Великая Французская революция


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Абай атындағы Алматы Университеті

Реферат

Тақырыбы: Франциядағы халықтық бас көтерулер.

Орындаған: Әлтен Бекжан

фак-т. МО 1 курс ҚО Политология

Тексерген: Симтиков Ж.

Алматы 2002ж.

Жоспары :

Людовик XVІ таққа келуі. 3

Көтерлістің басталуы. 4

ҚОРЫТЫНДЫ:8

Қолданылған әдебиеттер:9

Людовик XVІ таққа келуі.

Әр жаңа патшалық өзінің әрқашанда жаңа реформасымен келеді. Сондай-ақ Людвик XVІ келуі де солай басталды. Таққа отырғаннан кейін екі айдан соң король жазушы- экономист Гюргоны шақырды, бір ай өткен соң оны қаржы бақылаушысы етіп сайлады.

1774 жылы еркін нан сатуды жеңілдетті, сонымен қатар 1776 жыл бай таптар мен артистократтар үшін жұмыс істейтін қаладағы корпорациялар мен цехтарды қысқарту халық арасында реформаға деген үміт туғызды. Франциядағы ішкі кедергілердің жойылуы помещиктер арасында еркін нан, тұз сияқты қажетті тауарлардың сатылуы және дворяндардың жойылуы қарапайым халықты қуантты. Ақырында 1779 жылы (өлген қолдың құны) жойылды: ал келесі жылы әлі күнге дейін 1670 жылғы бекітілген жарлық бойынша қылмыстық әрекеттердегі жан түршігерлік жаза қолданулардың күшін жойды.

Ендігі кезекте үкіметті басқаруды, революциядан кейінгі ағылшындар жүргізген бағытты ұстауды жөн көрді. Осы бағытта көптеген жазушылар мен философтар жұмыс істей бастады. Бірақ бұл жобадан Людовик XVІ қорқа бастады да Гюргоны отставкаға жіберді. Бірақ сол кезде бүкіл Франция конституция мен халықтық басқару туралы сөз көтерді. Конституциядан ауытқу бұл уақытта мүмкін болмады, бірақ министр Неккердің жол көрсетуі мен ол қайтадан өз кезенгін күтті. Өз басшысының ойын түсінетін және өзі жүргізетін қаржы мәселелерін, Неккер елге таратпақ ойы болды. Ол бірінші провинциялдық жер мәселесі туралы жиналыс шақыруды ұсынды, халықтық басқарудың ел келешегіне кері әсерін тигізеді деді. Бірақ Людовик XVІ жағынан шешімді қарсы жауап болды «Керемет болмайды емес пе, - деп жазды қу финансист - егер әміріңіз, қарапайым халық пен жоғарғы сословиені ұстап отырған, қаталдық пен әділдікті өз қолымызда ұстаймыз деді» - оған

Людовик XVІ былай деп жауап берді: «Менің арманым делдал болу емес, жай басқару»

Людовик XVІ 15 жыл ішінде 1789 жылға дейін ауадай қажет сол кездегі жаңа саяси реформаларға қарсы әрекет жасай білді, ол формалар болса жеке корольдік билікті және ескі тәртіптерге қарсы күш жұмсау болатын.

Людовик XVІ-ның ең басты қаруы қулық болды: ол тек қорқыныштың арасында өзінің қулығымен әрекет жасады. Бірақ бәрібір 1778 жылы Гюрго және Неккер сияқты алыстан қарайтын адамдар да корольдік биліктің уақыты өтті, енді соны халықтық басқару сияқты жаңа реформа мен ауыстыруды түсінді. Людовик XVІ өзінің белгісіз әрекеттерін жылжытып отырады. Ол Берриде және Жоғарғы Гиениде провинциалдық жиын шақырды, бірақ жоғарғы сатылардың қарсы болуымен басқа провинцияларда бұл жиынның жоспары орындалды, сөйтіп 1781 жылы Неккер отставкаға кетті.

Америкадағы революциялық демократияны және еркіндікке деген рухты көтерді. 1776 жылы 4 шілдеде Солтүстік Америка ағылшындар колониясы өздерінің тәуелсіздігі үшін бас көтерді, ал 1778 жылы жаңа Құрама штаттары Францияға 1783 жылға дейін созылған ағылшындарға қарсы соғыс бастайтын мәлімдеді. Жас Америка штаттарындағы әрекеттер Француз революционерлеріне үстемдік етті. Американың бұл соғысы, Францияны ағылшындарға қарсы қою үшін бүкіл флотын жинаған, өздерінің ішкі экономикалық құрлысына зиян келтіріп оны құлатты. Бір жағынан алып қарағанда бұл соғыс Англия мен Францияға қарсы шығуына бірқатар әрекеттер жасады. Францияның өз ішіндегі күрестен әлсізденуін сезген Англия ашық және жасырын түрде әр түрлі соққылар бере бастады, ол 1793 жылдан 1815 жылға дейін созылған еді.

Бұл Ұлы революция, басқа да кең көлемдегі оқиғалар сияқты адамдар жасаған және оны күшейте түскен елдегі жағдай еді.

Көтерілістің басталуы.

Бунттар Людовик XVІ таққа келгенен кейін басталды. Людовик XVІ корольдік еткен кезде халық қайшылық пен қиындыққа төзіп келді, ол 1774 жылы король қайтыс болғаннан кейін, жаңа корольдіктің келуі кезінде биліктің әлсіз болатынын түсінген халық бас көтере бастады.

1775 және 1777 жылдар аралығында бүкіл бунттар қатары көтерілді. Бұлар аш көтерілісшілер еді. 1774 жылы егін нашар болды, нан жетіспеді. Сол кезде 1775 жылдың сәуір айында көтерліс басталды. Дижонда халық нан сатушылардың үйіне толды, олардың жиһаздарын қиратты, диірмендерін бұзды. Сол кезде қала коменданты Тэн - халық алдында, одан кейін революция кезінде дворяндарға қарсы айтылған сөздер айтты: Шөп өсті - кірісіңдер, жеңдер!

Оксер, Амьен, Лилль сияқты адамдар Джонды өздерінің ісіне мысал етті. Бірінші күнен кейін «қарақшылар» - көтерілісшілерді осылай деп айтататын, - Понтуазада, Пуассиде, Сен-Жерменде жиналып, Версальдағы ұн қоймасын талау үшін аттанып кетті. Людовик XVІ-ның сарай балконына шығып халыққа нан бағасын түсіру туралы уәде беруге тура келді. Бірақ нан бағасы түспеді. Сол уақытта «қайыршылар» - Парижге келді, булочныйларды тонады, алған нандарын топқа таратты. Әскерлер оларды жаншыды. Көтерлісшілердің екеуін Гравы алаңында дарға асты. Өлер алдында олар халық үшін өлеміз деді. Осы уақыттан бастап «қарақшылар» - туралы аңыз басталды, бұндай аңыз 1789 жылы жазда болған, ол кезде олар қарулану үшін қалың буржуазияға жұмыс істеді. Осы уақыттан бастап корольмен министрлерге қарсы шығу басталды, егер нанның бағасы осылай қалатын болса онда корольді дарға асып, одан кейін король жанұясын қырамыз деді. Осы уақыттан кейін провинцияда бірнеше жарлықтар қаралды. Соның бірі нан бағасы туралы болды.

Дегенмен бұл көтерлісшілерді басып отырды, бірақ олар терең із қалдырып отырды. Партиялар арасында қатаң күрес басталды. Жер-жерден қағаздар лақтырды: бірінде министрлерді кінәлады, ал келесісінде корольге қарсы әрекеттер айтылды, ол үшінде корольдік биікке қарсы шықты. Бұл тітіркендіретін жағдайды оттай лаулатқан көтерлісшілер болды. Халықтың бұрын айтылмай келген жағдайларын айтты: қоғамдық жұмыстардың ашылуы: салықты құру: барлық помещиктердің құқынан айырылуы. Бір сөзбен айтқанда, уақыттарын бос жібермеді, кез келген жағдайды қолданып көтерлісті кеңейте түсті.

Кездейсоқ кездескен жинақтарға қарағанда «тәртіпсіздіктер» - біраз жерде орын алған. Парижде, мысалы, цехтар қиратылғанынан кейін 1776 жылы болған: Сол жылы бүкіл Францияда көптеген ашулы көтерлісшілер болды. Тағы бір жинақталған материалдардың көрсетуінше, 1777 және 1783 жылдар аралығында көтерлісшілер саны біршама азайған, оның себебі, америка соғысының біржағынан септігі тиді және егіннің жақсы болуы да әсер етті.

1782-1783 жылдар көтерлісшілер қайта көтеріле бастады. 1782 жылдар баскөтерушілер Пуатьеде: 1786 жылы Визильде: 1783-1787 жылдар аралығында Севеннда, Вивярада және Жеводанда болды. Көңілі талмағандар оларды «маскарадтар» - деп атады. Араға от салушы кіші адвокаттарға кегін қайтару үшін олар соттарға басып кіріп, нотариустерге, прокуротураларға баса көктеп кіріп актылар мен контрактыларды өртеді. 1786 жылы Лион көтерілді. Бұнда, тоқыма өнеркәсібінің жұмысшылары көтерілді: Оларға жалақысын көтереміз деп отырып әскерін де шақырып үлгерді: қатты ұрыс болды, үш көтерлісшіні дарға асты. Осы уақыттан бастап Лион көтеріліс ошағы болды.

Кейде олар әскер қатарын жинауда қарсы көтеріледі, кейде халық тұз салығын және табыстың ондығын төлеуден бас тартып көтеріледі. Міне, осылай олар әрқашанда көтеріліп отырды, олар Францияның шығысында, оңтүстік шығысында және солтүстік- шығысында болды, осы жерлер болашақ революцияның ошағы еді. Олар күннен күнге өсе берді, 1788 жылы сол уақытта парламенттер деп аталған, соттық учереждение таратылғаннан кейін және судияларды ауысқаннан кейін көтерлісшілер бүкіл Францияны басып алды.

Парламент пен ауысқан судьялар халықты ешқандайда ойландырмады. Кейде парламент корольдің жарлықтары мен министрліктің айтқандарын бекітуге қарсы болды, біржағынан халықтың да керегін онша қарамады. Бірақ парламент дворға адал екен дегендей сынай білдіріп жүрді- осының өзі жеткілікті болды. Сөйтіп, парламент пен буржуазия халықтың қолдау көрсетуін сурағанда, халық өздерінің күмәнданғанын білдірмеуді және двормен байларға өз қарсылықтарын білдіруге де қорқыңқырап қалды.

1787 жылы Париж парламенті дворға ақша бөлуден бас тартып, өзінің атын шығарды. Король жарлықтарының парламентте тіркелуіне қарсылық білдірді, одан кейін жасырын түрде: нан саудасы, провинциялдық жиын және салық мәселесі жайында жеңілдіктердің болуы үшін жұмыс істей бастады. Ал король жаңа ұсынған жарлықтарды бекітуге қарсы болды. Содан кейін король корольдік жиналыс шақырды, олар корольдік жарлықты қабылдауды бұйрырды. Әр Париж парламентінің жиналысында топ жиналып, халық ішінен шыққан адамдар тобы есіктен итермелесіп парламенттегі адамдарға овайия ұйымдастыратын. Бәрін біржолата бітіру үшін король парламентті Груаға жіберді, бірақ Парижде жалпы демонстрация басталды, және халықтың ашуы принц пен корольға бағытталды.

Халық қозғауын қолдаған Париж патшасы, бүкіл провинциялдық парламеттер және соттар париж парламентінің ауысуына қарсылық білдірді, осылай қозғалу күшейе берді. Содан кейін 9-шы қыркүйекте корольға парламентті қайтаруына тура келді, бірақ бұл Парижде жаңа демонстрациялар болуына алып келді. Мұнда министр колоннаның мүсінін жасап өртеді. Бұл қозғалыстар майда буржуазия арасында болды.

1788 жылы көтеріліс Бретанияда өршіді. Қаланың комендантты мен провинция әкімі сот залына келіп Бретани парламентті қысқарту жөнінде бұйрығын айтқан кезде бүкіл қала көтерілді. Гоптар комендант пен губернаторды бас салды. Халық губернатор Бертан де Мольвилды жек көретін, ал буржуазия осыны пайдалана отырып «Бәріне кінәлі сол» - деп оның жаман жақтарын таратты. «Бұл сұмырай бәрін тұншықтырды» - деп топтың ішіндегі таратушылардың қағаздарында солай айтылып та жүрді. Мольвил сот залынан шыққан кезде оған тас лақтырып, бірнеше рет мойнына арқан лақтырмақшы болды. Содан кейін әскер шақырылып, қақтығыс басталуға дайын тұр еді, бірақ жіберілген әскер жастар болатын: әскер ішінен бір офицер шығып бас киімін жоғары лақтырып халыққа қосылып кетті.

Бретанидің басқа қалаларында да қозғалыстар жайылды, содан кейін Кемпереде, Сен-Бриеде, Морледе, Порт л Аббе, Ламбаледе және басқа жерлерде наннан қиындық көрген шаруалар көтерілді. Бұл жерде айта кететін жай ренстік студенттердің көтеріліске қосылуы.

Дафинада әсіресе Гренобль де қозғалыс қатаң түрде болды. Қалай коменданты Клермон Тонер парламентті тарату жөнінде жариялаған кезде Гренобль халқы көтерілді. Қоңыраулар ұрылды: оның үні жақын жердегі деревняларға жетті, шарулар қалаға қарай жүгірді. Қан төгілген соққылар көп болды, өлгендер де көп болды. Комендантты қорғаған қарауылдар әлсіз болған еді: оның сарайы қиратылды. Ал, Клермон Тонерді басына балтамен тұрып корольдік жарғыны жоққа шығаруды сұрады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі буржуазия өкімет басында
Ұлы Француз буржуазиясының ревалюциясы
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
Буржуазиялық революцияның басталуы
Революцияның негізгі себептері
Конституциялық монархия
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Француз буржуазиялық революциясы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықарарлық қатынас
Француз буржуазиялық революциясының үшінші кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz