пайда болды. 18 – ғасырдың орта шенінен Италияның рухани өмірі
қайта гүлденіп, ұлттық мәденит өркендеу жолына түсті. 1848 – 49 жылдағы
револициядан кейін туған Р. Джованьолидің (1838 – 1915) Спартак романы
мен Дж. Кардуччидің (1835 - 1907) саяси жырлары Италия әдебиетіндегі
романтизмнен реализмге өту дәуірінің шындығын танытады. 19 – ғасырдың
аяғында Италия әдебиетінде жаңа романтикалық және символистік бағыт өріс
алды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Италия әдебиеті дәстүрлі
гуманистік бағытынан айныған жоқ. Фашистік билік үстемдік жүргізген жиырма
жыл ішінде Италия әдебиетінің көптеген өкілдері әлеуметтік тақырыптар мен
реалистік дәстүрден ажырап қалды. Дж. Джерманетто, Ч. Павезе, Э. Витторини,
т.б. ақын – жазушылар өз шығармаларында фашистік кезеңнің ауыр зардабын
суреттеп көрсетті. 20 ғасырдың 60 – жылдарындығы Италия әдебиетінде жаңа
ізденістерден туған күрделі шығармалар жарық көрді. Бұл ретте Моравияның
әлеуметтік – психологиялық романдарын (Чочар, 1957; Автомат, 1963,
т.б.), И. Кальвиноның (1923 ж. т.) повестерін, Г. Паризенің (1929 – ж.т.)
сатиралық романдарын (Үй иесі,1965), т.б. жазушылардың шығармаларын
атауға болады. Италия әдебиеті дүниежүзілік мәдениетте көрнекті орын алады.
Италия әдебиетінен К. Гольдонидің Екі қожаға бір қызметші комедиясы
(1948), Э. Амичистің Апенниннен Аңды тауларына атты әңгімелер жинағы
(1959), А. Дантенің Құдіретті комедиясын (Тамұқ атты бөлімі , 1971);
Р. Джованьолидің Спартагі (1951, 1972); т.б. қазақ тіліне аударылды.

1.5 Италия өнері

Ежелгі Рим империясының құлдырауынан кейін ортағасырлық Италия
архитектурасы ( Рим, Милан, т.б. жерлерде күмбезді шіркеулер салынды)
қалыптаса бастады. Монументті шіркеу, тұрғын үй, мұнара, қақпа, қорған
тұрғызу ісі дамыды. 13 – 14 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италия экономикасының «Ғажайып даму» кезеңі
Италия экономикасының құрылымы
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдардағы Италияның экономикалық дамуы
ХІ – ХІІ ғасырлардағы Италия қалаларының қалыптасуы. Қала – коммуналар
Италия
Италия және Германиядағы фашизмге анализ жасаған арнайы әдебиеттер
Фашистік Италияның сыртқы саясаты
ХІ – ХҮ ғасырлардағы Италияның халық бұқарасының дамуы
Қазақстандағы іскерлік туризмінде италияның үлесі
Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм
Пәндер