Көрнекті партия, мемлекет қайраткері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ___________________________________ _______ 8
1. Т. Рысқұловтың өмір жолына сипаттама._________ 9
2. Т. Рысқұловтың қоғамдық саяси қызметі. __________ 13
3. Т. Рысқұловтың тарихқа қосқан үлесі. _____________ 15

Қорытынды ___________________________________ ___ 19
Пайдаланған әдебиеттер ___________________________ 20
Қосымша (фотосурет) _____________________________ 21

5
Жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – бұрыннан белгілі түрлі
деректер мен ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған
мұрағат материалдарын сараптай келе, Т.Р.Рысқұловтың ғұмырының
барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін,
ғылыми және кәсіби қызметін, шығармашылық мұрасын тұтастай
көрсету. Сондықтан Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне,
шығармашылық мұрасына сүйене отырып, оны ғылыми – тарихшы ретінде
қарастыруды мақсат еттік. Осыған орай мындай міндеттерді алға
қойдық:
- Кеңестік басқару жағдайында Т.Рысқұловтың қайраткер ретінде
қалыптасуына әсер еткен саяси-әлеуметтік факторды анықтау.
- Т.Рысқұловтың ұлт-азаттық қозғалыс туралы көзқарасын
анықтап, оның 1916 жылғы көтеріліске қатысуын нақты көрсету.
- Т.Рысқұловтың қазақстандағы ашаршылыққа күресін жан-жақты
ашып көрсету.
- Т.Рысқұловтың революцияға, қазақ интеллигенция тарихына
арналған еңбектерін тарихнамалық тұрғыдан талдап, олардың ғылыми
құндылығын бағалау.
- Т.Рысқұлов еңбектері арқылы Түркістан Республикасында орын
алған тарихи оқиғалар мен саяси үрдістерге баға беру.
- Т.Рысқұловтың ғылыми және публицистикалық еңбектерін
сараптай келе, оны тарихшы ретінде көрсету.

Жұмыстың тарихнамасы :
Т.Рысқұлов жалған айыптармен халық жауы аталып атылып
кеткен отызыншы жылдардың екінші жартысынан кейінгі ондаған
жылдар бойы оның өмірі, қоғамдық, мемлекеттік саяси қызметі мен
ғылыми мұрасы жөнінде зерттеу жүргізуге тиым салынды.
Т.Рысқұлов туралы алғашқы шындыққа сай газеттік мақалалар
мен жекеленген зерттеулер Хрущевтік жылымық аталған 50-жылдардың
соңы мен 60-жылдардың басында жариялана басталды. Бұл ретте ең
алдымен
6
журналист Р.Байжарасовтың, тарихшы С.Бейсембаевтің, москвалық тарихшы
В.М.Устиновтың 60-жылдар басында жарияланған мақалаларын бірінші
кезекте атаған жөн. 1974 жылы С.Бейсембаев пен С.Көлбаев
Қазақстан компартиясы Орталық комитеті жанындағы партия тарихы
институтының атынан орыс тілінде Турар Рыскулов атты кітапша
шығарды. Т.Рысқұловтың туғанына 80 жыл толуына арнап жарияланған
бұл кітапшада қысқа да нұсқа түрінде оның Қазақстан, Орта
Азия аймақтары көлемінде және бүкіл Кеңес мемлекеті
шеңберіндегі ірі мемлекет және партия қайраткері болғандығы
айтылып, оның Коминтеріннің Монғолиядағы өкілі ретіндегі қызметі
мен оның шығармашылық мұрасына, ең алдымен көсемсөздік-
публицистикалық шығармаларына қысқаша шолу жасалды.
1984 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы
партия тарихы институты орыс тілінде Т.Рысқұловтың таңдамалы
шығармалар жинағын шығарды.. Онда Т.Рысқұловтың 30-дан асқан
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге және Қазақстан
мен Орта Азия тарихының жекелеген оқиғаларына арналған
мақалалары топтастырылды. Жинаққа тарих ғылымының кандидаты
В.К.Григорьевтің Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметіне арналған очеркі
жарияланды. Онда жалпы алғанда Т. Рысқұловтың ғылыми өмірбаяны мен
жан жақты қоғамдың, саяси, мемлекеттік және шығармашылық қызметіне
оңды баға беріліп, Рысқұловтанудың өзекті мәселелері сөз болды. Сол,
1984 жылы Т. Рысқұловтың 90 жылдығының Алматы, Ташкент және Баку
қалаларында кеңінен атап өтілді. Осының бәрі ірі қайраткерлерді
азаматтық және саяси тұрғыдан толық ақтауға негіз болды.

Жұмыстың өзектілігі.
Еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жеткеннен бері төл
тарихымыздың бұрындағы бұрмаланып жазылып келген мәселелерін қайтадан
жазып шындық тұрғыда ашып көрсетуге мүмкіндік туды. Жан жақты
зерттеу арқылы ұлттық тарихымыздың құныдығы артып, бүгінгі күндерде
оған деген
7
көзқараста мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Осы күндері ақиқаты
айтылмаған мәселелер қайта ой елегінен өткізіліп, өзінің обьективті
бағасын алуда.
Тоталитарлық жүйе үстемдік құрған 70 жылдық кеңес дәуірінде
қоғамдық және ғылыми өмірдің шеттен тыс идеологияландыруы ХХ ғ.
басындағы отарлық саясаттың проблемаларын зерттеде өзінің теріс
ықпалын тигізді., осы мәселелерге қатысты сынаржақ тұжырымдар
жасалды.
Ұлттық санамыздың оянуы өткен жылдарымызды бұрмалай тарихи
процесті қаз қалпында көрсетуді талап етуде. Кеңестік тоталитарлық
құрылыста қазақ тарихында жеке тарихи тұлғаның атқаратын қызметі
мен ол өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық саяси ахуал арнайы зерттеле
қалса, зерттеу методологиясы не біріңғай қаралуға ,не асыра
марапаттауға құрылатын.
Кеңестік жүйе кезеңінен кейін әділеттік бағасын алған, бірақ
та әлі де болса, зерттелінбей жатқан қайраткерлердің қатары көп.
Бұлар саналы өмірін мемлекетке, халықтың болашағына арнаған.
Лауазымды қызметттерге көтеріліп, 30 жылдардың соңында қуғын сүргін
құрбанына айналғандар.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Тарих толқынында - атты
кітабінда ХХ ғ. зиялылар тағдыры турасында: Ғасыр басында
мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да
қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы
ұмыт болған жоқ, (1) деп жазған еді.
Осы орайда, кезінде тәуелсіздігіміз үшін күрескен, кеңестік
тоталитарлық жүйенің құрбаны болған, саяси жүйе есімдерін кейінгі
ұрпақ саласынан біржолата ығыстыруға күш салған тұлғаларымыздың
есімдері бұл күндері тарих сахнасының төрінен өздеріне тиісті орын
алып, олардың өмір жолы мен сан-салалы қызметі халық арасында
кеңінен насихатталуда.
ХХ ғ. алғашқы 10 жылдықтарында қазақ халқының азаттық жолында
күрескен зиялы азаматтарының бірі - Тұрар Рысқұлов. Оның қоғамдық-
саяси қызметі отаршылдыққа қарсы күреске қызмет етсе, шығармашылық
мұрасы ең алдымен өз халқының арғы бергі тарихының өзекті
мәселелерін шындық тұрғысынан зерттеуге арналды.
8
Кіріспе
Қазақстан республикасы - қазақ халқының тәуелсіз ұлттық
мемлекеті . тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы – қазақ халқының талай
ғасырларға созылған ұлт азаттық күресінің заңды нәтижесі.
Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең
басталды.
Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ. ол ұлы
белестерден, қиын қыстау асулардан тұрді. Болашақ ұлттық мемлекеттің
іргетасы осы тарихи кезеңдерде қаланған болатын, сондықтан да
азаттық жолындағы қажетті де қасіретті күрестің тарихын зерттеу
қазыргы таңда зор маңызға ие болып отыр.
ХХ ғ. басында Қазақстан Россия империясының отар аймағы еді.
Қазақ халқы отарлық езгінің - құқықсыздық пен кемсітушіліктің,
ұлттық тәуелсіздіктің бұғауында болатын. Патша өкіметінің отарлау
саясаты өзінің шарықтау шегіне жеткен еді. Отарлау саясат
күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті.
Қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары бұл қозғалысқа ұйымдасқан
түр беріп, оны жаңа сапалық деңгейге көтерді. Туған халқын азаттық
жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған
аса саяси ірі жетекшілерінің бірі және бірегейі - Тұрар Рысқұлов
болатын.

9
1. Т. Рысқұловтың өмір жолына сипаттама.
Т. Рысқұлұлы 1894 жылы Алматы облысының Талғар ауданында туған.
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері.
Тұрардың әкесі кедей шаруа Рысқұл жалғандық атаулығы жаны қас
тектілерден тарған өр мінезді кісі болған. Орыс патшасының жемқор
жетдеттері мен жергілікті жадайшаптарының қоқан лоққы қорылығана
қарсы тұрғаны үшін Сібірге он жылға жер айдалып кетеді. Он жасар
Тұрар туысқандарының қолында қалып, Меркідегі қазақ мектебінде хат
таниды. Одан соң Бішкектегі бағбандық училищеде оқиды. Оны үздык
бітіріп Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі. Институтты
бітіруге үлгермейді. Дәл осы кезде Қазақстан мен Орта Азияда ұлт
азаттық көтеріліс бұрқ ете түскен еді. Тұрар осы қозғалыстың
ортасында жүрді.
