Азия өзендеріне жалпы сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І – Тарау Азия өзендерінің физикалық-географиялық жағдайы
1.1 Азияның өзендеріне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .4
1.2 Азияның басты өзендерінің географиялық
ерекшеліктері ... ... ... ...13

ІІ – тарау Азия өзендерінің шаруашылықта пайдаланылуы мен қорғау
мәселелері
2.1. Азияның өзендерінің су мөлшері және су
айналымы ... ... ... ... ...23
2.2 Азия өзендерінің халық шаруашылығындағы маңызы мен
өзен суларын қорғау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 1
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...32

Кіріспе
Азия өзендерге өте бай. Мұнда жер шарындағы көптеген ірі өзендер
бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Бұл өзендердің
орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты
келеді.
Солтүстік мұзды мұхитқа Яна, Индишрка, Колыма, Тынық
мұхитқа, Амур, Хуанхе, Янцзы (көгілдір өзен),
Меконг, Үнді мұхитқа Брахмапутра, Ганг, Инд, Әл-
Араб өзендері құяды.
Жұмыстың мақсаты: Бұл жұмыстың мақсаты Азия өзендерінің ашылмаған
сырларын болашақта ашу мақсатында жүргізіліп, курстық жұмыс ретінде
жазылып, қазынасы мол өзендердің адам өміріндегі алатын маңызды
орны мен мәнін ашу болып табылады.
Жұмыстың міндеті: Өзендерді зерттеу және қорғау адам баласының міндеті.
Өзендерді зерттеуде арнаулы аппарттар, эхолоттар өзен зерттеушілеріне
өзендердің тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың өзектілігі: Бұл жұмыс негізінен көп ізденістер мен
еңбекті
талап ететін сөзсіз. Тақырып аясы болып табылатын Азия
өзендерінің шарауашылықта пайдалануы, қазіргі экологиялық мәселелері туралы
қарастырылған.Бұл жұмыс нақты және айқын жазылған. Жұмыстың зерттеу
дәрежесі: тақырып кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттерден тұрады.

І – Тарау Азия өзендерінің физикалық-географиялық жағдайы
1.1 Азия өзендеріне жалпы сипаттама
Аралдарымен бірге Азияның территориясынан ағатын жылдық ағын
16 мың км шамасында, яғни Жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық
ағынының жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм-
ге тең.
Азияда ұзына бойы созылып жатқан таулар көп. Осы таулардан
Азияның ең ірі өзендері ағып келіп мұхиттарға құяды. Осы ең ірі
өзендердің бастауы мына таулардан ағып шығады. Мысалы, Кавказ, Тянь –
Шань, Гималай, Памир, Тибет, Қарақорым, Гиндукуш және тағы басқа таулар.
Осытауларда мұздықтар көп таралған. Мұздықтар өзеннің толығуында аса
маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60% ─ і сыртқы, 40%─і ішкі
тұйық алапқа орналасқан.
Азия өзендерге өте бай. Мұнда Жер шарындағы көптеген ірі
өзендері, көлемді және терең көлдері, жер асты суының мол қоры
бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Бұл өзендердің
орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты
келеді.
Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік – батысында
өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің 13
бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына
материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен
Скандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.
Су ағынының жылдық орта мөлшері жөнінде Азия жер шарында
бірінші орын алады. Оның өзендерінің барлығы жыл сайын мұхитқа
12 850 км2 су әкеліп құяды. Шетке ағып шығатын ең ірі өзендері
Азияның ішкі аймақтарының тау жоталары мен таулы қырыттарынан
басталып, жан – жаққа тарайды.
Азияның континенттегі ішкі сулардың таралып орналасуы тіпті
әркелгі. Құрылымы мен рельефіндегі бірқатар айырмашылықтар, климаттық
контрастар және соған сәйкес жауын – шашынның әркелкі жаууы
материктің шегіндегі жер беті, сондай – ақ жерасты суларын
таралуындағы үлкен айырмашылықтарды тудырады. Бұл өзендердің қабаттық
миллиметрмен алынған жылдық ағыны таралуының каратасында жақсы
көрінген: ағынның максималдық жиынтығы ( 1500 мм ден артық)
субэкваторлық және экваторлық белдеулерге, әсіресе Зонд архипелагы
аралдарына, одан кейін Үндіқытай мен Үндістанның батысында және
Гималайдың орталық бөлігіне тән. Басқа белдеулерде ағынның мұндай
жоғары жиынтығы Жапон аралдарының, Альпінің, Скандинавия таулы
қыратының аздаған региондарына ғана тән. Осы региондардың айтарлықтай
үлкен бөлігінде жылдық ағын 1500 мм – ден аз, бірақ 600 мм – ден
артық болады. Солтүстік және Шығыс Азияда жылдық ағын мөлшерлері
200 – ден 600 мм – ге дейін жетеді. Орта және Орталық Азияның орасан
зор территориясының, Үні бассейінің, Иран таулы қыратының және
Аравия түбегінің жылдық ағын мөлшері 50 мм – ден аз, сол сияқты
көптеген аудандарындағы қабаттың қалыңдығы 15 мм ден аспайды. Осы
сандар материктің алуан түрлі бөліктеріндегі – жер бетіндегі су
торларының жиілігі мен сипатындағы айырмашылықтарды белгілі дәрежеде
көрсете алады.
Ішкі тұйық алаптардың биік тауларындағы қар мен
мұздықтардан басталатын өзендер жазда қатты тасиды, суы мол болады.
Мұндай өзендер шөлдер арқылы ағып өтіп, алысқа барады ( мысалы,
Амудария мен Сырдария). Тау баурайларынан басталатын, қар және
жаңбыр суымен қоректенетін ұсақ өзендердің су шығыны тұрақты емес.
Олар нөсерлерден кейін ғана қысқа мерзімге тасиды да, қалған
уақытта тартылып қалады. Солтүстік Азия өзендері негізінен қар
суымен қоректенеді. Бұл өзендер көктемде, қар ерігенде, өте қатты
тасиды, қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады. Азияның суы мол ірі
өзендері жол қатынасына және жер суаруға көне заманнан бері
пайдаланылып келеді. Орта Азияда Месопатамия, Ұлы Қытай жазығы,
Үнді – Ганг ойпаты сияқты суармалы егіншіліктің ежелгі орталықтары
бар. Тау өзендері су энергиясының қорына мейлінше бай, бірақ энергия
қоры барлық жерде бірдей игеріледі.
Азияның беті Солтүстік Мұзды, Тынық, Үнді мұхиттарының
бассейндеріне жатады. Материктің шеткі бөлікте әсіресе батыс, шығыс,
және оңтүстік – шығысында жиі су торлары бар, оған аса ірі өзен
жүйелері енеді.
Ішкі және оңтүстік – батыс аудандарда жер бетіндегі сулар
мүлдем болиайды, сондықтан мұхитқа қарай ағын жетпейді. Азияның
жалпы ауданының 30% - тен артығы (Каспий теңізі бассейнін қосқанда)
ішкі ағын территориясына тиеді.
Жерорта теңізі мен Қара теңізге құятын бірнеше кіші – гірім
өзендер Атлант мұхиты алабына жатады. Ішкі тұйық алаптардың
өзендері шағын, ағыны тұрақсыз келеді, олардың ірілері: Орта азияда
Амудария, Сырдария, Іле, Теджен, Мұрғап, Ауғанстандағы Гильменд,
Орталық Азияда Тамир тағы басқа. Бұл өзендердің бір қатары көлге
Арал, Балқаш құяды да біразы құмға немесе сорға сіңіп кетеді. Араб
түбегінің ішкі алабында су уақытша ағатытын құр өзектер – уәдилер өте
көп. Өзендердің су қоры мен жеке аймақтардың ерекшеліктеріне
байланысты. Ал экваторлық белдеудің өзендері біріңғай жаңбыр суымен
қоректенеді де, жыл бойы суы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия
өзендері муссондық режимге жатады.
Азияның солтүстігінде өзен мен көл торының қалыптасуында
тектоникалық процестер мен төрттік мұз басуы үлкен роль атқарады.
Өйткені территория геологиялық тұрғыдан қарағанда мұз жамылғысынан
жақында ғана босағандықтан су торабының басты ерекшелігі
морфологиялық жастағы болып табылады. Азияның солтүстігіндегі өзен
аңғарлары мен көл қазаншұңқырлары көпшілік жағдайда мұзбен өңделген
тектоникалық жарықтар болып саналады. Олардың көлемдері алуан түрлі,
кескіндері ғажайып. Өзендер әдетте қысқа және көбіне көлдер
аралығын жалғастыратын жол қызметін атқарады. Аса ірі өзендердің
аңғарларында көптеген көл тәрізді кеңіген жерлер бар және ұзына
бойғы профильдері жетілмеген. Олар қатты тау жыныстарының шығыңқы
жерлерін кесіп өткен кезде көптеген шоңғалдар жасайды.
Жауын – шашын мөлшері көп болғанымен, өзендердің көпшілігі
бүкіл жыл бойы мол сулы болады. Бұл суық климат жағдайларында
нашар булануымен, сондай – ақ өзендердің көлдерден, батпақтардан және
жер асты суларының есебінен қосымша су алуымен түсіндіріледі.
Азияның солтүстігіндегі өзендерде пайдаланатын су энергиясының
мол қоры бар. Азияның орта бөлігінде рельеф күшті тілімденген.
Өзендердің барлығы дерлік аласа таулардан басталып, жазықтармен ағып,
Азияның ішкі бөліктерін теңіз бассейндерімен байланстрады.
Батыстан шығысқа қарай климаттың континенттігінің артуы
өзендердің режимінен де көрінеді. Өзендердің барлығы қыста 2 – 3
жетіден үш айға дейін қатып жатады. Таудағы қардың еріуіне
байланысты болғандықтан судың мол жұмсалуы және тасуы көктемге
келеді. Жаздың соңында күшті буланумен байланысты өзендердегі су
деңгейі едәуір төмендейтін кезеңі болады.
Азия негізі дүние жүзіндегі үш мұхит алабында жатыр.
Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады,
жоғарғы ағысында таулық сиппатта болады. Ағыны қатты болғандықтан
тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі
өзендеріне Амур, Хуанхэ, Янцзы, Меконг жатады. Муссондық климат
жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста
географиялық ендікке байланысты кейбіреуі қатады. Солтүстіктегі ұсақ
өзендерді қоспағанда барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.
Алаптың ең ірі өзені Хуанхэ сары түсті , сазды шөгінді жыныс
– лесстен түзілген жазықпен ағатындықтан, суы лайлы және сары
болады. Хуанхэ қытай тілінен аударғанда сары өзен деген
мағынаны білдіреді. Ағызып әкелген жыныстардың жиналуы өзен арнасын
биіктетеді. Сондықтан күшті муссондық жаңбырлар кезінде су деңгейі
шұғыл көтеріледі. Өзендегі аппаты тасқындар дамбалар мен бөгеттерді
бұзып, жолындағы егістік пен елді мекендерді басуы нәтижесінде
миллиондаған адамдардың қаза табуына себепші болды. Қазіргі кезде
Хуанхэ өзеннінде күшті су тасқындарына төтеп беретін, бетондалған
мықты бөгет салынуда. Өзен сары теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып
отыратын кең атырау жасап құяды. Кеме қатынасына көп
пайдаланылмайды. Хуанхэ ұзындығы жағынан Азияның екінші өзені болып
есептеледі. Оның ұзындығы – 4845 км, бассейнінің ауданы – 745 мың км ,
орташа жылдық шығыны 4500 м 3 с – қа тең. Батыс Европадағы Дунай
өзенінің ұзындығы жағынан едәуір артық болғанымен бассейнінің ауданы
және тасымалдайтын суының мөлшері жөнінен Хуанхэ одан қалып қояды.
Бұл, Хуанхэнің жауын – шашыны аз облыстарды басып өтетіндігіне,
салалардың аздығына байланысты. Өзен Кунь – Лунь тауынан басталады да
жоғарғы ағысының екпіні қатты болады. Хуанхэ ежелгі массив Ордосты
айналып өтіп, орта ағысында орасан зор тік бұрышты бұрылыс
жасайды. Лесс үстіртін кесіп өткенде өзен суы көптеген нәрселерді
ағызып ала кетеді де жазықтыққа жеткенде оларды жағалыққа ығыстырып
шығарады. Тасқындар кезінде Хуанхэ алып келетін қалқып жүретін
материялдардың көлемі су массасының 40% - іне жетеді.Жоғарғы және
ағысында Хуанхэ көп жерлерде тар шатқалдармен ағады және оның
көптеген шоңғалды учаскелері болады. Өзен жоғарғы ағысында өзінің
аса ірі салаларын таудан алады да, ортаңғы және төменгі ағысында
ондай салалар мүлде болмайды. Хуанхэ төменгі ағысында, жоғарыда
айтылғандай тасып, үлкен территорияға жайылған кезінде өзендер алып
келген салындылардан құрылған кең аллювиальдық жазықтың шегінде
ағады. Біздің заманымыздан 600 жыл бұрын Хуанхэ арнасының
Тяньцзиннен солтүстікке таман, ал оңтүстікте Сюйчжой ендігінде
болғанын айтсақ та жеткілікті. Өзеннің төменгі ағысы мен сағасы
тарихи кезең ішінде кем дегенде алты рет айтарлықтай өзгеріп
миллиондаған адамның үлкен апатқа ұшырауына себепші болады.
Хуанхэнің үнемі орын ауыстыруы және оның бассейніндегі су
тасқынының жиі болуы өзеннің тұнба үстімен қоршаған ортадан жоғары
көтеріліп ағатындығынан, сондықтан суының деңгейі аздап көтерілсе
арнадан шығып ұзаққа жайылып кетеді.Су тасқындары жаз кезіндегі
күшті муссондық жаңбырлардан кейін болып тұрады. Шілде мен
қыркүйекте оларды көбіне тайфундар туғызады. Көктемде және жаздың
басында су тасқынына жоғарғы ағыс тұсында және тауда еріген қар
себепші болады. Өзеннің бүкіл бассейніндегі ормандардың толық
дерліктей жойылуы, сонымен қатар мұз кептелулерінің өзеннің жоғарғы
жоғарғы ағысында төменгі ағысқа қарағанда әлдеқайда ерте
ашылатындығы су тасқынын күшейте түседі. Қазіргі кезде Хуанхэде су
тасуына қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, электр станциялары солынуда
және кеме катынасы жағдайлары жақсартылуда.
Меконг өзені – Үнді Қытай түбегіндегі және Оңтүстік – Шығыс
Азиядағы ( Қытай, Лаос, Камбоджа, Вьетнамда ) ең ірі өзен. Оның
ұзындығы – 4500 км, бассейнінің ауданы – 810 мың км2, яғни Дунай
бассейнінің ауданыны тең дерліктей. Көп жылдық орташа шығыны – 12
мың м3 с, яғни Дунай шығынынан екі еседей артық. Меконг Тибеттің
оңтүстік шығысынан шамамен 5000 м биіктіктен басталады, сарқырамалар
жасап ағады. Төменгі ағысында, ойпатта Меконг ирелеңдей ағады және
тарамдарға бөлініп кетеді. Өзен өзінің бір саласы арқылы үлкен Сап
көлімен жағасады да тасыған кезде су Меконгтан көлге құйылып,
тартылғанда кері бағытта ағады. Сөйтіп, көл – табиғи су қоймасы және
төменгі Меконгтың ағынын реттеуші. Оңтүстік Қытай теңізіне құятын
жерінде Меконг орасан зор атырау құрайды. Меконгтың режимі – деңгейі
кенет өзгеріп тұратын, жазда максимумы және сәуірде минимумы айқын
байқалатын нағыз муссондық. Су тасыған кезде өзен сағасынан 1600 км
– ге дейін, ал тартылғанда жеке учаскелерінде ғана кеме жүре алады.
Меконг су тасыған кезде егістіктерді суаруға пайдаланылыды.
Тибет таулы үстіртінің Тангла жотасынан басталады және Қытай
теңізіне келіп құяды. Өзеннің негізгі салалары – Мун, Тонлесап, Сан,
Тхен жоғары және орта ағысы терең, түбі бар, шоңғалды шатқалмен
төменгі ағысы кең аллювилді жазықпен өтеді. Жаңбыр, мұз және қар
суымен қоректенеді. Су шығыны төменгі ағысында шілдеде – 30 мың
мсек, сәуірде 1500 м3сек, су деңгейінің жылдық ауытқуы 1015м. Өзен
өте көп мөлшерде ерітінді тасқындар (жылына 1,5 км) алып келуіне
байланысты атырауы үнемі өсіп отырады (жылына 80 – 100 м) 700 км – ге
тұрақты су тасығанда 1600 км – ге кеме жүзеді. Теңіз кемелері
Пномпеньге (350 км) дейін келеді. Меконг аңғарын бойлай кең көлемде
күріш егісі алып жатыр. Жағасында – Луангграбанг, Вьентян (Лаос),
Пномпень (Камбоджда) қалалары орналасқан.

1.2 Азияның басты өзендерінің географиялық ерекшеліктері
Янцзы өзені -- Азия өзендерінің аса зоры және дүние жүзіндегі
ең ірі өзендердің бірі. Оның ұзындығы – 5530 км ,бассейнінің ауданы
– 1726 мың км, орташа су шығыны 22 000 м3 с – қа тең. Янцзы Тибет
тау қыратынан басталып, мұздықтардан шығатын көптеген салалардан
құралады. Өзен жоғарғы ағыс тұсында Цзиньшацзян деп аталады. Янцзы
таулардан шыққан соң Қызыл Бассейн деп аталатын кең тектоникалық
қазаншұңқырлардың ішіне енеді, содан соң ол Оңтүстік – Шығыс Қытайдың
біршама аласа тауларын кесіп өтеді. Янцзы көптеген жоталар мен
массивтерді тіліп өтетіндіктен, кеме қатынасын өте қиындататын
табалдырықтар жасап ағады. Ұлы Қытай жазығына шыққаннан кейін Янцзы
кей жерлерде көл тәрізді қолтықтар құрап көптеген тарамдарға
бөлінеді. Бас арнамен тармақтар каналдар арқылы қосылатын, мұндай
көлдер өзен ағысын реттеп отырады.
Олардың өзі де Янцзының негізгі арнасы деңгейіне тәуелді
болады да, ауқымы мен пішіні ылғи өзгеріп отырады. Су тасыған кезде
кейбір көлдер жайдақ учаскелерге жайылып, көлеиі өте үлкейіп
кетеді. Янцзы Шығыс Қытай теңізіне құятын жерінде 40 жыл шамасында
1 км – дей кеңейетін атырау құрайды.
Янцзы режимі нағыз муссондық емес. өзен бүкіл жыл бойында
су шығынының көптігімен сипатталынады, ол жаздағы муссондық
жаңбырлармен, бастау маңында еріген қар және мұз суыментолығады,
және төменгі ағысындағы оның режимін жоғарыда айтылған көптеген
көлдер реттеп отырады. Ағыстың төменгі бөлігіне (шамамен Уху
қаласына дейін) судың деңгейіне толысулар едәуір әсер етеді. Теңіз
толқындарының ығыстыруы әсерінен су деңгейі тәулік сайын 4,5 м3
көтеріледі, жылдық орташа тербеліс 6 м дейін жетеді.
Янцзы – Қытайдың ең ірі транспорттык магистралы. Ондағы кеме
қатынасы Қызыл Бассейн шегінде Ибинь қаласынан жоғарырақтан
басталады. Өзеннің төменгі ағысы бойымен мұхиттық кемелер Ухань
қаласына дейін көтеріледі. 1957 жылы Ухань қаласы маңында Янцзы
үстінен темір жол және автомобиль қатынасы үшін алғашқы көпір
салынды. Янцзы және оның салаларының сулары егістіктерді суару үшін
кеңінен падаланылыды.

Янцзы өзеніндегі су деңгейінің жыл ішіндегі өзгеруі.

Үнді Мұхит алабының ірі өзендеріне – Үнді, Ганг, Брахмапутра,
Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан,
мұздық пен жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде
өзендеодің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік
алқабын суаруға пайдаланылады.
Ганг өзені – маңызы жағынан Үндістанның бірінші өзені және
Азияның суы мол өзендердің бірі. Ганг бассейнінің облысы қуатты
өзен жүйесі қалыптасуы үшін ерекше қолайлы. Өзен Гималайдың жауын –
шашыны мен қары мол биік тауды аудандарында басталып, содан соң кең
– байтақ ылғалы көп ойпатқа шығыды. Гангының ұзындығы – 2700 км, ал
бассейнінің ауданы – 1125 мың км2 . Өзеннің орташа шығыны – 2700м с,
яғни Хуанхэнің шығынынан 5 еседен аса артық. Ганг екі бастаумен
(Бхагиратхи және Алананда) боп 4500 м биіктіктен басталады да, Гималай
тауларының солтүстік жоталарын тар шатқалдармен тіліп өтіп, жазыққа шығады,
бұл жерде баяулап жай ағады. Ганг Гималай тауларынан көптеген суы мол
салаларды, оның ішінде өзінің ең ірі саласы Джамнаны қосып алады. Декан
таулы үстіртінде Гангқа құятын салалар әлдеқайда аз. Бенгал шығанағына
құятын жерінде Ганг Брахмапутрамен бірге кең және ауқымы тез артып
отыратын атырау жасайды. Екі өзеннің жалпы атырауының ауданы 80 мың км2
жетеді, ал бұл атырау теңізден 500 км2 қашықтықтан басталады. Ганг пен
Брахмапутра тармақтары атырау жазықтығы шегінде арнасын ауыстырып, өзінің
бағытын жиі өзгертіп отырады. Ганг өзені Гималай тауларындағы мұз бен
қардың еруінен және жаздық муссондық жаңбырдан нәр алады.
Брахмапутра өзені – (жоғарғы ағысында Цангпо) Тибеттің оңтүстігінде
– 4700 м биіктіктен басталады. Оның ұзындығы – 2900 км2, бассейнінің
ауданы – 95 мың км2 – ден асады. Брахмапутра жоғары ағысында Гималай
тауларын бойлай Тибет таулы қыратының оңтүстік шеткі аймғындағы кең
алқаппен ағады. Гималай тауларының шығыс шеткі маңында өзен
оңтүстікке кілт бұрылып, тауларды жарып жерінде көптеген сарқырамалары
бар шоңғалды тар аңғар құрайды. Ойпатта Брахмапутра жай ағады,
тармақтарға бөлініп, Гангпен атырауы ортақ жерінде арнасын жиі
ауыстырып отырады. Брахмапутраның суы жер суаруға кеңінен
пайдаланылады, ол сағасынан шамамен 1300 км дейін кеме қатынасына
жарамды.
Амудария (латын тілінен аударғанда оксус, арабтар, Жейхун деп
атаған) – ТМД – дегі , Орта Азияның ең ірі және суы мол өзені. Жоғары
жағында (Пяндж өзені) ТМД мен Ауғанстан шекарасын біраз бойлай ағады.
Амудария Вахш пен Пяндж өзендерінің қосылуынан құралған, Арал
теңізіне құяды. Ұзындығы 1415 км2, ал Пяндж бастауынан есептегенде
2540 км, алабы 309 000 км2 (Зерафшан мен Қашқадария алабтарын
қоспағанда). Амудария алабы таулы және жазықтық болып 2 – ге
бөлінеді. Өзеннің су жиналатын алқабы түгелдей дерлік таулы бөлігінде.
Бұл жерде Вахш пен Пянджтен басқа басты салалары – Сурхаб, Кафирниган
және Сурхандария құяды. Жазықтық бөлігінде 1257 км бойы ешқандай сала
қосылмайды. Амудария Пяндж бен Вахштың қосылған жерінен Елшік
қысаңына дейін ені 4 – 25 км – ге дейін баратын кең аңғардды бойлап
ағады. Аңғардың беткейлері көлбеу, бірте – бірте маңайындағы жазыққа
ұласып кетеді. Елшік пен Түйемойын қысаңдарының аралығында аңғардың
ені тарылылады да (2 – 4 км – ден аспайды), беткейлері тік жарлы
болады. Бұл аралықта өзен Қызылқұм мен Қарақұм арқылы ағады. Түйемойын
қысаңынан шыққаннан кейін, Амударияның аңғара ондаған км – ге дейін
кенейеді. Арал теңізіне құяр жерінде Амудария тарамдарға бөлініп
кетеді де, аса зор атырауға айналады. Нүкіс қаласы тұсында өзеннің
ежелгі атырауынан солға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
Азияның өзен жиынтығының көлемі
Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Қазақстан территориясын табиғи. географиялық зерттеу
Қазақстанның Ресейге еркімен қосылуының алғашқы кезеңдегі шолып – барлау мақсатындағы зерттеулер(1731-1819)
Канада құндызы
Африканың географиялық орналасуы
Миногалар (Petromyzoniformes) ішкі және сыртқы құрылысы
Ніл өзенінің ағыстары
Еуразияның физикалық картасы
Пәндер