Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 4. 7-006-01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

ҚББ институты

« Психология және дефектология » кафедрасы

«Психология тарихы» пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Ш. Уәлихановтың ағартушылық қызметі»

Орындаған: Жылкыбаева Ж.

Тобы: ЗФК - 04 - 3к2

Қабылдаған: Ахметова А. К.

Шымкент 2009


МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе . . .
3
:
І. Кіріспе. . .:
3:
:
І. Кіріспе. . .:
3:
:
І. Кіріспе. . .: ІІ. Негізгі бөлім
3:
:
І. Кіріспе. . .: 1. Ш. Уәлихановтың еңбектері . . .
3: 4
:
І. Кіріспе. . .: 2. Ш. Уәлихановтың ағартушылық қызметі . . .
3: 9
:
І. Кіріспе. . .: 3. Ш. Уәлиханов қазақ психологиясын зерттеу ісінде . . .
3: 14
:
І. Кіріспе. . .:
3:
:
І. Кіріспе. . .: ІІІ. Қорытынды . . .
3: 16
:
І. Кіріспе. . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 18
:
І. Кіріспе. . .:
3:

Кіріспе

Ш. Ш. Уәлихановтың өмірбаяны туралы. Ш. Уәлиханов (дұрыс есімі Мұхамед-Қанапия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты) Құсмұрын бекінісінде 1835 жылы қараша айында туған. Шоқанның әкесі, ата-бабалары ескі сұлтандар әулетінен шыққан. Оның арғы атасы, орта жүздің ханы - Абылай Россиямен сауда және саяси байланыс жасап отырған.

Оның үлкен ұлы орта жүздің ханы - Уәли. Бұл байланысты одан әрі Уәлидың есімін алып, өзін «Уәлиханов» деп аталған.

Щыңығыс Уәлиев - Шоқнанның әкесі 1811 жылы Қызыл ағашта туған. Уәли қайтыс болғанда Шыңғыс жеті жасар еді. Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы Ғұбайдолла мұрагер болуы керек еді, бірақ ол жер аударылып кетеді де, өзінің бұл правосына ие бола алмайды. Сөйтіп семьяға Уәлидің жесірі Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) өзі бас ие болады.

Айғаным Сырымбетте 1853 жылы 19 қараша күні қайтыс болады. парасатты, терең ойлы Айғаным әрі көреген орыс тілін жете меңгерген, қазақ халқы мен орыс халқы арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын көздеген кісі.

Шоұанның жан-жақты дамып, орыс тіліне жақын болуының бірден-бір себепкері болды.

Білім маңызын терең түсініп, орысша оқыған Шыңғысты Айғаным 1827 жылы Сібірдің линиялық казактардың әскери училищесіне оқуға түсіреді.

Онда ол 7 жыл оқып, көркем өнер, тарих пен географиядан, ғылым әдебиеттен, өз елінің статистикасымен терең мағлұмат алады. Оқуды бітірген соң Аманқарағайға барып сонда ол майор шені, бертін келе полковник шені беріледі. Осында жастайынан атастырып қойған қалыңдығы Зейнеп Шарман қызына үйленеді.

1. Ш. Уәлихановтың еңбектері

Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың қоғамдық тарихи майданда көріне бастаған дәуірі қазақ халқының ұлы орыс халқымен және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындау дәуірі еді.

Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл жол ашты.

Теріс бұтақ, Құндызды, обаған өзендері мен Құсмұрын көлін жағалай қоныстанған Атығай, қыпшақ, керек, уақы, руларының қалың елі осы Шыңғыс аға-сұлтанына бағынады.

Бұл жерлерді Шоқан жазғы демалысқа келіп жүрген кездерінде (1850-1852ж) өзінің жазулары мен суреттерінде бейнелейді.

1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрын болып Уәлихановтар семьсы осы бекініске көшті.

Мұнда Шыңғыс 20 жыл тұрды. Алғашқы үш баласынан басқасының бәрі осында туылды.

Шыңғыс семьясымен Сырымбетке 1853 жылдың шілді айында қайта оралады. Шоқанның жастық шағы көбінесе осында өтеді. Сырымбетте Шоқанның есіміне байланысты есте қалған жерлері көп, Сырымбет тауының басындағы биік жерлер, жартас ел аузында көп айтылды.

Шоқан сол төңіректе тау көрінстерімен туған елінің суреттерін әдетте осы жартастың үстінде отырып бейнелейді екен.

1960 жылы Шыңғыс Көкшетау округіне аға сұлтан болып сайланды. Бұған Қашқарға барған сапары табысты болып, беделі арта түскен. Шоқанның ықпалы да елеулі әсер еткен.

Шоқанның әкесі және ғалым мен ағарту ісінің қазақ еліндегі қамқоршысы ретінде ШЫңғыс Москва мен Петертургке, әсіресе, актропологиялық және географиялық қоғамдарға белгілі болған адам.

Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған бала жалғыз Шоқан емес, тағы да бірнеше баласы болды, інілерінің ең қабілеттісі Сақыпкерей еді. Ол жас кезінде қайтыс болған ол өзінің көңілдес досы, халық композиторы Ақын серімен бірге бірсыпыра ән мен күй шығарған. Ішіндегі әйгілері: «Айкөкек», «Сырымбет», «Көкенің аманаты» сүйікті ағасы Ш. Уәлихановқа арналған еді. Шоқанның тағы бір інісі Мақы Мақажан Уәлиханов (1844-1923) суретші болды.

а) Шоқанның жастық шағы

Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата-мекені Сырымбетте өткізген. Шоқан ең алдымен Құсмұрындағы қазақ мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуларын меңгерді және қарындашпен сурет салып үйренеді. Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумасыннан дарынды, сезімтал балаға әжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға ескі хикаялары мен аңыздарын қызықты етіп әңгімелеп отырған.

Сол кез дің дәстүрі бойынша сұлтанның балаларына бірнеше шығыс тілдерін білу парыз еді, сондықтан архив мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін меңгерген.

Шоқанның жас кезінде қатты құмартқан өнерінің бірі сурет салу еді. Жас Шоқан сұңқар салып, салттық құпуға өте құмар болған.

Шексіз де шетсіз кең жазира, жасыл орман өзен алабының қалың тоғайлары мен биік құздарды тамашалап, Шоқан өзінің сұлу табиғатынан үлкен ләззат алғандайды.

1847 жылдың күзінде туған елінен 1-ші рет ұзақ сапар шеккен он екі жасар Шоқан әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс достарының көмегімен баласын Сібір кадет корпусына түсіреді. Герцен мен Белинскийдің идеялары, сол кезде Шоқан оқып жүрген Сібір кадет корпусына да жетті. Омбы кадет корпусында аса көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Монғолиямен, ОРта Азияны зерттеуші П. Н:Потанин оқыды. Кадетте аса көрнекті тәрбиеленушілердің қатарына Ш. Уәлиханов пен П. Н. Потаниннің досы, ақырында атақты ғалым - публицист және статистик Н. Ф. Аненский де жатады. корпустың оқу программасында әскери пәндермен бірге жалпы тарих, орыс және Батыс Европа әдебиеттері, жалпы география, философия негіздері, химия, физика, арифметика, ал гебра, тригонометрия, геометрия, пәндері де қамтылған, сонымен бірге сурет салу, сызу, орыс француз тілдері де оқытылатын. Кадет корпусы сегіз жылдық оқу орны еді.

Қазақ әншілер мен жыршыларының Шыңғыстың үйіне әкесі келіп жүргендегі де Шоқанның халық поэзиясын қастарлеу сезімінің ерте оянуына елеулі әсер еткен. Ш. Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді. «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» және «Ер көкше» атты халық дастанынан ол тіпті бала кезінде жазып алып, кейін өзінің ұстазы Косылецкийге берген.

Шоқанның ғылымға ден қоюына, әкесінің алдыңға қатарлы орыс интелегенциясының өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді. Академик А. И. Шренк, Сібір казактарының облыстың басқармасында жұмыс істеген декабристер С. М. Семенов, В. М. Штейнгель, Н. В. Басаргин және Қазан университетінің студенттері С. Соткиков, Н. Ф. Костылецкий, С. Сейфуллин сияқты көптеген жоғары білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болған.

Шыңғыс Қазақстанда зерттеу жұмыстарын жүргізген орыс ғылымдары үшін түрлі мәліметтер жинап, дайындау ісіне кейде өзінің баласында қатыстырып отырған. Бірақ Шоқанның білімге құштарлығы барған сайын күшейе берді. Ол үлкен қалада оқуды армандайды. Онда екі даярлау класы, бес негізгі және алтыншы - арнаулы класс болды. Соңғысында әскери ғылымдар (тактика, артиллерия, далалық фортификация) .

Азия елдері жөнінде Қытай, Индия, Ауғанстан, Персия терең мағұлмат алуға үлкен орын беріледі. Қолданбалы ғылымдар саласынан сызба геометрия, топография, архитек тура мейлінше ұсынылды. Программаға оқу пәндеріне қосымша ән, гимнастика, жүзу, би, қылыштасу, шабондоздық өнеріне жаттығу ойындары енгізілді.

Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін білмейтін, бірақ қиыншылықты тез жеңіп шықты. Ол үздік оқыды, құрдастарының алдына түсті. «Шоқан тез кемелденді» - деп еске алды, оның мектепте досы Г. Н. Потанин өзінің орыс жолдастарын басып озды. Оған көп адам ден қойып, зер салды, оның қабілеттілігі сондай, тіпті оқу орнына түсуден бұрын-ақ сурет сала бастаған еді.

М. И. Березиннің еңбектері Шоқанды ертедегі жазба ескерткіштері зерттеу ісіне құлшындырады және ол өзінің алғашқы ғылыми еңбектерін осы хан жаңалықтарын талдау мәселесіне арнайды. Костылецкий өмірінің соңына дейін крепостнойлыққа қарсы табанды күрескер болып қалды. Ол әділеттілікті жақтаған ақниет адам болды. Азаттық идеяларын ашықтан-ашық насихаттағаны үшін Костылецкий кадет корпусындағы қызметінен айырылып, күн көрісі, нашарлап, ақыры қайтыс болды.

Шоқанды туған баласындай көрген Гонсевский (аса білімді адам, тарих пәнінің оқытушысы) оны өзінің үйіне жиі-жиі шақырып, оған бейнебір қамқор адамындай баскөз болып жүреді. Гонсевский оған әртүрлі елдердің тарихы мен сонау ескі оған әр түрлі елдердің тарихы мен сонау ескі замандардан бастап ХІХ ғасырға дейінгі Еворпа мен Россияда болған қоғамдық қозғалыстар тарихы жөнінде талай-талай әңгімелер айтады. Жас Шоқан буржуазиялық қоғамды шыншылдықты бейнелеген философиялық трактаттармен әлеуметтік романдар ды терең зерттеп оқитын. Белинский мен Герценнің әшкерелеуші мақалалары мен Гогольдың зәрлі сыңағы Шоқанның көңілінен шығады. Шоқан негізінен орыстың ұлы ойшылдарын Белинскийдің, герценнің, кейнірек Чернышевский мен Добролюбовтың шығармаларынан өзінің философиялық танымдарды қалыптастырды Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясы Шоқанға күшті әсер етті. Ол бұлардың көптеген өлеңдерін жатқа білді. Шоқан Батыс Еворпа жазушыларынан Руссо, Дикенстің, Теккерийдің кейінірек материалист - философиялық еңбектерін зер салып оқыды.

Жазғы демалыста Ш. Уәлиханов Сахарадағы өзінің ауылы - Сырымбетке баратын, Сырымбеттің жазғы жайлауларын, мекен қоныстардың суреттерін салумен шұғылданатын. Қазақ этнографиясы жөніндегі Шоқан екеуінің жас шағындағы еңбектерін еске ала отырып, Г. Н. Потанин: «Сол кезден бастап біз дос болдық та, содан былай ойлаған атымыз, көзделген мақсатымз бөлек болып көрген емес, екеуіміздің де ықыласымыз түсіп, көңіл аударғанымыз бір мәселе болды. Ол қырғыз сахарасы мен Орта Азия», - еді деп жазды.

Өзінің туған елі мен шығыс елдерін зеттеу, тіпті кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ Шоқанның ойында болды. Ол «зерттелмеген Азияда» үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді армандайды. Корпустарының оқытушылары Шоқанды болашақ зерттеуші, тіпті, ғалым болуы ықтимал деп жүрген кезде, Шоқан не бәрі он төрт, он бес жасар болатын, - дейді Г. Н. Потанин.

Әйтсе де Шоқан Уәлиханов корпуста жүріп-ақ көп кітап оқып үлгерді. С. Ф. Дуров, П. Н. Семенов Тянь-Шаньский, Г. Н. Петанин, Н. М. Ядретцев, Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары кадет корпустарда оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастайды. Шоқан корпустан жан-жақты терең білім, өзінің замандастарынан өрісі анағұрлым биік адам болып шығады. Шоқан кадет корпусын 1853 ж он сегіз жасында бітіріп, армиялық атты әскерлердің деген офицерлік атақ алды.

2. Ш. Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметі

Ш. Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіріп, шығысымен-ақ бірден басталды. Ресми жағынан сібірдің қазақ әскерлерінің алтыншы атты әскер полкының официері болып тағайындағанымен, шынында, Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының жанында қалдырылады да, арада бір жыл өткеннен кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқарып отырған генерал. Гасфорттың адьютанты болып тағайындалды. Сонымен қатар өлкенің Бас басқармасы бойынша Ш. Уәлихановқа төтенше тапсырмаларды орындайтын офицер қызметі де жүктелді. Бұл ортаның көпшілігі қаризмнің отаршылдық аппаратын билеп төстеп отырған реакцияшыл офицерлер мен чиновниктер еді. Сондықтан ол өзіне қарама ортаға тап болды. Олардың басында генерал Гасфортпен Сібірлік қырғыздар облысын басқарған оның көмекшісі Фон Фридрихс тұрды.

Отаршылдық аппараттағы чиновниктердің қылмысты әрекеттері жөнінде Батыс-Сібір мен Қазақстанға келіп-кетіп жүрген прогресшіл ғалымдар мен (жолаушылардың) жазушылардың, саясатшылардың бәрі де жазған, о лардың жауыздығы жайлы Петербургтағы Д. М. Достаевский, А. Н. Майков, В. С. Курочкин, К. К. Путковский және басқа достарына Шоқанның өзі де талай ызалы хаттар жазған.

Тікелей Фридрихетің басшылығымен жұмыс істеуге тиіс болған Шоқанның жағдай өте ауыр болды. Шоқанның Петербургтағы достарына жазған хаттарынан көрінгендей, Дюгамель, Фридрихс және олардың сыбайластары Кройерус пен Кури өздерінің қылмысты істерін әшкерлеп, заңсыздыққа, талаушылыққа, парақоршылыққа қарсы, патшаның отаршылдық аппараты тудырған зұлымдық атаулының бәріне қарсы аянбай күрескені үшін Шоқанды үнемі қудалап, зәбірлеп отырған. Дарынды Ш. Уәлихановтың зор табыстарын күндеуші патша чиновниктері оның ғылыми бастамаларына кедергі жасап, қамқор экспедициясын жоққа шығарды. Шоқан бұл қорлыққа шыдай алмай, соның зардабының құруға да шалдығады.

Шоқан туған еліне творчествалық жемісті еңбек етуді аңсады. Ақыры осындай творчестволық мүмкіндігіне ие болды. Бұл сол кезде Қазақстанда Ұлы жүз қазақтарымен Ыстық көл қырғыздарының Россияға өз еркімен қосылуы нәтижесінде туған тарихы жаұл сол кезде Қазақстанда Ұлы жүз қазақтарымен Ыстық көл қырғыздарының Россияға өз еркімен қосылуы нәтижесінде туған тарихы жағдайдың өзгешелігіне байланысты. Гутковский, Хаменоговский, Перемышельский - Уәлихановтың ең жақын достары еді. Олар білімді офицерлер озық көзқарасты адамдар. Қазақ пен қырғыздардың географиясын, тарихын, әдет-ғұрып, халық поэзиясын күш салып зерттей бастады.

1855 Шоқан Гасфортпен сапарға шығады, Орталық Қазақстанды, Жетісу, Тарбағаьайды аралайды. Ол тұңғыш рет қазақ еңбекшілерінің өмірімен кең танысады, олардың тарихы аңыздары мен өлеңдерін жазып алады.

1856 жылдың басында оған поручик шені беріледі. Осы жылы оның ғылыми еңбегінің дамып, өркендей беруіне кең өріс ашылды. Жетісумен Тянь-Шаньды саясатта жүріп П. Т. Семенов қазақ және қырғыз халқының тұрмысы мен этнографиясы жөніндегі сарқылмас білім бұлағы болған Ш. Уәлихановпен достық және ғылыми байланысты бірден-бір үзбеген 1856-1857 ж ол Жетісуда жиі кездесіп, өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарын сонымен бірге жүргізеді.

1856 жылдың күзінде екеуі Құлжаға барып қайтады. Бұл жайлы және ғылыми мағлұматы бай кісі екеіндігін Н. Н. Семенов өзінің күнделігінде бірнеше рет атап көрсетеді.

Ш. Уәлиханов Жетісу мен Тянь-Шаньда кездескен ерте заманғы мәдениеттің өте сирек ескерткіштері үлкен жер етеді. Ол әсіресе Ыстық көлдегі ерте заманғы қала мәдениетінің, суландыру жүйелерінің қалдықтарына, сәулет өнерінің ескерткіштеріне, эпиграфикаға және тастан ойылған бейнелерге ерекше зейін салады. Ол Ыстық көлдің флорасы мен фаунасын зерттейді.

Шоқан Тянь-Шаньмен Ыстық көл бассейні қырғыздары арасында ғылыми іздестірулер жүргізіп жатқан кезде Петербургете Шауемек қаласындағы орыс факторияға өртелгеннен кейін үзілген Қытаймен сауда қатынастарын реттеу жөнінде Қытай үкіметтерімен келіссөздер жүргізу үшін «Айрықша адамдарды Құлжаға аттандыруға мәселесі шешіліп жатты. Осы мәселені екі жаққа да тиімді етіп шешу үшін Қытай үкіметіне» өзара ой-пікірді талап ететін нәрселерді Құлжада талқылайтын екі жақтан сенім көрсетілген адамдар тағайындау ұсынылды. Бұл ұсынысты Қытай үкіметі қабылдады, бастапқыда Ресей өкілі ретінде ұлы жүз қазақтарының приставы, подполковник Перемышельский тағайындалған еді, бірақ ақырында бұл міндет Ш. Уәлихановқа тапсырды.

1856 жылы тамыз айының бас кезінде Ш. Уәлиханов ресми түрде Құлжа қаласына барады және жолшы бойы бай Қытайдың бірнеше шекаралық аудандарына соға жүреді. Ол ҚҰлжада Қытай ұлықтарымен мәжіліс құрып, онда ол 3 айдай болды. А. К. Гейнстің сипаттауы Уәлиханов Құлжаға баруы «Тарбағатай келісіміне және емшілік ашуға» негіз салды.

1857 жылы Шоқан АВлатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді. Шоқанның Қамқор экспедициясы алдындағы сын қадамы болып табылды. Бұл турлы Гасфорттың атап өтілген хатында: «Жіберілетін болып ұйғарылған керуенді жөнелтетін уақыты жеткенге дейін Қашқариядағы, жалпы Батыс Қытайдағы оқиғаларды бақылау үшін мен Қашқария шеакрасына, Алатау қырғыздарының қоныстарына күні бүгін сенімді бір чиновник жіберу қажет деп таптым», - делінген.

Бұл сапарында ол әсіресе, қырғыз халқының «Манас» атты атақты поэмасы алғашқы рет көңіл бөліп, бірінші рет оны ғылыми жолмен жазып алуының және ішін аралап орыс тіліне аударуының ерекше үлкен маңызы болды.

Бұл поэма ол тұңғыш рет тарихи және әдеби тұрғыдан талдау жасап, онгың - легендерды герой - Манас образына және басқа кейіпкерлеріне талдау берді.

«Семетей» атты 2-ші біо эпос «Манастың» жалғасы болып есептелді және оның өзіне буруттардық (қырғыздардың) одиссейі деуге болды. Жас Уәлихановтың 1856-1857 жылдардағы тұңғыш сапарының ғылыми нәтижелері «Ыстық көлге» баруы сапары. Қытай империясының Батыс правинциясы және Құлжа қаласы, қырғыздар жайындағы жазбалар деген тамаша очерктерінде жазылған. Уәлиханов қырғыздар жөніндегі бүкіл шығыс мәліметтерін жақсы білетіндіктен, көбінесе сапарға сүйеніп, өзінің дәлелдерінің сол шығыс мәліметтерін сипаттап отырды. Жас Шоқанның географиялық және тарихи зерттеулері П. П. Семенов Тянь-Шаньский арқылы Петербург ғылымдарына белгілі болды. Ш. Уәлихановтың орыстң географиялық қоғамның мүшелігіне сайлануы, оның өте маңызды ғылыми еңбектерін жоғары бағалаудың болып табылады.

Шоқанның ғылыми және ағартушылық қызметтері ХІХ ғасырдың 50-ші жылдарының аяқ шені мен 60-шы жылдардың бас кезінде әсіресе өрлей түседі. 1858-1859 жылдары Шоқан өзін ержүрек саяхатшы даққына бөлеген атақты қамқор саясатына барып қайтады. Марко Поло мен келгеннен кейін (1603 ж. ) бұл елге тұңғыш рет барған адам Шоқан еді. Еворпаға беймәлім болып келген бұл елдердің географиясы, тарихи, мәдениеті және саяи жағдайымен терең танысып, Ш. Уәлиханов Шығыс Түркістанды ғылыми жолмен зерттеудің бастамасын жасады. Көптен бері орнығып, қалып тасқан тәртіп бойынша Қашқарияның қақпасы ол кезде Европа ғалымдары үшін жабық еді. Белгілі географ Адольф Шлагенвейт Қашқарияға Шоқаннан бір жыл бұрын барады, бірақ Уәлихан Төре деген Қожа оны өлім жазасына бұйырып, басын алады. Ғалымдардың қайға ұшырағаны жөніндегі ең алғашқы оның хабарды Шоқан а лып келеді. Оның аянышты тағдыры бүкіл ғалымдар қауымен күйзелтеді. Ш. Уәлиханов бүкіл Алтын шаһардың жағдайы туралы құнды мәліметтерді жинап үлгерді және сонымен қатар А. Шлангенсейттің қаза анықтап білді» - деп жазды П. П. Семенов-Тянь-Шаньский.

Ол кезде Қашқарға бару өте қауыпты еді. Әйтсе де, ғылым жүзінде мүлдем белгісіз болып отырған ерте де қалыптасқан мәдениеті бар Қашқариядай бай елді зерттеудің маңызы өте зор еді.

Ш. Уәлихановтың Қашқарияға сапар шегінуге себепкер болған ең алдымен ұлы географ.

П. П. Семенов Тянь-Шаньский еді. Экспедицияның жорыққа аттанар орыны Қапалдан отыз шақырымдай жердегі Қарамола жотасының етегіндегі Сарыбас ауылы болып белгіленеді. ШО қан 1858 жылы маусымның 28-і күні Қарамолаға жетіп, Семейден келген сауда керуеніне қосылды.

Керуенде 43 кісі, 101 түйе, салт мінетін және жүктейтін 65 ат, 6 қас болады. Шоқан шашын алдырып, қазақ киімін киеді де, керуен басы, қапал саудагері Мұсабайдың туысқаны Әлімбай деп жарлы етеді. Керуенге үкіметтің ресми рұқсаты беріліп, алым-салықтың барлық түрлерінен босатылған еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі
ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ ТУРАЛЫ
Қазақ әдебиетіндегі Кенесары бейнесі
Естірту, көңіл айту жырлары
Тарихтан белгілі қасиетті ана атанған Ұмай ана
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
«Қара жорғаға» биі
Қазақ некесінің ерекшелігі
Шоқан Уалиханов Шағармалар
Қазақстанды отарлау кезеңі қарсаңында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz