Қан айналу системасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультеті

Реферат

Орындаған: Алмухашова Қамар

Тобы: Химия-биология 25

Тексерген: Рахымгалиева Райхан

Тақырыбы: Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысы. Негізгі отрядтары, өкілдері. Қосмекенділер класына жалпы сипаттама. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклы. Қоректенуі. Көбейуі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы.

2020 жыл

Амфибилер - суда тіршілік ететін балықтар мен құрлыкта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған. Даму кезеңдеріне сәйкес олар суда да, қүрлықта да тіршілік ете алады. Тіршілік барысында метаморфозға үшырайды, яғни таза су личинкасынан көбінесе су орталығынан тыс тіршілік ететін ересек формаға айналады. Осыған сәйкес желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып, қан айналу системасының түрі өзгеріп, бес саусақты аяқ пайда болып, сезім органдарында көптеген өзгерістер болады. Әйткенмен ересек формаларының құрлықта тіршілік етуге бейімделуі айтарлықтай емес. Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Үш камералы жүрегі қанның артерия және вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себепті денесінің көпшілік бөлігінде артериямен аралас қан жүреді. Аяқтары бес саусақты болғанмен де әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Қосмекенділердің көпшілігінің ұрықтануы балықтар сияқты су орталығында уылдырық шашу арқылы орындалады. Ұрықтануы аналықтың денесінен тыс, сыртта болады.

Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600-2800 жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады:

1. Құйрықтылар (Саиdаtа немесе 1Urodеlе)

2. Аяқсыздар (Ароdіа)

3. Құйрықсыздар Апига немесе Есаиdіаtа) .

Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз тарал-ған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі, немөсе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін көрсетеді. Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:

1. Тр и т о н т ә р і з д і л е р. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қос мекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар т. б.

2. Б а қ а т ә р і з д і л е р. Бұлардың дене тұрқы қысқа бол-ғанмен де массивті толық келеді, құйрығы болмайды. Олардың алдыңғы аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы дамыған. Құрлықта сол артқы аяқтарының көмегімен секіріп қозғалады. Көбею кезеңінде гана су орталығында болады'да, ересек формаларының тіршілігінің сумен байланысы шамалы. Бұл типке барлық бақаның түрлері жатады.

3. Қүрт тәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы бол-майтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан сияқты ирең-детіп, қозғалады. Топырақтың үстіңгі қабатында және түрлі ағаш қалдықтарының арасында тіршілік етеді.
Тері жабындысы. Барлық қос мекенділердің терісір және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немесе мүйізді қабыр-шақтары жоқ - жалаңаш болады. Эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы факторлардың зиянды әсерінен сақтап тұрады. Бұдан басқа көптеген түрлерінін терісінде улы бездері болады. Оның қызметі - қос мекенділерді жыртқыштардан қорғайды. Эпидермис қабаты толығынан бездерден тұрады, тек қана кейбір құрбақаның эпидермисінің сыртқы бетінде аздап та болса мүйіздену байқалады.

Омыртқа жотасы. Қос мекенділер жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты балықтармен салыстырғанда едәуір жақсы жіктелген. Омыртқа жотасы - мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады. Мойын бөлімі сақина пішінді бір ғана омыртқадан тұрады, ол өзінің буындық екі оязы арқылы бас сүйекпен жалғасады. Дене омыртқаларының саны түрліше, яғни 7-100 дейіндежәне одан да артығырақ болады. Мысалы, ең азы - құйрықсыздарда - жетеу, ал аяқсыздарда жүзден асады. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Сегізкөз омыртқасының ұзын болып, көлденең орналасқан екі өсіндісі болады. Бұған жамбас . сүйегінің екі мықын сүйегі бекиді. Құйрық бөлімі құйрықты қос мекенділер-де айқын бөлінген, аяқсыздарда аз, ал құйрықсыздарда уростил деген бір ғана сүйекшеден тұрады. Уростил эмбриональдық дәуірде бірнеше жеке омыртқалардан қалыптасатындығы анықталған. Төменгі сатыдағы қос мекенділердің омыртқасы (аяқсыздар да, төменгі құйрықтыларда) амфицельді, бұл жағдайда хорда өмір бойы сақталады. Құйрықсыздардың омыртқасы - процельді, яғни алдыңғы жағынан ойық, арт жағынан дөңес келеді. Жоғарғы сатыдағы құйрықтылардың омыртқасы - опистоцельді, анығырақ айтқанда, алдыңғы жағынан дөңес, арт жағынан ойық келеді. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, бірақ та олардың қабырғалары өте қысқа болады. Құйрықтылар-да “жоғарғы” қабырғалары дамыған. Құйрықсыздардың қабырғалары мүлдем болмайды.

Бас сүйек . Ми сауыты көпшілігінде өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Алғашқы ми сауытында мына төмендегі хон-дральды сүйектер дамыған: 1. Бас сүйегінің тек қана шүйде бөлімінде екі бүйір қарақұс сүйектері (ехоссіріtаіе), балықтардағы негізгі және жоғарғы шүйде сүйектерінің орнына жүретін жері шеміршек түрінде қалады. 2. Есту капсуласының маңайында бір кішкене құ лақ сүйегі (ргооtiсum) қалыптасады да капсуланың көпшілік бөлімі шеміршек күйінде қалады. 3. Құйрықсыздардың көз ұясының алдыңғы бөлімінде иіс сына сүйек (sрһепеthmоіdеum) дамиды. Құйрықтыларда бұл сүйек екеу. Иіс капсуласы шеміршекті сипатын сақтайды. Баста жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағы-нан төбе (рагіеtаlе) және маңдай (fгопtаlе) сүйектері қоршап жатады. Бұл сүйектер құйрықсыздарда жымдасып төбе-маңдай (ргопіорагіеtаlе) сүйектерін құрайды. Бұлардың алдыңғы жағында мұрын (пазаlе) сүйектері орналасады, олар аяқсыздарда жақ алды (ргаетахіііаге) сүйектерімен бірігіп кетеді. Бас сүйегінің артқы екі бүйір- жағына орналасқан бұдыр бетті қақ (sgиаmоsum) сүйектері болады. Бұлар әсіресе аяқсыздарда жақсы дамыған. Бас сүйегінің түп жағы екі сүйектен тұрады. Ол үлкен парасфеноид (рагаsрһепоіdеиm) деп 'аталатын сүйек және оның алдыңғы жағында жататын өре (vоmег) сүйектен қүралады. Бас сүйегінің түп жағын құрауға висцеральдық сүйектер де қатысады. Бұл сүйектерге таңдай (раlаtіпиm) сүйегі мен қанат тәрізді (ріегуgоidеиm) сүйектер жатады. Таңдай сүйегі өре сүйекке, ал қанат тәрізді сүйектер бұдыр бетті қақ сүйектеріне келіп жалғасады. Амфибилердің бас сүйегі - аутостикалық, анығырақ айтқанда, таңдай шаршы шеміршегі ми сауытымен жымдасып қосылып кеткен. Таңдай және қанат тәрізді сүйектер таңдай шаршы шеміршегінін. астыңғы бетінде дамиды.

Сүйекті балықтардікі сияқты, жоғарғы жақ сүйектерінің қызметін жақ алды, немесе жақ аралық сүйектері мен жоғарғы жак, (mахіllаге) сүйектерінен құралған, сүйек доғасы атқарады. Төменгі жақ сүйектерінің қызметін меккел шеміршегі атқарады, оның сыртын тіс (dопtаlе) және бұрыш (апgиlаге) сүйектері қаптап тұрады. Ми сауытының аутостикалық болуына байланысты тіл асты доғасы жақ аппаратының ми сауытына бекінуіне қатыспайды. Тіл асты доғасының үстінгі элементі - гиомандибуляре кішкене үзеңгі (stареs) сүйекке айналған, ол балықтардікі сияқты өзінің жоғарғы ұшымен есіту капсуласына тіреледі. Ортаңғы құлақтың қуысы пайда болуына байланысты, үзеңгі сүйек сол қуыстың ішінде қалып, есіту сүйекшесінің қызметін атқарады.

Тіл асты доғасының элементтері мен желбезек доғасының төменгі бөлімдері тіл асты пластинкасына және оның мүйізшелеріне айналады. Бұл пластинка төменгі жақтың тарамдарының аралығына орналасқан.

Сөйтіп, амфибилердің бас сүйектерін, сүйекті балықтардың көпшілігінің бас сүйектерімен салыстырғанда, төмендегідей айырмашылықтарды байқауға болады: 1. Хондральдық және тері бетіндік сүйектердің нашар дамуы; 2. Оның аутостикалық түрде құрылуы; 3. Тіл асты және желбезек доғаларының өзгере келіп, оның бір бөлімі есіту сүйегіне және екінші бөлімі тіл асты аппаратына айналуы; 4. Желбезек қақпақшасының редукцияға ұшырауының нәтижесінде бас сүйегі, әсіресе оның висцериальдық_бөлімі айтарлықтай өзгерген. Мұндай өзгерістің ңегізгі себебі, амфибилердің жартылай кұрлықта тіршілік етуіне байла-нысты болған. Иық белдеуі. Иық белдеуі доға тәрізді, оның жоғаргы ұшы жануардың құрсақ бөліміне қарай иілген. Доғаның әрбір жар-тысы (оң және сол) негізінен мына сүйектерден құралады. Жоғарғы (арқа жақ) бөлімі жауырыннан (sсариlа) және оның етек жағы жалпақ жауырын үсті шеміршектен тұрады. Төменгі (құрсақ) бөлімі коракоидтан (согасоіdеиm) және оның алдыңғы жағында жатқан прокоракоцдтан (ргосогасоіdіеum) құралады. Прокоракоидтың үстіне шеміршекті бұғана орналасады. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйектерінің ұштары тоқпан жіліктің ұршық басының бекитін жеріне келіп ұштасуының нәтижесінде буын оязы пайда болады. Оң және сол коракоидтардың қосылған жерінің алдыңғы жағында төс сүріншегі (оmоstеrnиm), ал арт жағында - төс (stегnum) жатады. Бұл екі суйектін. екеуінің де ұштары шеміршекті болып бітеді. Құйрықсыздарда төс сүріншегі мен жауырынның арасын қосып тұратын жіңішке таяқша тәрізді буғана (сіаvісиlа) орналасады. Амфибилерде дамыған қабырға-лардың болмауына байланысты, көкірек қуысы болмай-ды. Иық белдеуі бұлшық еттердің арасында бос жатады.

Жаңбас белдеуі . Жамбас белдеуі үш пар сүйектен қалып-тасқан. Сол сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құ-райды. Ұзын мықын сүйегі (іlіиm) өзінің проксималдық ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең. өсіндісіне бекінеді. Артқа және алға созылған шын сүйек белдеуі бақаларда шеміршек күйінде қалады. Оның арт жағында шонданай сүйегі (іsсһіиm) орналасқан. Жамбас белдеуінің элементтерінің мұндай болып орналасуы құрлықтағы барлық жануарларға тән қасиет.

Аяқ скелеттері. Қос мекенділердің аяқ скелеттері құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ скелетіне ұқсай-ды. Сонымен қатар балықтардың қанат сүйектёрінің құрылысынан айтарлықтай өзгешелігі бар. Егерде балықтар-дың қанаттары жай бір мүшелі рычагтар системасы болса, құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аятарының құры-лысы көп рычагты болады.

