Банктің меншік капиталы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 тарау. Коммерциялық банктердің пассивтерінің теориялық негізі.
1. Банк пассивтерінің мазмұны, олардың
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Банк меншікті капиталының
жеткіліктілігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..12
3. Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттары, олардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2 тарау. Коммерциялық банктердің пассивтерін талдау.
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің пассивтерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2. “БТА Банк” АҚ – ның пассивтерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 30

3 тарау. Коммерциялық банктердің пассивтерін дамыту жолдары.
1. Коммерциялық банктердің пассивтерін
басқару ... ... ... ... ... ... ... ...36
2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жетілдіру ... ... ... .38

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...47

Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық
субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші
жағынан, қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі
қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік
операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк
ресурстары жинақталады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген
ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктер қызметінің тұрақтылығы
үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек. Ал оның қамтамасыз
етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және
мерзімі бойынша тепе – теңдіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Коммерциялық банктер басқа да шаруашылық субьектілері сияқты,
өздерінің коммерциялық және шаруашылық қызмметтерін қамтамасыз етіп отыру
үшін, белгілі бір ақшалай қаражаттары, яғни ресурстары болуға тиіс.
“Қазақстан әлемдік экономиканың өскелеу турбуленттілігіне жедел үн
қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы .
мемлекеттердің бірі болды.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша
өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің,ірі кәсіпорындардың
экономикалық белсенділік қамтамасыз ету үшін жасалды.
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5
миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекеттің сыртқы қарыз алумен және
капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуеклдерін
төмендетуге көмектесті”- Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа
жолдауынан. [1;15 б]
Сонымен қатар, банктер қызметтерінің ауқымы, яғни, активтік
операцияларменен анықталатын обьектілері, банктердің ресурстарының жалпы
көлеміне, соның ішінде тартылған қаражаттар көздеріне тікелей байланысты.
Міне осындай жағдай, банктердің ресурстар тарту барысында өзара
бәсекелестікке баруына жол береді.
Бүгіңгі таңда несиелік ресурстар нарығымен бірге бағалы қағаздар
нарығы да дамып келеді. Ол нарықта екінші деңгейлі банктер мемлекеттік және
корпоративтік бағалы қағаздарды сатушы немесе сатып алушылар ретінде қызмет
көрсетеді. Сондай-ақ, банктермен қатар сақтандыру, қаржы және басқа да
несиелік мекемелердің қатар дамуы, уақытша бос қаражат тартудағы мәселені
одан әрі күрделендіре түсері сөзсіз. Міне осы жоғарыда айтылған
мәселелердің болуы бұл диплом жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды.
Ертедегі Грек философы Аристотель (384-322ж.ж.б.э.б) былай деген:
игілік қай жерде болсын, келесідей екі шарттың орындалуына тікелей
байланысты, біріншісі- мақсатты дұрыс анықтау, екіншісі- оған жетуде тиісті
құралдарды іздестіру.
Ендеше, жоғарыдағы мәселелерді зерттеуге бағытталған дипломдық жұмыс
алдында келесідей мақсаты мен міндеттері болады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты екінші деңгейлі банктердегі
пассивтерді басқарудың дұрыс тәсілдерін анықтай отырып, ондағы орын алар
мәселелерді талдау болып табылады.
Осы мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді шешу қажет:
1. Банк пассивтеріне анықтама беру.
2. Банк ресурстарының құралу көздерін қарастыру.
3. Екінші деңгейлі банктердегі пассивтерінің дамуына талдау жасау.
4. Банктің пассивтерін дамыту жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісіне “БТА Банк” АҚ-ның пассивтері
алынады.
Диплом жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Банктің
пассивтерінің мәнін, түрлерін зерттеу, пассивтер дамуына талдау жасау,
дамыту жолдарын қарастыру. Ол үшін жалпы әдістемелік принциптерді ұстана
отырып, осы бағытта өздерінің еңбектерін жазған шетелдік экономист
ғалымдардың еңбектері: М.Х Лаврушин, В.И. Колесников, О.И. Марков, В.М.
Усоскин, М.Х. Лапидус және т.б. , отандық экономист ғалымдардың Ғ.С.
Сейтқасымов, Н.Н. Мажитов және т.б. шығармашылық еңбектері пайдаланылады.
Диплом жұмысының құқықтық негізіне Қазақстан Республикасының “Банк
және банк қызметі туралы” заңы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
нормативтік құжаттары мен актілері, сол сияқты әр түрлі әдістемелік
нұсқамалар мен ережелер пайдаланылады.

1 тарау Коммерциялық банктердің пассивтерінің теориялық негізі
1.1 Банк пассивтерінің мазмұны, олардың қызметі

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша
бос ақшалай қаражаттарын тартатын, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен
кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын
қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті бнк ресурстары жинақталады.
" Банк ресурстары " термині " несиелік ресурсы" терминіне қарағанда
кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты
басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін
пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында
банк ісінің ұйымдастырылуына мемлекеттік монополия көрінісі байқалады.
Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк
мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды.
Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды.
Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді.
Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қор деген экономикалық түсінік
қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін
банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын
білдіреді. Демек, олар банк ресурстары болып саналады. Ссудалық қорды
орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті.
Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға
бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі
құралдар, аммортизациялық және банк ісін дамыту қорлары, ал, тартылған
қаражаттарға: мемлекеттік бюджет кәсіпорындардың , ұйымдарың есеп айырысу
және ағымдық шоттағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты.
Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз
қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген
ерекшеліктері бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің
тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның
қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы
мерзімі бойынша тепе – теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы
қалыптасады. Сөйтіп, банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы
қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс
істей бастады. Бұл, банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар
емес, сол сияқты тауарлы - материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар
кіреді дегенді білдіреді.
Ұлттық (Орталық) Банкіміз "банктердің банкі" болып табылатындықтан,
коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған
ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық
қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып
ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып
отырады.
Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде
қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын
банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында
біршама өзгерістер болды. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден,
коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты
қосымша қорлар кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен
және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің
корреспонденттік щоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды
сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін
алынған тауарлы – материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы, олардың мамандануы,
әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншік капиталы
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген
қажеттілігінің 10 % - ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған
қаражаттарының үлесіне тиеді. [ 2; 68 б]
Пассивтік операциялардың негізінде банктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі
рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылғандықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде " пассивтік
операциялар бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциялары" – делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік операциялар – бұл
нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активтік – пассивтік шоттағы
қаражаттардың өсуін , яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін
операцияларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. [ 1; 159 б]
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды
сатып алады.
Пассивтік операциялардың төмендегідей формалары болады:
• Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялау;
• Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
• Басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
• Депозиттік операция.
Пассивтік операциялар айналыстағы қаражаттарды банктерге тартуға
мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операцияларды екі формасы негізінде
банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады.
Келесі екінші ірі топ – заемдық немесе тарытлған ресурстар құрылады.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда, өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы,
оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% - ы өтеледі. Шын
мәнісінде меншікті және тартылған қаражаттардың арасында шекті ең төменгі
мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында осы меншікті
қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте
қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты – бұл ұзақ
мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылыығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар ( капиталдар)
мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Банктердің балансына жасалған талдауға байланысты банктердің
қаражаттарының ішінде келесідей ресурстарды бөліп қарауға болады:
- меншікті капитал;
- депозиттер;
- банкаралық міндеттемелер.
Бүгінгі күні көптеген банктеріміз үшін міндеттемелер портфелін
ықшамдау міндеті маңызды болуда. Бұл банк ресурстарының базасының толығымен
өзгеруіне, әр ресурс түрінің құнындағы өзгерістерге және банктер арасында
бәсекелестіктің артуына байланысты.
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің міндеттемелеріндегі
сәйкессіздік себептеріне:
- банк аралық ресурстарының жоғарғы деңгейде болуы;
- жұмыс жасайтын активтердің деңгейінің төмендігі;
- сырттан тартылған депозиттерінің деңгейінің төмендігі;
Қазақстандық банктердің меншікті капиталы өте аз. Оның себебі,
кезіндегі Кеңес үкіметі тұсында банктің меншікті капиталының ешқандай рөлі
болмады.
Сондай – ақ, ол уақыттарда банктердің банкротқа ұшырауы мүмкін емес
болады. Сондықтан да болар бүгінгі тәуелсіз банктік жүйедегі екінші
деңгейлі банктердің меншікті капиталының барлық мөлшері әлемдегі бір ірі
банктің капиталынан бірнеше есе төмен екендігін көрсетеді.
Банктің меншікті қаражаттарының құрылымы бірдей емес, олар әр түрлі
әсер ететін факторлардың оның ішінде активтердің сапасына, меншікті
пайдасының пайдалануына капиталдың бағасын нығайту мақсатына байланысты
банк саясатына қатысты жыл бойына өзгеріп отырады.[ 2; 70 б]
Сонымен, банктің меншікті қаражаттарын келесідей топтар құрайды:
жарғылық қор ( капитал), резервтік қор, қосымша қорлар, банк операциялары
бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар ( резервтер)
бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық қоры ( капитал) банктің заңды тұлға ретіндегі
міндетті түрде құрылуын және оның өмір сүруінің экономикалық негізін
құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің
пруденциалдық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы
оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайларының сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз ( акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық
капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал
көлемі акцияны ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады.
" ҚР – ғы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, банктер акционерлік қоғам формасында құрыла
алады. Бұл дегеніміз, олардың акцияларын ашық түрде салатындығын білдіреді.
Олардың ашық түрдегі қоғам түріне өтүіне Қазақстан Ұлттық банкінен рұқсат
қағазын алған күннен бастап, бір жыл ішінде пруденциалдық нормативтерімен
басқадай міндетті нормалармен лимиттерді бұзбай, сол сияқты зиянсыз жұмыс
жасаған жағдайда ғана рұқсат беріледі.
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық қоры құрылтайшылық қоры
қоұрылтайцшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып,
олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің
жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосущылардың қосымша қосқан
жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады.
Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін
қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрыңғы шығарылған акцияларының
бағасын өсіреді.
Банктің акционерлік капиталына: банктің жай акциялары, артықшылығы бар
акциялар, басы артық капитал ( акциялардың курстық бағасының соммасымен
және олардың номиналдық құны арасындағы айырма) және бөлінбеген пайдасы
жатады.
Акционерлік банктің акциясы – банктің жарғылық капиталына үлес
қосқандығын куәландыратын және дивиденд алуға және банкті басқару ісіне
араласуға құқық беретін бағалы қағазды білдіреді. Ашық типтегі банктің
акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың
арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иеленушілер банктің таза табысынан дивиденд алып
отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және оның жойылуы
барысында бірінші кезекте өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер сырттан қаражаттар тарту мақсатында
облигацияларды да шығара алады. [ 2; 72 б]
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралкы келесідей кезеңдерден
тұрады:
1. Бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны
экспертизадан өткізу;
2. Бағалы қағаздардың эмиссиялауын тіркеу;
3. Банк эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;
4. Шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін
тіркеу.
Акционерлік банктер акцияларды келесідей жағдайларды шығарады:
- банкті акционерлік формада құруда;
- банктік жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығаруда;
- облигациялар шығару арқылы сырттан қаражаттар тартуда.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қоры жатады. Резервтік
қор – банктің қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу
мақсатында құрылады. Сондай – ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет
етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық
капиталға белгілі бір проценттік мөлшерде, айталық, 25% - ті мөлшерінде
құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық
капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құрылуының негізгі көзі
банк пайдасы болып табылады. Кейде, банкте пайда болмаған жағдайларды
резервтік қор есебінен банк тің артықшылығы бар акциялар бойынша проценттер
төленеді.
Қосымша қорлар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау негізінде,
валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетелдік
валюталардың арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды
қалыптастыру барысында маңызды болып табылады.
Келесі бір қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді
төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтерді: несиелік тәуекелді
жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер
жатады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банк ісі теориясында банктің меншікті капиталы мен меншікті
қаражаттарды өзара ажыратылады.
Банктің меншікті қаражаты – банктің ішкі қызметі процессінде құралатын
барлық пассивтерді: банктің жарғылық қорын, резервтік және басқадай
қорларды, банкте құрылатын резервтерді, сол сияқты банктің бөлінбеген
пайдасы мен ағымдағы пайдасын қамтиды. [ 2; 73 б]
Банктің меншікті капиталы – бұл есеп айырысу жолымен анықталатын
шаманы білдіреді. Оған банктің капиталы қызметтерін атқара алатын меншікті
қаражаттарының баптары кіреді. Меншікті қаражаттарының негізгі элементтері,
яғни заңға сәйкес құрылған басты қорлар және банк қызметін қолдау
мақсатында ішкі көздер есебінен құрылған резервтер келесідей қағидаларға
жауап беретін жағдайда ғана жатады:
- тұрақтылық;
- кредитор құқықтарына қатысты субординациялар;
- тұрақты есептелетін табыстар болмаған жағдайда.
Сонымен, банктің меншікті капиталы деп – оның экономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған банктің қызмет ету кезеңінің
барлығында болатын зияндарды жабу үшін құрылған қорлар және резервтерді
айтамыз.
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- құрылтайшылық пайда; банктің иелігінде қалатын ағымдағы және өткен
жылдардағы бөлінбеген пайда;
- әр түрлі тәуекелдерді жабуға арналған резервтер.
Банктің меншікті капиталы банктің қызметінде келесідей қызметтер
атқарады:
- қорғаныс қызметі;
- оперативтік қызмет;
- реттегіштік қызмет;
- айналым қызметі;
- резервтік қызмет;
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі, оның капиталының
шамасының банктің төлем қабілеттігімен және тұрақтылығына тікелей
байланыстылыңын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары
болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банктің банкротқа ұшырай
қалғанжағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банк капиталының қорғаныс қызметі- банктің салым иелеріне жәрдем ақы
төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда
зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің
банкротқа ұшырауына жол береді.
Қорғаныс қызметі – меншікті капиталдың еңбасты қызметін білдіреді.
Банк капиталының оперативтік қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда
екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер,
ғимарат, құрал – жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды
ассигновациялауды, сондай – ақ көзге көоінбейтін зияндар жағдайына
байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар көздер әсіресе,
банктің қызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір
бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құруға
жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтатмасыз етуден басқа
банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті де атқарады. Бұл қызмет
қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға
мүмкіндік жасайтын заңдар мен ережелер мен тікелей байланысты болып келеді.
Банк капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер
қызметтеріне баға беріп, оған бақылауды жүзеге асырады.
Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер оның ең төменгі мөлшеріне
қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен
активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен
пруденциялық нормативтерге банктің меншікті капитал көлемі беріледі.
Сонымен қатар, реттегіштік қызметке ссудалық және инвестициялық
оперцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады. [2;75б]
Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не
болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты
коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Қаншалықты мұндай қызметтер
тәуекелге байланысты болғандықтан да, банктік капиталда жоғарғы деңгейде
қорғаныс қасиеті қажет болса, соғұрлым банк капиталының басты қызметі
тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаудан тұрады.
Сондықтан да, бұл қызметін меншікті капиталдың айналым қызметі деп
аталады. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық
ақшалар, несиелік, ғимарат, құрылғыларға және басқадай негізгі қорларға
жұмсай отырып, банктер өз кредиторларын зиячндардан қорғайды.
Резервтік активтер. Тәуекелдер тек активтік операцияларға да тиісті
болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тәуекелдерді болғызбау
үшін банктер сырттан тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер
ретінде Ұлттық банкте резервтерін құрайды.
Банктердің төлем ресурстарын мүмкін болар тапшылығына байланысты
міндетті түрде құрайтын резервтер сияқты, активтік операцияларды болатын
тәуекелдердің орнын толытру үшін арнайы меншікті капитал резервін құруға
мәжбүр болады.
Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан
оларды басқа қызметі – резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады. Банктің
капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына байланыссыз, банк
капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Сонымен банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына: банк пайдасы,
акциялар шығару есебінен, құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру
есебінен; облигациялар шығару жатады. [2; 75 б]
Жоғарыда аталған банк капиталының қызметтері, банктік капиталдың –
банктік коммерциялық қызметінің негізгі екндігін көрсетеді. Банктік капитал
банктің дербестігін және оның қаржылық тұрақтылығына кепіл бола отырып,
банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін
басты көз болып табылады.

1.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі

Банктің меншікті капиталының жеткіліктігі ұзақ уақыт бойы ғылыми –
зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы
пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде
болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ
болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктерлің
банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі, банкті
жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген
пікірлер бар.
"Капиталдың жеткіліктілігі" термині банктің жалпы тұрақтылығын және
оның тәуеклге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл
банк капиталының мөлшерінің тәуекел ережелері ескерілген банк активтеріне
сәйкес болуға тиісті. Сондай – ақ , коммерциялық банктер өз жұмыстарында
банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің
қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып,
қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір
жағынан, қадағалау хәне бақылау ұйымдары екінші жағынан, банк капиталы мен
коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы
қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Кез келген коммерциялық банктің меншікті капиталының мөлшерін
мынадай формуламен анықтауға болады:
МК = А-М
мұндағы, МК – банктің меншікті капиталы;
А – банктің активтерінің жалпы сомасы
М – банктің міндеттемелері [ 2; 76 б]
Банктің ресурстарындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде
болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру
мөлшерінем сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын төмендегідей
факторларды ескеру қажет:
- банктердің дивиденттері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда,
пайыз мөлшермесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің
нащарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл
бөледі,бірақ олардың көбі талап етуге байланысты қайтарылып алынуы
мүмкін.
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі
жағдайларбанктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс.
Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20%
шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды ( пруденциалдық
нормативтердегі к2-нің мәні) құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем
қабілетсіздік тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді.
Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз
деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнынжабатын меншікті
капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады. [12; 123б.]
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк
жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура
анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін,
салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті
мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне
байланысты болуы тиіс. Мысалы, егер банктің берген ссудаларының тәуекел
дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура
келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында
келесідей міндеттер тұрады: тәуекелдің артуына байланысты өз капитал
мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі төмен болып келетін
активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк
капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа
және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме, жоқ па? – деген
балама сауал туындайды.
Осындай жағдайларға байланысты кейбір банктеріміз капитал
жеткілігін сақтап, тәуекелдің алдын алу мақсатында несиелеу көлемін
шектеуде. Банктіңтабысы берген несиелердің сапасына тікелей байланысты
десек, онда несие көлемін шектеу банк табыстылығын шектеуге, соның
нәтижесінде банк капиталын ұлғайту көзінің қысқаруына әкелетінін білеміз.
Ендеше, бұгінгі банктеріміздің меншікті капиталын ұлғайту көзі ретінде тек
қана акцияларды шығару амалы қалуда. Бір айта кететіні, кейбір ірі
банктеріміз өздерінінң акцияларын депозитарлық қолхат арқылы шетел нарығына
орналастырып отырғаны да жасырын емес. Бұл шаралар аталған банкке қатысты
Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан күмән
туғызуы мүмкін. Себебі, мұндай жағдай отандық банк акциялары иелерінің
жұмбақ болуын баяндайды.
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екіге бөлінеді:
1. I деңгейлі капитал;
2. II деңгейлі капитал.
Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық
нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк басқармасының №213
қаулысымен бекітілген " Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық
нормативтер туралы" ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:
1) жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
2) меншікті қаражаттардың жеткілікті коэфиценті;
3) бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
4) өтімділік коэфиценті;
5) ашық валюталық позиция лимиті;
6) негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк
инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэфиценті;
Осы коэфиценттердің ішінде меншікті капиталға қатысты бастапқы екеуі.
1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
Банктік жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк төменгі
деңгейде ғана, сондай – ақ ондай сатып алу кез келген пруденциялық
нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді
бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады .[ 2; 79б]
Қазіргі кезде жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері 2 млрд теңгеден
1,5 млрд теңгеге азайды.
2. Меншікті қаражаттардың жеткілікті коэфициенті
Меншікті капитал ( К) – бұл I деңгейлі капитал мен II деңгейлі капитал
( I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) қосындысынан банктің
инвестицияларын шегеру арқылы есептеледі.
Банк инвестициясы – акцияның ( жарғылық капиталда қатысу үлесі) және
еншілес ұйымдардың, сондай –ақ басқа заңды ұйымдардың субординирленген
қарызына жұмсалымдар сомасы.
Ұйымдардың субординирленген қарызына жұмсалымдар мынадай шарттардың
біріне сәйкес келуі тиіс:
- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қаржылық есебі халықаралық
стандартқа сәйкес жасалуы және аудиторлық қорытындымен расталуы тиіс;
- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың акциялары Қазақстан қор биржасының
ресми тізімінің " А" категориясына енуге тиіс;
- жоғарыда аталған заңды тұлғалардың қарыз рейтингі Standard & Poors
және басқа халықаралық рейтингтік агенттіктердің " А" рейтингінен
төмен болмауға тиіс.
Бірінші деңгейлі капитал ( К1) мыналардан құралады:
- төленген жарғылық капитал;
- қосымша капитал;
- өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс ( өткен жылдардағы таза табыс
есебінен құрылған қорлар , резервтер); шегерілген (-):
- материалдық емес активтер ( Халықаралық қаржы есебіне Халықаралық
стандартына сәйкес банктің негізгі қызметінің мақсатына алынған
лицензияланған бағдарламалық қамсыздандыру) ;
- өткен жылдардағы зиян;
- ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылдағы табыстардан артық
сомасы.
Екінші деңгейлі капитал мыналардан құралады:
- ағымдық жылдағы табыстардан ағымдық жылдағы шығыстардың артық сомасы;

- бағалы қағаздар мен негізгі құралдарды қайта бағалау мөлшері;
- тәуекелді есепке алып өлшенген активтер сомасының 1,25% - нан
аспайтын сомадағы жалпы резервтер ( провизиялар) мөлшері;
- бірінші деңгейлі капитал сомасының 50% - нан аспайтын сомадағы
банктің субординарлық қарызы;
Банктің субординарлық қарызы – бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін,
банктің қамтамасыз етілмеген міндеттемесі:
1) депозит немесе міндеттеме болып табылмауға тиіс;
2) банктің немесе онымен байланысты аффилирленген тұлғалар талаптары
бойынша кепілдік ретінде қамтамасыз етілмеуге тиіс;
3) алдын ала ( толық немесе жартылай) өтелмеуге тиіс;
4) банктің таратылуы барысында соңғы кезекте қанағаттандырылуға тиіс (
акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында) [ 2;84 б]
Банктің субординарлық қарызы – бастапқы қайтару мерзімі 5 жылдан
жоғары болып келетін, меншікті капиталға жататын субординарлық қарыз.
Облигация субординарлық қарызға және меншікті капиталға жатуы мүмкін.
Банктің субординарлық қарызы меншіктегі капитал ретінде есепке алынады
және 5 жыл ішінде мынадай мөлшерде қалып, қалғаны қайтарылады:
1 – ші жылы – субординарлық қарыздың 80% сомасы;
2 – ші жылы – субординарлық қарыздың 60% сомасы;
3 – ші жылы - субординарлық қарыздың 40 % сомасы;
4 – ші жылы – субординарлық қарыздың 20 % сомасы;
5 – ші жылы – субординарлық қарыздың 0 % сомасы;
Меншікті қаражаттардың ( меншікті капиьалдың) жеткілікті төмендегідей
екі коэфиценттің көмегімен есептеледі:
Банктің бірінші деңгейлі капиталының барлық активтер сомасына қатынасы
– 0,06 – дан кем болмауға тиіс.

К1 - ИК
к1 = ― ٭
А
Мұнда,
К1 – бірінші деңгейлі меншікті капитал;
ИК – банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды
тұлғалардың субординарлық қарызы;
А – банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтерінің сомасы.
Банктің меншік капиталының тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан
активтерге қатынасы 0,12 – ден кем болмауы тиіс.

К ٭
к2 = ― ,
Ат - Па
Мұнда,
К - банктің меншік капиталы;
Ат – тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер және баланстан тыс
міндеттемелер сомасы. Тәекел дәрежесіне байланысты өлшенген активтерді
есепке алу барысында кастодиандық келісім – шарт негізінде банкке
қабылданған ақшалар есепке алынбайды;
Па – арнайы резервтер ( күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылған
провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы
резервтер сомасы ( яғни, тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтер
сомасының 1,25,% асатын сомасында) . [ 2; 122 б]

1.3 Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттары, олардың түрлері

Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі 80
% - ға жуығын құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік
жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту
тәсілдерінің болуы, сырттан тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен
өзгертті десе де болады.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық сырттан тартылатын қаражаттарды
жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
Ι топ – депозиттер;
ΙΙ топ – депозиттік емес сырттан тартылған қаражаттар.
Сырттан тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер, банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің ( жеке және заңды тұлғалардың ) банктегі
белгілі бір щотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттарын
білдіреді.
Депозиттік емес сырттан тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз
түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары
болып табылады.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиенттің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады. [ 2; 80 б]
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстар шоттарының әр түрлілігімен сипатталады. Бұл банктердің
жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының
сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос
қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді келесідей топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай – ақ, басқадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- процент төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
- басқадай.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар келесідей
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бірінші талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы нақты ақшаларын алатын әр түрлі
шоттардағы қаражаттарды білдіреді
Отандық банктік тәжірибеде, талап етуіне дейінгі депозиттерге:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың әр түрлі шағын коммерциялық
құрылымдардың есеп – айырысу және ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың басты бір артықшылығы,
олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап
етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқадай
операциялардың жүзеге асырылуы барысында ғана түседі және алынады.
Ал басты кемшілігі – бұл шот бойынша процент мүлде төленбейді немесе
өте төменгі мөлшерде ғана төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі
шоттардың келесідей ерекшеліктері туады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақыттарда, ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен бұл шотты пайдаланғаны ұшін, процент түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін, өте төменгі деңгейде процент төлейді, кейде төлемеуі де
мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, банк Қазақстан Ұлттық
банкінде сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар
жасайды.
Әлемдік банктік тәжірибеде, қарапайым талап етуге дейінгі депозиттік
шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау – шотты және куәландырған
чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.
Нау – шоттар – бұл процент төленетін, чектік депозиттер болвп табылады
Нау – шоттың келесідей өзігне тән ерекшеліктері болады:
- бұл шот түрі бойынша процент төленеді;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуын талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары – бұл куәландырылған чектерді төлеу
үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы
қаражаттарды білдіреді. [ 2; 82 б]
Куәландырған чектер – бұл банктің, шотта қаражаттардың барлығын чектер
арқылы куәландыруын білдіреді.
Отандық банктік тәжірибеде мұндай чектерді есеп – айырысу чектері
деген атпен КСРО кезінде кеңінен қолданған болатын. Бірақ, бүгінгі күні бұл
чектер айналымнан, өздерінің бірқатар кемшіліктеріне байланысты алынып
тасталынған.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Мерзімді депозиттер – бұл банктердегі белгілі бір мерзімге және
процент төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос қаражаттары
болып табылады.
Депозиттің бұл түрін алдын – ала хабарлау негізінде немесе уақыты
жеткен кезде ғана салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы
алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер келесідей түрлерге бөлінеді:
- меншікті – мерзімді днпозиттер;
- алдын – ала алуын ескертілген мерзімді депозиттер.
Меншікті – мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30 – 90 күнге дейінгі;
- 90 – 180 күнге дейінгі;
- 180 – күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары. [ 2; 85 б]
Мерзімді салымдар бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын – ала
келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес процент белгіленеді. Алдын –
ала алуын хабарлау туралы мерзімі 7 күннен жоғары болып келеді.
Демек, мерзімді салым ( депозит) – белгілі бір мерзім бар және тұрақты
процент төленетін, сол сияқты алдын –ала алуға шек қойылатын салымды
білдіреді.
Салық иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып – пұл
ретінде оған төленетін процентті төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:
- есеп – айырысу үшін пайдаланылмайды және мұндай шоттарға ешқандай да
есеп – айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты процент төленеді;
- процент мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Қазақстан Ұлттық банкі
тарапынан реттеліп отырады;
- алдын – ала ақшаны алу туралы салым иесінің хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде процент төленеді
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының келесідей ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімді болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын – ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшадай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап
етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ашылатын
жинақ салымдары, салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай
келесідей түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай – заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын – ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға: тұрақты мерзімі белгіленетін және сол
мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ
салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде процент
төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын – ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға
болатынсалымды білдіреді. Бұл шотта жинақталатын соманы белгілі бір күнде (
жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдарға негізінен жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі процент төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгіленген
мерзім өткеннен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін процентті алуға
құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығын
куәландыратын банк – эмитенттің жазбаша куәлігі болып табылады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары оны иемдену тәсіліне қарай екі
түрлі болып келеді:
1. Атаулы сертификаттар;
2. Мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты – жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған сатылған тауарлар және
көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп –
айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада
шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады. [ 2; 89 б
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың келесідей екі түрі
белгілі:
1. аударылатын;
2. аударылмайтын;
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықта сатып алу – сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаттары жеке тұдғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификаттарының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаттары тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімнен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайды, банк сертификатты сатып алады, бірақ
төменгі мөлшерде процент төлейді. Коммерциялық банктер үщін бұл сертификат
ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге
түсуін сипаттайды.
Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар келесідей түрлерге
бөлінеді:
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен
облигациялары;
- банкке сақталуға берілген және судағы қамтамасыз етілген акциялар мен
облигациялар;
- шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар
мен құндылықтар.
Несиелік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін
жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк
вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен
көрсетілетін қызметтер үшін есеп – айырысуда пайдаланады.; екіншіден,
вексельдер ссуда алу барысында кепіл ретінде жүреді; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк баланстарын талдау
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Капиталдар туралы
Екінші деңгейлі банктердің меншік капиталдарының қалыптасуы мен қолданылуын талдау
Меншiкті капитал туралы
Коммерциялық банктердің меншікті капиталдары
Қазақстан Республикасының депозит нарығы
Банктің меншікті капиталы
Банктің акционерлік капиталы және оның қалыптасуы
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
Пәндер