Кестелердің арасындағы байланыс түрлері


Дәріс №4. Тақырыбы: Кестелердің арасындағы байланыс түрлері.
Дәрістің мақсаты: Кестелер арасындағы байланыс түрлерін қарастыру.
Дәріс жоспары :
- "Бірге-бір" байланысы.
- "Бірге-көп" байланысы.
- "Көпке-көп" байланысы.
Көп жағдайда бір кесте (қатыс) жеке бір файлда сақталады. Жалпы МҚ алға қойылған мақсатқа сәйкес анықталған бір немесе өзара байланыстағы бірнеше кестелердің жиынынан тұрады, мысалы, MS Access МҚБЖ-де МҚ файлында кестелермен қатар сұрыптамалар, қорытындылар, үлгілер, макростар және модульдер сияқты басқа да МҚ-ның барлық объектілері бірге сақгалады. Реляциялық МҚБЖ-де кестелердің байланысын көрсету үшін оларды әзара байланыстыру амалын қолданады, бұл МҚ-на енгізілген мәліметтердің толықтығын, үйлесімділігін, МҚ-ның біртұтастығын кадағалауға және мәліметтер қорын өңдеу барысында қажетті деректерді тез табуға, жылдам оқуға, көруге, өзгертуге, теріп алуға және қорытынды құжаттарды оңай дайындауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандай МҚ-ның екі кестесінің арасында бір-біріне тәуелділік қатысы болуы мүмкін; өзара байланыстағы екі кестенің біреуі master- басыңқы (негізгі, аналық), екіншісі detail - бағыныңқы (қосымша, балалык) кесте болып табылады. Реляциялық МҚ-да қатыстардың байланысының негізгі үш түрі кездеседі (2-кесте) :
- "бірге-бір " (1:1) - one-to-one relationship;
-"бірге-көп" (1:М) - one-to-many relationship немесе "көпке-бір"(М:1) ;
-"көпке-көп" (М:М немесе M:N) -many-to-many relationship.
Егер Customer кестесіндегі әрбір клиенттің ешқандай немесе тек қана бір тапсырыс жасау мүмкіндігі болса, онда Customer және Order кестелері "бірге-бір" қатысымен байланыста болады. Ал егер әрбір клиент нөл, бір немесе бірнеше тапсырыс жасай алатын болса, онда бұл кестелер "бірге-көп" немесе master- detail катыста, Customer - master кесте, Order - detail кесте (2-сурет) .
"Бірге-бір" байланысы (1:1) екі кестенің де байланыстырушы жиектері олардың кілті болған жағдайда орын алады, сондықган бұл кестелердің өзара дәрежелері бірдей. Бұл байланыс МҚ-да сирек қолданылады, себебі мұндай кестелердегі мәліметтерді ЭЕМ жадын тиімді пайдалану мақсатында бір кестеге біріктіруге болады.
Мәліметтер қорын өндеуді тездету, әртүрлі деңгейдегі қолданушылардың тек өзіне қажетті деректермен ғана жұмыс істеуі арқылы олардың жұмысын жеңілдету, жылдамдату мақсатында кейде бір кестедегі мәліметтерді әдейі екі немесе одан да көп бірнеше кестелерге жіктеуге болады, мысалы, бір мекеменің жүргізіп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер қорын құру керек болсын: ғылыми жұмыстың тақырыбы, мақсаты, шифры, басталған күні, аяқталған күні, зерттеу кезендерінің саны, басты орындаушы, қосымша мәліметтер. Бұл деректердің кейбіреуі "құпия", кейбіреулері - "жалпы" пайдалану мақсатында болса, оларды екі кестеге жіктеген дұрыс; мысалы, құпия мәліметтерді - жұмыстың шифрын, тақырыбын және басты орындаушыны бір кестеге, қалғандарын - екінші кестеге. Мұндай екі кесте жұмыс шифры атрибуты арқылы байланыстырылады, әрине бірінші кестені рұқсаты жоқ қолданушылардан қорғау керек.
"Көпке-бір" байланысы (М:1) негізгі және қосымша кестені анықгау барысына байланысты МҚ-нда кеңінен қодданылатын "бірге-көп " байланысының (1:М) бір түрі болып табылады.
"Бірге-көп" байланысына (1:М) қоймадан тұтынушыларға жіберілген заттарды есепке алу тарифі бойынша Tovar және Rashod кестелерінің байланысын көрсетуге болады (3, 4-суретгер), мұңцағы Tovar- заттың аты, Edjzm - тауардың өлшем бірлігі, Сепа - тауардың бір бірлігінің сату бағасы, Dataras- тауардың жібірілген күні, Kolras - жіберілген заттың саны. Бұл мысалдағы 14. 05. 04 -не дейінгі мәліметтер бойынша күріш әлі сатылмаған, соңдықган Rashod кестесіңце күрішке сәйкес жазба жок, Rashod кестесінің кілті Tovar және Rashod жиектерінен тұрады.
МҚ құрылымының кең тараған IDEF1X нотациясында "бірге-көп" қатысы "көп" жағында дөңгелекпен аяқталған сызық арқылы көрсетіледі (2, 4-суреттер)
"Көпке-көп" байланысы (М:М) негізгі кестенің бірнеше жазбасьша қосымша кестенің бірнеше жазбасы сәйкес болған жағдайда орын алады. 5-суретге "көпке-көп" байланыстағы оку топтарындағы пәндер мен сабақжүргізетін окзытушылар арасындағы катыстар көрсетілген: әрбір топка бірнеше окщушы сабақ береді; әрбір оқытушы біріншіден, бірнеше пәндерді, екіншіден, әртүрлі топтарда сабақ беруі мүмкін.
Grpred кестесінің бірінші және үшінші жазбаларына Pred_prep кестесінің бірінші жазбасы, ал төртінші жазбасына- екінші және төртінші жазбалары сәйкес келеді. Бұл кестелерді Pred жиектері бойынша біріктіру арқылы әр топтағы пәндерді жүргізетін оқытушылар туралы мәліметгерден тұратьш Gr_pred_prep кестесін алуға болады (6-сурет) .
Мәліметтер қорын жобалау барысында бірнеше кесте өзара байланыста болып, бір кесте калған кестелермен әртүрлі қатыста болуы мүмкін. Байланыста тұрған кесте басқа кестелермен тағы да байланысқан жағдайда кестелердің иерархиясы түзіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz