ЭФИРДЕ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫН МЕҢГЕРУ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: “Сөйлеу техникасы”
Тексерген: аға оқытушы
Әбдіжәділқызы
Ж.
Орындаған: 103 топ студенті
Білдебаева Р.
Алматы 2004
ЖОСПАР
ЭФИРДЕ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫН МЕҢГЕРУ 2
ҚОРЫТЫНДЫ 19
Пайдаланылған әдебиеттер: 23
ЭФИРДЕ СӨЙЛЕУ ТЕХНИКАСЫН МЕҢГЕРУ
Радиода немесе теледидарда қызмет атқарамын деген журналистің ең
бірінші білуге, яғни бірінші білуге, яғни жаттығып үйренуге тиісті міндеті
– сөйлеу техникасын меңгере алуы. Сөйлеу техникасы дегеніміз – жүйелі
түрдегі жеке дайындықты талап ететін күрделі жұмыс.
Эфирдегі жүргізуші шешенділігімен қоса эмоциясы жоғары сезімтал, біз
сөбен айтқанда “артист” болуға тиіс. Ол сөйлеу шеберлігі техникасын
меңгергенде ғана толыққанды тамаша жетістікке жететіндігі сөзсіз. Мысалы,
немістің журналист философы Фидрих Ницшенің (1844-1900) мына бір пікір
бүгіндері де өз қажеттілігін жойған жоқ. “Тілді өте терең түсіндіретін
құдіреті бар, ол – сөздің өзі емес, ол – үн баяуы, сөйлеу екпіні,
модулациясы, сөздер жиынтығы, дыбыстау әуезі, анық дыбысталуы, созылуы және
шапшандылығы, астарын айқындайтын музыкасы, музыканың астарындағы құмарлық,
құмарлықты айтақ мені, түйсігі, түсінігі” – деген.
Радиоға немесе теледидарға алғаш қызметке тұрған журналистің әрине ең
бірінші меңгеріп үйренетін хабарлардың жазылуы және оның эфирге берілуі
болып табылады. Соныдқтан да оның қыр-сырын түсініп, ортаң қолдай эфир
қожасы болуға дейін аянбай тер төккені абзал. Еңбектенбесеңіз, ізденбесеңіз
халық сізді қабылдамайды (қабылдамайды дегеніміз – тыңдамайды дегеніміз).
Радиода немесе теледидарда сөйлеу дегеніміз – есту, көру арқылы
жететін көркем өнер. Әрине, бірақ сөзсіз – мылқау кино. Ал мылқаулық, ол –
трагедия. Сондықтан сөз дыбыстау әр кезде бірінші қатардан орын алады.
Шығарманың, тілдің көркемдігін сақтап, әрін, нормасын кемітпей, қазақы оқу
хас шеберлікті қажет етеді. Ақпаратты оқу мен музыкалық хабарларды немесе
көркем шыағрмаларды оқудың өз ерекшелігі бар. Айырмашылық жер мен көктей.
Әрине, ол үшін дауысқа, түйіске бай болған абзал. Көктемді күзбен, қысты
жазбен алмастыра алмайтындығымыздай, олардың оқу мақымын әр сарында, әр
биіктікте, әр шапшаңдықта оқығанда ғана тыңдаушы сіздің жаз емес, қыс
туралы айтып отырғаныңызға сенеді.
Сөйлеу мәдениеті, ауызекі тілге қатысты проблемалардың ішіндегі ең
мәндісі. Өйткені тіл заттық қасиеттен ада. Ауызекі тілге, сөйлеу
мәдениетіне мән беріп, оған жауапкершілікпен қарау – бүгінгі рухани өреміз
үшін қызармау, алдағы жарқын болашақтың қамын жеу болып табылады. Халықтың
ғасырлар бойғы ұғым-түсінігінің, арман аңсарының, жан-сырының, бітім-
болмысының алтын күмбезі – тілге дақ түсірмеу, тілді қастерлеу ең алдымен
дұрыс сөйлеу білуден басталады.
Тележүргізуші мәнерлі, ойлы, оралымды сөйлеуді меңгеруі үшін сөйлеу
техникасына жаттығып, дыбыстау мүшелерінің қызметіне қанығуы тиіс. Ол үшін
оның дыбыстау мүшелері қызметін жетік білуі қажет.
Сөйлеу техникасын ерекше мән беріп, тіл дыбыстарының заңдылықтарын
қатаң сақтау қажет. Сөйлеу техникасына: тыныс алу (ауаны ішкі жұту мен
сыртқа шығару), дауыс, дикция жатады. Сөйлеу техникасында дыбыстау
мүшелері: өкпе, тамақ, қуыс мүшелерінің (ауыз қуысы мен мұрын қуысы) орны
ерекше. Сөйлеудің мәнерлі, көрерменге жағымды да жайлы естілуі дұрыс дем
алуға байланысты.
Сөздердің анық естілмей, сөйлем мағынасының сақталмауы осы
заңдылықтардың бұзылуынан.
Теледидарда дауысы қоңыр, үні мамықтай жүргізуші бойына парасат қатар
қонақтап, шеберлік сап түзеген болса, ол қалың көрерменнің ілтипатына
ілінері анық. Сөйлеу кезінде дауыстың маңызы ерекше. Дауыс сөйлеуші адамның
сөзін, өзіндік үнін, көңіл-күйін тыңдаушыға бағыттап, жеткізіп отырады.
Дауыс – сенің үніңді, ішкі сезім әлеміңді, көңіл-күйіңді өзгелерге
жеткізетін айрықша құбылыс. Әрбір адам табиғат сыйлаған дауысқа ие.
Дауыс механизмі – күрделі жүйе. Ол дем алу аппараты, дыбыс шығару,
діріл және резонатордан тұрады. Осылардың бәрі де сөйлеу кезінде әрекетке
ене отырып, дауыстыға бес басты элементке: артикуляция, жоғарылық, үнділік,
қақын, әуезділікке әсер етеді.
Егер осылардың бірі бір-бірімен қабыспай жатса, онда шешен сөзінің
тыңдаушы, көрерменге әсерінде де тиімділік байқалмайды.
Архиепископ Мэджидің пікірінше, шешендердің үш категориясы болады:
“Біреулерді тыңдауға болады, енді бірін тыңдау мүмкін емес, үшіншілерін
тыңдамау мүмкін де емес”.
Шын мәнінде, сөзімізді өзгелердің тыңдау-тыңдамауы да даусымызға
тікелей қатысты.
Көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейін әлемнің екінші ұстазы
аталған ұлы ғалым бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби психологиялық зерттеулерінде
дауыс өміріне ерекше мән беріп, оны жоғары бағалаған.
Адамның жеке басының көңіл-күйін, күйінішін-сүйінішін, мұң-мұқтажын
қалтықсыз жеткізетін, сондай-ақ қоғамдық өмірде халықтың тіршілік тынысын,
халық жасампаздығының озық үлгілерін мәпелей отырып, болашақтың биігіне,
асыл арманға жетелейтін парасатты салиқалы хабар адамға шынайы рухани қорек
беріп, тіршілігін нәрлендіріп, өміріне сән бере алады. Олай дейтініміз,
халық тіршілігінде әрбір хабар зор қоғамдық мәні бар, терең әлеуметтік
тамыры бар, пәрменді идеологиялық қарулардың бірі. Сондықтан да болар,
ертеде өткен Шығыстың дана ойшылдардың бірі: “Егер бір халықтың қалай
басқарылып отырылғандығын, үлгі тұтар өнегесінің қандай екендігін білгің
келсе, сол халықтың үніне құлақ тұр”, - деген екен.
Дауысың анық, ашық әрі жеңіл, икемді, ойнақы жеңіл оқысаң, ол
тыңдаушысын баурап алады. Оның құлағына жылы да жағымды естіледі. Икемділік
мен ойнақылық оларды жалықтырмайды. Кең диапазон әрбір хабарды
қанағаттандырып отырады, сүйектен өтер сөзді заңғар көктегі қыранша
құйқылжытып, еріксіз қалықтатады. Мұның бәрі шеберлікке апаратын жол.
Мәселен, сахнада өнер көрсетіп жүрген актер өз кейіпкерлерінің
бейнесін сөзімен толық жеткізе алмаса, қимылымен, жүріс-тұрысымен, бет-
пішінімен жеткізеді. Дауыстың әр діріліне, әр үніне, сұлу, сөздің сиқырына
ғажап мән бере біл! Өзіңнің табиғилығыңды таныта біл, қазақтың шетсіз де
шексіз дариядай толқын сөзінің нақышын, бай ойнақылығын, қорғасындай
салмақтылығын, алмас қылыштай алғырлығын кәдеңе жарат.
Дауыс мақамы иірімді, үні ашық, ойы орамды жүргізуші өз
көрермендерімен лирикалық байланысқа түсе отырып. Олармен экранда бетпе-бет
келіп, оларға әсер етушілік мүмкіндігін пайдаланады.
Әлбетте, тікелей эфир жүргізушісі тыңдарманды өзіне баурап алу үшін ол
дәл қазіргі таңда көпшілік аса мұқтаж болып отырған проблемалардың
әрқайсысын өз алдына топтастырып, соған сәйкес сұранымдар мен мүдделердің
ерекшеліктерін есепке ала отырып, хабар барысындағы әңгіме желісін жүйелеп,
оның эфирлік сипатын ой елегінен өткізіп, сонымен қатар, бұл хабарды
тыңдаған сәтте қалың бұқараның қандай әсер алып, оны қаншалықты қажетсініп
қабылдайтынына мән бере білуі қажет. Ең бастысы, тікелей эфир жүргізушісі
тартымды да, татымды, ұтымды да ұтқыр дүниелердіғ үздік үдірісін ұстанатын
кәсіби маман болуы керек. Ол үшін журналист сол тұрғыдан қойылатын талаптар
деңгейінде өзінің кәсіби санасын қалыптастыруы тиіс.
Кәсіби сана – журналистің жеке санасындағы көзқарас, сенім формасында
жүзеге асатын кәсіби-адамгершілік түсініктер. “Журналистің кәсіби санасының
құрылымы:
а) әдістемелік сипаттағы білім, яғни жалпы ізденіс пен тақырыпқа
сәйкес әлеуметтік зерттеулер негізінде жинақталған білім
ә) Технологиялық ережелер мен қағидалар, яғни тікелей эфирдің
техникаға тәуелді екеніне және радиоарнаның ұстанған бағытына байланысты
туындайтын талаптарды орындау мен ережелер сақтау
б) адамгершілік бағдарлар, яғни, мәдениеттілік таныту, сыпайлық
сақтау, дүниетаным деңгейін көрсету
в) жұмыс барысында жинақталған тәжірибе, яғни, күн сайын шеберлікті
шыңдау.
Міне, осы кәсіби сана құрылымын толық меңгергенде ғана журналист
профессинализмнің кілтін тауып, өзінің ішкі даусын тыңдау қабілетіне ие
болады. Сөйтіп ол өз қызметіндегі мейлінше күрделі жағдайларда кәсіби
қағидаларды пайдаланып, саналы нәтижелерге қол жеткізеді”.
Микрофон алдында өзіңді үнемі белгілі бір қашықтықта ұстау керек. Эфир
басталмастан бұрын дыбыс режиссері мен біге аса маңызды осы мәселені шешу
қажеттілігін микрофон сіздің еркін қимылдауыңызға кедергі жасамайтын болуы,
алайда тікелей эфир кезінде өзіңізге бағытталған микрофоннан тым алшақтамай
не аса бір ауызыңызға тақамау керектігін естен шығармаңыз. Микрофон жақ
кезінде аяқылықтардың орнын түрлі дене қимылдары толықтырады. Эфирге шығар
алдында белгілі бір затты етіп, айна алдында жаттығыңыз.
Сөйлеу кезінде дене қимылың да зор рөл атқаратындығын есте сақтаңыз.
Микрофонға қарап әдеттенбеңіз, көзіңізді одан асыра, көрерменге тіке
қараңыз!
Теле студияда сөйлеу радиостудиядағы сөйлеуден едәуір өзгеше. Айрықша
талап қойылып, көптеген проблемалар туындайды. Микрофон алдындағы
қорқынышты көңіл-күйді жеңу үшін сабырлылық сақтап, сөйлейтін тақырыбыңа
еніп, әңгімені көтеріңкі, көңілді әуенмен бастау керек. Алдын-ала бос
бөлмеде төрт-бес рет жаттығу жасау да артықтық етпейді. Ол саған
телестудияға келген кезінде көп жеңілдік тудырады. Егер сен жақсы сөйлеп
үйренсең, эфир кезінде өз ой-пікіріңді еркін, салмақты жеткізесің. Жаттығу
кезінде алдыңа әлденеше адамның бейнесін елестетіп, өзіңді дәл солар саған
тура қарап отырғандай сезін. Сенің дауысың әлденеше жүз мыңдаған
адамдардың жүрегіне құйылып, ақыл-ойларына кірігіп жатады. Сен ауыздан
шыққан әрбір сөзіңе есеп бере отырып, оның қалың көрерменге арналып
жатқанын ұсынасың. Қиюласа қиысып маржандай тізіліп, ой тізбегі шашырамай
төгілген сөздер легі сенің көңіл-күйіңді көтере, өзіңді асқақ ойларға
жетелейді. Студия ішіндегі 2-3 адаммен әңгіме барысында сен бәрін дн ұмыта,
тек қана өзіңді сол тақырыпқа кіріктіре отырып, сонымен біте қайнасып,
қабыса байланысуың керек.
Жинақылық, батылдық, білімділік, ой тереңдігі қандай қиын жағдайда да
саған көмекке келеді.
Көрермендер көпшілігінде әлемдегі жаңалықтар, өзін қызықтыратын жайлар
туралы толығырақ мәліметтер керек. Көрерменде қызығушылығын оятуда тіл
байлығы мен сөйлеу өнерінің қатарласа қабысқаны керек. Егер сіз эфирде
талғамсыз, нәрсіз бес-алты тіркесті қатар қолдансаңыз, одан әрі теледидар
алдында көрерменді ұстау мүмкіндігінен айырылғаныңызды өзіңіз де сезінесіз.
Бастау, кіріспе сөзіңіз аса қысқа, нақтылы, қызғылықты, қалған ойларға жол
салатындай, сол ойларың ең негізгі қайнарларынан құралса. Мысалдар бір-
бірін толықтыра, бірін-бірі түрлендіре дамып отыруы тиіс. Бір бөлімнен
екінші бөлімге өту кезінде ой жүйесінде үзіліс жасамай, сабақтастық іздей
отырып, бір-біріне өтіңіз. Фразалар қысқа, небәрі 20 сөзден аспауы тиіс. Ол
жағдайда сөз сөздің қатынас құралыңызда ең басты орынды иімденеді. Сөз
ойларға толы, ығақты және образды болуы тиіс. Қорытынды кезең де қысқалыққа
негізделіп, ол 1-2 ұтымды тіркестерге немесе қысқа мысалдарға құрылуы
қажет.
Сөйлеу кезінде бірсарыптылық, созыңқылық, сөзді бөлшектеуден аулақ
болыңыз. Түрлі екпін және сөйлеудегі анықтылық пен құлақ құрышыңды қандырар
майда қоңыр да сазды әуен жүргізушіге қажетті басты жайлардың бірі. Сөйлеу
кезінде дауысты ретсіз құбылту мен жасандылықтан аулақ болыңыз.
Теледидарда аса жылдам сөйлеңіз, алайда үзілісті де ұзаққа созбаңыз.
Теледидардан сөйлеу кезінде мәнерге жеткілікті мән бере отырып, ыртық
жайлардан арылу қажет. Телехабар-1 көпшілігінде айтыс не сұрақ-жауап
түрінде өтеді. Камера алдында шалт қозғалыстардан сақтаныңыз, өйткені ол
сіздің камера кезінен шығып кетуіңізге әкеліп соғады.
Эфир – қашанды айқас алаңы екенін естен шығармағайсыз.
Тыңдарман талғамын қанағаттындыратын бірнеше аспекті бар. Соның ең
бастысы – сөйлеген сөздің салмағы, тіл мәдениеті. Сөйлеген әрбір сөзді
таразылайтын тыңдарманның алдында негізсіз жалған сөйлеп, оралымды тіркес
таппай орағытып айтамын деп “орға құлап” жүрсең, сүттегі ұйып отырған
тыңдаушының сеніміне сызат түсіресің.
Мәдениет тілінің мәйегі сәлемдеуден бастау алады. Осы орайда сыпайылық
деген әдептіліктің бір тармағы жүргізушінің сенімді серігі бола алады.
Тілдің майын тамызып сөз бастамас бұрын, айтылар әрбір сөздің
тыңдаушының әрқайсысына қалай ықпал ететінін бағдарлап алған дұрыс. Иә,
тікелей эфирде хабар жүргізіп отырған жүргізуші тыңдарман аудиториясының
енді былдырлап шыға бастаған бүлдіршін мен жалындай лаулаған жас та, от
ауыды шешен де, ел билеген сөз сабақтаса, көпшілік алдында сөйлеу
мәдениетінің бір ұшын түйіндейді.
Бұл бір жағынан жүргізушінің шеберлігін шыңдаса, екінші жағынан
тыңдарман қатарын көбейтеді.
Тікелей эфир тілінің тыңдарманның жан-дүниесін баурап, кәдімгідей
ұйытып алатын өзіне тән әдіс-тәсілдері бар:
1. Үннің маңыздылығы.
Тарғылданып, қатқылдау естілетін, шашырап, тістің арасынан ызыңдап
немесе ызылдап шығатын дауысты ұзақ уақыт тыңдап отыруға ешкімнің
зауқы соға қоймас.
Сондықтан да радиода, дәлірек айтсақ, арқалаған жүгі ауыр тікелей
эфирде үннің маңызы зор. Ашық, күмбірлеп тұрған немесе қоңыр, тұнық
үнді жүргізушінің әр сөзі тыңдарманның құлағына майдай жағып,
еліктіріп, елтіп әкетері сөзсіз.
2. Дауыс ырғағы.
Құлағы бұралмаған домбырадай ырғақтан жаңылып сөйлеу де, 1-ден,
жағымсыз естілсе, 2-ден, мағынаға нұқсан келтіреді. Әрбір сөзінің ғана
емес, сөз тіркестерінің мағынасы мен олардың сөйлеп тұрған сәттегі
орнын жаңылыспай айту, табу білімділікті, ұқыптылықты талап етеді. Еге
де арасына үзіліс салынбай айтылатын сөздерді бөліп, бақа келесі
сөзбен біріктіріп айтса, әңгімесінің арнасы бұзылып, эфир енжар
айтылған сөздермен толтырылып жатқандай кейіпке енеді. Ал, сөдедің сөз
тіркестерінің айтылу ережесін сақтап, крек жерінде көтеріңкі, я
болмаса салмақты дауыс ырғағымен айтса, тыңдарман үшін де,
жүргізушінің өзі үшін де алынған белестердің бірі болар еді.
3. Көңіл-күй.
Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды меңгеруінің маңызы зор. Мейлі
сен ашуланып, не ауырыңқырап тұрсаң да, әуе толқынында хабар жүргізіп
отырғаныңды соның барлығын ұмытып, тыңдарманды тақырыпқа тартып,
қалыпты жағдайдағы көңіл-күймен сөйлей білуің керек. Тікелей эфир
жүргізушісіне үлкен салмақтылық пен орнықтылық та қажет.
Өйткені, тыңдарман байланыс кезінде кенеттен айтылған күлкілі нәрсе,
қатты айтылған қағытпа сөз – бәрі-бәрі, адам болған соң жүргізушінің шамына
тиері анық.
Осындай кезде эмоциялық ерікке жол бермей, сары алтындай салмақпен
жауап қайтару өзге тыңдаушыларды бір сүйсінтіп тастайды. Тікелей эфирдегі
тіл мәдениетінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz