Бонапарттың Италияға жорығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1-тарау. Еуропа және Термидорлық Конвент 3
1.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары 3
1.2 Бонапарттың Италияға жорығы 3
1.3 Египет пен Сирияға жорық 4
2-тарау. Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарттың консулдық кезеңі
6
2.1 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс 6
2.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі 7
2.3 Императорлық Францияның Еуропа картасын қайта пішуі 8
2.4 Экономикалық саясат. Соғыстар және континенталдық блокада 10
2.5 Империяның жаулап алу соғыстары және оның күйреуі 10
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Тарих – халық зердесі. Әр халықтың, ол үлкен болсын, кіші болсын,
өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып
қалады да, бірінікі "Уақыт" деген қайырымсыз алыптың аяғының астында
тапталып ғасырлар тұңғиығына батып кетеді.
Ал біздер қалам тартып отырған Францияның кезеңі бүгіндері француздар
аңсап еске алатын, ардақтайтын кезеңі деп айтуымызға болатын кезең. Бұл
кезеңде тарихтың желкеніне өзінің атын жазып, мәңгілікке құлаш ұрған
Наполеон Бонапарттың билік еткені бәрімізге мәлім. Бонапартты біреулер
диктатор, енді біреулері антихрист атандырса, француздар үшін әлемді
жаулауға талпыныс жасаған, әрі бүкіл Еуропаны өз солдаттарының табанына
таптатқан Наполеон Бонапарт ұлт мақтанышы деуге болады. Оның өз мемлекеті
үшін сіңірген еңбегі де ұшан теңіз десек жаңылыса қоймаймыз. Наполеон
тұлғасы атақты Шыңғыс хан, Әмір Темір, Александр Македонский, Юлий Цезарь
тәрізді әлемді жалғыз адам билеу керек деп ойлаған, саналы өмірлерін осы
идея үшін сарп еткен тарихи тұлғалармен иық тіресіп тең тұрғанын байқаймыз.

1793 жылғы төңкерісте өзін таныта алған Бонапарт халықтың алдында
беделі күшейіп өзі генерал атағын алды. Ал 1799 жылы буржуазияның көмегіне
арқа сүйей отырып сыбайлас жемқорлықтан іріп-шіріген Директорияны қуып
шығып өзі билік басына келді.
Бонапарттың маңызды әрі дұрыс саясатының бірі ол революцияның жеңіп
алған мүдделерін сақтап қалуы болып табылады. Ол өмірінің соңында Әулие
Елена аралында ағылшындардың тұтқыны болған кезінде өзіне біткен
турашылдықпен және қысқа да нұсқа былай деген болатын: Мен революция
мүдделерін сақтап қалдым. Бұл менің күшімнің арқауы болды. Мен мүдделерді
сақтап қалып және теорияны аластаттым.
Осы бір адамның ғажайып тағдыры туралы талай роман, өлең-жырлар
жазылып, ғылыми зерттеулер жүргізілген.
Бұл курстық жұмысты жазу барысында Е.В. Тарленің, А.3.Манфредтің, Н.А.
Левицкийдің атақты француз жазушысы Стендальдің Наполеон Бонапарттың өмірі
туралы жазған кітаптарын қарап шықтым[1]. Сонымен қатар бұрын өзім оқыған
Л.Н. Толстойдың Соғыс және бейбітшілік эпопеясындағы Наполеонның
суреттелуіне де назар аудардым[2]. Францияның осы бір кезеңдегі тарихының
әсері көршілес жатқан Ресейге мол болғаны бізге мәлім, сондықтан бұл
жайындағы кітаптар ұшан теңіз десе де болады. Әрине, көбінесе Наполоенды
бір жақты етіп көрсетуге тырысқан әдебиеттер де аз емес, дегенмен жоғарыда
біз атаған класикалық туындылардың өзі де Наполеон бейнесінің сонау кеңес
кезінде де дұрыс сомдалғанын байқаймыз.

1-тарау. Еуропа және Термидорлық Конвент

1.1 Термидорлық Конвенттің соғыстары

1795 жылы әскерлері шабуыл жасап келген Франция Пруссиямен бітім
жасасты. Бұл бітім бойынша Франция революция кезінде армияның қолы жеткен
жеңістерінің жемісіне ие болды. Рейннің сол жақ жағалауындағы француз
әскерлері басып алған жерлер Францияның қарамағында қалды. Солай болғанымен
Пруссиямен бітім шарты жасалғаннан кейін де Австрияға, Англияға қарсы соғыс
тоқталған жоқ. Бұл соғыста жас генерал Бонапарт ерекше көзге түсті.
Наполеон Бонапарт 1769 жылы Корсика аралында туды, бұл арал Наполеон
туардан үш ай ғана бұрын Францияның қарамағына көшкен болатын.
Наполеонның әкесі адвокат, кедейленген дворян еді, ол баласын
Францияда оқытпақ болды. Наполеон Бриенна дейтін шағын қаладағы әскери
училищеде оқиды. Тұйық, икемсіз, француз тілін жөнді білмейтін кішкентай
Наполеонға жолдастарының назары ауды. Оның корсиканша бұрмалап сөйлеуіне
күліп, жолдастары оны мазақтайтын еді. Он бес жасқа келгенде ол Париждегі
әскери училищеге ауысып, оны үздік бітірді. Әсіресе математикадан, тарихтан
ерекше жақсы білім алды. Жас Бонапарт баллистика жөнінде, яғни оқтың ұшу
заңдары жөнінде арнаулы еңбек жазды.
1785 ж. октябрьде артиллерия кіші лейтенанты шенінде әскер қатарына
жіберілді. Француз ағартушыларының озық идеялары рухында тәрбиеленген
Наполеон I Ұлы француз революциясын қызу қарсы алды. 1792 ж. Якобиншілдер
клубына енді.
1793 жылы Тулонды қоршауға алған кезде, Бонапарт артиллерияны өзі
жасаған схема бойынша орналастырып қойды. Атыс сәтті болып шықты, ағылшын
интервенттері талқандалып, Тулон алынды. Монархист бүлікшілер мен ағылшын
интервенттерінен Тулонды азат ету жоспарын жасағаны үшін 24 жастағы капитан
Бонапартқа Конвент бригада генералы атағын берді. 1795 жылы Бонапарт
артиллериядан шүйілте оқ жаудырып, Парижде бүлік шығарған монархистерді
талқандады. 1795 ж. Париждегі монархистер бүлігін басуда тапқырлық
көрсетіп, көп ұзамай Париж гарнизонының қолбасшысы болып тағайындалды.
Осыдан кейін Бонапарт австриялықтарға қарсы жорық жасамақ болған армияның
бас қолбасшысы болып тағайындалып 1796 ж. Солтүстік Италияға жіберілді.

1.2 Бонапарттың Италияға жорығы

Бонапарт аса зор, алысқа сілтейтін жоспарды ойлап тапты. Ол бүкіл
Еуропа мен Шығысты француз буржуазиясына жаулап алып беру үшін Италияны
плацдарм жасауға ұйғарды да жоспарды іске асыруды қолға алды[3].
Жорыққа аттанар алдында, Бонапарт солдаттарға Италияны сендердің
тонауыңа берем деп уәде етті. Солдаттар! — деп жазды Бонапарт езінің
бұйрығында,— сендердің киім-кешектерің жұпыны, аш құрсақ жүрсіңдер. Мен
сендерді дүниедегі ең шұрайлы бай елдерге алып барамын. Сонымен бірге
Бонапарт екінші бір бұйрығында: мен Италияға, оның халқын австриялықтардан
азат ету үшін және оларды феодалдық үкіметтердің езгісінен құтқару үшін
бара жатырмын деп жалған айтты.
Бонапарттың әскерлері Италия жеріне екпіндей баса-көктеп кірді.
Австриялықтар жеңілген үстіне жеңіле берді. Генерал Бонапарт Италия жеріне
аттап басқаннан-ақ оның Италия халқын азат ету үшін соғыспақшымын деген
сөзінің жалғандығы барша жұртқа айқын болды. Австрия үстемдігінің орнына
Франция үстемдігі орнады. Әділетсіз және жаулап алу соғысын жүргізген
Бонапарт халыққа әрқашан өшпенділікпен қарады, оны жек көрді. Наполеон
Бонапарт итальяндарды талан-таражға салып тонады. Италиядағы халық
қозғалысын аяусыз талқандады.
Бұған мысал ретінде мынаны айтуға болады: қаһарына мінген Бонапарт бір
қаланың бүкіл халқын бағынбағаны үшін қырып тастауға бұйрық берді, ал оның
солдаттары тұрғындарды найзасымен түйреп шықты да қаланы өртеп жіберді. Ал
Бонапарт өзінің солдаттарына Италияның басқа бір қаласын 24 сағат бойы
талауға берді. Жергілікті тұрғындар өлтірген француз солдаттарының өлігі
қай деревняға жақын табылса, сол деревняны Наполеон өртеуге бұйрық берді.
Италияда Наполеон Бонапарттың армиясы зеңбіректер мен қару-жарақтарды және
толып жатқан азық-түлік пен ат жемін басып алды. Жаулап алынған жерлерінде
ақшалай миллиондаған контрибуция төлеуге мәжбүр етті. Бонапарт музейлердегі
қымбат мүсіндер мен картиналарды, шіркеу мүліктерін, бриллиант пен алтынды
тонап алып, мұның бәрін Парижге жөнелтіп жатты.
Бонапарт Австрия шекарасына өтті, сөйтіп ол өзіне қарсы жіберілген
Австрия әскерлерін талқандап, Венаға дейін жетті. 1797 жылы Австриямен
жасасқан бітім бойынша Рейннің сол жақ жағалауы Францияда қалды. Италия
кішігірім деп аталған бірнеше республикаларға бөлінгенімен, іс жүзінде
олар Францияға тәуелді болды. Швейцария мен Голландия да Францияға тәуелді
республикалар болып саналды. Бірақ Англияға ешкімнің тісі батпады.
Қалай дегенмен де 1796—97 жылдардағы Италиядағы науқан, Кампоформия
бітімі (1797) Наполеон Бонапарттың әскери дарындылығымен қатар оның
соғыстың әлеуметтік мәнін жете білетіндігін, дипломаттық алғырлығын
танытты.

1.3 Египет пен Сирияға жорық

Француз буржуазиясы Англияның неғұрлым осал жеріне соққы бере отырып,
онымен айқасуға бел байлады. Бонапарт Үндістанға жорық жасауды ұсынды,
ондағы ойы Англиядан ағылшын тажының асыл меруерті болып тұрған
Үндістанды тартып алу болды (1763 жылдан кейін Үндістанда Францияға тиесілі
азғана иелік қалған болатын). Жорықты Египетті жаулап алудан бастау
ұйғарылды. Египетке кім ие болса, Үндістанға да сол ие болады, — деді
Бонапарт[4]. Бонапарт 1798 жылы майда 30 мың адамы бар армиямен және
артиллериямен 350 кемеге отырып, Египетке қарай жүріп кетті.
Түрік сұлтанына тәуелді болған Египет пен Сирияға жасалған жорық сәтті
болмады. Арабтар мен копталар (Египеттің ежелгі халқының ұрпағы) жан ұшыра
қарсылық көрсетті. Осы қарсылық көрсетудің жазасы ретінде Яффаның бүкіл
халқын Наполеонның бұйрығы бойынша түк қалдырмай қырып салды. Яффаның
түбінде тұтқынға алынған төрт мың түрік солдатын теңіз жағасына айдап
апарып, бәрін де атып өлтіруге бұйрық берді. Үздіксіз жүргізілген
ұрыстардан, қатты ыстықтан, оба ауруынан Бонапарт армиясы әбден әлсіреді.
Франциямен байланыс үзілді. Ағылшындар Абукир түбінде болған шайқаста
француз флотын қирата жеңіп, француз армиясының Египетке мініп өткен флотын
жойып жіберді.
Осы кезде Наполеон, Суворов бастаған орыс әскерлері Италияда
француздарды қирата жеңді деген хабар алды. Франция үкіметінің өз ел
ішіндегі жағдайы да жақсы емес деген хабарлар келді. Осыдан кейін Наполеон
өзінің армиясын Египетке қалдырып, Директория армиясының жеңілісі мен А.В.
Суворовтың жеңісін сылтауратып, Египетті қоршап тұрған ағылшын кемелерінің
тізбегін әрең дегенде бұзып өтіп, 1799 жылдың октябрінде Францияға оралды.
Италияда атақты А.В. Суворов басқарған орыс-австрия әскерлері
Наполеонның жеңіп алған жерлерін қайтарып, тіпті Францияға қауіп төндірді.
13 октябрде (21 вандемьерде) 1799 ж. Директория Бесжүздік кеңесті
генерал Бонапарт Франциға қайта оралып Фрежюс маңында кемеден түсті деп
хабардар етті. Бұл хабарды естіген депутаттар ду қол шапалақтап тұрып алды,
мәжіліс үзіліп, бұл хабарды көшеге шыққан депутаттар бүкіл Париж халқына
жайды. Театрларда, салондарда, Париж көшелерінде Бонапарт есімі қайта-қайта
айтылып жатты.
16 октябрьде (24 вандемьерде) генерал Бонапарт Парижге табан тіреді.
Директорияға көп болса үш аптадай әлі де билік етуге болатындай уақыт
қалды. Бірақ Баррас та, директориялық режим әлі де болса әскери
диктатураның күні келгенін байқамаған еді.
Бонапарттың Францияда Фрежюстен Парижге дейін жүріп өткені оның
тұлғасынан халық құтқарушының бейнесін көргендей болғанын анық байқатты.

2-тарау. Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарттың консулдық кезеңі

2.1 1799 жылғы мемлекеттік төңкеріс

Бұл кезде арам ниетті жылпос саудагерлер мен қазына ұрлаушылар билеп-
төстеген француз буржуазиялық үкіметі буржуазия арасында беделден жұрдай
болған еді. Буржуазия болат қолын батырып, монархистерді де, якобиншілдерді
де тұншықтыра алатын, феодалдық коалиция мен Англияға қарсы соғысты
ойдағыдай жүргізе алатын күшті өкімет орнының болуын талап етті.
Буржуазияға үміт семсері керек болды. Буржуазияның назары Бонапартқа ауды
да, Бонапарт төңкеріс жасауды мақұл көрді. Париж банкирлері оны ақшамен
қамтамасыз етті.
1799 жылы 18 брюмерде Директория мүшелерін отставкаға кетуге мәжбүр
етті. Келесі күні ол Заң шығару корпусын өзіне сенімді әскерлермен қоршап
алды. Депутаттарға өкімет билігін Бонапарт бастаған үш консулға беру
жөнінде талап қойылды. Бес жүздік Кеңесі өздерінің мәжілісін басқа қалада
өткізуге құқығы бар болатын. Осыны сылтау етіп, Наполеон Люсьен деген
інісінің сол кеңестің төрағасы болып тұрғанын пайдаланды да, Сен Клу
сарайында мәжілісін өткізді. Жанындағы төрт гренадермен бес жүздіктер
Кеңесінің мәжілісіне кірді, депутаттар оған қарсылық көрсетіп, айқайлай
бастады. Наполеон күтпеген реакциядан есінен танып, құлады[5]. Бірақ
жағдайдың бәрін Люсьен өз қолына алды да, дұрыстап жіберді, ол Наполеонның
әскерлерін залға шақырды, сөйтіп олар қару қолданып, бес жүздік Кеңесті
таратты.
Кеште 62 депутатты депутаттық корпустан шығарды. Өкімет 3 консулдың:
Бонапарттың, Сиестің, Роже Дюконың қолына берілді.
Сөйтіп, 1799 жылы өкімет билігі ірі буржуазия қойған адамның —
Бонапарттың қолына көшті, ол армияға арқа сүйеп, ірі буржуазияның мүддесін
қорғайтын әскери диктатура орнатты.
Француз шаруаларының меншік иесі болып табылатын бөлігі, феодалдық
коалицияға қарсы соғыста атағы жеңіспен әйгілі болған Бонапарт, Францияны
сыртқы жаулар мен эмигранттардан қорғайды және революция кезінде қолға
тиген жерді иемденуді қорғай алады деп үміттенді.
Наполеон билік басына келген тұста Франция Автрия және Англиямен соғыс
жағдайында болатын. Жаңа Конститутция бойынша заң шығару билігі Мемлекеттік
кеңес, Трибунат, Заң шығарушы корпус және Сенат араларында бөлінген еді,
сондықтан бұл қолайсыз әрі жағдайға тез бейімделе алмайтындай болатын. Ал
Атқарушы билік бірінші консул, яғни Н. Бонапарттың қолына шоғырланған еді,
ал екінші және үшінші консулдар тек қана мәжілістік дауысқа ие еді.

2.2 Наполеон үкіметінің ішкі саясаты. Наполеон кодексі

Жаңа саяси режимді 1799 жылғы Конституция бекітті. Бұл Конституцияға
өте қызық сайлау енгізілді. Ол келесі тәртіппен өтетін: округ өзінің
сайлаушыларының 10-нан 1-ін ғана Коммунаға жіберетін, Коммуна 10-нан 1-ін
Департаментке, ал Департамент 10нан 1-ін ұлттық тізімге кіргізетін. Сол
тізімге мемлекеттің негізгі маңызды орындарына сайланатын адамдар кіретін.
Ценздердің арасында тек тұрақтылық цензі сақталды. Сайлауға қатысу үшін бір
жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік төңкеріс және Наполеон Бонапарттың консулдық кезеңі
Термидорлық Конвенттің соғыстары
Наполеон бонапарт өмірі
Наполеон Бонапарт және XIX ғ. I жартысындағы Европа елдері
Напалеон Бонапарт өмірбаяны
Наполоенның билікке ұмтылуы
Наполеон Бонапарт және ХІХ ғ. І жартысындағы Европа елдері
Наполеон соғыстарының халықаралық қатынасқа әсерін зерттеу
Наполеон саяси билікке жету жолында
Франциядағы алғашқы империя
Пәндер