Сыныптағы сынып жетекшісінің тәрбие жоспары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Сыныптағы тәрбие жүйесі

Жоспар

Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3-4

І ТАРАУ. СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ МАЗМҰНЫ
1.1. 1Сыныптағы тәрбие мақсатының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
1.2. Сыныптағы тәрбие жүйесінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ..7-10

І ТАРАУ. СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1. Сыныптағы тәрбие жүйесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .1 8-30
2.2. Сыныптағы сынып жетекшісінің тәрбие
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 11- 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..32

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..33-36

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Сыныптағы тәрбие жүйесін мазмұнды
айқындау жазылды.
Тәрбие жұмысының баланың жеке тұлғасының даму процесін
басқару міндеттерін анықтайды.Сондықтан, сынып жетекшісінің
мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.
тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол
тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге
қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан
қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның
негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие
міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық
ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын
ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды
көздейді.

Курстық жұмыстың міндеті. Курстық жұмыс міндеті
негізінен, сынып жетекшісінің негізгі міндеттерін қамтиды.
Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын объект – тәрбиелік
және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы
міндет.
-Сыныптағы тәрбие мақсатының мазмұны
- Сыныптағы тәрбие жүйесінің қалыптасуы
-Сыныптағы тәрбие жүйесінің ерекшеліктері
-Сыныптағы сынып жетекшісінің тәрбие жоспары

Курстық жұмыстың мақсаты – Сыныптағы тәрбие жүйесін педагогикалық
тұрғыдан анықтау.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі
процесс.Егерде тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі
педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан:”тәрбие жұмысның
формасы”, ”тәрбие шаралары”, ”тәрбие ісі” т.б. Соған орай ”Педагогикалық
энциклопедия” сөздігінде “форма” ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме
берілген:
1. заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;
3. бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу;

І ТАРАУ. СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ
1.1. Сыныптағы тәрбие мақсатының мазмұны
Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды
оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.
Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысы
ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да
ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі
бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса,ал
басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде
қарастырады.Дегенмен,сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын
болғанымен де,әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең
негізгі буын ол-сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті
ұйымдастырылып,олардың өзара әлеуметтік қатынастары
қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі,
олардының демалысына қатысты мәселелері,алғашқыұжым болып қалыптасу
дәрежесі,соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса,сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін
ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне
жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде
нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға
тырысады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра
отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін,
оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын
біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп
оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша
ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние
танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген
сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды
дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік
шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда
тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік,
эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие
міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты
қарастыру.

Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және ұжымының оқу –
тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды
буын.Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру,
пндагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген
тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тимділігін қамтамасыз етуді
көздейді.Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін,болашағын болжау,оны
жобалаудың да маңызы ерекше.А.С.Макаренко адамдағы жақсы қасиет
әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назар
аударған.Сол секілді В.А.Сухомлинский де ‘‘тәрбиені ғылыми
тұрғыда алдын ала болжамау, онда ол қарапайым көрініске: тәрбиеші –
сауатсыз күтушіге, педагогка – балгерлікке айналар еді’’ – дейді.
Сондықтан, тәрбие процесінің нәтижесін алдын ала жобалау, болжау
сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір буыны болады.Онсыз
тәрбиедегі, біріншіден мақсаттылықтың, екіншіден, тәрбие процесінің
өзі де болмаған болар еді.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие
процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның
нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп
отыруды қамтамасыз етеді.Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау
барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе
жекелеген оқушылардың іс - әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге
асырады.Дегенмен де, сынып жетекшісінің оқу – тәрбие процесін бақылауы және
түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен
жұмыстары барысында ғана іске асады.
Сынып жетекшісінің жоғарыда көрсетілген қызметі оның педагогикалық
әрекетінің мазмұнын анықтайды.
Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің
көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады.Ол, бір жағдайда, барлық жерде
балалар ұйымы жұмысының тоқталуымен байланысты болса , ал екінші жағдайда,
көптеген мектептен тыс балалар мекемелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да
кері әсерін тигізуде.

2. Сыныптағы тәрбие жүйесінің қалыптасуы
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық.Сол дұрыс тәрбиені
ұйымдастырытын басты тұлға – мектептегі сынып жетекшісі.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу
мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады.Ол тек XIX
ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар
ертерек пайда болды.Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында
бастапқы кезде ‘‘күтушілер’’няньки, кейіннен ”гувернанткалар”
ретінде қызмет етті.Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы
”Университеттік мекеме Жарғысына” сәйкес оқушыларды тәрбиелеу
ісі үйретуші ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер
гимназияларында) өз оқушыларын бақылап , олардың тәртібіне жауап
беру міндеті жүктелген.
1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда,
оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу
қажеттігі де баса көрсетілген.
Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу
ісін ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды
қадағалаушылар да (“надзиратели”) жүктелген.Олардың негізгі
міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау;
оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін,
мінез – құлықтарын белгілеу үшінкүнделік жүргізу тапсырылады.
Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап
оқуын қадағалауға да міндетті болды.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы “Гимназиядағы
сынып тәрбиешісі ” Жарғысында ресми түрде бекітілді.Соған сәйкес
сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім
берумен де айналысты.
Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады:
сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау;
мектеп іс – қағаздарын жүргізу;оқушылардың дамуын,таным
қабілеттерін бақылап зерттеу;сол сыныпта сабақ жүргізетін
оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері
тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды
сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге
міндетті болды. Мұнда діни сезімге көптеген көңіл аударылды.
Бірақта, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті
тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен
ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай
қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады.Әрі онда негізінен
оқуға көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып
тәрбиешілерінің тәрбие жұмысымен айналысуға уақыттары аз болды.
XIX ғасыр аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы
кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас
өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады.
Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі
1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды.Олардың маңызды
міндеті – оқу процесін ұйымдастыру болып
есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысу;
қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс
жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша
сабақтарын және әдеби кештер мен дене қыймылы үйірмесін
ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне басталды.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекші
деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарын
ұйымдастыру мұғалімдардің бәріне бірдей жүктелді.Оларды
топ жетекшілері дап атады.негізгі міндет – коммунистик
идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиесіне көптеп көңіл
бөлу.Оқушылардың бастауыш ұжымдарында жалпы мектептік өзін - өзі басқаруды
ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде тәрбие жұмысына
онша көңіл бөлінбеді.Мұғалімдердің қызметі оқушылар және олардың
ата – аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын
қадағалау т.с.с. болды.
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып,
оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымына басымдылық берілді.Дегенмен де бұл
бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайында
болды.Ондағы себеп, балаларды ұйымдастыру жұмыстарына
қатысты тәжрибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және
өзін - өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету, оқу – тәрбие
процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын және өмір жағдайын
зерттеу, ата – аналарымен жұмыс істеу болды.
Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен
өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады.Мұндай
жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік
өмірде өздерін - өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымына
өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына
қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар
мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болуда.
Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылығы жойылған жоқ.
Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды:
әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондоғы
әрбір тұлғаның дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді
шешуде балаларға көмектеседі.
70-80 жылдардағы мектептің өзгншелігі, тәрбиенің ықпал
ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны.Бүгінде
көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары
басқаша.Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүни дамытуға жағдай
жасау деп түсінеді.Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен
жүйесі өзгереді.Мұндай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау
мүмкіншілігі күшейеді.Ол әрбір баланың дене және психикалық
дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады.Мүндай жағдайда,
бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге,
онда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың
өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың
өзін - өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай
туғызуға, оқушылардың шынайы әлеуметтік өмірімен қарым –
қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.

І ТАРАУ. СЫНЫПТАҒЫ ОҚУ -ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1. Сыныптағы сынып жетекшісінің тәрбие жоспары.
Сынып жетекшінің тәрбие жоспары – міндетті педагогикалық
құжат.Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі
түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік
туғызады . Тәрбие – қиын да күрделі процесс.Жоспар болмаған жағдайда
тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар – тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі
мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды.
Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат – міндеттері және
мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік
деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке
бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады.Ол үшін тәрбие
жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын
ескере отыра жасалуы тиіс.Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның
талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Жоспар – ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие
жұмысын жоспарлау барысында, оған оқушыларды қатыстыруы міндетті.Жоспарлау
барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін
тығыз байланыстыруға, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі
ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісі мектептегі оқу – тәрбие үрдісін жоспарлау
барысында оқушылармен қарым – қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие
жоспарындағы атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін,
нәтижесінде ынтымағы жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын
құруға кері әсерін тигізеді.
Бүл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге
болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды.Тәрбиедегі даналықтың бір
белгісі – бала болашағйн оның өзі мен бірге шешу.Бұл педагогикалық
тағылым.Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға
әуестенсе, екіншісі ойын – сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени
жорықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ыңғайлы болып келеді.Мұндай
жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы
қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден –
бір педагогикалық тәсіл болып табылады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға,
ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да
барлық жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың
жан – жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың
мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма – жыл бірізділікпен жүйелі түрде
құрылмай, керісінше жеке – дара , үздік – үздік әрекеттер басым болып
келеді.Өткенмен – салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы
міндеттерді балгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны
көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма – жыл өзінің тәрбие жоспарына
көшіріп отырды.
Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық
лабораториясы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының
нәтижесі емес.Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның
талабымен ұштастыра құру – одан да қиындық туғызады.Мұндай жағдайда сынып
жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізүді
қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады.
Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар
құрып алады.Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігімен тиімділігін
арттырады.
Мектеп тәжірибнсінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері
көп.Олардың ішінде сынып өміріне тиімдісі де тиімсізі де бар.Кеңестік
дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистик тәрбиенің салаларына
негізделген (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.).Бүгінгі күнде
олай емес.Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім.Олай
болса,тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы,
олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.
Мектептегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық
әдебиеттер мен жұрналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың
түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегі
түрі болады.
Жоспардың бұл түрі сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінде
оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата – аналардың әрекеттерін үйлесімді
ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарапайым әрі
ыңғайлы формасы деп есептейміз.

Тәрбие жоспарының үлгісі

1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі,
денсаулығысабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата – аналары, белгілі бір
ұйымға қатысты, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша
сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша
талдау.
3.Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін
анықтау.
4.Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының
нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие
жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата – аналармен, қоғамдық
ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс - әрекеттердің
түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары
төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.

Апта аралығын көрсету
Негізгі бөлімдер Тәрбиелік Формасы Мерзімі, Жауапты Өтілгені
шаралардың мен тәсіліуақыты адамдар туралы
мазмұны белгі
1.Сынып ұжымын
ұйымдастыру
2.Оқушылардың
өзін-өзі басқару
ұйымдары және
балалардың
бірлестіктері мен
өзара әрекеттері
3.Пән мұғалімдері
және мектеп
әкімшіліктерімен
байланыс
4.Отбасы және
жұртшылықпен
жүмыс
5.Жеке оқушымен
жұмыс

1.Сынып ұжымын ұйымдастыру:(формасы – сынып сағаты),тақырыптық әңгімелер,
саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ –
жауап, кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы (КВН),еңбекке
қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық
шаралар жатады.
2.Бұл бағытта сыныпқа қстысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру
формасы – сынып жиналысы).Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық
пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру
жұмыстары көрсетіледі.Оқушылардың өзін - өзі басқару басқару ұйымдарына
қатысты сынып жиналысының тақырыбын , олардың күн тәртібін белгілейді,
сонымен қатар, сынып жетекшісі әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының
тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл – кеңес беру т.с.с.
олрға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
3.Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің
жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу – тәрбие
жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері
анықталады т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі.Мектеп жоспары бойынша
сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.
4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата – аналарымен байланыс
орнату, ата – аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата –
аналар комитетінің жоспарынан: ата – аналар жиналыстарының тақырыбын,
мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с. шараларды өзінің жоспарында көрсете
отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар
белгіленеді.
5.Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ
үлгнріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың
түрлері кіреді.

Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
1.Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі.Сондықтан, тәрбие жоспарын құру барысында
оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды
қамтамасыз ету.
2.Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.
3.Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте
болуы қажет.
4.Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін
ескеру.
5.Тәрбие жоспары ықшамд, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.
6.Тәрбие жоспарындағы атқатылатын шаралар саны жағынан емес, сапасы мен
анықталатын болсын.
7.Тәрбиеліу шараларды атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әр
тарапты және әржақты болуын ескеру керек.
8.Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге
қызығатынын,олардың қандай істерді өткізгілері келетінін, ұсынылған
шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.
9.Жоспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.
10.Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке – дара емес,
біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.

Тәрбие жоспарын қалай құруға болады ?

I. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие
міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; білім
және ғылым министірлігінің оқу - әдістемелік жұрналдарымен
танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының
өзекті мәселесіне қатысты психологиялық және педагогикалық,
әдістемелік әдебиеттерді оқу.
II. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп,
мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие
мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен
міндеттерін анықтау.Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық
міндеттері белгіленеді.Мысалы: Мақсат: “Мәдениет құндылықтарын
меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын
ынталандыру”.
Оның міндеттеріне:
1.Оқушылардың сабақтан тыс зияттық – танымдық (интелектуалдық) әрекеттерін
ұйымдастыру.
2.Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.
3.Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым – қатынас жасауға
ынталандыру.
4.Оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос
уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай
әртүрлі әрекеттерін ұйымдастыру.
III. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және
пән
үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен
танысу, алдағы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысып,
пән мұғалімдері және ата – аналармен пікір алмасу.
IV. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп,
тану.
V. Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мерекелерді
анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
VI. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
VII. Жоспарлау.Оқушыларды немесе олаодың белсенділерін жоспарлауға,
оны талқылауға тарту.Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында
талқылау және бекіту.
Мектептің сыныптың ерекшелігі, сипатына байланысты тағы басқа
қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекеттер
барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылға
құрылуы мүмкін.

2.2. Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге
мәлім.Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес,сабақтан тыс
жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады.Ол әдетте сыныптан тыс
және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын
қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен
ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін
тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы
ретінде балаға кең көлемде балаға ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін
болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының
түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтіктәжірибесін жандандырып,
жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін
байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдарысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда
әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға
деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.Егерде балада еңбекке
деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан
болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете
алады.Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса,
соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.Сондықтан бұл
өте өзекті мәселеге айналуда.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы
тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен
бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек
әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа,
бір – біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге
тәрбиелейді.Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын,
танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара
ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен
тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп
спектакль қояды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін
меңгереді.Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін
бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар “бірі бәрі үшін,
бәрі бірі үшін” деген қағиданың маңызын жете түсінеді.
Бесіншіде, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен
өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды.Сынып жетекшісі оның
формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда
ерікті болады.Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы
сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші
жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады.Бұған қосымша, одан шығармашылық
белсенділікті талап етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне
күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы.Себебі, онда тек жалпы жетістік
пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік
береді.Соған сәйкес қандаә да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден
анықтау өте қиындықты туғызады.Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи
жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым – қатынаста немқұрайлыққа жол
бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың
болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың
мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам
немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.Сонымен
қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері
қатыстырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі
болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға
қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және
қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын
тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін
неғұрлым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Сынып жетекшінің тәрбие жоспары
Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау
Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Сынып жетекшінің жалпы қызметі
Пәндер