ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тележурналистикасының теориялық және
тәжірибелік мәселелерінің көкейтестілігі курс жұмысының тақырыбын таңдауға
негіз болды. Қазақ теледидарының Жастар редакциясы көрермен бойына
адамгершілік, имандылық, инабаттылық, парасаттылық, еңбекқорлық қасиеттерін
сіңіре отырып, ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық танымын өсіре түсу
мақсатында қызмет етті. Жастарға қандай да болмасн тәрбие ұрығын сепкен
нәрсенің маңызы зор, мәртебесі биік болар анық. Себебі, жастар – егеменді
Қазастанның болашағы, тәуелсіздіктің көк туын аспандата ұстар тұғыры.
Еліміздің іргесін шайқалтпай, өркениет өресіне жетелеп, гүлдендіру
жастардың үлесіне молырақ тиетіні қай қоғамда болмасын айнымас шындық.
Сондықтан да аға буын желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа келешектің
кілтін аманат етіп, үлкен үміт артады. Жастар редакциясы тәрбие құралы
ретіндегі теледидар мүмкіндігінің шексіздігін дәлелдеп берді. Қоғамдық
оқиғаларды қалт жібермей бақылап, елеңдеп тұрған жастарға ақ, қарасын
сарлап, оң бағыт сілтеді, қоғамдық пікр қалыптастрып, жаңа істің жаршысы,
жастардың тікелей ұйымдастырушсы бола білді. Өз дәуірінің үнін, кезеңінің
келбетін нанымды бейнеленеді. Жастар бағдарламасының тарихи иірімдерінен
айшықты да ажарлы, көркем де көкейтесті, өткір де өнегелі хабарлардың
болғанына көз жеткіземіз. Бағдарламаның қаншалықты беделге ие екендігін
анықтау үшін қоғамдық пікірге көп көңіл бөлді, хаттармен жұмыс жасап,
аудиторияның талабы, көңіл-күйімен санасты, хабарды көрермендердің жас
ерекшелігі мен кәсібіне лайықтап ұсынды. Жастар редакциясы әдебиет пен
өнердің, білім мен еңбектің қасиетін таразылаған киелі мекенге айналды.
Жастар студиясының қасиетті төріне кімдер келіп, кімдер кетпеген. Асыл
сөздің арнасы тарихтың бір қойнауында қатталған күйі қалып қойғандай.
Қазақ теледидары жастар бағдарламасының тарихы – бүгінгі балалар мен
жастарға арналған бағдарламалардың алтын дәңгегі, қайнар бұлақ бастауы.
Кеңестік қызыл империяның күйреуі, саяси-экономикалық сілкіністер, қоғамдық-
экономикалық қатынастардың өзгеруі хабарлардың идеясын өзгертіп, мазмұнын
жаңартса да, түрі, мақсаты өзгермек емес, ол – жастардың тіршілігі, ойы,
арманы. Ол – болашақ қамы. Теледидар жастардың өміріне берік
орныққандықтан, олардың өмірін көгілдір экрансыз елестете алмаймыз.
Сондықтан хабарлар мәнсіз жасалмауы тиіс. Жастар бағдарламасы жоғары
білімдік деңгейі мен қоғамдық-саяси белсенділігін көрсете отырып, жастардың
үлкен өмірге жолдама алуыны көмектесті, олардың табиғатына сай бағыт-
бағдарынанықтады. Ертеңгі ел басқарар жас азаматтардың бүгінгі дүниетанмы,
өмірдегі күрделі құбылыстарға деген көзқарасы, болашақ жас мамандардың
арман-мақсаты, ой елегінен өткізер өлшемдері, көкейкесті ашық әңгімесі
бүгін де жалғастығын табуы тиіс еді. Бүгінгі қоғамның бар саласын қамтып
отырған реформалар жастардың тәрбиесіне, рухани сана-сезіміне көлеңкесін
түсірмеуі қажет. Жастар редакциясының соқтықпалы, соқталы жүріп өткен
жолында аты неше рет өзгергенімен заты жастардікі болды. Уақыт рухына сай
тақырыбы мен мазмұны өзгерсе де, мақсат-мүддесі өзгерген жоқ. Оның жастарды
тәрбиелеудегі жылдар бойы қалыптасқан жүйесі болды. Қазір сол
жетістіктерден айырылып барамыз. Жастардың көзқарасын, белсенді өмірлік
бағытын қалыптастырып, тәрбиелеудегі теледидардың рөлін зерттеудің
әлеуметтік және саяси мәні бар, мұндай бағдарламалардың мақсаты қашан да
күрделі, арқалар жүгі жүгі ауыр. Себебі жас көрермендер - оңы мен солын
жаңа аңғарып, өмірдің кілтін жаңа алғандар. Олардың табиғаты еліктегіш,
сенгіш. Біз неліктен жас өркендерге тәрбие берудегі теледидардың үлесін
көбірек айтамыз? Мұның себебі басқа ақпарат құралдарынан гөрі теледидардың
аудиторияны қамту мүмкіндігі жоғары және сөзбен де, көрініспен де
қызықтырып, иландырып, әсер етер ықпалдығы басым, жедел. Телехабарлар тек
мазмұнымен емес, хабарларды бере білудің пішінімен де маңызды, оынң
аудиториясы қоғамның даму бағытын анықтайтын рухани және әлеуметтік
потенциал. Жастар редакциясының қырық жылдық тәжірибесі теледидардың
шығармашылық зор мүмкіндіктерін көрсетті, оның жүріп өткен ізі мен мол
тәжірибесі бүгінгі бағдарламаларға үлкен үйрену мектебі болары даусыз.
Сонымен қатар бүгінгі толыққанды ақпараттың тұғырын ұстап, білікті сөздің
тізгінін ағытқан журналистердің басым бөлігі жастар бағдарламасында ысылып,
тәжірибе жинақтаған. Олардың шығармашылық мол тәжірибесін саралап,
журналистік шеберлік сырларына ғылыми тұрғыдан баға беру - парыз. Қазақ
теледидарының пайда болуы қалыптасу тарихына байланысты еңбектер баршылық,
ал жастар бағдарламасының тарихын бүтін, жүйелі зерттеген еңбек жоқ, ол
бүгінгі күнге дейін жан-жақты, терең зерттелу нысанына айналмады. Сондықтан
әр кезеңдегі жастар бағдарламасын топтастырып, жинақтап, тұтастықта
зерттеудің, даму сатыларын айқындап, жаңаша көзқараспен баға беріп, ой
қорытудың зәрулігі арта түседі. Осы уақытқа дейін Жастар редакциясының әр
түрлі қоғамдық-саяси кезеңдегі ұйымдастырушылық жұмыстарына, озық ойлы
парасатты азаматтар тәрбиелеудегі қосқан үлесіне, қоғамдық ойды
қалыптастырған халықтық сипатына жете назар аударылмай келгендігі ақиқат.
Қазақ теледидарына жаңа пішін, түр енгізген жастар бағдарламасы
хабарларының мазмұны (тақырыбы, идеясы) мен пішінін (тіл, стиль, сюжет)
және жанрлық ерекшеліктерін, көркемдік деңгейін ғылыми жүйеде талдай
отырып, тәжірибесін тарату, бүгінгі жастарға арналған хабарларға үлгі
ретінде ұсыну зәрулігі қазіргідей қазақ тіліндегі жастарға арналған
бағдарламалар деңгейінің төмендеп кеткен тұсында уақыт талабына сай туындап
отыр. Олай болса, жас ұрпақты тәрбиелеуде теледидар мүмкіндігін пайдалану
үшін бай тәжірибесін өнеге тұта отырып, бүгінгі хабарларды жоғары деңгейге
көтеруіміз керек.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бүгінде жастар тәрбиесі шет қалған жоқ па?
Олардың арасындағы қылмыстың өсуі жастар тәрбиесіне деген салқындықтың
салдарынан емес пе? Деген мәселе біздер - журналистер
Қауымын көп толғаныдарыды. Тек білімді, парасатты жас қана елдің ертеңгі
тұтқасына жарайды. Олай болса, Қазақ теледидарының жастар бағдарламасы
іскерлік, жан-жақтылық, төзімділік, имандылық, инабаттылық тәрізді
қасиеттерді көгілдір экран арқылы жастарға арнай беруі тиіс. Бүгінгі жастар
бағдарламасы қандай болуы керек? Хабардың алдағы мақсат, міндеттері
тұрғысында ұсыныс, пікірлер айтылып, дамуының басты бағыттары айқындалды.
Қазақ теледидары жастар редакциясының сөз қылған, көтерген тақырыбын басқа
да ақпарат көздерінің қозғағандығы белгілі, ол жаңалық емес. Мәселе –
Жастар редакциясы сол міндетті қалай орындады? Аудиторияға хабарды қандай
жолмен, қандай тәселдермен жеткізді? Қандай бағыт ұстанды? Жұмысқа осы
тұрғыдан келу мақсат етілді. Оның ішінде, Қазақ теледидары жастар
бағдарламасының 40 жылдық мұрасын саралап, маңызын көрсету, тәжірибесін
тарату қаралады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей негізгі міндеттерді
белгіленді:
- жастар телехабарларының қалыптасуы мен дамуындағы проблемаларды ашып,
Кеңес дәуіріндегі мақсатын, идеологиялық жұмысының бағытын анықтау,
жастар редакциясы ұйымдастырған хабарлардың пәрменділігін, насихаттық
ықпалын, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін көрсету;
- әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты телехабарлардың
мазмұнын саралап, тақырыптық ауқымын зерттеу, құрылымдық, көркемдік
сапасын талдау;
- хабарды берудің пішіні мен бағдарламаның жанрлық, тілдік, стильдік
әдіс-тәсілдерін, журналистік шеберлік деңгейін айқындау, хабарлардың
түрлеріне талдау жасап, тарихи тағылымы жайында ой қорыту;
- хабардың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағартушылық,
танымдық, моральдық, проблемалық, итернационалдық-патриоттық,
эстетикалық сипатын айқындап, бағдарламалардағы ұлттық нақышты
көрсету;
- тәрбие құралы ретіндегі мәніне бойлап, Қазақ теледидарындағы орнын
анықтау;
- жастар бағдарламасы тарихындағы көтерілген мәселелердің өміршеңдігін,
бүгін де маңызын жоймағандығын дәлелдеу, қазіргі таңдағы жастар
бағдарламасының хабарлары дамуының басты бағыттарын айқындау.
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеудің көзі ретінде Қазақ теледидары ме
радиосы республикалық корпорациясы мұрағатының мәліметтері, коммунистік
партияның теледидар мен жастар жөніндегі қаулылары, жұмыс тақырыбына
байланысты шыққан мерзімді басылымдар мақалалары, Қазақ теледидарында
жұмыс істеген журналистер Қ.Игісінов, Н.Иманғалиұлы, Ф.Бегенбаева,
Ә.Ысқақова және тағы басқалардың естеліктері пайдаланылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ теледидары жастар бағдарламасы туралы
арнайы зерттелген бұл жұмыста жастарға арналған хабарлардың тақырыбы мен
идеясы, жанрлық, тілдік, стильдік ерекшеліктері, ұлттық дәстүрмен
сабақтастығы, әр кезеңдегі қоғамдық-саяси өзгерістерге байланысты
тақырыптық жаңашылдығы, көркемдік, публицистік деңгейі жан-жақты
зерттеліп, тұжырымдалды. Қоғамдық пікір қалыптастырудағы хабарлардың
тиімділігін, пәрменділігін арттырудағы шығармашылық ізденістер сөз
етіліп, Жастар редакциясының шын мәнінде жастардың көзі мен құлағы және
тілі (А.Байтұрсынов) бола білгендігі, халықтық сипатының басымдығы нақты
деректермен дәлелденді. Жазылған еңбекте жастар бағдарламасының пайда
болуы мен дамуындағы проблемалар ашылып, жаңа телехабар пішіндерінің
пайда болғандығы айқындалды.
Жастар бағдарламалары көптеген қызықты топтама, айдар, тақырыптық жеке
хабарларды қамтиды. Жастар редакциясы шығармашылық процесте соны
әдістерді меңгерген, телекөрермендерге әр түрлі психологиялық тәсілдермен
әсер етіп, хабардың қабылдау мүмкіндігін арттырған, аудиторияны сендіре
аклу қабілетін, батылдық, шыншылдығын көрсеткен. Сатиралық, публицистік
тұрғыдағы төл туындыларын жасай білген. Жұмыста журналистік ізденістің
сырлары ашылып, жастар бағдарламасының одан әрі дамуына байланысты
ұсыныс, пікірлер айтуға талпыныс жасалды.
Жұмыстың құрылымы. Курс жұмысы ... бөлімнен, ... тақырыпшадан,
қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста ... әдебиет
пайдаланылды.
ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ.
С.Масғұтов Жастар редакциясының қалыптасу кзеңіндегі кейбір
бағдарламалардың бағытын атап өтеді1. Профессор М.Барманқұлов баспаөз,
радио, теледидар жанрларын салыстыра зерттеп, олардың өзара әсерін
айтады. Қазақ теледидары мен радиосының нақты тәжірибесін талдай отырып,
біршама хабарларға тоқталады. Алайда ойын-сауықтық сиапты басым
Алтыбақанды конкурстық бағдарламалар қатарына жатқызған2. Қ.Тұрсынов
Қазақ теледидарындағы дәстүр мен жаңашылдық тақырыбын қозғай отырып3
Құрдастардың Алтыбақан, Көкпар, Арай, Атамекен, Мың да бір
рахмет топтамаларына тоқталады. Дегенмен бұл бағдарламалар тыңғылықты
зерттеу нысанына айналмаған. Зерттеуші Қ.Аманбаев Қазақ теледидарынң
қалыптасуы мен дамуын еңбегіне арқау етіп, жастарға арналған хабарлардың
теледидар бағдарламасында маңызды орын алатындығын айтады4. Сонымен қатар
Алматы, Өскемен, Қарағанды студияларының бірлескен шығармашылық қызметі
нәтижесінде тәжірибе жинақталып, жастар бағдарламасының қалыптасқандығы,
көгілдір экранның әңгіме, репортаж, интервью тәрізді жанрларын,
конкурстық түрлі хабарларды дамытып, кеңіткендігін орынды бағалайды.
Ә.Сүлейменова ұлт тілдеріндегі телехабарлардың ерекшелігі мен
спецификасын зерттей отырып, көп тілді телдидар қызметін талдаған. Сонадй-
ақ Жастар редакциясының Ақиқат, Ар бағдарламаларын тікелей эфирдегі
әңгме ретінде атай келіп, Ар студиясының қазақ аудиториясына әсер ету
ықпалы жөнінде әңгіме қозғайды5. Алайда Ақиқат саяси клубы мен Ар
жастар студиясы жастармен үнемі тікелей эфир арқылы жүздескен жоқ.
Мерзімді баспасөз бетіндегі бірді –екілі шағын мақалалар жеке хабарларға
сыни тұрғыдан келген6. Республикалық теледидардағы балалар хабарының
типологиясы (Қазақ теледидары бойынша) тақырыбымен Ғ.Ыбраева кандидаттық
диссертация қорғап, балалар хабарына шолу жасайды7. Жастар мен баспасөз
мәселелеріне байланысты Ресей зерттеушлрі ғылыми еңбектер жазды8. Ал
зерттеші А.Н.Селестиненің Теледидардың жас адам тұлғасын
қалыптастырудағы ролі деп аталатын9 ғылыми жұмысы мен Л.А. Васильеваның
Теледидар жұмысшы жастарды тәрбиелеудегі коммунистік партияның белсенді
көмекшісі10 тақырыбымен қорғалған кандидаттық диссертацияда жастарды
тәрбиееудегі теледидардың ролі аталып, Ленинград тлестудиясының хабарлары
мен тәжірибесіне талдау жасалынды. С.Мұратов пен Г.Ференің Репортаж с
линии горизонта (Москва, 1975) кітабынан басқа жастар теледидарының
тәжірибелік және теориялық проблемаларын қарастырған еңбектер саусақпен
санарлық11. Ал жастар санасының әлеуметтік+психологиялық ерекшеліктерін,
қоғамның мәдени-рухани, әлеуметтік-экономикалық дамындағы жастардың орны
туралы зерттеу еңбектерін жазған ғалымдар баршылық. Олар: Блинов Н.М.,
Иванов А.П., Ильинский И.М., Кашулин В.С., Рамазанов В.М. т.б.12
2 ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛЫНА ТҮСУІ 0,8см.
2.1 Жастарға арналған хабарлардың қалыптасуының бастапқы кезеңі.
Студияның алғашқы... балалар мен жастарға арналған хабарына Ж.Смақов,
М.Бармнқұлов, Р.Қалкенова көп еңбек сіңірді- деп жазды С.Масғұтов13.
Пайдалануға берілуге тиіс Алматы, Қарағанды, Өскемен студиялр
құрылыстарының дер кезінд бітпеуі лғашқы телехабарлардың сапасына кері
әсерін тигізді. Арнайы жабдықталған студияның болмауы салдарынн хабарлар
қуықтай диктор бөлмесінде жасалды. Суретшілер хабарды кез-келген жерде
безендірсе, әртістер ауызғы бөлмедекиім ауыстырды14. Алғашқы жылдары
теледидар экранынн іш пыстырлық әңгімелесулер мен дәріс оқулар көп
көрініс берді. Жылжымалы телестанция жоқ болғандықтан, хабартек камераның
мүмкіндігі бойынша жасалды. Бірізді, бірсарында хабарлардың мәтін мен
суреті нашар үйлесті. Сондай-ақ телеэкранда киноматериалдан гөрі
фотоматериалдар көп орын алды. Жастар редакциясында жазушы, сазгер,
суретшілердің шығармалары сирек көрсетілсе, Баллар редакциясынд
бөбектерге арналған қазақ әндері жетіспеді. Хабардың негізгі кейіпкері
адмдар болса сандар мен техникалық териндерден көрінбей, екінші жоспарға
жылжып қалған. Басым бөлігі сөз бен қысқа суреттерден тұратын
бағдарламаларда сол кезеңнің көкейтесті мәселелері сирек көтерілді.
Алғашқы хабарлардың экрандағы көрінісі айтарлықтай болған жоқ, сызқтар
пайдаболып, қарайды немесе жоғалып кетті. Сурет бар жерде де сөздің
шамадан тыс қолданылуы бұл кезеңдегі хабарлардың көбіне тән ортақ
кемшілік. Студиялардың арасындағы бағдарламалардың алмасылуы, тәжірибе
бөлісуі өмірдің өзінен тған қажеттілікке айналды. Көп сөзділік, дерек,
оқиғаны тек шолуға пайдалну, жеделдіктің болмауы, жиырма минут бойғы
Садық атаның бос әңгімелері көрерменді жалықтырып-ақ жіберді. Қоғамдық-
саяси хабарлардың қызықсыз, ұзақ болуы теледидардың табиғатын блдіретін
көріністік-бейнелеушілік құралдарды дұрыс пайдалана алмағандықтан еді.
Хабар кейіпкерлері әңгімелесудің орнына қағаздан оқып беретін.
Редакцияның өзідайындаған драмалық қойылымдары, киноочерк, репортаждары
сирек болды15. Кейбір хабарлардың нашарлығы дикторға да байланысты. Оның
сөйлеу мәдениетінің төмендігі, көрермендермен табиғи қарым-қатынасты
орната алмауы бұл кезеңдегі хабарлардың құнын түсірді. Келе-келе тудия
көкейкесті мәселелерді қозғап, моральдық, этикалық, педагогтық тәрбиені
қамти бастады. Ғылмның әр саласына байланысты танымдық бағдарламалар
көбейді.
1960 жылдағы хабарлардың дені орыс тілінн аудрылған көшірмелер. Бұл
жылдар үшін экономика, мәдениет, ғылымға байлансты очерктердің өте құнды
болғандығы шындық. Әйтсе де Полоцк жері хақынды, Магдебургте туған,
Тюрингия әсерлері тәрізді очерктердің тілі қайталауға толы, көркемдігі
нашар, сөйлемдердің стилі мен құрылсы қазақ іліне бейімделмеген.
Аудармалардың шамадан тыс көптігі де бұған әсерін тигізді. Мысалы: Қырым
аспанының астында партизандарға қойылған ескерткіштер көп. Олар ашық
аспан астында. Оларды қоршаған тыныштық16 немесе Ол тек саған келу үшін
келмеген болар17, Сосын-ақ тайганың сұсты пейзажына жоғары вольтты
линиялар сіңісіп кете берді18. Кейде эфирдегі үш сағаттың ½ бөлігін көп
сериялы шетелдік телефильмдер алып жатты. Бұл шетелдік телефильмдердің
берілуіне шығармашылқ ізденістер емес, аудару ғана мақсат етілгендіктен,
жансыз, іш пыстырарлық дүниелер болып қалған.
Құрдастар, Ровесники, Шұғыла, Радуга бірлестіктері
құрылғаннан кейін, олар өзара шығармашылық тұрғыдан бәсекеге түсті, бұл
хабарлардың сапасын арттыруға, редакция қызеткерлернің үнемі ізденіп
отыруына, бірлесіп ойлануына жағдай туғызды. Тұрақт кейіпкерлері мен
қызықты қойылымдар арқылы көрермендермен тығыз байланыс орнатып,
танымдық, блмдік сипатымен баурап алған Ойлан, тап!, Бәрін білгім
келеді, Жұлдызша, Жауқазын, Біздің глобус, Өнер көзі халықта,
Спорт мектебі, Айтыс –асыл қазына топтама хабарлары жастарға
атамекеннің әсемдігін танытып, қастерлі ұлттық өнерді түрлерн кең
насихаттады, жастарды еңбекке, ұлттық мұраны бағалй білге үйрету ұлттық
қолөнер негізінде жетілдірілді. 1966 жылы 10қарашада Орта, арнаулы
мектептің жұмысн одан әрі жетілдіру туралы ҚазақстанКомпртиясы Орталық
Комиетінің қаулысы қабылданды19. Осыған орай мектеп оқушылрына арналған
хабарлар мектеп бағдарламсы бойынша көптеп ашлды. Тұрақты топтама
хабарлар бөбектерге арналған, мектеп оқушылары үшін, төменгі, жоғары
класс оқушыларына, студенттерге арналған деп бөлінді. Жас ерекшеліктеріне
қарай бұлай бөле отыып, хабар ұйымдастырудың тұрқты аудиторияны
қалыптастыруға игі ықпалын тигізгендігі анық.
Т.Айбергенов, Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев сынды қазқтың ақиық
ақындарынң бейнесі, олардың ойлы кейіптерімен астасқн әсем ейзаж, жағымды
баяу әуен мен шабыттан оқылған жыр жолдары, кинотаспалар мен
киноочерктерден үзінділер Қайнар әдеби хабарынң мазмұнын байыта түсті.
Хабрда қолдан құрастыруға келмейтін сусын қандырар шәрбат жырдың қыры мен
сыры, поэзия әлеміне саяхат жасалды. Жастар редакциясы жас поэзияның
шығармашлқ фестивалін жиі ұйымдастырып, жас талапкерлерге ақ жолтледі.
Сенің кітап сөреңде айдр бойынша бүлдіршіндер мен жасөспірімдер
Ы.Алтынсарин, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,
Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Бегалин, ӨТұрманжанов, М.Әлімбаев,
Б.Соқпақбаев т.б. шығармаларымен жете таныс болды.
Осылайша 1960 жлғы бағдарламалар өткірәселелерді мқсаты түрде
қозғай отырып, алдыңғы ұрпақтың ерлігн әңгімеледі, жақсы мінез-құлықтарды
үлгі ете отырып, жоғары патиоттық рухт батыл насихаттады. Ресми міндеттен
тыс, қазақ халқының бай ұлттық өнерін, салт, дәстүрін жастардың есіне
салып, олардың ұмытылмай, қайта жаңғыруына үлесін қосты.
Алғашқы елехабарлардың артықшылғы – тәрбиелік мәнінің жоғарылығы.
Хабарды ұтымды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің ойдағыдай қалптасуы,
теледидардың техникалық жағынан жетілмегендігі салдарынан бастапқы
хабарлардың осындай кемшлктері болды.
Алғашқы жылдардағы жастр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың басым топтары үшін медициналық және әлеуметтік қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету
Қазақстандағы орта жастағы халықтың қаржылық сауаттылығының жағдайы
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл
Оңтүстік Қазақстанның университет жастарының тіл қолдануы мен дамуын талдау
«Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеуді дамытудың негізгі бағыттары»
Теледидардың бала психологиясына әсері
Нәтижелер мен талдау
Ақпарат құралдардың шабуылдарының балаларға әсері
Жұмыспен қамту мониторингі бағдарламасын әзірлеу
Пәндер