1917 жылы Ақпан Төңкерісінен кейін Әулиеатада өзі секілді
көкірек көзі ашық қазақ жастарын төңкеріс жолына бастаған , саяси
көзқарасы оянған бірден бір азаматы еді.
1917 жылдың қарашасынан 1918 жылғы қараша айына дейін Әулиеата
уезі Совдепінің Кеңестер депутатының төрағасы, ал 1918 жылы
маусымынан желтоқсанына дейін Түркістан республикасының денсаулық
сақтау халық комиссары болды.
1918 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың қаңтарына дейін
республика министрлер кеңесі төрағсының орынбасары қызметін атқарды.
1920 жылдың қаңтарынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық
комисариатының Азербайжан республикасы бойынша өкілетті уәкілі, ал
1922 жылы РСФСР Ұлт істері халық комисариатының орынбасары болып
тағайындалды.
Жігіттік дер шағы 25 жалынды Тұрар 1922-1924 жылға дейін
аттай екі жыл Түркістан республиканың қызметін атқарды.
1924 жылдың сәуірінен 1926 жылдың тамызына дейін Коминтерннің
Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сонымен бірге 1924
жылдың ортасынан 1925 жылдың маусымына дейін Коминтерннің
Маңғолиядағы өкілетті уәкілі, 1926 жылы Қазақ өлкелік комитеті
баспасөз бөлімінің
10
меңгерушісі, 1926 жылдың маусымынан 1937 жылдың тамызына дейін
РСФСР Хаық Комиссарлары Кеңесі Төраасының орынбасары қызметтерінде
аса жауапты қоғамдық саяси міндеттер атқара жүріп теориялық
мәселелермен де айналысты.
Т. Рысқұлұлы өз республикасы үшін көп игілікті істер жасады.
Оның тікелей байланысымен Қарағанды көмір бассейні кен байыту,
Қоңырат мыс кенін ашу, Балқаш мыс қорыту комбинатын салу секілді
алуан алуан ауыр өндірісі саласында жұмыс атқарылды. әсіресе,
Түркісіб темір жолын салу комиссясына төрағалық еткен еңбегі
ерекше. Ел өміріне өзгерістер енгізген өндіріс ошақтарын
жандандырумен бірге оқу білім мен өнерді өркендетугеи де өлшеусіз
үлес қосты. Оның тікелей ұсыныс тілегі мен Ташкентте Орта Азия
университеттері ұйымдастырылса , Алматыда Киров атындағы қазақ
мемлекеттік университеті шаңырақ көтерді. (1)
Сол РСФСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болып
тұрғанда сол кезге бүкіл ел астанасы Мәскеу қаласының қала
шаруашылығына жетекшілік жасағанын жұрттың көбісі біле бермейді.
Т. Рысқұлұлы халық арасында зор беделге ие болды. Әділін
айтқанда, ол Орта Азиядағы басшылардың ішіндегі ең көрнекті әрі
ықпалды қайраткерлердің бірі еді. Лениннің атына жазған мәлімдеме
хатында М. В. Фрунзе: Қалың бұқара соңдарына еерген жергілікті
кадрлар ішіндегі екі дарабоз Рысқұлов пен Ходжаев. Олар ақылға
ғана бай емес, мінездері де шарболаттай сан қырлы деп жазған.
Т. Рысқұлұлы партияның ХҮІ және ХҮІІ съездерінің делегаты
болып сайланды. ХҮІ партия съезінде делегаттар алдында сөз сөйлеп,
Ресей шаруаларының жағдайымен қатар Орта Азия диқандарыны ң да
хал күйіне көңіл бөліп, оларды бір бірімен өшіктірмеу керек. Орта
Азия әлі де болса патшалық Ресейдің отарлдау саясатының зілді
зардаптарын тартып отыр, бұған төзіп бағуға болмайды деп, өзінің
батыл ойын бүкпесіз айтқан.
Тұрар Орта Азиядағы Мұсылмандар бюросының және Түркістан
___________________________________ _
1. К. Есмағамбетов Қазақстан шетел әдебиетінде А., 1994 ж. 135-б
11
Республикасы компартиясын басқарып тұрған кезінде Түркістан
өлкесінің біртұтастығын сақтау туралы әлденеше рет мәселе қойды.
Ол түркі тілдес Түркістан халықтары – біртұтас халық, тек тарихи
жағдайлар жан жаққа таратып жіберді деген тұжырымында талай рет
дәлелдеді. Республикадағы компартияны түрік халықтарының коммунистік
партиясы деп атауды және де бұл партияны республика секілді
Мәскеуге тәуелсіз дербес етіп құруды ұсынды. (2)
Қазір ұлттық Ұлан құрылды ғой. Ал А. Байтұрсынұлы мен Т.
Рысқұлұлы сол кездерде ақ мұсылман емес халықтардан тұратын Қызыл
Армияны Түркістаннан алып кетіп, Мұсылман түрік әскерін құруды,
республиканың өзінің қаржы қаражаты, сыртқы істер мен айналысуға
дербестігі болуын қамтамасыз етуді ескертті.
Бірақ осының біәрінен буржуазиялық-ұлтшылдық ұшығы шығады
деп, түріккомиссия мүшелері бұл шешімді жүзеге асыртпауға жандарын
салды.
1920 жылы мамыр айында Лениннің нұсқауымен Т. Рысқұловтың
түркі республикасын құру туралы тезистері қабылданбады.
Тұрарға пантюркист деп кінә тақты. Тұрардың тұжырымдары
кеөкейге қанша қонымды болса да, бұл мәселелер партиялық жүйеге
қайшы келді. (3)
Тұрардың шынайы адалдығы мен қайсарлығы, табандылығы көптеген
партия қайраткерлеріне ұнаған жоқ. Оны бір қызметтен бір қызметке
ауыстырып, әр түрлі өлкелердегі ауыр жұмыстарға жұмсап отырды.
Тұрарды Түркістан республикасының қызметіне де ұзақ уақыт ұстамады.
Себебі, Тұрар тұрғанда Түркістан Ресейден бөлініп кетеді деп
қорықты. Ресей ондай бөлектеулерге ыммырасыз болды. Қазына байлығы
мол республикадан айрылып қалу қауіпті еді. Оған мүлдем жол беруге
болмайтыны айдан анықты.
___________________________________ ___
2. Х. Оралтай Алаш – Түркістан түркілерінің ұлт азаттық ұраны Азат
1991 ж. 18-б.
3. Бұл да сонда 21-б.
12
Осы Түркістанның бірлігі жөніндегі ұсынысынан соң ақ Тұрар
қудалауға түсті.
1925 жылы И. В. Сталин мұсылман аймақтарының басшы
кадрларымен кеңес өткізді. Сол кеңестегі сөйлеген сөзінде Тұрарды
пантюркист ретінде айыптап, оны басмашылар жағына өтіп кеткен
көрнекті қайраткер, татар революционері Сұлтанғалиевті қолдайды деп
кінәләді. Тұрар бұл таққан айыпты мойындамиай , оны революция
ісіне берілгген нағыз коммунист деп бағалаған Сталиннің дәл өзі
болатын дегенді де бетін бар, жүзің бар демей батыл айтып салды.

Ал Сұлтанғалиевтің большевизмнен бөілініп, басмашыларға қосылып
кетуіне қайндай себептер болғаны БКП (б) Орталық комитетіне де
мәлім еді.
1929 жылы Т. Рысқұлұлының известия газетінде мақаласы
жарияланды. Ол онда партия саясатын іс жүзіне асыру барысында
қателіктер жіберген мен партияның басты бағытынан таймағанын
жасырмады. Ол басқа ешбір партияны мойындамады. (4)
Түркістан - Тұран иен жайлаған түркі халықтарының ортақ
шаңырағы болды. Сондықтан олардың бөлектенуіне болмайтынын, ондағы
жергілікті жағдайды міндетті түрде айрықша ескеру қажеттігін талап
етті.
Т. Рысқұлов өз халқының қайғы қасіреті мұң мұқтажын
жоқтады. 1933 жылы Тұрар қатыгез Сталинге аштықтан шыбындай қырылып
жатқан қазақтардың ауыр халін айтып хат жазды. Шақыруын күтпей ақ,
қайсар Тұрар қаһарлы Сталинмен кездесуге ұмтылды.
Тұрардың осы тайсалмас талаптарынан соң Қазақстанға азық
түлік көмегі туралы мәселе шешілді. (5)
Қазақ жеріндегі бай кулактарды тәркілеу мене күштеп
ұжымдастыру халықтың ең басты күн көрісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш тарихы
Д.А.Қонаевтың Кеңестік Қазақстанның дамуына қосқан үлесі
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ӨР ТҰЛҒАСЫ
Дінмұхаммед Қонаев Ахметұлы
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
Сұлтанбек Қожановтың дүниетанымға көзқарасы
Д. А. Қонаевтың басшылығы тұсындағы Қазақстанның əлеуметтік - экономикалық жəне қоғамдық - саяси жағдайы
Ілияс Омаров
Пәндер