Тістері жақ сүйектеріне бекіген
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультеті
Реферат
Орындаған: Алмухашова Қамар
Тобы: Химия биология 25
Тексерген: Рахымгалиева Райхан
Тақырыбы: Бауырменжорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы. Бауырменжорғалаушылардың сыртқы құрылысы. Бауырмен жорғалау- шылардың ішкі құрылысы.Бауырмен жорғалаушылардың практикалық маңызы.
2020 жыл
Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибилер көбіне тіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі сатыдағы омыртқалылар болса, рептилилер, кұстар және сүт қоректі жануарлар құрлықта тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологияның, эмбриологияның, және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.
Барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады. Көбеюі құрылықта, кейбір тірі туатын түрлері (мысалы, кит тәрізділер) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбриональдық дамуындағы бір ерекшелігі ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілер-де ұрық қабы бала жататын орынды немесе плацента құрауға қатысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық организмнің арасындағы органикалық байланысты түзеді.
Бір ұрық қабының амниотикалық деп аталуына сәйкес жо-ғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14 -- 32° градустың арасында болады.Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000 -- 5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлі-неді.
І-класс тармағы. Алғашқы кесірткелер немесе
Ящерогадылар (Ргоsаигіа)
1-отряд, Тұмсықбастылар (Rһупсһосерһаlіа).
ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар (Sqиаmаtа).
2-огряд. Қесірткелер (Lасегtilіа).
3-отряд. Хамелеондар (Сһаmаеlеопtеs).
4-отряд. Жыландар (Орһіdіа).
ІІІ-класс тармйғы. Крокодилдер (Сгосоdіlіа) .
5-отряд. Крокодилдер (Сгосоdilіа).
ІҮ-класс тармағы. Тасбақалар (Сһеlопіа).
6-отряд. Жасырьш мойындылар (Сгурtоdіга) .
7-отряд. Бүйір мойындылар (РІеигоdiга).
8-отряд. Теңіз тасбақалары (Сһеlопііdеа).
9-отряд. Жұмсақ терілілер (Тгіопусһоіdіае) .
РЕПТИЛИЛЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептили-лер үшке бөледі.
1. К е с і р т к е т ә р і з д і л е р. Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.
2. Ж ы л а н т ә р і з д і л е р. Бүлардың денесі цилиндр пі-шінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жал-ғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен (АmрһізЬаепіdае) тұқымдасының кей-бір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардын ба-сы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Қерісін-ше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.
3. Тасбақа тәрізділер. Тасбақа тәрізділердің денесі арқасы-нан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ .сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формала-рында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады,
Тері жабындысы. Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп огырады. Оны төменгі жатқан қа-баты қалпына келтіреді.
Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуынын үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтай-ды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжың, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анық-талмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында орналасқан. Жыландарда да тері бездерінің нұсқасы болады.
Скелеті. О м ы р т қ а ж о т а с ы. Қесірткелердің көпшілігі-нің нің омыртқа жотасы, процельдік омыртқалардан қалыптасқан Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфицельді, Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, қүйрық.
Кесірткелердің мойын омыртқасыньщ саны 8. Рептилилер-дің мойын омыртқалары амфибилердін, мойын омыртқалары-нан көп және бұлардьщ алғашқы екі омыртқасының құрылы-сында өзіндік ерекшеліктері болады. Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын (аtlаз) ауыз омыртқа, екіншісін -- эпистрофея (еріsігорһеиs) деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және төменгі жартыға байланыс ткані арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның эпистрофеяның тіс тәрізді (ргосеssиs оdопtоіdеиs) өсіндісі еніп тұрады. Ауыз омыртқасы осы өсіндінің айналасында айналып тұрады. Эмбриологиялық мәліметтерге қарағанда, эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз омыртқасының денесі болып саналады. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді.
Бел -- көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 бо-лады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді, бірақ ал-дыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегіне барып бекиді. Соның нәтижесінде көптеген рептилилерге тән нағыз көкірек қуысы пайда болған. Төс сүйегі болмайтын жыландарда көкірек қуысы да болмайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті болады. Ол ұрықтық даму кезінде көкірек қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған.
Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең есінділеріне жамбас сүйектері бекиді.
Құйрық бөлімі ондаған омыртқалардан тұрады. Оның ал- дыңғыларында бүйір, өсінділері және қабырғалардын, да нұсқалары болады. Құйрық омыртқаларының соңғы бөліктерінде өсінділері жойылып, таяқша тәрізді сүйекке айналған. Әрбір омыртқа денесінің ортасында жігі болады. Егер әр түрлі себептен құйрығы үзіліп қалса, онда омыртқа осы жігінен екіге бөлінеді. Анығырақ айтқанда -- бір омыртқамен екінші омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлінбейді. Құйрығындағы арнаулы еттердің жирылуының нәтижесінде құйрығын үзіп, қалдырады.
Ми сауыты. Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер да-мып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытынын, түбі негізделген.
Бас сүйегінің шүйде бөлімі (хондральдық) шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Бұл сүйектер қарақұс тесігінің айналасына орналасқан. Оның астыңғы жағында бір ғана қарақұс өсіндісі болады. Оның қалыптасуына екі бүйір және негізгі шүйде сүйек қатысады. Негізгі шүйде сүйегінің алдыдғы жағында негізгі сына тэрізді (hаsіsрһепоіdеиm) сүйек орналасқан. Бұл ми сауытынын. түп жағын құрауға қатысады. Парасфеноид сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің алдыңғы ұшына Жалғасып жатады.
Есіту капсуласының маңынан үш құлақ сүйегі пайда болады. Оның біреуі -- алдыңғы құлақ -- бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі -- артқы құлақ сүйегі; бүйір шүйде сү-ііекпен, үстіңгі құлақ сүйегі -- жоғарғы шүйде сүйегімен бірігіп кетеді.
Иіс бөліміндегі шеміршектер сүйектенбей, сол шеміршек кү-йінде қалып қояды. Ми сауытының төбесі мынадай жұп сүйек-терден: мұрын, маңдай алды (ргаеігопtаlіа), маңдай және маң-дай артындағы (роstfгопtаlіа), төбе және тақ төбе аралық (іпtеграгіеtаlіа) сүйектерден құралған. Төбе аралық сүйегінің ортасында төбе органының тесігі болады.
Ми сауытының бүйір жақтары мына сүйектерден тақ жақ-аралық, жұп жоғаргы жақ, көз үсті, бет және бұдырбетті сүйек-терден қалыптасады. Ми сауытының төбесінін, астықғы жағында, самай маңында, кесірткелерде -- бүйір самай шұңқыры деп аталатын едәуір ояз жері болады.
Төменгі жағы Меккелев шеміршегіне ұқсас, буындасқан сү-йектен тұрады. Бұл шаршы сүйекпен ұштасады. Тіс, бұрыш, және бұрыш үсті (sиргаапgиlаге), садақша (согопаге) және тақташа (sрlепіаlе) сүйектерде жақ құрамына енеді.
Тіл асты доғасының үстіңгі бөлімі гиомандибулярға ұқсас, ол есіту сүйегі -- үзеңгі деп аталады. Висцеральдық скелеттің басқа элементтері шеміршек пластинкаларынан және үш пар өсіндіден тұратын тіл асты аппаратын құрайды.
Иық белдеуі. Амфибилердегідей негізінен үш сүйектен қа-лыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белде-уінің арқа жағы -- жауырыннан және жауырын үсті шемірше-гінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады.
Жамбас белдеуі. Жамбас белдеуі мықын сүйектен (ilium) шонданай сүйегінен (іsсһіиm) және шап сүйегінен (риЬіs) тұ-рады. Бұлардың бір жақ ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегі екі жа-ғынан да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара байланысады.
Аяқтарының қүрылысы, бес саусақты организмдердің аяқта-рының құрылысына ұқсас.
Ет системасы. Рептилилерде төменгі сатыдағы организм-дерге тән еттің метомерлі орналасуы сақталмаған. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы, бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы денесінің үлкен бөліктерге жіктелуі міне осының барлығы ет системасының күрделі дифференциялануына себепші болған. Әсіресе, тыныс алу процесін реттеуге қатысатын қабырға аралық еттерінің пайда болуын ерекше атап өтуге болады.
Ас қорыту. Органдарының құрылысы амфибилердің ас қо-рыту органдарынан әлдеқайда күрделі. Бұл ас қорыту жолы-ның үлкен бөлімдерге бөлінуіне және кейбір жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлінген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жо-лы ауыз қуысынан екінші таңдай сүйек арқылы бөлінген. Ауыз-қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. Тілінің формасы түрліше болады. Жыландар мен кесірткёлердің көпшілігінің тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Хамелеондардың, керісінше тілінің ұшы жалпақ. Тілдің формасының түрліше болуы қоректік заттарды ұстау тәсілі мен пайдалану сипатына байланысты.
Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орна-ласқан. Амфибилерден айырмашылығы -- гаттерилерден басқаларында, өре сүйегінде тісі болмайды. Тістері көрсетілген сүйектердің жиектеріне бекиді. Тек қана крокодилдердің тістері альвеолға орналасқан. Ауыз бездері амфибилерге қарағанда күшті жетілген.
Етті қарыны басқа ас қорыту жолынан айқын ажыратылған. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде соқыр ішектің нұс-қасы болады. Тек қана шөппен қоректенетін тасбақалардың соқыр ішегі (бүйені) жақсы жетілген (17-сурет).Ұйқы безі он екі елі ішектің иініне орналасқан. Бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады.
Тыныс органдары. Рептилилердің амфибилерден айырма-шылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмай-ды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек ап-параты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ ал-масуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек _рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алура қатыспайды.
Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым -- гаттерилердің өкпесінің ішкі қуысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесінің. астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық перделері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер -- өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды.
Көмекей қуысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді ше-міршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көме-кейден ұзын кеңірдек кетеді. Қеңірдек екі бронхаға тарамда-лып, өкпеге жалғасады.Тыныс алу және шығару көкірек қуысының, кеңейіп, тары-луы нәтижесінде орындалады.
Қан айналысы. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфиби-лердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі толық болмайды. Крокодилдерде бұл перде толық жетілгендіктен қарыншаны толық екі бөлікке бөліп тұрады.
Жүрек қарыншасының. әр жерінен үш артерия кетеді. Оң қа-рыншадан өкпе қан тамыры шығады да біраздан соң оң және сол өкпе артериясына бөлінеді. Қарыншанын, сол жақ бөлімі-нен (ішінде артериялық қаны бар) аортаның оң жақ шеңбері шығады. Одан ұйқы, бұғана асты артериялары кетеді. Ең со-ңында қарыншаның ортасынан қолқаның сол жақ шеңбері ке-теді. Ол жүрекке қарай иіліп, қолқаның он. жақ шеңберімен қосылып, арқа қолқасын құрайды (18-сурет)
17-сурет.Сойып көрсетілген кесірткенің ішкі құрлысы.
1-сыртқы шықшыт венасы,2-ішкі шықшыт венасы,3- сол ұйқы артериясы ,4 -- оң ұйқы артериясы; 5 -қолқаның сол жақ доғасы;6-қолқаның оң жақ доғасы, 7 -- оң жүрекше; 8-сол жүрекше; 9 -- жүрек қарыншасы; 10 -- сол бұғана асты артериясы,11-өкпе, 12 -бауыр,13-өт,14-қарын,15-ұйқы безі ; 16 -- ұлтабар,17-тоқ ішек,18,29-тік ішек,19,27-бүйрек,20-арқа қолқасы,21-бүйректің алып кеткіш венасы,22,28-қуық,23-аталық жыныс безінің өсіндісі,24-аталық жыныс безі,25-тұқым жолы,26-сандағы тесіктер,30-аналық жыныс безі,31-жұмыртқа жолы.;
Қан тамырының осындай жіктелуі нәтижесінде өкпё артерия-ларына тек қана вена қаны құйылады да он, жақтағы қолқа доғасына, сол сияқты күре тамыр және бұғана асты артерияларына -- таза артериялық қан келеді. Тек қана сол жақ колқа шеңберіне, арқа қолқасына аралас қан келеді, бірақ оттегіне бай қан басым болады. Арқа қолқасы омыртқаның бойымен кетеді де, одан ішкі органдарда, еттерге қан тамыры таралады. Арқа қолқасы жамбас тұсына келгенде үлкен мықын артерияларына бөлініп, қанды артқы аяқтарға апарады.
Құйрық бөліміндегі вена қандары -- құйрық венасына жина-лады, ол клоаканың маңына келгенде, екі жамбас венасы-на тарамдалады. Жамбас веналарына артқы аяқтардың веналары жалғасады. Одан кейін бүйректің қақпа венасын бөліп шығарып, олар құрсақ венасымен қосылады. Құрсақ венасы ішкі органдардың көптеген веналарын қосып алып, бауырға еніп, бауырдың қақпа венасын құрайды.
Бүйректен шыққан вёналардан артқы қуыс веналрдан артқы қуыс вена құралады.Артқы қуыс венасына омыртқаның астыңғы бетімен басқа қарай көтеріліп, оң жүрекшеге келіп құяды. Артқы қуыс венасына -- бауыр венасы да құйылады.Бас бөліміндегі вена қандары қос яремдык венаға жина-лады. Олар қос бұғана асты веналарымен қосылып, алдыңғы бір пар
18 - с у р е т. Қесірткелердін, қан айналу схемасы:1 -- бас венасы; 2 -- ұйқы артериясы; 3 -- шықшыт венасы, 4 -- ұйқы безі құйылысы; 5 -- қолқанық сол доғасы; 5 -- колқаның оң доғасы; 6 -- өкпе артериясы; 7 -- өкпе, 8 -- төменгі қуыс вена; -- арқа колқасы; 10 -- омыртқа аралық артерия; 11 -- бауыр; 12 -- ішек артериясы; 13 -- бауырдың қақпа венасы; 14 -- тоқ Ішек; 15 -- төменгі қуыс вена; 16 -- құрсақ венасы; 17 -- шажырқай артериясы; 18 -- сыртқы шажырқай артериясы; 19 -- алып кеткіш бүйрек венасы; 20 -- сол жамбас венасы; 21 -- сол жамбас артериясы; 22 -- бүйрек; 23 -- артқы аяқ артериясы; 24 -- артқы аяк венасы; 25 -- құйрық артериясы; -- 26 құйрық венасы
венаны құрап, оң жақ жүрекшеге құяды. Сол жақ жүрекшеге өкпе веналарының. қаны кұйылады.
Зәр шығарү органдары. Рептилилердің ересектерінің зәр шығару органы жамбас бүйректерінен (metanерһгоs) тұрады. Метанефрос дене бойымен созылып жатқан -- дене бүйрегі бастамасының алдыңры жағынан дамиды. Дене бүйректері ұрықтың даму кезеңінде болатын орган. Дене бүйректері ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жүмыртқадан шыққан соң біраз уақытқа дейін жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі жетілген соң, вольфов каналының артқы бөлімінен, бүйректің зәр шығару түтігімен қосылатын канал шығады. Сөйтіп зәр шығару түтігі пайда болады. Оң және сол зәр шығару түтіктері клоаканың арқа жарынан құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың, кесірткенің кейбір түрлерінің қуығы жетілмеген. Мұндай жануарлардың зәр заты қоймалжың болады да, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Жамбас бүйрек қалыптасқан соң, дене бүйрегі редукцияла-нады. Ұрғашыларында алғашқы бүйрек толығымен редукция-ланады да еркегінде оның алдыңғы бөлігі қалып қояды. Оны ұрық безінің қосалқысын (еріdіdуmиs) деп атайды.
Жыныс органдары. Жыныс бездері дене қуысының ішінде, омыртқа жотасының екі жақ бүйіріне орналасқан. Ұрық безі, мезонефростың қалдығы, ұрық қосалқысы екені айтылған бо-латын. Ұрық қосалқысының қаналы рептилилерде тек қана ұрық өткізгіш болып саналатын вольфов каналына жалғасады. Гаттериден басқа рептилилердің барлығында да шағылыс органы болады. Кесірткелерде, жыландарда шағылыс органдары клоаканың арт жақ керегесінен өскен бір пар өсінді болып есептеледі. Крокодилдер мен тасбақалардың шағылыс органдары сыңар болады.
Ұрғашыларында вольфов каналы сақталмайды. Жұмыртқа жолының қызметін мюллеров каналы атқарады. Мюллеров ка-налы қабырғасы жұқа қос түтіктен тұрады, оның воронка тә-різді бір ұшы дене қуысына ашылады да екінші ұшы клоакамен жалғасады. Тасбақалар мен крокодилдердің жұмыртқа жолының ортасында жұмыртқаның белокты қабығын бөліп шығаратын безі болады. Жұмыртқа жолының төменгі жағында пергамент тәрізді немесе жұмыртқаның известі сіңген қабығы пайда болатьы безі бар.
Нерв системасы. Рептилилердің нерв системасы амфибилердікінен анағұрлым жақсы жетілген. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сұр затынан тұратын қыртысы болады. Әйткен-мен бұл қыртысы әлі де жақсы жетілмеген, сондықтан да алдыңғы мидың көпшілік бөлімі жолақты денеден тұрады. Алдыңғы мидың үлкенірек болуы, аралық миды үстінен жауып қарағанда көрсетпейді. Төбе органы мен эпифиз жақсы жетілген. Төбе органы өзінің құрылысына қарағанда көзге ұқсайды. Бұл орган гаттерия және кесірткелерде жақсы жетілген. Ол төбе сүйектерінің аралығындағы тесікке орналасып, жарықтың әсе-рін өте жақсы қабылдайды.
Мишық өте жақсы дамыған. Басқа жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың миы сияқты рептилилердің сопақша миы да вертикал бағытта айқын иін жасайды.
Сезім органдары. Механикалық қозуларды қабыршақтары-ның үстіне, эпидермистің астындағы сезім клеткаларының жи-налған жеріне, сезім дақтарына орналасқан сезгіш "түктері" арқылы қабылдайды. Бірақ суда тіршілік ететін төменгі саты-дағы омыртқалыларда болатын бүйір сызықтарының органдары болмайды.
Иіс органының құрылысында оның иіс сезу жолының ор-таңғы бөлімінің төменгі -- тыныс алу, жоғарғы нағыз иіс сезу бөліміне бөлінуінің үлкен маңызы бар. Барлық иіс жолының бас жағында айқын бөлінген табалдырық бар, ол оның жұтқыншаққа ашылатын төменгі бөлімі мұрын жұтқыншақ жолын құрады. Бұған қосымша якобсонов органы болады. Бұл ауыз ішіндегі тамақтың иісін айырады. Кесірткелер тілін аузынан шырарып, кейбір заттарға тигізеді. Тілін шығарғанда иісі бар заттың ұсақ түйірі тіліне жабысады да, қайтадан тілін аузына ендіргенде тілімен бірге енген заттан якобсонов мүшесі арқылы оның иісін "аңғарады", айыра біледі.
Дыбыс органдары. Рептилилерде қос мекенділер сияқты ішкі және ортаңры құлақтан тұрады. Ортадғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкі-реген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады.
Олардын, көздерінің қозғалымды қабақтары болады. Оның төменгісі жақсы дамыған, тез қозғалады. Көзінің алдыңғы бұ-рышында көзін ашып, жұматын -- үшінші қабағы болады. Жы-лан мен гекконның төменгі және жоғарғы қабақтары мөлдір болады және бірімен-бірі бірігіп кеткен. Көзінің құрылысында заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделушілік байқа-лады.
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРҒА СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ШОЛУ
1.КЛАСС ТАРМАҒЫ, ЯЩЕРОГАДЫЛАР НЕМЕСЕ
АЛҒАШҚЫ КЕСІРТКЕЛЕР (РRОSАURlА)
Бұл класс тармарына ертеде тіршілік еткен рептилилер жа-тады. Олардан қазір тұмсық бастылар (Rһупсһосерһаlіа) отрядына жататын -- гаттерия (Sрһепоdоп рисtаtus) деп аталатын бір түрі белгілі.
19 - с у р е т. Кесірткелердің түрлері:1-дала ағамасы,2-құлақты дөгелек басты,3-сарыбауыр,4-кәдімгі кесіртке,5-плащ тұмсықты кесіртке,6-жүйрік кесіртке,7-дала генконы,8-сұр ешкіемер
Гаттерия сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды.Демек олардың құрылысындағы көпшілік белгілері күрделі емес екендігін аңғарады. Бұлардың ұзындығы 50 сантиметр жетеді, бірақ кейбір кәрі еркектерінің ұзындығы 70 -- 75 санти-метрдей болады. Басы мен кеуде бөлімі ұсақ дән тәрізді қабыршақпен қапталған. Арқасында үшбұрышты мүйізді пластинкалары болады (19-сурет). Гаттерилердің омыртқасы балықтар мен төменгі сатыдағы амфибилердің омыртқалары сияқты амфицельді болады. Омыртқа денелерінің арасында хорда сақталған. Құрсақ қабырғалары деп аталатын тері тектес ұсақ сүйекшелері болады. Бұл қабырғалары денесінің құрсақ бөлімінде тері астына орналасқан. Ол жер бетінде тіршілік еткен жануарлардың арғы тегі -- стегоцефалдардың құрсақ сауыттарының қалдығы болуы мүмкін. Жастарының тістері жақтарымен, таңдай сүйектеріне ғана емес амфибилердікі сияқты өре сүйектеріне де орналасады. Ересектерінің тісі қажалып мұқал-ған. Төбе көзі өте жақсы дамыған. Дабыл қуысы, дабыл жар-ғағы және шағылыс органдары болмайды.Гаттерилер қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландияның сол-түстік бөліміндегі кішірек аралдарда кездеседі.
Гаттери -- аз қозғалатын көбінесе түнде тіршілік ететін жа-нуар. Оларды альбатростар мен басқа мұхит құстарының інінен жиі кездестіруге болады. Әдетте бір інде құста гаттери-де кездесетін жағдайлар жиі кездеседі, бірақ гаттерилер құстың жұмыртқасына да, балапанына да тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь -- декабрь айларында көбейеді. Жұмыртқаларын жерді қазып, шұндырға салып, оның бетін топырақпен жауып тастайды. 8 -- 17-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқанын, дамуы біркелкі болмай, ұзақ уақытқа созылады. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12 -- 14 айдың ішінде өтеді. Жас организмнің өсуі өте баяу болады да жыныстық жетілуі 20 жылға созылады.
2-класс тармағы. ҚАБЫРШАҚТЫЛАР(sguaмаtа)
Қабыршақтылар казіргі кездегі бауырымен жорғалаушы-лардың ішіндегі ең көбі. Оның 5 мыңға жуық түрі белгілі, олар барлық материкте, алуан түрлі тіршілік жағдайларында өмір сүреді. Қабыршақталарға кесірткелер, хамелеондар және жы-ландар жатады. Бұлардың ортақ белгілері: денесі -- көлемі мен формасы әр түрлі болатын мүйізді қабыршақтармен қапталған. Біраз түрлерінде мүйізді жабындының астында сүйекті қабыршақтары болады. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі -- шаршы сүйегі бас сүйегімен қозғалмалы болып бекіген. Омыртқасы әдетте процельді болады, ал төменгі сатыдағы формаларында керісінше амфицельді болып келеді. Сүйекті таңдайы болмайды. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Клоакасы көлденең саңылау сияқты, копулятивтік органы қалта тәрізді болады.
1-отряд. ҚЕСІРТКЕЛЕР (LАСЕRТІLlА)
Олардын, көпшілігінін, денесі сопақша, құйрығы ұзын, мо -йыны денесінен айқын бөлінген. Алдыңғы және артқы аяқтары бір қалыпты дамыған, бірақ формасы түрліше болады. Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар. Аяқ-сыз кесірткелер жыландарға ұқсайды. Жыландардан аяқсыз кесірткелердің екі түрлі өзгешелігі бар. Біріншіден, оларда кө-кірек қуысы болады, екіншіден, аяқ белдеуі сақталған. Жоғар-ғы жақ сүйектері ми сауытына қозғалмайтындай болып бекіген. Сонымен қатар олардың қозғалмалы қабақтары және дабыл жарғақтары болады. Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Құйрықтың үзілген бөлімі аз уақыт өткесін қайтадан қалыптасады, бірақ оның скелеті сүйектенбейді.Кесірткелердің көптеген түрлері тропик жақтарды мекендейді. Кейбір түрлері полярлық шеңберге дейін таралған. Таулы жерде бүларды 4000 м биікке дейін кездестіруге болады. Бірқатары жартылай орманды ортада тіршілік етеді. Біраз ғана түрі болмаса суда өте сирек кездеседі. 2500-ге жуық түрі белгілі.
Г е к к о н д а р (Gесkоnіdае). Бұлардың омыртқалары амфицельді. Олар негізінен қарапайым ұсақ кесірткелер. Түнде тіршілік ететін, жартасқа, ағаш діңіне, үйдің керегісіне жақсы өрмелейтін қабілеті бар организм. Саусақтарында сорғышы болады. Күндіз геккондар жердің жарығына, тастың астына, ағаштың тамырының астына немесе құмға еніп, тығылып жатады. Тропикалық, субтропикалық және ыстық шөл далаларда таралған. Бізде Қырымда, Закавказьеде, Орта Азияда және Қазақстанда кездеседі.
Агамалар (Аgаmіdае). Денесі шағын, құйрығы ұзын, сер-пімді, үзіліп қалатын қабілеті жоқ организм. Жақсы дамыған аяқтарында ұзын саусақтары болады. Агамалар -- Австрәлияның, Азияның, Африканың шөлді облыстарын мекендейді. Сонымен қатар оларды таулы алқаптан, тропик ормандардан да кездестіруге болады. Орта Азияда ұзындығы 25 -- 35 см болатын дала агамасы (Аgаmа sапguiпоlепtа) кездеседі. Олар көбінесе топырақты және құмды бұталы шөл жерлерді мекендейді, қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Дала агамасы-на жақын кавказ ағамасы (Аgаmа саисаsіса) -- Дағыстанның, Закавказьенің, Копет-Дагтың тауларын мекен-дейді. Құлақты дөңгелек басты (Рһгупосерһаlиs туstасеиs) агаманың басы жалпақ, дөңгелек болады да, ауызының екі езуінде үлкен тері өсіндісі болады. Қатер төнген-де ауызын ашып, жаңағы "құлақтарын" қозғалтады. Ол Орта Азияның, Қазақстанның құмды даласында кездеседі. Қауіп төнгенде құмның арасына тығылады.
Құм дөңгелек бастысының (Р. іпіегsсариlагіs) ұзындығы 6 -- 8 см болатын ұсақ кесірткелер, езуінде тёрі өсінділері болмайды. Орта Азияның, Қазақстанның құмды далаларында кез-деседі.
Австралияда мойнының айналасына орналасқан жалпақ тері қатпарлары бар -- плащты кесіртке (Сһlаmіdоsаигиs kіngi) тіршілік етеді. Қауіп төнгенде ауызын ашып, мойынындағы плащын қалқитып, жауынан қорғанады.Ұшқыш дракон (Dгасо vоlаnз) екі бүйірінде болатын тері қатпарлары олардың ұшуына мүмкіндік береді. Ағаштан-ағаш-қа секіргенде тері қатпарларының және оның іш жағында болатын жалған қабырғаларының көмегімен 20 м қашықтыққа ұша алады. Дракондар оңтүстік Азияның ормандарында таралған.
Игуандар (Іgиапіdае) тұқымдасына 300-ге жуық ірі кесірт-келердід түрлері жатады. Батыс жарты шарға ғана тараған жа-нуарлар. Ең ірілерінің ұзындығы 1,5 метрге жетеді. Олар жұ-мыртқа және тірі жұмыртқа туып көбейеді. Олар таулы, ағаш-ты далалы жерді мекендейді. Бірқатары суда және теңізде де тіршілік етеді. Игуанның етін және жұмыртқасын жергілікті ха-лықтар тамақ ретінде пайдаланады.
Ұршық тәрізділердің (Апgиіdае) 60-қа жуық түрі белгілі. Олар негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Европада және Оңтүстік -- Шығыс Азияда кездеседі. Пішіні жыланға ұқ-сайды. Бізде екі түрі кездеседі. Ұршық тәрізді (Aпgиіз fгаgіlіs) және сары бауыр (Орһіsаигиs ариs).
Ұршық тәрізді Қырым мен Солтүстіктен басқа СССР-дің Европалық бөлімінің ормандарында кездеседі. Тірі туады. Сары бауырдың ірі түрлері (1 метрдей болады) Қырымда. Кавказда және Орта Азияда тараған. Бұл жұмыртқа туып, көбейеді.
Улы тістілер (Ноlоdегmаtіdае) -- улы кесірткелер. Уы адамға да қауіпті. Улы тістілер аяқтары қысқа, дене мөлшері 60 сантиметрдей болатын моқал, жуан құйрығы бар организмдер. Екі түрі белгілі; біреуі -- Мексикада, екіншісі -- Калимантан аралында кездеседі.
Ешкіемерлерге (Vагапіdае) -- ұзындығы 4 метрге жететін ірі кесірткелер жатады. Аяқтары жақсы жетілген, құйрығы ұзын, қозғалғыш болады. Ешкіемерлер Африкаға, оңтүстік Азияға, Австралияға көбірек тараған. Көпшілігі су маңайларында бола-ды. Бізде Түрікменияның, Өзбекстанның құмды шөлдерінде сұр ешкіемер (Vагапиs gгіsеиs), Қазақстанда ешкіемер деген түрі мекендейді. Совет ғалымдары зерттеген ең ірі түрі 1914 жылы Комодо мен Флоренс аралдарынан табылды. Оның ұзындығы 365 см болған. Жануар текті қоректермен ұсақ сүт қоректілері-мен, құстармен, жараланған жабайы шошқалармен де қоректенетіні белгілі болған.
Амфисбендердің (АmрһіsЬаепіdае) тіршілігі көбінесе жер ас-тында өтеді. Денесі цилиндр тәрізді, қысқа моқал құйрыры бо-лады. Амфисбен (АтрһізЬаепа аІЬа) деген түрінің аяқтары болмайды, ал хирот (Сһігоtез саlапісиlаtез) деген түрінде алдыңғы аяқтарының нұсқасы болады. Қабыршағы болмайды, денесі теңбілденген қаттыІ терімен қапталған. Термиттир мен құмырсқалардың илеуін мекендейді. Амфисбендер тропикалық Америкада, Испанияда және Иранда кездеседі.
Нағыз кесірткелердің (Lасегtidае) 150-ге жуық түрі белгілі. Аяқтары бес саусақты қауіп төнгенде құйрығын үзіп, қалдырып кетеді. Көпшілігі далалы, шөлді тау етегінде орманды жерлердің топырағы тез қызатын бөлігін мекендейді. Тек кана тірі туатын (Lасегtа vіvірага) кесірткелер көлеңкелі, орманды, дымқыл мүктермен жабылған топырақта тіршілік етеді. Бізде жиірек кездесетін кесірткелер: жүйрік кесіртке (Lасеtа аgіlіs) және жасыл кесіртке (Lасегtа vігіdіs).
Сцинктар (Sсіпсіdіае) топырақтың астыңғы қабатында тіршілік етуге бейімделген. Кейбір түрлері тауда тіршілік етіп, тасқа тез өрмелеп шығады. Сцинктардың денесі балықтың қабыршағы сияқты затпен қапталған. Мүйізді қабыршақ-тарының астында сүйекті пластинкалары болады. Бізде екі түрі кездеседі -- алтын түсті мабуя (МаЬиуа аигаtа) және шөлдің жаңалашкөзі (АЫорһагиs deезегtі) деген түрлері.
2-отряд. ХАМЕЛЕОНДАР (СНАМАЕLЕОNТЕS)
Хамелеондар құрылысы күрделі, кесірткелерге жақынырақ негізінен орманда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Дене мөлшері әр түрлі болады. Көпшілік түрлерінің ұзындығы 25 -- 35 см өте ірі түрлерінің ұзындығы 50 кейде 60 сантиметр-ге жетеді, өте ұсақтары -- 2 -- 5 см болады.
Денесі екі бүйірінен қысыңқы, арқасында өткір жалы болады. Аяқтары ұзын, ағашқа өрмелеп шығуға бейімделген. Саусақтары бірімен-бірі қарама қарсы болып, қысқаш тәрізді орналасқан. Ол ағаш бұтақтарын қусырып ұстап, ағаш бойымен тез қозғалуды қамтамасыз етеді (20-сурет).
Олардың құйрығы ұзын, ағашты орап алуға ыңғайлы келеді. Сонымен қатар көзінің құрылысында да
20 - с у р е т. Хамелеондар.
ерекшелік болады. Қабақтары қалың, сақина тәрізді, ұсақ қа-быршақтармен қапталған және көз карашықтарының тесігі бо-лады. Оң және сол көзінін, қозғалуы бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл көру кеңістігін ұлғайтып, насекомдарды тез ұстауға мүмкіндік береді. Өкпесіндегі ауа қапшықшаларына ауа толғанда, хамелеондардың денесі ісініп ұлғаяды. Тері пигменттерінің өзгеруінен хамелеондардың түсі де өзгереді. Бұған әр түрлі жағдайлар (жарық, температура, жануардың қорқуы т. б.) себепші болады. Бұлардың Мадагаскарға, Африкаға, кіші Азияға, Индияға, Оңтүстік Испанияға тараған бір тұқымдасы белгілі. Бұлардың көпшілігі ормандарда тіршілік етеді. Ағаштың арасында болатын насекомдармен қоректенеді. Насекомдарды ұзын, аузынан тез атылып шығатын, ұшында желім тәрізді сұйық заты бар тілінің көмегімен ұстайды. Кейде хамелеондар насекомдарды өте баяу қозғалып, жасырынып барып та ұстап жейді. Жұмыртқа салу арқылы көбейеді.
3-отряд. ЖЫЛАНДАР (ОРНIDIА)
Жыландар шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалу-ға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар.
Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды. Сол сияқты жыландардың иық белдеуі де болмайды.
Жыландардың бірқатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі -- бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлі-неді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Тек қана айдаһарларда ғана артқы аяқтың қалдығы, мықын сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы сақталған. Соқыр (ТурһІорidае) жыланында да жамбас сүйегінің қалдығы болады.
Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Сарбас жыланның кейбір түрлерінде ғана тері безі болады. Басқа түрлерінде тері безі болмайды. Түлеген кезде алдымен терінің үстіңгі қабатының жаққа бекіген жері ажырайды да, дененің артқы бөліміне қарай қолғап сияқты сыпырылып түсіп қалады. Бұл кезде көздерінің үстін жауып тұрған қабыршақ-тары да түсіп, бұрынғысынан да мөлдір болып көрінеді.
Қозғалу ерекшеліктеріне байланысты жыландардың омырт-қа жотасы біркелкі, көптеген (200 -- 450) омыртқадан тұрады. Омыртқаларында әдетте болатын өсінділерінен басқа жоғарғы доғаның ортасында кішкене өсіндісі болады. Омыртқаның мұндай құрылысы, омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп, ирелеңдеп қозғалғанда, оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді.
Жақ аппараттарының сүйектері және онымен байланысатын тандай, қанат тәрізді және бұдыр бетті сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануар-ларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Ірі қоректе-рін жұту механизмі төменгі жағының оң және сол бөлімінің ке-зектесіп қозғалуы арқылы орындалады. Осындай ірі заттардың жұтылуын сілекей безінен бөлінетін сөл жеңілдетіп отырады. Жыландардың көпшілігі улы болмайды, сондықтан олар жануарларды тістелеп немесе оны денесімен орап алып, қысып өлтіреді. Улы жыландардың алдыңғы бірнеше тістері ірі болады да онда у құйылатын сайша немесе канал болады.
Оң жақ өкпесі жақсы жетілген, сол жақ бөлімі болса руди-мент түрінде ғана болады. Қуығы болмайды. Бүйректері мен гонадылары күшті созылған. Жыныс бездері бүйректерінің ал-дыңғы жарында орналасқан.
Жыландардың қазір 2300 -- 2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе ыстық жерлерде көптеп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте -- Оңтүстік Америкаға дейін тараған. От-ты жерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерге, кейбір түрлері суда, жер астында тіршілік етеді.
Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жыландар ұсақ насекомдар мен кемірушілерден бастап, бұғының бұзауына дейінгі әр түрлі организмдермен қоректенеді. Жануарларды сескендіріп барып, тез шабуыл жасап, ұстайды. Бұған қосымша* улы жылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.
Жыландарды бірнеше систематикалық топтарға бөлуге бо-лады.
Соқырлар (Турһlоріdае) тұқымдасына жер астында тіршілік ететін, жер құрттарына ұқсас, залалсыз ұсақ жыландардың 150-ге тарта түрі жатады. Денесі цилиндр пішінді, басымен құйрығы денесінен бөлінбеген және денесі балық қабыршақ-тарына ұқсас тегіс қабыршақпен қапталған организм. Көзі әдетте терісінің астына орналасқан. Ауыз аппараты кең ашылмайды. Жамбас белдерінің. қалдығы ғана сақталмаған.
Бұлар негізінде Африканың, Азияның және Австралияның тропикалық бөлімдеріне тараған. Бізде Закавказьеде, Түрікме-нияның оңтүстігінде, Өзбекстанда, Тәжікстанның онтүстік батысында бір ғана түрі (Турһіорs vегmісиlагіs) тараған. Олар бақшақ, жүзім еккен жерлерде мекендейді. Насекомдармен қоректенеді, Ересегінін. ұзындығы 30 см болады.
Айдаһарлар, немесе жалған аяқтылар (Воіdае). Бұл тұқымдасқа ең ірі түрлері жатады. Сонымен катар ұзындығы 1 м болатын ұсақ түрлері де кездеседі. Айдаһарлардың бас бөлімін, басқа жыландарға қарағанда, мойнынан айқын ажыратуға болады. Клоаканың екі жағында екі өсінді түрінде орналасқан, артқы аяқтарының нұсқасы болады. Түсі көбінесе шұбар болады. Айдаһарлардың барлығы дерлік шығыс және батыс жарты шардың тропикалық облыстарында кездеседі. Біраз ғана түрлері Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда кездеседі. Тропиктік өзені мен көлі көп дымқыл ормандңрды мекендейді. Әсіресе ашық жерлерде тіршілік ететіндері, түнде активті әрекет етеді. Қалың орманда тіршілік ететіндері күндіз де қорегін аулай береді. Жануарларды өте баяу, сақтықпен жасырынып келіп,, жақын жерден атылып барып ұстайды. Ұстаған жануарының денесіне бірнеше оралып, қысып, тұншықтырып өлтіреді.
Бұлардың ішіндегі өте белгілі түрлері: торлы питон (Руtһоп геtисиlаtиs) ұзындығы 5 -- 6 метрден 10 метрге дейін жетеді. Олар Азияның оңтүстігіне және Үнді-Малай архипелагасына тараған. Кәдімгі айдаһар (Воа сопstrісtог) үзындығы 5 -- 6 метр-ге жетеді. Оңтүстік Американы мекендейді. Бізде Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда бұл тұқымдастың ең кіші түрі -- дала айдаһары (Егух jасиlиs) кездеседі. Денесінің ұзындығы 1 метрден аспайды. Бұл құмды шөлдерді, далалы жерлерді ме-кендейді. Түнде тіршілік етеді. Күндіз кемірушілердің ініне, не-месе құмға еніп жасырынып жатады. Ұсақ рептилилермен, саршұнақтармен, қосаяқтармен қоректенеді.
С а р б а с ж ы л а н т ә р і з д і л е р (СаІиЬгіdае) тұқымда-сына жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішін-де залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады.
Көбірек тараған түріне кәдімгі сарбас жылан (Nаtгіх паtгіх) жатады. Түсі қоңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылт жолағы бо-лады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолақ болмайды. СССР-дің Европалық бөліміне Сибирьге, шығыста Забайкальеге дейін және Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған. Батпақтың, өзеннің және тоспанын, жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса насекомдармен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жүмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасына салады (21-сурет).
Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы (N. tеssеlаta) мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сүр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді.
Полоздар (СоІиЬег, Еіарһе) сарбас жыландарға жақын, үзындыры 2 м болатын жыландар. Улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістуге ұмтылады, өте қатты тістейді.
Медянка (Согопеllа аиstridса) ұсақ, ұзындығы 75 сантиметр-дей болатын жыландар. Түсі қызыл бурыл денесінде қара сұр дақтары болады. СССР-дің Европалық бөлімінің орталык жә-119
21- с у р е т. Жыландардың түрлері:1 -- көзілдірікті жылан, 2 -- ысқырғыш жылан, 3 -- коралл аспид, 4 -- торлы питон: 5-сұр жылан, 6 -- сарыбас жылан.
не оңтүстік бөлігінде кездеседі. Ағашты немесе бұталы жерлерді мекендейді. Дымқыл жерлерде болмайды, уы жоқ. Негізінен кесірткелермен қоректенеді.
Орта Азияның шөл далаларында оқ жыландар (Тарһгоmеtороп linеоlаtиm) көп кездеседі. Денесі жіңішке, ұзындығы 1 метрден аспайды. Түсі сары, сұр түсті, денесінің ұзына бойына со-зылған бірнеше дағы, немесе жолағы болады. Өте тез қозғалады. Қауіп төнгенде мүмкіндік болса ағаштың бұтағына шығып, немесе бұтаның түбіне тығылып құтылады. Негізінен кесірткелермен қоректенеді. Қесірткені тістеп, денесімен орап, қысып өлтіреді.
Көзілдірікті сарбас жыландар тұқымдасына жалпы халыққа белгілі улы жыландар да жатады. Бізде Түрікменияның оң-түстігінде сұр кобра (Маjа охіапа) деген түрі кездеседі. Денері біркелкі сұр түсті, дағы болмайды. Аңғарларда және адам мекеніне жақын жерлерде тіршілік етеді. Шаққаны өте қауіпті. Қөзілдірікті жыланның (Маjа паjа) мойынының желке жағында көзілдірік сияқты екі дағы болады. Олар Оңтүстік Азияны ме-кендейді. Кобраларға тән бір ерекшелік айбат шеккен кезде мойын омыртқаларындағы қозғалмалы қабырраларының көмегімен мойынын кеңейте алады.
Сұр жыландар (Vірегidае) улы аппараттары жақсы дамыған улы жыландар. Улы тістерінің, ішінде каналдары болады. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тістері алға қарай бағытталады.
Кәдімгі сұр жылан (Vірега Ьегиs) біздің еліміздін, Европалық бөлігінде және Сибирьде тараған. Түсі сұр, қара жолақты, немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ал батпақты жерлерден кездеспейді. Бұларды күндіз үйінділердің, ағаш түбірінін, үстінен, таулы жерлердің күңгей жағынан көруге болады, қорегін аулауға түнде шығады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz