Теледидардағы тіл мәдениеті
Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті.
Реферат.
Тақырыбы: Теледидардағы тіл мәдениеті
Орындаған: Ақышев Құралбек Сардабекұлы.
Тексерген: Әбдіжәділқызы Жидегүл.
Алматы, 2005.
Теледидардағы тіл мәдениеті
Тіл – белгілі бір қоғам мүшелерінің өзара түсінісуінің, пікір
алысуының, олардың барлық іс-әрекеттерінің құралы. Тіл – сонымен бір
мезгілде адамдардың ойлау қабілетін іске асырушы, оны одан әрі дамытушы,
ерік–жігерін сезімін білдіруші, мәдени – тарихи дәстүрлерін үрпақтан –
ұрпаққа жеткізуші құрал. Тіл мәдениетке, әдебиет пен ғылымға, өнер мен
білімге және олардың дамуына, оқу–ағарту, тәлім–тәрбие, үгіт–насихат
жұмыстарына қызмет етеді. Тіл құралы неғұрлым жақсы шыңдалған болса және
сол тілді пайдаланушылар осы құралмен жақсы қаруланған болса, солғұрлым
оның күші арта түседі.
Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту – жалпы мәдениетке, оның ішінде
тіл мәдениетіне қойылатын аса қажетті шарттардың бірі, олай дейтініміз,
қоғамдық өмірде тілдің қатынаспайтын жері болмайды, тілсіз қоғам болуы
мүмкін емес, ал қоғам бар жерде тіл мәдениеті де болуы керек.
Осыған орай, халқымыздың мақал–мәтелдерінде тіл мәдениеті жөнінде
айтылған пікірлердің терең мәні мен маңызы бар: өнер алды қызыл тіл, тіл
қылыштан өткір, қызыл тіл - жанның мияты, бас кессе де тіл кеспек жоқ,
піл көтермегенді тіл көтереді және т.б. Сондықтан да болар, қоғам үшін
қызмет ететін тілді халық өзінің қарым–қатынас құралы ретінде қадірлеп,
жетілдіріп, әдебиеттендіріп және мәдениеттендіріп отырады. Тілді әлемдік
мұхитпен салыстыруға болады, онда алуан–алуан тілдік үдерістер (процестер)
жүріп жатады. Кезінде бұл құбылысты академик Ісмет Кеңесбаев былайша көркем
сүреттеген: Тіл бейне бір шексіз мұхит, оған дария суы да, ірілі–ұсақ өзен
суы да, қайнар бұлақ та, өткінші жауын да, қажетсіз май су да құйылып
жатады. Тіл кәрі тарихтың айғағы: есте жоқ ескі, көне заманнан мызғымастан
келе жатқан әрқилы сөздер, сөз тұлғалары да, әр дәуірге сай қат–қабаттаса
жалғасқан үстеме элементтер де, көрші елдерден ауысқан сөздер де кездесіп
отырады (Қазақ әдебиеті газеті, 1959 – ж., 15 май). Осыған орай, біздің
ойымызша, мәдениетті тіл деп ұлттық дербестігін сақтаған, сөз байлығы мол,
грамматикалық құрылысы, стильдік мүмкіншілігі, мағына дәлдігі берік
сақталған тілді айта аламыз. Олай болса, теледидардан алуан түрлі
хабарларды ұйымдастырғанда мемлекеттік тілдің – Ана тіліміздің қыр–сырын
жан–тәнімен түсінетін, сөз құдіретін бағалай білетін адамдар сөз алатыны
құба–құп. Бұл жерден сөйлеу тілі мәдениетін қалыптастыруда радиомен қатар
теледидардың да ерекше қызмет атқаратынын түсінуге болады. Яғни, тіл
мәдениеті, ауызша сөйлеу тілінің үйлесімі тіл эстетикасы өнерінде айырықша
екшеленіп, ғылыми тұрғыдан да терең мән берілуі керек екеніне көңіл
аударамыз. Әлбетте теледидардың радиодан айырмашылығы – көркемдік құрал
және публицистикалық айтылу жағынан ерекше болады, әрі түбірінен өзгеше;
радиодағы негізгі бейнелеуші құрал – дыбыс, ал теледидарда сөзге қосымша
бір мезгілде көрініс те әсер етеді. Сан мыңдаған, тіпті миллиондағн
көрермендердің көңілін аулап, жүрегінен жылы орын тауып, майын тамыза
шешен сөйлеу де – үлкен өнер және кәсіби шеберлік. Осындайда ебін тауып сөз
айтатын теледидар жүргізушісі ең алдымен, көрермен үшін, әр көрерменнің
талғамы үшін жұмыс істеп отырғанын ұмытпағаны жөн.
Мәдениетті тілдің лебі сәлемдесуден басталады. Осы орайда әдептілік
пен сыпайлықтың бір тармағы телехабар жүргізушінің айнымас серігі бола
алады. Өкінішке орай, біздің байқауымызша, әдепті де инабатты сәлемдесу
қазіргі таңда кейбір телехабар жүргізушілерінің еншісіне тимей қалған
сияқты. Сөзіміз дәйексіз болмас үшін мысалдар келтіруді жөн санадық: КТК
арнасының Күндерек бағдарламасын жүргізушілер бірде Ассаламмағалейкум!
деп айбат шеккендей болса, енді бірде, кешіріңіздер, ұлы сөзде ұят жоқ
дегендей, Армысыз! де арс ете түскендей амандасуларын қоймай жүр. Осылай
сәлемдесу, біздің ойымызша, әсіресе әйел диктаторларға жараспаса керек. Ал
НТК арнасының музыкалық бағдарламасын көрермендердің жас ерекшеліктеріне
қарамастан, екі туып, бір қалғандарын көргендей Сәлем! Сәлем бердік!
деулеріне не айтуға болады. Осындай дарақы да даңғой амандасудан хабарын,
бағдарламасын бастаған тележүргізушілерден көрермендердің бойларын аулақ
ұстайтыны даусыз. Әділін айтсақ, көрермендерді үркітіп жіберген
жүргізушінің өзі кінәлі. Сөздік қорымыздың тарихына үңілсек, армысың!
деген етістікті кім көрінген айтпай, алыстан, жорықтан оралған, туған жерін
айлар, тіпті жылдар бойы көрмеген жолаушы немесе жауынгер айтады екен.
Мысалы, Өскен ел, туған жерім – армысың! Жауға оқ атып, фашистерді
тойтаратып жүрмін. (Ж. Аяшев. Алақан.). Сонда кеше ғана көрермендермен
жүздескен жүргізушінің әр хабар, әр ақпарат сайын армысыз! деп қайталамай
беруі, сөкеттігі былай тұрсын, біздерді, яғни көрермендерді әбден мезі ғып
жібереді.
Ал сәлем!, сәлем бердік! дегендерге келетін болсақ,
көрермендердің алдында дайындайсыған, тәлім–тәрбиесі шамалы жүргізушіні
көргендей боламыз. Жоқ, әлде жүргізушінің ағылшындардың Ні (Хай!),
Hello! (хэл‘оу!) немесе орыстардың Привет!, приветствуем тебя!
дегендеріне еліктегені ме екен. Тап осы жерде жүргізуші өзінің кім екенін,
қазақ екенін де, ұлттық намысын да ұмытқандай.
Сөз басталмас бұрын, айтылар көрерменнің әрқайсысына қалай әсер
ететінін бағдарлап алып, үлкен ізеттілікпен Сәлеметсіздер ме? деп
сәлемдесуге әбден болады емес пе! – Үлкенге кішілік, кішіге кісілік көрсете
отырып ой тастау қазақ халқының қанына сіңген қасиет, ал осы қасиетті
емін–еркін иемдеген жүргізуші–журналистің алдында алынбайтын қамал,
өтпейтін асулар болмауға тиіс. Әлбетте, телестудияға хабар жүргізіп отырған
жүргізуші көрермен қауымның ішінде енді ғана тілі шыға бастаған бүлдіршін
мен жалындай лаулап, бәріне де қанық болғысы келетін жас та, көпті көрген,
түйгені мол қария да, елдің қамын ойлайтын зиялы жанның да сөз сабақтаса,
көпшілік алдында сөйлеу мәдениетінің ұшын түйіндейді. Бұл бір жағынан
жүргізушінің шеберлігі шыңдаса, екінші жағынан көрермендер қатарын көбейте
түседі. Басқаша айтсақ, тақырыптың аясына өзінің де қатысын білген,
қажеттілігін түсінген көрерменнің құлағы да көзі де елең етіп, қызығушылығы
пайда болып, ықыласы арта түседі.
