Потсдам конференциясында
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі жас субъекті
ретіндегі тәуелсіз еліміздің алдындағы келелі міндеттердің бірі, әрине бұл
халықаралық қатынастардың бүгінге дейінгі қалыптасқан тарихын дұрыс
пайымдап, объективті тұрғыдан жаңаша зерделеу екендігі сөзсіз. Қай
мәселеге болмасын батыстың, американдық не орыстық ұстанымнан,
түсінік–пайымнан гөрі қазақтық көзбен немесе "терезеден" қарау қажеттігі
күнбе–күн артып келеді. Жалпы, әлемдік қауымдастықтың тарихын парықтай
келгенде; оны тарихи – мәдени және саяси-құқықтық жағынан саралай білудің
зор маңызы бар десек, ХХ ғасырдағы түбірлі құбылыстардың бірегейі – ІІ
Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы игі дипломатиялық келісімдер: Тегеран –
Ялта – Потсдам тізбекті конференциялар тарихтан әлдеқашан сүбелі бағасын
алса да, толайым бағаланды деу артық болар. Әсіресе, мұндағы өзекті де
назар аударарлық мәселе аталмыш конференциялардың мән маңызы жеңімпаз
державалардың тұрғысынан қаралып, неміс мәселесінің әлі де шынайы
көрсетілмеуін атар едік. Осы конференцияларда бекітілген тарихи
шешімдердің соғыстан кейінгі Германияның тағдырын түбегейлі
өзгерткендігіне баса назар аудартқым келеді.
Курстық жұмыстағы басты мақсатым: ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы
үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс)
мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру болмақ.
Бұл үшін мынадай міндеттер алдыға қойдым:
• Тегеран конференциясындағы гитлершіл Германияға қарсы коалициялық
одақтың бас қосуы, яғни екінші майдан ашу мәселесі – одақтастардың
гитлерлік Германияға қарсы ортақ мүдделестігін айқындау;
• Қабылданған ресми құжаттардың мазмұнын , мән – маңызын анықтау;
• Ялтадағы конференцияда бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік
мәселесінің қойылуын саралап беру;
• Одақтас бірліктің Германияны болашақта бөлшектеу жобалары;
• Потсдам конференцияда ІІ Дүниежүзілік соғысты қорытындылау. Репарация
және екіге бөлінген Германия;
• Неміс мәселесінің түпкілікті шешілмеуі.
Деректік негізі. Осындай мақсат – міндеттерді алдыға қоя отырып, курс
жұмысын жазу барысында арнайы құжаттық айғақтар және дерек көздері кеңінен
қарастырылды. Тақырыпқа тікелей қатысты құжаттық жинақтар атап айтқанда,
"Тегеран – Ялта –Потсдам (Сб. док-в)[1]",''Ялтинская конференция 1945:
Уроки истории"[2] және "Хрестоматия по истории международных
отношений"[3], "Советский союз и Берлинский вопрос (Док-ты)"[4] деген
құжаттық материалдарда конференция барысынан түр - нұсқа мәтіндері және
стенограммалары толық дерлік баяндалған. Бұл материалдардың құндылығын
арттыра түседі. Сонымен қатар, әр конференция материалдары жеке–жеке жинақ
ретінде жарық көрген "Тегеранская конференция руководителей трех союзных
держав СССР, США и Великобритании"[5], "Крымская конференция руководителей
трех союзных держав СССР, США и Великобритании"6, ''Потсдамская
конференция трех союзных держав СССР, США и Великобритании''7,
''Хрестоматия по истории Новейшей истории"8, ''Переписка Председателя
Совета Министров СССР с президентом США и премьер – министром
Великобритании во время Великой Отечественной войны (1941-1945гг)"9 сияқты
көптеген құжаттық деректерді курстық жұмысқа арқау етсек, кеңестік
деректер жинақтар: "Советско-англ отношения во время ВОВ 1941-1945гг."10,
''Советско- германские отношения во время ВОВ''11, ''Советский союз на
международных конференциях периода ВОВ (1941-1945 г.г.)''12 т.б. деректер
кеңінен жұмыста қолданылды. Осы мәселені қарастыратын арнайы зерттеу
еңбектер, монографиялар және оқулықтарға көбірек тоқталдым. Әсіресе, У.
Черчиллдің,13 Майскийдің,14 Висков С.Н. және Кулбанин В.Д15, Лютов
Н.С. және Носков А.М16, Бережков В.М.17, "На конференции Большой
тройки и в кулуарах"18 және "Истории дипломатии"19, "История международных
отношений внешней политики СССР "20, ''История международных отношений
внешней политики"[6] т.б. зерттеулерден тақырыпқа қатысты бірқатар
мәліметтер алынды. Және де жанама әдебиеттер ретінде Исраэлянның В.Л[7],
Земков Н.Н[8] еңбектері де қолданылды. Жоғарыда келтірілген деректік
құжаттар, зерттеулерге қоса мерзімдік басылымдардағы мақалаларға тоқталмай
кетуге болмайды. Атап айтсақ, Борисов А. Ю[9]; Тихвинский С[10],
Севастяков П[11] т.б. ғылыми мақалалары өте құнды деуге болады. Сөйтіп,
жоғарыда аталған деректер мен зерттеулер, мақалалардың негізінде ғылыми
жұмыстың базалық құрылымы жасалды. Жинақталған әр алуан мақалалар жүйелі
талдау жасауға мүмкіндік берді.
Тақырыптың маңыздылығы. Бүгінгі таңда жаһандасу және халықаралық
терроризм секілді әлемдік халықаралық күрделі мәселелердің алдын алу, оны
тиімді жолдармен шешу үшін өткеннің тарихи тағлымына жүгінгеннің зор
маңызы бар. Мәселен, зерттеу аясында қарастырып отырған ІІ Дүниежүзілік
соғыс кезіндегі коалициялық күштердің Тегеран-Ялта-Потсдам конференциялары
іс жүзінде зор нәтиже берді, дүлей соғысты тез аяқтаудағы орасан маңызы
күні бүгінге дейін баспасөз беттерінде бағалап келеміз. Президент
Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, жас мемлекеттің дипломатиясын
нығайтуға үлес қосатын сыртқы саясаттың қыр-сырын білетін білгір
мамандарға ділгір болып отырғанымызда осы жұмысымыздың маңыздылығын
арттыра түседі.
Құрылымы. Курстық жұмыс құрылымы әдеттегідей үш бөлімнен: кіріспе,
негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі,
деректік негізі, мақсат-міндеттері және маңызы жан – жақты қаралса,
негізгі бөлім тиісінше екі тарауға бөлінген: І тарау. Тегеран
конференциясында қаралған мәселелер және Германияға қарсы екінші майданның
ашылуы; ІІ тарау: Қырым конференциясы: нацистік Германияны талқандау
жоспары және қауіпсіздікті сақтау мәселесі; Потсдам конференциясында
Германияны реттеу және ІІ Дүниежүзілік соғыс қорытындылары.
Қорытынды бөлімде жоғарыдағы пікірлер тиянақталып ой-түйін жасалған.
Потсдам конференциясындағы Польша мәселесінің шешілуі
КСРО-ның және оның одақтастарының фашистік Германияны жеңуі Еуропа мен
бүкіл дүниежүзінде үлкен өзгерістерді әкелді. Бұл жағдай бейбітшілік пен
болашақ қауіпсіздік бағдарламасын жасап шығару үшін КСРО, АҚШ пен Англия
сияқты ұлы державалардың жаңа кездесуін ұйымдастыруды керек етті.
Ең басты Германияға қатысты мәселелерді шешу қажет болды. Қырым
келісімдеріне сәйкес 4 ұлы державалар немістердің саяси өмірін бейбітшіл
және демократия негізінде өзгерту, Германияның әскери-экономикалық
қарусыздандыру әрекеттерін ұйымдастыру және басқа елдерге жасалған зиянның
орнын толтыру, әскери нацистік қылмыскерлерді жазалау мәселелерін шешуге
шақырылды. Ұлы державалар Польша мен Югославия сияқты одақтас елдерді қайта
құруға көмек көрсету және дамыту мәселелерін шешуге мүдделі болды.
Жаңа конференцияны шақыру мәселесі Германияның капитуляциясынан кейін
талқылана басталды. Бұндай мәселелерді шешу үшін одақтас державаларының
беделділері кірісу керек еді. Соғыстан кейінгі реттеу мақсаттарын жетілдіру
үшін Берлин түбіндегі Потсдамда КСРО, АҚШ және Англия елдерінің
конференциясы болды. Черчилль бұл кеңеске Терминал яғни соңғы станция
атауын беруге ұсынды.
Үш держава басшыларының конференциясының алдында дипломатиялық
тәртіпте оның Берлинде жеңілген Германияның орталығында болатыны келісілді.
КСРО, АҚШ және Англияның басшылары конференциясы Потсдамда 17-25
шілдеде және 28 шілдеде -2 тамызда болды. Бұл сайлауда консервативтік
партия жеңілді, сондықтан конференцияның бірінші жартысында Англияның
Черчилль, ал екіншісінде – жаңа лейбористік үкімет басшысы Эттли болды.
Кеңес делегациясын Сталин, ал американдықты – Трумэн басқарды. Конференция
жұмысына КСРО, АҚШ және Англия сыртқы істер министрлері, олардың
орынбасарлары және елшілер. Әскери ведомство басшылары, штабтар бастықтары
қатысты.
Конференция Цециеленхаф сарайында 1945 жылы 17 шілдеде ашылды. Қырым
конференциясына қарағанда Потсдамдағы алғашқы минуттарда суретке түсіруге
мүмкіндік берілді. Черчилльдің айтуы бойынша конференцияға 180
корреспонденттер жиналды.
Потсдам конференциясында қарай Польшада маңызды оқиғалар болды. 1945
ж. Жазында уақытша поляк үкіметі мүшелері мен Польшаның өзін немесе
шетелдік поляк демократиялық қайраткерлер арасында кеңес өтті. Нәтижесінде
келісімге келді. Онда келіссөздерге қатысқандар поляктардың өздері поляк
мәселелерін шешетін, поляк мемлекетінің Уақытша Үкіметін қайтып құру
мәселесін толығымен келісілген деген талаптар болды. 1945 жылы 28 шілдеде
ұлттық бірліктің уақытша үкіметі құрылды, ал 5 шілдеде ол Англия, АҚШ және
Қытай мойындады.
Осыған байланысты конференцияда кеңес делегациясы Англия мен АҚШ
үкіметтері поляк эмигранттық үкіметімен қатынастарын тоқтатып, оның
меншігін уақытша үкіметке берсін деген ұсыныс жасады.
Конференцияның өтініш жобасында – кеңес құжатында барлық поляк әскери
күштері ұлттық бірліктің үкіметіне бағыну керек деп айтты.
Пікірталас нәтижесінде конференция мүшелері поляк мәселесі туралы
баяндама жасады, онда ағылшын және американ үкіметтері поляк уақытша
үкіметінің мүдделерін қорғауға кірісті; оны поляк мемлекетінің поляк
үкіметі ретінде мойындады деп айтылған. Поляк үкіметіне Поляк мемлекетінің
заңсыз түрде алынған әр меншігін қайта орнына келтіру үшін заңды шаралар
жүргізуге жағдай жасалады деп кепілдік берілді.
Шет елдер поляк әскери күштерді айтатын болсақ, мәлімдемеде үш
үкіметтің жаңа поляк үкіметіне Польшаға шет елдегі поляктар мен поляк
әскери күштер, сауда флотын қайтаруға уәде берді.
Польшаның батыс шекарасы жөніндегі мәселе маңызды болды. Англия мен
АҚШ делегациялары кеңес делегациясына бұл мәселе оларға тиімді. Шешілмеген
жағдайда бүкіл конференция сәтсіз болады деп айтты.
Польшаның батыс шекарасы жөнінде пікірталастар болды. Кеңес
делегациясы конференцияға Польшаның батыс шекарасын қою туралы келісім
енгізді. Оның шекарасы Балтық теңізінен Свинемюнде арқылы Одерге дейін,
Шттетинді Польша құрамына қоса, Одердің жоғарғы ағысынан Нейсе құйылысына
дейін, осы жерден Батыс Нейсе өзенімен Чехославакия шекарасына дейін.
Кеңес делегациясының бұндай достық қатынасы Америка және ағылшын
делегацияларының наразылығын тудырады. Трумэн мен Бирис, Черчилль мен Иден,
кейінірек Эттли мен Бевин Батыс Польшадағы жағдайды өзгертуге талпынды.
Кеңес делегациясы Польшаның батыс шекарасын талқандауда поляк үкіметін
шақыруды тіледі. Англия мен АҚШ-тың қарсылығына қарамастан Польшаның халық
өкілдері конференцияға шақырылды және поляк үкіметінің поляк шекарасын
жедел уақытта шешу керек деген пікірлерін түсіндірді. Кеңес делегациясы
поляк талаптарын қолдады. АҚШ пен Англия бұл мәселені созуды жалғастырды.
Трумэн бітім конференциясына дейін территорияны беруге болмайды деп қайта-
қайта айтты. Бринстің айтуы бойынша американ делегациясы бітім
конференциясында да Польшаның батыс шекарасы ретінде нақты бір межені
белгілеуден қашты[12].
Польшаға қарсы позицияны Черчилль де ұстанды. Ол поляктарға жерлерді
қысқартылған күйде беруді ұсынды.
Кеңес делегациясының нақты позициясының нәтижесінде Англия мен АҚШ
өкілдері бұл шешімді қабылдады.
Потсдам конференциясындағы келісілген шешімде Польшаның шекарасы
туралы соңғы мәселелер бітім конференциясында қарастырылады делінді. Бірақ
конференция Польша шекарасын қоя отырып, Польшаға беріліп отырған
территориядағы немістерді Германияға көшіру шешімі қабылданды. Яғни Польша
батыс шекарасы туралы шешім ақырғы болғанына күмәндануға болады.
Потсдам конференциясы Еуропадағы соғысты қорытындылады. Конференцияда
соғыстан кейінгі әлемнің реттелуі жөнінде маңызды мәселелер шешілді.
Потсдамда герман милитаризмі мен фашизм жойылды, бұл Еуропадағы соғыс
қаупін сейілтті. КСРО, АҚШ және Англия гитлерлік тәртіптің талқандалуында
соғыстан кейін әлемдегі ынтымақтасуға дайын екендіктерін жариялады.
Потсдам конференциясында Германия мәселесін реттеу және ІІ дүниежүзілік
соғыс қорытындылары
Потсдам конференциясы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының
қатысуымен 1945жылы 17 шілдеден 2 тамызға дейін Берлин түбінде өтті.
Конференцияға КСРО жағынан И. В. Сталин, Ұлыбритания премьері У. Черчилль
(оны 28 шілдеден бастап жаңа сайлауда жеңген лейборист үкіметінің басшысы
К. Эттли ауыстырды), АҚШ президенті Г. Трумэн, үш елдің Сыртқы Істер
министрлері қатысты, штаб басшылары қатысты.1
Потсдам конференциясы Европада соғыс қорытындысын, негізінен
Германияны толық қарусыздандыру, соғыс құралдарын шығаратын өндіріс
орындарын толық жою шараларын белгіледі. Конференцияның қаулылары нацистік
мемлекетті жоюға бағытталды.
Көптеген мәселелер алдын ала қойылып, шешіліп келген "үлкен
үштіктің" бұған дейінгі екі кездесуінен өзгеше, Потсдам конференциясында
соғысты бұдан былайғы жерде жүргізу жөнінде, сондай-ақ дүниенің соғыстан
кейінгі құрылымы мәселелері жөнінде де көптеген маңызды, нақты келісімдер
бар болатын. Сондықтан да Потсдамдағы кездесуге қатысушылардың
бірқатар реттерде бұрыннан бар принципті шешімдерді қуаттауы немесе
нақтылай түсуі ғана қалған еді. Алайда мұның өзі сондай бір оп-оңай іс
болмай шықты, өйткені Батыстың өкілдері бұрыннан бар кейбір келісімдерді
ревизиялауға тырысты, осыған байланысты конференцияда кейде шиеленіскен
дипломатиялық күрес өрістейді. Сонымен бірге, әрине, талқылау, шешу керек
болатын жаңа проблемалар туды. Жан–жақты талқыланған ең маңызды мәселе,
тізе бүккен Германияны қайта құру туралы мәселе болды. Бұл мәселе жөнінде
де 1943 жылы Сыртқы Істер министрлерінің Москва конференциясының шешімі
бойынша құрылған Европалық консультациялық комиссия талдап жасаған
ұсыныстар бар еді. Алайда Европада соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін жаңа
жағдай туды. Батыс державаларының билеуші топтары арасында Германияның
адам және экономикалық потенциалын КСРО-ға қарсы мүмкін болатын соғыста
пайдаланудың Черчилдік идеясы өрістеді, сондықтан Германияны толық
демилитандыру және демократияландыру жөнінде бұрын белгіленген жоспарлары
Вашингтон мен Лондон саясатшыларына енді ұнамады.
Конференциядағы басты мәселе - Герман (неміс) мәселесі болғандықтан
конференция Германияға қатысты барлық экономикалық, саяси жетекшілік
істерін қарастырды. Бұл сұраққа қатысты жобаны Америка делегациясы ұсынды.
Онда Германия бойынша Европалық консультативті комиссияның келісімімен
Қырым конференциясындағы белгілі жағдайлар шешімі қамтылды. Потсдам
конференциясы кезінде бұл комиссияда тағы бір құжат болды. Ол - Германияға
деген кейбір қосымша талаптар келісімі. Бұл құжат алғашқы кезде Германияға
деген Потсдамдағы саяси әрі экономикалық принциптер келісімін сәл
жеңілдетті.
Потсдамда басшылар Германияға деген принциптер өте маңызды Германияны
демилитаризациялау, демократизациялау және денацификациялау шеңберінде
жүзеге асырылуы керек десті. Сондай-ақ, Германияны демилитаризацияға
ұшыратып, толықтай талқандау әрі соғысқа қолдана алмайтындай етіп, Герман
өндірісін жою, Германияның саяси өмірін демократиялық негізде түбегейлі
реконструкциялауға дайындалу және халықаралық өмірде бейбіт
ынтымақтастыққа Германияны жетелеу, ұлттық-әлеуметтік апртияны құрту,
бақылаудағы ұйымдарын, филиалдарын да іске асырмау, нацистік мекемелерді
тарату, қайта бас көтермеу үшін нацистік, милитаристік іс пен пропагандаға
қайта айналып кетпеуін қадағалау, Германияның әскери потенциялын жою,
монополистік бірлестіктерін талқандау, басты назар ішкі қажеттіліктерін
өтеу үшін әлемдік өндіріс пен ауылшаруашылықты дамыту1 сөз болды.
“Германия милитаризмі мен нацизмі және одақтастары құртылады. Германия
енді қайтіп өз көршілеріне көз алартып қарап, күш көрсетіп, қысым жасай
алмайтын болады, әлемде бейбітшілік орнайды, десті конференциядағы
басшылар.2 ”
Потсдамда Германияны бақылауда ұстау механизміне келісті. Германияның
жоғарғы билігі СССР, АҚШ, Англия мен Францияның қарулы күштерімен жүзеге
асатын болады. “Әркім бөліп алған өз аймағында Бақылау Кеңесінің мүшелері
ретінде өз үкіметтерінің құрылымдарымен Германияға қатысы бар мәселелерде
бірігіп жұмыс істейтін болады.”3
Американдық құжатты талқылау барысында Совет делегациясы Германияның
орталық әкімшілік ұйымы жөнінде өз ұсынысын білдірді. Бұл әкімшілік
Бақылау Кеңесінің қадағалауымен жұмыс істеу керек болды. Әрі Бақылау
Кеңесінің мақсаттарын жүзеге асыратын, жалпы Германияға қатысты қандай да
бір мәселе болмасын шешімін жөнге келтіретін болсын, сол мақсатта іс
жасасын делінді.4
Талқылаудан кейін конференцияда “Әзірше ешқандай орталық Германия
Үкіметі құрылмайтын болды”5
“Бақылау Кеңесінің бақылауында Германияның әкімшілік департаменттерінің
орталықтарында ерекше маңызға ие мемлекеттік хатшылар басқаратын, әсіресе,
қаржы, транспорт, байланыс, сыртқы сауда және өндіріс салаларында бүтіндей
мекемелер құрылды.”6
Конференцияда Германияны бір ғана экономикалық бүтіндік ретінде
қарастыру шешілді. Осы мақсатта жалпы саясат құрылуы керек еді, әсіресе,
өндіріске, өнімді өңдеуге, ауыл шаруашылыққа Германияның импорты мен
экспортына қатысты репарация төлету мәселелері қарастырылды. “Бұл үшін
жергілікті жағдайларға баса назар аудару керек болды. Ол Герман
экономикасына одақтық бақылау қою қажет болды”1
АҚШ пен Англия Совет Одағының қызығушылықтарымен есептескісі келмеді.
Олар Германияны өздерінің потенциалды одақтасы ретінде СССР-ге айдап салу
деген бұрынғы империалистік ойларынан арыла алмады. Олар Германияның
әскери-өндірістік потанциялын жою дегенге қарсы шықты. Совет үкіметі Рур
өндірістік облысы әкімшілік қатынаста АҚШ, Ұлыбритания, СССР және
Франциямен қатынассын, негізінен облысты басқару аталған төрт держава
өкілдерінен құралған Совет үкіметіне берілсін деген ұсыныс тастады. Бірақ
бұған яғни Рур облысына төрт жақты бақылау қоюға АҚШ пен Англия келіспеді.
Конференцияда репарация мәселесі де өте қызу талқыланды. Репарацияның
жалпы құны 20 млрд долларды құрап, оның 50 пайызы Совет Одағына берілуі
керек болды.
Репарация мәселесінде АҚШ пен Англия СССР экономикасының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz