ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫ ЖӘНЕ ХАБАР МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

Р Е Ф Е Р А Т 2
1. К І Р І С П Е 4
2. Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М 6
2.1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭФИРДЕН КӨРІНІС ТАБУЫ 6
2. 2. ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫ ЖӘНЕ "ХАБАР" МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ 21
2.3. Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы Б Ө Л І М 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 40

Р Е Ф Е Р А Т

Қолыма алып отырған диплом жұмысымның негізгі тақырыбы — ""Хабар"
телеарнасындағы халықаралық мәселелердің берілуі" деп аталады.
Қазақстандағы ақпараттар ағынындағы "Хабар" агенттігінің алатын
өзіндік орны бар. Агенттік өзінің алғаш өмірге келген 1994 жылдан бергі
аралықта өсу мен дамудың небір жолынан өтіп, бүгіндері қазақстандық
ақпараттар ағынында орны бар, бет-бедері бар телеарнаға айналғаны белгілі.
"Хабар" телеарнасының осы уақыт ішінде көрермендер ықыласына бөленіп,
тәуелсіз Қазақстандағы ЭБАҚ-тар ішінде суырылып алға шығуы — аталмыш
ұжымның, онда қызмет істейтін журналистер тобының зор еңбегінің арқасы
екені бүгіндері дау тудырмаса керек. Елімізде болып жатқан жаңалықтар
ішінен аса маңыздыларын ғана іріктеп, қалың көрермен назарына ұсынуда бұл
агенттіктің шығармашылық тобы: журналистер, операторлар, режиссерлар,
продюсерлар, техникалық инженерлердің мол шоғыры аз жұмыс тындырып отырған
жоқ.
Алып отырған тақырыбым — "Халықаралақ мәселелердің эфирден берілуі"
болғандықтан негізінен бұл салада да қазақстандық телеарналардың ішінде біз
тілге тиек етіп отырған арнаның атқарып отырған қызметі ұшан-теңіз.
Диплом жұмысы барысында "Хабардың" өзі дүниеге келген уақыт ішінде
бұл салада қандай қызметтер атқарылғанын қал-қадарынша зерттеп, "Хабардың"
осы тақырыптағы хабарларына жасалған зерттеу еңбектерін, мерзімді
баспасөзде жарық көрген мақалаларды, эфирден өткен дүниелерді зерделеп,
белгілі бір тұжырым жасауға тырыстым. 1995—2003 жылдар аралығындағы осы
тақырыпқа жазылған сценарийлерді қарап шықтым.
"Хабар" телеарнасында қызмет істеп жүрген журналистермен пікірлесіп,
олардың ой-тұжырымын, айтқандарын зерделеп, мүмкіндігінше диплом жұмысына
пайдалануға тырыстым.

1. К І Р І С П Е

Диплом жұмысының тақырыбы — ""Хабар" телеарнасындағы халықаралық
мәселелердің берілуі" деп аталады. Алып отырған тақырыбымның жеңіл емес
екенін білемін. Оның бірінші себебі — халықаралық мәселелердің эфирден
бірілуі, оның астары мен сырын ашып көрсету болса, екінші себебі — бұл
салада "Хабар" телеарнасының шығармашылық тобының қандай істер атқарып
жатқанына ғылыми талдау жасау. Үшінші себебі — тележурналистиканың бұл
үрдістен көріне білу ерекшеліктеріне тоқталу.
ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарын басынан кешіп отырған әлемдік электронды
ақпарат құралдары танымастай өзгерген. Байланыстың барлық жүйесіне
компьютердің араласпайтын жері жоқ. Жаңа технологияның дамып, алға озып
кеткені соншалық, әлемнің кез-келген түкпірінен кез келген уақытта кез
келген жаңалықты сол сәтінде хабарлап үлгеру ешкімге таңсық емес.
Яғыни, әлемдік ЭБАҚ-та өзара бәсекелестік керемет шарықтау шегіне жеткен
деген сөз. Сондықтан да ақпарат әлемінен өзіңнің лайықты орныңды алу оңай
емес деген сөз.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғалы бері БАҚ-тың, оның ішінде ЭБАҚ-тың
дамуына жан-жақтылы қамқорлық жасалынып келеді. Басқасын айтпағанның өзінде
Қазақстан Республикасының "БАҚ туралы" Заңының қабылдануы, оның
орындалуының Үкімет тарапынан жіті қадағаланып отыруы, соңғы кездері осы
Заңға өзгерістер енгізу турасындағы Үкімет ұсынысы, оны Парламенттің
қарауы, осы төңіректе Үкімет пен тәуелсіз журналистерден құрылған арнайы
жұмыс тобының құрылуы, т.б. толып жатқан жұмыстардың жүріп жатуы — біздің
бұл сөзіміздің айғағы.
Осы Заң талаптарына сәйкес ЭБАҚ-тағы мемлекеттік тілдің орындалуы
төңірегінде де соңғы уақыттары көп жұмыстар тындырылды. 50 Х 50 талабының
орындалуын қадағалау, талап ету кезінде бүгінге дейін орын алып келген
кемшіліктердің беті ашылды. Бұл салада Қазақстан Республикасы Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, оның жергілікті жерлердегі
басқармаларының көп істер тындарғанының куәсі болдық.
Бұл тұрғыдан "Хабар" телеарнасы да үлкен бетбұрыстар жасады. Қазір
хабарларының 70 пайызы тек қана қазақ тілінде таратылып, ауылды жерлерде
тұратын көрермендер көңілінен шықты. Бұл — өз алдына бір әңгіме.
Бұл диплом жұмысының алға қойған тақырыбы толық ашылуы үшін:

1. Реферат
2. Кіріспе
3. Негізгі бөлім
4. Халықаралық байланыстар
5. Қорытынды

сияқты тақырыптарды белгілеп алдым. Осы тақырыптарды ашып көрсету үшін ең
алдымен "Хабар" телеарнасындағы эфирден өткен хабарлардың жұмыс
сценарийлерімен танысып шығуыма тура келді.
Тақырып толық ашылуы үшін "Хабар" агенттігінің қысқаша тарихына
тоқталдым. "Хабардың" "Қазақстан" телеранасынан бөлініп шығып, жеке отау
құруы. Бұрынғы және кейінгі тележурналистикалық дәстүрлердің
ерекшеліктеріне, хабарлардың тақырыптарына, тележурналистер шеберлігіне, әр
хабардың эфирге әзірлену барысы жайлы мағлұматтар, режиссуралық шешімдер,
ізденістер, табыстар, кемшіліктер, техникалық мүмкіндіктер де толық
ескерілуі басты назарда ұсталды.
Диплом тақырыбына сәйкес негізгі назар – "Хабар" телеарнасындағы
халықаралық мәселелердің берілуіне аударылды. Қазақстан ақпараттар ағынында
бұл салада "Хабардың" қандай табыстарға жеткені, журналистер шеберлігі,
режиссуралық шешімдер қал-қадарынша талданды.
Бүгіндері "Хабар" журналистерін әлемнің кез келген мемлекетінен хабар
беріп тұрғанын көру таңсық емес. Алыстағы АҚШ-тан қиыр шығыстағы Жапонияға
дейінгі және Солтүстік мұзды мұхиттан Үндістан, Африка, Аустралияға дейінгі
ұлан-байтақ өлкеде орын тепкен кез келген мемлекеттегі ерекше жаңалықтарды
сол сәтінде қазақ көрермендеріне жеткізе алуда — "Хабар" телеарнасы мол
мүмкіндікке ие болып отыр. Мұндай мүмкіндік Қазақстандағы басқа
телеарналарда әлі толықтай жүзеге аспай келе жатқаны тағы да жалған емес.

2. Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М

2.1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЭФИРДЕН КӨРІНІС ТАБУЫ

"Хабар" телеарнасындағы көтеріп жүрген өзекті мәселелердің бірі —
халықаралық мәселелер екені даусыз. Қазақстандағы белді арналардың бірі
болғандықтан тәуелсіз Қазақстанның шет мемлекеттермен байланысы, ол
елдердегі Қазақстанға қатысты оқиғаларды өзінің күнделікті ақпарат
ағынында назардан тыс қалдырған емес. Қазақстан президенті Н.Ә.
Назарбаевтың шетелдерге ресми сапарлары дер кезінде Қазақстан халқына
жеткізіліп отырады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үнемі БАҚ беделі туралы өз
пікірлерін ашық білдіріп, осы төңіректегі өзекті мәселелерді көтеріп
жүргенінің талай рет куәсі болдық. Барлығын тізіп айта бермей-ақ
президенттің 2003 жылғы сәуір айындағы Қазақстан халқына Жолдауында
бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінгі таңдағы ролі, міндеті туралы, халық
пен биліктің арақатынасындағы алтын көпірге айналып отырған БАҚ-тың ролінің
зор екенін ерекше атап өткені белгілі.
Сондықтан да ЭБАҚ-тың бүгінгі таңда атқаратын қызметі ұшан-теңіз.
Қандай мәселені де, әсіресе халықаралық мәселені де қозғағанда телевизия
журналистерінің жауапкершілігі ерекше. Әсіресе телехабарлардың көпшілік
назарына ұсынылудағы ерекшеліктері өз алдына бір әңгіме.
Қазақстандағы телевизияның қалыптасу кезеңінде өлшеусіз еңбек еткен,
бұл салада ғылыми еңбектер жазған, марқұм, профессор М.Барманқұлов:
"Телевизия — бүгінгі күннің аса өзекті құралы. Әсіресе онда қызмет ететін
тележурналистердің шеберлігі, білімі мен біліктілігі жұрттың көз алдында.
Сондықтан да тележурналистерге жүктелетін жүк те ерекше"[1]— деп атап
көрсеткен. Ғалым бұл еңбегінде қазақстандық тележурналистиканың тәуелсіздік
алғаннан кейінгі аралықтағы роліне ғылыми талдаулар жасайды.
Міне, өздеріңіз көріп отырғандай қазақ телевизиясының іргетасын
қалаушылардың бірі — марқұм, профессор М. Барманқұлов өзінің аталмыш ғылыми
еңбегінде телевизияға, тележурналистикаға осылай баға береді.
Халықаралық мәселелерді көтеруде "Хабар" телеарнасы журналистері
өздерінің университет қабырғасынан алған мол білімдерін мүмкіндігінше
пайдалануда. Қазір "Хабар" телеарнасында жұмыс істеп жүрген журналистердің
барлығы дерлік осы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің
түлектері екені көп нәрсені аңғартса керек.
Қазақ тележурналистикасының тарихы негізінен арыда жатыр. Ең бірінші
дүниеге келген радиожурналистика. Радиожурналистика мен тележурналистика
егіз десе де болады. Радиожурналистика — негізінен тыңдаушылармен жұмыс
істесе, тележурналистика — көрерменмен тығыз байланыста болады.
Белгілі ғалым, профессор Н. Омашев өзінің ғылыми еңбектерінде
журналистиканың өзекті мәселелерін қозғаған. Негізінен
радижурналистиканың[2] алдында тұрған міндетіне тоқталса да,
тележурналистиканың да өзекті мәселелерінен айналып кете алмаған. Жалпы
қазақ журналистикасының алдында тұрған зор міндеттерді, журналистикалық
шеберлікті, жауапкершілікті ғылыми негізде талдап, әр жанрдың өзіндік
ерешеліктеріне терең ғылыми талдаулар жасаған. Сондықтан да бүгінгі таңдағы
радио және тележурналистиканың алдында тұрған міндеттер әлі де өзінің құнын
жоғалтпаған. Қайта күн өткен сайын журналистика жауапкершілігі артып,
журналистер алдына келелі де керемет міндеттер жүктелгенін біз жақсы
білеміз.
"Хабар" телеарнасындағы журналстер үнемі үлкен ізденісте жүретіндерін
біз олар атқарып жатқан жұмыстардан анық байқаймыз.
"Хабар" телеарнасының "Жеті күн" апталық сараптамалық бағдарламасында
үнемі ел өміріндегі өзекті мәселелерге, оның ішінде шетел мәселелеріне
байланысты ақпараттарды салмақты да салихалы түрде, мол бейнекөріністерді
пайдалана отырып, тұжырымды ой- пікірлерге құрылған дикторлық мәтінмен
айшықтай біледі. "Хабардың" кез келген тележурналистері өз алдарында тұрған
жауапкершіліктерін жақсы сезінеді. Оны телеарнадағы халықаралық мәселелерге
байланысты берілімдерден анық байқауға болады.
Осы арада қазақ журналистикасының даму кезеңдерінде белгілі
тележурналистердің қатарының көптігін де тілге тиек еткен жөн. Өйткені
"Хабар" телеарнасының журналистерінің бүгінгі таңда қол жеткізген
жетістіктерінің қайнар көзі — әне, соларда жатқаны дау тудырмайтын болса
керек. "Хабар" телеарнасының шыққан жері — қырық жылдан астам тарихы бар
Қазақ телевизиясымен тікелей байланысты. Бірін бірінсіз көз алдыға елестету
мүмкін емес.
Сондықтан да болар тележурналистиканың бүгінгі таңдағы жетістіктері
туралы сөз еткенде Қазақ телевизиясының басып өткен жолына үңілмей кету
дұрыс емес. Жоғарыда тілге тиек еткендей үнемі ізденіс пен өсу жолында
болған қазақ журналистикасы, оның: баспасөз, радио және тележурналистика
салалары талай ғылыми ізденістерге арқау болғаны өз алдына әңгіме. Бүгінгі
таңда халықаралық мәселелерді қалың көрермен назарына ұсынуда "Хабар"
телеарнасы журналистерінің қолы жеткен жетістіктері, "әттеген-айлары" сын
көзінен бір сәтке де тыс қалған емес. Бұл туралы мерзімді баспасөз
беттерінен оқып та жүрміз.
"Міне, осы жайды жандарына құран сөздеріндей түйген қазақ
тележурналистері — Совет Мазғұтов, Марат Барманқұлов, Қадыр Даутов, Сұлтан
Оразалин, Құсман Игісінов, Амангелді Жақсыбеков, Ғаділбек Шалахметов, Сағат
Әшімбаев, Кәмал Сымаилов, Шерхан Мұртаза, Диас Омаров, Жанна Ахметова,
Жұмаш Кенебай, Нұртілеу Иманғалиұлы, Қынабай Аралбаев, Серік Байхонов және
тағы басқа 40 жыл ішінде соңдарына мол мұра қалдырып, қазақ телевизиясының
дамып, қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты"[3].
Автордың аталмыш ғылыми еңбегінде негізінен "Хабар" телеарнасының бес
жыл ішіндегі қалыптасу кезеңіне, тележурналистиканың даму жолдарына, хабар
әзірлеудің ерекшеліктеріне, "Хабардағы" әр хабардың әзірлену, көрерменге
ұсыну, журналистік шеберлік, жетістік пен кемшілік, басқа да толып жатқан
мәселелер назардан тыс қалмаған. Сондықтан да болар осы диплом жұмысын жазу
барысында негізінен осы еңбекке жүгіндік. Өйткені бүгінге дейін "Хабар"
турасында жазылған қомақты еңбек осы еді.
"Хабардағы" халықаралық мәселелерге байланысты хабар жүргізіп жүрген
журналистер қатары көп екенін бұдан бұрынғы сөздерімізде айтқан едік.
Әлемнің кез келген елінде болған Қазақстан делегациясының, ҚР
президентінің, Үкімет басшыларының, Парламент мүшелерінің іс-сапарлары
туралы толық мағлұматтарды беруде "Хабар" тележурналистері өздерінің
шеберліктері мен қоса, осы заманғы озық технологияны молынан пайдалана
отырып, жұртшылық назарына ұсынып жүрген хабарлары баршылық. Телевизия
табиғатына тән операторлардың түсіру шеберлігі, режиссерлердің тапқырлығы,
музыкамен көркемделуі, кадрде және кадрден тыс оқылатын мәтіндер,
журналистің дауыс ырғағы, өзін эфирде ұстауы — бұның барлығы да бүгінгі
күні ауадай қажет талаптар. Осы талаптар деңгейінен "Хабар"
тележурналистері көрініп жүр ме деген әңгімеге алдағы уақытта
тоқталатындықтан ат басын тағы да алып отырған тақырыпқа бұрамыз.
Ең алдымен осы жылғы сәуір айында Алматы қаласында болып өткен
"ЕуроАзиялық медиа форум" төңірегінде азын-аулақ әңгіме ете кетейік. Бұл
форумға әлемнің жүзден астам елінен белгілі тележурналистер қатысты. Әлі
ізі суып үлгермеген Ирактағы соғыс, ондағы журналистердің жанқиярлық
еңбегі, журналистер құқығы, жалпы бұқаралық ақпарат құралдары алдында
тұрған өзекті мәселелер сөз болды. Қазақстан президенті Н.Назарбаев форумда
құттықтау сөз сөйледі.
Форум жұмысына Олжас Сүлейменов, Ғаділбек Шалахметов, Дәриға
Назарбаева сияқты белгілі адамдар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Форум —
үш күнге созылды. Сонымен бірге форум туралы хабарлар сол күні, сол сағатта
әлемнің түкпір-түкпіріне тарап жатты. Және "Хабар" осы форумнан тікелей
репортаждар жүргізіп тұрды. Форум жайлы жан-жақтылы мағлұматтарды Қазақстан
жұртшылығы осы "Хабар" телеарнасынан ғана көре алды.
Форум кезінде "Хабар" тележурналистері ұйымшылдықпен жұмыс істеді.
Біз бұның бәрін жіпке тізгендей етіп айтып отырумыздың басты себебі —
халықаралық мәселелердің "Хабардан" қандай жағдайда, қандай деңгейде
берілетініне бір ғана келтірген мысалымыз. Мұндай мысалдарды көптеп
келтіруге болады.
Тағы да арыға бармай, кешегі 2002 жылдың аяғына қарай болған мына бір
оқиғаларға да тоқтала кетейік. Өткен 2002 жылы болған, қасиетті Түркістан
қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының 2- Құрылтайы қарсаңында "Хабар"
телеарнасының журналистері Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлесіп,
Алманияда, Түркияда, Монғолияда болып, онда тұрып жатқан қандастарымыздың
тыныс-тіршілігі турасында және сол мемлекеттердің жағдайы жайлы сериялы
хабарлар берді. Қай хабарды алып қарасаң да мазмұндылығымен, ықшамдылығымен
ерекшеленді. Жайна Жақсылықова, Серік Жанболат, Тілеуқабыл Мыңжасаров, т.б.
тележурналистердің хабарлар жүргізу тәсілдері ішін-ара орын алған кейбір
кемшіліктерге қарамастан жұртшылық көңілінен шыққанын айта кетуге болады.
"Хабар" журналистерінің Еуропадағы мемлекеттерден, АҚШ-тан,
Англиядан, Қытайдан, Жапониядан, Үндістаннан, Ираннан, Түркиядан, т.б.
елдерден жүргізген хабарлары жүздеп саналады. Олардың көпшілігі
тележурналистиканың: ақпараттық, репортаж, сұхбат, суреттеме сияқты негізгі
жанрлық ерекшеліктері сақтала отырып, жан-жақтылы ізденіспен дүниеге келген
телехабарлар.
Қазір әлемдік журналистикада — ақпарат беру бірінші орынға шыққаны
белгілі. Қазір БАҚ электронды және интернетті жүйелерді толық пайдалану
мүмкіндігіне ие болды. Бұл мүмкіндіктер Қазақстан ЭБАҚ-тарында ең бірінші
болып "Хабарда" ғана жүзеге асқаны белгілі. Сондықтан да болар "Хабар"
телеарнасындағы хабарлар беру тәсілі жеделділігімен, актуальдылығымен
бірден көзге түседі.
Әсіресе халықаралық мәселелер төңірегінде болған әлемнің барлық
түкпірінен хабар алып, оны Қазақстан халқына жеткізуде "хабарлықтар" үнемі
алда келеді. Мұның да толып жатқан себептері бар. Алғашқы себепті жоғары да
айттық. Бұдан кейінгі себеп — Қазақстандағы басқа электронды ақпарат
құралдарына қарағанда "Хабардың" экономикалық жағдайының жақсылығы және
ұйымдастыру жұмыстарының бұнда дұрыс жолға қойылуында дер едім.
Қандай жағдай да болмасын — экономика алда тұрады. Экономика
дегеніміз — қаржы. Қаржы жеткілікті болса, тележурналистердің айлық
жалақылары жоғары болса — жұмыста нәтижелі болмақ. Өмірді — тұрмыс билейді.
Жағдайы, тұрмысы жақсы журналист — алаңсыз жұмыс істейді, бойындағы барлық
қабілетін толық сарқа жұмсайды, үнемі ізденіс үстінде болады. Мұның барлығы
"Хабарда" бар деп айта аламыз. Әрине, кемшіліктер де жоқ деп айта алмаймыз.
"Хабарда жұмыс істейтіндерден, сөздері түсініксіздерден, дауысы
жағымсыздардан, келсін-келмесін кез-келген тақырыпқа килігіп, содан саясат
іздейтіндерден, НТВ-ның бұрынғы жүргізушісі Е.Киселевқа еліктеп, жақыннан
көретін көзілдірік киюге әуес, қазақта жоқ тіркес " Бай, қуатты болайық!"
дейтіндерден, экран алдында алқа-салқасы шығып, шашылып отыратындардан,
сондай-ақ, "Қазақстан-1" - дегі хабарға қатысып отырған адамнан гөрі
өздерін көбірек көрсетіп, көбірек сөйлейтіндерден, т.б. тележүргізушілерден
жұрттың ығыр болғаны соншалық, ендігі уақытта тың есімдерге зәрулікті
ескере отырып, тележүргізушілерге, ұлттық болмыс-бітімді, патриотизмді,
алтын тамырымыз — түрік дүниесінің бірлігін, ұлы даланың ұлы тұлғаларын,
ана тіліміздің айбарын, тәуелсіздік тұғырымызды насихаттайтын бет-бейнесі,
сөйлеу мәнері келісті телебағдарламалар мен жүргізушілерге байқау жариялау
керек"[4] — деген пікірден де көп нәрсені аңғару қиын емес. Осы үзіндіде
келтірілген, автор көтерген проблемалардан "Хабар" тележурналистері де ада
емес.
"Егемен Қазақстан", "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Алтын орда", "Жас
Алаш", т.б. мерзімді баспасөз беттерінде тележурналистиканың бүгінгі өзекті
мәселелері туралы аз жазылып жүрген жоқ. Әсіресе "Хабардың" атына, оның
журналистері жүргізіп жүрген хабарларға, журналистерге бұл басылымдарда
жарық көрген мақалаларда сын көп айтылды.
Әсіресе, "Хабардың" "Ұят болмасын?..", "Жеті күн", "Бетпе-бет", "Мың
бір мақал", т.б. хабарларының сәтсіздігі, журналистерінің өздерін экран
алдында ұстау мәдениетінің төмендігі, дауыстарының келмейтіндігі
турасындағы пікірлерді республикаға танымал журналистер: Кәмал Сымаилов,
Құдайберген Тұрсынов, Жұмаш Кенебай, Әмір Молдабек, т.б. мерзімді басылым
беттерінде тележурналистика, телевизия, телеарналар хақысындағы жазып
жүрген өзекті мақалалары осы айтқандарымызға куә бола алады.
"Хабар" телеарнасындағы бүгінгі күннің талабына жауап беретіндей
жаңалықтардың да бар екенін осы арада айта кеткен жөн сияқты. Негізінен
халықаралық мәселелер төңірегіндегі ойымыздың бір саласы —
тележурналистердің шеберлігіне тән екені рас. Бұл салада "Хабар"
тележурналистерінің тындырған істері, әлі де алар асулары бар.
Журналистердің шетелдерден жүргізген хабарларының сапасы, актуальдылығы,
эфирден көрініс табуы — кейбір орын алған кемшіліктерге қарамастан,
негізінен уақыт талабынан көрініп жүр.
Халықаралық мәселелерге байланысты "Хабардан" беріліп жүрген бірнеше
хабарларға тоқтала кетейік.
"Хабардағы" өзіндік қолтаңбасы бар, айтары бар, бет-бедері бар
журналистердің ішінен Тілеуқабыл Мыңжасаровтың осы тақырыпқа байланысты
жүргізген бірер хабарларына қысқаша шолу жасай кетейік.
1995 жылы ЮНЕСКО көлемінде 150 жылдық торқалы тойы кеңінен аталып
өткен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мерей тойына байланысты мәдени
шаралардың әлемнің көптеген елдерінде өткені белгілі.
Т.Мыңжасаровтың осы айтулы датаға байланысты Иран Ислам
Республикасынан әзірлеген телехабары осы сөзімізге дәлел.
Осы сапар барысында тележурналист бірнеше репортаждар дайындады. Иран
елінде тұрып жатқан ағайындарымыз туралы баяндаған репортажын алып қарасақ,
автор алдымен қандас бауырларымыз жөнінде айта келіп, Иран қазақтарына сөз
береді. Олар өздерінің ниеттерін білдіріп, арманымыз — атажұртқа оралу, -
дейді. Одан кейін сөзді сол кездегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
Академиясының президенті К. Сағадиев алады. Ол орта шығыстағы өзіндік орны
бар Иран жерінде өтіп жатқан Абай күндері мерекесінің тарихи маңызының
зорлығын тілге тиек етеді. Артынша Қазақстанның Халық артисі С.Оразбаев
"Абай тойын болашақ ұрпақ жалғастыра берсін" деген мазмұндағы игі тілегін
білдіреді. Журналистің алған тақырыбының маңызы бар.
Бірақ бұл репортаждан Ирандағы қандас бауырларымыздың тыныс-
тіршілігі, тағдыр-талайы, болмыс-бітімі туралы не болмаса ат басын тіреген
Иран республикасы туралы толық мағлұматтар қамтылмаған. Әрине шағын
телерепортажда барлығын айтып қалу да мүмкін емес. Десе де там-тұмдап болса
да қажетті деректерді берген орынды болар еді. Әйтпесе бұл репортажы жарым-
жартылай ғана жүрдім-бардым бірдеңелерді ғана атүсті баяндап өткендей әсер
етеді.
"Хабар" телеарнасының алғашқы қалыптасу кезеңінде жасалынған
хабарлардың бірі болғандықтан, бір жағынан тележурналистің бұл жұмысына
соншалықты шұқшия қоймағанымыз жөн шығар.
Автордың бұдан кейінгі Ирандағы Қазақстан елшілігі туралы хабары тәп-
тәуір шыққан. Журналист кадрден тыс 1993 жылы Иран Республикасының
президенті Әли Әкбар Хошеми Рафсанджанидің Қазақстанға келген алғашқы
сапары жайында екі ел арасындай қандай маңызды құжатттарға қол
қойылғандығы, сол жылы осы елде тұңғыш рет Қазақстан елшілігінің дүниеге
келгендігі, Қазақстан Республикасының Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі
Мырзатай Жолдасбековпен журналист сұхбаты біраз тың деректерімен көрермен
көңілінен шыққан деп айта аламыз.
Біз тілге тиек етіп отырған тележурналистің шетелдерден жүргізген
хабарлары "Хабар" телеарнасының алғашқы қалыптасу кезеңінде дүниеге келген
дүниелер болғанын ескерте кеткіміз келеді. Ол заманда "Хабар" техника
жағынан толық жарақтана қоймаған еді. Оның үстіне тележурналистер де енді-
енді ғана тәжірибе жинай бастаған. Осының барлығын сол жылдарғы "Хабар"
телеарнасынан берілген хабарлардан анық байқау қиын емес еді.
Осы уақыттар ішінде "Хабар журналистері арасынан: Нұртілеу
Иманғалиұлы, Зейін Әліпбек, Бибігүл Жексенбай, Ләззат Танысбай, Жайна
Жақсылықова, т.б. есімдер суырылып алға шықты. Бұлардың көпшілігі "Хабар"
телеарнасының қалыптасу кезеңінен күні бүгінге дейін осында жұмыс істеуде.
Сондықтан да телеарнаның жетістіктері мен кемшіліктері көбіне осы
есімдермен тікелей байланысты.
Осы заманғы озық технологиялармен жарақтанған "Хабар" телеарнасының
Қазақстандағы басқа телеарналарға қарағанда көтеретін жүгі, жауапкершілігі
ерекше. Бұның да толып жатқан себептері бар. Ең алдымен "Хабар" агенттігін
Дәриға Назарбаева сияқты жалпақ жұртқа есімі белгілі адам басқарады.
"Хабар" — Жабық Акционерлік Қоғам болып аталғанымен, мемлекеттің тікелей
қамқорлығындағы, мемлекеттік бюджеттен үлесін алып отырған мемлекеттік арна
болып есептеледі. Қаржы жағынан да өзгелермен салыстарғанда кемшін көріп
отырған жоқ. Журналистердің де, техникалық мамандардың да, режиссерлердің
де алып жүрген жалақылары республикадағы басқа телеарналарға қарағанда
әлдеқайда тәуір. Техникалық жағынан да жақсы жарақтанған. Бір сөзбен
айтқанда жан-жақтылы қамқорлыққа бөленіп отырған бұл телеарнаның "жаман"
болуға қақысы жоқ сияқты.
Сондықтан да "Хабарға", оның басшылығына, журналистеріне талап та
жоғары. Ендігі мақсат — "Хабардың" басқалардың алдында жалтақтауына жол
жоқтай.
"Хабар" телеарнасының кез-келген хабарлары қал-қадарынша көрермен
жүрегіне жол тауып жататыны да жалған емес. Себебі — телеарна журналистері
өз алдарына қойылған бүгінгі күннің талаптарын жақсы сезінеді. Содан да
болар жұртшылық арасында "Хабарға" деген көзқарас та қалыптасып үлгерген.
Бір кезде "Қазақстан-1" телеарнасы Қазақстандағы ең бір беделді телеарна
дәрежесіне көтерілсе, "Хабар" дүниеге келгеннен кейін бұл түсінік біртіндеп
өзгере бастағандай.
"Хабар" телеарнасының халықаралық мәселелерді эфирге беруде —
Қазақстандағы басқа кез келген телеарнамен салыстырғанда оқ бойы алда
екенін көзі қарақты көрерменнің байқауы заңдылық.
Әлемді тітіреткен небір ірілі-ұсақты оқиғаларды Қазақстан халқының
назарына ұсынуда "Хабар" телеарнасы — Си—Эн—Эн, Рейтор, Әл-Жазира, Анадолы
агенттігі сияқты толып жатқан дүниежүзі мойындаған ақпарат көздерінен
деректерді уақытында алып, оқиғаның ізі суымай жатып, халыққа ұсына қояды.
Бұған толып жатқан мысалдар келтіруге болады. Мәселен, Үндістан мен
Пәкстан арасындағы туындап кете жаздаған халықаралық жағдайды сол тұста
"Хабар" агенттігі көрермендеріне дер кезінде ұсынып, қажетті мағлұматтарды
бері п отыра алды.
АҚШ-тағы 11 қыркүйек кезіндегі Нью-Иоргтегі екі ғимараттың
бомбалануы, яғыни халықаралық терракті туралы мәліметтерді Қазақстан
халқына уақытында ұсынып, жеделдіктің үлгісін көрсетуі дер едік.
Бұдан басқа АҚШ әскерлерінің Ауғаныстан тәлибтеріне қарсы шабуылы,
Ауған халқын одан азат етуі, елде жаңа үкімет билігін орнатуы, бұл елде
қалыптасқан саяси жағдайлар жайында қаншама ақпарат берді.
Сонау жылдарғы Балқандағы Косова төңірегіндегі қалыптасқан саяси
жағдайлар турасында да, 2003 жылғы Саддам Хусейін билігіндегі Ирактың
жағдайы, режимді құлату үшін АҚШ президенті Дж. Буш пен Англияның премьер-
министрі Тони Блэр бірігіп ашқан соғыс жөніндегі ақпараттар ағыны "Хабар"
телеарнасы арқылы көрерменіне дер кезінде жеткізіліп отырды.
Бұлардан нені көруге болады?
"Хабар" телеарнасы ұжымының әлемдік ақпарат ағынымен терезесі тең
жағдайда хабарлар аламаса алатындығын, сонымен бірге сол хабарларды дер
кезінде көрерменіне жеткізе білетіндігін көруге болады.
Ақпарат — кез-келген телеарнаның ең басты кілті. Жалғыз телеарнаның
ғана емес, радионың, мерзімді баспасөздің жауынгер жанры. Ақпаратсыз — БАҚ-
ты елестету мүмкін емес. БАҚ-тың — қаны мен жүрегі. Ақпаратсыз бүгінде бір
де бір жарияланымды атай алмайсыз.
Ал енді ақпарат дегеніміз не?
Бұған жауап беру үшін белгілі осы сала ғалымдары: М.Барманқұлов,
Н.Омашев, С.Қозыбаев, С.Масғұтов, т.б. жазған ғылыми еңбектерде ақпаратқа
байланысты небір ой-тұжырымдар, талдау-түсініктер берілгенін біз жақсы
білеміз. Біздің бұдан шығаратын қорытындымыз — ақпаратсыз БАҚ болмайды.
Журналист шеберлігі — ақпарат көздерін дәл тауып, оны қалың бұқараға нақты,
боямасыз, әсірлеусіз, түйінді түрде бере білу. Бір ақпаратты — бір ғана
дерекпен негіздеу емес.
Ол бір жақты болса, екінші жағынан — сенімсіздік тудырады. Осындай
қолайсыз жағдайлар болмауы үшін кез келген ақпараттың қайдан алынғанын, оны
дәлелдейтін дерек көздерінің бірнешеу болуын, ұзақ-сонар емес, сығып тұрып,
ішіндегі ең негізгісін қалың бұқараға ұсыну.
Бұл арада журналист атқаратын міндет бірінші орынға қойылады. Ең
бастысы журналист қаламының жүйріктігі, ой ұшқырлығы, салқынқандылық,
ұстамдылық, қызыл сөзге дес бермеушілік бірінші жолда болуы тиіс.
70 жыл үстемдік еткен кеңестік-тоталитарлық жүйе кезінде журналистер
жоқтан — бар жасап, негізінен қызыл сөзге дес беріп, ұрандатып, жалаулатып
хабарлар тарататын. Бұл — сол заманның дәстүрі еді.
Мысалы, 100 қойдан 197 қозы алған қойшыны, 100 сиырдан 100 бұзау
өсірген бақташыны, бір гектар жерден пәленше центнер алған диқанды
дәріптегенде, айды аспаннан бір шығарып жататын журналистер. Кез келген
қарапайым еңбек адамдарын дәріптегенде ол журналистер небір теңеулерге
дейін барып, мақтаудың жөні осы екен деп, бір шырқап қалатын.
Керісінше сынаған кезде — жерден алып, жерге салып, қара бояуды қалың
жағып, заманақыр орнатып-ақ тастайтын. Мақтауда да, даттауда да ол заман
журналистері қызыл сөзге дес беретін.
Мен мұның барлығын 70—80 жылдары жарық көрген мерзімді басылымдарды
қарап шыққанымда басыма келген еді. Сол жылдарғы радиохабарлардың
сценарийлерін оқығанда да осындай әсіре бояулардың куәсі болғаным бар.
Сол тұстағы телехабарларда да осы сарын ұсталынған. Қазіргі Қазақ
телевизиясының сол жылдарғы сценарийлерін қолға алып оқитын болсаңыз
жоғарыдағы сөздерге толып жатқан мысалдар келтіруге болады. Менің ойымша
Кеңес дәуірі — қызыл сөз бен ұран дәуірі болған сияқты.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған сонау 1991 жылдан бергі уақытта
журналистердің жазу мәнері мүлдем басқа арнаға ауысқан. Жетпісінші жылдарғы
жазу мәнері мен тоқсаныншы жылдардан кейінгі жазу мәнері екі бөлек. Заман
қалай өзгерген десеңізші.
Кеңес дәуіріндегі орын алған ашаршылық, азамат соғысы, ақ пен қызыл
шайқасы, коллективтендіру, репрессиялар, концлагерлер, саясат құрбандары
туралы толып жатқан "ақтаңдақтар" негізінен тоқсаныншы жылдары ашық жазыла
бастаған екен.
Міне, осы жылдардан кейін қазақ журналистикасы мүлдем басқа арнаға
бетбұрған. Бұл тұстың да өзіне тән толып жатқан ерекшеліктері бар. Дегенмен
де жетпіс жылдай қалыптасқан цензурадан журналистер құтылып, бостандық
алған тұс еді.
Осы тұстардағы журналистика туралы түсінік пен қазіргі түсініктердің
де арасы жер мен көктей. Мен бұл сөздерді айтып отырғандағы мақсатым —
қазіргі тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы журналистиканың жаңа кезеңінің
қалыптасуы екендігі. Көзқарас та, ұғым да, түсінік те, тұжырым да, бәрі-
бәрі жаңа арнаға енген. Барлығы өзгерген.
Қазақстанда мың жарымнан астам газет-журналдар, жүздеген телеарналар
жұмыс істейді екен. Кеңес дәуірінде Қазақстанда бір ғана телеарна жұмыс
істегенін ғана айтсақ та жеткілікті.
Сонда Қазақстан журналистерінің қатары қаншаға өскен? Бұл өз алдына
әңгіме. Ал, журналистердің шыңдалу мектебінің көптігі — жазу
шеберліктерінің де әртүрлілігін көрсетсе керек. Сондықтан да болар
бүгіндері журналистер — тәуелсіз. Олардың ойлауы, пікір айтуы, жазу
шеберлігі әртүрлі деген сөз.
Бұл жақсы ма, жаман ба?
Оған да бір жақты жауап беру де қиын. "Жақсы" деуге де, "жаман" деуге
де болады. Себебі, жақсы дегенде — журналистердің тәуелсіздігі, еркіндігі
айтылса, жаман деген де – еркіндіктің, тәуелсіздіктің жөні осы екен деп,
көптеген басылымдар, журналистер бір-бірінен немесе басқа біреудің сойылын
соғу арқылы — кек алуға көшкен.
Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары көбіне-көп орыстілді басылымдар,
радиолар, телеарналар қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне қара күйе
жағуға әуестігімен көзге түсті. Әсіресе, қазақ тілінің Мемлекеттік тілге ие
болуы оларға ұнамады. Олар бұрынғыша орыс тілі үстемдік ала берсе деп ойлап
қалады.
Содан да барып, орыстілді БАҚ қазақ тіліне ашық шабуылға шығуларын
тоқтатпай келеді.
2002 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі
тарапынан ұйымдастырылған ЭБАҚ-тарда қазақ тілінің сақталуын тексеру
кезінде жүргізілген шараларға орыс тілді басылымдар өре тұра қарсы шықты.
Олардың қазақ тілін менсінгілері келмеді.
Бір ғана Алматы қаласында жиырмадан астам ЭБАҚ жұмыс істейді екен.
Солардың бір де бірі мемлекеттік тілді орындамайтын болып шықты. Министрлік
тарапынан: КТК, 31, Шаһар, Таң, Рахат, Оңтүстік Астана телеарналары сотқа
беріліп, айыптар салынды. Содан кейін барып іс аздап алға басқандай болды.
Бірақ, КТК сияқты телеарналар қазақ тілінің орындалуын сақтағансып, қазақша
хабарларға түн ортасынан ауа ғана уақыт беріліп, қазақтарды менсінбеуге
айналғандарын күні бүгінге дейін байқау қиын емес.
Бұл турасында мерзімді баспасөзде аз жазылған жоқ. Сондықтан да болар
министрлік тарапынан "БАҚ туралы" жаңа заң жобасы Парламентке талқылауға
берілді. Сол заң қабылданғаннан кейін қазақ тілінің мәртебесі арта түсер
деген сенімдеміз. "Жарнама туралы" заңның да күні бүгінге дейін қабылданбай
келуі, орыстілді басылымдарды байытып отыр. Қазақ тілді басылымдарға ешкім
жарнама бермейді. Ол заң қабылданса қазақ тілді жарияланымдардың бағы жануы
мүмкін.
Біз бұлардың бәрін айтып отырғанымыз тегін емес. "Хабар" телеарнасы
өткен жылдан бастап заң талаптарына сәйкес өз хабарларының барлығын қазақ
тіліне көшіріп, республикадағы басқа телеарналарға үлгі көрсетті. Тіпті
"Қазақстан" телеарнасының өзі қазақ тіліндегі хабарларын сол 50 пайыз
көлеміне жетер-жетпес жағдайда ұстап отырғанда, "Хабардың" бұл қадамын
ерлік деп санауға болады.
"Хабардағы" бұл үрдіс Қазақстандағы өзге телеарналар тарапынан
қолдау тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Өкінішке қарай, олай болмай
отыр. Бірақ, заман өзгере — барлығы да біртіндеп орнына келер деген де үміт
жоқ емес.
Дегенмен де жайбарақат жүре беруге де болмайтын сияқты. Қазақ тілінің
мәртебесі үшін өзіміздің ұлттық тілде жазатын журналистеріміз табандылық
танытуы керек. Көп болып кірісссек, іс алға басады.
"Хабар" телеарнасындағы халықаралық мәселелердің берілуі туралы
айтқанда біз, міне, осында ұлттық мәселелерді де айналып өтпейтін
сияқтымыз. "Хабар" телеарнасындағы бұл мәселелер туралы алдағы уақытта да
көп зерттеліп, жазылатындықтан, енді хабарлардың жанр ерекшеліктері, оларға
байланысты ғылыми тұжырымдар, хабарлардың жетістіктері мен кемшіліктері
туралы әңгімеге ауысқанды жөн көріп отырмыз.

2. 2. ҚАЗАҚ ТЕЛЕДИДАРЫ ЖӘНЕ "ХАБАР" МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ

Кеше келмеске кеткен КСРО кезінде Қазақстанда жалғыз-ақ телеарна жұмыс
істейтін. Оның аты — "Қазақстан" (бір кездері "Қазақстан-1" деп те аталды)
болатын. Оның бір бас редакциясы — "Алатау" арнасы (кейін жабылып қалды)
болды. Міне, телевизия дегендегі Қазақстан халқының түсінігі — осылармен
ғана шектелетін. Ол кезде заман, саясат солай болды. Оған ешкімнің дауы
жоқ.
Ал Қазақстан өзінің тәуелсіздігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистика пәнінен дәрістер
Эфир мәдениетін жетілдірудегі ТV ток-шоуларының рөлі.
Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде
Чехословакия мен Чехия
Қазақ теледидары
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
Қазіргі саяси журналистика
Бүгінгі қазақ телеарналарындағы жаңалықтардың берілу тәсілі (31 телеарна негізінде)
Италия телеарналары
Пәндер