Көрерменнің теледидарға көңілін әбден аударып алған соң,
жүргізушінің ендігі бар міндеті – осы көрерменнің қызығушылығы мен ықыласын
жоғалтып алмау. Бұл үшін бәрін бұзып–жаратын қарадүрсін шаралар емес,
қандай да болмасын бір істі бабымен бағындыратын әдіс, амалдар керек. Егер
радиода тікелей эфир тілінің тыңдарманын баурап алатын төрт амал-әдіс
болса, біздің ойымызша, теледидарда көрерменнің қызығушылығы мен бар
ықыласын өзіне аударып алатын бес әдіс–тәсілдердің міндетті түрде болғаны
жөн:
1. Жүргізушінің сырт пішіні.
Тап–тұйнақтай, әсем де сәнді талғаммен киінген жүргізуші ә дегеннен
көрермен қауымын өзіне қаратып, олардың жылы шырайына ие болады. Керісінше,
қымбат та болса есерлеу киінген, еркетотай қыздай шолжаңдап, қылымсыған
еркек жүргізушіні не болмаса инабаттың ізі де жоқ, ұр да жық дарақыланған
әйел жүргізушіні көрген көрермен қауымның қынжылып, күйінгенінен басқа
телеарнаға ауысып жатқандарын талай–талай байқағанбыз. Өкінішке орай,
мұндай келеңсіздіктерден кейбір жүргізушілеріміз әлі күнге дейін арыла
алмай келе жатыр.
2. Көңіл – күй жағдайы. Теледидар болған соң, көрерменнің көзіне көңіл–күйі
екінші кезекте, яғни оның сырт пішінінен кейін байқалады. Ол заңды да.
Қабағынан қар жауып, сіркесі су көтермейтін, бұлтша түнерген жүргізуші
кімге ұнасын? Сондықтан да болар, теледидардағы психологиялық ахуалды
меңгерудің маңызы зор. Жүргізуші ауырып қалса да, қабағын шытып ашуланса
да, телехабар жүргізген кезінде сыр бермеуі керек, яғни қалыпты жағдайдағы
көңіл-күймен сөйлей білгені абзал болады. Тікелей телехабар жүргізушіге
байсалдылық пен байыптылық та қажет. Олай дейтініміз, көрерменмен байланыс
кезінде орынсыз да қағытпа айтылған қатты сөз, дөрекі шымшу сөз – бәрі-
бәрі, адам болған соң жүргізушінің де, көрерменнің де шамына тиері анық.
Осындай кезде эмоциялық ерікке, яғни жан-сезімі толғанысының әсірелеп
кетуіне жол бермей, сабыр түбі сары алтын дегендей, байыпты да салмақты
жауап қайтару өзге көрермендерді де бір сүйсінтіп те разы ғып тастайды.
Бұдан телехабар мен бағдарламадағы тіл мәдениетінің көңіл-күймен байланысын
үзбей, белгілі бір сабақтастығын сақтап, өзара үндестігін табу – жүргізуші
білімінің тереңдігін айқындай түседі деген тұжырымға келеміз.
3. Үннің маңыздылығы. Қатқылдау да тарғыл естілетін, тістің арасынан
сызылып шығатын не болмаса ыңырана–ыңқылдай естілетін дауысты ұзақ уақыт
тыңдауға, сірә, ешкімнің де дәті шыдамас. Сондықтан да радиодағы, теледидар
үнінің де маңызы зор. Ашық, қоңыр да тұнық үнді жүргізушінің әрбір сөзі
көрерменнің құлағына майдай жағып, жылы тиетіні айтпаса да түсінікті деп
ойлаймыз.
4. Дауыс ырғағы. Әр сөзді, әрбір сөз тіркестері мен сөйлемді дұрыс та
жаңылыспай айту, тек білімділікті ғана емес, сондай–ақ зейінділік пен
ұқыптылықты да талап етеді. Өйткені ырғақтан жаңылып сөйлеу мағынасыз да
жағымсыз естіледі. Сондықтан да сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу
ережесін сақтап, керек жерінде көтеріңкі, керексіз жерінде баяулата дауыс
ырғағымен айтса, жүргізуші үшін де, көрермен үшін де әңгіме арнасы ешбір
бұзылмай сәтті шығады.
5. Тілдің тартымдылығы. Тіл қарым–қатынас құралы болғандықтан оның
тартымдылығы дегеніміз сөйлесу, пікір айту немесе ой бөлісу кездерінде
әдемі сөздерді жіпке тізген моншақтай айту емес, мағыналы сөздермен анық та
түсінікті етіп оралымды ой айту, сол оралымды ойдың өзін әдепті де инабатты
тілмен жеткізу болып табылады. Осыған орай, дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге
дағыланған, әбден тіл қалыптарына, яғни нормаларына төселген адамның тіл
тартымдылығы да ешбір мінсіз болады, яғни оның сөйлеген сөзі де, жазғаны да
ешбір кедір–бұдырсыз, жатық шығып жатады.
Сонымен, сөзімізді тұжырымдай айтатын болсақ, жоғарыда көрсетілген
тәсілдердің бәрі жүргізуші үшін де, көрермен үшін де, олардың рухани
қажеттілігін қанағаттандыруға және өтеуге бағытталған. Тағы бір айтармыз,
осы аталған тәсілдер, бір жағынан, көрермендердің қызығушылығы мен ықыласын
арттыра түссе, екінші жағынан, жүргізушілердің кәсіби шеберлігін шыңдай
түсуге зор үлес қосады.
Біздің пайымдауымызша, тіл мәдениетінің басты талабының бірі – тілдің
халықтық қасиетін дамыту, ана тілінің бар байлығын талғам елегінен өткізіп,
кеңінен әдеби тілге енгізу. Тіл мәдениетінің қамын жеу, сайып келгенде, тіл
тазалығына, ой дәлдігіне қамқорлық жасау болады. Ал осы қамқорды алдымен
жүзеге асыратындар, әрине – журналистер, радио, телехабар мен бағдарлама
жүргізушілер, қыл қалам шеберлері, қысқасы, барша зиялы жандар болуы керек
деп санаймыз.
Журналистің айтар сөзінің түп–төркіні оның ой–пікірінен, яғни
идеясынан бастау алады. Ол журналистің өзі жүргізіп отырған пікірталастың
тақырыбын қаншалықты меңгергенін ғана емес, білімі мен біліктілігі
деңгейінің қаншалықты тереңдігін де анықтап беретін өлшеуіш құрал. Айтар
ойы анық, нақты идеямен қаруланған тікелей эфир жүргізушісі әуе толқынына
шықпас бұрын, бір сатылы дайындықтан өтіп алды деуге болады. Дегенмен, бұл
тамсандырып, тамылжытып, елді аузына қаратып сөйлей білуді меңгеріп кетті
деген сөз емес. Теледидарда сөйлеу әдептілік, инабаттылық пен көркемдіктің
үйлесім тапқан, жазылған сөзге жан бітіріп, әңгімелесіп отырғандай кейіпке
ену көрінісі. Сондықтан әрбір сөз, сөз тіркестері мен әрбір сөйлем ине-
жіптен жаңа шыққандай, тап-тұйнақтай, оңды-солды бұрмалауы жоқ нақты да дәл
болуы шарт.
Бірақ, балдай тәтті, алмас қылыштай тілі бар жүргізуші қаншама тартымды
сөйлегенімен, жалғыз өзі ерте ме, кеш пе көрермендерді жалықтырып жіберуі
мүмкін. Кез келген хабар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz