Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының
психологиялық сипаттамасы.
1.1.Оқу процесі және оның психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... 4
1.2.Оқу іс - әрекетінің мотивтері және
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,
эмоция және қызығушылықтардың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

ІІ. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру.
2.1. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2.Оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Оқыту барысында балалардың әлеуметтік белсенділігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25 Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26

Жоспар:
Кіріспе

І. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының
психологиялық сипаттамасы.
1.1.Оқу процесі және оның психологиялық ерекшеліктері
1.2.Оқу іс - әрекетінің мотивтері және олардың жіктелуі
1.3. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,
эмоция және қызығушылықтың рөлі

ІІ. Бастауыш мектеп жаындағы балалардың оқу мотивациясын қалыптастыру.
2.1. Балалардың оқу мотивациясын қалыптастырудың психологиялық қағидалары
2.2.Оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары.
2.3. Оқыту барысында балалардың әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру.

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу
мотивациясының
психологиялық сипаттамасы,
яғни оқуды басқару балалардың
осы іс-әрекетті
қалыптастыруы болып табылады.
Оқуды
бастамастан бұрын бала оқу
міндетін (түсіну, өзі
үшін қабылдау, өз бетінше
анықтау) меңгеруі тиіс
екендігі, толық құнды оқу
белсенді оқу әрекетінсіз
оқу жұмыстарының әдістері, тәсілдерінсіз
(мысалы, оқытылатын пәнінің әр түрлі жақтарын
салыстыру, олардан жекелеген белгілерді бөлуі,
оларды қайта құру және қайта қарастыру, сызба,
модель құрастыру) мүмкін емес. Белсенді оқуды
жүзеге асыру сонымен қатар баланың өзін-өзі
тексеру, бағалау ептілігін, яғни өзін-өзі бақылау
және өзіне-өзі баға беру әрекетін орындауды талап
етуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Балалардың өзін-өзі бақылау және өзін-өзі
бағалауды
жүзеге асыруы оқу әрекетін табысты
орындау үшін
қажеттігі, психологияда өзін - өзі
бақылаудың үш
түрін ажыратуы, қорытынды — жұмыстың
нәтижесі
бойынша. Мысалы, бала жұмысты
орындайды және
оны үлгідегі нәтижемен салыстырады
(жауабы
кітапта, үлгісі тақтада). Қадамдық,
операциялық-
жұмыстың барысы бойынша. Мысалы,
бала жұмысты
орындайды және оны орындау
процесінде (өзі немесе
мұғалімнің сұрағына) өзінің не
істеп отырғанын,
тапсырманы қандай тәсілмен
орындайтынын айта
алуы, өзін-өзі бақылаудың осы тәсілі
толық пісіп-
жетілген болып табылуы, өйткені баланың
жұмысты
аяқтауына дейінгі қатені жеңуіне,
жұмысты түзетуіне
мүмкіндік беруі, болжаушы,
перспективалы,
жоспарлаушы, озып шығушы —
жұмыстың басталуы
алдында болуы, ол баланың (өзі немесе
мұғалімнің
өтініші бойынша) жұмысы қандай
кезеңдерден
тұратынын, оның бірінші,екінші, үшінші
кезеңдерде не
болатынын анықтай алуынан тұруы, өзін-
өзі
бақылаудың бұл түрі өз оқу жұмысын
реттеудің ең
күрделі түрі болып табылуы, ол қатені
ескертуге, оқу
жұмысын толығымен жоспарлауға
мүмкіндік беруі
жұмыстың міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Бастауыш мектепте балалардың оқу мотивациясын
қалыптастыруда психологиялық
әдістердің бірі
байқау әдісі мен әңгімелесу әдістерін
қолдану
арқылы оқытушының жетекшілігімен іске
асатын
оқу іс - әрекеті, оқу әрекетінің
барлық бөлшектері
оқу тапсырмасы, оқу әрекеттері, өзін
- өзі бақылау
және өзін - өзі бағалау әрекеттерін
зерттеу болып
табылады.

І. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық
сипаттамасы.
1.1.Оқу процесі және оның психологиялық ерекшеліктері.
Оқуды басқару балалардың осы іс-әрекетті қалыптастыруы болып
табылады. Оқуды бастамастан бұрын бала оқу міндетін (түсіну, өзі үшін
қабылдау, өз бетіпше анықтау) меңгеруі тиіс. Толық құнды оқу белсенді оқу
әрекетінсіз — оқу жұмыстарының әдістері, тәсілдерінсіз (мысалы, оқытылатын
пәнінің әр түрлі жақтарын салыстыру, олардан жекелеген белгілерді бөлу,
оларды қайта құру және қайта қарастыру, сызба, модель құрастыру) мүмкін
емес. Белсенді оқуды жүзеге асыру сонымен қатар баланың өзін-өзі тексеру,
бағалау ептілігіп, яғни өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әрекетін
орындауды талап етеді.
Сонымен, тұтас оқу іс-әрекетіне міндетті түрде осы барлық компоненттер -
оқу міндеті, оқу әрекеті, өзін-өзі бақылау және бағалау әрекеті кіреді.
Психологиялық әдебиетте оқу іс-әрекетінің осы әрбір компонентінің
ерекшеліктері талдап сипатталған. Сөйтіп, баланың оқу міндеттерін қабылдауы
балалардың бірқатар практикалық жағдайларға тап келген кезде, мұғалімнің
өзінің әңгімесімен немесе сұрақтары арқылы сабақта балаларға тапсырманы не
үшін, неліктен орындау керектігін ашып айтқан жағдайда іске асады. Бала
бұл уақытта (сапалы немесе сапасыз түрде) бұл тапсырмаларды өзі үшін оқу
мағынасымен, өзінің мүмкіндіктерімен салыстырады, яғни мұғалім міндетін өзі
үшін алдын ала анықтайды немесе қайта анықтайды. Осы кезең баланың оқу іс-
әрекетіне дайындығын тудырады, бұл оқудың ары қарай жүру барысында оқу
процесін ұйымдастыруға қарай өсуі де, өшуі де мүмкін.
Оқу әрекетінің орындалуы балалар жұмысқа кірісуге дайын боғганнан кейін
толығымен күшейеді. Оқу әрекеті — бұл баланың оқу материалымен белсенді
әрекет жасай алуы. Бұған талдау, салыстыру, өзгерту, модельдеу, т.б.
әрекеттер кіреді. Оқу процесінде мұғалім балаларды оқу материалын қайта
өндеу және жүйелеудің күрделі тәсілдеріне, жалпы припциптерді айқындап,
нақтылауға, сстс сақтау, зейінді шоғырландыру әдістеріне, бақылау
әдістеріне және т.б. үйрете алады. Оқу жұмысының тәсілдері мен амалдарының
қалыптасқандығы оқу іс-әрекетінің кемелденгендігінің басты көрсеткіші болып
табылады. Оқу іс-әрекеті — бұл ғылыми түсініктерді меңгеруде әрекеттің
қорытынды тәсілдерін игеруді қамтитын, бағытталған іс-әрекет. Әсіресе
жұмыстың жаңа тәсілдерін меңгеру оқушының бойында өзгеріс туғызады, ақыл-ой
дамуында жаңа ерекшеліктерінің пайда болуына әкеледі, оның тұлғасының жаңа
сапаларын толықтырады.
Балалардың өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруы оқу
әрекетін табысты орындау үшін қажет. Психологияда өзін - өзі бақылаудың үш
түрін ажыратады.
Қорытынды — жұмыстың нәтижесі бойынша. Мысалы, бала жұмысты орындайды
және оны үлгідегі нәтижемен салыстырады (жауабы кітапта, үлгісі тақтада).
Қадамдық, операциялық — жұмыстың барысы бойынша. Мысалы, бала жұмысты
орындайды және оны орындау процесінде (өзі немесе мұғалімнің сұрағына)
өзінің не істеп отырғанын, тапсырманы қандай тәсілмен орындайтынын айта
алады. Өзін-өзі бақылаудың осы тәсілі толық пісіп-жетілген болып табылады,
өйткені баланың жұмысты аяқтауына дейінгі қатені жеңуіне, жұмысты түзетуіне
мүмкіндік береді.
Болжаушы, перспективалы, жоспарлаушы, озып шығушы — жұмыстың басталуы
алдында. Ол баланың (өзі немесе мұғалімнің өтініші бойынша) жұмысы қандай
кезеңдерден тұратынын, оның бірінші, екінші, үшінші кезеңдерде не болатынын
анықтай алуынан тұрады. Өзін-өзі бақылаудың бұл түрі өз оқу жұмысын
реттеудің ең күрделі түрі болып табылады, ол қатені ескертуге, оқу жұмысын
толығымен жоспарлауға мүмкіндік береді. Егер өзін-өзі бақылау — баланың
жұмыс кезеңдерін және олардың бірізділігін бөлу болса, онда өзін-өзі
бағалау — бұл баланың өзінің осы кезеңдерді меңгеру өлшемін бағалау.
Өзін-өзі бағалау баланың нақты мүмкіндіктерімен салыстырғанда барабар
және барабар емес (жоғарғы және төмен) болуы мүмкін. Сонымен, оқу —
міндетті түрде толық немесе ықшам түрдегі дайындықты жасау бөлімін, оқу
міндетін қабылдау, оған бағдарлану бөлімін, оқу әрекетінің бөлімін, оқу
материалын өзгерту бөлімін, өзінің оқу жұмысының бақылау, бағалау бөлімін
қамтитын күрделі іс-әрекет. Оқуды тұтас іс-әрекет ретінде бұлай түсіну оны
ойлау, ес, зейін, т.б. жеке психикалық функциялардың жиынтығынан тұрады деп
санайтын аяғыпа дейін құрып бітпеген функционалистік түсініктерге қарсы
тұрады. Оқу үшін ең бастысы осы функциялардың "өтуі" емес, баланың белсенді
іс-әрекетке қатысуы болып табылады: сонда ғана осы баланың тұлғалық даму
міндеттері шешіледі; бұл іс-әрекет баланың меңгерген, оған қолайлы тәсілмен
жүзеге асуы тиіс.
Оқу — бұл тек оқу жұмысыпыц техникасы ғана емес, ең бастысы, мектептен
тыс дара, қайталанбас тәжірибесіне сәйкес өзінің міндеттерін шеше алатын
нақты бала тұлғасын тәрбиелеу. Оқу процесінің барысында мұғалім тек оқытып
қана қоймай, дамушы тұлғапы тәрбиелейді, қалыптастырады. Бала әрқашан (анық
немесе анық емес) мұғалім арқылы берілген оқу әрекетінің қоғамдық-
дағдыланған тәсілдерін қолданады, өз тапсырмаларын, өзінің әрекеттерін және
бағаларын жұмыс тәсілімен, қоршағандардың бағасымен салыстырады.
Бір ғана оқу іс-әрекеті әр түрлі балалар үшін әр түрлі мағынаға ие
болуы мүмкін. Бұл жалпы алғанда олардың оқу мотивациясын анықтайды. Әрбір
нақты жағдайдағы оқу мотивациясын және оның балалар үшін мағынасын анықтау
мұғалімнің тәрбиелік өсер ету шараларын айқындауда шешуші рөл атқарады.
Бір бала әр түрлі оқу пәнін түрліше оқиды, өйткені оның осы пәндерге
қызығушылығы бірдей емес, осының нәтижесінде ол өзінің оқу іс-әрекетінің
мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайды. Мысалы, бала биологияны
ұнатпайды, ақыл-ой жұмысының сәйкес тәсілдеріне ие болғанымен, оны
қолданбайды және мүмкіндігі бола тұра, нашар оқиды. Сол бала бір оқу
пәнінде мотивацияның кемелденген түрін көрсетсе, ал басқасында енжарлық
танытуы мүмкін. Бұл жердегі оқу іс-әрекетіндегі әр түрлілік түрлі оқу
пәндеріне мотивацияның сәйкес келмеуінен байқалады. Бұл жағдайдағы
педагогикалық жұмыс "ұнатпайтын" пәнге, нақты жағдайда биологияға
қызығушылығын қалпына келтіруден тұруы керек.
Оқу барысында баланың бір мінез-құлқы әр түрлі мотивтерден туын-дауы,
яғни бала үшін әр түрлі мәнділікке ие болуы мүмкін. Мысалы, бала есепті бір
ғана тәсілмен шешуі мүмкін, бірақ бірінші жағдайда ол мұны мұғалімнен жақсы
баға алу және ата-анасының мақұлдауы үшін, келесісінде — құрдастарының
беделіне ие болу үшін істейді, үшінші жағдайда ол сол пәннің мазмұнына
қызығады, төртінші жағдайда ол осы пәнді оқу арқылы болашақ мамандығына
барар жолды байқайды, бесінші жағдайда бірнеше талап-ниеттерінің үйлесімі
әрекет етеді. Осы жағдайдың бәрінде әрекет біреу ғана ал мотивтер әр түрлі.
Мотив және мақсаттың қатынасы бала үшін оқудың мағынасын қалыптастырады.
Әр түрлі жас кезеңінде сол бір ғана мотив бала үшін әр түрлі мағынаға,
яғни ол әр түрлі қозғаушы күштерге ие. Мысалы, бірінші сыныпта қосымша
әдебиетті оқу мотиві баланың өмірі үшін мәнді болып табылмайды, ал жоғары
сыныпта ары қарай білім алуға дайындалумен байланысты, ол өмірлік мәнге ие
болуы ықтимал.
Кеңес психологы С.Л.Рубинштейн мынаған көңіл аударған: баланың мінез-
құлқының бір ғана актісі оның ішкі мазмұнына байланысты мәні бойынша мүлде
әр түрлі қылық болуы мүмкін. Мысалы, оның жазуынша, бала үлкенге басқа
баланың жалпы мінез-құлық ережесін бұзғаны туралы шағымданады: бір жағдайда
шағым баланың бұл ережені орындау керек пе екенін тексеруге мүмкіндік
береді; екіншісінде ол шындығында топтағы тәртіпті сақтауға ұмтылуы мүмкін;
үшіншісінде жолдастарына қолайсыздық тудыруға ниеттенуі мүмкін.
Оқудың мағынасы — бұл баланың оқуға ішкі құмарлығы, баланың оқуды өз-
өзіне, өз тәжірибесіне және өз өміріне "қолдануы". Оқудың мағынасын, оның
тұлғалық мәнін түсіну білімді меңгеру барысында "автоматтанған" түрде
өтпейді. Білімді тәрбиелеу үшін, А.Н.Леонтьевтің айтуынша, білімнің өзіне
қатынасты тәрбиелеу керек. Ягни, оқыту барысында балалардың білімге, оларды
игеру тәсіліне белсенді ішкі қатынастарын қалыптастыру.
Әрбір оқушы үшін оқудың мағынасы оның қоршаған ортасынан (қоғам, отбасы)
игеретін құндылықтар, идеалдар жүйесіне сүйенеді, осының арқасында оқуды
бастағанға дейін балаларда оның мағынасы жайлы түсініктер қалыптасады, ал
орта мектепте оқыту барысында мағына мәнді өзгерістерге ұшырайды.
Оқудың мағынасы — күрделі тұлғалық білім беру. Ол келесі кезеңдерді
қамтиды:
- оқудың объективті мәнін баланың ұғынуы, бұл баланың әлеуметтік орта мен
отбасында қабылдаған қоғамдық адамгершілік құндылықтарына сүйенуге саяды;
- өзі үшін оқудың субъективті мәнін түсіну, ол міндетті түрде баланың
талаптану деңгейі, өзін-өзі бақылау, оқу жұмыстарын және оның жекелеген
бөліктерін бағалау арқылы анықталады; өзінің талаптану деңгейін анықтауда
бала қазіргі өз мүмкіндіктеріне (оны психологтар актуалды "Мен" деп атап
жүр), қандай мүмкіндіктерге ие болуға тиіспін деген түсініктерге
(потенциалды "Мен") сүйенеді. Осының барлығы "субъективті жауапкершілік
аумағын" толығымен анықтайды. Яғни, оқу мағынасы оқу іс-әрекетінің, оның
компоненттерінің (оқу жаттығулары, оқу әрекеттері, өз-өзін бақылау және
бағалау) қалыптасу деңгейімен және тұлғалық құрылыммен (талаптану деңгейі
және т.б.) байланысты, ол бала тұлғасының ең терең қабат-қатпарларына
қатысты.
Оқу материалдары бала психологиясына зор талап қоятыны белгілі. Өйт-кені,
шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән жайын ұғыну - өте күр-делі
әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазірде ғылымға бел-гілі
болды. Мәселен, сабақта материалды ұғынудың алғашқы кезеңінде шәкірт нені
қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан соңғы кезеңде, ол
мұны тәжірибеде байқап көреді. Үшінші кезеңде, ұғынғанын сөз-бен
тұжырымдайды. Төртінші кезеңде, оларын ойына ұстап тұрады да, бесін-ші
кезеңде шәкіртте зат пен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады.
Ақыл-ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындық-тағы заттардың байланыс-
қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен салыстырып, дәлел-дей алуға,
олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуді үйренеді, мұндағы себеп пен
нәтиженің, яғни заттардың себеп-салдары заңды байланы-сын түсінетін болады.
Мәселен, жас баланың өзі де "от жақса, түтін шығады" дегенде, оттың жануы -
түтіннің шығуына себеп болып тұрғанын аңғарады.
Оқу материалдарының мәнісіне тереңдеп бара алмай, оларды жәй жаттап алу,
өз бетінше пікір айтуға шорқақтық балада талдау (анализ), жинақтау (синтез)
тәсілдерінің әлде де оншама дамымағанын көрсетеді. Мұғалім шәкірт-
ойлануындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса,
ондайда бала материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана
меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады.
Орыс психологы П. Я. Гальперин (1902-1988) өзінің "Ақыл-ой әрекетін
жоспармен, сатылап қалыптастыру" дейтін тұжырымдамасында бала қандай да
болмасын бір мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді
(яғни затты ұстап көру, оның тұрқын, көлемін ажырату, шамасын білу, т.б.)
пайдаланады да, кейіннен оның бейнесін миында елестетеді, содан соң барып
дауыстап, кейін іштей айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық іс - әрекет
(экстериоризация) біртіндеп ішкі ой әрекетіне (интериоризация) айналады
деді.
1.2.Оқу іс - әрекетінің мотивтері және жіктелуі.
Оқу іс-әрекетінің мотивтері. Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немесе
іс-әрекет баланың белгілі бір белсенділігінің түп негіздерімен байланысты
болса, іс-әрекеттің себептеріне айналады. Бұл түп негіздерді үш негізгі
категорияға бөлуге болады.
Ішкі негіздер. Олар баланың қажеттіктерімен анықталып, мұның өзі
организмнің етене қажеттіктерімен білдірілетін туа біткен сипаты болуы
мүмкін, сондай-ақ қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіктерді білдіретін
жүре біткен сипаты да болуы мүмкін. Туа біткен қажеттіліктердің арасында
оқуға ынталандыру үшін белсенділік қажеттіліктері мен информацияға
қажеттіліктері ерекше маңызды. Мәселен, бала өмірінің алғашқы күндерінен
бастап үздіксіз белсенділік жағдайында болады, күледі, қозғалады, қол-аяғын
қимылдатады, жүгіреді, ойнайды, сөйлейді, шексіз сұрақтар қояды. Іс-
әрекеттің өзі оны рақаттандырады.
Сыртқы негіздер. Олар адамның өмірлік іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен
анықталады. Мұндай негіздерге талаптар, күтулер мен мүмкіндіктер жатады.
Талаптар адамға іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір түрлері мен
формаларын ұсынады. Мәселен, әке-шешесі баладан тамақты қасықпен ішуді,
орындыққа отыруды, рақмет айтуды талап етеді.
Күту қоғамның қарым-қатынасымен сипатталады, мұның өзі осы бала үшін
мінез-құлықтың қандай белгілерін және іс-әрекеттің қандай формаларын
қалыпты деп есептейтіні туралы ұйғарыммен байланысты. Мәселен,
айналасындағылар баладан бір жасқа толғанда жүруін күтеді және сәбидең
осыны күтіп, оған тиісінше солай қарайды. Мүмкіндіктер дегеніміз белгілі
бір іс-әрекет үшін адамның айналасында болатын объективті шарттар. Мәселен,
үйде жақсы кітапхана болса, оқуға ынталандырады, себебі сондай мүмкіндік
береді.
Жеке түпкі негіздер. Олар баланың мүдделерімен, ұмтылыстарымен,
бағдарларымен, сенімімен, дүниеге көзқарасымен, өзі туралы түсінігімен,
қоғамға көзқарасымен анықталады. Белсенділіктің бұл түпкі негіздері
құндылықтар деп аталады. Мұндай құндылықтар өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі
орнықтыру, өзін көрсету, белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру,
өмірлік мұраттар мен үлгілер болуы мүмкін. Іс - әрекеттің бұл аталған
негіздері әр түрлі болып ұштасқан, түрі өзгерген күйінді әрбір адамда
болады. Бірақ ол туғызған іс-әрекет әр кезде бірдей оқу формасы болып
қалыптаспайды.
Оқу мотиві - баланың оқу іс-әрекетінің түрлі жақтарына бағыттылығы.
Мотивтерді екі үлкен топқа бөлуімізге болады:
оқу іс-әрекетінің мазмұны және оны орындау процесіне байланысты таным
мотивтері;
баланың басқа адамдармен әр түрлі әлеуметтік өзара әрекетімен байланысты
әлеумсттік мотивтер.
Мотивацияның бұл топтарына психологиялық әдебиеттерде сипаттама берілген.
Мотивацияның бірінші тобын бірнеше кіші топтарға бөледі:
кең танымдық мотивтер. Жаңа білімдерді меңгеруге балаларды бағдарлаудан
тұрады. Олар сондай-ақ деңгейі бойынша ажыратылады. Бұл деңгейлер білімге
қызығушылығы терендігімен анықталады. Бұл жаңа қызықты фактілерге,
құбылыстарға немесе құбылыстардың мәнді қасиеттеріне қызығушылық, оқу
материалы заңдылықтарына, теориялық припциптерге қызығушылық болуы мүмкін;
2) оқу-танымдық мотивтері балаларды білімді табу әдістерін меңгеруге
бағдарлаудан тұрады: өз бетінше білім алу тәсілдеріне, ғылыми-таным
әдістеріне, оқу жұмысын өзіндік реттеу әдістеріне, өзінің оқу еңбегін
тиімді ұйымдастыруға қызығушылықтары
3) өзіндік білім беру мотиві балалардың білімді табу әдістерін өз бетінше
жетілдіруге бағытталуынан тұрады.
Таным мотивтерінің осы деңгейлері балаларда "жетістік мотивін" қамтамасыз
етеді, яғни өз-өзімен үнемі жарысқа түсуінің барысында оқушының
жетістіктерге талпынысы, жаңа қалауына жетуге, бұрынғы нәтижелермен
салыстырғанда одан да жоғары, жаңа нәтижеге жетуге ұмтылуы.
Мотивацияның екінші үлкен тобы — әлеуметтік мотивтер — бірнеше шағын
топтарга бөлінеді:
1) кең әлеуметтік мотивтер, білім алуға ұмтылу, Отанға, қоғамға қажетті
болу, өзінің міндеттерін орындауға деген ықылас, оқудың қажеттілігін және
жауапкершілік сезімін түсінуден тұрады. Бұл жерде мотивтің маңызды мәні
әлеуметтік қажеттіліктің міндетін сезіну.
Кең әлеуметтік мотивке таңдаған мамандығына жақсы дайындалғысы келуін де
жатқызуға болады;
2)тар әлеуметтік позициялық мотивтер қоршаған ортамен қарым-қатынаста
белгілі бір позицияға, орынға, олардың мақұлдауына және беделіне ие болуға
ұмтылудан тұрады.
Тағы бір мотивтердің бірі — "жағымдылық мотивациясы", мұғалімдер, ата-
аналар, жолдастары тарапынан тек мақұлдау табуға тырысудан пайда болады
Кейде позициялық мотив балалардың бірінші орын алуға, басқалардан жақсы
болуға ұмтылуынан көрінеді, мұны кейбір жағдайда "мәртебелі мотивация" деп
атайды.
Позициялық мотив әр түрлі өзін-өзі бекіту әрекеттерінен тұрады — лидердің
орнын алуға ұмтылу, басқа балаларға әсерін тигізу, топта немесе ұжымда
үстем жағдайға ие болу және т.б.
3) әлеуметтік ыптымақтасу мотиві. Мұнда бала басқа адамдармен тек қарым-
қатынас жасап қана қоймай, сонымен бірге сыныптас жолдастарымен немесе
мұғаліммен өзара ынтымақтастығы және өзара әрекеттестігі формасын, тәсілін
сезінуге, талдауға, бұл формаларды әрқашан жетілдіруге ұмтылады. Бүл мотив
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіруінің маңызды негізі болып
табылады.

1.3. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,
эмоция және қызығушылықтардың рөлі.
Балада өзінің оқу жұмысының жекелеген кезеңдеріне мақсат қою ептілігі
болмаса, мотивтің қатысуы жеткіліксіз болады. Әсіресе бастауыш мектепте
балада оқу еңбегінің жекелеген жақтарына бағыттылық қалыптасқанымен, ол осы
оқу мотивтерін жүзеге асыра алмайды: мақсат қоюды, оларды негіздеуді, басты
және қосымша мақсатын анықтауды білмейді, т.б. Мұғалім балаларды өздерінің
мотивтерін мақсаттың жүйелілігі, бірізділігі арқылы іске асыруга үйретуі
тиіс.
Мақсат қою — бұл баланың ерекше мінез-құлқының сипаттамасы бала өмірде
белгілі бір мақсат қоюды практика жүзінде үйренеді. Бірақ мақсаттар бір-
біріне ұқсамайды. Мотив сияқты мақсат та өзінің мазмұны бойынша
ажыратылады, бала өз бетінше мақсат қоюы және жүзеге асыруы мүмкін, бірақ
осы мақсаттар біздің тұлғалық адамгершілік туралы түсінігімізбен сәйкес
келмеуі де мүмкін.
Мақсат қою процесінің нақты қай жағы оқудың мотивациялық сферасында
көрінуі тиіс және қандай ептілікке сәйкес баланы оқытуға болады?
Мақсатты әлеуметтік қоғамдағы баланың өзін-өзі тәрбиелеу міндеттеріне
сәйкес таңдау.
Мұғалім қойған мақсатты қабылдау және түсіну; мұғалім мақсатын ұзақ уақыт
бойы ұстау, сақтау, оған өзінің мінез-құлқын бағындыру.
Мақсатты өз бетінше қою (білім беру), осыған байланысты әрекеттің
басталуына дейінгі мақсатты ойша елестетуді, мақсатты сезінуді, оны
қалыптастыруды үйрену.
Бірнеше мақсаттардан бір мақсатты таңдау және осы таңдауды негіздеу.
Мақсатқа жете алушылықты, шындықты анықтау, мақсатты өз мүмкіндіктерімен
салыстыру және нақты емес мақсаттарды шынайы мақсаттармен ауыстыру. Бұл
жерде таңдалған мақсаттың қиыншылығы баланың өзін-өзі бағалауына, талаптану
деңгейіне сәйкес келеді.
Өзінің мақсатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының психологиялық сипаттамасы
Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі
Оқушылардың ойлауы және сөйлеуі
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясын экспериментальды зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-әрекеті мотивтерін қалыптастырудың басты мәселелері
Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивациясын қалыптастыру әдістемесін ғылыми түрде негіздеу және тиімділігін анықтау
Оқушының оқуға уәжін қалыптастыру мен мотивациялық үдерісті басқара білу-сабақтың сапасы мен тиімділігінің кепілі
Пәндер