Бес саусақты аяқтары негізінен үш бөлімге бөлінеді: І-бөлім, алдыңғы аяқтарында - тоқпан жілік (һуrеmus), артқы аяқта-рында - ортан жілік (fеmиг) деген/бір сүйектен тұрады. Бұлардың проксимальды ұшы белдеулерге, тоқпан жілік - иықка, ортан жілік - жамбас белдеуіне жалғасады; ІІ-бөлім, алдыңғы аяқтары - кәрі жілік, артқы аяқтары - асықты жіліктердің сүйектерінен түрады. Бұл бөлім параллель орналасқан екі сүйектен тұрады: кәрі жілік - шыбық (гаdіus) сүйегі мен шынтақ (иlпа) сүйектерінен құралады, ал асықты жілік үлкен асықты жіліктен (гіЬіа) және асқ жілік шыбығынан (fіbиlа) тұрады. ІІІ-бөлім, алдыңғы аяқтарында - қол басы сүйекгерінен, артқы аяқтарында - табан сүйектерінен тұрады. Бұлардың әрқайсысы үш бөлімшеге бөлінеді: 1) алдыңғы аяқтары - білезік сүйектерден (сагриз), ал артқы аяқтары толарсақтан (tаіsиs) тұрады. Бұл бөлімше сүйектері үш қатар болып орналасқан 9-10 ұсақ сүйекшелерден тұрады; 2) алдыңғы аяқтары - алақан (теtа-сагриs) сүйектерінен, артқы аяқтары - табан (тіаіагзиз) сүйектерінен құралады. Бұл бөлімшенің сүйектері бірқатар болып орналасқан бес ұзынша сүйекшелерден қалыптасады; 3) алдынғы аяқтарында - саусақтар (рһаlапgеs dіgitогиm), артқы аяқтарында - башпайлары болады. Бұлар бес қатардан тұратын бірнеше ұсақ сүйекшелерден құралған.

Құйрықты амфибилердін, скелеті, осы келтірілген схемаға ұқсайды, ал бақалардың қаңқасы бұл схемадан өзгелеу болады. Ол өзгешеліктер: біріншіден, кәрі жілік және асықты жілік сүйектерінің элементтері кірігіп барып бір сүйекке айналады; екіншіден, білезік және толарсақ сүйектерінің көпшілік элементтері бір сүйек секілденіп қосылып кетеді; үшіншіден, артқы аяғының бірінші саусағының алдында рудиментті түрде, щосымша саусақ (ргаеһаllих) болады. Бұл ерекшеліктер, бақалардың секіріп қозғалуының нәтижесінде пайда болған.
Ет системасы. Балықтардың ет системасымен салыстырығанда қос мекенділердің ет системасының негізінен екі айырмашылығы бар. Ол айырмашылықтар қос мекенділердің бес саусақты аяқтарының көмегімен жер бетінде қозғалуына байланысты келіп шыққан. Біріншіден - алдыңғы, артқы аяқтарында күрделі және күшті еттер дамиды. Екіншіден - өте күрделі қозғалысына байланысты дене еттері бірсыпыра жіктелген. Ал балықтардың, еттеріндегі сегменттелу амфибилерде сақталмаған. Ет сегменттерінің метамерлі орналасуын құйрықсыздардың кеуде бөлімінің біраз жерінен көруге болады. Қүйрықтылар мен аяқсыздарда ет системасындағы метамерлі орналасу айқын байқалады.

Ас қорыту органдары. Ауыз қуысы кеңейіп келіп жұтқыншақ қуысына жалғасады. Жұтқыншақ қуысы арт жағынан тарылып өңешке айналады. Ауыз-жұтқыншақ қуысына хоандар, евстахиев түтіктері, көмекей саңылауы және осы қуысқа сілекей бездерінің жолдары да ашылады. Сілекей бездерінің шырыны қоректік заттарға химиялық әсер етпей, тамақ заттарын суландырып ішке қарай жылжуын оңайлатады. Ауыз-жұтқыншақ қуысынық түп жағына тіл орналасқан. Тілінін, формасы түрліше болады. Қейбір құйрықты қос мекенділерде ол қозғалмайтын болып бекіген. Екінші бір түрінде тілі саңырауқүлақ пішіндес болып, жіңішке сабақшаның ұшына орналасқан. Бақалардың тілі аузының түбіне, алдыңғы үшымен бекіген, ал оның бос ұшы жайшылықта ауыздың ішіне қарай иіліп жатады. Барлық қос мекенділердің тілінің үстіңгі бетінен, желім сияқты шырын шығып тұрады. Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануар-ларды ұстап қорек етеді. Біраз ғана амфибилердің тілі болмайды.

Тістері ұсақ біркелкі конус тәрізді, олардың ұштары ептеп артқа қарай иіліп тұрады. Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ сүйектеріне, өре сүйегіне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сү-йегіне де орналасады. Кейбір түрлерінде, мысалы құрбақаларда жақ сүйектерінде тістері болмайды.

Қос мекенділердің ауыз-жұтқыншақ қуысындағы қоректік заттарының өңешке қарай жылжуына көз алмасы да көмекте-седі. Өйткені көз алмасын ауыз-жұтқыншақ қуысыман жұқа шырынды перде ғана бөліп тұрады және ол арнаулы ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде коректік заттарды ауыз-жұтқыншақтың ішіне қарай итереді.

Қысқа өңеш нашар бөлінген қарынмен жалғасады. Нағыз ішектері балықтардйң ішектерінен ұзынырақ болады. Он екі елі ішектің иініне ұ йқы безі (рапсгеиs) жабысып жатады. Бауы-ры үлкен, оның өті болады. Өт түтігі он екі елі ішекке ашылады. Өт түтігіне, ұйқы безінің жолы да келіп ашылады. Ішектің екінші бөлімі аш ішектен айқын ажыратылмаған - тоқ ішек. Керісінше, үшінші бөлімі - тік ішек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады.

Тыныс органдары. Ересек қос мекенділер өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Өкпесі - керегесі ұсақ, жұқа ұя тәрізді қуыстардан тұратын екі қалтаға ұқсайды. Өкпесінің толық же-тілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алуының зор маңызы бар. Өкпенің беттік ауданының терінің беттік ауданына қатынасы 2 : 3 қатынасындай. Ол сүт қоректілерде терінің беттік ауданынан 50-100 есе артық болады. Жасыл бақалардың терісі арқылы қанның тотығуына қажетті оттегінің 51 проценті енеді де, қалған 49 проценті өкпе арқылы өтеді. Терінің тыныс шығаруда да үлкен маңызы бар Мысалы организмнен бөлінетін көмір қышқыл газының 86 проценті тері арқылы, қалған 14 проценті өкпе арқылы бөлінеді.

Америкадағы өкпесіз саламандра мен біздегі қиыр-шығыс тритондарының өкпесі толығынан жойылып кеткен. Олардағы газ алмасуы терісі және шырынды ауыз қуысы арқылы жүзеге асады.

Қос мекенділердің личинкалары тармақталған сыртқы жел-безек арқылы тыныс алады, ол көптеген түрлерінде кейінірек жойылып кетеді. Бірақ протейлер мен сирендерде олар өмір бойы сақталады. Ал амфиумдардың ересек формаларында өкпе-мен қатар ішкі желбезектері де болады.

Көкірек қуысы болмағандықтан тыныс алу механизмі ерекше болады. Ауаны ендіріп, шығарып тұруда насостың қызметін ауыз-жұтқыншак, бөлші атқарады. Ол төмен түскенде ашылып қалған танау арқылы ауа сыртқа шығады да, жоғары көтеріл-генде танау жабылып қалады да, ондағы ауа өкпеге енеді.

Қан айналу системасы . Барлық қос мекенділердің жүрегі үш камералы, ол екі жүрекше, бір қарыншадан тұрады. Төменгі сатыдағы формаларында (аяқсыз және құйрықтыларда) оң және сол жүрекшелері айқын бөлінбеген. Құйрықсыздардың жүрекшелерінің аралықтары пердемен толық бөлінген, бірақ барлық қос мекенділерде жүрекшелер қарыншамен бір ғана тесік арқылы қатысады. Жүректің бұл айтылған үш бөлім-дерінен басқа оң жүрекшемен қатысатын вена қолтығы және артериялық конусы болады.
Жоғарғы сатыдағы құйрықсыз амфибилердің артериялық конусынан жалғыз ғана қан тамыры, яғни құрсақ аортасы бас-талады, бұл қолқадан үш пар артериялық доғалар шығады. Бі-рінші пар артерия доғасы таза артериялық қанды бас бөліміне апарады, оны ұйқы артериясы (аrtегіа сагоtis) деп атайды. Ол артерия сабағының құрсақ жағынан кетеді. Екінші пар артерия доғасы да артерия сабағының құрсақ жағынан шығады, мұны қолқа системасының доғасы деп атайды. Бұл доғадан иық белдеуіне, қолға артерия қанын апаратын иық асты артериялары. (аrtегіа sиһсlаvіа) кетеді. Он. және сол жақ системалық доғалар жарты шеңбер жасап иіліп, өз ара қосылып арқа аортасын (аогtа dогsаlіs) құрайды. Ол омыртқаның астыңғы бетін қуалай отырып, денесінің артқы бөліміне орналасады, одан ішкі органдарға баратын қан тамырының тармақшалары шығады. Үшінші пар артерия - артерия сабағының үстіңгі, арқа жақ бөлімінен шығады. Ол қанды өкпеге апаратын болғандықтан ө кпе артериялары (агtегіа риlmопаіs) деп аталады. Әрбір өкпе артериясынан бірден үлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде ве-ноздық қан оттегіне қанығады, яғни тотығады. Мұны - тері артериясы (агtегіа сиtапеа) деп атайды.

Өкпесі бар құйрықты амфибилердің артериялық кан тамыр-ларының схемасы - осы жоғарыда келтірген схема сияқты. Құйрықсыздардан бір ерекшеліп, бұларда артерия доғасы төр-теу болады. Бұдан басқа өкпе артериялары боталов өзегі арқылы аортаның системалық доғасымен байланысын сақтап қалған. Өмір бойы желбезегі арқылы тыныс алатын құйрықты амфибилердің қан айналу схемасы, балықтардың және жоғарғы сатыдағы амфибилердің личинкаларынын, қан айналу жүйелеріне ұқсайды. Бұлардың құрсақ аорталарынан төрт пар артерия доғасы кетеді, оның үшеуі желбезекке, төртіншісі арқа аортасына айналады. Төменгі сатыдағы амфибилердің веноздық системасы қос тынысты балықтардың веноздық системасына ұқсайды.

Құйрықсыз амфибилерде кардинал веналары сақталмаған. Денесіндегі барлық вена қандары аршық қуыс венасына (vепа саvа роstегіог) жиналып, одан вена қолтығына барып құяды. Бұларда құрсақ жэне ішек асты веналары бар. Олар бауыр-дың қақпа вена системасын құрайды. Кардинал веналарының болмауына байланысты, кювьеров өзектері де құралмаған. Ярем-дық веналар иық асты веналарымен қосылып, алдыңғы пар қуыс веналарын (vепа саvа апtегіог) құрайды, ол қанды вена қолтығына апарып құяды. Жоғарғы қуыс веналарға артериа-лық қандары бар, тері веналары келіп жалғасады. Өкпе веналары бірден сол жүрекшеге барып құйылады. Қорытындысында қан тамырларымен қанның қозғалу схемасын қарастырамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
Организмнің сұйықтық орталары
Омыртқасыз жануарлардың түрлерінің таралуы, шығу тегі
Жүрек құрылысы мен жұмысы
Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысы
Хордалылар типіне жалпы сипаттама туралы
Хордалылар
Қосмекенділер туралы мағлұмат
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz