Салық төлеу тәртібі бойьшша жеңілдіктер
ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.
Ι. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1. Салық жүйесінің пайда болуы және экономикалық мәні
1.2. Салықтардың жіктелуі
ΙΙ. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ҚЫЗМЕТ ЕТУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1. ҚР салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
2.2. Алматы қаласы салық комитеті мәліметтері негізінде
салықтардың түсу динамикасын талдау
ΙΙΙ. ҚР САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Әлемдік экономиканың жаһандануы, яғни шаруашылық өмірдің барлық
аспектілерінің интеграциялануы мен интернационализациялануы, сайып келгенде
әлемдік шаруашылықтарының түрлі салаларының өзара байланыстылығын нығайта
түсуде. Жаһандану барысында салық саясаты мен салық жүйесінің өзара
үйлесімділігі көрініс табады.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы
болуымен қатар ел экономикасын қайта құрып, оның дамуына, ұлғаюына, саяси
әлеуметтік істердің толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі
бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның
тиімді қызмететуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық мемлекет бюджет кірісінің негізгі көзі ретінде мемлекттік
әлеуметтік-бағдарламасын орындауда маңызы зор. Салықтар мемлекеттің өмір
сүруінің барлық кезеңдеріне тән құбылыс. Олардың басты міндеті - әр
қоғамның дамуын қамтамасыз ететін өндірістік емес саланы қаржыландыру болып
табылады.Сонымен бірге салық жаңадан құрылған қосымша құнды алудың тәсілі
ретінде салық төлеушілердің қаржылық күйіне шешуші әсер жасайды. Салықтың
мәні әлеуметтік-экономикалық мәні мен құрылымы мен рөлі қоғамның
экономикалық және саяси құрылысымен, сондай-ақ мемлекеттің табиғаты және
қызметімен анықталады.салықтар қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде
мемлекеттік бюджеттің кірістерінің негізгі қайнар көзі ретінде құрылуы,
ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі және бұл дәстүр нарықтық экономикада
да әрекет етеді.
Жаңа қайта құру жағдайларында Қазақстанның салық жүйесін экономикалық
даму мен жаһандану құбылысына сай қалыптастыру—еліміз үшін стратегиялық
маңызы бар мәселе. Сондықтан өз Отанымыздың салық жүйесінінің қазіргі
жағдайын зерттеу және жетілдірудің ғылыми негізделген әдістерін
табу—объективтік қажеттілік болып табылады.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мен дипломдық жұмысымның
тақырыбын ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері мен даму перспективалары
деп таңдап алдым. Менің бұл дипломдық жұмысымда салықтардың экономикалық
мазмұнынан бастап, ҚР салық жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы, оны
дамытудың перспективалары мен стратегиялық жоспарларын қолдану
мүмкіндіктері сияқты мәселелер талданып қарастырылған.
Салықтардың экономикалық мазмұны
1.1.Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні
Салыктар дегеніміз мемлекеттік бюджетке занды және жеке тұлғалардан
белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып
табылады.
Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке тұлғалардың
мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған
қаржы көздерін құруға туындайтын қаржылық қатынастарды
көзі юмикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық
табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық
табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап,
жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір
сүруі мен дамуының негізгі қаржылык көзі болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта
қүрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және
сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде каржы көздері қажет.
Салықтар - мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекет салықтарды, экономиканы, дамыту, тұрақтандыру
барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтар — тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және
мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға
қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні шаруашылық субьектілерінен, азаматгардан
ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір
бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі
мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті
ұхтау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты турде
төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың
нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай
бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды
салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы:
1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұг тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша
қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды.
Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн,
жұмыртқа, сүт, май өткізген).
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген
мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық
салып отырған.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме
берілген. Мәселен, Салық кодексінде Салықтар — мемлекет біржақты тәртіппен
заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және
өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар деп
атап көрсетілген.
Салық — занды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын
бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық - белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз — белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде
алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін
байқауға болады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық
белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді.
Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі -
бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде
немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Ресгіубликасының мемлекетгік бюджетінде салықтардың меншікті
салмағы 70 пайызын құрайды.
Салықты материалды тұрғыдан алғанда - бұл, салық төлеушінің белгілі бір
мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша
сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып
саналады).
Салықтың материалдық белгісі - салық төлеуші белгілі бір соманы
мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтық қатынастар - ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша
қаржыларының салық төлеушіден мемлекетгік ақша қорларына жылжуы дегенді
білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық — салық төлеушілерден
мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және
белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан карайтын болсақ, бүл мемлекеттік бекітілім, яғни
тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін
міндеттеме.
Салық құқығы - мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық материалдық тұрғыда белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда)
немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың
санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
* Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша
сомасы болса;
* Экономикалық категория ретінде - бұл мемлекеттің табысы;
* Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген
міндеттеме болып табылады.
* Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетіл-
гендерді атауға болады:
* Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді
бөледі;
* Салық - ақшалай нысанда төленеді;
* Салық - қайтарылмайтын төлем болып табылады;
* Салық - баламасыз сипатта болады;
* Салық - салықты телеген кезде меншік нысандары ай-
қындалады;
* Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1. Салық - мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан
мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы
өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты
белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген коғамдық жиынтық өнімнің бір
бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық
қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салъқ — ақшалай нысанда төленеді.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы
саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап
көрсетілген.
3. Салық — қайтарылмайтын төлем балып табылады.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық
төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұньң қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
* Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке карай қозғалады;
* Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге
бағытгалады (қайтарылады).
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз - ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол
соманың қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық — баламасыз сипатта болады.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытга қозғалысын айқындайды. төлеген
салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда,
салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып
есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Сондықтан салық — баламасыз төлем болып табылады.
5. Салъқты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе
материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекетгік меншікке өтеді
(ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді
иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық
қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық
төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6. Салық - тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты
мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық
актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі
бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге
алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке
төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір
рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады
(мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары
қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген
салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті
болады. Бүл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құнынан
айырылғанға дейін жалғасын таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
* салықты — мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган
белгілейді;
* салық - құқықтық нысанда жүзеге асады;
* салық - мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
* салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
* салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
* салық төлеу аркылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.
1. Салықты тек мемлекет қана белгілейді.
Мемлекеттік органның ешбірі салықты бекітуге және енгізуге құқы жоқ.
Салық - бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.
Салық — осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.
Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша
қарастырады:
* біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте
алады;
* екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-қүқықтық
акгілермен қатаң түрде жузеге асырылады;
* үшіншіден, осы қабылданған құқықтық акт белгілі бір тәртіпке сәйкес
жүргізіледі.
2. Салық құқықтық нысанда жүзеге асады.
Мемлекет салықты бекіту және енгізу үшін құқықтық акт қабылдайды.
Мемлекеттің салық қызметін жүзеге асырудағы негізгі әдісі болып
нормативті актілерді шығару табылады.
Салықтың құқықтық негізі ретінде - мемлекет шығарған нормативті акт
қабылданады.
Салық элементтері және салық салудың шарттары осы құқықтық актіге сәйкес
белгіленеді, өзгертіледі және жүзеге асырылады.
3. Салық мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады.
Салық ұлт (халық, қоғам, азамат) және мемлекет арасындағы еркін түрде
келісілген келісімнен кейін пайда болады. Мемлекет салықты белгілеуде
барлық салық төлеушілермен келісімге келмейді, яғни олардың белгілі бір
топтарымен немесе өкілдерімен ғана келісімге келуі мүмкін. Кейбір кездерде
салықтық суверенитет жүзеге асырылады.
Салықтық суверенитет (егемендік) — мемлекеттің өзінің аймағындағы кейбір
салық түрлерін кез келген мөлшерде өзгертуге және салық салу объектілерін
белгілеуге, салық саясатын жүзеге асыруға құқы бар.
4. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды.
Қабылданған құқықтық акт негізінде белгіленген салық жеке және занды
тұлғаларға салық төлеуші ретінде салық міндеттемелерін жүктейді.
Салық төлеуші тұлғалар салъқ және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеуге міндетті болып саналады.
Белгіленген салық занды салық міндеттемесін туғызады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне былайша
түсініктеме берілген: "Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет
алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес
салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері
мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін
жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті".
5. Салық мәжбүрлеме сипатта болады.
Салықтьң мәжбүрлеме сипаты 3 кезеңде байқалады:
* бірінші кезең, мемлекет салықты салық төлеушілердің еркінен тыс
белгілейді және енгізеді, яғни мәжбүрлі түрде;
* екінші кезең, салықты төлеген кезде салық төлеуші өзінің меншігінің бір
бөлігінен мәжбүрлі түрде айырылып отырады;
* үшінші кезең, салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін орындамаған
жағдайда, мемлекет бересілі соманы мәжбүрлі түрде өндіріп алады.
6. Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта
жүзеге асырылады.
Бір жағынан алғанда, салықтар салық төлеушілерден еркінен тыс өндіріп
алынады, ал екінші жағынан мемлекетті басқа да ақшалармен қамтамасыз етеді,
ал бұл құқықтық негізде мемлекеттің меншігі болып саналады. Айта кету керек
"Салық - салық төлеушілердің құкық бұзушылықтары немесе құқыққа қарсы
тәртіпсіздіктері үшін шараларға төлем ретінде қарастырылмайды".
Салықтың жиналатын орындары:
* нарықтарда;
* сатушы мен сатып алушылардан;
* үй шаруашылығынан;
* табыс көзінен, шығын статьяларынан;
Салықты реттеудің тетіктері:
* салық түрлері;
* салық ставкалары;
* салық жеңілдіктері;
* салық салу әдістері;
Салық төлеуден қашу себептері:
* елеулі салық ауыртпалығы;
* салық заңының айқынсыздығы;
* субъектілердің саналы түрде алдын-ала салық мөлшерін
төлемеуге ұмтылуы;
* салық қызметін ұйымдастырудағы кемшіліктер болуы мүмкін.
Сальқ ауыртпалығы—салық жиналуының жалпы мөлшерінің бірлескен ұлттық
өнімге қатынас ретінде анықталатын көрсеткіш Салықтардың алымнан
айырмашылығын айта кетсек.
Алымдар салық төлеушілерден белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде
немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді.
Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше
айырмашылықтары бар, атап айтқанда:
біріншіден, алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет
занды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем
қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;
екіншіден, салықтың өтеусіз жэне баламасыз белгілері болады. Ал, алым
баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі
бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды түлғаларды
мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу
арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рүқсат алады немесе лицензиялық
алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін
алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен
айналысуға қүқық беріледі. Алымда салық төлеуші мемлекеттік органмен
байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңды іс-әрекеттер жасайды;
* үшіншіден, алым бір жолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана
төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, қашан
салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;
* төртіншіден, салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші
салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс-
шаралары қолданылады. Салық төлеуші алымды ерікті түрде төлеп отырады.
Мысалы: бір түлға мемлекетгік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез келген қызмет
түрімен айналысуға құқылы. Бұл жерде тұлға алымды өз еркімен төлейді.
Салықтың төлемақыдан айырмашылығы
Төлемақы дегеніміз — мемлекет меншігіндегі объектпілерді пайдаланған
кезде төленетін төлем.
Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар. Мәселен:
* біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны
белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;
* екіншіден, төлемақы мемлекетгің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық-
қүқықтық қатынастары кезінде туындайды;
* үшіншіден, тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және
басқа да объектілерді пайдалануға құқық алады.
Салықтың мемлекеттік баждан айырмашылығы
Мемлекеттік баж да төлем болып саналады.
Мемлекеттік баж – уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың, немесе
лауазымды адамдардың зандық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және
құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы мынада: - мемлекет тарапынан
берілетін қызметке байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем болып
саналады;
• мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес,
мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету
керек, бажды төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.
Баждың алымнан апырмашылъқтарына тоқталар болсақ:
* баж бюджеттің табысы, ал алым мемлекеттік мекемелердің көрсеткен
қызметтеріне орай табысы болып саналады;
* баждың мөлшері төлеушілерге ұсынылған қызметтерінің құнына байланысты
болмайды, ал алым көрсетілген қызметтердің құнына орай анықталады, яғни
өтініш берушінің мемлекеттік органға келтіретін шығындары есепке
алынады. Сондықтан алымның мөлшері тауар бағасы сияқты нақты болуы
тиіс.
Салықтық жарналар арқылы да мемлекеттік қаржы қорлары құрылады. Олар
мемлекеттің бюджеттік және бюджеттен тыс қорларында (әлеуметгік сақтандыру
қорлары, зейнетақы қорлары, жұмыспен қамту қоры, жол жөндеу қоры) жиналады.
Салықтың экономикалық мазмұны былайша көрсетіледі: Шаруашылық
субъектілерімен азаматтық қарым-қатынас бір жағынан және мемлекет екінші
жағынан қор құрастыру негізінде мемлекеттік қаржылардың 4 кезі қолданылады:
• салық салу;
• облигацияларды сату (қазыналық вексель);
• шетелдік қарыздардың тегін көмектері;
• ақша бірліктерін шығарудан түскен монополдық кіріс.
Салық салу мемлекет қаржысын және табысты толықтыруды реттеу әдісі болып
саналады, яғни мемлекет салық салу процесі арқылы өз қажеттіліктерін
қанағаттандырады.
Салық салу - мемлекеттің салықтарды бекітуде, енгізуде және оларды алу
жөніндегі қызметтерінің жиынтығы.
Тең салық салу - бұл ретте әрбір салық төлеушіден бірдей
мөлшерде салық алынады.
Салық салудың объективті факторы — салықтың пайда болуы объективті түрде
мемлекет бюджетіне байланысты.
Сонымен қатар салық салу - кәсіпорындар, азаматтар және мемлекеттер
арасында табыстарды үлестіру әдісі ретінде қолданылады.
Салық салуда колданылатын негізгі құжаттар:
* декларация;
* салық органдары жүргізген жеке тұлғалар қызметін тексеру материалдары;
• табыс салығын төлеушілердің салықты төлегені туралы
кәсіпорын ақпараты;
* ағымдағы төлемдерді төлегені туралы құжат.
Салық салуға қойылатын талаптар:
* қаржы-қаражат жүйелерінің тұрақтылығьн қамтамасыз ету;
* мемлекеттік бюджетгің пайдалануын қамтиды;
* әлеуметтік-әділеттілік болуы керек;
* салықты - салық төлеушілерге бір қалыпты бөлуге мүмкіндік беру керек;
• халықтың әлеуметтік кедей тобына арнайы жеңілдік жасау және
әлеуметгік ақталмаған кірісті азайту.
Активтерді және табысты ұғымды орналастыру, қаржыларды инвестициялау мен
жинау мәселелері салықты жоспарлаудың кезеңі болып табылады.
Салықты жоспарлау - салық міндеттемелерін занды қысқарту әдістері.
Активтерді және табысты ұтымды орналастыру, қаржыларды инвестициялау
мен жинау мәселелері салықты жоспарлаудың кезеңі болып табылады.
Салық теориясы - салықтың маңызы мен қызметі туралы ғылыми білім және
ұғымдардың жүйесі, мемлекеттік қаржы қызметіндегі олардың ролі.
Салық несиесі - салықты төлеу мерзімнің өзгеруін өрнектейтін жеңілдік.
Салық режимі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндетгемелерін есептеу кезінде
салық төлеуші қолданатын салық зандары нормаларының жиынтығы.
Салықтың атқаратын қызметтері
Салық экономикалық категория ретінде және өзінің қалыптасуы барысында
мынадай үш қызметті атқарады.
Салықтың ең бірінші кезектегі атқаратын қызметі, бұл— қазыналық.
Мемлекет өз қазынасын толықтыру мақсатында табыс көздерін жасайды. Салық
төлеушілерге нормативтік қүқықтық актілер негізінде салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептейді, салық ставкалары мен
төлеу мерзімін белгілейді. Салықтардың қазыналық қызметі — түрлі
субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді.
Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі
құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады. Қорыта айтқанда, мемлекеттің
бюджет саясаты жүзеге асырылады.
Салықтың келесі қызметтерінің бірі - бақылау (реттеу). Мемлекет
экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың
кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады
(салық жеңілдіктері жасалады, салық ставкаларын төмендетеді). Бюджетке
түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады. Кез келген қызмет
түріне бақылау жасау қажет. Ал енді салық түсімдеріне бақылау өте қажет
екені даусыз. Мемлекет бюджеттің кірісі мен шығысын есептейді, соған
сәйкес өз қызметін атқарады.
Салықтардың бақылау қызметінің арқасында салық жүйесінің тиімділігі
бағаланады, қаржы ағымдары мен қызмет түрлеріне бақылау қамтамасыз
етіледі.
Салықтың келесі атқаратын қызметтерінің бірі — қайта бөлу.
Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландыруды қажет ететін
бағдарламалар жобасына сәйкес және әр салаларға мақсатқа сай бөлінуін
қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақтысында
жұмсалуына қадағалау жасайды.
Салықтың қайта бөлу қызметі мемлекетке салықты қоғамдағы экономикалық
және әлеуметтік процестерге әсер ету құралы ретінде қолдануға мүмкіндік
береді.
Салықтардың қайта бөлу қызметінің көмегімен бюджетте ақша қаражаттары
жиналады, осыдан кейін жалпы мемлекеттік мәселелерді шешуге бағытталады,
әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы қатынастарды өзгерту жолымен
әлеуметтік тепе-теңдікті ұстап тұрады.
Салық комитеті - салықтың мемлекеттік бюджетке түсуін қадағалайтын
бірден-бір мемлекеттік орган.
Салық комитеті - бірінші кезекте, бюджет саясатын жүзеге асыра отырьп,
мемлекеттік бюджетті толықтыруды көздейді. Осы бюджетке түскен салық
түсімдеріне қайдан келеді және қайда кетеді жөнінде бақылау жасайды. Ал
енді осы қызметтердің қорытындысы ретінде бюджетке түскен салық және
салықтық емес түсімдерге қайта бөлу жасалады.
Мүның мақсаты — мемлекет әділетті түрде өз шығындарын да жаба отырып,
елдің әлеуметтік топтарына да қолдау көрсетіп, басқа да шығыстарды жаба
білу.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде салықтардың бірнеше қызметтері атап
көрсетілген. Мәселен, ынталандырушы. Салықтардың ынталандырушы қызметінің
көмегімен мемлекет өндірістің және басқа да шаруашылық субъектілерінің
дамуын ынталандырады. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін, төмен пайызды
салық ставкаларын енгізеді.
Салықтардың ынталандырмайтын қызметі оларды басу мақсатында әрекеттің
қандай да бір түріне арнайы салықты енгізу жолымен жүзеге асырылады.
Салықтардың тұрақтандырушы қызметі экономикалық өсу, техникалық жаңарау,
халық санының өсуі үшін әр түрлі шаралар жасайды.
Салықтардың шектеу қызметі. Мемлекетке кейде бірсыпыра өндіріс түрлерін
дамыту тиімсіз болады. Салық саясаты арқылы мемлекет өндіріс түрлерінің
дамуын шектейді немесе тоқтатады, Қазақстан Республикасында бұл қызмет 10-
20-30 пайыздық салық ставкаларымен қатар және нөл пайыздық салық ставкалары
арқылы жүзеге асуда.
Бюджетті толықтырушы негізгі жүйеде салық түсімдерімен қатар салықтық
емес түсімдерді де атап өтуге болады.
Салықтық емес түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде
белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге
жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық
актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын
төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде
берілетін ақшалар.
Салық теориясы - салық маңызы мен қызметі туралы ғылыми білім және

Салық несиесі- салықты төлеу мерзімінің өзгеруін өрнектейтін жеңілдік.
Салық режимі — салық және бюджетке теленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде

Қорыта келгенде, салықтар көптеген елдерде әр түрлі аталғанымен, кейде
оларға салық салу және алыну жолдары ұқсас болып келеді. Салық төлеуші
ретінде салық төлеу жауапкершілігі жүктелген занды және жеке түлғалар
танылса, ал салық салу объектілері болып салық төлеушінің есепті кезеңде
алған табыстары, тауарлары, мүліктері, көлік құралдары, пайдасы және тағы
да басқалар табылады. Салық акшалай және заттай түрде әділеттілік, теңдік
және түрақтылық тәрізді салық салу принциптері негізінде құрылған салық
ставкаларын қолдану арқылы алынады. Салық ставкалары тұрақты немесе пайыз
түрінде тағайындалады. Пайыздық ставкалар үйлесімді, үдемелі және кемімелі
болып бөлінеді. Ал салық жеңілдіктері сол мемлекеттің қазыналық саясатының
бағыттары мен бағдарламаларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар салық алудың мынадай негізгі тәсілдері бар:
* төлем көзінен, яғни салық табыс алынған кезде ұсталып
қалады;
* декларация негізінде, яғни салық салық төлеушінің декларацияда
көрсеткен табыстары, шегерімдері мен жеңілдіктерін ескере отырып,
анықталады;
1.2 Салық элементтері, жіктелуі
Салық элементтері
Салық элементтері салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын
анықтайтын құрамдас бөлігінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар,
атап айтқанда
* салық субъектісі;
* салық объектісі;
* салық көзі;
* салық мөлшері;
* салық жеңілдіктері;
* салық ставкасы;
* сальщ кезеңі;
* салықты есептеу тәртібі;
* салық есептілігі;
* салықты төлеу тәртібі.
1. Салық субъектісі.
Салық субъектісі — занды немесе жеке түлға, яғни салықты төлеушілерді
атаймыз.
Салықты төлеушілер:
Қызметкерлер - еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік
жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар;
* шаруашылық субъектілері — капитал иелері, яғни занды түлғалар.
Салық төлеуші — салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.
Тұлға — жеке тұлға және занды тұлға болып бөлінеді.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы,
азаматтығы жоқ адам.
Салық тасымалдаушылар - іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке
тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматгары.
Заңды тұлға — Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің зандарына
сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруа-шылық құқықтар мен міндеттер субъектісі
ретінде әрекет ететін ұйым (шетелдік занды тұлға) немесе кэсіпорын. Шет
мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да
корпорациялық құралым.
Заңды тұлғаның өз балансы, елтаңбасы, мөрі және банкіде есеп айырысу шот
есебі болады.
Салық кодексінің мақсаттары үшін олар құрылған шет мемлекетгің занды
тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес занды тұлғалар
ретінде қарастырылады.
2. Салық объектісі.
Салық объектісі - салык есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін
қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер жэне т.б. Осы
аталғандардан салық төленеді.
Мүлік жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді.
Тауар — қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан
алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі болып
табылады.
Мұра - қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген
мемлекетгерде мұраға салық салынады.
Жер — белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи
байлық. Күнделікті пайдаланылады.
3. Салық көзі.
Салық көзі—салық төлеу үшін белгіленген және колданылатын ақша
қаражаттары, бүл - жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық неден
төленетіндігін анықтау.
Салық көзі - салық төлеуге арналған немесе қолданылатын ақша қаржылары.
Салықтың займдық қаржылар көзі тек мәселенің қысқа мерзімде шешілуін
көрсетеді.
Макроэкономикалық деңгейде салық төлеудің негізгі көзі ретінде - ұлттық
табыс қатысады.
Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:
' табыс;
* қор және жинақ;
* өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса
алғанда;
* қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде ендірістік капиталдың
мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;
* қарыз қаражаттары.
Табыс — ұлттық табысты бөлу барысында мемлекетке, кәсіпорынға, мекемеге
немесе жеке түлғаға түсетін ақшалай немесе материалдық ресурстар.
Салық төлеушілердің, яғни жеке және заңды түлғалардың салық төлеу
көздерінің айырмашылықтары бар.
Салық төлеушілердің табыстары, бүл кімнің табысы болып саналатынына
байланысты болады және бірнеше нысандары бар:
* тауарды (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
* дивидендтер, рента;
* сыйақы, ұтыстар, роялти;
* жалақы, зейнетақы, стипендия, сақтандыру төлемдері (бұларға табыс
салығында толығырақ тоқталамыз).
Қор — мемлекеттің, кәсіпорынның немесе жеке тұлғаның әлде бір мақсатқа
арналған ақша қаражаты немесе материалдық құндылықтар.
Жинақ — кәсіпорынның немесе жеке түлғалардың банкілерге және жинақ
мекемелеріне салған, әдетте, талап ету мерзімі көрсетілмеген ақшалай
қаражаттар.
Айналым қаражаттары - өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз
процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын
құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға авансыланған ақшалай
қаражаттың жиынтығы.
Қарыз қаражаттары - бір жақ (қарыз беруші) екінші жаққа (қарыз алушыға)
меншікті немесе оперативті басқаруды, ақшаны немесе түр-түсі белгіленген
заттарды табыстайтын, ал қарыз алушы сол тектес және сапасы сондай затты
немесе ақшаны қайтаруға міндеттенетін шартқа сәйкес берілетін қаражаттар.
Рента — шығушыдан кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін капиталдан,
мүліктен немесе жерден ұдайы алынып отыратын табыс; көптеген капиталистік
елдерде - меншік иесінің мемлекеттік заем облигациялары бойынша алатын
табысы.
Жалақы - біріншіден, әрбір қызметкер жұмсаған еңбектің саны мен сапасына
қарай белініп, олардың жеке тұтынуына берілетін үлтгық табыстың ақша
түріндегі табысы; екіншіден, еңбек үшін сыйақы.
4. Салық мөлшері.
Салық мөлшері - салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын
білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.
Салықтың шекті мөлшері - табыстың әр қосымша бірлігінен түсетін үстеме
салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке
түлғалардың мүлік салығы.
Салықтың жеңілдік мөлшері болады, оны мемлекет өз тарапынан белгілі бір
салық төлеушілерге әлеуметтік жағдайын ескере отырып, салық ставкалары
бойынша жеңілдік жасайды (мәселен, салықты төлеу мерзімін ұзартады,
мүгедектерге немесе жалғыз басты азаматтарға, көп балалы аналарға,
мемлекетке еңбек сіңірген азаматтарға және басқа да).
Салықтың орташа мөлшері деп салық төлеушінің табыстарын орта есеппен
алады да, сол сомадан салық төлейді. Мысал ретінде патентті алуға болады.
Бюджетке түсетін салық түсімдерін есептеу үшін салықтың орташа мөлшері
қолданылады.
Ал, нөлдік салық мөлшері, бүл салық телеуден босатылады (мысалы,
қосылған кұн салығында нөлдік ставка бойынша салық төлеушілер бар, бұл
мәселеге кейін толығырақ тоқталамыз).
5. Салық жеңілдіктері.
Салық жеңілдіктері - телем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және
басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару.
Салық жеңілдіктері - заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе ашық
төлеуден түгел босату.
Салық жеңілдіктерін бірнеше белгілері бойынша топтауға болады:
1. Сальқ субъектілері бойынша жеңілдіктер.
Салық төлеушілердің өзіне салық жеңілдіктері беріледі. Жеке түлғалардың
мүлік салығында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен
өту (оқу) кезеңінде салық телеуден босатылады.
2. Салық объектісі бойынша жеңілдіктер.
Бұл жерде салық салу обьектілеріне жеңілдік беріледі. Мысалы: көлік
құралдары салығында мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық
төлеуден босатылған.
3. Салық базасы бойынша жеңілдіктер.
Мәселен, жеке табыс салығы бойынша салық базасына мемлекеттік бағалы
қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен
табыс қосылмайды.
4. Салық ставкасы бойынша жеңілдіктер.
Корпорациялық табыс салығында салық төлеушілер негізінен 30 пайыздық
ставка бойынша салық төлесе, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын
салық төлеушілер 10 пайыздық ставка бойынша салық төлейді.
5. Салық кезеңдері бойынша жеңілдіктер.
Мәселен, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі — күнтізбелік ай
болса, ал ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды түлғалар үшін салық
кезеңі бір жыл болып табылады.
6. Салықты есептеу тәртібі бойынша жеңілдіктер.
Шағын бизнес субъектілерінің белгілі бір бөлігі оңайлатылған декларация
негізінде салық төлейді.
7. Салық төлеу тәртібі бойьшша жеңілдіктер.
Мәселен, шағын бизнестің кейбір субъектілері салықты бір жолғы талон
немесе патент негізінде төлейді.
Қазіргі кезде кең тараған сайын жеңілдіктерінің түрлерін С.Г.Пепеляев
ұсынған еді, яғни олар 3 топқа бөлінеді:
алып тастау;
• жеңілдіктер;
босату.
Алып тастау — салық салудың жекелеген обьектілері салық салудан алынып
тасталады.
Жеңілдіктер — салық базасын қысқарту.
Босату - салық ставкаларын төмендетуге бағытталған жеңілдіктер.
Салық жеңілдіктерінің мазмұнын былайша баяндауға болады:
Біріншіден, салық төлеуден босату жөніндегі жеңілдіктер.
Салықтың түрі бойынша салық төлеушілердің жекелеген тұлғалары салық
төлеуден босатылады. Мәселен, жер салығын иелігінде жер учаскесі бар
түлғалар төлеуі тиіс. Ал, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер жер
салығын төлеуден босатылады. Мұнда мемлекеттің әлеуметтік саясаты жүзеге
асырылады, яғни мемлекет әлеуметтік топтардың жекелеген түрлеріне салық
төлеуде жеңілдіктер қарастырған.
Салық төлеуден толық босатылу, салық салуға жатпайтын мүліктерде (табыс)
жүзеге асырылады. Жеке табыс салығын есептеген кезде, жеке тұлғалардың
зейнетақысына салық салынбайды. Егер жеке тұлға үшін зейнетақы төлемдері
негізгі табыс көзі болса, онда ол салық төлеуден толық босатылады
Екіншіден, салық мөлшерін төмендету арқылы жасалатын жеңілдіктер.
Бұл негізінен үш багыт бойыпша жүзеге асырылады:
* салык төлеушілердің кейбір санаттарына немесе мүліктердің (табыс)
жекелеген түрлеріне қатысты төмендетілген салық ставкаларын белгілеу.
Мәселен, корпорациялық табыс салығын төлеушілер үшін 30 пайызын салық
ставкалары бекітілген, ал негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық
төлеушілер үшін 10 пайыздық салық ставкасы берілген, яғни мүлда мемлекет
ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге салық жеңілдіктерін қарастырған;
* салық салу кезінде мүліктердің (табыс) белгілі бір түрін есепке алмау,
немесе кейбір мүліктер (табыс) салық салынуға жатпайды. Жеке табыс салығын
төлеу кезінде салық салынатын табыс есепке алынады, ал осы табыстың
құрамына балаларға немесе асырауындағы адамдарға алынған алимент кірмейді;
* салық төлеушілердің кейбір санаттары үшін олардың қызметтеріне
жеңілдіктер беру тәртібінде салық базасын қатаң түрде есепке алады, оның
ішінде ерекше шегерімдерге құқық беріледі.
Салық салудың объектісі ретінде есепке алмау немесе салық салудан алып
тастау салық мөлшерін төмендетуге әкеледі, кейде шектелген немесе
шектелмеген салық мөлшері болуы мүмкін.
Салық мөлшерін төмендетудің шектелуі — салық салу объектісі ретінде
есепке алмауға немесе салық салудан алып тастауға сәйкес келетін заң
бойынша карастырылған мүліктер (табыстар) бар. Мысалы, Ұлы Отан соғысы
ардагерлерінің, бірінші және екінші топ мүгедектерінің табыстары жеке табыс
салығы бойынша салық салудан босатылады, бірақ та 240 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде ғана.
Салық мөлшерін төмендетудің шектелмеуі — мүліктер (табыс) салық салу
обьектісі ретінде толық көлемінде есепке алынбайды, немесе салық салудан
алып тастауға сәйкес келетін мүліктер. Бұған мысал ретінде, мемлекеттік
төлем орталығынан берілетін зейнетақы төлемдерін алуға болады. Салык
төлеуші қандай көлемде зейнетақы алса да, бұл сомадан ешкандай салық
төлемейді.
Үшіншіден, салық төлеудің мерзімін ұзарту.
Бұл салық төлеушілердің материалдық жағдайы қиындағанда немесе кездейсоқ
оқиғаларға сәйкес берілетін салық жеңілдіктері ретінде қарастырылады.
Мұны уәкілетті мемлекетгік органдардың салық міндеттемелерін орындау
кезіндегі мүмкінсіздіктеріне қарай мерзімді ұзартуымен шатастыруға
болмайды.
Салық есебін жүргізуді, немесе салық міндеттемелерін орындау тәртібін
оңайлату арқылы берілетін жеңілдіктер.
Бұл салық төлеушілердің белгілі бір санаттарына ғана беріледі Салық
төлеушілердің кейбір түрлеріне арнаулы салық режимін қолдану - салық
сомасын анықтауда және оны төлеуде жеңілдетілген тәртіп беру, бұл салық
міндеттемелерін орындауда жалпы тәртіпті оңайлату мақсатында жүзеге
асырылады.
Салық жеңілдіктері субъект персоналдарына немесе олардың көрсеткен
қызметтеріне қарай жасалады:
* бірінші жағдайда мемлекет алдында ерекше еңбек сіңірген тұлғаларға
жасалады. Мәселен, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, жоғары мемлекеттік
наградалармен марапатталғандар, "Халық Қаһарманы" атағын алғандар.
Бұлардың қатарына әлеуметтік қорғалмаған тұлғалар да кіреді, атап
айтканда: зейнеткерлер, мүгедектер, жетімдер. Бүл жерде мемлекет
әлсіздерді әлеуметтік қорғау қызметін атқарады, яғни салықтар мемлекеттің
әлеуметгік қызметін жүргізудегі әдісі ретінде қолданылады.
* екінші жағдайда мемлекет салық салуды қоғамның экономикалық дамуына әсер
ететін құрал ретінде іске асырады. Мемлекет жеңілдіктер бере отырып,
экономиканың осы салаларын дамытуды ынталандырады.
Преференциялар — үшінші елге қатысты емес бір жақты тәртіпте немесе
өзара қатынас басында бір мемлекеттің екіншісіне беретін айрықша
жеңілдіктері.
Қорыта айтқанда, мемлекет салық жеңілдіктерін экономикалық және
әлеуметтік процестерге әсер етуші құрал ретінде қолдана алады.
Сонымен бірге, салық ғылымында мынадай зандылық бар:
"Неғұрлым салық жеңілдіктері көп болса, соғұрлым салық ставкалары
жоғары болады және керісінше, салық жеңілдіктері аз болса, салық ставкалары
төмен болады ".
6. Салық ставкасы.
Салық ставкасы - салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің
шамасын білдіреді.
Салық ставкасы - салық салу объектісіне пайызбен бекітілген салық
мөлшері. Салық ставкасы — салық өлшемі ретінде қарастырылады.
Салық ставкасы салық базасыньщ өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсалютті
сомамен белгіленеді.
Салық ставкасы бірнеше белгілер бойынша жіктеледі:
1. Салық сомасын анықтау тәсілі бойынша:
* тең;
* тұрлаулы (қатаң);
* пайызды.
Тең ставка — кез келген салық төлеушіге бірдей мөлшерде салық сомасы
белгіленеді,
Тұрлаулы ставка - салық салудың әрбір бірлігіне бекітілген салық
мөлшері. Мысалы, өндірілген акцизделетін тауарлардың әрбір литріне 1
теңгеден.
Пайызды ставка - салық базасының құндық шамасынан белгілі бір пайыз
түріндегі салық мөлшері. Мысалы, адвокаттар мен жеке нотариустардың
табыстарына салық салынатын табысына 10 пайыз салық салынады.
2. Салық ставкаларын қолдану сипатына қарай:
* жалпы;
* жоғарылатылған;
* төмендетілген.
Жалпы ставка - салық салудың жалпы режимінде көрініс табады. Салықтың
барлық тұрі бойынша салық ставкаларын қамтиды.
Жоғарылатылған ставка — мемлекеттің өндіріс саласында қолданылады. Табысы
жоғары қызметтерге жоғары салық ставкасын жүзеге асыру.
Төмендетілген ставка - әлеуметтік жағдайларға байланысты реттеліп отырады.
Салық салуда салық жеңілдіктері беріледі. 3. Салық ставкасының мазмұнына
байланысты:
* маргинальды;
* нақты;
* экономикалық болып бөлінеді.
Маргинальды ставка - (margіпа1, латын сөзінің margо - аймақ, шекара)
салық заңдылықтарына байланысты бекітілген салық ставкаларын атаймыз.
Нақты ставка - төленетін салықтың салық базасына қатынасы ретінде
анықталады.
Экономикалық ставка - төленетін салықтың сомасы алынған жалпы табыска
қатынасы ретінде анықталады.
Салық салу процесінде көбіне маргинальды ставка қолданылады, ол салық
төлеушілердің салық міндеттемелерінің мөлшерін анықтайды.
Ал, нақты және экономикалық ставкалар экономикалық талдаудың мақсаттары
үшін қолданылады, яғни салық ауыртпалықгарының деңгейін және салық
төлеушілердің алған жалпы табыстарын бөлу параметрлерін анықтауда,
мемлекеттің салық саясатының тиімділігін айқындау кезінде және басқа да
жағдайларда кездеседі.
Салық базасы дегеніміз салық салу обьектісі мен салық салуға байланысты
обьектінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде
бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетгі төлемдер сомасы
айқындалады.
7. Салық кезеңдері.
Салық базасын анықтап және салық сомасын есептеп, төленуге тиісті
салықтарды төлеудің белгілі бір кезеңдері болады.
Салық кезеңі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы
айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті
төлемдер сомасы есептеледі.
Кептеген салықтар үшін салық кезеңі - күнтізбелік жыл болып саналады.
Сонымен қатар мынадан салық кезеңдері бар:
* бір күндік - салық кезеңі - күнтізбелік күн болып саналады, бір жолғы
талон негізінде салық төлеушілер;
* он күндік (декада) - салық кезеңі - күнтізбелік он күн болып табылады,
акциз салығында он күн ішінде жасалған операциялар бойынша салықты
есептейді;
* айлық - салық кезеңі - күнтізбелік ай болып саналады, қосылған құн
салығы бойынша кейбір салық төлеушілер, жеке табыс және әлеуметтік
салығын төлеушілер, патент негізінде салық төлеушілер;
* тоқсандық - салық кезеңі - күнтізбелік тоқсан болып есептеледі,
қосылған қүн ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz