Мәліметтер базасында кестелерді құру, өзгерту және жою операторлары; қосымша өңдеуде SQL және курсорлар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс № 8

Тақырып: Деректер қоймасының объектілерін жасау операторлары.

Дәріс мазмұны:

  1. Кесте жасау командалары
  2. Бар кестені өзгерту командалары.
  3. Қосымша өңдеуде SQL қолдану.

Мәліметтер базасының жалпы құрылымын құрғаннан кейін мәліметтер базасының жобасының құрамына кіретін кесте құруды бастауға болады.

Кесте - реляциялық мәліметтер базасында ақпаратты сақтау үшін негізгі объект. Ол жолдар мен бағандардың деректерін құраудан тұрады, мәліметтер базасында физикалық кеңістіктің орнына ие болады және тұрақты немесе уақытша бола алады.

Реляциялық мәліметтер базасында бағандар деп аталатын өрістер кестенің бір бөлігі болып табылады, оларға айқын бір мәліметтер типі бекітілген. Мәліметтер базасындағы әрбір кесте ең болмаса бір бағанды құрауы керек. Мәліметтер жолы - бұл мәліметтер базасы кестесінің жазбасы, ол кестенің бір жазбасының мәліметтерін құрайтын өрістерді қосады.

Кесте құруға кіріспес бұрын мына сұрақтар қатарына жауап беру керек:

  • Кесте қалай аталады?
  • Кестенің бағандары (өрістері) қалай аталады?
  • Әрбір бағандарға қандай мәліметтер типтері бекітіледі?
  • Әрбір бағанды сақтау үшін жадының қандай мөлшері бөлінуі тиіс?
  • Кестенің қандай бағандары міндетті түрде кірісті талап етеді?
  • Алғашқы кілт қандай бағандардан құралады?

Кесте құру операторының негізгі синтаксисі келесідей түрге ие:

CREATE TABLE кесте_аты

(баған_аты мәліметтер_типі

[NULL NOT NULL ] [, . . . n] )

Келтірілген стандарт MS SQL Server ортасында кесте құру операторын орындаумен сәйкес келеді.

Кесте құру командасында бастысы - кестенің атын анықтау және көрсетілген талапқа сай реттелген өрістер аттарының жиынтығын бейнелеу.

NULL кілттік сөзі берілген бағанда NULL мағынасы болуы мүмкін екендігін көрсету үшін қолданылады. NULL мағынасы бос орын немесе нөлден ерекшеленеді, ол деректердің қол жетімсіз, түсірілген немесе мүмкін емес екендігін білдіреді. Егер NOT NULL кілттік сөзі көрсетілсе, онда берілген бағанға NULL мағынасын орналастырудың кез - келген әрекеттері рұқсат етілмейді. Егер NULL параметрі көрсетілсе, бағанға NULL мағынасын орналастыру рұқсат етіледі. SQL стандарты кішіреюі бойынша NULL кілттік сөзін ұсынады.

Команда, бағандарды қосуға және өшіруге, олардың анықтамасын өзгертуге рұқсат етеді.

Кестеге бағандарды қосу кезіндегі негізгі ережелердің бірі: кестеде мәліметтер бар болса, қосылатын баған NOT NULL атрибутымен анықтала алмайды. Бұл атрибут әрбір мәліметтер жолдары үшін талапқа сай келетін баған кейбір мағыналарды құрауы керек екендігін білдіреді, сондықтан NOT NULL атрибутымен баған қосу кейбір қайшылықтардың пайда болуына алып келеді, кестенің мәліметтерінің жолдары жаңа бағанда нөлдік мағынаға ие болмайды.

Кестені өшіру командасы

Уақыт өте келе мәліметтер базасының құрылымы ауысады: жаңа кестелер құрылады, ал бұрынғылар керек емес болады және мәліметтер базасынан мына оператордың көмегімен өшіріледі:

DROP TABLE кесте_аты [RESTRICT CASCADE]

Бұл команданың тек көрсетілген кестені ғана емес, оған кіретін мәліметтер жолдарын да өшіретінін ескерген жөн. Егер кестеден тек мәліметтерді ғана өшіру талап етілсе DELETE командасын қолданған жөн.

DROP TABLE операторы өшіру операциясын каскадтық түрде орындау керек пе екенін қосымша көрсетеді. Егер операторда RESTRICT кілттік сөзі көрсетілсе, онда мәліметтер базасында өшірілетін кестеге тәуелді ең болмаса бір объектінің бар болуы DROP TABLE операторының орындалуын қабылдамайды. Егер CASCADE кілттік сөзі көрсетілсе, мәліметтер базасындағы өшірілетін кестеге тәуелді барлық объектілер автоматты түрде өшіріледі, және де өшірілетін объектілерге тәуелді басқа да объектілер. CASCADE кілттік сөзімен бірге DROP TABLE операторының орындалуының жалпы эффектісі өте елеулі болуы мүмкін, сондықтан осыған ұқсас операторларды барынша сақтықпен қолданған жөн.

Көбінесе, DROP TABLE операторы кестені құру кезінде жіберілген қателерді дұрыстау үшін қолданылады. Егер кесте мағынасыз құрылыммен құрылған болса, оны өшіріп, содан кейін кері құру үшін DROP TABLE операторын қолдануға болады.

Қосымша өңдеуде SQL қолдану.

SELECT деген сөз кілтінен басталатын 3 түрлі синтаксистік конструкцияның 3 түрін ұсынады олар.

  1. Курсор спецификациясы (cursor specification)
  2. Таңдау операторы (select statement)
  3. (sub query)

Бұл жерде ең маңыздысы кесте структурасынан гөрі, структурасы SQL болып табылады. Курсорлар. Динамикалық және статикалық SQL

Бұл операторлар әр түрлі курсорлармен жұмыс істейді.

<declare cursor> ::=

DECLARE <cursor name> CURSOR FOR <cursor specification>

<cursor specification> ::=

<query expression> [<order by clause> . . . ]

<query expression> ::=

<query term> I <query expression> UNION [ALL] <query term>

<query term> ::= <query specification> (<query expression>)

<order by clause> ::=

ORDER BY <sort specification

[{, <sort specification>} . . . ]

<sort specification> ::=

{ <unsigned integer> <column specification> }

[ASC I DESC]

Ашылу курсор операторы, бұл келесі синтаксистік ереже арқылы жұмыс істейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
SQL тілі: синтаксисі, мәліметтерді басқару операторлары, курсорлар, динамикалық сұраныстар және оңтайландыру
SQL тіліндегі деректерді өңдеудің негізгі операторлары және деректер базасын құру
Delphi және BDE негізіндегі мәліметтер базасын ұйымдастыру және кестелерді құру
Курстық жоба: Мәліметтер қорын басқару және SQL тілі (Microsoft SQL Server негіздері)
Дәріс №6: Сұраныстар тілі SQL - стандарттары, құрылымы және негізгі операторлары
Мәліметтер қорын құру және басқару: Microsoft Access пен SQL Server мысалында
Реляциялық деректер қорында SQL сұраныстарымен кестелерді біріктірудің теориясы мен әдістері
Азық-түлік дүкенінің мәліметтер қорын Microsoft SQL Server және Microsoft Visual Studio көмегімен жобалау және құру
Сауда компаниясының мәліметтер базасын жобалау және SQL арқылы жүзеге асыру
Автосалон мәліметтер қорын жобалау және жүзеге асыру: Borland Delphi және SQL негізінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz